Қазақстан Республикасында монполияға қарсы реттеу және оның экономиканың тұрақты дамуындағы орны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. МОНОПОЛИЯ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ РЫНОКТАҒЫ КӨРІНІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Рынок құрылымы ретінде монополияның сипаттамасы. ... ... ... ... .5
1.2 Монополияның ұйымдастырылуы мен оның түрлері
және шоғырлануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2. МОНОПОЛИЯ САЛДАРЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АНТИМОНОПОЛИЯЛЫҚ САЯСАТ ... ... .. 14
2.1 Монополия зардаптары мен оны реттеу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай және
монополияға қарсы саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда микро және макродеңгейде қатынастары күрделенiп, экономикамызға әр түрлi әсерiн тигiзуде.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия. Монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз. Монополия өз кезегінде нарықтың еркін қызмет етуіне кері әсерін тигізіп, тұтынушы талғамымен санаспайды және ұлттық экономиканың шикізат саласында қызмет ете беруін қолдайды. Сондықтан мемлекеттің монополияға қарсы өте қатаң шаралар жүргізуінің, оларды реттеп отыруының қажеттігі туындайды.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi нарықтық экономикадағы монополияны мемлекеттік реттеудің маңызыдылығын, осының негізінде нарықтық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыру, монополияның әлеуметтік салдарын ескере отыра табиғи монополияларға қарсы мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың маңыздылығын, антимонополиялық саясатты жүргізу барысын талдау болып табылады.
Осылайша курстық жұмыс тақырыбы «Қазақстан Республикасында монполияға қарсы реттеу және оның экономиканың тұрақты дамуындағы орны» деп алынды.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке туралы көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ. Өйткенi қоғамның кейбiр салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей қызмет ете алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол табиғи монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру үшiн ол фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура келедi, ал бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды туғызады.
Бiрақ рыноктық экономикада қандай-да болмасын монополиялық әрекеттердi өз бетiнше жiбермейдi, оны мемлекет белгiлi бiр деңгейде әр түрлi шаралармен реттеп отырады. Оны экономикада “антимонополиялық саясат” дейдi.

1. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс.–Спб: Питер Ком, 1999. 784с.
2. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. 464с.
3. Гальперин В.М. и др. - Макроэкономика. – СПб. - 1997. - 630 с.
4. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, - 1992.
5. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика. - Оқулық. – Алматы. Экономика. - 2003. - 432 б.
6. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика. - Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М., - Дело. - 2002. - 472 с.
7. Агапова Т. А., Серегина С. Ф. – Макроэкономика. - Учебник. – МГУ. - Изд-во “Дис”. - 1999. – 416 с.
8. С.Әкімбеков, У.А.Жанайдаров, А.С.Баймұхамбетова «Экономикалық теория» оқу құралы.-Астана-2002. 99 бет.
9. Я.Ә.Әубәкіров, Б.Байжұмаев, Н.Жақыпов, П.Табеев «Экономикалық теория» Алматы ҚазҰҮ -1999. - 50 б.
10. «Микроэкономика дәрстерінің қысқаша конспектісі» - 2006.-39 б.
Авторефераттар
11.Кузеков А.С. Управление локальными монополями в сфере информационный услуги (на примере ОАО “Казактелеком”). Караганда. – 2004.
Мақалалар
12.Жайдары.Ж.Б. “Этапы достижение конкурентспособности компании (на примере рынка телекоммуникации)”. // Аналитик. – 2006, №3.
13.Мамутов.Б.А. «Управление финансово-экономического деятельностью предприятие» (на примере ОАО “Казактелеком”). // XXI ғасырдағы “Мемлекет және бизнес” халықаралық ғылыми-практика конференциялары материалдары. – Алматы, 2003. 2 бөлiм.
14. «Казакстанская правда газеті» 27.10.2007
15.Бердибек Сапарбаев «Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане и перспективы дальнейшего развития экономики страны» // РЦБК, №4, - 2007. С.23-27
16. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3
1. МОНОПОЛИЯ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ РЫНОКТАҒЫ
КӨРІНІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Рынок құрылымы ретінде монополияның сипаттамасы. ... ... ... ... .5
2. Монополияның ұйымдастырылуы мен оның түрлері
және
шоғырлануы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .10
2. МОНОПОЛИЯ САЛДАРЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АНТИМОНОПОЛИЯЛЫҚ САЯСАТ ... ... .. 14
2.1 Монополия зардаптары мен оны реттеу тәсілдері
... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай және
монополияға қарсы
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
КІРІСПЕ
Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда микро
және макродеңгейде қатынастары күрделенiп, экономикамызға әр түрлi әсерiн
тигiзуде.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек
қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр
рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде
әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар
сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына
байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия. Монополия
дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн жалғыз фирма және
осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз. Монополия өз кезегінде
нарықтың еркін қызмет етуіне кері әсерін тигізіп, тұтынушы талғамымен
санаспайды және ұлттық экономиканың шикізат саласында қызмет ете беруін
қолдайды. Сондықтан мемлекеттің монополияға қарсы өте қатаң шаралар
жүргізуінің, оларды реттеп отыруының қажеттігі туындайды.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi нарықтық экономикадағы монополияны
мемлекеттік реттеудің маңызыдылығын, осының негізінде нарықтық экономиканың
бәсекеге қабілеттігін арттыру, монополияның әлеуметтік салдарын ескере
отыра табиғи монополияларға қарсы мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың
маңыздылығын, антимонополиялық саясатты жүргізу барысын талдау болып
табылады.
Осылайша курстық жұмыс тақырыбы Қазақстан Республикасында монполияға
қарсы реттеу және оның экономиканың тұрақты дамуындағы орны деп алынды.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке туралы
көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен
ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда
қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ.
Өйткенi қоғамның кейбiр салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей қызмет ете
алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол табиғи
монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру үшiн ол
фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура келедi, ал
бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды
туғызады.
Бiрақ рыноктық экономикада қандай-да болмасын монополиялық әрекеттердi
өз бетiнше жiбермейдi, оны мемлекет белгiлi бiр деңгейде әр түрлi
шаралармен реттеп отырады. Оны экономикада “антимонополиялық саясат” дейдi.
Менің осы жұмысты орындаудағы мақсатым курстық жұмыс барысында
монополияның экономикалық табиғатын толық қарастырып, монополияның қоғамға
тигізер салдарларын ескере отыра, оны мемлекеттік реттеудің және
антимонополиялық саясатты жүргізудің маңыздылығын, сонымен қатар, Қазақстан
Республикасының бүгінгі таңдағы монополиялық жағдайын және оларды реттеу
мен қадағалау шараларына тоқталу болып табылады.
Мақсатты орындау барысында келесідей міндеттер қарастырылмақшы:
- Монополияның экономикалық табиғатына тоқталу және оның нарық
құрылымындағы орны мен ерекшелігін анықтау;
- Монополияны реттеу және оған қарсы саясаттың жүргізілуі мен салдарына
және Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы монополиялық жағдайы
мен жүргізіп отырған монополияға қарсы саясаттарына тоқталу болып
табылады.
Жұмыстың құрылымына келетін болсақ: бірінші бөлімде монополияның
экономикалық сипаттамасы мен оның ұйымдастырылуына, олардың түрлеріне
тоқталсам, ал екінші бөлімде Қазақстан Рсеупбликасы бойынша монополияны
реттеу барысы мен монополиялық жағдай және монополияның салдары мен реттеу
тәсілдері талданады.
Қолданылған әдебиеттерге шолу жасасақ, Н.Г. Мэнкью, В.Е. Есипова,
Н.Қ. Мамыров, Э.Долан, В.М. Гальпериннің ғылыми еңбектері қолданылды және
қазіргі табиғи монополия комитетінің төрағасы Б.Сағынтаевың пікірі, сонымен
қатар соңғы уақыттағы экономикалық басылымдар қарастырылды.
1. МОНОПОЛИЯ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ РЫНОКТАҒЫ КӨРІНСІ
1.1 Рынок құрылымы ретінде монополияның сипаттамасы
Нарық құрылымының ерекшелiктерiн сипаттайтын ең басты көрсеткiштердiң
бiрi, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады.
Экономикада рынокты анықтайтын, оны зерттейтiн, бағаны белгiлейтiн
сұраныс пен ұсыныс қана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады.
Өйткенi әр рынок құрылымында бәсеке түрлерi де әр түрлi, соған сәйкес баға
құру тәсiлi және фирманың қызмет етуi де өзгеше болып келедi.
Рынок құрылымының негiзгi түрiне келесiлер жатады:
1) Жетiлген бәсеке нарығы.
2) Монополия.
3) Монополиялық бәсеке 1, 316 б..
Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың
өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы тиiс.
Жетiлген бiсекелес нарығы дегенiмiз - төмендегi шарттар орындалатын
нарық:
1) Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi
бiртектi болып келетiн.
2) Iрі фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесi елеусiз.
Сондықтан, оның өнiм көлемi туралы өндiрiстiк шешiмдерi жалпы
ұсынысқа ықпал етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына да
әсер ете алмайды.
3) Баға, технология, ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi болады.
4) Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар жоқ.
5) Жетілген мобильділік.
Бәсекелесу деген сөздiң өзi экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының
таңдауының бар екендiгiн көрсетедi. Дәл осы себептен де өндiрушiлер
тұтынушының сұранысын арттыру үшiн әрекеттер жасайды.
Жетiлген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар
саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың
нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен
ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар
мен сатушылар жетiлген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және
өздерiнiң бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнiм өндiрушiлердiң басты мақсаты
пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнiм
көлемiн анықтауға ынталанады.
Жетiлген бәсекеге қарама-қарсы бәсеке түрi - монополия болып табылады.
Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады.
Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның
тағайындалған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистiң үлкен билiкке
ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы
аз болуы да әсерiн тигiзедi. Монополияның өмір сүруінің негізгі шарты -
белгілі бір салаға кіру үшін кедергілердің болуы. Кедергілердің түрі:
айрықша құқтар ( патенттер), белгілі бір тауарға ұсыныстың жекеменшікте
болуы ( аушақта жалғыз болуы), табиғи монополия ауқым үнемдеу 5, 303 б..
Монополияның пайда болуының негізгі себептері-өндіріс пен капиталдың
шоғырлануы 9, 52 б..
1-сурет. Монополияның пайда болу себептері.
Берiлген тауарды өндiретiн тек бiр ғана жеке фирма бар және осы
тауарды ауыстыратын басқа тауралар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық –
монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист берiлген тауарды
өндiретiн жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бiр мезгiлде
нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының
бағасын анықтайды. Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың
бағасын бәсекелес бағасынан жоғары деңгейде белгiлейдi және де бәсекелес
фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының
шығару көлемiн өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерiн тигiзе алса, онда ол
монополиялық билiкке ие болады деп айта аламыз. Егер P(м) монополист бағасы
оның АС орташа шығындарынан жоғары болса, онда ол оң экономикалық табыс
алады. Ал егер сұраныс төмендесе, D қисығы төменге түседі де, табыс теріс
болады. Сөйтіп фирма шығынға ұшырайды.
2-сурет. Монополист табысының өзгеруі.
Кез келген фирмада, монополист болу шарт емес, өзінің бағасына әсер ете
алса, монополистік биліктің нысаны бар. Нарықтық бәсеке монополиялық
бағаның шекарасын белгілейді. Жоғарғы шегі монополиялық жоғары пайда алуды
қамтамасыз ететін баға дәрежесімен және өндіріс көлемінің арақатынасымен
белгіленеді.
Монополиялық бағаның төменгі шегі әдеттегі пайдадан артық қосымша пайда
әкелмейтін төмен баға болады. Монополиялық пайданың тауар бағасындағы үлесі
монополистің өнімдеріне сұраныстың икемділігнің көлемімен байланысты
болады. Оның көрсеткіші Лернердің индексі болып табылады.
Е=Рм-РжбРм (1)
Мұнда, Рм-монополиялық баға,
Ржб-жетілген бағасы,
Е-ұсыныс икемділігі 8, 92 б..
Негізі монополиялық фирманың жалпы пайдасы былай табылады :
П=TR-TC
(2)
П`=TR`-TC`=MR-MC=0 (3)
Мұнда, TR-жалпы табыс , MR-шектік табыс
TC-жалпы шығын, MC-шекті шығын
MR=MC –монополиялық фирманың максималды пайда табуының қажетті шарты.
Егер QQ* болса, MR=MC П`0 болады да, пайда өседі.
Ал егер QQ* болса, MCMR болса, П`0 пайда кемиді 10, 39 б..
3-сурет. Монополист пайдасының өзгеруі
Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда
қоғам жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды
тұтынудың көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да
көптеген елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар
қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан, әлемнiң барлық
елдерiнде өндiрушi - монополистер бар.
Бұл шектеулер төмендегiдей:
1) Iрi өндiрiстiң басымдылығы;
2) легальды тосқауылдар (шикiзат қорын, жердi ғылым мен техниканың
жетiстiктерiн монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндiру үшiн
үкiметтен алынған ерекше құқықтар);
3) бәсекелесудi әдiлетсiз жүргiзу 1, 317 б..
Iрi өндiрушiлердiң ұсақ өндiрушiлермен салыстырғанда өте көп
артықшылықтары бар. Монополиялық өндiрсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi
тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығындары ұсақ өндiрiстiң шығындарынан гөрi
төмен болатыны практика жүзiнде дәлелденген.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер ғана емес, сонымен қатар
құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердiң көп тараған түрлерi –
жеке меншiк құқығы. Егер бiр фирманың меншiгiнде өте сирек кездесетiн
шикiзат болса, онда ол фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға
патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса,
онда ол өзiне берiлген ерекше жеңiлдiлiктерге ие бола алмайды. Бұл
жағдайдың бiздiң мемлекетiмiз үшiн маңызы зор, өйткенi Кеңес үкiметi
кезiнде ойлап тапқан жаңалықтардың көбiнiң мемлекет аралық патентi жоқ
болды, сондықтан да бұларды шет елдiң адамдары тегiн пайдаланды.
Бәсекенi әдiлетсiз түрде жүргiзудiң негiзгi түрi – демпинг –
бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiндiк құнынан төмен бағамен сату.
Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де
жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату
арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады.
Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын
бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгiлейдi де бәсекелес
фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Мұнда сатушы өз тауарының
шығару көлемiн өзгерту арқылы рыноктық қалыптасқан бағаға әсерiн тигiзе
алады, сөйтіп ол монополиялық билiкке ие болады деп атаймыз.
Кейбiр жағдайда әлемдiк тұрғыдан бәсекенiң күшеюi ұлттық экономикада
белгiлi салаға ұлттық монополияны немесе табиғи және жоғары дамыған
монополиялардың қажеттi екенiн дәлелдеп отыр.
Мысалы, АҚШ-тың “Microsoft” компаниясы әлемдегi “Windows” жүйесiнiң
бiрден-бiр монополист компаниясы болып отыр, яғни, осы компанияның
компьютерлiк бағдармалары арқылы АҚШ-тың әлемге аты танылып, жоғары пайда
табуда 4, 253 б..
Сатушылардың бағаға әсер ете алатын, бірақ тәуелсіз әрекет ететін
нарықтар бар. Сатушылар өз тауарларының бағалары әсер ететін, бірақ басқа
сатушылардың әрекетін есепке алмайтын, нарыққа кіріс еркін, ал сатып
алушылар тауар бағасын берілген деп есептейтін нарықтық жүйені монополистік
бәсеке деп аталады. Монополистік бәсеке нарығында өнім біркелкі емес,
сатушылардың саны көп және олардың әрқайсысы нарықпен салыстырғанда өте
ұсақ. Монополиядан айырмашылығы ұзақ мерзімді кезеңде анықталады 10, 40
б..
1.2 Монополияның ұйымастырылуы мен оның түрлері және шоғырлануы
Нарықтық экономиканың басты қағидасы бұл кәсіпорындар мен
кәсіпкерлердің шаруашылық өмірде еркін, бәсекелік ортада қызмет етуі болып
табылады. Ал бәсекенің негізінде нарықтық экономика өзін-өзі реттеп, ылғи
да дамуға бет алып отырады. Алайда нарықтық экономиканың қаншалықты
дамығанына қарамастан шаруашылық өмірде монополиялар қызмет етеді және олар
пайда болып отырады. Бұл монополиялар өздігінен немесе белгілі бір
мемлекеттің ықпалымен пайда болады. Мемлекеттің ықпалымен қызмет етіп
отырған монополиялар ұлттық монополиялық компаниялар ретінде елдің маңызды
салалары мен өнеркәсіптерін (уран өндірісі, байланыс саласы, басқа ұлттық
маңызды өндірістер) қамтиды. Оларға мемлекет өз мүддесін және қауіпсіздігін
қорғау үшін белгілі бір қолдаулар көрсетіп, олардың қызметіне араласып
отырады. Мұндай монополиялар мемлекеттің қарауында болғандықтан нарыққа
өзінің ықпалын тигізбейтін негізде қызмет етеді
6, 454 б..
Рынок құрылымында жетiлген бәсеке рыногына қарама-қайшы рынок түрi
бұл монополиялық рынок. Монополия жағдайында тұтынушылардың алдында бiр
ғана iрi өндiрушi тұрады. Демек, мұнда фирма және монополия түсiнiктерi
теңескен. Тұтынушы қаласа да, қаламасада монополистiң өнiмiн пайдалаып,
оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады.
Мысалы, жетiлген бәсеке мен монополия нақты түрде шын өмiрде сирек
кездеседi. Олар көбiнесе рынокта араласып, бiрақ бiр жағы басымырақ болып
келедi. Өйткенi жетiлген бәсекеде бiрдей тауар олар мен үшiн әр түрлi
болып көрiнуi мүмкiн. Ондай жалған көрiнiс дүкендердiң орналасқан жерiне,
қызмет көрсету деңгейiне, жарнамаға және тауар орамының ерекшелiгiне
байланысты.
Бiздiң өмiрiмiзде жетiлген бәсеке көбiнесе астық, құнды қағаздар және
жемiс-жидек рыногында көп кездеседi.
Ал монополияның толық қамтитын түрi ол сол өнiмнiң алмастырушысы жоқ,
сол өнiмдi қайта тұтынуға келмейтiн немесе белгiлi фирмаға ерекше
құқықтар беру арқылы көрiнуi мүмкiн. Сондықтан монополия көбiнесе қызмет
көрсету саласында орын алады.
Мысалы, елiмiзде монополиялық көрiнiс халыққа қызмет көрсету
саласында, яғни телекомуникация, электроэнергиясы, жылумен және ауыз суымен
қамту салаларында көрiнiс табуда. Өйткенi мұндай салаларда монополияның
көрiнiс табуы орынды, себебi электр торабын алатын болсақ, егер нарықта
екiншi бәсекелес фирма келу үшiн ол бүкiл сол аумаққа өз алдына электр
тораптарын таратуға алып келедi, ол дегенiмiз артық шығындарды туғызады.
Монополиялы рыноктың қалыптасуының ежелгi тәсiлi бұл - басты
ресурстардың жалғыз өндiрушi фирманың қолында болуы. Ол ресурстарға:
негiзгi немесе ерекше шикiзат көздерi, инновациялық жаңалық, жоғары ғылыми
немесе бiлiм жетiстiктерi, қызмет көрсетудiң ерекше түрi сияқты ресурстар
жатады. Яғни, бұл рыноктың түрiнде монополистер сол ерекше ресурстары
арқылы ел iшiнде немесе әлемдiк рынокта монополис болып табылады. Бұған
қарапайым мысал ретiнде, бiр қала iшiнде бiр ғана су құдығы болып, ал
басқа су құдықтары болмаса, онда осы құдықтың иесi ерекше ресурс көзiне ие
болған монополис болып табылады. Егер шынымен де монополис тауары ең
бiрiншi қажеттi тауарларға жатса, бiздiң мысалымыздағыдай “су”, онда
монополис ол өнiмi максималды баға деңгейiн белгiлей алады 6, 455 б..
Бiрақ мұндай ерекше ресурстар рынокта болғанымен, бiрақ шын өмiрде
мұндай ресурстық монополиялы рынок өте сирек кездеседi. Олардың әлем
бойынша бiрнеше түрлерiн атап өтуге болады.
Мысалы, бiрiншiден Оңтүстiк Африка республикасында әлемдегi алмаз
өндiрiсiнiң 80-85% өндiрiледi және ол өндiрiс тек қана бiр компанияда, яғни
“De Beers” компаниясы 100% өндiрiс көлемiн иемденген. Әрине мұндай ауқымды
көлеммен монополис компания әлемдiк алмаз және брилиант бағаларына өзгерiс
енгiзе алады. Сондықтан, бұл компания ұлттық экономика деңгейiнде қолдау
тауып, оған мемлекет ерекше құқық беру арқылы өз елiнiң әлемдегi рыногының
орнын сақтауға тырысады. Өйткенi, бұлай ерекше қолдау көрсетудiң басты
мәселесi осы алмазды алмастыратын басқа да асыл тастардың көп болуы. Осы
себептен бұл компанияның әлемдiк рыноктағы жарнамалық бюджетi өте көлемдi.
Ол жарнамалардың мақсаты брилиант пен алмаздың басқа асыл тастардан өзiндiк
қасиеттерiн арттыру, ылғи да бұрынғы сұраныс көлемiн сақтап қалу және
рынокта қосымша билiкке ие болу екендiгi белгiлi.
Екiншiден, Американың “алюминиум компаниясының” нарықта ресурстық
монополиялы рыногының қалыптасуы және әлi күнге дейiн сақталып келе жатуы.
Ол бұл жағдайға өзiнiң алюминий өндiрiсiнде қолданылатын негiзгi шикiзат
бокситтiң қайнар көздерiне жоғары дәрежеде бақылау жасауы арқылы жеттi 1,
316 б..
Нарықты монополиялаудың негiзгi себептерiне байланысты қысқаша
айтқанда монополияның төмендегiдей түрлерi бар:
1) Жабық монополия, ол бәскелестен заңды шектеулер көмегiмен қорғалған.
2) Табиғи монополия, белгiлi бiр көлемдегi өнiмдi бiр фирмада өндiру, оны
екi немесе одан да көп фирмаларда өндiргеннен арзанға түсетiн өндiрiс
саласы.
3) Ашық монополия, берiлген тауарды өндiретiн тек қана бiр фирма болып
және олардың бәсекелестiктен ешқандай арнайы қорғаныш жоқ болатын
жағдай 5, 305 б..
Бiрақ монополиялы рыноктың жалпы қызмет етуiнiң негiзгi шарты
монополияда кедергiлердiң болуы. Бұл көрсеткiштерге кешегi жағдайларды
жатқыссақ болады:
1) Өндiрiстiң басты ресурстарын жалғы фирманың иемденуi. Бұл
монополияның пайда болуының ежелгi үлгiсi. Мұнда сирек
кездесетiн ресурстарға легальды тосқауылдар қояды, яғни оларға
патенттер мен авторлық құқықтар жатады.
2) Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың өзiнiң бiр салаға
мамандануы соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды
тиiмдiлiкте қызмет етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда
шығындардың төмен болуы, сапаның жоғарылығы
3) Жеке өндiрушiге мемлекет тарапынан ерекше құқық беру. Бұл көп
жағдайда қару-жарақ шығару, елiмiз үшiн маңызды стратегиялық
өнiмдер шығару бұл бiр ғана мемлкеттiк немесе жеке фирмада
шығарылады. Егер де шығарылған өнiм инновациялы болып, осы елде
алғаш рет шығарылса, оған мемлекет патент және авторлық құқық
бередi. Бұл шара сол фирманың өз өнiмдерiн шығарып, оның бәсеке
қабiлетiн арттыру үшiн қажеттi 5, 304 б..
Ал келесі кестеден монополиянының ұйымдастыру түрлерін көруімізге
болады 9, 52 б..
4-сурет. Монополияның ұйымдастырылу түрлері.
Осылардың негізінде (монополияның ұйымдастырылуы) монополистік
бәсекенің бірнеше түрлері туады:
Монопсония - белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушның
монополиясы болуымен сипатталатн нарық құрылымынң типі. Өзінің сатып алун
шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға
ие болады.
Олигопсония - белгілі тауарарды сатып алушы топтары болатын нарық
құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстаының
есебінн өздріне монополдық пайда түсіреді.
Олигополия - бұл да нарық құрылымының типі. Бұна бірнеше ірі фирмалар
өнімінің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және
бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополистік нарықта
сатушылар көп болмауы керек, және әрқайсысы нарықтың елеулі бөлігін
құрайды.
Дуополия - белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық
құрылым. Бұлардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы,
өндірістік квота тураы келісім мүлде болмайды.
Билатераралдық монополия ( екі жақты монополия) - тауардың жалғыз
жеткізушісі мен жалғыз ( бірлескен) тұтынушысы сайыста болады. Бұндай нарық
электр қуатын, су мен газды қолданғанда пайда болады.
Монополиянң мақсаты бұл пайда алу, ал ол мақсата жету үшін мөлшерден
тыс пайданы қамтамасз ететін монополиялық баға 8, 91 б..
2. МОНОПОЛИЯ САЛДАРЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АНТИМОНОПОЛИЯЛЫҚ
САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРНЫ

Бiзге белгiлi табиғи монополияның туындауы бұл бiр салаға iрi фирманың
мамандануы және басқа фирмалардың кiруiнiң артық шығындарды алып келуi
болып табылады. Бiрақ осы табиғи монополиялар өзiнiң ерекше қасиеттерiне
сүйенiп бағаның жоғары деңгейiн белгiлеуi қоғамдық шығындарға алып келедi,
атап айтқанда осы монополистiң өнiмiн тұтынатын халық зиян шегедi. Яғни,
бұл өз кезегінде монополияның әлеуметтік жағымсыз салдары болып табылады.
Монополиялық биліктің немесе монополиялық жағдайға жалпы келгенде
қоғамға тигізер оң және теріс жақтары да болады. Монополиялық биліктің
әлеуметтік шығындары негізінен монополияның экономикаға, ұлттық
шаруашылыққа, халыққа тигізер кері әсерлерінен көруге болады. Жалпы
әлеуметтік және экономикалық шығындарға келесілерді жатқызуға болады
7, 369 б.:
- Монополияның болуы жалпы нарықтық экономиканың заңдылықтарына кері
әсерінің болуы;
- әлеуметтік және экономикалық ортада монополиялық биліктің өз үстемдігін
жүргізуі;
- монополиялық өнімдердің бағаларының салыстырмалы түрде бәсекелік
фирмалар шығырған өнім бағаларынан әлдеқайда жоғары болуы;
- монополиялық кәсіпорындар тауардың сапасын жақсартуға, өнімді ылғи да
жаңартып отыруға ынталы болмайды, бұл өз кезегінде барлық шаруашылықтың
артта қалушылығына алып келеді;
- тауар нарығында және өнеркәсіпте бәсекенің болмауы жалпы инновация мен
индустрияның дамуына кері әсерін тигізеді;
- әлеуметтік салада монополиялық билік қызметкерлер мен жұмысшыларға
төмен жалақы төлейді, жалпы адам капиталының дамуына аз көңіл бөледі;
- халық монополиялық тауарларды жоғары бағаға сатып алуға мәжбүр болады,
бұл тұтынушылардың тұрмыс деңгейіне әсер етеді.
5-сурет. Монополия салдары
Сонымен қатар, монополияның болуының қоғамға тигізер оң жақтары да
болады. Бұл әсіресе экономиканың ұлттық мақсаттарын жүзеге асыруда үлкен
рөл атқарады. Яғни, ұлттық ірі табиғи монополиялардың болуы ұлттық
экономиканың қауіпсіздігін, дербестігін қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе
шикізат саласында, байланыс саласында кен көрініс табады. Мысалы, ұлттық
маңызды өнеркәсіптердің (уран өндірісі) монополиялық өнеркәсіп болып
табылуы немесе еліміздің байланыс саласының Қазақтелеком ААҚ ұлттық
монополиялық компания болуы жалпы елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және
мемлекеттік деңгейде ұлттық мүддені қорғайды. Ал жеңіл өнеркәсіп, басқа да
өнеркәсіп салалары жетілген бәсекелі болып келгені қоғамға қолайлы болып
табылады 7, 371 б..

сүйенiп бағаның жоғары деңгейiн белгiлеуi қоғамдық шығындарға алып келедi.
Сондықтан монополияларды мемлекет немесе билiк органдары әр түрлi
тәсiлдермен реттеу саясаттарын, яғни антимонополиялық реттеу шараларын
жүргiзiп отырады. Яғни, монополиялыны реттеу саясаттарының тәсiлдерi
өздерiнiң қолданылуына, нарыққа әсер етуiне байланысты келесiдей түрлерге
бөлiнедi:
1) Монополиялы рынокты бәсекелестiк рынокқа алмастыру.
2) Монополия жағдайын реттеу.
3) Жеке меншiк монополияларды мемлекеттiк кәсiпорындарға айналдыру.
4) Әкімшілік-құқықтық әсер ету түрлері:
- Белгілі бір шаруашылық саласында монополияның болуына жол бермеу;
- бар монополиялық бірлестіктерді тарату;
- монополияларды бірнеше жеке дербес шаруашылықтарға бөлу.
5) Әкімшілік-экономикалық әсер етудің бағыттары:
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz