ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдарындағы Қытай қазақтарының cаяси-әлеуметтік жағдайы


1 ХХ ғасырдың 50 - 60 жылдарындағы Қытай қазақтарының
Саяси-әлеуметтік жағдайы
1. 1 Қытай үкіметі саяси жүйесінің қазақ қоғамына тигізген әсері
Қытай комунистік партиясы 1949 жылдың қазанынан бастап құрлықтағы Гоминьдан күштерін толық жою әскери операциясын жүргізді. Осы айда Қытай халық азаттық армиясы Шынжаңның орталығы - Үрімжі қаласына келіп жеткенде Шынжаңдағы Гоминьданның әскери, саяси және әкімшілік басшылары өздігінен оларға тізе бүгіп, Шынжаң билігін Компартия күштеріне тапсырып беріп, өздері Үндістан арқылы Тайваньға тайып кетті. Ал соған дейін Гоминьдан үкіметінің қолдауымен Үш аймақ үкіметіне қарсы соғыс жүргізіп келген Оспан Исламұлы бастаған топ кенеттен өзгерген бұл жағдайдан бейхабар күйде Шынжаң мен Ганьсу (Gan su) өлкесі аралығында Компартия күштеріне қарсы партизандық соғыс жүргізе берді. ҚКП - ның Халық азаттық армиясы Оспан тобын жергілікті бандиттер қатарына жаныштауға кірісті, 1950 жылы Оспанның өзін тірідей қолға түсіріп, 1951 жылы оған өлім жазасын бұйырып, Үрімжіде атып өлтіріп тастады.
ҚКП 1950 жылдан бастап бүкіл мемлекет көлемінде өзінің саяси - әкімшілік басқару құрылымдарын құруды қолға алады. Сол қатарда Шынжаңда өлкелік, аймақтық, аудандық, округтық (qu - шүй) және ауылдық әкімшіліктер құрыла бастады. Сонымен, ондағы қазақтардың дәстүрлі қоғамдық құрылым жүйесі мен басқару түзімі өзгеріске ұшырап, қазақ аудандарында «Еңбекші халық өкілдерінен демократиялық әкімшіліктер» орнай бастады.
1951 жылы мамыр айында ҚКП орталығы Шынжаң бюросының «Биылғы қыс келер көктемге дейін бұқараны аттанысқа келтіріп, жер салығын азайту, зұлымдарға қарсы тұру нұсқауы» бойынша, 1951 жылдың тамызынан бастап Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарында (Шынжаңның басқа аймақтарында да) жер салығын азайту және зұлымдарға қарсы тұру бұқаралық қозғалысы қызу қанды жүргізілді. Әскери адамдардың қатысуы арқылы қозғалыс сұсты әрі күшті жүргізілді. Қозғалыс барысында жоғары жік өкілдеріне «Зұлым» деген кінә тағылып, оларға аяусыз соққы берілді. Сонымен бірге төменгі таптан шыққан белсенділерді Коммунистік жастар одағы мен Компартия мүшелігіне қабылдап отырды.
«Қытай Халық Республикасының жер реформасы заңы» негізінде, 1952 жылдың қарашасынан 1953 жылдың тамызына дейін Шынжаңда жер меншік жүйесіне реформа жүргізіп, жері жоқ немесе жері аз шаруаларға 9-10 му (1 му 0, 0625 г тең жер өлшемі) көлемінде жер телімдері бөліп берілді. Бұл қозғалыста «Кедей жалданбалы шаруаларға сүйену, орта шаруалармен ынтымақтасу, феодалдық қанау жүйесін біртіндеп жою» деген принцип басшылыққа алынды. Сонымен қатар жайылым жерлердің меншік жүйесіне де өзгерістер жасалды. Осы қозғалыстардың нәтижесінде бүкіл қытайдың, сонымен қатар қазақтардың да жер меншік жүйесі мен қоғамдық құрылымы түбегейлі өзгертіле бастады.
1952 жылы тамызда ҚХР Орталық халық үкіметі «Қытай Халық Республикасының ұлттар қонысының өңірлерінде автономияны жүзеге асыру бағдарламасын» жариялады. Онда автономиялы аудандарда құрылатын автономиялы органдар, автономиялы құқық, автономиялы өңірлердегі ұлттар арақатынасы және оларға жоғары дәрежелі үкіметтің басшылық принциптері нақтыланды.
Шынжаң өлкесінде ұйғыр, қазақ, манғол, дүнген және басқа да ұлттар өмір сүретіндіктен, Шынжаңда автономиялы саясат қолданылуы тиіс болды. Шынжаңның солтүстік - батысында, әскери Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарында қазақ халқы тығыз қоныстанған. Ресми санақ мәліметтерінде 1949 жылы Қытайдағы қазақтардың жалпы саны 443. 700 адам болған делінеді дейді. Ал 1953 жылы санақта Қытайдағы қазақтардың жалпы саны 509. 375 адам болып, оның 85% - ы Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарына қоныстанған, сондай - ақ олар сол аймақтағы тұрғындардың жартысынан көбін құрады. Оның үстіне бұл аймақтар кезінде Үш аймақ үкіметінің (Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарын қамтыған Шығыс Түркістан уақытша үкіметінің) басқарған зонасы болғандықтан осы өңірде Іле қазақ автономиялы ауданы (Құмыл - Хами аймағының құрамында) құрылды. Сол жылы қарашада Іле Қазақ автономиялы облысы құрылды [5, 115б. ] . Облыстың басқаруында Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтары және олардың құрамындағы 24 аудан мен Құлжа қаласы (кейін Күйтін қаласы құрылып, тікелей облысқа қарады) болды. Облыс орталығы Құлжа қаласы болып белгіленді.
Іле Қазақ автономиялы облысының ең жоғары құқықтық органы - Облыстық халық құрылтайы. Ол автономиялы ережелерді қабылдауға, мемлекеттік заң белгілеген құқықтық шеңбер негізінде жергілікті қазынаны басқаруға, мемлекеттік әскери жүйе негізінде жергілікті ішкі істер әскерін құруға құқықты болды. Демек, автономиялы құқық бойынша облыс көлемінде саясат, экономика және мәдениет саласында біршама кең саясат атқарылуы тиіс болды. Автономиялы ұлттардың тіл - жазуы мемлекеттік тіл - жазуымен қатар қолданылатын болды. Автономиялы саясат принципі бойынша, облыс әкімін, облыстық халық үкіметінің басқармасы бастықтарын, аудан әкімдерін және аудандық басқарма бастықтарын қазақ халқының өкілдерінен сайлауға немесе тағайындауға заңды негіз жасалды. Іле Қазақ автономиялы облысы Шынжаң ұйғыр автономиялы районына (1955 ж. құрылған) бағынды, Шынжаң ұйғыр автономиялы районы ҚХР орталық үкіметіне бағынды.
ҚКП - ның Қытайдағы аз санды ұлттарға қолданған автономиялы саясаты марксизм - ленинизм теориясына және КСРО - ның автономиялы республикалар мен Одақтас республикалар құру тәжірибелеріне негізделе отырып, Қытайдағы ұлттардың ерекшеліктеріне үйлестіріп жасалған саясат. Оның мәні Қытайдың териториялық тұтастығы мен ұлттық егемендігін сақтау алғышартында, аз санды ұлттарға ішкі өлкелердегі қытайлар қоныстанған
аудандардан гөрі кеңірек саясат қолдану арқылы қытай емес халықтардың әлеуметтік дамуына біршама қолайлы жағдай әзірлеу еді. Сондықтан ҚКП өзінің осы саясатын автономиялы мәртебеге ие болған халықтардан шыққан кадрлар арқылы жүзеге асыруды заң жүзінде белгіледі.
1950 жылдан бастап Қытайдағы әлеуметтік құрылым жүйесінің қайта құрыла бастауына байланысты Қытайдағы аз санды ұлттардың, соның ішінде қазақтардың дәстүрлері қоғамдық құрлымдары да біртіндеп өзгере бастады. Ол өзгерістер алғашқы кезде ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын кооперативтендіру және малшыларды отырықшыландыру бағдарламасы бойынша біртіндеп жүзеге асырылды. Осының барысында мемлекет шаруаларға қаржылай және техникалық қолдау көрсетіп, қарапайым халықтардың жағдайын біршама жақсартты [6. 143б] .
Демек, Қытайдағы қазақтардың қоғамдық - саяси өмірі мен өндіріс тәсілдері 1950 жылыдан бастап түбегейлі өзгере бастады. Атап айтқанда, қазақтардың дәстүрлі қоғамдық құрылымы социялистік мемлекеттік әкімшілдік құрылымдарына ауыстырылды; бұрыңғы рулық - қатынастық қатынастар бойынша топтасып отырып өмір сүру тәсілі, бірнеше рулардың, тіпті бірнеше ұлттардың өкілдері араласып отырып, ортақ бір кәсіппен шұғылдану тәсілі ұйымдастырылды; бұрыңғы қоғамдық жіктердің айырмашылығы жойылып (кәмпескелеу тәсілі арқылы), барлық адам ортақ бір өндіріс отрядының жылдық табысынан өз еңбектеріне сай енші алуға телінді; бұрыңғы ел билеген жоғары жік өкілдері мен зиялы қауым қарапайым еңбекшіге айналдырылып, қара табан кедейлер өкілдері, шала сауатты адамдар әр дәрежелі билік орындарына тартылды.
Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік шаруашылық жағдайы, негізінен, ҚХР - ның аграрлық экономика өндірісі мен тығыз байланыста болды. Жоғарыда пайымдағанымыздай, ҚХР 1950 жылдан бастап Қытайдың саяси - әкімшілік құрылымдарын қайта құруына байланысты, экономикалық жоспар мен өндіріс құрылымдарын да социалистік бағытқа бейімдеп қайта құра бастады. Алдымен, ауылды кооперативтендіріп, одан соң олдарды коммуналдандырылды. Алғашқы жылдары экономиканы қалпына келтіру мақсатында диқандар мен шаруларға қаржылай және техникалық көмек көрсетіп, елдің енсесін біршама көтерді де, сонынан ауыл тұрғындарының мал - мүлкін Халық коммунасының меншігіне өткізіп алды. Сонымен, ел қатарлы Коммунаға еңген қазақтар өздері еңбек ететін егін немесе мал шаруашылық отрядтарының жылдық табысы бойынша жыл соңында бір рет ақы алуға мәжбүр болды. Анықтап айтқанда, Халық коммунасындағы еңбекшілер әрбір өндіріс отрядтарында еңбек етеді. Бір күндік еңбектің толық бағасы 10 балл бойынша есептеледі, әр күні бригадир еңбекшілердің кітапшасына сол күннің еңбек бағасын қойып отырады. Жыл сонында бухгалтер әрбір еңбекшінің бір жыл ішінде еңбекке қатысқан күнін және алған еңбек балдарын есептеп, оның сол жылда отрядтан алған азық түлігін, несие алған ақшасын есептеп, оны сол адамның отрядтан алатын еңбек ақысынан балансын жасайды: Не болмаса өзінің жылдық істеген еңбекақысы отрядтан алғанына жетпей, қарыз болып шығады да, ол қарызын келесі жылғы еңбегімен жабуға міндетті болады. Қытайдың аулдарында Халық коммунасы құрылғаннан кейін, өндіріс отрядтары таптық көзқарас бойынша ұйымдастырылды. Бұрыңғы кедей диқандар мен малсыз шаруалар мал шаруашылығы отрядтарына жіберілді де, кезінде дәулетті болған жоғары, орта шаруалар егіншілік отрядтарына түсірілді. Өйткені «қанаушы тап өкілдері егіншіліктегі ауыр еңбекті істеуге тиісті» деп қаралды. Қазақтар арасындағы осындай кәсіптік қарама - қарсы орын алмасудың салдарынан әрі екі жақ тәжірибесіздіктен өз шаруашылығын тыңғылықты істей алмады. Қазақтардан тұратын мал шаруашылығы отрядтарының да, егін шаруашылығы отрядтарының да жылдық табыстары төмен деңгейде болды, тіпті жылдық есептерін зиянмен жабатын жағдайға тап болып отырды. Сондықтан қазақ халқының экономикалық өмірі ол кезде өте төмен күйде болды. Мұның тағы бір басты себебі ҚКП-ның қолданған әсыра солшылдық саясатында екендігін айтпауға болмайды.
ҚХР өзінің бесжылдық жоспарын (1953 - 1957жж. ) ойдағыдай орындағаннан кейін, ҚКП басшылары жоғары қарқынмен экономикалық құрылыс жүргізу науқанын бастады. 1958 жылы мамырда ҚКП - ның 8 - отырысының II пленумы: «Біздің еліміз бір күнде жиырма жылдық дамуды іске асыратын ұлы дәуірді бастан кешуде» деп санады. Сондай - ақ, халықты «соқыр сенімнен арылып, идеаны азат етуге» шақырды. Мао Цзэдун «Жеті жылда Англиядан асып кету, одан соң сегіз, он жылда АҚШ -тан озып кету керек!» деген ұран тастады. Сонымен, 1958 жылы жазда бүкіл Қытай көлемінде «Үлкен секіріс» қозғалысы басталып кетті. Аталмыш қозғалыста болат - темір қорытуды негіз етіп, әр салада «үлкен құрылыс» жүргізу мақсат етілді. Сонымен, ҚХР үкіметі өзінің екінші бесжылдық жоспарында (1958 ж. Басталған) аграрлық өндірістің жалпы өнім құнын әр жылы 30% шамасында, өнеркәсіптің жалпы өнім құнын әр жылы 53% - ға көбейтуді жоспарлап, «коммунизмге» өтудің алғышартын жасауды» қарастырды.
ҚКП Орталық комитеті 1958 жылы 10 қыркүйекте «Ауыл - қыстақтарда Халық коммунасын құру туралы қарар» қабылдады. Сонымен, Қытайдың ауыл - қыстақтарында Халық коммунасын құру науқаны басталды. Халық коммунасына мүше болушылар алғашқы жылдарда өздеріне бөлініп берілген жер телімдерін, жеке меншік малдарын, бау - бақшаларын, өндіріс құрал - жабдықтарын Коммунаның меншігіне тапсыруға міндетті болды. Бұған диқандар мен шаруалардың наразы болғанына қарамастан, коммуналандыру қозғалысы күштеп тез қарқынмен жүргізілді. Отбасындағы барлық жер мен малын, бау - бақшасын, өндіріс құрал - жабдықтарын Коммунаға тапсырған адамдарға ортақ асханалар ашылып, олар тайқазаннан бірге тамақтанды. Сөйтіп, Коммуна еңбекшілердің істеген еңбегіне жалақы бермейді, жеген тамақтары үшін еңбекшілер де ақша төлемейтін коммуналық режим орнатылды. Ежелден кең далада еркін тіршілік етіп келген Қытайдағы қазақ халқы ондай әскери режимдегі Халық коммунасын ұнатпасада, оған кіруге мәжбүр болды.
Қытайда 1958 жылдан бастап жүргізілген «Үлкен секріс» пен «Коммуналандыру» қозғалысы, жыл өте салысымен - ақ, өзінің ауыр әлеуметтік - экономикалық зардабын көрсетті. Бірақ сол шындықты айтқан ішкери өлкелердегі қытай интеллигенттері «оңшылдар» деген кінәмен саяси соққыға ұшыраса, Шынжаңдағы қазақ, ұйғыр қатарлы халықтардан шыққан зиялылар «жергілікті ұлтшылдар» деген кінәмен саяси жаныштауға ұшырады. Тарихи шындық қашанда айтылады, «Үлкен секіріс» жасалған үш жылда Қытайдың 200 миллиард юань зиян тартқандығы сонғы жылдары әшкере болды. Сонда да Мао Цзэдун көзі тірісінде өзі құрған Халық коммунасын сақтап қалды. Бірақ ол 1960 жылы халық шаруашылығын «реттеу, бекемдеу, толықтыру және (өнімді) жоғарлату» саясатың қолданып, экономиканы бірқатар реттеуге мәжбүр болды. ҚКП Орталық комитеті 1961 жылы наурыз айында «Ауыл - қыстақ Халық коммунасының Қызмет ережесін» қабылдады. Сол бойынша Халық коммунасының мөлшері аз мөлшерде жеке жер иеленуге мал мүлік, үй құстарын ұстауға мүмкіндік алды. Аталмыш «Ереже» бойынша, Халық коммунасын да дүй (үлкен өндіріс отряды), шао дүй (кіші өндіріс отряды) болып ұйымдастырылды. Барлық ауыл - қыстақтардағы тұрғындар міндетті түрде осы отрядтарда еңбек етіп, отрядтардың жылдық табысы бойынша ақы алатын болды. Өндіріс түрлері мен мөлшерін жоғары әкімшілігі органдарын мемлекеттік жоспар негізінде жобалап ұйымдастырып отырды.
Сонымен, Қытайдағы қазақтардың көп бөлігі Халық коммунасын да дүй, шао дүйлерінде мал шаруашылығымен немесе егін шаруашылығымен шұғылданды. Бұл жүйені ҚКП Орталық комитеті «Аз дегенде отыз жыл өзгермейді» деп бекітті.
Демек, Қытайдағы қазақтардың қоғамдық - саяси өмірі мен өндіріс тәсілдері 1950 жылыдан бастап түбегейлі өзгере бастады. Атап айтқанда, қазақтардың дәстүрлі қоғамдық құрылымы социалистік мемлекеттік әкімшілдік құрылымдарына ауыстырылды; бұрыңғы рулық - қатынастық қатынастар бойынша топтасып отырып өмір сүру тәсілі, бірнеше рулардың, тіпті бірнеше ұлттардың өкілдері араласып отырып, ортақ бір кәсіппен шұғылдану тәсілі ұйымдастырылды; бұрыңғы қоғамдық жіктердің айырмашылығы жойылып (кәмпескелеу тәсілі арқылы), барлық адам ортақ бір өндіріс отрядының жылдық табысынан өз еңбектеріне сай енші алуға телінді; бұрыңғы ел билеген жоғары жік өкілдері мен зиялы қауым қарапайым еңбекшіге айналдырылып, қара табан кедейлер өкілдері, шала сауатты адамдар әр дәрежелі билік орындарына тартылды.
Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік шаруашылық жағдайы, негізінен, ҚХР - ның аграрлық экономика өндірісімен тығыз байланыста болды. Жоғарыда пайымдағанымыздай, ҚХР 1950 жылдан бастап Қытайдың саяси - әкімшілік құрылымдарын қайта құруына байланысты, экономикалық жоспар мен өндіріс құрылымдарын да социалистік бағытқа бейімдеп қайта құра бастады. Алдымен, ауылды кооперативтендіріп, одан соң олдарды коммуналдандырылды. Алғашқы жылдары экономиканы қалпына келтіру мақсатында диқандар мен шаруларға қаржылай және техникалық көмек көрсетіп, елдің енсесң\ін біршама көтерді де, сонынан ауыл тұрғындарының мал - мүлкін Халық коммунасының меншігіне өткізіп алды. Сонымен, ел қатарлы Коммунаға еңген қазақтар өздері еңбек ететін егін немесе мал шаруашылық отрядтарының жылдық табысы бойынша жыл соңында бір рет ақы алуға мәжбүр болды. Анқытап айтқанда, Халық коммунасындағы еңбекшілер әрбір өндіріс отрядтарында еңбек етеді. Бір күндік еңбектің толық бағасы 10 балл бойынша есептеледі, әр күні бригадир еңбекшілердің кітапшасына сол күннің еңбек бағасын қойып отырады. Жыл сонында бухгалтер әрбір ғеңбекшінің бір жыл ішінде еңбекке қатысқан күнін және алған еңбек балдарын есептеп, оның сол жылда отрядтан алған азық түлігін, несие алған ақшасын есептеп, оны сол адамның отрядтан алатын еңбек ақысынан балансын жасайды: Сонда ол болдаы, не болмаса өзінің жылдық істеген еңбекақысы отрядтан алғанына жетпей, қарыз болып шығады да, ол қарызын келесі жылғы еңбегімен жабуға міндетті болады.
Қытайдың аулдарында Халық коммунасы құрылғаннан кейін, өндіріс отрядтары таптық көзқарас бойынша ұйымдастырылды. Бұрыңғы кедей диқандар мен малсыз шаруалар мал шаруашылығы отрядтарына жіберілді де, кезінде дәулетті болған жоғары, орта шаруалар егіншілік отрядтарына түсірілді. Өйткені «қанаушы тап өкілдері егіншіліктегі ауыр еңбекті істеуге тиісті» деп қаралды [7. 88б] . Қазақтар арасындағы осындай кәсіптік қарама - қарсы орын алмасудың салдарынан әрі екі жақ тәжірибесіздіктен өз шаруашылығын тыңғылықты істей алмады. Қазақтардан тұратын мал шаруашылығы отрядтарының да, егін шаруашылығы отрядтарының да жылдық табыстары төмен деңгейде болды, тіпті жылдық есептерін зиянмен жабатын жағдайға тап болып отырды. Сондықтан қазақ халқының экономикалық өмірі ол кезде өте төмен күйде болды. Мұның тағы бір басты себебі ҚКП-ның қолданған әсіре солшылдық саясатында екендігін айтпауға болмайды.
ҚКП Орталық комитеті 1962 жылы қаңтар айында Пекинде «Жеті мың адамдық мәжіліс» ашып, өзінің социализм құрудағы он екі жылдық тәжірибесін қорытындылап, бірқатар маңызды шешімдер қабылдады. Соның бірі «Аграрлық саланы қолдауды күшейтіп, зор күшпен ауыл шаруашылығын дамыту» бағдарламасы еді. Ол бойынша, үкімет ауыл шаруашылығына берілетін несие мөлшерін көбейтіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасын 27. 1%-ға жоғарылату арқылы ауыл - қыстақтардың экономикалық жағдайын біршама жақсартқандай болды. Осыған байланысты қазақтардың да тұрмыс деңгейі 1963 жылдан бастап сәлде болса көтерілді.
Бірақ мемлекет көлімінде орын алған бұқарлық саяси қозғалыстар елдің еңсесін көтертпейді. 1963-1965 жылдары бүкіл мемлекет көлемінде «Социолистік тәрбие қозғалысы» жүргізілді. Оған Маоның «Таптық күрес жүргізілсе, барлық іс алға басады» деген нұсқауы басшылыққа алынды. Нәтижесінде бұл қозғалыс «солшылдық қателіктерге ұрындырды». Сондай - ақ ол «мәдени революцияны» жүргізуге идиялогиялық негіз қалады.
Мао Цзэдун өзінің соцялистік қоқамдағы таптық күрес теориясына сұйене отырып, 1966 жылы Орталықтан қабылданатын қаулы жобаны дайындады. Ол жобаны сол жылдың 16 мамырында ҚКП Орталық комитеті бекітіп, «16 мамыр қабарламасы»деген атпен жария етті. Соның негізінде 1966 жылы 28 мамырда Орталық саяси бюроның қасынан «Орталық мәдени революция башылық тобы» құрылды. Оның басшысы болып алғашында Маоның оң қол көмекшісі Кан Цин тағайындалы, кейін оның орнына Маоның әйелі Цжзян Цин тағайындалды. Сонымен, 1966 жылдың жазында қалаларда «Мәдени революцияны» қозғалысы басталды. 1966 жылы 9 желтоқсан күні ҚКП ОК «революцияны жүргізіп, өндірісті дамытудың 10 тармағын» жәриялады. Сол жылдың 15 желтоқсанында «Ауыл - қыстақтарда мәдени рволюция жүргізіу туралы нұсқау» түсірді. Сонымен, қытайдың ауыл - қыстақтарында да «мәдени революция» дүркіреп жүріп кетті.
«Мәдениет революциясы» дегенді мүлде түсінбеген ауылдықтар «мәдени революцияны» не үшін және кім үшін жүргізіп жатқандықтарын өздері де ойлаған жоқ, әйтеуір қалаларда көтерілген «Капитализм жолында жүрген шенеуліктерді жоғалтайық!» деген ұранға үн қосып, ауыл кадрларын алдарына салып, ауыл - қыстақ көшелерін аралап шеру тартып, алашапқынға түсті. Сонымен, революцияшыл жастар Халық коммунасының өндіріс отриядтарының басшыларына дейінгі аталмыш билік иелерінің барлығын күреске тартып, қызметтерінен шеттеті де қалыпты өндіріс тәртібін бұзып, ауыл - қыстақтарда астан - кестен саяси жағдайды қалыптастырды. Соның салдарынан бүкіл Қытай бойынша өнеркеәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдері 1976 жылы - 9, 9 % - ға, 1968 жылы - 14 % - ға азайды. Соған қарамастан, «мәдени революция» 1976 жылға дейін жалғасты. Осының барысында Орталық үкімет ұлттық экономиканы бірнеше мәрте реттеген болды, бірақ оның нәтижесі айтарлықтай болмады. Өйткені өндіріс қатынастарының тепе - теңдігі бұзылып, экономика саласындағы қарама - қайшылықтар әбден шиелініскен болатын. Сондықтан «мәдени революция» жылдарында Қытай экономикасы, жалпы айтқанда, тоқырау, құлдырау процесінде болдыда, қытай халқының, оның ішінде қытайдағы қазақтардың экономикалық және мәдени өмірі құлазыған күйге түсті.
Дегенмен, 1976 жылы Мао дүниеден өтіп Дэн Сяопин қатарлы көрнекті саяси тұлғалар мемлекеттік билік басына қайта оралғаннан кейін, Қытайдың саяси жағдайында оң қадамдар жасала басталды. ҚКП - ның 11 отырысының ІІІ пленумы 1978 жылы желтоқсанда Пекинде ашылды. Пленум Дэн Сяопиннің идеясы бойынша аса маңызды тың шешімдер қабылданды. Атап айтар болсақ, идеаны азат етіп, шындыққа бет бұрып; Компартия мен үкімет қызыметінің салмағын социялистік модернизацияға қою; халық шаруашылығын реттеп, ауыл шаруашылығының дамуын тездету; ғылым техникамен білім беру салаларына назар аудару; әлеуметтік реформа жүргізу және есікті ашық ұстау саясаты тарихи маңызға ие саяси шешімдер қабылданды. Осыған орай ҚКП ОК 1979 жылы сәуір айында қызмет мәжілісін ашып экономика мәселесін талқылап, халық шаруашылығын «реттеу, реформалау, жүйелеу және өнімді жоғарлату» деген бағдарлама қабылданды [8. 323б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz