Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен қорықтар тізімі


Жоспары

І. Кіріспе - Қызыл кітаптың қызметі

ІІ. Негізгі бөлім.

а) Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар тізімі

б) Қорық түрлері

ІІІ. Қорытынды

Қызыл кітап

Адамның іс-әрекеттерінің нәтижесінде Қазақстанның табиғи жағдайлары көп өзгерістерге ұшырады. Бұрынғы өзен-көл маңындағы орман-тоғайлар аяусыз кесілді. Бір кезде кең байтақ даламызда үйір-үйірмен жүретін құланның, жабайы жылқы - тарпанның, тоғай бұғысы мен жолбарсытың жойылуына да адам кінәлі .

Жүздеген жылдар бойы шаруашылық мақсаттар үшін ағаштарды кесуге, құстарды, сүтқоректілерді, балықтарды жыртқышпен аулауға шек қойылмады. Мұндай жағдай жер бетіндегі өсімдіктер түрлерін, кәсіптік жануарлар санын күрт азайтты. Кейбір түрлер мүлдем жойылып кетті. Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы адам өміріндегі қадір-қасиетін, пайда - маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелегн.

“Ер - елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі”, “Бір тал кессең, он тал ек”, “Дәрі - шөптен шығады, дана - көптен шығады”, “Қорада малың болсын, көшеңде талың болсын”, “Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті”, “Дала көркі - мал, өзен көркі - тал”, “Нар - түйеден, тұлпар - биеден”, “Мал өсірсең - қой өсір, өнімі оның көл-көсір”.

Халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі құралдары бар. Солардың бірі - тыйым салатын сөздер: “Көк шөпті жұлма, таптама”, “Көктемде жан-жануарларға тиіспе”, “Үйге кірген жыланға ақ құйып шығар”.

“Қызыл кітап” сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда “Қызыл кітап” тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылымы 1991 жылы, 3-ші басылымы 1996 жылы шығарылды. Мұнда балықтардың 16 түрі, бақалардың 3 түрі, жорғаулаушылардың 40 түрі енгізілген.

Қызыл кітап - өз алдына ерекше кітап. Қазақстан Республикасы Қызыл кітабында тіркелетін жануарлар 5 санатқа бөлінеді.

Олар І санат - жойылып бара жатқан түрлер мен түртармақтары; ІІ санат - саны азайып бара жатқан түрлер мен түртармақтары; ІІІ санат - сирек түрлер мен түртармақтары; VІ санат - белгісіз түрлер мен түртармақтары және V санат - қалпына келтірілген түрлер мен түртармақтар.

Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүргізіліп келеді. Бұл мемлекетті маңызды іс қазіргі негізігі міндет - Қызыл кітапқа тіркелген түрлер мен түршелерді ғана қорғау емес. Сонымен бірге ғаламға белгісіз түрлерін жергілікті жерлерде зерттеу. Олардың ғаламшардан мүлде жойылып кетпеуіне үлес қосу.

Қызыл кітапқа енген жануарлар :

Шортан тәрізді ақмарқа.

Туыстың әр жерде таралған екі түрінің бірі. Әмудария мен Сырдария су алқабының өзендері, каналдары мен суқоймаларының тегістіктегі бөліктерінде тіршілік етеді. Ұзындығы 50см., салмағы - 3 кг. Саны барлық жерде өте аз. Соңғы жылдары таралу аймағы, әсіресе Қазақстанда тарылды. Өзендердегі су құрылыстарының және суару жүйелерінің әсерінен бізде жойылып кету қаупі бар, соңғы 40 жылда кездеспеген. Оны республикада қолдан өсіруді ұйымдастырып, сондай-ақ суару жүйелеріне өткізбейтін шараларды күшейту керек.

Бидайық.

Жойылып кету қаупі бар өте сирек түр. Африка, Орталық Азияның тауларында тіршілік етеді, ол Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы таулардың шағын аймақтарын мекендейді. Қазақстанда саны өте аз, солардың алтауы Алматы қорығында ұялайды. Алматы қаласында күз және қыста 1-5 бидайықты кездестіруге болады. Санының азаю себептері және жалпы тіршілігі туралы деректер жоқ. Олардың ұяларын тауып, оны қорғау керек және қолдан өсіру әдістерін зерттеу қажет.

Қарақал.

Сирек, жойылып бара жатқан түр. Маңғыстау мен Үстіртте таралған: сексеуіл, бұталар өскен құмдар мен құс-жартастарда мекендейді. Қазақстанда бірнеше ондаған бас есептелінген. Санының азаюына негізгі себептері-қатал әрі қары көп қыс және қаскерлік. Қолда өсіп-өнеді. Ташкент хайуанаттар паркінде 1968-1970 жылдары төрт рет күшіктейді. Үстірт қорығы мен екі қорықшада қорғалады. Маңғыстауда қорғалатын аумақтар жүйесін құруды реттеу қажет.

Қаратау арқары.

Өте сирек, жойылуға жақын. Тек Сырдария Қаратауында ғана таралған, таудың жазықтау жоталарын мекендейді. Жалпы саны - 100 бас. Санының азаюының негізігі себептері - қаскерлік және ол мекендейтін жерлерде малды (әсіресе қойды) шектен тыс жою. Арнайы қорғатын орындар жоқ. Қаратау қорығын ұйымдастыруды тездету қажет.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЗЫЛ КІТАБЫНА ЕНГІЗІЛГЕН

ЖАНУАРЛАР ТІЗІМІ

А. Омыртқалы жануарлар (1996)

БАЛЫҚТАР

Каспий миногасы - 1-ші дәреже

Сырдария таубекіресі - 1-ші дәреже

Пілмай, арал бекіресі - 1-ші дәреже

Еділ майшабағы - 2-ші дәреже

Каспий албырты - 1-ші дәреже

Арал албырты - 1-ші дәреже

Таймень - 2-ші дәреже

Ақбалық нельма - 1-ші дәреже

Күтім - 3-ші дәреже

Шортантәрізді ақмарқа - 1-ші дәреже

Арал қаязы, теңге балық - 2-ші дәреже

Түркістан қаязы, теңге балық - 2-ші дәреже

Көкбас, осман - 1-ші дәреже

Шу сүйрік қанаты - 1-ші дәреже

Балқаш алабұғасы - 2-ші дәреже

ҚОСМЕКЕНДІЛЕР

Жетісу аяқты балығы - 3-ші дәреже

Даната құрбақасы - 4-ші дәреже

Қызылаяқ бақа - 2-ші дәреже

БАУЫРМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР

Жұмырбас шұбар кесіртке - 3-ші дәреже

Зайсан жұмырбас кесірткесі - 3-ші дәреже

Кесел - 2-ші дәреже

Сары жылан - 3-ші дәреже

Үлкен көз кесіртке - 4-ші дәреже

Шұбар кесіртке - 4-ші дәреже

Жолақ қара шұбар кесіртке - 3-ші дәреже

Қызылжолақ қарашұбар жылан - 3-ші дәреже

Сарыбауыр қарашұбар жылан - 3-ші дәреже

Төртжолақты қарашұбар жылан - 4-ші дәреже

ҚҰСТАР

Қызғылт бірқазан - 1-ші дәреже

Бұйра бірқазан - 2-ші дәреже

Сары құтан - 2-ші дәреже

Кіші аққұтан - 3-ші дәреже

Қалбағай - 2-ші дәреже

Қарабай - 2-ші дәреже

Ақ ләйлек - 3-ші дәреже

Қара ләйлек - 3-ші дәреже

Қоқиқаз - 2-ші дәреже

Қызылжемсаулы қарашақаз - 2-ші дәреже

Қытай қазы, қутұмсық - 1-ші дәреже

Кіші аққу - 5-ші дәреже

Мәрмәр шүрегей - 1-ші дәреже

Алакөз сүңгуір - 3-ші дәреже

Дентұмсық тұрпан - 3-ші дәреже

Қара тұрпан - 3-ші дәреже

Ақ бас үйрек - 1-ші дәреже

Балықшы тұйғын - 1-ші дәреже

Жыланжегіш қыран - 2-ші дәреже

Бақалтақ қыран - 3-ші дәреже

Дала қыраны - 5-ші дәреже

Қарақұс - 3-ші дәреже

Бүркіт - 3-ші дәреже

Кезқұйрықты субүркіт - 1-ші дәреже

Аққұйрықты субүркіт - 2-ші дәреже

Сақалтай - 3 -ші дәреже

Жұтшы - 3-ші дәреже

Құмай - 4-ші дәреже

Ақсұңқар - 3-ші дәреже

Ителгі - 1-ші дәреже

Бидайық -1-ші дәреже

Лашын - 1-ші дәреже

Алтай ұлары - 2-ші дәреже

Ақ тырна - 1-ші дәреже

Ақбас тырна - 5-ші дәреже

Көкмаңдай - 2-ші дәреже

Дуадақ - 1-ші дәреже

Безгелдек - 2-ші дәреже

Жорға дуадақ - 2-ші дәреже

Тарғақ - 1-ші дәреже

Орақтұмсық - 3-ші дәреже

Құртамыш шалшықты - 1-ші дәреже

Тарбақ шырғалақ - 4-ші дәреже

Қарабас өгіз шағала - 2-ші дәреже

Реликті шағала - 1-ші дәреже

Қарабауыр бұлдырық - 3-ші дәреже

Ақбауыр бұлдырық -3-ші дәреже

Қоңыр кептер - 3-ші дәреже

Үкі - 2 -ші дәреже

Іле жорға торғайы - 3-ші дәреже

Көкқұс - 5-ші дәреже

Үлкен құралай - 4-ші дәреже

СҮТҚОРЕКТІЛЕР

Көптісіті жертесер - 3-ші дәреже

Жұпар - 2-ші дәреже

Иконников жарқанаты - 4-ші дәреже

Ақбауыр жарқанаты - 3-ші дәреже

Кеңқұлақты жарқанат - 3-ші дәреже

Қызыл қасқыр - 1-ші дәреже

Тянь-Шань қоңыр аюы - 3-ші дәреже

Орта Азия өзен құндызы - 3-ші дәреже

Орман сусары - 3-ші дәреже

Еуропа қара күзені - 1-ші дәреже

Шұбар күзен - 3-ші дәреже

Ит аю - 1-ші дәреже

Орта Азия өзен құндызы - 2-ші дәреже

Қабылан - 1-ші дәреже

Шағыл мысығы - 3-ші дәреже

Сабаншы - 3-ші дәреже

Қарақал - 1-ші дәреже

Түркістан сілеусіні - 3-ші дәреже

Түркімен құланы - 2-ші дәреже

Тоғай бұғысы - 1-ші дәреже

Қарақұйрық - 3-ші дәреже

Үстірт арқараы - 3-ші дәреже

Алтай арқары - 1-ші дәреже

Қызылқұм арқары - 1-ші дәреже

Қазақстан арқары - 3-ші дәреже

Тянь-Шань арқары - 2-ші дәреже

Көк суыр - 2-ші дәреже

Үнді жайрасы - 4-ші дәреже

Жалман - 3-ші дәреже

Дала жануарлары

Үлкен сарышұнақ - Қазақстандағы 6 түрдің бірі. Сарышұнақ кескіні - далада тұрған “дінгек” сияқты, бұл кез - келген адамға таныс. Салмағы 100-150г. кеміргіш, шөп пен тамырдан басқа, астық тұқымдарымен қоректенеді, сөйтіп зиянкестік жасайды. Інде тіршілік етеді. Жылына 1 рет 6-дан 14-ке дейін ұрпақ береді. 6-дан 9-ға дейін қысқы ұйқыда болады. Сарышұнақ - кез-келген жыртқыштың күткен олжасы, себебі барлығының күші жетеді. Қазақстанда жылына 2 млн. -ға жуық сарышұнақ терісі дайындалады.

Қасқыр - аты барлық адамға бала кезінен таныс. Негізінде қасқыр - күшті, батыр, ержүрек, жыртқыш, ақылы мен айласы түлкіден асып түседі. Үлпілдеген құйрығы мен аяқтары ұзын, сымбатты да күшті жыртқыш ірі овчаркаға ұқсайды (денесінің ұзындығы 100-130 см, салмағы 20-35 кг), терісі ашық сұр түстен қара түске дейін болады. Қасқырлар 15-16 жыл өмір сүреді. Жазда жұп болып өмір сүреді. Аналығы 2-ай буаздықтан кейін, 14-ке дейін бөлтірікті дүниеге алып келеді. Қазақстанда 30 мыңнан астам қасқыр бар, жылына 12-13 мың қасқыр терісі дайындалады. Қазақстанда қасқырды жыл сайын атуға рұқсат етілген . Бірақ қасқырды түгелдей жоқ қылып жіберуге болмайды.

Орманды дала жануарлары

Елік - Қазақстанның солтүстігінде орманды аймақтардың оңтүстіктегі таулы ормандарға дейін кең таралған шағын, әсем бұғы. Аталығының ең жоғарғы салмағы 37- кг, аналығы кішілеу болады. Аталығының мүйізі кішілеу, бірақ өте әдемі, үш өсіндісі бар. Күйлеу- уақыты шілде-қыркүйек. 9-айлық бұғаздықтан кейін, аналығы 2, сирек 3 өте әдемі төлдерін туады. 12-жыл өмір сүреді. Қазақстанда 18-20 мың елік бар.

Қырғи - (салмағы 150-300 г) - нағыз орман жыртқышы. Қысқа жалпақ қанаты ұзын құйрығымен бұтақтар арасынан жемтігін қудалауға өте ыңғайлы. Жемтігі - құстар. Ұяларын өздері ағаш басынан салады.

2-5 (көбіне 3-4) ақшыл түсті сирек теңбілдері бар жұмыртқаларын аналығы 30 күнде басып шығарады.

Мысық - торғай (сарғалдақ) - біздің еліміздегі тропикалық туыстың жалғыз өкілі. Кескін мен пішіні сайраққа ұқсас, бұл құс баршаға таныс (салмағы 60-90 г) . 3-5 қарамен шимайланған қызғылт жұмыртқаларын аналығы 13-15 күнде басып шығарады, аталығы кейде ауыстыру мүмкін. Жылына бір рет балапан шығарады.

Шөп бақа - Қазақстандағы бақалар туысының 4 өкілінің бірі. Ірі бақа, ұзындығы 10 см. Денесі ашық сұр, ашық сары түстен қара түске дейін боялған. Аналығы 1, 5 мыңнан 4 мыңға дейін уылдырық шашады.

Су қоймалар жануарлары

Майқап - Қазақстандағы албырттардың бір өкілі. Оңтүстік Алтай өзендері мен Марқакөл көлін мекендейді. Бұл қара қоңыр жалтыраған жыртқыш балықтың салмағы 2, 5кг. 4 жылдан кейін жынысты жетіледі.

Жайын - Қазақстандағы жайынтәрізділер отрядының жалғыз өкілі, көпке танымал балықтың бірі. Бұл қорек талғамайтын балық Жайын тез өседі, 3-4 жылдан кейін жынысты жетіледі. Ұзындығы 5 метрге, салмағы 300кг дейін жетеді.

Мұртты шымшық - қамыс өскен су қоймаларында тіршілік ететін торғай тектес құс. Бұл әдемі, сымбатты құстың ұзындығы 10см, салмағы 15-18г, ұзын сатылы құйрықты, денесінің төменгі жағы ақшыл, жалпы түсі сарғыш. 4-6 сирек дақты ақ жұмыртқаларын 15-16 күнде басып шығарады, содан кейін балапандары осынша уақыт ұяда болады.

Алтай жануарлары

Құну - сусарлар туысындағы жыртқыш сүтқоректі. Бұл аңның шомбал денесі борсықты еске түсіреді, бірақ құну ірілеу (денесінің ұзындығы 1м, салмағы 30кг), аяқтары ұзындау, құйрығы қысқалау. Қалың тайгада кең тараған аң Қазақстанда тек Алтай тауы ормандарында кездеседі. Маусым -шілдеде күйлейді. Аналығы ақпан - сәуірде 2-3 төлін дүниеге әкеледі

Лашын - ірі сұңқарлар өкілі, Қазақстанда төрт түрі (лашын, бидайық, ителгі, ақсұңқар) бар. Лашынның дене пішіні орташа (салмағы 500-1000г, қанатының құлашы 113 см) . 2-4 ашық сары жұмыртқаларын аналығы 28-30 күнде басып шығарады. Аталығы оған жем тасиды. Қазақстан Қызықл кітабына енгізілген және қатаң қорғауды қажет етеді.

Тянь-Шань жануарлары

Таутеке немесе Сібір тау ешкісі - едәуір ірі (ұзындығы 1, 5м, салмағы 130кг. ) тұяқты жануар, Азия континетінің тауларын мекендейді. Арқасында қара жолағы бар сұр қоңыр түсті жануар. Аналығының мүйізі қысқа, 40см. Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатай және Оңтүстік Алтайды мекендейді. Таутеке спорттық және кәсіптік аң аулау нысаны.

Барыс немес ілбіріс - күшті, дембелше, ұзын құйрықты (денесінің ұзындығы құйрығымен 225-250см, салмағы 40кг), терісі теңбілді мысық. Мәңгі қарлы тау етегінді тіршілік етеді. Уақытының көбін жеке өткізетін барыс, ерте көктемде шағылысып, үш айдан кейін көктемнің соңында құз арасындағы апанда 1-5, көбіне 2-3 ұрпағын береді. Барыстар 15 жыл өмір сүреді. Тұяқтылардан басқа, сарышұнақ, қоян, кекілік, ұлармен қоректенеді. Барыс - өте сирек кездесетін аң, сондықтан Қызыл кітаптың барлық түріне енгізілеген.

Қорықтар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызыл кітап
Марқакөл қорығының флорасы мен фаунасын қорғау
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының табиғат қорғау ісіндегі рөлі
Ақсу-Жабағылы қорығындағы құстар әлемі
Қорықтар. Қазақстанның қызыл кітабы
Ақсу-жабағылы қорығы
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің экологиялық жағдайы
Қорықтардың қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі
Қазақстанда сирек кездесетін жануарлар дүниесін қорғау
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz