Эмоционалды-экспрессивті құрмалас сөйлемдер


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 Тілдегі эмоционалдылық пен экспрессивтілік және
олардың синтаксистік жүйедегі көрінісі . . . 6
2 Қазақ тіліндегі эмоционалды-экспрессивті құрмалас
сөйлемдер . . . 25
2. 1 Эмоционалды-экспрессивті салалас құрмалас
сөйлемдер . . . 28
- Эмоционалды-экспрессивті сабақтас құрмалас
сөйлемдер . . . 33
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 42
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 48
кіріспе
Диплом жұмысының тақырыбы: Эмоционалды-экспрессивті құрмалас сөйлемдер.
Диплом жұмысының көлемі: 50 бет.
Диплом жұмысында пайдаланған әдебиеттер саны: 33.
Диплом жұмысының нысаны: қазақ тіліндегі эмоционалды-экспрессивті салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Қазіргі қазақ тіліндегі эмоционалды-экспрессивті құрмалас сөйлемдер ерекшеліктері мен жасалу жолдарын айқындау бітіру жұмысының мақсаты болып табылады.
Осы мақсат негізінде жұмысқа мынандай міндеттер қойылды:
- Тілдегі эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің синтаксистік жүйедегі көрінісін анықтау;
- қазақ тіліндегі эмоционалды-экспрессивті құрмалас сөйлемдердің еркшеліктеріне тоқталу.
.
Диплом жұмысының әдістері: Диплом жұмысын жазу барысында сипаттама, жинақтау, құрылымдық-семантикалық талдау және т. б. әдістер қолданылды.
Диплом жұмысының мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: синтаксис, сөйлем, құрмалас сөйлемдер, эмоционалды-экспрессивті құрмалас сөйлемдер, тілдегі эмоция мен экспрессия, салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, т. б.
Диплом жұмысының мазмұны: Кіріспеде қазақ тіліндегі эмоционалды-экспрессивті құрмалас сөйлемдерді зерттеудің маңызы туралы айтылған.
Негізгі бөлімде тілдегі эмоционалдылық пен экспрессивтілік туралы, оның синтаксис жүйесіндегі орны және құрмалас сөйлемдерде қолданылу ерекшеліктері тілдік мәліметтерді келтіре отырып, жан-жақты қарастырылған.
Қорытындыда талдау жасау барысында жасалған негізгі тұжырымдар түйінделген.
Диплом жұмысының құрылымы : Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.
Тілдің экспрессивтік, эмоционалдық, бағалауыштық қызметін анықтау - қазақ тіл білімінде кейінгі кездің жемісі. Алайда тілдің экспрессивтік, эмоционалдық, бағалауыштық қызметі қазақ ғалымдарының назарынан тыс қалмаған. Айталық, бұл мәселе М. Б. Балақаев, І. К. Кеңесбаев, Ғ. Ғ. Мұсабаев, Ш. Ш. Сарыбаев, А. Т. Қайдаров, Р. С. Әміров, М. С. Серғалиев т. б. ғалымдар еңбектерінде айтылған.
Тілдің аталған қызметіне көлемді еңбектермен қатар, әр бағытта мақалалар жазылып келеді. Соның ішінде сөздің эмоционалды-экспрессивті қызметіне көптеген мақалалар арналған. Атап айтсақ, А. Т. Қайдаровтың «Экспрессия как фактор языкого выражения эмоций» (Вестник АН КазССР, 1983, №9, с. 15-20), І. К. Кеңесбаевтың «Фразеологияның экспрессивті-семантикалық функциялары жайында», т. б.
Ауызекі сөйлеу тіліндегі эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің ерекшелігіне арналған көлемді еңбек - М. С. Серғалиев пен Ш. И. Нұрғожинаның «Эмоционально-экспрессивная лексика казахского разговорного языка» (1995) атты еңбектері. Мұнда ауызекі сөйлеу лексикасындағы эмоционалды-экспрессивті сөздердің ерекшеліктері, олардың жасалу жолдары мен тәсілдері, лексико-грамматикалық топтары қарастырылған.
Ал, А. Нұрмахановтың «М. Әуезов драмалық шығармаларындағы эмоционалды-экспрессивті лексика» атты диссертациясында аталмыш тақырып жан-жақты, бірнеше жүйелі түрде зерттеліп, құнды ғылыми тұжырымдар жасалған.
Сөздің эмоционалдылығы пен экспрессивтілігі стильдік тұрғыдан да қарастырылып келеді (С. А. Абдуллаев, Х. М. Нұрмұханов, В. И. Лиханов т. б. ) .
Қазақ тілінде сөздің, фразеологиялық тіркестердің эмоционалдылығы мен экспрессивтілігі туралы біршама сөз болғаны айтылды. Алайда лексикадағы экспрессивтілік пен эмоционалдылық айтылғанымен, бұл мәселе синтаксис жүйесінде көрініс таппай отыр.
Синтаксистегі экспрессивтілік пен эмоция туралы мәліметті тек Р. С. Әміровтің еңбектерінен көруге болады. Автор әрбір синтаксистік құрылымдардың грамматикалық белгілерін, жасалу жолдарын айта отырып, олардың эмоционалдылығы мен экспрессивтілігіне де тоқталып отырады. Алайда автор жай сөйлемдегі эмоционалдылық пен экспрессивтілікті қарастырған. Мысалы, профессор Р. Әміров эмоционалдықты білдіруге бейімделген формалар, амалдар, интонациядан, арнаулы баяндауыштың формаларынан көрінеді дейді. Мұнымен бірге түгел құрылысы жағынан осыған қалыптасқан сөйлемдер де бар екендігін айта келіп, лепті, жақсыз, атаулы, номинативті, қыстырма сөйлемдерді, қайталауларды айтады.
Сонымен, тіл мамандарының бәрі де тілде эмоционалды-экспрессивті сөздердің бар екенін, ол сөздердің жазушының немесе айтушының суреттелміш оқиғаға көзқарасын білдіретін сөздер екенін бір ауыздан мойындайды.
Қазақ тілінде құрмалас сөйлемдердің эмоционалдығы мен экспрессивтілігі әлі қарастырылмай келеді. Диплом жұмысында осы мәселе алғаш рет қарастырылмақ. Сол себепті диплом жұмысының тақырыбы қазақ тіл білімінің өзекті мәселесінен саналады.
Қазіргі қазақ тіліндегі эмоционалды-экспрессивті құрмалас сөйлемдер ерекшеліктері мен жасалу жолдарын айқындау бітіру жұмысының мақсаты болып табылады.
Осы мақсат негізінде жұмысқа мынандай міндеттер қойылды:
- Тілдегі эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің синтаксистік жүйедегі көрінісін анықтау;
- қазақ тіліндегі эмоционалды-экспрессивті құрмалас сөйлемдердің еркшеліктеріне тоқталу.
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер:
- салалас құрмалас,
- сабақтас құрмалас,
- аралас құрмалас, - деп бөлінетіні белгілі.
Диплом жұмысында біз тек салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластағы эмоционалдылық пен экспрессивтілікке тоқталдық.
Диплом жұмысының нысаны: қазақ тіліндегі эмоционалды-экспрессивті салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Диплом жұмысының әдістері : Диплом жұмысын жазу барысында сипаттама, жинақтау, құрылымдық-семантикалық талдау және т. б. әдістер қолданылды.
1 Тілдегі эмоционалдылық пен экспрессивтілік және олардың синтаксистік жүйедегі көрінісі
Тілдің бірнеше негізгі қызметтері бар:
- коммуникативтік қызмет;
- ақпаратты жеткізу;
- когнитивтік;
- эмоционалды-экспрессивті.
Тілдің эмоционалды-экспрессивті қызметі негізгі әрі маңызды қызмет болып саналады. Тіл тек қарым-қатынас құралы немесе ойды сыртқа шығарушы құрал ретінде жұмсалмайды, сонымен қатар тіл адамның эмоционалды және ойлау-сөйлеу әрекетін қамтамасыз ете отырып, сезіммен, эмоциямен тығыз байланыста болады.
Сөз - әрі қарым-қатынас құралы ретінде сөйлеудің, әрі сол тілді зерттейтін тіл білімі саласының негізгі тілдік бөлшегі болып есептеледі. Тіл біліміндегі сөздің қызметі сан алуан екендігі белгілі. Бұл сөздің тілде әр түрлі көптеген мағыналарды, нақтылай айтқанда, сындық, қимылдық, заттық, атауыштық, бейнелеуіштік сияқты, т. б. мағыналарды білдіре алатын қабілетімен тікелей байланысты. Сөздің сондай мағыналарының бірі - тіл білімінде эмоционалды-экспрессивтілік деп аталады. Олар көңіл-күйдің, сезімнің, әсердің мағыналық бояуларын білдіреді. Тіл білімінде олар эмоционалды-экспрессивті сөздер деген атау алған.
Эмоционалды-экспрессивті сөздер халықтың ауызекі сөйлеу тілімен қатар әдеби шығармалар тілінде де жасалып, көп кездеседі. Алайда сөз қуаттылығы жазушыларымыздың ой зерделігімен тіл байлығына, шеберлігіне байланысты болмақ. Бір сөзбен айтқанда, эмоционалды-экспрессивті сөздердің орынды қолданыс табуы, қажетті мағыналық бояуды бере алатындай болуы тиіс. Бұл - сөздің негізгі қызметтерінің бірі.
Эмоция мен экспрессивтілік (туралы) жөніндегі ғылымдағы пікірлерге мән берсек, мұндай пікірлерді тек тіл біліміне қатысты емес барлық сала мамандарының еңбектерінен кездестіруге болады.
Мысалы, тілдегі осы мағынаға байланысты: «Сөз сөйлеушінің ойымен қатар, оның әр түрлі психикалық толқуларын білдіреді» - деп атап көрсетеді академик В. В. Виноградов. [1, 50] .
Ал Э. Клаус сөздің тілдегі қызметін саралай келіп: «Сөз тек түсінісу құралы ғана емес. Тілдік белгілер, сондай-ақ, тыңдаушының қызығушылығын арттырып әңгімеге белсенді араласуына ықпал етеді» - деген пікір айтады. [2, 102] .
Эмоция сөзінің төркіні - латын тіліндегі “Emoure” етістігі [3, 46] . Бұл орыс тіліндегі «возбуждать, волновать» (әсерлендіру, толқыту) деген ұғымды білдіреді.
Жалпы алғанда эмоция туралы алғашқы ғылыми пікірді биологиялық тұрғыдан айтқан ағылшын ғалымы Ч. Дарвин болса керек. Дарвиннің «Выражение эмоции у человека и животных» деген кітабы жарыққа шығудан бұрын-ақ бұл проблема тек ғалымдардың ғана емес, өнер адамдарының: суретшілердің, скульптордың, акьерлардың көңілін аударған.
Орыс тіліндегі психология оқулығының 1966 жылғы басылымында: «эмоция мен сезім арқылы кісі табиғатқа, өзге адамдарға өзінің іс-әрекетіне, сөзіне, қызметіне қанағаттану не қанағаттанбауын білдіреді. Эмоция мен сезім - адамның қоршаған шындыққа, өз-өзіне ерекше бір субъективтік қатынасы делінсе [4, 177], 1994 жылғы «жалпы психология негіздері» оқулығында: «эмоция адамдардың бірін-бірі жақсы түсініп, қарым-қатынас жасауына ықпал етеді» деп атап өтілген.
Эмоционалдық құбылыс қолданылу аясы мен белсенділігіне қарай әрқилы болып келеді және эмоционалдық әсер неғұрлым күшті болса, одан көрінетін экспрессивтілік те ұлғая түседі:
Қанға бөгіп, аппақ болып есеңгіреп жатқан балғын денесі бар күнәдан бар азаптан арашалап алғысы келген көлдің көп толқындары өз ырқынан, өз арнасынан асып кете алған жоқ (Ардақ, 429) .
Сөйлемнің эмоционалдық әсері өте күшті себебі, мұнда « қанға бөгу, есеңгіреу, күнә, азап » сияқты бірнеше семантикасынан эмоционалды сөздер мен сөз тіркестері қатар қолданылған және олардың әрқайсысының эмоционалдық реңі, мәні ерекше көзге шалынады. Соған сәйкес сөйлемдегі экспрессивтілік те айқын әрі анық болады. Енді тіл мамандарының эмоцияға берген анықтамаларына тоқталып өтейік. Түркологияда бұл тақырыптың зерттелуі 50-жылдардан бастау алды десе де болады. Қазақ тілінің көрнекті өкілдері С. Қ. Кеңесбаев, Ғ.
Мұсабаев, А. Т. Қайдаровтың еңбектерінде эмоционалдылық, экспрессивтілік, ондағы лексика-семантикалық бірліктер мен олардың жасалу тәсілдері жайлы салмақты пікірлер айтылған.
Ал, А. Нұрмахановтың «М. Әуезов драмалық шығармаларындағы эмоционалды-экспрессивті лексика» атты диссертациясында аталмыш тақырып жан-жақты, бірнеше жүйелі түрде зерттеліп, құнды ғылыми тұжырымдар жасалған.
Е. М. Галкина - Федорук: «Эмоция дегеніміз - адамның қоршаған ортадан алатын тітіркеністеріне организмнің түйісу реакциясы. Эмоция бастан кешірілетін жан толқыны сезім десе» [5, 105], П. Г. Пустовойт: «Эмоция дегенді біз жеке адамның интеллект бойынша сәулеленген ақиқат дүниеге субъективтік реакциясы деп түсіненміз» - деген анықтама береді. Бұл пікірлер шындыққа жақын болғанымен, әлі де айқындап, ашып көрсете түсуді талап етеді. Өйткені кез-келген зат пен құбылыс, субъективті реакцияның барлығы эмоция туғыза бермейді.
1. Сауын аяқталып, қарына ағаш ілген әйел мен қолында ноқтасы бар жылқышы бұларға қарай беттеді (Жесірлер) .
2. Үйдің бұрыш-бұрышында «апам-ау, апам» деп зар еңіреп немерелері қалды (Апамның астауы) .
Мысалдардағы алғашқы сөйлем субъективті реакциямызды жай ғана хабар ретінде жеткізуімізге байланысты қарапайым, тыныш көңілмен қабылданса, екіншісі сөйлемдегі эмоционалды лексиканың (апам-ау, апам, зар еңіреп) қолданылуына байланысты бойымызды тітіркендіреді, аяушылық сезімін тудырады.
Тілдегі эмоционалды элементтер адам сезімін білдіру үшін қызмет етеді. Ал тілдегі экспрессивтілік амалдар эмоцияларды, ерікті білдіруде, ойды білдіруде де, мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге қызмет етеді [6, 918] .
«Тілдегі экспрессивті және эмоционалды элементтерде айыра білу қажеттілігі, олардың арасындағы байланысы мен өзара әсеріне қарамастан функциялық міндеттерінің де түрлілігінен туады. Тілдегі эмоционалдықты экспрессивтілікпен бір деп қарамау керек. Бұлар әр түрлі құбылыстар» - деген пікірлер де айтылған ойларды нақтылай түседі.
Сондай-ақ азербайжан тілшісі Т. А Эфендиева: «Эмоционалдық пен экспрессивтілік жеке дара категориялар, бірақ, экспрессивтілікке қарағанда эмоционалды өзінің семантикасына қарай әрі экспрессивті», дей отырып автор азербайжан тіліндегі эмоционалды-экспрессивті лексиканы мынандай екі топқа бөліп қарастырады:
1. Жағымды экспрессивті бояулы эмоционалды лексика.
2. Жағымсыз экспрессивті бояулы эмоционалды лексика.
Біздің пайымдауымызша да бұлар бір ғана құбылыс бола алмайды. Сондықтан да бұлардан жеке-жеке қарастырып отырмыз.
Айқыш-ұйқыш сызылған санасы қаланың қаңғыбастарын тақырып, шуақты аңсаған қариядай, таяғына сүйеніп тыныстағысы келді. (Жетім бота) .
Мұнда эмоционалды лексика жоқ, тек, айқыш-ұйқыш созылған санасы деген метафоралық қолданыстағы бейнелі сөз тіркесі мен « таяғына сүйенген шуақты аңсаған қариядай» деп теңеу арқылы берілген экаспрессивті рең ғана бар.
Енді эмоция туралы айтылған «Денедегі нервтік процестер қызметінің ауыр-жеңілдігін бейнелейтін субъективті қалып: организмнің түйісу реакциясы», «жүрек қылымыздан қозғайтын сезім түрі сияқты. Анықтамаларды еске түсіре отырып: Бойымызда сондай сезім тудыруға тиісті сөздер әсерсіз болса, эмоция тудыра алар ма? Деген сұрақ туады. Ендеше бұдан эмоционалды мәнді сөздер де әрі экспрессивтілік сипат та бар деген қорытынды шығады. Бірақ екеуі де бір ұғым емес.
Міне ғалымдарымыздың «Тілдегі эмоция көрінісі әрқашан экспрессивті, ал экспрессия үшін эмоционалды бола бермейді, экспрессивті лексиканың затқа, құбылысқа деген қатынасты, белгілейтін, сондай-ақ сөздің заттың лексиканың (ұғымдық) мәнінің әр түрлі эмоциялар деп қарауға болатын қосымша реңдерін көрсететін бөлігі ғана эмоционалды болып табылады» [7, 146] - деулері сондықтан.
Ал А. И. Еримов «экспрессивтілік ұғымына тілден тәсілдердің эмоционалды бояуының реңдері де енеді. Себебі, эмоционалдық, экспрессивтіліктің бойында үнемі болуға тиіс құрамдас бөлігі деп түсініп қалмау керек. Мысалы, көркем шығармаларда жиі ұшырасатын «қарағым», «шаш ал десе бас алатын» тіркесінің семантикасында да экспрессивтілік бар, ол « шаш, бас» сөздерінің семантикасында да экспрессивтілік бар. Ол «Шаш, бас» сөздерінің ұйқас алынуы және «ал» сөзінің қайталанып келуі арқылы да берілген.
Тағы бір мысал:- « Тәңірім-ай, келдің бе? Деп екі бетін алақанымен басқан күйі шөге түсіп, еңіреп жылап жіберген әйел затына тән босаңдық немесе долдылықпен емес, көбік ата талқып-тасыған қуаныштан жылаған жыласын . . . жыласын » (Атау кере) .
Келтірілген сөйлемдердегі эмоционалды мән айқын. Осындағы « Тәңірім-ай » сөзі одағай сөзі ретінде эмоционалды мәнге ие болса, табиғатынан эмоционалды «е ңіреп » сөзіне одан кейін синонимдік қатармен берілген « жылап жіберді » сөзі тіркесіп оның көркемдік бояуын күшейтіп тұр. Алдыңғы ойлар тұрғысынан бұл сөйлемдерде экспрессивтілік бар ма? Деген сұрақ туындайды. Бұл сөйлемдегі сөздерде де эмоция мен бірге экспрессивтілік бар. бұл алдымен, « көбік ата шалқып-тасыған қуаныш » сияқты метафоралық сөз тіркесінен көрінсе, екіншіден « жылаған. ., жыласын » сөздеріндегі әріп, буын ұқсастықтарын және бір сөздің бірнеше рет қайталанып келуінен және сөз соңында көп нүкте арқылы жасалған интонациялық әсерден де байқалады. тағы бір айта кетерлік жай - экспрессивтіліктің дамыту түрінде қолданылатын эмоционалды сөздер де болатындығы Мысалы: тәуір - жақсы -тым жақсы- тамаша деген сөздерді алайық. Бұл тізбектегі сөздердің бәрі де эмоционалды мәнді сонымен бірге оларды салыстырмалы түрде, не күшейтпелі түрде жұмсағанда байқалатын экспрессивтілік рең де бар.
Сонымен біз жоғарыда келтірілген деректерден эмоционалдылық бар жерде экспрессивтілік те болатынын және бұлардың бір-бірінен нақтылы айырмашылықтары да бар құбылыстар екенін көз жеткіздік.
Атақты тіл маманы А. М. Кожина «стилистика русского языка» атты кітабында эмоционалды лексиканы үлкен екі топқа бөледі [8, 223] .
1. Эмоционалды - экспрессивті (бояу)
2. Функционалды - стилистикалық (бояу)
Эмоционалды-экспрессивті лексиканың өзіе тағы 3 түрге бөліп қарастырады.
1. Бір мағыналы яғни, о баста табиғатынан эмоционалды-экспрессивті сөздер.
2. Көп мағыналы-ауыспалы мағынада қолдану арқылы эмоционалды мәнге ие болатын сөздер.
3. Қосымшалар арқылы жасалған эмоционалды-экспрессивті сөздер.
Ал өзбек ғалымы Л. Абдуллаева эмоционалды-экспрессивті лексиканың «жағымды» (құрметтеу, кішірейту, еркелету) және жағымсыз (дөрекі, тұрпайы және ирониялық - кекту, қомсыну) болып бөлінетінін айта келіп: «жағымсыз мәндегі эмоционалды лексика тек жаман кейіпкерлерді сомдау үшін ғана емес, сонымен қатар жағымды кейіпкерлердің жағымсыз эмоцияларын реніш, күйініштерін, ашуын суреттеу мақсатында да пайдаланады», - десе, П. А. Эфендиева «эмоционалды-экспрессивті лексиканы тудырудың классикалық үлгісі тұрақты сөз тіркестері, яғни фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер» - деген пікір айтады.
Осындай қолда бар деректер мен сипаттамаларды негізге ала отырып былайша жіктедік:
1) Эмоционалды реңді сөздер мен сөз тіркестері (Екі қалпақ) (Зұлым жау) .
2) Экспрессивті мәнді сөздер (шаһар дидарласу, көз жүгірту)
3) Эмоционалды мәнді сөздер мен сөз тіркестері (Ғажап, ит өлген жер) .
4) Экспрессивті реңді сөздер мен сөз тіркестері (көңіл-құсы, ысқыртып жіберді) .
Көркем шығарманың басты элементі тіл дегенде ұлы Горькийдің ойында қалай болса солай қолданылған сөз жиынтығы емес оқырманын бір дегеннен-ақ өзіне икемдей беріп, кешіктірмей үйіріп тарта жөнелетін, бірден түсінікті болатын таза тіл болғаны, өз пкірін сол жөнінде айтқаны даусыз. Ал мұндай тіл, сөзсіз эмоционалды, экспрессивті мән мен реңге тікелей байланысты, сол арқылы қажетті әр менәсерге ие болады. Сондықтан да боар тілдегі осы бір құбылыс тек тіл мамандарының ғана емес, сонымен бірге ақын-жазушыларымыздың да назарында келе жатқан мәселе екені байқалады.
Халықтық тілдегі эмоционалдық пен экспрессивтілік тудырудың бірден-бірсөзі - дөрекі сөздер, архаизм, варваризмдер, жалған этимологиялы сөздер болып табылады.
Эмоционалдық пен экспрессивтілік тудыруға тек бейнелі сөздер ғана емес, жалпылама, арнаулы көнерген, неологизмдер, кітаби лексика, тұрмыстық сөздер, қарапайым сөздер, диалектизм бәрі де қатысыды. Әңгіме тек олардың қалай және қандай мағынада қолданылуында. Бірақ тілімізде өзінің заттық-лексикалық мағынасы о бастан эмоционалды-экспрессивті мәнді болып ұшырасатын сөздер болатыны белгілі.
Эмоционалды және экспрессивті сөздердің бір алуына ауызекі сөйлеу тілі стилінде жиі кездесетін дөрекі сөздер екені мәлім.
Қарай гөр . . . тілің майда, шүйіркелескің келіп қышынып отырсың-ау, шырақ
Астын сызып белгілеген сөздердің барлығы да ауызекі тілде жиі ұшырасатын сөздер. Бірақ бұлардың бәрі бірдей эмоционалды мәнді емес. мысалы, «қарай гөр» деген сөзде интонация арқылы берілген экспрессивтілік мән ғана бар. Сол сияқты «шүйіркелесу», «қажасу» сөздерінен сөйлеу, әңгімелесу сөздерінің синонимі ретінде қарастыруға болады. Бірақ автордың алдыңғы екеуін таңдап алуы сөйлемге экспрессивтілік мән беріп, әлдеқайда әсерлі етіп жүр.
Эмоционалды-экспрессивті сөздердің жасалу жолдары архаизм сөздерімен де байланысты.
Дүниеде өзгеріске ұшырамайтын, мәңгілікке жаралған не қалыптасатын құбылыс я заттардың өте сирек екені белгілі. Бұл заңдылық тілге де ортақ. Бұл жайында ғалымдарымыз М. Балақаев, Т. Қордабаев: «Шынында да тіліміздің грамматикалық құрылысында, фонетикалық жүйесінде баяу да болса жүріп жататын өзгерістерді былай қойғанда, сөздік ұрамымыздағы бір алуан сөздердің уақыт өткен сайын көнелеуімен бірге, лексикамызға бір қатар жаңа сөздердің қосылып, отыратыны кім-кімге де айқын құбылыстар» - десе, Әдебиет зерттеушісі Қ. Жұмалиев: «Осыдан жүз мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар осылай сөйледі. Олардың ой-санасы, сөздікқорлары осы күнгі адамдардай болады, дегенге ешкім сенбес еді, сондықтан азушылар шғармасының тақырыбына жазушылар шығармасының тақырыбына суреттеп отырған оқиғасына, шығармада көрсетілмек дәуіріне сәйкес тіл қолданылады.
Ал мұндай сәйкесімділіктің бір жағыкөнерген сөдердің қатысуымен туады. Менің көз алдымда - қандауырын қайрап, басының қаны тасыған еркек-ұрғашының кеудесіне мініп, арам қанын ағызып тұрған апам. (Апамның астауы) .
өте сирек кездесетіндіктен қолданылу ретіне қарай да экспрессивті болып тұр.
Ғайып ерен-қырық шілтенің пірін шақырса, езуі көпіршіп, топтың топанына бір араласып шыққанда - алтауының бірдей қамшысын сарт-сұрт жұлып, тақымына қыса кетт і (Қамшыгер) .
Ауызекі сөздің құрамында экспрессивті-эмоциялы лексика, синтаксистік формалар ерекше көп жұмсалады, бұл сипаттағы лексика мен граматикалық формалардың тек ауызекі сөзде ұшырамайтындары көп. Экспрессивтік, эмоциялық мағына тудыру үшін ауызекі сөйлеу тілі көптеген сөздерді ерекше мәнде қолданады.
Ауызекі сөйлеу тілінің сөз тіркестерін жасаудағы ерекшеліктері ілгеріде айтқандай, екі себепке - сөзді үнемді, ықшам етіп құрау немесе эмоциялы етіп құрау талабына байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz