Шағын бизнестiң түсiнiгi және түрлерi



1. ШАҒЫН БИЗНЕСТIҢ ТҮСIНIГI ЖӘНЕ ТҮРЛЕРI
2. ШАҒЫН БИЗНЕС ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНЫҢ НЕГIЗГI ФАКТОРЫ РЕТIНДЕ
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТIҢ ДАМУЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРI
4. ҚАЗАҚСТАНДА ШАҒЫН БИЗНЕС ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЛАРЫ
5. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІККЕ . МЕМЛЕКЕТТІК АУҚЫМДАҒЫ ҚОЛДАУ
6. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Рыноктық қатынастардың қазiргi заманғы жүйесiнiң қалыптасуы шағын кәсiпкерлiктiң пайда болуымен және дамуымен тығыз байланысты.
Буржуазиялық саяси эканомикада “кәсiпкерлiк” түсiнiгi XVIII ғасырда пайда болды. Кәсiпкерлiк – инициативалы шаруашылық қызмет тәуекелмен жасалатын жекеменшiк , қарыздық және басқа да құралдар мен мүлiктер негiзiне пайда табу қызметтерi.
ҚР-ның Азаматтық кодексiнде кәсiпкерлiкке келесiдей анықтама бередi: “Кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқаруға құқығына (ммелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”.
Шағын кәсiпкерлiк бұл кәсiпкерлiктiң аясындағы ұғым, яғни мұнда бiр немесе бiрнеше кәсiпкер пайда табу мақсатында кәсiпкерлiк қызметтер жасап, жоғары тәуекелдiктерге баруы деп түсiнсек болады. Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге болады. Осы шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiң жұмыспен қамту, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Шағын кәсiпкерлiктiң өзiндiк артықшылықтары да бар. Оларға:
• Сыртқы экономикалық факторлардың өзгеруiне тез бейiмдiлiгi;
• Шағын инновациялық кәсiпкерлiк бiр салада тоқтап қалмай экономиканың барлық сферасын қамтиды;
• Шағын кәсiпкерлiк iрi компанияларға қарағанда ғылыми – техникалық зерттеулер нәтижелерiн инновацияларды өнеркәсiпке жылдамырақ енгiзедi;
Осындай елеулi артықшылықтары бола отырып шағын кәсiпкерлiк келесi салалар бойынша бөлiнедi:
- шағын бизнестiң кәсiпкерлiк қызметтiң бағытталуына байланысты: өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық, инновациялық болып бөлiнедi;
- кәсiпкердiң функционалды операциясының құрылымына қарай: өндiрiспен басқару , қаржыландыру және делдалдық қызмет:
- шаруашылық түрлерiнiң санына байланысты : бiр профильдi , көп профильдi;
- шаруашылықтың салаларына бағытталуына байланысты: өндiрiстiк , агроөндiрiстiк, ауыл шаруашылық , құрылыста және басқада халық шаруашылық салаларында .
1. Н.А. Назарбаев. Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
3. Курс предпринимательства: Учебник для вузов / В.Я.Горфинкель, В.А.Швандар, Е.М.Купряков – Москва: Финансы, 1997. – 439с.
4. Тургинбаева А.Н. / Менеджмент в малом бизнесе: - Алматы: 2003, - 152 с.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ШАҒЫН БИЗНЕСТIҢ ТҮСIНIГI ЖӘНЕ ТҮРЛЕРI

Рыноктық қатынастардың қазiргi заманғы жүйесiнiң қалыптасуы шағын
кәсiпкерлiктiң пайда болуымен және дамуымен тығыз байланысты.
Буржуазиялық саяси эканомикада “кәсiпкерлiк” түсiнiгi XVIII ғасырда
пайда болды. Кәсiпкерлiк – инициативалы шаруашылық қызмет
тәуекелмен жасалатын жекеменшiк , қарыздық және басқа да құралдар
мен мүлiктер негiзiне пайда табу қызметтерi.
ҚР-ның Азаматтық кодексiнде кәсiпкерлiкке келесiдей анықтама бередi:
“Кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды
тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы
таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды
шаруашылық басқаруға құқығына (ммелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы
қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және
мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”.
Шағын кәсiпкерлiк бұл кәсiпкерлiктiң аясындағы ұғым, яғни мұнда бiр
немесе бiрнеше кәсiпкер пайда табу мақсатында кәсiпкерлiк қызметтер жасап,
жоғары тәуекелдiктерге баруы деп түсiнсек болады. Әсiресе, шағын
кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын
кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге
болады. Осы шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық
өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiң жұмыспен қамту, қоғамда
орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Шағын кәсiпкерлiктiң өзiндiк артықшылықтары да бар. Оларға:
• Сыртқы экономикалық факторлардың өзгеруiне тез бейiмдiлiгi;
• Шағын инновациялық кәсiпкерлiк бiр салада тоқтап қалмай экономиканың
барлық сферасын қамтиды;
• Шағын кәсiпкерлiк iрi компанияларға қарағанда ғылыми – техникалық
зерттеулер нәтижелерiн инновацияларды өнеркәсiпке жылдамырақ енгiзедi;
Осындай елеулi артықшылықтары бола отырып шағын кәсiпкерлiк келесi
салалар бойынша бөлiнедi:
- шағын бизнестiң кәсiпкерлiк қызметтiң бағытталуына байланысты:
өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық, инновациялық болып бөлiнедi;
- кәсiпкердiң функционалды операциясының құрылымына қарай:
өндiрiспен басқару , қаржыландыру және делдалдық қызмет:
- шаруашылық түрлерiнiң санына байланысты : бiр профильдi , көп
профильдi;
- шаруашылықтың салаларына бағытталуына байланысты: өндiрiстiк
, агроөндiрiстiк, ауыл шаруашылық , құрылыста және басқада
халық шаруашылық салаларында .
Өндiрiстiк бизнес: өндiрiстiк бизнеске негiзiнен
материалдық, рухани және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк
қызметтiң түрi жатады. Бұл iскерлiктiң қоғамдық тұрғыдан алғанда ең
қажеттi, өте салмақты, күрделi, сондықтан да бiршама ауыр түрi.
Өндiрiстiк бизнес - бұл, негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл
шаруашылық өнiмдерiн шығару. Ең кең мағынада өндiрiстiк бизнес -
бұл тұтынушыларға қажеттi, ақшаға сатуға келетiн келесi басқа
тауарға айырбастау ниетi бар кез келген пайдалы өнiмдi
шығару. Өндiрiстiк бизнесмен - бұл кейiннен сатып алушыларға,
тұтынушыларға өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани
игiлiктекрдi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен
айналысатын iскер. Кейбiр iскерлер өнiм өндiру және дайындаумен
өздерi айналысады, бiрақ бұл бiрдi - екiлi жағдай ғана.
Көпшiлiк жағдайда өндiрiстiк iскерлер өз бизнесiне отбасы
мүшелерiн, туған туыстарын тартады, сондай-ақ жалдамалы
жұмысшылардың қызметiн пайдаланады.
Каммерциялық бизнес : коммерциялық немесе саудалық
бизнес - бұл тауарларды сату мен сатып алуға байланысты
iскерлiк. Коммерция өзiнiң бастапқы мағынасында сауда ұғымын
бiлдiредi, ал коммерсант - сауда, тауар айырбастау, тауар -
ақша операцияларымен айналысатын саудалық iскер, бизнесмен.
Коммерциялық бизнес өндiрiстiк бизнеспен тiкелей байланысты.
Өйткенi, өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа
тауарларға айырбастау керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға
деген сұранымды анықтап қандайда болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi
көбейтуге немесе керiсiнше шектеуге әсер етедi.
Қаржылық кәсiпкерлiк: саудалық бизнеске әлдеқайда жақын
тұрған қаржылық iскерлiк болып табылады. Өйткенi оның
негiзiнде сатып алу сату жатады, бiрақ мұнда ақша, валюта
бағалы қағаздар сияқты ерекше тауарлар айналымға түседi.
Өндiрiстiк , коммерциялық және iскерлiк қызметтiң басқа
түрлерiн жүзеге асыру ақшаның көздердi керек етедi. Шикiзатпен
материалдарды сатып алу, ғимараттарды жалға алу, жалдамалы
жұмысшылардың жалақысын төлеу және басқа iскерлiк жұмыстар ақша
көздерiн тұрақты жұмсауды қажет етедi. Әрине, әр бiр бизнесмен өз
iсiн жүргiзу үшiн жеткiлiктi мөлшерде ақша көздерiн иеленген
деп ойлаймыз. Алайда, тәжiрибе көрсетiп отырғандай, белгiлi бiр
бизнес операциясының басталуынан оның аяқталуына дейiн жеткiлiктi
дәрежеде ұзақ уақыт кетедi, содықтан да операция аяқталғаннан
кейiн ақшаны алғанға дейiн бизнесменге қолда бар қаржы
ресурстары жетiспеуi мүмкiн, осыған орай ол заемдық көздердi
iздестiрудi бастайды. Дәл осындай жағдай, iскер өз қолында
отардың валютадағы жеткiлiктi мөлшерде қаржы көздерiн ұстап
отырса да, шетелдiк шикiзат пен материалдарға есеп айырысу
үшiн шетелдiк валютаны сатып алғанда да ұшырымды. Одан әрi
бизнесмен белгiлi бiр табыс табу үшiн өзiнiң қолындағы бос
жатқан ақшаны процент алу аясында банкiге салады немесе
акция, басқа да бағалы қағаздарды сатып алады.
Делдалдық бизнес: жоғарыда қарастырылған бизнестiң
өндiрiстiк коммерциялық жағы бiр түрлi делдалдық бизнестi
дүниеге әкелдi. Бұл бизнес өндiрiстiк, сауда - коммерциялық қаржы
несиелiк сияқты әр трлi салаларда жүзеге асырылады. Оның
негiзгi ерекшклiгi - мұнда бизнестiң материалдық заттай элементi
болмайды. Делдал өзi өнiм өндiрмейдi, тауар, валюта немесе
бағалы қағаздармен сауда жасамайды, несие берумен айналыспайды.
Оның ролi мен мiндетi - осы операциялардың жүргiзiлуiне және
бiтiм жасауға мұрындық болу.
Бұл жерде бизнестiң дәнiн себушi - делдал әкелетiн ақпарат.
Бiр жағынан сатып алушы, тұтынушының жағында, екiншi жағынан
өндiрушi, тауар сатушының жағында тұратын делдал оларды iскерлiк
бiтiмдiк қолына iкелiп қосады.
Егер делдалдылықтың қызмет көрсетудiң белгiлi бiр түрi
ретiнде қарастырсақ, онда бұл тұрғыдан алғанда делдалда қызмет
көрсету жөнiндегi бизнесмендердiң тобына жатқызуға болады.
Сақтандыру бизннесi: сақтандыру эканомикалық қарым-
қатынастың бiр түрi ретiнде бiздiң тарихымыздың кеңестiк
кезеңiнде орын алды және оны еңбек табысын табуға мүмкiндiгi
жоқ немесе көмекке зәру адамдарға жәрдем көрсету мақсатында
белгiлi бiр қаржы қорын құру үшiн кәсiп орындармен
азаматтардың тапқан табысының белгiлi бiр бөлiгiн ерiксiз тәртiппен
алу арқылы мемлекет жүзеге асырып отырды.

ШАҒЫН БИЗНЕС ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНЫҢ НЕГIЗГI
ФАКТОРЫ РЕТIНДЕ

Шағын кәсiпкерлiк нарық қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта.
Экономиканың өтпелi кезеңiндегi шағын кәсiпкерлiк ең алдымен рыноктың
тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi.
Жалпы алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны
ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық
дамуында оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты
жасақтайды. Шағын кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк мiндетiне:
• Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесiн шешу;
• Тұрмыс деңгейiн жоғары болуын қамтамасыз ету;
• Адамның өмiрге тың сенiммен қарауының мүмкiндiктерiн арттыру;
Ал шағын кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға
болады:
• Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
• Жаңа жұмыс орындарын ашу;
• Рыноктағы сұранысқа және жалпы өзгерiстерге тез бейiмделу;
• Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;
• Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;
• Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;
• Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;
• Кластерлiк жүйенiң дамуы;
• Лизингтiк қатынастардың дамуы;
• Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;
• Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң өсуiне өз үлесiн
қосады;
Дамыған елдердiң тәжiрибесi шағын кәсiпкерлiк экономиканың даму
қарқынын арттыра түсетiнiн көрсетедi. АҚШ-та барлық жұмыс күшiнiң 50%-iн
кәсiпкерлiкпен шұғылданушылар құрайды. Iшкi өнiмнiң 33%-i шағын кәсiпкерлiк
үлесiнде. Жапонияда жұмыс күшiнiң 80% шағын кәсiпкерлiкпен шұғылданады және
жалпы өнiмнiң 55% үлесiн алып отыр. АҚШ-та шағын кәсiпкерлiк ғылыми
зерттеу жұмыстарының 3% ғана жүзеге асырса да, өндiрiске енгiзiлетiн iрi
жаңалықтардың экономикадағы елеулi үлесi 50% құрайды.
Қазақстанда бүгiнгi күнi шағын және орта кәсiпкерлiк бастан кешiрiп
отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны
белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын кәсiпкерлiк саны өсiп келедi. Өсiм
соншалықты жоғары да емес, небәрi пайыздық бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк
үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның бүгiнгi
экономикасында лайықты орын алуда.
Шағын кәсiпорындардың соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық
құрылымның қалыптаса бастағандығының айғағы. Алайда заңды тұлғалардың жалпы
санының 70% ғана жұмыс iстейдi.
Заңды түрде тiркелiп, мерзiмiнде жұмыс iстеген шағын кәсiпорындардың
басты көпшiлiгi алматы қаласында орналасқан.
Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын қарастырсақ шағын бизнеспен
айналысатын әрбiр үшiншi адам сауда жүйесiнде, әрбiр бесiнсiшi өнеркәсiптiк
өндiрiсте, әрбiр алтыншысы құрылыста еңбек етедi. Тұрғындарды жұмыспен
қамтудың саны жағынан алғанда сауда саласында олардың 36,1%, өнеркәсiптiк
өндiрiс орындарында 21,2 % iстейдi, қалғандары түрлi қызмет
көрсетумен айналысады . Бұл деректiрдiн сауда iсi әлi де басым
екендiгiнде, салалық құрылымдарда өндiрiс көлемi әлiде өзгере
қоймаған көруге болады. Шағын кәсiпкерлiк саласында жұмыспен қамту
және фирмалар санының өсуi - негiзiнен коммерциялық кәсiпорындар
есебiнен толығып , жалпы алғанда баяу өседi.
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi ақпаратты талдағанда
агроөнеркәсiптiк кешендегi шағын кәсiпкерлiк қазiргi уақытта елiмiздiң
эканомикасына тиiстi үлес қоса алмай отырғанын немесе табысын
жасырып ұстайтынын байқауға болады . Сонымен бiрге эканомиканы
сараптағанда мемлекеттiң стратегиялық бағытын жүзеге асыруда шағын
бизнес басты құралдардың бiрiне айналды .
Шағын кәсiпкерлiк, әсiресе агроөнеркәсiптiк өндiрiс саласында
мықты дамуы тиiс. Өткен жылдары ауыл шаруашылық шикiзатының басым
бөлiгi республикадан тыс жерлерге тасымалданып , сол жерлерде
өнделiп , дайын өнiм сапасы төмендедi, шығынға жол берiлдi.
Бүгiнгi таңда шағын кәсiпкерлiк эканомикасының еркше бөлiгi
ретiнде нақты жұмыс iстеп, даму үстiнде деп сенiммен айтуға
болады. Ал шағын кәсiпкерлiк Қазақстанды дағдарыстан алып шығатын
локомотивтiң нақ өзi.
Елбасымыз биылғы жылы “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi
экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында,
елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Индустриалды-инновациялық стратегия
екенiн атап көрсеттi.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелi кезеңiнде
экономикада кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде. Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын
кәсiпкерлiк рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа
технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек.
Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсiпкерлiк
қызметтiң мемлекет тарапында және экономика өмiрiнде атқаратын ролiнiң
ұшан теңiз екенi дәлелдеудi қажет етпейдi. Қазiр дамыған өркениеттi
елдердiң қайсысын алып қарасақ та шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыта
отырып, айтарлықтай жоғары дәрежеге жеткенi баршаға мәлiм.
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру
жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны
жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi
мәселелердiң бiрi.
Нарықтың өрлеп, өркендеуi кәсiпкерлiктiң қызметтерiне айтарлықтай
тәуелдi болады. Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар
көзi болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк –
экономикалық мәселелердi шешуге болады. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы
елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiң
жұмыспен қамту, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентi Н.А.Назарбаев
өзiнiң “Қазақстан-2030” атты стратегиялық бағдарламасында елiмiздiң
экономикалық саясатының бiрден-бiр басымды бағыты шағын және орта бизнес
деп атаған болатын
Қаржыгерлердiң III Конгресiнде ҚР-ның Елбасы Н.Ә. Назарбаев ҚР-ның
Үкiметiне және ҚР-ның Ұлттық Банкiне индустриялдық саясат шеңберiнде
приоритеттiк маңызы бар салаларды нақты анықтауды және оларды қаржыландыру
механизмiн дамытуды тапсырғаны белгiлi. Әлемдiк тәжiрибе көрсетiп
отырғандай қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк сұрақтарды шешуде
шағын бизнестiң ерекше роль атқаратындығы белгiлi. Мiне осы шағын
кәсiпкерлiктiң дамуына әсер ететiн факторлардың бiрi сәйкес қаржылық
қызметтер секторының дамуы болып табылады. Себебi, көптеген кәсiпорындар
үшiн маңызды мәселелердiң бiрi қосымша ақша қаражаттарының көзiн iздестiру
болып табылатындығы белгiлi. Ал 2003 жылғы қараша айындағы деректер бойынша
банктiк сектордан шағын бизнеске бөлiнiп отырған ақша қаражаттары жалпы
экономикаға бөлiнген несиелердiң 22,7% ғана құрап отыр. Оны төмендегi 1-шi
кестеден көруге болады.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне коммрциялық банктерден бөлiнген
несиелер. ( млн. теңге )

Жылдар 12.2000 12.2001 12.2002 12.2003 11.2004
Банктiк несиелер 148880 276218 489417 672407 924283
Оның iшiнде шағын бизнеске 39857 74202 121954 145515 210623
- қысқа мерзiмдi 20423 40115 60153 63043 80943
- ұзақ мерзiмдi 19434 34107 61801 83467 120718

Осы кестеден көрiп отырғанымыздай, соңғы бес жылда коммерциялық
банктерден шағын кәсiпкерлiкке бөлiнген несиелер 19%-ға ұлғайғанымен, оның
жалпы экономикадағы үлесi салыстырмалы түрде өте төмен. Сонымен бiрге,
банктерден несие алу үшiн клиенттерге қойылатын талаптардың қатаңдығы шағын
кәсiпоарныдардың негiзгi өндiрiсiн техникалық жабдықтауға несие
мүмкiндiктерiн төмендетедi. Сондықтан бүгiнгi күнi шағын кәсiпкерлердiң
пайдаланып отырған құрылғыларының көбi техникалық және моральдық жағына да
тозған.
Осы сегментке тән сипаттық белгiлердiң бiрi шағын кәсiпорындарды
қаржыландыру күрделi қаржылық салымдардың неғұрлым тәуекелдiгi жоғары түрi
болып табылатындығы. Осындай қаржылық инвестициялардың тәуекелдiлiгiнiң
жоғарылығы шағын кәсiпорындар үшiн банктерден берiлетiн несиелердiң бағасы
мен мерзiмiне де әсерiн тигiзедi. Ал лизингтiк қатынастар осындай
тығырықтан шығудың бiр жолы болып табылады, себебi лизингтiк қатынастар
кезiнде несие беру үшiн қажеттi қамтамасыз ету мөлшерiне қойылатын
талаптар банктiк несиелерге қарағанда салыстырмалы түрде төмен. Сондықтан
лизингтiк қызметтi дамытудың шағын бизнстiң дамуына қосар үлесi жоғары
болып табылады.
Шағын кәсiпкерлiк эканомикасының жинақтылығы салыстырмалы түрде
аздаған инвестициялары мен тәуекелiнiң неғұрлым аздығымен қысқа
мерзiм iшiнде, бiрiншi кезекте тауар айналысы саласындағы сол
кездегi жағдайды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi.
Шағын кәсiпкерлiк саласын сипаттайтын эканомикалық
көрсеткiштер эканомиканың осы секторында қалыптасып келе жатқан оң
үдiрiстер туралы мағлұмат бередi.
Елiмiздегi бүгiнгi таңда дамуды қажет етiп отырған және елiмiздiң
бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудағы негiзгi сала болып табылатын өнеркәсiп
саласындағы қызмет ететiн жұмысшылардың үлесiн келесi суреттен көре
аламыз.










... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кредиттік оқу жүйесі
Кәсіпкерлік пен бизнес
Астана қаласындағы «Баққон» кәсіпорны негізінде кәсіпкерлікті жүзеге асыру жағдайы
Шағын және орта бизнес дамуының теориялық негіздемесі
ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шағын кәсіпкерліктің белгілері мен түсінігі
Шағын және орта бизнестің дамуы
Нарықтық экономика жағдайындағы шағын бизнесті ұйымдастырудың қажеттілігі мен экономикалық мәні
Кәсіпорынның архитектурасы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік саласы
Пәндер