Тіршіліктің пайда болуы жөніндегі Опариннің теориясы



Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жөніндегі мәселе- биологиядағы ең бір күрделі мәселе.Ерте заманнан бастап күні бүгінге дейін тіршіліктің пайда болуы туралы шексіз көп жорамалдар,пікірлер айтылып келеді.
Тіршіліктің жер бетінде пайда болуы жайындағы осы кездегі теориялардың ішінен,қазіргі биохимиялық зерттеулердің негізінде Энгельстің көзқарасын қолдап,дамытып отырған тыянақтырағы акдемик А.И.Опариннің теориясы.
Бұл теория бойынша жер бетінде тіршілік шығуына жеткізген процесті негізгі үш кезеңге жіктеуге келеді:бірінші кезең- органикалық заттардың пайда болуы,екінші кезең-белоктардың пайда болу дәуірі,үшінші кезең- белокты денелердің пайда болу дәуірі.
Бірінші кезең органикалық заттардың пайда болуы.Барлық организмдер негізінен органикалық заттардан құралған, онсыз тіршіліктің болуы мүмкін емес.Қазіргі кезде жер бетінде органикалық заттар фотосинтез және хемосинтез процестерінің нәтижесінде пайда болады.Алайда органикалық заттардың биогендік жолмен түзілуі,Жерді организмдер мекендеген кездегі біздің дәуірімізге тән сипат.Тіршілік пайда болмай тұрғанда қарапайым органикалық заттар таза химиялық жолмен пайда болғанына көз жеткізу қиын емес.Бұған Күн атмосферасының және басқа жұлдыздар мен планеталардың атмосфераларының химиялық құрамын зерттеу нәтижелері дәлел болады.
Күннің атмосферасында көмірсутектері (метан т.б) түрінде қарапайым органикалық заттар бар екендігін анализ көрсетті.Күннің бетінде температура 6000 градустан жоғары болғандықтан онда организм өмір сүре алмайтындығы өзінен-өзі түсінікті.Сондықтан онда көмірсутектер организмдердің қатысынсыз,яғни абиогендік жолмен түзіледі.Көп мөлшердегі көмірсутектері,соның ішінде метан,Юпитер бетінде орналасқан.Оның температурасы-1350.Бұл температурада тіршілік үшін қолайсыз.Бұған қарамастан,мұнда органикалық заттар бар.Метеоридтерді зерттеу өте көрнекті жұмыс.Олардың көбінен көмірсутектері табылды, кейде оның өте күрделі түрлері және олардың күкіртті және сутекті туындылары да бар екендігі анықталды.
1)А.А.Северцов «Основы теории зволюции». Москва “Высшая школа”1987г
2)А.В.Яблоков, А.Г.Юсуфов «Эволюционное учение». Москва “Высшая школа” 1976г.
3)Ф.Н.Правдин «Дарвинизм», Алматы “Мектеп баспасы” 1973ж

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

Тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы жөніндегі

Опариннің теориясы.

Орындағандар: Жолдасова.Ж

Тексерген: Жунисбаева.Ж

Алматы 2011 жыл

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жөніндегі мәселе- биологиядағы ең
бір күрделі мәселе.Ерте заманнан бастап күні бүгінге дейін тіршіліктің
пайда болуы туралы шексіз көп жорамалдар,пікірлер айтылып келеді.
Тіршіліктің жер бетінде пайда болуы жайындағы осы кездегі теориялардың
ішінен,қазіргі биохимиялық зерттеулердің негізінде Энгельстің көзқарасын
қолдап,дамытып отырған тыянақтырағы акдемик А.И.Опариннің теориясы.
Бұл теория бойынша жер бетінде тіршілік шығуына жеткізген процесті
негізгі үш кезеңге жіктеуге келеді:бірінші кезең- органикалық заттардың
пайда болуы,екінші кезең-белоктардың пайда болу дәуірі,үшінші кезең-
белокты денелердің пайда болу дәуірі.
Бірінші кезең органикалық заттардың пайда болуы.Барлық организмдер
негізінен органикалық заттардан құралған, онсыз тіршіліктің болуы мүмкін
емес.Қазіргі кезде жер бетінде органикалық заттар фотосинтез және
хемосинтез процестерінің нәтижесінде пайда болады.Алайда органикалық
заттардың биогендік жолмен түзілуі,Жерді организмдер мекендеген кездегі
біздің дәуірімізге тән сипат.Тіршілік пайда болмай тұрғанда қарапайым
органикалық заттар таза химиялық жолмен пайда болғанына көз жеткізу қиын
емес.Бұған Күн атмосферасының және басқа жұлдыздар мен планеталардың
атмосфераларының химиялық құрамын зерттеу нәтижелері дәлел болады.
Күннің атмосферасында көмірсутектері (метан т.б) түрінде қарапайым
органикалық заттар бар екендігін анализ көрсетті.Күннің бетінде температура
6000 градустан жоғары болғандықтан онда организм өмір сүре алмайтындығы
өзінен-өзі түсінікті.Сондықтан онда көмірсутектер организмдердің
қатысынсыз,яғни абиогендік жолмен түзіледі.Көп мөлшердегі
көмірсутектері,соның ішінде метан,Юпитер бетінде орналасқан.Оның
температурасы-1350.Бұл температурада тіршілік үшін қолайсыз.Бұған
қарамастан,мұнда органикалық заттар бар.Метеоридтерді зерттеу өте көрнекті
жұмыс.Олардың көбінен көмірсутектері табылды, кейде оның өте күрделі
түрлері және олардың күкіртті және сутекті туындылары да бар екендігі
анықталды.
Тіршілік пайда болғанға дейін, басқа аспан денелеріндегідей, қарапайым
көмірсутектері жерде таза химиялық жолмен түзіліп отырды.Жер планетасының
құрамында карбид түрінде ,яғни көмірсутегі мен металдардың анаорганикалық
қосылыстары көп.Сірә Жердің орталық ядросы тұтас карбидтен құрылған,оның
көбі темірдің,никельдің және кобальттің карбидтері болуға тиіс.Бұл
металдардың карбидтері терең жатқан породалар,түрінде бола тұрсада, өте
ерте кезде олар Жердің үстіңгі бетіне шығып қалуы да мүмкін еді.Жер шарының
бірқатар жерлерінде когенит минералдары түрінде карбидтердің жер бетіне
шығып жатқаны белгілі.
Д.И.Менделеев балқыған карбидтермен су әрекеттескенде көмірсутегінің
түзілетінін көрсеткен болатын.Мұнда су молекуласындағы сутегі көміртегіне
қосылып көмірсутегін құрайды.Мысалы, алюминий карбиді сумен әрекеттескенде
алюминий тотығының гидратын және метан түзеді; кальций карбиді сумен
реакцияға түскенде кальций тотығының гидраты және ацетилен түзіледі.Соңғы
жылдары бірқатар когенит кендерінде көмірсутектерінің түзілгендігі
анықталды,мұның үлкен мәні бар.Өте ертедегі тіршілік жоқ дәуірлерде
көмірсутектерінің осылайша түзілгеніне күмандануға болмайды.
Біздің астрономдарымыз- академик В.А.Амбарцумян,В.Г.Фесенков және
О.Ю.Шмидтің зерттеулері жұлдыздар мен планеталар системаларының, соның бірі
біздің жұлдыз системамыздың түзілу процесін түсінуге мүмкіндік туғызып
отыр.Біздің жұлдыз системамыз көптеген жұлдыздардың жиынтығы,соның бірі
Күн.Осы сияқты жұлдыздардың көлемді систематикасы Галактика делінеді.Біздің
Күн айналамыздағы планеталар мен бірге Галактика құрамына енеді.Осы
Галактика құрамында 150 миллиардтай жұлдыздар бар.
Астрономиялық зерттеулер,жұлдыздарда және планеталар системалары да газ-
тозаң түріндегі заттардан пайда болғанын көрсетіп отыр.Біздің
Галактикамыздағы заттардың бәрі жұлдыздар мен планеталарда шоғырланған
емес,сол заттардың жартысына жуығы газ және тозаң майда бөлшектері түрінде
шашылып тарап жүр.Кейбір жағдайларда, осы газ-тозаң материя біршама тығыз
бұлт түрінде
шоғырланып,жай көзгеде көрінеді.
О.Ю.Шмидтің гипотезасы бойынша Күн систематикасындағы планеталар
космостық тозаң бұлтынан пайда болды.Бұл бұлттарды Күн өзінің түзілу
дәуірінде немесе одан кейінірек Күн Галактикалық тозаң бұлтымен кездескен
кезінде ұстап қалған.Сол ұстап қалған бұлттың көлемі қазіргі күн
системасының көлемінен әлде қайда артық болды деп болжанады.Сол тозаңдық
бұлт одан әрі қоюланып бөлшектеніп Күнді айналып жүрді.Одан Жер және күн
системасынан басқа планеталар пайда болды.
Шмидтің гипотезасы бойынша Жер қатты бқлшектерден түзілді,алғашқы даму
сатысында ол салқын болды,Кант-Лаплас гипотезасында айтылғандай отты
балқыған емес,Жер қойнауы,негізінен,радиоктивті ыдырау салдарынан кейін
қызды.Оның балқуына байланысты, салмақ күшінің әсерімен ондағызаттар
біртіндепорын алмастыра бастады:ауырлары жердің ортасына шөгеді,жеңілдері
қалқып үстіне көтеріледі.Жер қабығының түзілуі өте ұзаққа созылған
процесс,бұл процесс жер шарының әр жерінде әртүрлі жүрді.Жердің қабығы жер
қойнауының балқу процесіне жеңіл тау жыныстарының жоғары ығысып шығу
нәтижесінде пайда болды.Осы жағдайда балқыған карбидтер жер бетіне шығып
сумен өзара әрекеттесуі де мүмкін болатын.
Галактикадағы газ-тозаң заттарды химиялық зерттеу,онда металдар және
олардың тотықтары мен қатар сутегі,аммиак су және қарапайым көмірсутегі-
метан болатындығын анықталады.Сірә,Жерді түзген газ-тозаң материяның
құрамында осы заттардың бәрі болған болуы керек.
Екінші кезең-белоктардың түзілуі Америка ғалымы М.Кальвин, Жердің
жасы 4,7 миллиард жыл шамасында,оның бастапқы жаралған кезінде өзін қоршап
тұрған атмосферада бос оттегі болған жоқ,демек,атмосфера тотықсыздандырғыш
қалыпта болды деген ғылымда көбіне ынтымақтастық бір пікірді көрсетеді.
Осы кезде күн сәулесінің қысқа ультракүлгін толқынды сәулесі жер
бетіне жете алғандай бар еді.Қазіргі кезде тек тірі материяның ғана
құрамында кездесетін көміртегінің қосылыстары,сол кезде ультракүлгін
сәулелердің энергиясын пайдаланатын фотохимиялық реакция арқылы
органикалық емес жолмен түзілген болуға тиіс.
Академик А.И.Опариннің теориясы бойынша алғашқы белоктың түзілуі мына
түрде түсіндіріледі.Қазіргі кезде,әр түрлі планеталардың атмосферасында
және метеориттердің құрамында СН4,NH3,H2O және басөа қарапайым заттар бар
екендігі анықталды.Ерте кездегі Жер атмосферасындағы сондай заттардан
күрделі қосылыстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А.опарин және оның тіршіліктің абиогендік жолмен пайда болуы теориясы
Тіршіліктің абиогендік жолмен пайда болу гипотезасы
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы
Биология және дүниенің эволюциялық бейнесінің қалыптасуы
Биосфера ұғымы
Гетерохрония және адаптация
Атмосферадағы оттегі эволюциясы
Тіршіліктің пайда болуы
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
Тіршіліктің жер бетіне шығу тегі болжамдары мен теориялары туралы мәліметтер
Пәндер