Этикадан дәрістер


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Лекция 2. Этиканың табиғаты мен маңызы

1. Мораль және этика.

Мораль (латын тілінен аударылғанда әдет-ғұрып, дәстүр, салт сөзін білдіреді, бұдан моралис -дұрыс, әдептілік) - қоғамдық негізгі құндылықтар және нормативті реттелуінің негізгі әдістері (адам қызметі мен мінез құлқының)

Мораль қоғамдық сананың негізгі формасы және қоғамдық қатынас түрі, сондай-ақ этиканы арнайы үйрену пәні.

Мораль-мәдени қоғамның мүшелерін бөліп тұратын стандарттар жүйесінен тұрады(жақсылық немесе жамандық) .

Этика (этика философиясы, моральды философия) әлеуметтік моральды зерттейтін ғылыми пәнді білдіреді (нені істеу, нені істемеу қажет, не дұрыс, не бұрыс) .

2. Мораль және құқық, мораль әдістері және қызметтері.

Батыс елдерінде бизнес этикасы құқықпен тығыз байланысты. Моральды және құқықтық реттеу центрінде әлеуметтік өмір сүрудің негізгі мәселесі тұрады; мораль да, құқық та жалпы қағидаларға, критерийлерге, құқықтар, түсініктер, міндеттер мен дәлелдеулерге сүйенеді.

Моральды зерттеу әдістері :

1. дескриптевті(сипаттау) ;

2. концептуалды;

3. прескриптивті (нормативті) ;

Сипаттау әдісіне мысал ретінде корпорацияның жоғарғы басқарушылық бөлім өкілдігінің-моральдық тұрғыдан жіберілген және жіберілмеген қателіктер туралы іскерлік газеттер менжурналдарда жарияланатын мақалалар мен сұрақ жауаптарды айтуға болады. 2. Әдіс негізгі этикалық терминдерді, мысалы; құқық,, міндеттемелер, әділеттілік, игілік, жетістіктер, жауапкершіліктер талданады .

3-амалды (нормативті) жақтаушыларға өз алдына моральдың негізгі нормаларын құру және оның ақиқаттығын дәлелдеуді мақсат қояды.

Мораьды ой-сана дегеніміз -сезімдер, елестетулердің ерекше жинақталуы ( синтезі ) , яғни бұл «жақсылық» және « жамандық», « әділдік», «ұят-ар», «намыс» түсініктерімен сипатталады.

Моральдың қызметтері ( орыс зерттеушісі А. Паповтың ойынша) .

1. Бағалау қызметі.

2. Танымдық қызметі.

3. Әлемдік көзқарас қызметі.

4. Тәрбиелік қызмет.

5. Регулятивті қызмет (барлық қызметтердің өзімдік жинақталуы)

Өзін өзі бақылау сұрақтары.

  1. «Этика», «мораль», «әдептілік, өнегелілік» термині қалай пайда болды және нені анықтайды ?

2. Моральдың талаптары, нормалары мен принциптері дегеніміз не, олардың маңыздылығы?

3. Мораль неліктен және қашан пайда болды ?

4. Қоғам, ұйым моральсыз өмір сүре алады ма ?

5. Моральдың негізгі фунициялары.

Лекция 3

Адамгершілік мінез-құлықтың қалыптасуы

1. Әлемдік көзқарас, адамгершілік құндылықтар, мінез-құлық. .

2. Официалды және басқарылатын идеология.

1 . Адамгершіліктің даму деңгейі.

Адамның мінез-құлқы оның бойындағы құндылықтары мен қалауларымен анықталады. Этикалық құндылықтар (жақсылық пен зұлымдық, әділдік, әділетсіздік, не ұят, не құрметтеуге тән) адамның өте кең нормативті жүйесі -әлемдік көзқарасына жатады .

Сурет 1. Адамның мінез-құлқының қалыптасуы.

Әлемдік көзқарас-обьективті әлемге көзқарастар жүйесі, адамның ондағы алатын орны, қоршаған ортасына және өзіне тікелей қарым-қатынасы. Қысқаша айтқанда, әлемдік көзқарас - әлем, адам мен қоғам туралы жалпы түсінік.

Сурет2. Жалпы қабылданған көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықтардың өзара әрекет етуі.

2. Идеология дегеніміз - берілген біріккен қоғамдағы и деялар, ұйғарымдар жүйесі

Официалды және басқару идеологияға мысал: Американ ғалымы В. Вейгль былай жазады : «Бостандық» статуясында бейнеленген американ мәдениетінің бір әйгілі официалды идеологиясы мынада, американдықтар- мейірімді халықтар, олар кедейлердің құқығын қорғайды. Көп американдықтар үшін идея- қорғалмаған адамдарды қорғау - біздің ұлттық өзіндік санамыздың негізгі аспектісі. Бірақ мұны ұлт ретіндегі американдықтың нақты мінез-құлқына қарасақ басқа сурет салынады. Мысалы, Американың түпкілікті халқына

Европаның қоныстанушылары (Солтүстік Америкадағы) бостандық сөзі, жеке меншік құқығы Американың түпкілікті халқына емес, тек соларға ғана арналған деп санады.

Адамгершіліктің даму деңгейі Лоуренс Кохлбергтің айтуынша жас кезден қартайғанға дейін 6 әртүрлі сатыдан өтеді:

  1. «Жазалау және тыңдауға бағытталу».

(Егер мен сіңлімді ренжітсем, жазаланамын)

  1. «Өзара тәуелділікке бағытталған». Қоғамдық қатынастар өзіне пайдалы болатын көзқарас бойынша қарастырылады . (Сен маған көмектессең, мен де көмектесем ) .
  2. «Жақсы бала немесе қызға бағытталу». Қоғам нәтиже күтулерді қанағаттандырса, сол «дұрыс» әрекет болып табылады.
  3. «Заң мен тәртіпке бағытталу». (Билікке өзінің парызы мен қарым қатынасы. )
  4. «Қоғамдық-құқылық келісімге бағытталу».
  5. Жалпыға бірдей этикалық қағидаларға бағытталған.

Тақырып 4. Бизнес этикасындағы негізгі тұжырымдамалар

  1. Религия (дін) және бизнес.
  2. Утилитаризм теориясы.
  3. Деонтикалық этика.
  4. Әділеттілік этикасы.

1. Бизнес этикасында 4 этикалық бағытқа негізделген бизнестің моральды проблемаларының 4 негізгі әдістер (көзқарастар) қалыптасқан.

  1. Діни этика.
  2. Утилитаризм.
  3. Деонтикалық (парыз этикасы) .
  4. Әділеттілік этика.

Діни этиканың негізіне (иуда-христандық дәстүрдегі) абсолютті әдептілік құндылықтар (ұрлама, өтірік айтпа, жақыныңа қарсы жалған куә болма) кіреді. Ең алғашқы кәсіпкерлер өте діндар адамдар болған.

Кез келген моральды проблемаларды көшіруде адам кейбір абсолютты әдептілік құндылықтарды пайдалануы тиіс, бизнесте діни этиканы тікелей пайдаланудың белгілі бір шек қоюлары болады. Бірінщіден, бизнестің қазіргі кең етек жаюы іскерлік қарым-қатынас агенттерінің әртүрлі діни дәстүрге жататын адамдар тобынан құрылуына себеп болды (христиан, мұсылман, иудаизм, конфуцианства) .

Екіншіден, абсолютты әдептілік құндылықтар адамға нақты әдептілік таңдау жағдайларында аз көмегін тигізеді. Бұл үшін бизнесмен діни әдептілік құндылықтарға сүйене отырса да, қазіргі заманғы кәсіпкерлік тәжірибеде күрделенген проблемаларды шешу және талдауда белгілі бір этикалық тетіктерді қажет етеді.

2. Бизнес этикасындағы ең әсерлісі болып утилитаризм теориясы табылады . Оның негізін қалаушы И. Бентам (1748-1832ж. ) . (Бентам -ағылшын заң жүргізушісі мен моралист) . Бентам өз еңбектерінде әлеуметтік саясат пен қоғамдық заңдылықтың пара-пар, тепе-тең (адекванттылығын) анықтаудың экономикалық көзқарасынан қарапайым және қанағаттанушылық мүмкіндігін қамтамасыз ететін, құндылықтарды өлшеудің обьективті критерияларын іздеу әдістемесін құрды. Оның ойынша ең тиімді критерия - әрекет ету образының заңдарға сай болу дәрежесі және әрекет етудің пайдалылығы мен зияндылығының дәрежесі.

Сонымен, утилитаризм қағидасы әрекет ету нәтижесінен алынған игіліктерді сандық өлшеу мүмкіндігін, оларды қосу (сумма) мүмкіндігін, игіліктер саны мен кері нәтижелер санының айырмасын есептеу мүмкіндігін, яғни қай іс-әрекет максималды таза пайда береді және минималды абсолютті шығыстар жұмсайды, соны анықтау мүмкіндігін ұсынады.

Утилитаризм қағидасын пайдалана отырып, кейбір әрекет ету түрлері аморалды (өтірік айту, жанұялық айырбас, өлтіру ), ал кейбіреулері керісінше моральды дәлелденген (шын айту, сенімді болу, міндеттемелерді сақтау, ) болып есептелетінін түсіндіруге болады. (Өтірік айту жақсы емес, себебі бұл қоғамдық игіліктердің төмендеуіне әкеледі. Егер адамдар бір -біріне өтірік айтса, олар бір-біріне сенбейді, бірлесіп еңбек етпейді )

Утилитаризм пікірлері экономика ғылымында дамытуға өте күшті әсер берді. (сұраныс және ұсыныс) , сатушы мен сатып алушы арасындағы байланыс, еркін бәсекелік нарықтағы баға тепе -теңдігі. ) .

Утилитаризм теориясы шығындар мен пайданы талдау әдісінің негізі болып табылады. (Бұл оның негізгі формуласы) .

3. Утилитаризм теориясы құқық көзқарасы тұрғысынан талдауды қажет ететін жағдайларда адеквантты емес және тиімсіз.

Құқық түсінігімен әрбір бизнесмен ұшырасады. «Құқық» термині адамның қандай бір нәрсеге нормаланған қарым -қатынастарын сипаттау үшін пайдаланады.

Құқық -әлеуметтік реттеудің күшті құралы, ол индивидті мақсатты немесе әрекет ету түрін еркін таңдауға және осы таңдауға кепілдік беруге, заң бойынша қорғалуына мүмкіндік береді. (моральды құқық) .

Моральды құқықтың 3 ерекшелігі бар.

  1. Құқық міндетітемелермен тығыз байланысты.
  2. Моральды құқықтар мақсаттың жеке, автономды және тең құқылық таңдалуына мүмкіндікті қамтамасыз етеді.
  3. Моральды құқық бір тұлғаның әрекет ету образын айғақтау үшін, оны қорғау үшін және басқа тұлғаға көмектесу үшін базаны қалыптастырады.

Утилитаризм көзқарасы мен моральды құқық көзқарасы арасындағы 2 басты айырмашылық :

  1. Моральды құқық жеке индивидтің мораль талаптарын анықтаса, утилитаризмнің моральды нормалары ұйымдық болып табылады.
  2. Құқық нормативтер базасын қалыптастырады, оны пайдалана отырып, кейбір қоғамдық пайдаланудың және сандық факторлар сияқты критерияларды апелляциялауға қарсы тұруға болады.

Адамның моральды құқықтарын түсіндіруге И. Канттың үлесі зор.

Канттың этикалық теориясының мәні: егер әрекет ету бағытқа сай болса, ол жалпыға бірдей болуға қабілетті.

Кант теориясының 2 сәті (моменті)

  1. Ол өзінің этикалық теориясын адамның рационалдығының фундаментіне (тәжірибелік ой-сана) негіздейді.
  2. Кант көзқарасы бізді жеке әрекеттің тұтас әсер ету көзқарасы тұрғысынан қарағанда моральды ережелер туралы ойлауға бағыттайды, мәжбүрлейді.

4. Әділеттілік этикасы.

Әділеттілік этикасы бизнес пен жалпы қоғамның қарым-қатынасына байланысты проблемаларды құрайды, ал корпарация арасындағы қарым-қатынас проблемаларына қатысы жоқ. . Әділеттіліктің өзі жеке тұлғаның моральды құқықтарына негізделген.

Әділеттілік теориясы бойынша адамдар өздерінің табиғатына сәйкес қоғамда өмір сүретін, оның қызмет етуі үшін әлеуметтік құрылымды құратын қоғамдық мүше болып табылады. Оның мүшелерінің негізгі құндылықтары-адамның теңдігі, әділеттілік Моральды парыз-барлығына бірдей заңдарға бағыну, әділ заңдар қабылдау, дескриминацияның жоқтығы т. б.

Әділеттілік туралы қарама-қайшы ойлардың қалыптасуын шешудің кең тараған амалдары:

1. Эгалитаризм. (франц. тепе-тендік) . Бұл теорияға байланысты, адамдар арасында еш айырмашылық жоқ. . Игіліктер мен қиындықтар адамдар арасында келесі қағида бойынша бөлінуі тиіс: әрбір адам ауырлық пен игіліктердің тең үлесін алуы тиіс.

2. Капиталистік әділеттілік-игіліктердің бөлінуі топтың жалпы ісіне жеке салымдарды ескере отырып, жүргізілуі тиіс.

3. Коммунистік әділеттілік - еңбек міндеттемелері қабілеттікке, а л игіліктер қажеттілікке байланысты бөлінуі тиіс.

4. Д. Ролз концепциясы (1971ж Әділеттілік теориясы кітабы) . Американ ғалым келесі қағидаларға негізделген әділеттілік теориясын былай сипаттады:

1. Әрбір адам басқа адамдардың еркіндігі сияқты, аса кең еркіндікке тең құқылы. (тең еркіндік қағидасы) .

2. Әлеуметтік- экономикалық параметрлер бойынша теңсіздік мынадай болуы қажет.

А) Аз жұмылдырылған адамдар үшін пайданың максимумын қамтамасыз ету.

Б) Билікті тасымалдайтын мекемелер мен қызметтік тұлғалар әрбір адамға тең мөлшерде ортақ болуы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX-XX ғасырдағы Батыстық философиялық бағыттардың көтерген негізгі проблемелары
Қоғамның гуманизациясындағы философияның рөлі
Іскерлік қарым-қатынас этикасы
Интернет: сөз бостандығы. Компьютерлік қарақшылық
Коммерциялық қызметтің этикасы және психологиясы
Корпоративтік этиканың кәсіпорында пайда болуы
Қысқаша айтқанда, рухани жаңғырудың бағыттарын айқындайтын өмір сүру философиясы
Әлеуметтанушылар туралы мәліметтер
Қазақы прагматизм
Әлеуметтану - - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz