Жергілікті есептеу торабын жобалау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Ақпараттық технологиялар институты
Есептеу техника кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖОБАЛАУ
“Есептеу кешендері, жүйелері және тораптары” пәні бойынша
Тақырыбы: “Жергілікті есептеу торабын жобалау”
Жетекші:
т. ғ. к., проф. Тұрым А. Ш.
«» 2003 ж.
Норма бақылаушы:
т. ғ. к., проф. Тұрым А. Ш.
«» 2003 ж.
Студент: Акиштай Е.
Мамндығы: 3701
Оқу тобы: ЭВМ-99-1қ
АЛМАТЫ 2003
Тапсырма
№20 тапсырма. Келесі сипаттамалары бар жергілікті есептеу торабын жобалау керек:
- Сызба-құрылым (топология) - құрсым;
- Тораптың түйіндерінің саны - 27;
- Қатынас құру әдісі - CSMA/CD;
- Синтездеу әдісі - МРОМ-2;
- Тораптық бейімдеуіштің функционалдық сұлбасын әзірлеу және сипаттау;
- Тораптық шабуыл - ТСР байласуды бейуақытүйлесімдіру. Қалай олардан қорғану керек.
Тапсырма берген: т. ғ. к., профессор Тұрым А. Ш.
оқытушы Оған А.
Тапсырма алған студент: Ашиктай Е.
Тапсырма берілген күні: “4” қазан 2003 жыл
МАЗМҰНЫ
Курстық жобаның тапсырмасы 2
МАЗМҰНЫ 3
Кіріспе 4
Есептеу торабы 6
Жергілікті есептеу тарамы (LAN) . . . 5
Ауқымдық тарам (GAN) . . . 6
Аймақтық тарам (MAN) . . . 6
Ашық жүйелер әрекеттестігі. . 8
Физикалық деңгей . . . 8
Арналық деңгей . . . 9
Тарамдық деңгей 9
Көліктік деңгей 10
Сеанстық деңгей . . . 11
Көрсетімдік деңгей 11
Қолданбалы деңгей . . . 12
Хаттама . . . 13
IEEE 802 хаттамасы . . . 14
TCP/IP хаттамас . . . 15
UDP хаттамасы 15
HDLC хаттамасы . . . 15
Х 25 хаттамасы 16
Ethernet хаттамасы . . . 16
Деректер тасымалдау ортасы 18
Деректер тасымалдау ортасына қатынас құру әдісі 19
CSMA/CD - қатынас құру әдісі. 19
Тарамдық бейімдеуіштің функциональды сулбасының сипаттамасы 23
Деректер тасмалдау ортасы . . . 29
10 Base 5 . . . 29
Тораптың сызба қурлымы . . . 31
Қатынас құрумен ақпараттық арнаны басқару 31
«Құрсым» сызба-құрылымы 31
«Бұтақ» сызба-құрылымы 31
«Жұлдыз» сызба-құрылымы 32
«Сақина»сызбақұрылымы . . . 32
тораптық бейімдеуіш . . . 33
LLC-кадырының құрылымы . . . 34
SNA- жүйесінің тораптық сәлеті . . . 36
DNA- жүйесінің тораптық сәлеті . . . 38
Шарттаңбалау . . . 39
Кодалау 39
Жергілікті есептеу тарамы (ЖЕТ) құрылысы синтездеу есептерінің математикалық үлгісі . . . 46
Жергілікті есептеу тарамы құрсымдық құрылысының математикалық үлгісі. 46
Оқшауланған жұп бағаналы алгаритм МРОМ2 . . . 47
Тораптық шауыл ТСР байласуды бейуақыт үйлесімдіру . . . 48
Қортынды . . . 50
Қолданылған әдебиеттер . . 51
Кіріспе
70-ші жылдардың басында компьютердің бөліктерін жасау аймағында технологиялық алға жылжыту болды. Үлкен интегралды сұлбалар пайда болды. Олардың айтарлықтай аса қымбат емес бағасы және жоғары функционалды мүмкіншіліктері шағын компьютерлердің құрылуы өнеркәсіптің кішігірім бөлімдерінің өзіне компьютер сатып алуға мүмкіндік берді. Шағын компьютерлер технологиялық құрылғыларды басқару есептерін орындады. Сөйтіп компьютер қорларын өнеркәсіптің барлық жеріне тарата бастады. Бірақта бір ұйымның барлық компьютерлері жеке-жеке жұмыс жасады. Уақыт өткен сайын пайдаланушылар қажеттілігі есептеу техника жағынан өсе бастады. Оларға өздерінің компьютерлері жеткіліксіз болып қалды. Жақын орналасқан компьютерлермен деректер алмасу мүмкіншілігін көздей бастады. Сөйтіп өнеркәсіптің және ұйымның қажеттіліктері өздерінің шағын компьютерлерін біріктіріп олардың қарым-қатынасы үшін программалық қамтамаларды өңдей бастады. Нәтижесінде бірінші жергілікті есептеу тараптары пайда болды.
80-ші жалдардың басында айталықтай барлық пайда болатын қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін бекеттерді жергілікті торапқа біріктірсе жеткілікті болатын еді. Бірақ бұл жағдайда тораптар арасында қатынас болмай, деректерді, программаларды және шеткі құрылғыларды бірлесіп пайдалану тек бір торап көлемінде шектеліп қана қоятын еді. Жергілікті торап құруда пайдаланатын Ethernet және Token Ring технологиялары кеңінен пайдалана бастап және оларды көптеген программалық жабдықтар қолдай бастады.
90-шы жылдары жергілікті тораптарды біріктіре алатын жіктелген WAN тораптарын ұйымдастыруда көптеген жұмыстар жүргізілді. Өндіріс орындарының аймағының өсуімен байланысты бір-бірінен алыста жатқан жергілікті тораптарды біріктіру проблеммасы өсе келді. Осындай қажеттіліктердің өсуінің салдарынан X. 25 және Frame Relay хаттамалары кеңінен тарады.
Соңғы онжылдықта компьютерлік коммуникация аймағында күрт өсу байқалып жатыр. Бұл тек қана коммуникациялық сандық өсуі ғана емес, сонымен қатар коммуникациялық жүйелердің әрдайым күрделеніп отыратындығы. Бірірінші тораптар бір бас компьютерден және оған қосылған көптеген терминалдардан тұратын болған. Қазіргі компьютерлердің пайда болғанынан кейін жүйелердің мүмкіндіктерінің кеңейуіне және сонымен қатар көптеген коммуникациялық проблеммаларды да алып келді. Файлдардың жіберілуін және басқаруының, тораптағы құжаттардың баспаға басуын іске асыруы пайдаланушы бекеттерінің арасында қатынас құруға талап етті.
Қазір, XXI-ші ғасыр алдында, көптеген жаңа жоғары жылдамдықты коммуникациялық технологиялар пайда болды. Internet торабының күрт өсуінен және ақпаратты жылдам жеткізудің қажеттілігінен жоғары жылдамдықты АТМ, ISDN, Fast Ethernet және Gigabit Ethernet технологиялары кең тарала бастады. Пайдаланушыларға жоғары жылдамдықты кең жолақты технологияларды артықшылықтарын тиімді пайдалана алатын жаңа хаттамалар стандарттары жасалынған.
Коммуникациялық технологиялардың өсу қарқыны соншалықты, олардың ескісі толығымен зерттеліп болмай жаңасы шығып жатыр. Құралдарды шығарумен айналысатын және коммуникациялық қызметтер көрсететін мекемелерге хаттамалардың өзгеруін және жаңаларының шығуын қадағалап отыру өте маңызды мәселе болып отыр. Бұл шаралар пайдасыз босқа қалмайды, бірақ мамандарды оқытуға және инфрақұрылымды ұстап тұруға көп қаржы кетуі мүмкін.
Ақпарат қорғау проблемаларына компьютерлік жүйелер мен тораптарды саласының мамандары тарапынан да, компьютерлік қуралдарды пайдаланушылар тарапынан да көңіл бөлу күнен-күнге кеңіп келеді. Ақпараттық қауіпсіздіктің осы өзекті мәселесі қарастырылған мемлекеттік тілдегі ғылыми-техникалық және оқулық әдебиет жоқтың қасында.
Есептеу торабы
Кәбіл немесе басқа құралдар арқылы байланысқан және біраз жабдықтарды (мәселен, баспа құрылғысын) бірлесіп пайдаланып ақпарат алмастыруға мүмкіндік беретін программалық қамтаманы қолданатын бірнеше ЭЕМ тобы.
ЭЕМ торабы: Белгілі бір аумақта бөлініп орналасқан және пайдаланушылар торабының есептеу қорларын (ресурстарын) қолдана алатындай мүмкіндік жасайтын, деректер тасымалдау жүйесі арқылы байланысқан электрондық есептеу машиналарының жинағы.
Атқаратын міндеттері бойынша ЭЕМ торабы үшке бөлінеді:
- ақпараттық торабы;
- есептеу торабы;
- ақпаратты есептеу торабы.
Ақпараттық торабы дегеніміз: жасау, сақтау және пайдалану тұтыну өнім ретінде ақпарат қолданылатын қатынас тарамы.
Есептеу торабы: ЭЕМ (немесе абоненттік жүйелер) арасында программалар және деректер алмасуды ұйымдастырумен қатар мәселелерді (есептерді) үлестіре-бөле шешумен байланысты функцияларды орындауға арналған тораптар.
Бір немесе бірнеше түйінінде орналасқан есептеу машиналарының деректер тасымалдау торабы.
Ақпараттыесептеу торабы: ақпараттық және есептеу торабының қызметін көрсететін
Басқару орталықтандыру дәрежесі бойынша үш түрге бөлінеді.
- Орталықтандырылған
- Бейорталықтандырылған
- Аралас
Орталықтандырылған басқарулы таораптар (клиент сервер) (қажеткер сервер) бұндай тораптарды бір бірнеше компьютерлерге арнайлыы жүйелік компьютер сервер деп аталады басқа қалғандары тұтынушы компьютерлері болады.
Бейорталықтандырылған басқару торабында бәрі бір дәрежедегі компьютерлер.
Аралас басқарулы торабы ол екеуіде бар.
Есептеу торабы алатын аумағы бойынша екіге бөлінеді.
- Жергілікті есептеу торабы;
- Аумақтық есептеу торабы;
Жергілікті есептеу торабы - ол бір ғимараттын ішінде немесе бір біріне жақын орналасқан ғимараттар арасындағы тораптарды айтады.
Жергілікті есептеу торабы (LAN)
Бір-бірінен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және деректер тасымалданатын физикалық орта арқылы біртұтас тораптарға біріктірілген абоненттік жүйелер (есемтеу машиналар және т. б. ) жиынтығы. Мәселен, Ethernet (10Base-2, 5, T, F), Fast Ethernet (100Base-T, FX, T4), Token Ring6 AppleTalk және т. б.
Жергілікті есептеу тораптарын CAN, MAN, WAN және GAN сияқты кең мастабты құрылымдарға біріктіруге болады: CAN - Campus Area Network - жақын оналасқан ғимараттарды байланыстыратын кампустық торап; MAN - Metropolitan Area Network - қалалық масштабты торап; WAN - Wide Area Network - кең масштабты торап; GAN - Global Area Network - ауқымды торап.
Жергілікті есептеу торабының тиімділігі:
- олардың деректер тасымалдауы жоғары;
- қате шығу деңгейі төмен;
- бағасы арзан.
- Аумақтық торап екіге бөлінеді:
- Аймақтық есептеу торабы;
- Ауқымды есептеу торабы.
Ауқымдық торап (GAN)
Жүздеген және мыңдағанкилометрлік аумақты қамтитын халықаралық, мемлекетаралық, республикаық немесе слалы ЭЕМ тораптары.
Мәселен, Internet торабы түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын (телефон сымдары, жер серігінің арналары және радио-модемдер арқылы), деректерді тасығыштардың барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік тораптардың бірлестігі. Internet торабында есептеу машиналары IP хаттамалы дестелермен айырбастау жүргізеді, ал олардың дұрыс тасымалданылуы TCP хаттамасы арқылы тексеріледі. Ең көп тараған қызмет көрсету түрлері: электрондық пошта ( e-mail ), тарамдық жаңалықтар немесе телеконференция ( usenet ), тарату тізімдері ( maillists ), бүкіл әлемдік өрмек (WWW) және т. б.
Аймақтық торап (MAN)
Егер торап тұтас қаланы қамтитын болса, онда оны кейде аймақтық есептеу торабын (АЕТ) деп атайды. АЕТ мен жергілікті есептеу торабының көп параметрлері күрделірек. Ол жергілікті есептеу торабын қарағанда үлкен қашықтықтарды қолдау үшін жасалған. АЕТ бірнеше жергілікті есептеу тарамдарын жоғары жылдамдықты тораптық жүйелерге біріктіру үшін қолданылады.
Қатынастық торап: Өнімді жасау, өзгерту, сақтау және тұтыну міндеттерін орындайтын зерзаттар (түйіндер деп аталатын) және осы түйіндер арасында өнімді тасымалдауға арналғантасымалдау желісінен тұратын жүйені қатынастық торап деп атаймыз.
Бір дәрежелі торап: Тораптың барлық компьютерлері өзінен басқа барлық жұмыс бекеттерінде орналасқан ортақ файлдарға қатынас құра алатын (орталық файл-сервері жоқ), жергіліктіесептеу торабы. Жеке есептеу машиналарына қосылған (қымбат шеткері құрылғылар сияқты) кейбір аппараттық құралдарды барлық жұмыс орындарында біресіп пайдалануға мүмкіндік туадырады.
Гетерогендік (әртекті) торап: Әр түрлі фирамалар жасаған компьютерлер мен құрылғылардан тұратын жергілікті есептеу торабы.
Гибридті торап: Сызба-құрылымы және қатынас құру әдістері аралас есептеу торабы.
Кеңжолақты торап: - бір мезгілде дауыс, бейне және деректер тасымалдауға мүмкіндік беретін кеңжолақты технология. Бұл кезде бірнеше торап бір ортақ арнаны пайдалана алады.
Үйлестіауыспалы торап: Жергілікті тораптардың қазіргі коммутаторлары бір жұмыс тобының ортақ мүдделі пайдаланушыларын тораптық жеке сегментке топтастыруға мүмкіндік береді. Осындай сегменттер үйлестіауыспалы жергілікті есептеу торабы (ҮЖЕТ) деп аталады. Әрбір ҮЖЕТ-ке бірден бір ұқсастырғыш тағайындалады. Коммутациялау өрісіне жеткен кезде осы ұқсастырғыш дестенің бастамасына қосылады да десте бір коммутатордан екіншісіне жіберілген уақытты оның құрамында тасымалданады. Коммутациялау өрісінен десте шыққан соң оның құрамынан ұқсастырғыш алынып тасталады. Құрылған жұмыс топтарын байланыстыруға арналған бағдарғылауыштар да осындай тарамда маңызды қызмет атқарады.
1 Ашық жүйелер әрекеттестігі
Халықаралық стандарттар мекемесі жасап шығарған АЖӘ, кейде АЖӘ стегі деп аталатын модель 7 деңгейлік тораптық иерархия құрайды. Бұл модель өзінде екі модельді құрайды:
- әр түрлі машиналардағы программалар мен процестер арасында байланыс жасауға мүмкіндік беретін хаттамалар негізіндегі горизонтальды модель;
- бір машинада көршілес жатқан деңгейлермен қатынас жасайтын вертикальды модель.
7. Қолданбалы (Application)
6. Көрсетімдік (Presentation)
5. Сеанстық (Session)
4. Көліктік (Transport)
3. Тораптық (Network)
2. Арналық (Data Link)
1. Физикалық (Physical)
Ашық жүйелер әрекеттестігі
Көлденен үлгіде екі программа қатынас жасау үшін оларға жалпы хаттама қажет болады. Вертикальды модельде көршілес деңгейлер ақпаратпен интерфейс ақылы алмасады.
Физикалық деңгей
Физикалық деңгей тораптық байланыс арнасы арқылы деректер тасымалдайды және осы міндетті атқаратын аппараттық құралдардан тұрады. Хабар құрайтын символдар электрлік сигналдарға түрлендіріледі және олардың есептеу машиналар арасында тасымалданылуы қамтамасыз етіледі. Бұл деңгейде есептеу машиналарының аттары, хабардың мазмұны және оның тасымалданатын бағдарғысы жайында ештеңе белгісіз. Басқа деңгейлерде осы жұмыстар істелініп қойылғандықтан физикалық деңгейде тек электрлік сигналдарды кәбілге жіберу жұмыстары ғана жұргізіледі.
Физикалық деңгей ақпарат дестелерін жоғары жатқан деңгейлерден алып, оларды 0 немесе 1-лік бинарлық ағынды электрлік немесе оптикалық сигналдарға айналдырады. Бұл сигналдар тасымалдау ортасы арқылы қабылдау түйініне барады. Тасымалдау ортасының механикалық және электрлік/оптикалық қасиеттері физикалық деңгейде анықталады және мыналардан құралады:
- кәбілдер типі;
- 0 және 1 мәндерін шарттаңбалау сұлбасы.
- Физикалық деңгейдің көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
- EIA-RS-232-C, CCITT V. 24/V. 28 - тураланбаған тізбекті интерфейстің механикалық/электрлік сипаттамалары;
- EIA-RS-422/449, CCITT V. 10 - тураланған тізбекті интерфейстің механикалық/электрлік және оптикалық сипаттамалары;
- IEEE 802. 3 - Ethernet;
- IEEE 802. 5 - Token ring.
Арналық деңгей
- Арналық деңгей. Физикалық деңгейде тек биттер тасымалданады. Арналық деңгейдің (Data link Layer) бір міндеті тасымалдау ортасына қатынас құруды тексеру болып табылады. Қателерді түзету және іздеп табу тетігін жүзеге асыру арналық деңгейдің басқа бір міндеті. Бұл үшін арналық деңгейде биттер кадрлар (frames) деп аталатын жиынға топтастырылады.
Арналық деңгей деректер дестесінің құрамына кіретін символдарды тізбектелген түрде тасымалдауға арналған. Бұл деңгейде тораптыңтүйіндерінің физикалық деңгейді пайдалану ережелері анықталады. Физикалық деңгейден алынған деректерді тораптық деңгейге түсінікті (деректер кадрі деп аталатын) түрге аударады. Және керісінше, тораптық деңгейден қабылданған кадрларды физикалық деңгейге керек биттер (ақпарлар) ағынына түрлендіреді. Арналық деңгей екі тораптық деңгей арасында тасымалданатын деректердің тұтастығын қадағалап отырады.
Арналық деңгей керек кадрларын жасау, жіберу және қабылдау қызметін атқарады. Бұл деңгей тораптық деңгейдіңсұранымдарын орындап, дестелерді қабылдау және жіберу үшін физикалық деңгейдің қызметін қолданады. IEEE 802. х спецификациясы арналы деңгейді екі деңгейшеге бөледі: логикалқ арнаны басқару (LLC) және ортаға қатынас жасауды басқару (MAC) . LLC тораптық деңгейге қызмет көрсетеді, ал МАС деңгейшесі физикалық ортаға қатынас құруды реттейді.
Екінші деңгейдегі ең көп қолданатын хаттамалар:
- HDLC - тізбектеп жалғау үшін;
- IEEE 802. 2 LLC (I және II тип) 802. x ортасына МАС қамтамасыз етеді;
- Ethernet
- Token ring
- FDDI
- X. 25
- Frame relay
Тораптық деңгей
- Тораптық деңгей (Network Layer) . Барлық деректердің қабылдаушыға бұзылмай жетуін қамтамасыз етеді. Бірнеше торапқа біріктіретін бір көліктік жүйені түзу үшін қызмет етеді. Бірнеше торапқа біріктіретін бір көліктік жүйені түзу үшін қызмет етеді.
Қызметтері:
а) Тораптық байланыстар тобын тағайындау (бірнеше байласулар болуы мүмкін) .
ә) Коммутациялау және бағдарлау кезінде артықшылықты ескеру.
б) Қателерді анықтау және мүмкін болса оларды түзету.
в) Деректердің ағымын басқару.
Тораптық деңгейде дестелер мен олардың бағдарғылары құрастырылады, яғни қабылдауышты табуға мүмкіндік беретіндей деректер тасымалданатын жол анықталады және жүзеге асырылады. Сондықтан, деректер қақтығысу мүмкіндігімен және тасымалдау жылдамдығымен байланысты мәселелермен шұғылдануға тиісті болады. Бағдарғылау логикалық арналардың құрылуына әкеледі. Бұл деңгей дестелерді хабар таратқыш есептеу машинасынан қабылдауышқа дейін мекендетуге және жеткізуге жауапты болып саналады. Одан кейін деректерді көліктік деңгейге береді.
Тораптық деңгей пайдаларды топқа бөлуді ұыймдастырады. Бұл деңгейде МАС мекендерін тораптық мекендерге өзгерту негізінде дестелерді бағдарғылау жүреді. Тораптық деңгей дестелерді көліктік деңгейге өткізуде мөлдір қатынас көрсетеді.
Тораптық деңгейде ең көп қолданылатын хаттамалар:
- IP - Internet хаттамасы;
- IPX - торапаралық алмасу хаттамасы;
- X. 25;
- CLNP - жалғауды ұыймдастырмайтын тораптық хаттама.
Көліктік деңгей
- Көрсетімдік деңгей (Presentation Layer) . Тораппен тасымалданатын ақпараттың (оның мазмұның өзгертпей) көрсету пішімімен жұмыс істейді. Деректердің көрсетім функцияларының біреулері шифрлау, бөліп белгілеу, кодалау функциялары жүзеге асырыды.
а) Сеансты бастау және тоқтату жағында сұраным жіберу.
ә) Деректер көрсетімін таңдау және оны қолданбалы үрдістермен келістіру.
Көліктік деңгей белгілі бір пайдаланушылар программасына деректер жеткізумен шұғылданады. Бұл деңгей бір есептеу машинасынан жіберілген ақпарат екіншісінде дұрыс қабылдануына жауапты болып саналадц, яғни берілістің сапасына бақылау (қате табу) жүргізеді. Сондай-ақ, шеткі пункттер арасында байланыс қаматамасыз етіледі (есептеу торабының аралық сыңарлары арқылы деректер тасымалдауды қаматамасыз ететін тораптық деңгеймен салыстырғанадағы айырмашылығы) . Есептеу торабында бірден артық дестелер тасымалданған кезде бұл деңгей осы хабарлар дестесінің өту (тасымалдану) тәртібін бақылайды. Дестелердің (қайта-қайта жіберілу нәтежесінде) қосарлануын анықтайды және осындай жағдайда оларды жояды.
Көліктік деңгей тораптық деңгейге жіберу үшін ақпарат ағынын кіші бөлітерге (дестелерге) бөледі.
Көліктік деңгейде көп қолданатын хаттамалар:
- TCP - алмасуды басқару хаттамасы;
- NCP - Netware Core Protocol;
- SPX - дестелермен тәртіпті алмасу;
- ТР4 - 4 класты алмасу хаттамасы.
Сеанстық деңгей
- Сеанстық деңг ей ( Session Layer ) - бұл деңгей есептеу торабының бекеттері жүргізіп отырған жауаптасуды ұйымдастыруға және үйлесімділеуге арналған (сеанстық құру) . Сеанс орындалған кезде деректермен қабылдауды басқару. Хабарласу біткеннен соң сеансты жабады.
Тізімдері:
а) Жауаптасу жүргізу үшін екі бекет арасында сеанстық байласу орнату.
ә) Көрсетімдік деңгейдің объектілері арасындағы жауаптасуды уақыт үйлесімдіру.
б) Осы объектілердің арасындағы деректер алмасуды басқару.
в) Сеанс біткеннен кейін сеанстық байласуды үзу.
г) Сеансты жабу.
Сеанстық деңгей байланысатын машиналар арасында саенстық алмасуды ұйымдастыруына жауап береді. Бұл деңгейдің хаттамалары жоғарғы үш деңгейдің функцияларының құрамдық бөлігі болады.
Көрсетімдік деңгейі
- Көрсетімдік деңгей (Presentation Layer) . Тораппен тасымалданатын ақпараттың (оның мазмұның өзгертпей) көрсету пішімімен жұмыс істейді. Деректердің көрсетім функцияларының біреулері шифрлау, бөліп белгілеу, кодалау функциялары жүзеге асырыды.
а) Сеансты бастау және тоқтату жағында сұраным жіберу.
ә) Деректер көрсетімін таңдау және оны қолданбалы үрдістермен келістіру.
Көрсетімдік деңгей де деректердің көрсетім функциялары (шарттаңбалау, бөліп-белгілеу, құрылымдандандыру) жүзеге асырылады, қолданбалы деңгейден немесе деңгейге сұратулар қабылданады немесе жіберіледі, дестелердің немесе файлдардың пішімі (форматы) тексеріледі, деректерді әрбір нақты есептеу машинасының ішкі сандар пішіміне түрлендіру жұмысы және деректерді рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін оларды шарттаңбалау үрдісі (ал деректер қабылдау кезінде кері шарттаңбалау) жүргізіледі.
Сонымен, көрсетімдік деңгейге файлдар пішімін түрлендіру міндеттері жүктеледі. Пайдалануға деркетер қандай түрде жететіні анықталады.
Бұл деңгей есептеу торабында қолданылатын есептеу машиналар түрлерінің айырмашылықтарын қолданбалы программалық қамтамадан қалқалау (тәуелсіз ету) үшін арналған.
Көрсетімдік деңгейі әр машиналардағы программалар арасында диалог мүмкіндігін іске асырады. Бұл деңгей деректерді қолданбалы деңгейден көліктік деңгейге тасымалдау үшін өзгертеді (кодалайды, компрессиялайды және т. б. ) . Бұл деңгейдің хаттамалары жоғарғы үш деңгейдің функцияларының құрамдық бөлігі болады.
Қолданбалы деңгей
- Қолданбалы деңгей (Application Layer) . Бұл деңгей шындығында тек әртүрлі хаттамалардың жиыны болып есептеледі.
Бұлардың көмегімен торапты пайдаланушылар бөлінетін қорларға қатынас құру мүмкіндігін алады.
Қолданбалы деңгейдің қызметтерінің тізімі:
а) Қолданбалы үрдістердің өзара әрекеттестігінің әдістерімен нысанын сипаттау.
ә) Болашақта байланыс орнатылатын серіктерді анықтау.
б) Қателерді түзету және ақпарат тұтастығын қамтамасыз ету жолдары жайында келісімдерді тағайындау.
в) Басқа қолданбалы үрдістермен байланыс жасау үшін сұраным жіберу.
г) Ақпарат сипаттауға керекті әдістер туралы көрсетімдік деңгейге өтінімін жіберу.
д) Қолданбалы үрдістерге қатынас құру мүмкіншілігін анықтау.
Пайдаланушы мен тораптық қолданбалардың әрекеттестігіне байланысты мәселелермен айналысады. Қолданбалы деңгей есептеу торабының түйіндеріне (немесе қолданбаларына) басқа түйіндермен немесе (қолданбалармен) байланысуға мүмкіндік беретін кейбір қызметтер ұсынады. Бұл деңгейде есептеу торабы арқылы тасымалданатын деректер анықталады және олар бөлшектерге бөлінеді. Қолданбалы деңгей АӘЖ үлгісінің көзге түсетін бөлігі болып табылады. Онда ешқандай нақты жұмыс істелмейді, тек есептеу торабына қатынас құрмақшы талап төменгі (алтыншы) деңгейге жіберілетін сұратуға өзгертілгеді.
Бұл деңгей программалардың торапқа қатынасына жауап береді. Деңгейдің басты міндеттері файлдарды көшіру, пошталық ақпрат алмасу және торапты басқару.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz