Амандасу


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Амандасу

Сәлем - арабтын тыңыштық, бейбітшілік мағынасындағы ас-"салам сөзінің тілімізде фонетиқалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Арабтар бір-бірімен осы сөзді колданып амандасады. Пайғамбардын атын атап, еске түсіргенде де, мұсылмандар: галәй һиссәлж! (оган тыныштық балсын!) сөзін қосып айтады. Мұсылман дінін қабылдағаннан ермен қазақгар да алдымен осы сөзден бастап амандасатын болған.

Сәлемдесу - тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып, кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір-біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. "Сәлем - сөздің басы" делінетіні де сондықтан.

Тегінде, әдеп, адамшылық - амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі - сәлемдесү) . Оның шарапаты. мен кереметі сонда - адамзат әдабініи, қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің бір-біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, өзара жақындықты бейнелеуде аса зор маңызға ие. Адам баласы қашанда тыныш-бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір-бірімен тату-тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап, армандаған. Соның негізін сәлемдесу әдебі салған. Сәлемдесу о заманнан құдайшылық, имандылық, кісілік нышаны ретінде түсініліп, қабылданған. Сондықтан, мәселен, қазақтарда бар "сәлемі тузу", ''сәлемнен кеткен жоқ" сияқты сөздер татулықты, ағайын арасынын бұзылмағанын білдіреді. Соған орай бізде "тәңірдің сәлемін беру", "сәлемін қабыл алды" ұғымдары қалыптасқан: Мұндағы тәңір - құдайдың бір аты. Оның түп төркіні ежелгі заростаризм дінінің құдайы - Тәңірінің есімімен байланысты.

"Тәңір жарылқасын!" деген түсініктің өзі сол заманнан біздің кезімізге дейін жетіп, кәдуілгі салт-дәстүрлерімізге арадасып кеткен.

Сәлемдесудің мәні, ен алдымен, бетпе-бет ұшырасқан сәтте болатын тоң-торыс үнсіздік, "ыңғайсыздық" пен жатырқаушылық, салқындық кедергісін жойып, бір-бірінін кейіп-кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауанын білу және тілек, арқылы өзінің қалауын (әдетін) ұқтыру; бір-бірінің аман-саулығын сұрасу, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғандарына қуанып, шүкіршілігін жасау, ниеттерінің ақ-адал, таза екенін білдіру. Азиядағы туысқан түркі халықтары, барлық мұсылман елдеріндегідей, '"Ассалаумағалейкум" деген араб сөзімен амандасады, оның мағынасы "Сізге тыныштық тиеймін дегенді білдіреді. Оған жауап, яғни сәлемді алу ретінде айтылатын " Уағалайкумассалам" - "Сізге де тыныштық тілеймін'' деген сөз. Одан кейін барып: "Үй ішіңіз, мал-жаныңыз аман ба? Денсаулығыңыз жақсы ма?" деген сияқты хал-жағдайды білісу, жай, жөн сұрасу рәсімі жалғасады

Дүние жүзіндегі сан алуан халықтардық сәлемдссуі де түрлі түрлі болып келеді. Мысалы, жапондықтар, танысатын көрген жерде қалшиып сәл тұрғаннан кейін, колық алдымен беліне одан кейін иіліп, тізесіне дейін апарып, сол енкейгек қалпы, мүләйім жүзбен көзін сүзіп қарайды. Ондай тәжім етудің жапондықтар-да: басы жерге жеткенше еңкею, орташа бүгілу және сәл иілү сияқты түрлері бар. Осыған ұқсас сәлем әдептері қазақта, кейбір бауырлас халықтарда да кездеседі. Мәселен, қазақ келіншектер қайын аталары мен енелеріне, қайнағалары мен жасы келген абысын-ажынға, өзі келін боп түскен жердің үлкендеріне тізе бүгіп, қолын кеудесіне қойып, иіліп сәлем қылады. Оған үлкендер: "Көпжаса, балам!", "Үбірлі-шубірлі бол" -деген сияқты тілек айтып, батасын береді. Өзбек, қарақалпақтарда да осындай сәлемдесу түрі болғанын "Алпамыс" жырындағы Гүлбаршынның қайнағасына "иіліп, бүгіліп, қол қусырып, тізесін басып, сәлем берді" дегенінен көруге болады. Ал еркектер арасында бұрын қол қусырып сәлем беру, яғни "көріп турсың ғои, екі қолында да ештеңе жоқ, бір-біріне устасқан" дегенді аңғартатын сәлемдесу түрі болған. Сол "Алпамыста": "қырық қадам жетпей, аттан түсіп, кол қусырып сәлем бергені" жайында айтылады.

Ауғандар алдымен қолын мандайларына тигізіп, ишіп, изет жасап, сәлемдеседі екен. Олары - "басымыз аман болсын дегендері. Тибеттіктерде тіптен қызық: бір-бірімен амаңдасқанда, оң қолымен бас киімін алып, сол қолын құлағының артын ұстап, тілдерін шығарады екен. Ерте кезде Қытайда досжарамен сәлемдесудің түрі өз қолын өзі қысу болыпты. Латын Аме риқасындағылар бір-бірімен кұшақтасып сәлемдескен. Француздар бірінің-бірі маңдайынан сүйіп амандасады. Жас америқандықтардың аман-сәлемі бір-бірінің иығын қағу болса, өзар мұрындарын сипасып, бірін-бірі иіскеп амандасатын халықтар бар екен.

Сәлемдесуден кейін хал-ахуал сұрасу да әдепке, көргенділі» естілікке жатады. Мұнда да ар халықта әр басқа қалыптасқа жора-салттар бар. Мысалы, орыстар: "Денсаулығың қалай. " - дейтін болса, ертедегі мысырлықтар: "Қалай, сіз терлейсіз бе" - дейтін болған. Гректер "қуаныңыз" сөзін айтса, қытайлықтар. Бугін тамақтандыңыз ба ? Қарныңыз тоқ па?" - деп сұрайды екен.

Орта Азия халықтарыңда сол жақ кеудесін оң қолымен басып кеудесін иіп сәлемдесу қалыптасқан да, одан кейін хал-жағдай сұрасатын болған. Ал монғолдардың алдымен айтатыны: "Қалай көшіп жатырсың ? Қалай қыстап отырсың ? Малыңыз қалай ?" Бұл жөн сұрасу баршаға түгел ортақ, тіпті көшу дегенді білмейтін мал ұстамайтын өзге кәсіп иелері, кдла тұрғындары да солай аман дасады. Бізде болса: "Бала-шаға, уй іші аман ба? Денсаулығыңыз

жақсыма ? Мал-жаныңыз саума ?" - деп бастап, біраз жерге дейтін апаратыны белгілі.

Міне, мұның бәрі әр елдің тұрмыс-тіршілік ерекшеліктеріне өмір сүру жағдайлары мен салт-ғұрыптарына байланысты сәлемдесу әдептерінің де өзгешеліктері болатынын көрсетеді. Сонымен қатар сәлемдесу әдеп-салты да уақыт өте келе, азды-көпті өзгеріске ұшырап отырған. Ол заңды да.

Бұрынғы КСРО шаңырағының астында ғұмыр кешкен жылдарда халқымыздың әдеп-инабат дәстүрі көз түрткі болып, онын сәлемдесу әдебімізге де теріс әсері тиді, баңырғы жарасымды, халық журегіне ыстық әрі терен мәнді ұлттыкГғұрыпқа зор нұқсан келтірілді. Мұның өзі ең алдымен адамның алтын басын кезге ілмеуге, қадір-қасиетін елемеуге соқтмрып, бірімен-бірі "зорас-ти" десіп өте шығатын нәрсіздікке, парықсыздыққа, салқын-дыққа душар етті. Сейтіп, халқымыздың атам заманнан келе жатқан бір-біріне иба керсетіп, таныған-танымағанына қарамай, сәлемдесу, үлкендердің алдынан кесе етпеу, қос қолдап қол алысу, таңертең ұйқыдан тұрғаңда, ата-анаға, жасы үлкендерге сәлем беру сияқты аяулы, адамшылық салтымыз "ескіліктің қалдығы" ретінде құстаналанып, бәрімізге бірдей міндетті әдеп нормасынан шығып қалды. Мектептердің көпшілігінде оқушылар сәлемдесуді ерен санамай, адамдар арасында жатырқаушылық Ислам дінінде салемдесу мен рұқсат сүрау әдептіліктің ен үлкені деп үйретіледі. Құранда: "Өз уйіңізден басқа уйге рұсат сурамай Һәм ешем бермей кірмеңіз. Рұқсат сурап, сәлем беріп кіру жөн.

Ислам рұқсат сұрау мен сәлем беруді шариғатқа (намазға) кіргізген және сонымен қатар адамдарға бір-бірінен сәлемді қабыл алып, жауапты жақсылап қайтаруды бұйырады: "Еер сізге сәлем берілсе, сіз онан жақсырақ болмаса да, тап өзіндей етіп жауап қайтарыңыз". ("Ниса" сүресі, 86-аят. ) Мүхаммед пайғамбардан: "Исламның ең жақсы сипаттары қайсылар ?" - деп сұрағаңда, ол: "Аштарға тамақ беру, танитын һәм танымайтьмдарға сәлем беру", - деп жауап берген.

Қазақ елінің дәстүрі бойынша да таныс, бейтаныстытына қарамай, жасы кішінің үлкенге бірінші болып сәлем беруі міндет. Біз өзіміздің ұлттық рухымызды тіктеп, халықтық негіздерге бетбұрыс жасап отырған қазіргі кезде ұсақ-түиекке санамай, әдеттілік, имаңдық негізі болып табылатын.

Дарласу әдебіне: жасы үлкендерге, көпшілікке, отырғандарға сәлем беру салтымызды үйде, балабақша, орта және жоғары оқу орындарыңда қайта жаңғыртуымыз, қалпына келтіруіміз керек.

Сәлемдесудің түп негізі жылы шырай, кіші пейілділік екенін, оған үлкеңдер де лайықты жауап қатьш: "Көп жаса, балам!", "Ғасыр-жасың ұзақ болсын!" - деген сияқты ізгі тілек, ықылас-пейіл көрсетіп отыруы мамыра жай көңіл жақыңдық, жарастық нышаны болатынын ұмытпаған жөн. Сәлемді сәлқос қабылдау, қолының ұшын ғана беріп, кекірею, жақтырмаған кейіп таныту -инабатсыздық, ожар-тәқаппарлық белгісі, оны халық парасатсыз-дыққа, көргенсіздікке санайды. Шыныңда да, ашық қабақпен, күлімсіреп берген сәлем адамның жан дүниесін жадыратып, әлгі көрініс көпке дейін көңілдеңдіріп, жадыңда жүрмей ме?

Алайда, шынайы әдептілік тұрғысынан алғанда, "ас- салаумағалейкум деп айтып, бір міңдеттен құтылғаңдай болатын тоқ-торыс сәлемнің ізеттілік емес екенін, қайта кісі көніліне қаяу түсіретін қылық болып шығатыны белгілі. Сәлемдесудін әдеп ретіндегі ең басты шарты - жылы шырай. Онда сәлем беруші мен сәлем алушының қас-қабақ, бет-жүз құбылысы, даусы маңызды қызмет атқарады. Қабағы түнеріп, жүзін суып немесе сүйкшсіз тыржитып, бар кету немесе естілер-естілмес етіп міңгірлеп, ернін жыбырлата салудың шынайы сәлемдесуге үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Өйткені мұның бәрі адамның өзіне емес, өзгеге бағытталған. Сәлем алушы үшін мұның бәрі маңызды. Айталық, көз кереді, аяқ жүреді, ауыз жұтады - осылардың бәрі сенің өзіңе қызмет етеді. Тек жылы жүз, миықтағы күлкі, әуезді үн - айналадағы адамдардын еншісі. Және бұлар басқалардың сенімен жайдары, жақсы қатынаста болуы тілектестік, ниеттестік үшін, тоң-торыс, жайсыз сезімдер көңілді абыржытып, жанды жараламауы үшін қажет. Сол себепті де әркім сәлемдесуді ғана емес, қалай сәлемдесуді білуі, өзінің қас-қабак, бет-жүз, дауыс құбылысын қадағалап, алдындағы адамға жақсы әсер қалдыратындай болуына талпынуы, машықтанып, үйренуі керек. Мың сан жыл бұрынғы ата салты мен қазіргі заманғы болмысын әсем үйлестірген әлемдегі ең өркениетті және әдепті ел саналатын жапондықтардың қыздарын қаршадайынан бастап тіпті ұйықтап жатқанда да, жүздері күлімсірегендей жылы болуына үйретулері мәнсіз деп айта аласыз ба?. .

Осы күнгі жастар, әсіресе, орысша сауаттылау жастар бірін-бірі көргенде, сәлемі мен орысша боқтығын қабат тепегенде, тебе шашың тік тұрады. Мұңдай жастардың өзбек те, қарақалпақ та, қырғыз бен қазақта болмағанын тілейсің. Бірақ . . . Көпшілікке сәлем беруші олардың арасында өзінің суқаны сүймейтін немесе түс шайысып қалған кісісі болған жағдайда да, онысын басқаға сездірмей, ашық ажар, айқын дауыспен сәлемдесуі ләзім.

Мұндай жағдайда әлгі дүрдараз кісі де сәлем берушінің сәлемін алуға тиіс. Қол берісіп көріскенде, бір-бірінің қолын қатты қысып, ауырту әдепке жатпайды. Жастардың үлкендерге қалшиып тұрып, бір қолын ұсынуы да жараспайды, шапалақты шарт еткізу де әдептілік емес. Сондай-ақ немкетті, саусақтарын былқ еткізіп ұстата салу, біреумен амандасып жатқанда, көз-кеңілің басқа жақта тұруы - әдепсіздікпен парапар. Мұндай қылық кісінің көңілін жығады. Ал топ адамның ішінен танитын немесе атақты-абыройлы деген бір-екеуімен ғана алалап сәлемдесіп, қол алысу - барып тұрған әдепсіздік. Бұл сәлем берілген адамдардың өзін ыңғайсыз жағдайда қалдырады да, сәлем берілмегендер үшін ашықтан-ашық қорлау болып табылады.

Әйелдермен, қыздармен амандасу ер адамдар тарапынан ерекше иба, ізеттілікті, сыпайы, сынык көзқарасты талап етеді. Әйелдер әйелдермен көріскенде, құшақтасып амандасу жиі кездеседі. Ол да орынды. Кейде ұзақ уақыт керіспеген аға-іні, ет жақын ағайын-туыс, құда-жекжат, дос-жарандар сәлемдесіп қана коймай, құшақтасып амандасады. Қазақтар арасында егде жастағы кұда мен кұда, кұда мен құдағилардың "төс қағыстыру" деген кезекпен оң жақ, сол жак кеуделерін тиістіріп керісу салты бар.

Бұл езі сағынысып керіскен туған кұда, сарсүйек жекжаттар ара- сындағы парасатты, салтанатты, жарастық ишарасы болып есептеледі.

Мұндай дәстүрлік амандасудын бүгінде қайта жандана бастағаны байқалады.

Соңғы ондаған жылда батыстың, әсіресе, еліміз бен жерімізді кеулеп кеткен жат жұрттықтардың әсерінен көптін арасында басқалардың көзінше үлкен-кіші, қыз-қырқын демей, бетінен, аузынан сүйіп амандасу етек алды.

Мұның езі - біздін. халкымыздың, мұсылман түркілерінің әдептілік зандарына жат, кереғар, ұнамсыз қылық. Біздің байырғы және тектілік салты бойынша, оңдай сүйісулер әдепсіздік, ұятсыздық саналады. Ата-ана ұл-қызын бауырына басып, маңдайынан, бетінен сүйіп көріседі, ата-ене күйеу баласынын, келінінің мандайына ернін тигізеді. Жеңгесі қайын сіңлісін, апалы-сіңлілер бір-бірін бетінен сүйін, шат қимыл, жарқын жүзбен құшақтасып керіседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз этикет бірліктерінің қолдану орны мен жұмсалу аясы
Сәлем - сөздің атасы
Тілдік норма - тілдік әдебиеттілігінің бір белгісі
Сөз құдіреті
Сәлемдесу
Көркем шығармадағы бейвербалды амалдар
Іскерлік қатынастың регламенттелуі
Сәлемдесу түрлері
Кеңестік дәуірдегі дамуына орыс тілінің тигізген әсері
Сөз этикетінің қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz