«Олжабай батыр» жырының тарихи-фольклорлық сипаты


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«Олжабай батыр» жырының тарихи-фольклорлық сипаты

XVIII ғасырда дүниеге келген тарихи жыр үлгілерінің зерттелу деңгейіне назар аударғанда, бұл жанрдың туу, қалыптасу, даму жолдары мен кезеңдері, басқа фольклорлық жанрлармен генетикалық байланыстары мен өзіңдік болмыс - бітіміндегі өзгешеліктері анықталып, жыр сюжеті, образдар жүйесі т. б. талданғаны байқалады. Жоңғар - қалмақ шапқыншыларына қарсы ұлт - азаттық көтерілісін қамтыған оқиғаларды суреттейтін қазақ батырларының майдан даласындағы ерлік істерін бедерлейтін тарихи жырларды сөз ету - әдебиетші қауымның абыройлы борышы. «Жалпы алғанда бұл шығармалар қазақ эпикалық поэзиясының аса қуатты желісі, біздің дәуірімізге дейін, белгілі дәрежеде сақталып, дамып келгендігін сипаттайды. Сонымен қатар эпос жанрының бүкіл тұлғасына ене бастаған жаңалықтар мен тың нышандар да көрініс береді. Қалай болған күнде де бұларды бірыңғай жазба әдебиет ауқымында ғана алып құарауға, ежелгі эпикалық сарыннан мүлде бөлектеуге болмайды. Алуан түрлі суреттеу элементтері аралас бұл жырлардың көбінде ескі эпостың іздері мен бедерлері кейде мол, кейде аз кездесіп отырады. Сондықтан да бұл мұраны қазақ эпосының белгілі кезеңдегі тың бір белесі деп қаралық»[1, 224б] . - деген пікір - тұжырымға қосылмасқа болмайды. Бұл - тарихи жыр табиғатын терең түсінген ғалымның орнымен айтылған түйінді сөзі.

Былтыр ғана жүз жылдық мерей тойы аталып өткен Олжабай батыр жайындағы тарихи-фольклорлық үлгілері өте көп. Олардағы мәліметтерге қарағанда, батырдың туып-өскен жері - Түркістан, Ташкент қалалары. Ал шыққан руы - орта жүз, арғын, сүйіндік, оның ішінде Айдабол.

Ел әңгімелері мен тарихи жыр мазмұны бойынша Олжабай батыр қалмақ-жоңғар басқыншыларына қарсы сан түрлі соғыстарға қатысып, ерліктің неше үлгісін көрсеткен. Сақау, Көтеш, Жаяу Мұса, Мәһшүр Жүсіп сияқты ақын-жыраулардың әңгіме-жырларында Олжабай ту ұстаған батыр, халық үшін бақыт іздеген тарихи тұлға ретінде бейнеленеді.

«Олжабай батыр» жыры XVIII ғасырдағы қазақ тарихи жырларымен қатар аталғанымен, зерттелуі жағынан кенжелеу, жетпісінші жылдардың соңына ғана қолға алынған дүние. «Қазақ тарихи жырларының мәселелері» атты Қ. Р. Ғ. А. М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институы құрастырған жинаққа XVIII-XIX ғғ. тарихи жырлар туралы зерттеулер берілген болатын. Сл фольклоршы Б. Адамбаев «Олжабай батыр» жыры жайында пікір айтып, зеттеу нысанасына айналдарды.

Бұл жырда басты кейіпкердің алғашқы сапары әкесінің жоғалған аты Тайкүреңді іздеуден басталады. Жолшыбай бір балгер кемпірге кездесіп, балаға жөн сілтейді, болашағын болжап сын айтады. Оның атын әкеткен қырғыз батыры Әтеке екен, Олжабай Атбасы тауынан асып, Ыстықкөлді жағалап, кебенді асуында отырған Әтекенің ауылына келеді, кермеде тұрған Тайкүреңді көреді. Әтеке есті кісі екен, ұрыс-жанжалсыз бір тоғыз айыбымен атын қайтарып береді, достасып, қасына кісі қосып, Ташкентке дейін шығарып салады. Бала батыр Ташкент арқылы Қарақалпақ жерінде отырған еліне келеді.

Аттың ұрлану мотиві «Олжабай батыр» жырынан басқа тарихи жырлардың біразында кездеседі. Мәселен, «Арқалық батыр» жырында Арқалық бастаған батырлар Әжісінің жауда кеткен Ақжол аты мен бес жүз жылқысын айдап әкеледі. Нысанбайдың «Кенесары-Наурызбай» жырында хан Кененің інісі Наурызбай батыр Топжарған атын қырғыздарға ұрлатады. Кенесары араға елші салып сұратса да, қырғыздар жағы сәйгүлік атты қайтармай қояды. Кейін осы оқиға себеп болып, қазақ қолы мен қырғыз жұрты арасында соғыс өрті тұтанып кетеді.

Аталмыш тарихи жырлардың барлығы бірдей аттың ұрлануымен басталғанымен олардың мазмұнында, кейіпкерлер әрекетінде, жалпы құрылымында көзге шалынар айырмашылықтар көп. Ол өзгешеліктер жырдың идеялық мазмұнынан, тарихи негізінен т. б. туындайды. Солай болғанымен, бұл мотивтің жыр желісіндегі атқарып тұрған қызметі бір-біріне жақын. Өйткені жыр нұсқаларының алғашқы мағыналық бөлігінен орын алған сарын батырды тыңдаушыға таныстыра отырып, оның кейінгі жасайтын іс - әрекетін ақтау үшін алынған.

Содан соң балгер кемпірдің жол-жөнекей Олжабай батырға жолығып, болашағын болжауы, жас батырдың қалың қырғыз ішіне жападан жалғыз аттануы тарихи жырдың эпикалық әсірелеуден құр алақан емес екенін көрсетеді.

Осындағы тағы бір атап айтарлық нәрсе - Қарақалпақ жеріне қоныс тепкен Олжабайдың жауға мінер жылқысын басқаға емес, Алатау бөктерінде жатқан қырғызға ұрлатуы. Барлап қарасақ, қырғыз бен қарақалпақ елінің арасында қазақтың менмұндалаған қаншама ру - тайпасы орналасқан. Басқа қазақта жылқы жоқтай Әтеке - жырықтың қарақалпақ өңіріндегі Сүйіндіктен Тайкүрең атты ұрлауы көңілге сенім ұялатпайды. Оның үстіне Орта жүздегі арғындар қырғыз халқына ешқашан қоңысы қонбаған ғой. Белгілі ғалым Ф. А. Щербина деректеріне қарағанда, қалмақтарды ығыстырғаннан кейін Сыр бойын Арғын, Найман руларына қалдырып, Олжабай бастаған Айдабол ұрпақтары Арқаға шығады. Сарысу, Арғанатыны қыстайды, жазда Нұра, Домбыралы, Моншақты, Шідерті, Сілеті, Қара Сеңгір, Шалқар бойын жайлайды. Айдабол балаларының қонысы туралы бұл мәліметтер басқа жазба деректерге қайшы келмейді.

Қырғыздың Әтеке-жырық атанған батыры XVIII ғасыр оқиғаларын бейнелейтін тарихи жырлардың көбіне ортақ кейіпкер. Ол «Қабанбай батыр» жырының нұсқаларында бас қаһарман Қабанбайдың қолынан қаза табады. Ал Абылай туралы жырларда Әтекенің қазақ қолынан өлгендігі туралы дерек бар. Ш. Уалиханов 1770 жылғы «Жайыл қырғыны» деген атпен мәлім болған қазақ-қырғыз соғысына Әтекенің қатысқанын жазған, бірақ оның қазасы жайында ештеңе айтпаған. «Қырғыз ССР тарихының» деректеріне иек артар болсақ, Әтеке-жырық 1784 жылдары тірі. [2] . Көріп отырғанымыздай, жыр мәліметі мен тарихи деректер арасында айырма бары байқалып тұр. Себебі «Әдебиет-тарих емес, тарихи күрес оқиғалардың айнасы, сәулесі ғана. Сондықтан тарихи мәліметтерді алып, сонымен тұп-тура шығыуын одан талап етуге болмайды. Кейде дәл келсе, кейде тарихи шындықтан аулақтап кетуі мүмкін. Олай болуы заңды. Өйткені оқиғаларды өзінше түсініп, өзінше баяндауы-ауыз әдебиеті өкілдеріне жалпы тән нәрсе»[3] .

Ал енді Олжабай батыр туралы жыр нұсқаларында XVIII ғасырда орын алған қазақ-қырғыз феодалдары арасындағы тартыстар мүлде сөз болмайды. Оған қарап Олжабай батыр бұл шайқастарға қатыспаған деп түйін жасаудың қажеті жоқ. Оның соғыс барысында басқа қолбасшылармен бірге Абылай төңірегінен табылғаны анық. Ендеше Олжабайдың осы шайқастағы ерлігін әспеттейтін тарихи туындылардың болмауы мүмкін емес. Батырдың аталмыш оқиғаға қатысы жайында жыр да, басқа тарихи-фольклорлық үлгілерде болған. Ондай шығармалардың көбі уақыт өте келе ұмытылған. Біз сөз етіп отырған Тайкүрең аттың ұрлану жайын баяндайтын мотив хатқа түспеген сол жырлардың жұрнағы болуы әбден мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлт-азаттық көтерілісі туралы тарихи жырлар
Тарихи жырлардың субъективтілігі
Кеңестік дәуірдегі ауыз әдебиетіндегі қазақ тарихының зерттелу мәселелері
Батырлар жыры. Эпостағы дәуір және дәстүр мәселесі
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев туралы ақпарат
Тарихи өлеңдердің зерттелуі
Қазақ эпосындағы өмірбаяндық сарындардың дүниетанымдық негіздері және типологиялық сипаты
ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ АҚЫН – ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН БЕЙНЕСІ
Қазақ фольклоры жырлары
Қобыланды батыр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz