Тұлғалық қатынастардың бұзылуымен байланысты емес қорқыныштарды реттеу әдістері



1. Баланың эмоционалды көңіл.күйінің жалпы деңгейін көтеру.
2. Қорқыныш объектісімен өзара әрекеттесу ситуациясын ойын арқылы реттеу.
3. Эмоционалды қосылу.
4. Еліктеу және жұқтыру.
5. Эмоционалды «әткеншектер».
6. Эмоционалды конфликт (жанжал).
7. Қызметтік терапия.
8. Куклотерапия
9. Басқа тәсілдер.
Егер бала әр уақытта көңілі түсіп, жағымсыз эмоцияларды бастан кешірсе, негізгі міндетбаланы жағымды эмоцияларды сезінуге үйрету болып табылады.Оны әртүрлі ойын әдістерімен жүзеге асыруға болады. Егер баланың ойын қабілеті дамымай, құрдастарына ілесе алмаса, баламен оның қалауы бойынша, яғни, оған қол жетімді тәсілдермен ойнау керек. Бір ойынды аяқтап, көңіл-күй тонусын көтергеннен кейін, ойынды келесі күні жалғастыру туралы баламен келісіп алу қажет. Ойынның жалғасын күту балаға тек жағымды әсер етеді, тіпті көңіл-күй дәрежесін көтеруі мүмкін. Әр жаңа ойын немесе серуен нәтижені бекітеді, ойынды түрлендіру және оған жаңа элементтер қосу балада жағымды эмоциялар туғызатын объектілерді көбейтеді. Бұл әдісті қорқынышты сейілтуде ғана емес, бала тұлғасының эмоционалды-мотивациялық сферасының бұзылуларында қолдануға болады.
Баланың көңіл-күйінің жалпы деңгейін ойын әдістерімен көтеру тағы бір мәселе – қорқынышты реттеуді жүзеге асыратын психологқа баланың сенімін күшейтеді. Сонымен қатар, сенім реттеу жұмыстарының нәтижелілігін арттырып қана қоймай, бала психикасына жағымды ықпал етеді.
Бұл – тұлғалық дамудың бұзылуымен байланысты эмоционалды белгілерді реттеудің арнайы әдісі. Қорқынышты ойын арқылы реттеу. Бұл – тұлғалық дамудың бұзылуымен байланысты эмонационалды белгілерді реттеудің арнайы әдісі. Қорқынышты ойын арқылы сейілту тұлғалық қатынастарды реттеп қана қоймай, ерекше, экстремалды жағдайларда орынсыз әрекеттің қорқынышты тудыратын стресстік қалдық әсерін жофға мүкіндік береді. Ойынға бала қорқатын обьектіге ұқсас ойыншықтарды (ит, «құбыжық», т. б.) таңдап, «қорқыту» ойынын ойнап, баланың қорқынышын сейілтіп, өз эмоцияларын символикалық түрде білдіріп, қысымнан арылуға көмектесу керек. Бұл процедура туралы төменде нақтырақ әңгімеленетін болады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
1.4.1. Тұлғалық қатынастардың бұзылуымен байланысты емес қорқыныштарды
реттеу әдістері.
1. Баланың эмоционалды көңіл-күйінің жалпы деңгейін көтеру.

Егер бала әр уақытта көңілі түсіп, жағымсыз эмоцияларды бастан
кешірсе, негізгі міндетбаланы жағымды эмоцияларды сезінуге үйрету болып
табылады.Оны әртүрлі ойын әдістерімен жүзеге асыруға болады. Егер баланың
ойын қабілеті дамымай, құрдастарына ілесе алмаса, баламен оның қалауы
бойынша, яғни, оған қол жетімді тәсілдермен ойнау керек. Бір ойынды аяқтап,
көңіл-күй тонусын көтергеннен кейін, ойынды келесі күні жалғастыру туралы
баламен келісіп алу қажет. Ойынның жалғасын күту балаға тек жағымды әсер
етеді, тіпті көңіл-күй дәрежесін көтеруі мүмкін. Әр жаңа ойын немесе серуен
нәтижені бекітеді, ойынды түрлендіру және оған жаңа элементтер қосу балада
жағымды эмоциялар туғызатын объектілерді көбейтеді. Бұл әдісті қорқынышты
сейілтуде ғана емес, бала тұлғасының эмоционалды-мотивациялық сферасының
бұзылуларында қолдануға болады.

Баланың көңіл-күйінің жалпы деңгейін ойын әдістерімен көтеру тағы бір
мәселе – қорқынышты реттеуді жүзеге асыратын психологқа баланың сенімін
күшейтеді. Сонымен қатар, сенім реттеу жұмыстарының нәтижелілігін арттырып
қана қоймай, бала психикасына жағымды ықпал етеді.

2. Қорқыныш объектісімен өзара әрекеттесу ситуациясын ойын арқылы реттеу.

Бұл – тұлғалық дамудың бұзылуымен байланысты эмоционалды белгілерді
реттеудің арнайы әдісі. Қорқынышты ойын арқылы реттеу. Бұл – тұлғалық
дамудың бұзылуымен байланысты эмонационалды белгілерді реттеудің арнайы
әдісі. Қорқынышты ойын арқылы сейілту тұлғалық қатынастарды реттеп қана
қоймай, ерекше, экстремалды жағдайларда орынсыз әрекеттің қорқынышты
тудыратын стресстік қалдық әсерін жофға мүкіндік береді. Ойынға бала
қорқатын обьектіге ұқсас ойыншықтарды (ит, құбыжық, т. б.) таңдап,
қорқыту ойынын ойнап, баланың қорқынышын сейілтіп, өз эмоцияларын
символикалық түрде білдіріп, қысымнан арылуға көмектесу керек. Бұл
процедура туралы төменде нақтырақ әңгімеленетін болады.

3. Эмоционалды қосылу.

Ата-ананың қорықпау керектігі туралы әңгімелері көмектеспейді, бірақ
үлкен адамдардың қорқыныш обьектісіне қатынасын бала сол үлкен адамға
қатынасы бойынша, яғни эмоционалды қосылу механизмі арқылы қабылдауы
мүмкін, осылайша, ата-ана балаға басқа қорқыныш ұялатуы ықтимал (мысалы,
балаға ит жақындаған кезде айғайлап жіберу, т. б.) Қосылу механизмінің
көмегімен кері нәтижеге де қол жеткізуге болады. Қорқытушы обьектінің
маңызды еместігін қысқа сөйлеммен немесе қимыл белгімен білдіру керек.
Мысалы, егер бала қоңыздан қорықса; Қоңыз кет, бізге кедергі келтірме,
біздің қолымыз бос емес деп немесе су құбыры қатты шуылдаса, Қазір шуылы
басылады деп айту қажет . Бұл тұста сөйлемнің мағынасынан гөрі,
интонациясының бала сенімділігі мен тыныштығын сақтауда маңызы зор.

4. Еліктеу және жұқтыру.

Бала үлкендердің іс-әрекетін ғана емес, бағалауын да қабылдап алады.
Егер үлкен адам бір нәрсе туралы қорқыныш сезімімен баяндаса, бұл
эмоноционалды жағдай балаға беріліп, ол да қорқа бастайды. Сондықтан да
баланың қасында қауіп туғызатын немесе жанжалдасатын адамдар болмауы керек.
Баланы емдеу үйде үлкен науқас адам бар кезде жүзеге асу секілді, рецидивке
ықпал ететін факторлар сақталған кезде балаға көмектесу мүмкін емес.

5. Эмоционалды әткеншектер.

Әткеншек принципі бір жағдайдан екінші (қарама-қарсы) жағдайға өтуді
білдіреді. Эмоционалды процестерде әткеншектер қауіптілік жағдайынан
қауіпсіздік жағдайға өтуді бейнелейді. Эмоционалды әткеншектерде бала
өзінің реттеу қабілетінің беріктігін сезініп, өз жағдайын басқаруды
үйренеді. В. В. Лебединский (1990) бойынша, эмоционалды әткеншектердің
қарапайым мысалы – баланы жоғары лақтырып көтеру болып табылады: Бала
ешқандай тірексіз қауіпсіз жағдайды сезінеді, төмен түскенде қорғаныс
символы болып есептелетін үлкен адамның қолын сезеді. Бір сәттік қауіптілік
сезімі білінбей, мұндай жаттығу барысында балалар әдетте күле бастайды.
Осындай әткеншекті итпен жүзеге асыруға болады: кейде бала үлкен адамның
артына тығылса, кей жағдайда итке қарап, онымен ойнай бастайды. Бала
қараңғы бөлмеге кіріп және қашып шығып ойнауы мүмкін. Әткеншектерді
қорқыныштың барлық түрінде қолдануға болады. Егер бала эмоционалды
әткеншекке қарсы болса, одан бірден бас тарту қажет емес, себебі бұл
уақытша қажетсіздік болуы мүмкін, сол үшін баланың өзін-өзі сезінудегі
қолайлы жағдайын күту жөн.

6. Эмоционалды конфликт (жанжал).

Қорқыныш эмоционалды құбылыс болғандықтан, оны тек одан да күштірек
эмоциямен тежеуге болады. Мысалы, егер бала қуыршақты жақсы көрсе, оған
қорғаушы рөлін беру керек (қуыршақ сенің қасында отырғанда, саған ешкім
тиіспейді).

Әр уақытта қорықпау керектігі туралы үгіттеулер оң нәтиже бере
бермейді. Қорқыныш иррационалды құбылыс болғандықтан, балаға әсер ету оның
ақылына бағытталмау керек, керісінше, қорқыныш обьектісін басқаруға
иүмкіндік беретін ситуация туғызу немесе қорқынышты сейілтетін қосымша
эмоционалды қатынастар қалыптастыру қажет (қуыршақпен мысалдағыдай).

7. Қызметтік терапия.

Көрсетілген процедуралардан бөлек, баланы күні бойы басқа қызметтермен
айналыстыру қажет. Психика белсенділікке арналған. Әрекетсіздік пен күту
сезімі бәріне мәлім. Егер бала ешнәрсемен айналыспаса, басқа әдеттер немесе
ойые ойлап табады, кейде көңіл күйі түсіп, бұрынғы қалпына түседі.

Баланы белгілі бір нәрсеге айналдыру – балалар мен үлкендерге де
пайдасы зор психика үшін жалпы емдеу процедурасы, оны тіпті психикалық
ауруларда да пайдаланады.

8. Куклотерапия

Бұл әдіс баланың мультфилм немесе ертегідегі батыл кейіпкерлермен
идентификация процесіне негізделеді. Баланы сүйікті кеіпкер болса, сол
кейіпкерді пайдаланып, оның қорқынышты хикаяны бастан кешіруі, баланы
қорқытатын обьектіні жеңуі туралы әңгімелеуге болады. Баланың сүйікті
қуыршағын пайдаланып, шағын көрініс ұйымдастыруға болады, ескеретін жайт –
бала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
6- жастағы қазақ балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен амалдарын анықтау
Психологиядағы балалар қорқыныштары мәселесін зерттеу жайында
Мектеп жасына дейінгі балалардың қорқыныш сезімдерінің психологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі бала бойындағы қорқыныш және оны түзету
Психологиядағы балалардың қорқыныш мәселесі
Индивидуалды және топтық психотерапия курсынан қысқаша лекциялар
Тұлға және топ
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері
Арнайы білім берудегі арт-терапия
ПСИХОЭМОЦИЯЛЫҚ САУЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер