Іле Fлатауының неотектоникалық қозғалыстарының сипаттамасы


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ НЕОТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Орындаған:
2 курс магистранты Көрпелдесов Б. Ж
(қолы, күні)
Ғылыми жетекшісі:
г. ғ. к., профессор Құсайынов С. А
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді:
«» «» 2007ж
кафедра меңгерушісі
г. ғ. к., доцент Мұқашева Ж. Н (қолы, күні)
Мөр орны
АЛМАТЫ, 2007
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе . . .
Әдебиеттерге шолу . . .
- Іле Алатауының физикалық-географиялық сипаттамасы. . .
1. 1. Геологиялық құрылысы . . .
1. 2. Жер бедері . . .
1. 3. Топырақ жамылғысы . . .
1. 4. Климаты . . .
1. 5. Гидрологиялық сипаттамасы . . .
1. 6. Өсімдік және жануарлар әлемі . . .
- Неотектоника. . .
2. 1. Неотектоника мағынасы және тараулары . . .
2. 2. Неотектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері . . .
2. 2. 1. Геологиялық әдіс . . .
2. 2. 2. Геофизикалық және әуе-ғарыштық әдістер . . .
2. 3. Қазақстан аумағындағы неотектоникалық қозғалыстардың қысқаша сипаттамасы . . .
3. Іле Алатауының неотектоникалық қозғалыстарының сипаттамасы . .
3. 1. Іле Алатауының магмалық жыныстары . . .
3. 2. Іле Алатауының стратиграфиясы . . .
3. 3. Іле Алатауының литология-стратиграфиялық кешендері және олардың жер бетінде көрінісі . . .
3. 4. Аумақтың тектоникалық дамуы мен бедерінің қалыптасу тарихы . . .
3. 5. Іле Алатауының құрылым-геоморфологиялық құрылысы мен тектоникасы . . .
3. 6. Іле Алатауының құрылымдары және жаңа тектоникалық қозғалыстар . . .
3. 7. Іле Алатауының геологиялық құрылымы мен сейсмикалықтың байланысы . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымшалар . . .
Кіріспе
Магистрлік бітіру жұмысы Іле Алатауының неотектоникалық қозғалыстары сипаттамаларына арналған. ХІХ ғасырдың соңынан бастап Тянь-Шан таулы өлкесі өзіне көптеген зерттеушілердің қызығушылығын туғызды. Барлық зерттеушілердің пікірі бір көзқарасқа осы тау облысының бедерінің құрылымдығы, яғни әр жота - тектоникалық көтерілім, әр ойыс - тектоникалық майысу дегенге келіп тоқталады. Ал осы көтерілімдер мен майысулардың табиғаты туралы көзқарастар арасындағы алшақтық әлі күнге дейін сақталып қалған. Мысалы ғасыр басында Э. Дэвис (1904) әр жотаны горст, әр ойысты грабен деп қарастырып, таулардың құрылымы жақпарлы деп жіктеді. Хэнтингтон (1905) ежелгі пенепленмен көрініс беретін «сырттар» аркатәріздес деформацияға - «Warping» ұшыраған деді. Э. Арган (1935) қыраттар мен ойыстарды «негіздік қатпарлар» деп атады. Тянь-Шан жоталарының қатпарлы табиғаты туралы И. В. Мушкетовтың (1915) классикалық зерттеулерінде айтылған болатын.
1948 жылы көптеген пікірталастарға С. С. Шульц монографиясы тоқтау қойды. Осы еңбекте көптеген фактілер арқылы Тянь-Шанның қазіргі бедерінің қатпарлы табиғаты дәлелденді. Осы зерттеулер негізінде қазіргі бедермен байланысты тектогенездің жаңа кезеңі туралы қорытынды жасалды. Осы зерттеулер «жаңа тектониканы» геологиялық ғылым саласы ретінде бөліп шығарды.
Келесі зерттеушілер Тянь-Шан құрылымындағы жарылымдар ролін ерекше атап көрсетті. В. И. Попов пен Б. Б. Тальвирскийдің (1978) «Трансазиатский рифтовый пояс Наливкина» деген монографиясында Тянь-шан рифтогенез нәтижесінде қалыптасқан деген пікір айтылады.
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы ороген алқабындағы неотектоникалық құрылымдардың пайда болуы көптеген ғалымдардың пікірталасына арқау болған. Қазіргі кезде аумақтың геотектоникасы туралы 2 альтернативті концепция қалыптасқан. Ол: мобилистік концепцияны жақтаушылар А. Вегенер, Э. Арган, Д. И. Мушкетов, А. Гансер және фиксистік көзқарасты жақтаушылар В. В. Белоусов, М. В. Гзовский, М. Е. Артемьев, т. б.
Неотектоника (гр. neos - жаңа, tektonike - құрылыс) олигоцен уақытынан бергі түрлі тектоникалық процестерді және неотектоникалық қозғалыстар нәтижесінде қалыптасқан жер бедерін зерттейтін ғылым. В. А. Обручев неотектоникалық қозғалыстар деп неоген-төрттік кезеңде етек алған қозғалыстар дейді (20-25 млн. жыл),
Ғылыми пән ретінде неотектониканың 3 ерекшелігін атауға болады. Алғашқысы уақыт. Неотектоника тектоникалық қозғалыстардың көрінісін және олардың нәтижесін геология тұрғысынан өте қысқа 35-40 млн. жылға бағаланған кейінгі кайнозойды зерттейді. Соның өзінде жаңа қозғалыстардың жоғарғы қарқындылығы соңғы 5-10 млн. жылға жетеді. Бұл сандардың мағынасын терең ұғыну үшін Жердің 4, 5 млрд. геологиялық тарихы бар екенін еске алу жеткілікті.
Екіншісі - қозғалыстар нәтижесінің айқындығы, құрылымдық формаларда және жер бетінің бедерінде жиі көрініс беруі. Неотектоника тектоникалық қозғалыстар мен олардың іс-әрекеті нәтижесін «таза» күйінде, яғни басқа тектоникалық циклдардың қозғалыстарымен жабылмаған күйінде зерттейді. Бұл бізге геологиялық өткен кезеңнің тектоникалық қозғалыстарын анология және актуализм әдістерімен қайта қалпына келтіргенде жақсы ұғынуға мүмкіндік береді.
Үшінші ерекшелік - қазіргі кездегі қозғалыстарды түрлі құрал-жабдықтық әдістермен зерттеу мүмкіндегі. Бұл қозғалыстардың сандық бағасын беруге қолайлы жағдай туғызады. Арнайы геодинамикалық сынақ алаңдарындағы түрлі құрал-жабдықтық бақылаулар тектоникалық қозғалыстар табиғатын және оларды болжау мүмкіндігін береді.
Іле Алатауында ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басында болып өткен бірнеше апатты жер сілкіністері осы аймақтағы неотектоникалық қозғалыстардың қарқындылығының тоқталмағандығын көрсетті.
Ресейде XIX ғасырдың II жартысынан бастап жүргізілген алғашқы сейсмикалық аудандастыруды зерттеу жұмыстары геологиялық құрылым мен сейсмикалылықтың тығыз байланысты екендігін көрсетті. 1891 жылы И. В. Мушкетов алғаш рет Орта Азияны геологиялық белгілері бойынша сейсмикалық аудандастыруды жүргізеді. Оны әрі қарай жалғастырушы Д. И. Мушкетов. Оның құрастырған карталары ірі жарылымдар мен күшті жер сілкінісінің бір-біріне тәуелділігіне негізделген. Келесі жылдарда бұл әдіс Г. Г Горшков, И. Е. Губин, М. В. Гзовский және басқа зерттеушілер еңбектерінде жалғасын тапты. Геологиялық әдістермен қатар геофизикалық әдістер де жүрді, кешенді геология-геофизикалық әдісі құрылды. Дегенмен жаңа тектоникалық қозғалыстарды зерттеуде негізінен геологиялық жағдайға көп назар аударылады.
Зерттеу ауданында жүргізілген көп жылдық бақылау мәліметтері жаңа тектоникалық қозғалыстардың алуан түрлілігі осы аумаққа тән екендігін көрсетті. Көтерілу және төмен түсу облыстарының бір-біріне жақын орналасуы жаңа тік тектоникалық жарылымдар орналасқан тереңдік жарылым аймақтарына сәйкес келеді.
Зерттелу тарихы
Солтүстік Тянь-Шанды алғаш зерттеуші ғалым П. П. Семенов болып табылады. Оның 1858, 1867, 1885 жылдары жазған еңбектерінде географиялық суреттеу, орографиялық сызба, аймақтың геолгиялық құрылымы жайлы мәліметтер берілген. Аймақты зерттеуші келесі ғалымдардың барлығы П. П. Семенов еңбектері Тянь-Шанды зерттеудің негізін қалады деген пікірге келді.
1861-1868 ж. ж. Л. И. Венюков, 1869-1873 ж. ж. Н. А. Северцев еңбектері жарық көреді.
1874 жылдан бастап И. В. Мушкетов Тянь-Шан өлкесінде зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Осы көрнекті ғалымның еңбектері Тянь-Шан тектоникасы мен стратиграфиясы туралы алғаш толыққанды мәліметтер береді. Ол сейсмотектоника мәселесін қарастырады, Орта Азияның құрылымдық жобасын зерттейді, палеозойлық көтерілімдер мен жаңа құрылымдырға көңіл бөледі. 1887-1889 ж. ж. жер сілкіністерін зерттеу арқылы ол, бедер құрылу процесі әлі күнге дейін қарқынды жалғасуда деген қортындыға келеді. И. В. Мушкетов Орта Азияның жоғарғы сейсмикалық белсенділігін жер қабығының жарылымдар зонасының тектоникалық қозғалыстарымен байланыстырады. Ол Солтүстік Тянь-Шанның тау құрылымдары мен тауаралық қазаншұңқырларды бөліп жатқан ірі жарылымдар жүйесін көрсетті және төрттік шөгінділерді зерттеді.
1886 жылы Іле Алатауында географ А. Н. Краснов өз зерттеулерін жүргізді. Өз жұмыстарына ол төрттік шөгінділер: лесс, мұздық шөгінді генезисі туралы жазады. Іле Алатауының бірқатар аудандарын 1902 жылы В. В. Сапожников және неміс ғалымы Л. Фридериксон зерттейді. Олар биік тау жазықтары «сырттар» материктік денудация қалыптасты деген қортындыға келеді. 1903 жылы Солтүстік Тянь-Шанда У. М. Дэвис зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Оның 1905 жылы жарық көрген еңбегінде ол, Тянь-Шанның даму тарихи мәселелерін қарастырады.
XIX ғасырдың соңында болған апатты жер сілкіністері (Беловодный 1885ж, Верный 1887ж, Шелек 1889ж, Крановедный 1895ж) Ресей географтарының назарын осы ауданға аудартты. Ең алғаш сейсмикалық аудандастыру жұмыстарын Г. Абих, И. В. Мушкетов, А. Е. Лагорио, В. Н. Вебер, К. Н. Богданович, Б. Я. Корольков сияқты ғалымдар жүргізді. 1891 жылы И. В. Мушкетов Орта Азияны сейсмикалық қауіптілігін геологиялық белгілері бойынша бағалау жұмыстарын жүргізді. Ол жер сілкінісі болған жерлерді белгілеп қана қоймай, болашақта болу мүмкіндігі жоғары аумақтарды көрсетті.
1914 жылдан бастап Солтүстік Тянь-Шанда сейсмотектоникалық зерттеулерді Геологиялық комитет жүргізе бастайды. Солтүстік Тянь-Шан тектоникасына сипаттама беріп, үштік-төрттік дислокацияларға, ежелгі тегістелу беттерінің жатысына, пішініне көңіл аударады және аумақтағы жер сілкінісі ірі жарылым зонасы бойымен жүреді деген қортындыға келеді.
Іле Алатауын зерттеудің жаңа кезеңі 1927 жылдан басталады. Осы уақытта аймақтың кешенді геологиялық түсірілімі және құралдық сейсмологиялық зерттеулер жүргізілді. 1927 жылы Алматы сейсмикалық станциясы ашылды.
1928 жылы В. А. Николаевтің аумақты құрылым-фациалды аудандастыру туралы еңбектері жарық көреді. Автор ерте қабаттардың стратиграфиялық сызбасын жасайды, тауаралық қазаншұңқырлардың дамуы мен жаңа тектоникалық қозғалыстардың өсуі туралы ойлар айтады.
1930 жылы Д. В. Наливкин Орта Азияны солтүстік, оңтүстік және орталық зоналарға бөледі. Солтүстік Тянь-Шанды төрттік жастағы құжбанды көтерілім облысына жатқызады. Дәл осы уақытта Н. Г. Кассин ауданның стратиграфиялық сызбасын жасайды.
1931-1939 ж. ж. Б. А. Федорович және С. С. Шульц геоморфологиялық зерттеу әдісін қолдана отырып, аумақта қазіргі жаңа тектоникалық қозғалыстардың жоғарғы қарқындылығы сақталған деп тұжырымдады. 1937 жылы С. С. Шульц Тянь-Шан бедері қалыптасқан уақыт кесіндісін «неотектоникалық» деп атауды ұсынды.
1937 жылы А. Д. Архангельский және Н. С. Шатский Солтүстік Тянь-Шанды жас вертикальды қозғалыс аумағына жатқызады. М. М. Тетяев (1938) тектоникалық қозғалыстардың құжбанды сипаты, төрттік дәурде альпілік қатпар түзілу процесіне ауысты деген пікір айтты.
1949 жылдан бастап Іле Алатауын зерттеудің жаңа кезеңі басталды. 1948 жылғы Ашхабат жер сілкінісінен кейін Талғар сынақ алаңы құрылды. Іле Алатауын зерттеуде Г. П. Горшков, В. В. Белоусов, М. В. Гзовский, И. П. Герасимов, А. В. Пейве сияқты көрнекті ғалымдар жұмыс жасады.
Қазақтың ғалымдарынан М. Ж. Жандаевтің есімін естен шығармау абзал.
Континенттік таутүзілу процесі туралы көптеген ғалымдардың қызығушылығы толастамаған. Оған 1885 жылы жарық көрген А. М. Дж. Шенгердің орогеннің классикалық теориялары туралы мақаласы дәлел.
Аталған жұмыста Іле Алатауынының жаңа тектоникалық қозғалыстары туралы көзқарастардың даму тарихы көрсетілген.
П. П. Семенов Тянь-Шан орографиялық сипаттамасын берген алғашқы ғалым. Ол А. Гумбольдтың осы аймақтағы вулканизм барлығы туралы идеясын жоққа шығарды. Н. А. Северцов Тянь-Шанды аласа таулар жүйесі деп есептеген. Қызыл түсті шөгінділерді пермь дәуіріне жатқызып, Тянь-Шан тауларын осы жыныстарды берген көтерілу облысы деп ежелгі таулар деп есептеді.
И. В. Мушкетов (1915) Тянь-Шан туралы жаңа көзқарастарға негіз салды. Ол алғашқы болып қызыл түсті континенттік қабатты бөліп қарастырып, неогенге жатқызды. Тянь-Шан тауларында ол екі бағыттағы құрылымдарды: солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бағыттарын көрсетті. Алғашқысы оның ойынша палеозойлық, екіншілері кайнозойлық құрылымдар.
Шетелдік ғалымдар өз еңбектерінде ежелгі тегістелу беттерінің тектоникалық дамуы мен шығу тегі туралы мәселелерді қарастырды. Н. Фридрихсен Тянь-Шан сыртындағы тегістелу беттерін суреттей отырып, бұл облыстың ұзақ континетальдық денудациясы туралы пікірді айтқан.
В. Дэвис пен Э. Хентингтон Тянь-Шан пенепленінің жасы үштік, ал тұтас тегістелу бетінің үлескілерін түрлі гипсом. иялық биіктікке ауыстырған жарылымдар жасы төрттік дәуірге сәйкес келеді деп есептеген. Э. Хентингтон жаңа құрылымдардың түзілуіндегі негізгі рөлді майысулар атқарады деген пікір айтқан.
Неміс геологтары Г. Кейдель мен К. Леукс Тянь-Шанның ежелгі денудациялық тегістелу беттерінің жасы мезозойлық деп есептеп шығарды. Пенеплен беті үлескілерінің түрлі гипсом. иялық биіктікке келтірген жарылымдар қозғалыстарның жасы төрттік дәуірге тиселі деген.
Тянь-Шанда геологиялық түсірілімдер жүргізген В. Н. Вебер «құрғақ атыраулар» миграциясы құбылысын көрсетті. Бұл терминді ғылымға И. Вальтер енгізді. Ол құрғақ атыраулар миграциясы құбылысын жарылымдармен шектелген майысу облыстарының ауысуымен түсіндірді.
Д. И. Мушкетов (1934) К. Леукс пен Э. Арганның көзқарастарын негізге ала отырып, палеозой уақытындағы құрылымдардың солтүстіктен оңтүстікке ауысуын, мезозой-кайнозойда кері бағытқа ауысу идеясын дамытты. Соңғы қозғалыспен ол барлық массалардың кайнозойда Тянь-Шаннан солтүстік бағытта Қазақ платформасына дейін жетуін байланыстырады.
Академик Д. В. Наливкиннің 1926 жылы жарық көрген «Очерк геологии Туркестана» монографиясы Тянь-Шан тектоникасы туралы көзқарастардың дамуына негіз болды. Оның солтүстік (каледон), орталық (герцин) және оңтүстік (альпі) доғалары туралы идеясы Тянь-Шан тектоникасы түсінігінің анықтамасы рөлін атқарады. Түрлі жастағы қатпарлы доғалардың оңтүстікке ауысуы материктің өсуі нәтижесінде қалыптасқан.
20-шы жылдардың соңында Тянь-Шанның жаңа тектоникалық қозғалыстарын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Тянь-Шан неотектоникасы туралы қазіргі заманғы көзқарастардың негізін салған жұмыстардың бірі В. А. Николаевтікі болды (1928) . Дислокациялардың қатпарлы формаларын ол Тянь-Шанның солтүстік шектеріндегі үштік кезеңнің негізі деп санаған. Ол көптеген зерттеушілердің жаңа тектоникалық қозғалыстар процесіндегі негізгі рөлді тік қозғалыстарға беретіндігін айта отырып, тангенциялдық күштер нәтижелерін көрсетеді. Олардың іс-әрекеті нәтижесінде депрессия жағына массасы жылжыған біржақты горсттар қалыптасты. В. А. Николаев массалардың жылжуы немесе қозғалыс бағытының біржақтылығының жоқ екендігін атап көрсетті. Оның палеоген және неоген шөгінділерінің қалың қабаты құрылымдардың өсу процесінің ұзақтығының дәлелі деген пікірі үлкен қызығушылық тудырды.
30-40 жылдары қарқынды зерттеулердің нәтижесінде С. С. Шульц жұмыстарында көрініс тапқан Тянь-Шан неотектоникасының негізгі теоретикалық түсініктері қалыптасты. С. С. Шульц идеялары бойынша Тянь-Шанның жаңа тектоникалық қозғалыстары денудациялық беттердің қатпарлануына әсер етті. Тянь-Шан қатпарлар виграциясын еске салады. Ол Жер тектоникасының маңызды элементтері геосинклинальдар, платформалармен бірге орогендік облыстарды қатар қоюды ұсынады. Себебі олар, жалпы көтерілімдермен диференцияланған қозғалыстармен сипатталады.
Тянь-Шан неотектоникалық құрылымдарының қалыптасуы туралы зерттеушілер пікірін келесі маңызды бағыттарға бөлуге болады. Біріншісі, Тянь-Шанның қандай құрылымдар негізі - қатпарлы немесе жақпарлы деген сұраққа байланысты. Тянь-Шан жаңа құрылымдарының жақпарлы табиғаты идеясын К. И. Богданович, А. А. Обручев, К. Фридрихсен, Г. Принц, К. Леукс, Г. Кейдель, Махачек, К. Д. Помазов, т. б. жақтаған.
Неотектоникалық құрылымдардың қалыптасуындағы негізгі рөлді палеозой қатпарлығына жатқызатын зерттеушілер Э. Хентингтон, Мерзбахер, В. Н. Вебер, Э. Арган. Неотектоникалық құрылымдардың қатпарлық негізін өз жұмыстарында В. А. Николаев, С. С. Шульц, Б. А. Петрушевский дәлелдеген.
Мәселенің екінші тобы Тянь-Шанның геологиялық құрылым элементтері мен сейсмикалық құбылыстардың байланысы туралы Тянь-Шан неотектоникасында 3 түрлі пікір бар:
а) Сейсмикалық белсенділік жарылымдар бойы қозғалыстарымен байланысты. Бұл пікірді К. И. Богданович, Б. А. Петрушевский, Б. А. Федорович, В. В. Попов, И. А. Резанов, В. Н. Крестников, В. И. Кнауф қолдайды.
ә) Б. А. Петрушевский пікірінше сейсмикалық белсенділік геологиялық құрылымы мен даму тарихының айырмашылығы бар аудандарда байқалады.
б) М. В. Гзовский, В. Н. Крестников, Г. И. Рейснер, Н. Л. Нерсиовтардың пікірінше сейсмикалық белсенділік тектоникалық қозғалыстардың жоғары жылдамдық градиентімен байланысты.
Үшінші топ мәселесі: неотектоникалық құрылымдардың қалыптасуындағы қандай қозғалыстар негізгі - тік немесе көлденең.
Төртінші топ мәселесі: Жер шары дамуындағы Тянь-Шан көрінісі. Б. А. Петрушевский (1955) Тянь-Шанның қазіргі кездегі табиғатын геосинклинальмен байланыстырса, В. В. Белоусов (1975) оны белсенді платформаға жатқызды, Н. И. Николаев (1962) платформадан кейінгі кезең, Г. Д. Ажигерей мен К. Д. Помазов Тянь-Шанды жер қабығының бұрын беймәлім, жаңа сапалы даму кезеңін өткеруде деп санайды.
Бесінші бағыт тектоникадағы дәл әдістерді қолданумен байланысты. Бұл бағыт М. В. Гзовский, В. Н. Крестников, Г. И. Рейснер, Н. Л. Нерсиовтардың есімімен байланысты. Себебі олар алғашқы болып, Тянь-Шандағы нақты сандық тектоникалық қозғалыстар жылдамдығы сипаттамаларын сейсмикалық белсенділікпен байланыстырды.
1. 1 Геологиялық құрылысы
Қазақстан Республикасының кең-байтақ территориясы ұзақ қалыптасу тарихы бар күрделі геологиялық құрылым болып табылады. Осы кең аумақтың геологиясы, тектоникалық құрылысын және пайдалы қазбаларды зерттеуде көптеген геологтар жемісті қызмет етті. Олардың ішінен А. А. Абдулин, А. Д. Архангельский, Ш. Е. Есенов, Г. Ц. Медоев, Қ. И. Сәтбаев, А. Л. Яншин, т. б. ғалымдарды атап көрсетуге болады.
Осы ғалымдар Қазақстанның геологиялық құрылысын жан-жақты зерттеулерінің нәтижесінде «СССР геологиясы» (1967-1970 ж. ж. ) топтамасында Қазақстан геологиясы туралы мәліметтер, А. А. абдулин монографиялары (1981 ж, 1994 ж. ), В. Ф. Беспалов еңбектері (1971 ж, 1975 ж), тектоникалық карталар (1971 ж, 1976 ж. ), «Қазақстандағы палеозой» (1969 ж) және «Қазақстанды геофизикалық мәліметтері бойынша геотектоникалық аудандастыру» жинақтары жарық көрді.
Палеозой дәуірінде Қазақстан Республикасы аумағының негізгі геологиялық құрылысының құрылымдық-тектоникалық белгілері анықталды. Жер қабығы учакселерінің шекараларында тектоникалық жарылымдар пайда болды. Жер беттерінде жанартаулық құблыстар байқалды.
Кембрий шөгінділері Ерментау, Баянауыл тауларында жақсы зерттелгенімен, біз қарастырып отырған ол шөгінділер кремний-сазды тақтатастармен, тиллитті конгломераттармен және хемогенді құрылымдар арқылы көрінеді. Ол дәуірде Қазақстан аумағының көп жерін су басып жатқанымен, ороген алқабы орнында аралдар тізбегі болған.
Климаттық жағдайлар құрғақ және жоғарғы температурады болды. Бұған дәлел Қаратау жоталарындағы қабаттардың алуан түрлілігі және доломиттердің кеңінен дамуы болады.
Ордовик кезеңінде Қазақстанның шығыс бөліктері күрделі аралдар архипелагын құрды. Олардың теңіз сумен шайылуы сазды және кремнийлі шөгінділердің жинақталуына алып келді. Ордовикте магмалық іс-әрекет қарқындылығы жоғары болды. Ордовик климаты кембрий климатына ұқсас болды.
Төменгі силур соңында күшті қатпар құрылу процесі жүре бастады. Осы кезеңде теңіз түптерінен жаңа таулар көтеріліп, басқа аймақтарда бату және шөгінді жиналу белдемдері қалыптасты. Силур кезеңінде теңіз алаптары тек Алтайдың батысы мен шығысы және Жетісу Алатауы шектерінде ғана қалды.
Каледон қатпарлығындағы пайда болған тау құрылымдары көп мөлшерде сынықтық материалдарды бөліп шығарды. Ондай шөгінді жыныстар Жетісу Алатауының батыс шектерінде молынан байқалады.
Девон кезеңі басында теңіз тек Жетісу Алатауы мен Мұғалжарда кіші учаскелерде ғана қалды. Басқа аумақтың бәрінде континенттік жағдай басымдық етті. Каледон қатпарлығының жоғарғы таулы қыраттары Алтай мен Жетісу Алатауында болды. Бірақ төменгі девондағы күшті денудациялық процестер олардың биіктігін біраз төмендетті. Девон шөгінділері Алтайда кең таралған. Олар негізінен қызыл құмтастар мен эффузивтер түрінде кездеседі.
Триас дәуірінде ыстық климат жағдайында тау жыныстарының химиялық үгілу құбылысы кеңінен жүрді. Бұлардың шөгінділері тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде пайда болған ойпаңдарға жиналды. Жер қабығындағы Тянь-Шан мен Жетісу Алатауы жарылымдарының арасындағы жарылым пайда болмаған жерлерінде Іле ойпаңы, Алтайда Кендірлік ойпаңы қалыптасты.
Юра кезеңінде вулканизм процестерінің орын алған жерлері Алакөл ойпаңы мен Кетпен қыраты. Алтайдың көтеріле бастаған қыраттарының етектерінде өзен сулары мен ағындарының тасымалымен келген ірі сынықты қабаттырдың жиналуы жүрді.
Төрттік дәуірде тау түзілу процесі одан әрі жалғасып, әлі күнге дейін қарастырылып отырған аймақта қарқындылығын тоқтатқан жоқ.
Ғалымдар Іле Алатауы жоталарында тау жондарының қалыптасу процесі әлі де жүріп жатыр деп санайды. Таудың жотасы жыл сайын орташа есеппен 5 мм. жоғары көтеріледі, мұның өзі жер сілкінуіне, тастардың құлауына, жер бедерінің өзгеруіне себепкер болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz