Құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары


Жоспары
Кіріспе
1. Құқықтың қайнар көздері
2. Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық - қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Ал құқықтық қатынас бұл - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.
Аталған құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары менің дипломдық жұмысымның арқауы болып отыр. Жұмыс үш тараудан тұрады, әр тарау 2 бөлімді қамтиды. “Құқық туралы түсінік” атты 1-ші тарауда құқық ұғымы жайлы жалпы түсінік пен оның белгілері және нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың алар орны жайлы сөз етіледі.
Құқық ұғымы жайлы түсінік бергенде, оның жалпы мәнін ашуға тырыстым. Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқықты ресми түрде танылған қоғам мүшелерінің әрекет ету мүмкіндігі деп қарастырса, келесіде “құқық” деп құқық нормаларының жүйеленген жинытығы деседі. Ендігі ретте “құқықты” оқу пәнінің ұғымы ретінде қолданылады делінеді. Осыдан өзге ғалымдар құқыққа субъективті де, объективті де тұрғыда анықтама беруге тырысады.
- Құқықтың қайнар көздері
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында былай делінген:
- Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
- Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешікім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
- Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
- Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше
көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада
азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады,
сондай-ақ міндеттер атқарады
- Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары1.
12. 1. Бұл бап Республикада адам қүқықтары мен бостандықтарын тану мен қорғаудың негізгі ережелері мен принциптерін тану мен қорғаудан тұрады.
Онда еліміздің қүқықтық жүйесінде адамның құқықтары мен бостандықтарын тану институты, сондай-ақ заң шығарушылардың оларды - экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси-құқьіқтық жағынан қорғалу кепілдігін қамтамасыз ету міндеттемесі бар екендігі танылған. Бұл кепілдіктер әртүрлі нысанда Конституцияның II-бөлімінің келесі бөлімдерінде де жазылған, алайда тұтас алғанда олар сығымдалып түсіндірілген деуге болады. Мысалы, саяси-қүқықтық кепілдіктер айтар-лықтай толық ашылса, әлеуметтік-экономикалык, және мәдени кепілдіктер ықшамдалып берілген2.
12. 2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің басты ілімі және негізгі принципі ретінде адамның табиғи құқығының теориясы тұжырымдамасы алынған. Сөйтіп, осы нормаға сәйкес заң шығарудың және заң қолданудың басты өлшемі олардың жеке адамның құқықтары мен бостандықтарына сәйкестігі болып табылады. Яғни, осы тармақ мемлекет саясатындағы жүйелік орталықтандырудан жеке бастық орталықтандырудың басымдығын ресми түрде орнықтырды. Ол мемлекеттің бұрынғы кеңестік режимі кезінде үстемдік еткен ұжымдық демократия тұжырымдамасынан ресми түрде бас тартуды білдіреді. Аталған қағиданың іс жүзінде қолданылуына әр заңды және әр заң жобасын гуманитарлық, оның ішінде қоғамдық сараптамадан өткізу және мемлекеттік органдардың қызметіне конституциялық бақылау жасау үшін іргелі негіздер қалау мүмкіндігін жатқызуға болады.
Еліміздің құқықтық жүйесінде бірлестіріліп жүйеленген табиғи-құқықтық теория құқықтың мемлекет қызметінен басымдығын табиғи түрде қамтамасыз етеді, сөйтіп Президентті қоса алғанда лауазымды адамдарға қоғамдық қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік туады.
12. 3. Осы тармақта адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі ерекшеленген. Егер адам құқығы тумысынан жазылған болса, азаматтың құқығы кейін пайда болады. Азаматтың құқықтық мәртебесіне табиғи түрде адам құқығы, сондай-ақ жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілдігі негізіне қызмет ететін, азамат пен оның мемлекеті арасындағы ерекше билік қатынастарын қоғамдық шарттар түрінде белгілейтін саяси қүқықтар мен міндеттер кешені кіреді. Азаматтың мәртебесі, осы аталғандарға қоса, тек құқықтар ұғымын ғана емес міндеттер ұғымын да қамтиды, айталық азамат иеленген саяси билікке деген құқығы осы билікті мемлекеттің осы адамға қатысты құқығының екінші жағы ретінде арнау міндетінің болуы қажеттігімен де ерекшеленеді.
12. 4. Конституцияның осы нормасына сәйкес шетелдіктер мен отансыз адамдардың (апатридтердің) Қазақстан Республикасы азаматтарымен әлеуметтік-экономикалық және тиісінше саяси салада азаматтық құқықтары мен міндеттерінің толық теңдігі белгіленген. Әдеттегідей, мемлекет азаматтары барынша кең саяси құқықтық субъектілікті пайдаланады, алайда жекелеген жағдайларда, айталық, дипломатиялық корпус үшін, Республиканың халықаралық келісім жасасуларынан туындайтын ішінара ерекшеліктер болуы мүмкін.
12. 5. Осы норма бұзылған жағдайда кері зардаптарға әкеліп соқтыруы мүмкін құқықтары мен бостандықтарын жеке адамның іске асыруының шегін орнықтырады. Бұл, мысалы, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтары, конституциялық құрылыс және қоғамдық; имандылық. Аталған шектеулер құқықтық практикада жалпыға мәлім шектеулер болып табылады. Мәселе заң қолданушылардың осы шектеуді түсінуіне келіп тіреледі. Орталықтандырылған құқықтық саясат кезінде мұндай түсіндірме бүкіл ел "көлемімде айтарлықтай жеңіл таратылуы да, кеңейтілуі де мүмкін, ол - қорғауды, тіпті жеке адамның құқықтық мәртебесінің өзін биліктің толық жоққа шығаруына мүмкіндік жасайды. Сондықтан аталған ереже тиісті нормативтік актілермен дәл нақтылауды қажет етеді. 3
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында былай делінген:
1. Әркімің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.
2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
3. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі4
13. 1. Конституцияның 13-бабының 1-тармағының нормалары азаматтық заңдарда дамытылған. Конституцияның 13-бабында айтылатын "құқық субъектісі" санаты азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің азаматтық-құқықтық ұғымын құрайды.
ҚР АК-інің 13-6абында азаматтық құқығы және міндеттілік жүктеу қабілеті болудың (азаматтық құқық қабілеті) барлық азаматтар үшін бірдей дәрежеде танылатындығы белгіленген. Азаматтық құқық қабілеті ол туған сәттен бастап болады және ол қайтыс болуымен тоқтатылады.
Азамат Қазақстан Республикасы шегінде де, сондай-ақ шет елдерде де мүлікке, оның ішінде шет ел валютасына меншік құқығына; мүлікті мұралыққа алу және мұралыққа беруге; реслублика аумағында еркін жүру және тұратын орнын еркін таңдауға; Республика шегін еркін тастап шығу және оның аумағына еркін қайта оралуға; заң актілерімен тыйым салынба-ған кез келген қызметпен айналысуға; занды тұлғаны жеке немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірлесе құруға; заң актілерімен тыйым салынбаған кез келген мәміле жасауға және міндеттемелерге қатысуға; жаңалық ашуға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына және өзге де ой еңбегіне жеке меншік құқығы болуға; материалдык, және моральдық зардаптардың орны толтырылуын талап етуге; басқа да мүліктік және жеке құқықтарды иеленуге құқылы (ҚРАК-інің14-бабы) . 5
Азаматтың өз іс-әрекеттерімен азаматтық құқықты иелену және оны жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттерді туғызу, оларды орындау (азаматтык, қабілеттілік) оның кәмелеттік жасқа келуімен, яғни жасының он сегізге толуымен толық көлемінде туады.
Заң актілерімен он сегіз жасқа толмай некеге отыруға жол берілген азаматтың әрекет қабілеттілігі толық, көлемінде ол некеге отырған күннен басталады. Егер заң актілерімен өзгеше кезделмесе барлық азаматтың әрекет қабілеттілігі бірдей болады (ҚР АК-інің 17-бабы) . 6
ҚР АК-інің 18-бабында құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінен айыру мен оны шектеуге жол берілмейтіні туралы ереже белгіленген. Атап айтқанда, заң актілерімен көзделген реттер мен тәртіптен өзге жағдайда ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігіне шектеу қоя алмайтындығы белгіленген.
Конституциямен бекітіліп, реттелетін қоғамдық қатынастар маңызды болғандықтан, конституциялық бақылау, Қазақстан бақылау салаларының арасында жетекші рөл атқарады. Бақылау жүйесіндегі конституциялық бақылаутың жетекші рөлі төмендегі мәселелер арқылы көрінеді: біріншіден, конституциялық бақылау қоғам мен мемлекет құрлысының негізгі қағидаларын бақылаудың формада бекітеді; екіншіден, конституциялық бақылау барлық қоғамдық үрдістерді басқарудың жалпы негіздерін анықтайды; үшіншіден, конституциялық бақылаутың нормалары бақылаудың актілердің түрлерін, оларды қабылдайтын органдарды, актілердің заңдық күштерінің ара салмағын анықтайтындықтан, конституциялық бақылаутың нормалары бақылаутың жасалу үрдісін реттейді.
Конституциялық бақылау ғылымы қоғамдық ғылымдар жүйесіне жататын заң ғылымдарының құрамдас бөлігі. Конституциялық бақылау ғылым болғандықтан оның өзіне тән оқытылатын пәні, зерттейтін объектісі, әдістері, деректік негіздері бар. Конституциялық бақылау салалық заң ғылымдарына кіреді.
Біріншісі, конституцияның, үстемдігі - оның жоғарғы заңдық күші. Ол дегеніміз: конституцияның нормалары басқа бақылау салалары үшін дерек көзі; нормативтік актілерді тек конституцияда көрсетілген органдар ғана қабылдай алады; нормативтік актілердің барлығы конституция нормаларына сәйкес болуы қажет; мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар, азаматтар, бірлестіктер Конституция нормалары мен баптарын бұзбай сақтауға міндетті. Конституцияның үстемдігі сол Конституцияның өзімен бекітіледі.
Екіншісі, Конституцияның құрылтайлық сипаты. Конституция мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік биліктің іске асырылуының негізін құрайды, бекітеді. Конституцияның нормалары мен баптары басқа нормативтік актілерге қарағанда алғашқы болып табылады.
Үшіншіден, Конституцияның тура, тіке әрекеті. Бұл қасиетін төмендегідей түсіну керек: Конституцияның нормалары заң шығару, атқару және сот билігі үшін міндетті болып есептеледі; Конституцияның нормалары сотта бақылау субъектілері өз бақылаутарын қорғау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Төртіншіден, Конституцияны өзгертудің және қабылдаудың ерекше тәртібі бар. Конституцияны қабылдау не оған толықтырулар мен өзгерістер енгізу, тек Конституцияда бекітілген ерекше жолмен, яғни конституцияның дәрежесіндей заңдық күші бар актінің көмегімен және ол актіні қабылдауға құзыреті мен құқы бар органның еркімен жүзеге асырылады.
Бесіншіден, Конституция ерекше бақылаудың қорғауға жатады. Конституцияны бақылаудың қорғау дегеніміз конституциялық заңдылықтың сақталу тәртібін қамтамасыз ететін заңды құралдардың жиынтығы. Конституция мен конституциялық құрылысты қорғауда ерекше рол, мемлекет басшысы, ең жоғарғы лауазымды мемлекеттік қызмет, Конституцияның мызғымастығының кепілі, Конституцияны қорғауға ант беретін Қазақстан Республикасы Президентінің үлесіне тиеді. Сонымен бірге, Конституцияны қорғау мақсатында бақылау қорғау органдары құрылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасу кезеңдері. Бірінші кезең. Егеменді, тәуелсіз Қазақстан Конституциясының қалыптасу тарихы өзінің бастамасын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізі туралы 1990 жылғы 24 сәуір заңынан алады. Аталған заң мемлекеттік басқару жүйесі не маңызды өзгеріс енгізді. Нақты айтсақ, елімізде бірінші рет Президент лауазымы енгізілді.
Конституциялық сипаттағы ең алғашқы акты 1990 жылы қазанда қабылданған Қазақ КСР-нын мемлекеттік егемендігі туралы декларация болды. Декларация бойынша Қазақ КСР-і заңдарының КСРО заңдарынан артықшылығы; КСРО мен ҚКСР арасындағы қатынас шартқа негізделетіндігі; Қазақстан әкімшілік-аумақтық құрылымға, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени-ұлттық құрылысқа байланысты мәселелердің барлығын өз еркімен шешетіндігі; ҚКСР заңдарын бұзған жағдайда өз аумағында КСРО-ның заңдарын тоқтатуға құқы барлығы; Республика аумағына қол сұғылмайды және бөлінбейді, шекарасы оның келісімінсіз өзгермейтіндігі; Жоғарғы Кеңестің келісімінсіз республика жерінде басқа мемлекеттердің әскери бөлімдері мен базалары орналаспайтындығы; Қазақстанның өзінің ішкі әскерін, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік органдарын құруға құқығы; Қазақстанның өз мүддесіне сәйкес сыртқы саясаты мен халықаралық қатынасын өз ұйғарымынша анықтай алатындығы жарияланды. Декларацияның жаңа Одақтық шарт пен Қазақстан конституциясын жасауға негіз болатындығы осы декларацияның арнайы бабында айтылды.
1978 жылғы Қазақ ҚСР-ның конституциясы кеңестердің билігін бекітсе, 1990 жылғы егемендік декларация мемлекеттік биліктің тармақталу қағидасы жарияланған бірінші акты еді. Заң шығару билігі жоғарғы кеңеске берілді, республика басшылығы және жоғарғы бөлу атқару билігі Президенттің қолына, сот билігі Жоғарғы Соттың қолына берілді. Декларацияда мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтаудың таптық тәсілі көрсетілмеді. Егемендіктің және мемлекеттік билікгін, бірден-бір қайнар көзі халық деп жарияланды.
Республикадағы билік органдары мен басқару жүйесі саласындағы ірі өзгерістердің бастамасы болған 1990 жылы 20 қарашада Қазақ ҚСР-ның Жоғарғы кеңесі «Мемлекеттік билік пен басқарудың құрылымын жетілдіру туралы», 1991 жылы 13 ақпанда «Қазақ ҚСР-ның жергілікті халық депутаттары кеңестері және жергілікті жердегі өзін-өзі басқару туралы» заңдар қабылдаңды.
Бірінші заң бойынша бұрынғы КСРО Министрлер Кеңесі Президенттің жанындағы Министрлер кабинеті болып қайта құрылды. Он беске жуық министрліктер мен мекемелер жойылып, жартысы қайта құрылды. Мемлекеттік жоспарлау, мемлекеттік ауыл шаруашылығы өнеркәсібі, Мемлекеттік құрылыс, мемлекеттік жабдықтау, халықтық бақылау комитеті сияқты мекемелер жойылды. Олардың орнына экономика жөніндегі мемлекеттік комитет, монополияға қарсы комитет, мемлекеттік мүлікті басқару комитеті сияқты жаңа басқару органдары құрылды. Республиканың Вице-президенті мен бас прокуроры лауазымдары енгізілді.
Екінші заң бойынша өкілетті және атқару биліктері кеңестің төрағасының қолына шоғырландырылды. Жергілікті кеңестердін қолына жергілікті шаруашылық, қоммуналды меншік, жергілікті бюджетке түсетін салықтың түрлері бекітілді.
Заңның 3-тарауы мемлекеттік биліктің органдары мен басқарудың құрылымын анықтады. Мемлекеттік билік оны заң шығару, атқару және сот биліктеріне бөлу қағидасына негізделіп іске асырылады деп жазылды. Қазақстан Республикасының және атқару билігінің басшысы Президент деп жарияланды.
4-тарау мемлекеттің экономикалық негізін анықтады. Қазақстан өзіндік экономикалық жүйеге және меншіктің әр алуан түрлілігі мен теңдігіне сүйенеді делінді. Жер және оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдік, жануарлар дүниесі және басқа табиғат байлықтары мемлекеттің ерекше меншігі деп жарияланды. Қазақстан Республикасы халықаралық бақылаутың субъектісі және сыртқы экономикалық мәселелерді өз еркімен шешетіндігі айтылды. 18-бапта бұл заң Қазақстанның жаңа конституциясын жасауға негіз бола алады деп көрсетілді. Бүгінгі күннен бастап Қазақстан заң жүзінде егеменді мемлекет делінді. Осы мемлекеттік тәуелсіздік туралы конституциялық заңға қайшы келмейтіндіктен Қазақ КСР Конституциясының, заңдарының, КСРО заңдарының нормалары күштерін жоймай әрекет жасай берді.
Осы кезеңде 1978 жылғы Конституцияға елеулі өзгерістер енгізген бірнеше конституциялық заңдар қабылданды. Мысалы 1991 жылы 20 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заң КСРО азаматтығы мен қос азаматтылықты мойындамады. Заң бойынша Қазақстан Республикасы азаматтығын алудың жаңа негіздері бекітілді.
Конституцияның қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылғы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес қабылдаған егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясынан басталады. 1993 жылғы Конституция Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық құрылысын жаңаша анықтады. Конституция егемендік жарияланған уақыттан бері қабылданған конституциялық занңдардың көптеген бақылаудың нормаларын, қағидалары мен идеяларын пайдаланды. Сонымен бірге конституция ескі 1978 жылғы Қазақ КСР-ның кейбір ережелерін сақтады. Мысалы Жоғарғы Кеңес бір палаталық өкілеттік және заң шығарушы орган болып қалды, бірақ бұрынғыдай бүкіл биліктік орган болған жоқ. Жергілікті өкілетті органдар - Кеңестер сақталды. 1978 жылғы Конституцияда жарияланған адам мен азаматтың бақылаутары мен бостандықтарының және тағы басқа да идеялар, ережелер сақталды. Конституцияда тұңғыш рет мемлекетті діни бірлестіктерден бөлуді және Қазақстан аумағында саяси не мәдени автономиялар құру мүмкін еместігін білдіретін «зайырлы және біртұтас (унитарлы) » деген ұғымдар пайдаланылды.
Конституция мемлекеттік билік тармақтарының өзара қарым-қатынасында тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдаланудың және Конституция нормаларының тура әрекеті ережелерін бекітті.
2. Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны
Адам қоғамының даму процесінде бір-бірімен байланысты миллиондаған қарым-кдтынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективтік дилектикалық процесс. Осы процесті реттеп, басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан құқық қоғамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы емес. Ол қоғамның әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық процесі сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге қоғамның салалық-жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын реттеп, басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып, кемшіліктерін толықтырып, құқықтық нормаларды қоғамның объективтік процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылықка құқықтың құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.
Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері:
Бірінші - құқық қоғамның объективтік-диалектикалық даму процесіне сәйкес қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі және құқықтың, қоғамның даму процесін реттеп, басқаруы. Құқық жүйелері субъективтік жолмен қалыптаспайды, сондықтан бұл жүйелер бір-бірімен объективтік тығыз байланыста, қатынаста болады. Қоғамның дамуына жақсы әсер етеді. Егерде қоғам мен құқықтың объективтік байланысы, қатынасы дұрыс дамымаса, қоғам дағдарысқа ұшырайды.
Екінші - құқық қоғамның көп жүйелі, көп салалы әлеуметтік қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей міндетті нормалар.
Құқықтың жүйелері қоғамның әр саласына сәйкес қалыптасып сол саланы реттеп, басқарып отырады. Салық, нормативтік актілер бәрі бірігіп, қоғамдық құқықтың алдындағы тұрған бір саясатты, бір мүдде-мақсаггы орындайды.
Құқық құрылымы. Қоғамдағы барлық нормативтік актілердің мазмұнына сәйкес қалыптасады және сол құқықтық нормалардың қалай іске асуын, қалай орындалу тәсілдері мен әдістерін анықтап отырады. Құқық құрылымының жақсы, дұрыс дамуына қоғамның мемлекеттік құрылысы, саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани, демократиялық даму деңгейі зор әсер етеді.
Қоғамдағы демократия, бостандық, әділеттік, теңдік, әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсы дәрежеде болады. Ал бұл жағдайлардың дәрежесі төмен болса, құқық құрылымы да нашар дамиды. Құқық құрылымы туралы екінші сұрақта толығырақ айтылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz