Қазіргі қазақ тележурналистикасының тілі



Қазір елімізде қазақ тілінде хабар тарататын республикалық жеті-сегіз телеарна жұмыс істейді. Бірақ олар әр тақырыпты көрермендерге жеткізуде әртүрлі тәсілдерді қолданады. Мәселен, жетекші орындардағы "Хабар", "Қазақстан" және "КТК" телеарналарында бір жаңалықтың өзін жан-жақтан көруге тура келеді.
Әрине, біріншіден оған - әлгі телеарналардың ұстанған бағыты, ішкі саясаты және журналистердің біліктілік потенциалы сөз жоқ әсерін тигізбей тұрмайды. Осы ретте, тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақ тележурналистикасы қандай деңгейге жетті дейтін заңды сұрақ туады. Себебі, бұрнағы жылдары телеарналардағы қарапайым ақпарат, тақырып және сараптамалық бағдарламалар газеттегі әріптестері жағынан көп сынға ұшырайтын. Соңғы кезде осы үрдіс те азая бастаған. Соған қарап қазақ тележурналистикасы ілгеріледі деуге негіз бар ма?
Жалпы, ақпарат кеңістігінде жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларды және тақырыптық мәселелерді қамтуда қазақ тілді журналистер өз көрермендерін тапты ма? Бүгін біз осы мәселелерге мүмкіндігімізше тоқталайық.
"Хабар" агенттігінің жаңалықтары негізінен ресми сипатта. Сондықтан болар, бұл телеарнада тұрғындардың әлеуметтік жағдайлары туралы материалдар сирек беріледі. Онда негізінен бүгінгі күннің жаңалықтарын ғана қамтуға назар аударылған. Бір айта кетерлігі "Хабардың" тілі – жаңа қазақ журналистикасының алғашқы мектебі десе де болады. Онда оқиғаны нақты, дәл жеткізетін тілшілер де, жүргізушілер де жеткілікті. Дегенмен, кейде, сөзді шұбыртып, көрермендерді жаңылыстырып жіберетін жәйттер де өз алдына бір төбе. "Хабарда" оқиға мен жаңалықтарды жасауда қазақ тілінің жеке "рамкасы" жасалған. Мәселен, бір оқиға бірнеше қалада қайталанса, "Хабардың" сөздік мәтіні дәл солай қайталанып шығады. Көрермен онда тек сөз алған кейіпкерлер мен оқиға орнының өзгергенін ғана байқайды. Яғни, қазақ тілінің қанатын жайып, әдеби және ауызекі сөздерді ұштастыруға "Хабардың" журналистері еріншектене бастаған сыңайлы

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ТІЛІ

Қазір елімізде қазақ тілінде хабар тарататын республикалық жеті-сегіз
телеарна жұмыс істейді. Бірақ олар әр тақырыпты көрермендерге жеткізуде
әртүрлі тәсілдерді қолданады. Мәселен, жетекші орындардағы "Хабар",
"Қазақстан" және "КТК" телеарналарында бір жаңалықтың өзін жан-жақтан
көруге тура келеді.
Әрине, біріншіден оған - әлгі телеарналардың ұстанған бағыты, ішкі
саясаты және журналистердің біліктілік потенциалы сөз жоқ әсерін тигізбей
тұрмайды. Осы ретте, тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақ
тележурналистикасы қандай деңгейге жетті дейтін заңды сұрақ туады. Себебі,
бұрнағы жылдары телеарналардағы қарапайым ақпарат, тақырып және
сараптамалық бағдарламалар газеттегі әріптестері жағынан көп сынға
ұшырайтын. Соңғы кезде осы үрдіс те азая бастаған. Соған қарап қазақ
тележурналистикасы ілгеріледі деуге негіз бар ма?
Жалпы, ақпарат кеңістігінде жаңалықтар мен сараптамалық
бағдарламаларды және тақырыптық мәселелерді қамтуда қазақ тілді журналистер
өз көрермендерін тапты ма? Бүгін біз осы мәселелерге мүмкіндігімізше
тоқталайық.
"Хабар" агенттігінің жаңалықтары негізінен ресми сипатта. Сондықтан
болар, бұл телеарнада тұрғындардың әлеуметтік жағдайлары туралы материалдар
сирек беріледі. Онда негізінен бүгінгі күннің жаңалықтарын ғана қамтуға
назар аударылған. Бір айта кетерлігі "Хабардың" тілі – жаңа қазақ
журналистикасының алғашқы мектебі десе де болады. Онда оқиғаны нақты, дәл
жеткізетін тілшілер де, жүргізушілер де жеткілікті. Дегенмен, кейде, сөзді
шұбыртып, көрермендерді жаңылыстырып жіберетін жәйттер де өз алдына бір
төбе. "Хабарда" оқиға мен жаңалықтарды жасауда қазақ тілінің жеке "рамкасы"
жасалған. Мәселен, бір оқиға бірнеше қалада қайталанса, "Хабардың" сөздік
мәтіні дәл солай қайталанып шығады. Көрермен онда тек сөз алған кейіпкерлер
мен оқиға орнының өзгергенін ғана байқайды. Яғни, қазақ тілінің қанатын
жайып, әдеби және ауызекі сөздерді ұштастыруға "Хабардың" журналистері
еріншектене бастаған сыңайлы. Енді осы телеарнаның "Жеті күн" сараптамалық
бағдарламасына кезек берейік. Көрермендерді диктордың кіріспе сөзі селт
еткізіп, негізгі бейнематериалды көруге мәжбүрлеуі тиіс. Бірақ жүргізуші
қанша ышқанса да, диктор сөзінің мән-мағынасы солғын, кісі жалықтыратындай
болып жатады. Онда, жарқ етіп төбеден түскендей, жалт-жұлт ойнаған
сөздердің тапшылығы көзге ұрғандай көрініп тұрады.
Мәселен, “Хабардың” жаңалықтары мен сараптамалық бағдарламаларында
“Ирактың астанасында жарылыс болып, бірнеше адам мерт болды” дейтін солғын
тіркестер жиі кездесіп жатады. Сөз құдіретінің атасы Лев Толстой кезінде
бір сөздің бірнеше сөйлемнен кейін келуі - шеберліктің биік үлгісі деп
атаса, В. Г. Белинский сөз қайталауға ұрынғандарды оңдырмай сынаған еді.
Сонда, “Ирактың астанасындағы жарылыс салдарынан бірнеше адам мерт болды”
деп ықшамдаған дұрыс болар еді.
Әрине, тележурналистика газет журналистикасынан әлдеқайда бөлек,
ерекше. Телевидение дегеннің өзі көрермендермен аудиовизуалдық байланыс,
ақпаратты жылдам, ықшам беретін сала. Сондықтан, микрофон алдында оқылатын
сөйлемнің қысқа әрі ықшам болғаны дұрыс. Біздегі көп телеарналарға осы
нәрсе жетісе бермейді. Ал, сөйлем неғұрлым шұбырыңқы, ұзын болған сайын,
оның ақпараттық мағынасы да жаңылтпаштанып кетеді.
Мұндай “дерттен” ұлттық телеарна журналистері де ада емес. “Қазақстан”
телеарнасы ресми ақпаратпен қоса халықтың әлеуметтік мәселесін де қозғап,
қоғамдық пікір қалыптастыруда едәуір еңбек сіңірді. Дегенмен, ондағы
шығарушы редакторлар “басқаларға ұқсамау” принципін баса ұстанатын сияқты.
Себебі, диктордың сөзінде езуге күлкі үйірер сөздер кезігіп жатады. Әрине,
біз қазақ тележурналистикасы біздің жеке пікірімізбен жүріп, қатып қалған
қасаң рамкада жасалуы тиіс деуден аулақпыз. Сонда да болсын, ұлттық арнаның
кемшілігін айтпай да тұра алмаймыз.
“Қазақстан” арнасының дикторлары “ол туралы Ақтөбедегі тілшіміз айтып
берсін” тәрізді сөйлемдерге құмар. Яғни, көрерменге Ақтөбедегі тілші не
ертегі, не әңгіме айтып беретін сияқты әсерде қаласың. “Тақырыпты ақтөбелік
тілшіміз толықтырады”, “Кезекті ақтөбелік тілшіміз дайындаған
бейнематериалға берейік” десе, құлаққа “айтып берсін” дегеннен гөрі
жағымдырақ, өтімдірек тиер еді.
Ұлттық арнада қазақ тілінде бағдарламалардың саны басқаларға қарағанда
едәуір көп. Сондықтан, жұрттың дұрыс сұрақ қоятын және хабарды дұрыс
жүргізетін Қасымға, Нәзираға деген ықыластары да алабөтен. Ал, “Ақжүніс”
бағдарламасының қонақтарына орынды сұрақ қоя алмай өзі де ыңғайсыз жағдайда
қалып жататын Сәуленің жөні бір бөлек. Сәуле демекші, тележурналистика
саласындағы тілшілердің көпшілігі басқа мамандықтардан келген. Оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Экрандағы бейне мен сөздің үйлесімі, телеарналар ерекшелігі
Тележурналистиканың дамуы
Телешығармашылық сырлары
ФИЛОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША КӘСІПТІК ПРАКТИКА ЕСЕБІ
Ұялы телефон тарихы
Телевидениедегі сұхбат жанры және тікелей эфир
Тележурналистиканың БАҚ саласындағы алатын орны
Телехабар - теледидар бағдарламаларын құру және оларды эфирге тарату
Қытайдағы қазақ теле журналистикасы
Пәндер