ХVІІІ- ХХ ғ.ғ. Орта Азия халықтары және Орта Азияны Ресейдің жаулап алуы. Еділ, Сбірі, Шығыс Түркістандағы түркі тектес халықтар



І Кіріспе

І Тарау. ХVІІІ. ХХ ғ.ғ. Орта Азия халықтары және Орта Азияны Ресейдің жаулап алуы.

1.1. Ресей мен Орта Азия арасындағы қарым.қатынас.
Ағылшын.орыс қарама.қайшылықтары.

1.2. Ресейдің Қоқан, Бұхара және Хиуа хандықтарын жаулап алуы.

1.3. Түркістанда отаршылдық басқару жүйесінің қалыптасуы.

ІІ Тарау .Еділ, Сбірі, Шығыс Түркістандағы түркі тектес халықтар.

2.1. Ресейдің Әзірбайжанды, Башқұрттарды жаулап алуы.

2.2. Сібірдегі түрік халықтары.

Қорытынды.
Кеңестік тарихнамада Қазақстанды отарлаудың басталуы оның Ресейге «қосылуы» тұрғысынан пайымдалды. Кейбір авторлар мәселенің экономикалық жағына да, саяси себептеріне де мүлде тереңдеп бармай, оны тек қана сырт жағынан қарап, қосылу кездейсоқтықтан болды деп санады. Басқа біреулері отаршылдардың мүдделерін жақтап, патша өкіметінің патшалық Ресейдегі үстем таптардың қазақ халқына қатысты «құқықтары» мен «міндеттерін» іздеп табуға тырысты. Олар империялық идеяларды ашықтан ашық уағыздап, байырғы халықты тек қана жабайылар деп білді, сүйтіп олардың сан ғасырларға созылған дербес және мәдени дамуын мүлде ескермеді. «Біздің Орта Азия жерлерін алуымыз әсте де оп-оңай басып алу мен атышулы жеңістерге деген бір ғана қарбалас құлшыныс жасалған жоқ,» -деп бір ресми құжатта баяндалады.
КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіз мемлекеттер пайда болған кезде де империялық ойлауды көрсету және жасырын жақтаушылар Ресей отаршыл, империялық держава болған жоқ дегенінен айнымай келеді.
Қазақстанның Ресейге «қосылуының» жекелеген мәселелері жөнінде қазақ ағартушылары Шоқан Уалиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және олардың пікірлестері өз ойларын айтқан.
Шоқан Уалиханов ұлы державалық шовинизмге қарсы шықты, ал шовинизмді мейлінше жан сала қорғаушылар Шығыс халықтарының екінші сорттылығы туралы, мемлекеттік пен державашылдыққа таңдаулылардың құқығы туралы еуроцентршіл идеясымен қаруланған еді. Қазақтардың дүниежүзілік өркениет тарихында алатын орнын анықтай келіп, Шоқан Уалиханов кейбір ресейліктердің қазақ көшпенділері туралы «мал сияқты тұрпайы варварлар» деген сияқты түсініктерін үзілді-кесілді теріске шығарды.
1. К. Аманжолов, Түркі халықтарының тарихы, Алматы-1999.
2. Архив хивинских ханов. М.,1940 156 бет
3. Дмитриев С.С. Хрестоматия по истории СССР Т. 11 | (1857-1894) М.,1948., 438-441 бет
4. Дмитриев СС Хрестоматия по истории СССР Т. 111.(1857-1894) УЧ. ПЕД. ГИЗ.
М., 1948,247-БЕТ
5. Янжул И.В. Историческии очерк рускои торговли в Средней Азии. Московскии университетские известия.№25. 1869,339-346 бет
6. Янжул И.В. Историческии очерк рускои торговли в Средней Азии. Московский университетские известия.№5. 1869,339-346 бет
7. Стенограмма заседанни VI Государственной Думы.
8. История ВКП (б) краткий курс 6-бет
9. В. Бартольд. Шығармалары, Итом 1-бөлім , Москва 1963, 357-бет
10. Н. А Ханфин . Присоединение средней Азии к России. Москва, 1965, 225-бет
11. Росиия. І-том Киргизскии край Петербург, 1903, 175-бет
12. Оиза-клянйнов, Түркістан. Лейпциг, 1942, 411-412 бет.
13. Галузо П.Г., Вооружение руских пересельенцев в средней азии, Ташкент- 1926,
6 бет.
14. Узбекстан республикасы орталық мемлкеттік архиві (ОРОМА), 17 қор-1 тізбе,
17-654 іс, 72-75 бет.
15. Галузо П.Г. Вооружение руских пересельенцев в средней азии, Ташкент-1926,
74-76 бет.
16. Галузо П.Г. Вооружение руских пересельенцев в средней азии, Ташкент-1926,
12бет.
17. Галузо П.Г. Вооружение руских пересельенцев в средней азии, Ташкент-1926,
21бет.
18. Сонда 21-22 бет.
19. Галузо П.Г. Вооружение руских пересельенцев в средней азии, Ташкент- 1926,
76-77 бет.
20. Галузо П.Г. Вооружение руских пересельенцев в средней азии, Ташкент- 1926,
61бет.
21. Сонда,63бет.
22. Переселенческое дело в Түркестане, Ташкент-1910, 39 бет.
23. Галузо П.Г. Вооружение руских пересельенцев в средней азии, Ташкент- 1926,
5 бет.
24. Сафаров Г. Колонияльная революция (опыт Туркестане), Ташкент-1921,17
бет.
25. Сафаров Г. Колонияльная революция (опыт Туркестане), Ташкент-1921, 18-19
бет.
26. Сонда, 24-25 бет.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе

І Тарау. ХVІІІ- ХХ ғ.ғ. Орта Азия халықтары және Орта Азияны Ресейдің
жаулап алуы.

1.1. Ресей мен Орта Азия арасындағы қарым-қатынас.
Ағылшын-орыс қарама-қайшылықтары.

1.2. Ресейдің Қоқан, Бұхара және Хиуа хандықтарын жаулап алуы.

1.3. Түркістанда отаршылдық басқару жүйесінің қалыптасуы.

ІІ Тарау .Еділ, Сбірі, Шығыс Түркістандағы түркі тектес халықтар.

2.1. Ресейдің Әзірбайжанды, Башқұрттарды жаулап алуы.

2.2. Сібірдегі түрік халықтары.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Кеңестік тарихнамада Қазақстанды отарлаудың басталуы оның Ресейге
қосылуы тұрғысынан пайымдалды. Кейбір авторлар мәселенің экономикалық
жағына да, саяси себептеріне де мүлде тереңдеп бармай, оны тек қана сырт
жағынан қарап, қосылу кездейсоқтықтан болды деп санады. Басқа біреулері
отаршылдардың мүдделерін жақтап, патша өкіметінің патшалық Ресейдегі үстем
таптардың қазақ халқына қатысты құқықтары мен міндеттерін іздеп табуға
тырысты. Олар империялық идеяларды ашықтан ашық уағыздап, байырғы халықты
тек қана жабайылар деп білді, сүйтіп олардың сан ғасырларға созылған дербес
және мәдени дамуын мүлде ескермеді. Біздің Орта Азия жерлерін алуымыз әсте
де оп-оңай басып алу мен атышулы жеңістерге деген бір ғана қарбалас
құлшыныс жасалған жоқ, -деп бір ресми құжатта баяндалады.
КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіз мемлекеттер пайда болған кезде де
империялық ойлауды көрсету және жасырын жақтаушылар Ресей отаршыл,
империялық держава болған жоқ дегенінен айнымай келеді.
Қазақстанның Ресейге қосылуының жекелеген мәселелері жөнінде қазақ
ағартушылары Шоқан Уалиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және
олардың пікірлестері өз ойларын айтқан.
Шоқан Уалиханов ұлы державалық шовинизмге қарсы шықты, ал шовинизмді
мейлінше жан сала қорғаушылар Шығыс халықтарының екінші сорттылығы туралы,
мемлекеттік пен державашылдыққа таңдаулылардың құқығы туралы еуроцентршіл
идеясымен қаруланған еді. Қазақтардың дүниежүзілік өркениет тарихында
алатын орнын анықтай келіп, Шоқан Уалиханов кейбір ресейліктердің қазақ
көшпенділері туралы мал сияқты тұрпайы варварлар деген сияқты
түсініктерін үзілді-кесілді теріске шығарды. Біздің әдеттен тыс
жабайылығымыз бен дөрекілігіміз туралы пікір,-деп жазды ол, - қырғыз-қайсақ
деген сөздің ауызекі варваризіміне ғана негізделген. Шынын айтқанда, қазақ
халқы орыс қоғамының бейбітшілік сүйгіш, демек, онша жабайы емес
бұратаналары қатарына жатады. Ғалымның пікірінше, оның бабалар тұрмысын
бейнелейтін рухани мұрасының, әдет-ғұрыптарының, Гомердің поэтикалық
аңыздары сияқты тарихи қадір-қасиеті бар. Ол халықтың өткендегі тарихи
және рухани өмірінің толық көрінісін бере алады.
Шыңғыс Аймауытовтың анықтауына қарағанда, ақын, діндер, ағартушы,
ғаламат ойшыл, надандық пен адам кемшіліктерін әшкерелеп, кемсітілгендер
мен қорланғандардың тағдыры үшін күйінген, әділдікті өз бойында ұштастыра
білген ұлы Абай Құнанбаев нақыл сөздерінде ұлттық дамудың басты - басты
бағыттарын таратты.
Ол отарлау кезінде халық дінінің өзгергенін көрсетті. Бұрынғы ұлттық
батырлар заманы көмескіге кетті. Құндық психология, надандық, рухани
бейшаралық құлқы жеңіске жетті. Абай Құнанбаев бірін-бірі қуып қор болмай,
шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып зор болғандықты армандады.
Абайдың бүкіл поэзиясының мағынасы да өз халқын аңсаған мақсатына,
өркениетті халықтардың жетістіктеріне араласуға шақыру болды.
Әлихан Бөкейханов орыстардың орталық Азиядағы ерекше өркениеттілік
миссиясы туралы негізсіз тұжырымдамасын ашықтан-ашық әшкереледі. Өлкені
бағындырған соң, - деп жазды ол, - орыстар мәдениетті жұмысқа көше алмады,
өйткені бастапқыда жаулап алу, тек қана баю мақсатымен жасалды және алғашқы
жаулап алушылар мәдениет ролін атқаруға мүлде дайын емес болатын. Олар
адамгершілігі алғашқы қауым адамдарынан аспаған, өткендегі өмірі күмәнді,
дөрекі, надандар еді; рас, осының бәрі бола отырып, олар бұратаналардан
жетілгендей болып шықты. Бірақ оларды бағындырған соң саналы түрде бейбіт
мәдени жұмысқа көше алмады; олар тіпті табиғаттың бай тартуларын ақылмен
пайдалануға немесе өздерін өз еңбегімен асырауға күш-жігер жұмсаған жоқ.
Керісінше олар баюдың неғұрлым жеңіл басқа әдісін - бағындырылған
бұратаналарды талап-тонау мен табиғи байлықтарды талан-тараж ету жолын
таңдады.
П.Г. Галузо Ресей мен Қазақстан серіктестігінің тең құқылы еместігін
атап көрсетіп, империяның өзге өлкелерді қосып алуға өте мүдделі екенін
атап айтқан болатын.
П.Г. Галузо отаршыл империя теоретиктерінің агрессияға бейбіт тон
жамылдырып, өркениетті сипат беруге неліктен тырысқанын түсіндірді. Отар
Түркістан деген кітабында ол былай деп жазды: Патшалық Ресей әскерлерінің
қазақ даласына қарай ендеп кіруі XVIII ғасырлардың І-ші жартысында-ақ
басталған болатын. Орыс патшалары елге ентелей әрі толассыз дерлік сұғына
түсті, алайда былайша айтқанда, біраз жалтақтай отырып жылжыды...
Т. Рұсқыловтың Қазақстан мен Орта Азияда Ресей тәжінің орнығуы жөніндегі
тарихи тұжырымдамасы оның 1916 жылғы ұлт-азаттық соғыс туралы еңбектерінде
түпкілікті ресімделген. Ресейдің ұлы державалық ниеттерінің жалпы
нәтижелерін пайымдай келіп, ол қоныстандыру басқармасының бастығы Г.Ф.
Чиркиннің орталық Азияның байырғы халықтырының тағдырына қатысты мынадай
пікір келтірді: Егер барлық орыс тайпаларын бір ұлы орыс державасының қол
астына қосу психологиялық жағынан орыс ниеттеріне толық көлемінде сәйкес
келсе егер Босфор мен Дарденелл біздің Донымызға кілт болса, Ресейдің
Астрабад пен Мазандарында орнығып алуы біздің байлығымызды мықтап ұлғайтты.
Ал саяси жағынан біз осыдан 200 жыл бұрын-ақ өз данышпандығымен Каспийдің
оңтүстік жағалауын бағалап, Ресейді Эльбрус жанында орнықтырған ұлы Петр
мұрасын қалпына келтіреміз.
Кеңестік қоғамтанушылар үшін К.Маркс пен өз серігі Ф.Энгельске хаты
ұзақ жылдар бойы методологиялық нұсқау болып келгені мәлім. Бұл хатында ол
былай деп жазған: Ресей Шығысқа көзқарас жөнінен шынында да прогресшіл рол
атқарып отыр. Бүкіл пасықтығына және словяндық ластығына қарамастан, Ресей
үстемдігі Қара теңіз бен Каспий теңізі жэне орталық Азия үшін, Башқұрттар
мен Татарлар үшін өркениеттендірушілік рол атқарылды. Алайда Ресей
зерттеушілері бүл мәтіннен бүкіл пасықтыған және словян ластығына
қарамастан деген тіркесті алып тастаған. Ал аймақтар тарихшыларының дәйек
сөзді осылай қысқартусыз пайдалануға батылы бармады. Мұндай көзқарас
жағдайында Қара теңіз бен Каспий теңізі және орталық Азия үшін, Башқұрттар
мен татарлар үшін Ресейдің атқаратын роліне К. Маркстің бағасы мүлде
өзгеше мағынаға ие болды.
Бүгінгі таңда Шығыс халықтары үшін Ресейдің атқарған ролін бағалауда
не өзгерді? Егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін ақиқатты қаймықпай
айтуға қол жетті. К. Маркстің: бүкіл пасықтығына жэне славяндық ластығына
қарамастан деген сөздері нақты мазмұнмен толықты. Орталық Азияның
халықтары үшін Ресейдің бүкіл пасықтығына және славяндық ластығы, кейін
айтқанда, қазақтарды отарлауы, геноцид пен этноцид, орыстандыру, құнарлы
жерлерін тартып алу саясаты, ұлт-азаттық қозғалысын басып-жаншу және т.б.
түрінде көрініс тапты. Бұған ұлт-азаттық қозғалыс тарихы жөнінде
жарияланған көптеген деректі жинақтар, сондай-ақ Ғ. Сапарғалиевтің Патша
өкіметінің Қазақстандағы жазалау саясаты деген монографиясы дәлел болады.

І-тарау. ХVІІІ-ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ОРТА АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯНЫ
РЕСЕЙДІҢ ЖАУЛАП АЛУЫ
1.1. Ресей мен Орта Азия арасындағы карым-қатынас.
Ағылшын-орыс карама-қайшылықтары
XVIII ғасырда Орта Азияның Хиуа және Бұхара хандықтарында, кейбір
өзбек руларында өзара шиеленіс күшейді. 1723 жылы Ташкент қалмақтың қол
астында болды, бірақ тікелей бағындырған қалмақтың Хун-Тайджы ханы мен
қазақ ханы Жолбарыс еді. 1728-1740 жылдары Хиуа ханы Жолбарыстың қашып
кетуіне байланысты (бұхаралықтардан), 1740 жылы Персияның солтүстігінде
персиялық шах Нәдір Мерв қаласьн басып алып, көп кешікпей Хиуа ханын 20
өзбек әскер басыларымен өлтіріп, еш қарсылықсыз Бұхараны бағындырды.
Үздіксіз жойқын феодалдық соғыстың әсері Орта Азия шаруашылығына зиян
келтірді. Көптеген қалалар құлап, қирап қалды, соның ішінде Самарқаңд
қаласы XVIII ғасырдың ортасында ең төменгі дәрежедегі бос қалған қала болып
қалды. Тек қана Бұхарада бұрынғыдай қызу қала өмірі жүріп жатты. Біраз
жылдан кейін өзбек феодалы Мұхаммед-Әмин түркмендермен болған соғыста
оларды жеңіп, Хиуа хандығын қайта орнатты. Мұхамед-Әмин Бұхара әулетінің
негізін қалаушы болды. XVIII ғасырдың аяғында оның ұлы Мұраттың Бұхара мен
Мервті және Балх қаласы мен Әмударияның сол жақ жағалауын қосуға қолы
жетіп, Заравшан өзенінің алқабында жер суландыру жұмыстарын жүргізді. XVIII
ғасырдың екішпі жартысында Ферғанада экономикалық жағдай жақсарып, жібек
мата өндіру өнеркәсібі көтеріліп, Қытаймен сауда қатынасының жандануының
нәтижесінде, Қоқан хандығы құрылды. Ресей және басқа Еуропа елдерімен сауда
қатынасының жақсарып, Орта Азияға алтьғаның шоғырлануы күшейді. XVIII
ғасырдың екінші жартысында Ферғанада бірінші рет монғол шабуылынан кейін,
жергілікті алтын монеттер соғу басталды.
XIX ғасырдың ортасында Орта Азияда үш ірі мемлекет: Қоқан, Бұхар және
Хиуа хандықтары болды. Бұл үш хандық орыс патшалығының жаулап алуға
ұмтылуының басты нысанасы болды.
Сырдария аймағында орналасқан Қоқан хандығы XIX ғасырдың басында
құрылып, толығымен нығайды. Қоқанның атақты хандарының бірі Әлімбек осы
хандықты құрушы болды. Ол өзіне Ташкент, Ходжент қалаларын қосып алды және
Бұхараға бірнеше шапқыншылықтар жасай отырып, оның біраз аудандарын басып
алып, хандықты күшейтті. Осылайша оған мейлінше үлкен мемлекетті құрудың
сәті түсті. Әлімбек Қоқанд қаласын өз хандығының астанасы етті. Сол
уақыттан бастап хандық Қоқан хандығы деп атала бастады. Әлімбек өлгеннен
кейін хандық билікті иемденген Әлімбектің інісі Омар хан (1816—1821) Қоқан
хандығының жерін бұрынғынан да кеңейтті. Ол хандыққа Түркістан қаласын
қосып алды. Омар хан өзін әміршімін деп жариялап, айналасына әдебиетшілер
мен ақындарды жинап, сәнді сарай жасады. Ол ескі шығыс мемлекетінің
монархтарына еліктеуге тьрысты.
Бұхар тарапынан болып тұратын шапқыншылықтан және ішкі өзара қырқыстан
XIX ғасырдың 30 шы жылдары Қоқан хандығы құлдырай бастады. Тек XIX ғасырдың
ортасында ғана хандық қайта нығайды. Қоқан хаңдығында барлық феодалдық
құрылыс сияқты ішкі қырқыстар ушықты, жеке феодалдар арасында әрқашан да
өзара қақтығыстар орын алды, бүл хандықты әлсіретті. Егін және бақша
шаруашылығы тұрғындардың негізгі шаруашылығы болды. Орталықтағы Қоканд
қаласы мен хандықтың территориясында өзінің жеміс бағымен аты шыққан
құнарлы Ферғана алқабы орналасты. Ел өмірінде қалалар басты рөл атқарды.
Олардың ішіндегі ең ірілері, сол кездің өзінде 100 мын адамы бар, ірі сауда
және қолөнер орталығы Ташкент, 40 мын тұрғыны бар, қағаз материалдарының
ерекше сорттарымен аты шыққан Ходжент және жібек мата шығарумен айналысатын
Әндіжан болып табылады, бәрі де қолөнер түрінде өндіріледі.
Бұхар хандығы Қоқан хандығының оңтүстігінде орналасты. Ол неше жылдар
бойы парсылар тарапынан күшті шапқыншылыққа ұшырады: малдарын айдап әкетті,
адамдарын тұтқынға алды. Бірақ XIX ғасырдың бірінші жартысында Бұхар
хандығы нығайды және күшейе отырып, өзін мықты мемлекеттік құрылыс ретінде
көрсете білді. Тұрғындарының негізін өзбектер, тәжіктер, қазақтар,
түркімендер құрады. Негізгі көпшілігі - өзбектер болды. Халықтың осы
топтарынан барлық хандықтағы басшылар шықты. Бұхар хандығының тұрғындары
бақша шаруашылығымен, егін және мал шаруашылығымен айналысты.
Бұл хандықтағы басты қалалар 60 мын тұрғыны бар Самарқанд және үш хандықтың
діни мұсылмандар орталығы, хандықтың астанасы — Бұхара. Бұхара әміршісінің
басқа хандардан айырмашылығы — ол мұсылмандар басшысы, дін қызметкері болып
табылады. Бұхара Хиуамен жиіжиі соғысты.
XIX ғасырдың бірінші жартысы мен ортасында жеке хандықтар
арасында өзара қақтығыстар болды, бұл хандықтарды әлсіретті және Ресей
патшалығының осы хандықтарды жаулап алуын жеңілдетті.
Бұхараның солтүстік батысында Хиуа хандығы орналасты. XVIII ғасырдың
соңында ол жеке феодалдық топтардың өзара күресінен әлсіреді, ал XIX
ғасырдың басында тез нығая бастады. 1804 жылы Эльтузер хан бастаған Жаңа
Хиуа династиясы пайда болды, ол барлық феодалдардың орталық билікке
бағынуын көздеген шешуші кресін бастады. Бұл істе оның даңқын шығарған
өзінің мұрагері — 20 жыл патшалық құрған (1806-1825 ж.ж.) Мұхаммед Рахим
Хиуа хандығының мықты орталықтануына күш салды. Ол күшті феодалдар
қақтығысына тойтарыс берді, қарақалпақтарды өзіне бағындырды, оңтүстікте
Түркменияның көп бөлігін қосын алумен өз хандығын кеңейтті. Мұхаммед Рахим
жаңа феодалдық ақсүйектерді қалыптастырды. Тұрймен территориясын жаулап ала
отырып, ол тұрғылықты феодалдардан жерін тартып алып, оны ескі феодалдармен
күресте өзіне тірек болатын жаңа тұлғаларға таратты.
Хиуа хандығының тұрғындарының басты шаруашылығы егін және мал шаруашылығы
болды. Бақша шаруашылығына арналған жерлері де болды. Хандықтың негізгі
тұрғындарын өзбектер, қарақалпақтар, қазақтар және түркмендер құрады.
Мұхаммед Рахим түркімендерден күшті атты әскер құрды. Салт аттыларға жер
үлестіріп берді. Түркімендер өздерінің атты әскерлерін дәріптеді, оны хан
жаулап алу жорықтарына пайдалаңды.
Осы хандықтардың барлығында да феодалдық құрылыс болды. Бұл сондағы
жерге қатысты жағдайлардан ерекше көрінді. Жердің құндылығы судың болуына
байланысты болды. Жақсы суарылған жер бөлігі көп мөлшерде кіріс кіргізді.
Хан иелігіндегі жерлер үш топқа бөлінді: 1-ші топқа мемлекет жері кірді,
бұл жер шын мэнінде ханның жеке меншігі болып саналды. Онда шаруалар —
"мәңгі арендаторлар" жұмыс істеді. Олар салғырт түрінде салық төлейтін.
Ақшалай салықтардаң басқа, шаруалар табиғи салық та төледі. 2-ші топқа
мүлік (мюльковый) немесе жеке иеліктегі жерлер кірді. Бұл жерлер қандай да
бір ерекше еңбегіне берілді. Хиуада жер мен суға әдетте халық көп
шағымданды. Бұхарада бұл сыйға берілетін жер "танха" деп аталады, ал иесі —
"танхандар" әміршіге әскери қызмет атқаруы тиіс еді. Мюльковый жерлер
шаруалар арқылы өңделді. 3-ші топқа шіркеулік мекемелерге тиісті вакуфтық
жерлер кірді. Өте үлкен жер учаскелерін хан және оның жақындары иеленді.
Хиуада үлкен көлемдегі "Азберген" бақшасы болды. 1856 жылы түрікмендер осы
бақша орналасқан жерге шабуыл жасаған кезде оның қабырғалары 1500 отбасына
пана болды. Бір зерттеуші ол жөнінде былай айтады: "Ол жерге тұрғындар
өздерінің мүліктерімен және тіпті малдарымен тығылды. Осыншама отбасының
тығылуына мүмкіншілік берген бақшаның жері өте үлкен екенін көруге болады.
Үргеніш қаласында Әмудариядағы көлемді поместьені ханның жақын адамдарының
бірі иеленді. 1861 жылы Хиуа ханы Сейд Мұхаммед 100 танап (40 десятина)
көлеміндегі, шаруалар мен құлдар өңдейтін сәнді бақ жасады. Хандардың бірі
3 мын танап жер иеленді. Қоқан ханы Худояр 1876 жылы жеке мүлкімен 7 млн.
руб. тұратын үлкен бос жерге ие болды. Осылайша Орта Азиядағы феодалдық жер
иеліктері, әсіресе суландыруға қолайлы және құнарлы жерлер өте үлкен
көлемде болды. Ханның үстемдік етуші топтары — жер иелері өздерінің
шендеріне, билік ету дәрежелеріне және мал, бақша байлықтарына байланысты,
феодалдық баспалдақтар құрады. Бұл баспалдақтың жоғарғысында хан немесе
(Бұхарадағы сияқты) әмірші тұрды. Одан кейін махтерлер, нушбекилер —
жоғарғы мәртебелі төрелер, ары қарай сендерлер, бай, мехремдер және басқа
да ханның жақындары тұрды. Бұған жоғары және орта дін иелері, жеке аудан
басшылары, яғни кіші хан саналатын хан поместниктері — найблар кірді. Одан
кейін жүз басы немесе әскерлерге әмір жүргізетін — "сотниктер" кірді.
XIX ғасырдың ортасындағы әлеуметтік құрылысты сипаттайтын
көптеген құнды құжаттардан алынған "Хиуа хандығының архиві" атты кітап
1940 жылы шықты.
Құжат Хиуа хандығына байланысты болғанымен, басқа да орта Азия
хандықтарының әлеуметтік қатынасын жарыққа шығарды. Бұл құжатта
хандықтың әлеуметтік жағдайын сипаттаумен қатар, әрбір жүзбасының өзінің
қол астында қанша нөкер ұстайтыны сан жүзінде көрсетілген. Соған назар
аударайық, мысалы, Ходжен Мехремде тізім бабында 500 нөкер болса, Мехмед-
Джон мехремде 160 нөкер болған екен. Ал Курбан Нияз Ясаул басшыда 104 нөкер
болыпты"1.
Осы берілген фактіден біз әрбір жүзбасының саяси салмағын көреміз.
Олар 100-ден 500-ге дейін әскер ұстап, ханның тірегі болды. Әскери нөкерлер
міндетті түрде әр ауылдағы шаруалардан алынды. Олар ұзаққа созылған ауыр
қызмет етуге тиісті болды. Тек пара берген ауқатты нөкерлер ғана
босатылатын болды. Әскери қызметтен байлар, саудагер сияқтылар босатылды
делінген құжатта. Ханның қарулы күші оларға және барлық феодалдық жоғарғы
топ өкілдеріне халықтың көп бөлігін қанауға және билеп төстеуге мүмкіндік
берді. Шаруалар сансыз көп алым-салық төлеуге міндетті болды. Салықтың
негізі 4 212 теңге құрайтын "салғырт" болды. Шаруалардың құл алушыға
тәуелділігін сақтау үшін салық жинау жиі-жиі құн төлеуге беріліп отырды.
Шаруалар жол жөндеуге, суаруға арналған арықтарды тазартуға, бекіністер
салуға, жаңа каналдар қазуға міндетті болды.
Соғыс кезінде олар нөкерлерден басқа жасақтар беруге және үкіметтің
басқа да талаптарын орындауға мәжбүр болды. Бұхарада соғыс кезінде ерекше
салық "джул" енгізілді. Шаруа жер учаскесін пайдаланғаны үшін салық төлеуге
борышты болды. Олардың жер көлемі шағын 2 ден 5 танапқа дейін болды.
Салықтан басқа, олардан заттай алым да алынды. Хан жері үшін "үшінші бвдай"
жиналды. Хиуа ханының 150 мың батман "үшінші бидай" (батман 43—49 фунтқа
тең), ягни 180 мын пұт жинаған кездері де болған. Көптеген шаруашылықтарда
сыбағаластық жер өңдеу қолданылды. Бұл Хиуа хандығы жерінде ерекше жақсы
дамыды. Сыбағалас адам барлық құқығынан айрылды. Ол жер иесіне толық
тәуелді болған еді. Құлдардан аз ғана айырмашылығы болды. Сыбағалас жер
көлемі туралы төмендегідей дәлелдеп көруге болады, тек Хиуа хандығы жерінде
ғана 2 900 десятина жер сыбағаластар арқылы өңделді2.
Көптеген шаруалар қайыршылық күйге түсіп, тәуелділікке ұшырады. Олар
байлардан сауда "бунан" алып және төлемін төлей алмай, борышкерге айналды,
оның қарызы ұрпағына берілді, ол ескі сауда үшін жер иесіне жұмыс істеуге
міндетті болды. Тәуелділікке бәрінен бұрын жері жоқ шаруалар түсті.
Бұхарадағы бір ғана Заравшан ауданыңда жерсіз шаруалар 25 процентке жетті.
Алымсалықтар, түрлі феодалдық борышкерліктер тұрғындарды үлкен қайыршылыққа
ұшыратты. Құл иеленушілік хандықта маңызды орын алды. Құлдар көбінесе
жаулап алушылық соғыстарынан түсті. Құлдардардың көбі ирандықтар болды.
Бірақ құлдар басқа халықтардан да болды, оның ішінде — орыстар.
Ресей патшалығы жаулап алған XIX ғасырдың екінші жартысына дейін Хиуа
жэне Бұхара базарларында құлдар ашық сатылды.
Құл еңбегі хан шаруашылығында, оның поместьесінде пайдаланылды. Шаруа
халықтарды құлдыққа түсіруде дін үстем тап өкілдеріне үлкен көмек берді.
Барлық Орта Азия халықтары исламды уағыздады. Мұсылманның бес парызын
сақтау, сонымен бірге діни зекет төлеу сақталды. Зекетке жоғарғы
сенімділерден 2 проценттен, ал жерден алынған өнімнің оннан бір бөлігі
жиналды. Зекеттен басқа "садақа" деген ерікті сыйлық болды. Онда исламның
қасиетті жазбасы Құран оқытылды. Бұхарадағы мектептер 5 разрядқа бөлінді.
Мектептің жаныңда мактобы — төменгі мектеп болды. Онда дін қызметкерлері
жазу-сызуға үйретті. Келесі далалиль хан мекте-бі дұға жаттататын. Одан
кейін Құранды жаттататын Кдрыхан мектебі болды. Содан кейін ғана орта және
жоғарғы медрессе сияқты мектеп-интернаттар болды. Ең алдымен міндетті түрде
Құран немесе шариғат, одан кейін ислам дінінің философиялық негізі, сондай-
ақ математика, география т.б. оқытылды. Түрлі дәрежедегі және рангтегі діни
өкілдер осы мектептен шықты.
Мектептерде тұрғындардың аз бөлігі ғана оқыды. Дін халық арасында мұсылман
дін басылары арқылы және әр ауылда орналасқан мешіттер арқылы тарады.
Шаруашылықтың артта қалуы, саяси құрылыстын әлсіздеп, хандар арасындағы
әскери қақтығыстар және тоқтаусыз ішкі қырқыстар Орта Азия хандықтарын
сыртқы жаулаушылардың объектісіне айналдырды. Бұл жағдай тұрғындарды адам
төзбес жоқшылыққа, қайыршылыққа әкеп соқты. Орта Азиялық хандық өміріндегі
өктем ерекшелік — түрлі феодалдар арасындағы өзара қырқыс болды. Бірде
әлсіреп, бірде өршіп отырған бұл ішкі тартыс хандық мемлекетті әлсірете
отырып, еңбекші тұрғындарға қиын әсер етті.
XIX ғасырдың 50 жылдары Орта Азияда болған саяхатшы былай деп
көрсетті: "Өзара қырқыс пен тоқтаусыз соғыс барлық жерде өте күшті
қымбатшылық пен аштыққа әкеп соқты. Жерлер өңделмей, тұқым себілмей қалды.
Әншейінде 4 теңге (80 коп.) тұратын 1 пұт нан бұл уақытта 20 теңгеге (4
руб) сатылды. Феодалдық алауыздық күшейген тұста, орыс патшалығы өзінің
Орта Азияны жаулап алу жорығын бастады3.
Ресей ертеден-ақ Орта Азиямен байланыста болды. IV Иван кезінде-ақ
саудагерлер оның рұқсатымен Орта Азия базарларына келіп, олар туралы
алғашқы мәліметті жіберген еді. Ал XVIII ғасырда орыс саудагерлері
Астрахань, Қазан және Орынбор арқылы Орта Азиямен сауда жүргізді. Осы
уақытта хандықтың кең сауда мүмкіншілігімен, экономикасымен және
мемлекеттік өмірімен жете танысу мақсатында хандыққа бірнеше экспедиция
жабдықталды. I Петр Орта Азия арқылы Үндістанға өтуге тырысты. Сондықтан да
Орта Азия хандығындағы жағдаймен айналысты. Ал Орта Азияға бірнеше
экспедиция, оның ішінде 1714-1716 жылдары Бухгольц жэне 1719 жылы Лихачев
Ертіс арқылы бағыт алды. Бұл экспедициялар өз жолдарында (Ертісте) бірнеше
қорғандар негізін салды. Ол салынған қорғандар Омск, Семей, Өскемен болды.
Кейіннен олар солтүстік-шығыстан Орта Азияға жылжуда тірек пунктеріне
айналды. I Петр 1717 ж. бірінші экспедицияны (Черкаск-Бекович) Каспий
теңізінен Әмударияға жіберді. Оған Хиуаға жетуге мүмкіндік туды, бірақ
мұнда экспедицияның барлық мүшелерін жойып жіберді. Бұл экспедицияны жібере
отырып, I Петр қызықты нұсқау берді: Хиуа мен Бұхараға хандықты құттықтау
үшін бара отырып, қазіргі сауда ісіне тыншылық жасауды. Әмударияның жаныңа
баруды, оның ағысына, сондай-ақ плотинаға көңіл аударуды, егер мүмкіндік
болса, әзірше ескі ағысына назар аударуды және қалған сағаларын білуге
жіберді. (Әмударияның ескі ағысы Каспий теңізіне қарай ақты). Одан гөрі I
Петр Әмудария арқылы Үндістанға көтерілу қажеттігін ескертті.
XIX ғасырда экспедициялар тағы да жіберілді. Орта Азия үшін Ресейдің
басты қарсыласы Англияға бұл экспедиция ғылыми түрде жіберілгендігін
сылтаурата отырып, патшалы Ресей Орта Азияның осы аудандарына жанталаса
ұмтылды. Каспий мен Арал теңізі арасын өндіріске барометрлік нивелирлеу
(жер беті нүктелері биіктіктерінің айырмасын өлшеу) үшін 1824 жылы
жіберілген Берг экспедициясының құрамында 1600 Орал, Орынбор казактары, 6
зеңбірек құрал-сайман, 900-ден астам қос атты жеткізушілері болды.
Перовскийдің 1839 жылы Хиуаға жасаған экспедициясы нағыз әскери жорық
болды. Оның құрамында 5325 солдат, 22 пушка және 10 мын түйе болды.
Перовскийдің жорығы сәтсіздіққе ұшырады, оның керуендерінің бәрі даладағы
суық аяздан үсіп өлді. Тағы да сауда және ғылыми мақсатпен жіберілген
бірнеше экспедицияны атап өтуге болады. 1841 жылы инженер Никифоров
экспедициясы жіберілді. Никифоровтын Хиуа ханымен келіссөзі қызықты болды.
Хан оны жылышыраймен қарсы алды. Никифоровтын орыс патшалығы атынан айтқан
барлық ұсыныс-тілектерін қабылдады. Бірақ келесі күні хан Никифоровты қайта
қабылдағанда, ол өзінің есте сақтау қабілетінің нашарлығын, кешегі айтқаның
ұмьпьп калғаның айтты. Осы келіссөзде ешнәрсеге қолы жетпеген Никифоров
Ресейдің қол астындағы қазақ жерлеріне шапқыншылықтарын тоқтату жөнінде
ханға ультиматум қойды. Ал келіспесе, онда хан әскерлерін құртатының айтты,
қорқытты. Бұл ханға әсер етті. Ол Ресеймен сауда келіссөзін бекітуге
келісті, бірақ та, шындығында бұл келісім ешқандай мәнге ие болмады. Дәл
осы жылы Бұхараға Бутенов миссиясы жіберілді. Миссияның құрамында, Бұхар
хандығын нақты және құнды суреттеген оқымысты ғалым Ханыков болды. Бутенов
миссиясына Ағылшын өкіметінің Орта Азияға табандылықпен тереңдей енуді,
яғни Ресейдің мүнда енуіне жол бермеуді көздеп отырғаның білудің сәті
түсті.
Патша өкіметінің Орта Азияға экспедициясы хан елшілерінің Ресейге
келуін тездетті. Бірақ ол көп жағдайларда нақты нәтижелерін бермеді.
Осылайша көптеген экспедицияға қарамастан, патшалы Ресейге хандықтармен
мықты байланыс орнатудың сәті түспеді. Соған қарамастан, олармен сауда
дамыды. XIX ғасырдың 30 жылдарында бұл сауда мейлінше үлкен көлемге жетті.
10 жыл көлемінде (1827—1837 ж.ж.) Ресейге 6951 мын сом тауар әкелінсе. Орта
Азияға 4375 мын сом шығарылды. Келесі 10 жылдықта (1837—1847 ж.ж.) шеттен
әкелу 8944 мынға, шетке шығару 5027 мын сомға жетті: Ресей мынандай
заттарды шетке шығарды, атап айтқанда, өндірістік заттар, қолөнер тәсілімен
шығарылатын кездеме, қант, мақта, жіп, жүн, жібектің кейбір түрлері
әкелінді. Орта Азияда барлық уақытта мақтаны шетке шығару өсті. 1840-1850
жылдары шетке мақта шығару 100 мын пұт, ал 1850-1855 жылдары 270 мын пұт
болды4.
Ресейдегі капитализмнің дамуына күшті дүмпу берген XIX ғасырдың 60
жылдарындағы реформадан кейін Орта Азиямен қарым-қатынас біраз өзгерді.
Ресейден өнеркәсіп тауарларын әкелу дамыды. Тауар өткізетін базары мен
шикізат қоры үшін орыс өнеркәсіпшілері өте үлкен қызығушылық көрсететін
болды. Ресейдегі капитализмнің тез дамуы патшылықты Орта Азия
территорияларын жаулап алуға итермеледі.
Капитализмге ұмтылуда өз шекарасын кеңейту, ішкі шекара шегінде
капитал салатын жаңа орта іздеу Орта Азиямен қарым-қатынаста ерекше күшін
көрсетті. Орыс капитализмінің шетке ұмтылуы XIX ғасырдың екінші жартысында
елдің ішкі рыногының таралуын туғызды. 60 жылдары реформадан кейін сақталып
қалған көптеген крепостниктіктің қалдықтары тез дамуға кедергі болды.
Сондықтан ол ішкі рыноктын шегінен шығуды іздеді. Бұл іздеу, отар жаулап
алу патшалық капиталистік дамуды басқа аудандарға бұруға және ел ішіндегі
қарама-қайшылықты әлсіретуге мүмкіндік берді. Реформадан кейін жерсіз
қалған кіріптар тұрғындардың бір бөлігін жаулап алған жерлерге апару мүмкін
еді. Сонымен, олардың ел ішіндегі помещиктерге қарсы күшін әлсірету мүмкін
еді. Осылайша мұнда помещиктер мен капиталистердің ойы сейкес келді.
Сонымен бірге, Покровский жорамалдағандай, Орта Азияны жаулау тек орыс
капитализмінің ісі деген пікір қалыптаспас үшін, мәселенің бұл жағы ерекше
көңіл аударуды қажет етеді. Жаулап алуға шенеуніктер өкілдері, әскери
қызметкерлер де құштар болды. Олар жаңа аудандарда өзіне байлық жинауға,
бөтен иелікке өз қолдарын емін-еркін салуға болады деп ойлады. Бұл
шенеуніктер Салтыков Щедриннің "Ташкенттің қожалары" атты романыңда өте
айқын көрініс алды. Атап айтқанда, Орта Азияны жаулап алудан кейін
"ташкенттіктер" сөзі тұрақты мәнге ие болды. Түрлі рангідегі шенеуніктер
және әр түрлі ру іскерлері Орта Азияға кең толқынмен лап берді. Бұл туралы
орыс сыншысы әңгімелейді.
60 жылдары Орта Азияны жаулап алуға итермелеген тағы бір ерекше себеп
болды. Бұл АҚШ-тағы мақта тапшылығы тудырған Азамат соғысы еді. Мақта,
негізінен, АҚШ-тан әкелінді. Орта Азия мақта шығарғанмен, ол жеткіліксіз
болды. Оның Ресейге шамалы бөлігі әкелінді. Америкадан мақта ала алмаған
орыс тоқыма өнеркәсібі американдықтардың орнын басатын Орта Азияда мақта
өндірісін дамыту үшін, Орта Азияға назарын аударуға ұмтылды. Мақта
ташпылығы мақта бағасының тез өсуіне әкеп соқты. XIX ғасырдың 60 жылдарының
басында Орта Азия мақтасының 1 пұлы 45 сом тұрса, 1861 жылы 7 сом 50 тиын,
1862 жылы 12-13 сом, ал 1864 жылы тіпті 24 сомға жетті. Мақтаға деген
сұранымның өсуі оны өндіруді ұлғайтты. Орта Азияда мақта себілетін жер
көлемі тез өсті5.
Орта Азияға шабуыл кезінде орыс патшалығы Англиямен араздасты. Англия
Ресейдің Орта Азия халықтарын жаулап алуына рұқсат бермеуге ғана ұмтылған
жоқ, сондай-ақ оны өз иелігіне айналдыруды көздеді. Англия Ауғанстанға
өзінің белсенділігін нығайтты. Бұхар, Қоқан хандықтарына тыншыларын
жіберді. Бұл жердегі оның барлық саясаты Ресейге бағытталды. Ағылшындар,
Ресей Орта Азияға шабуылдауда, ал Англия тек өзінің Индияға иеліктерін
сақтап қалу мақсатымен ғана қорғануда деген "теория" таратты. Ал,
шындығында, бұл ел де Орта Азияға шабуылдады және бір-біріне қарсы күресті.
Ресейге мұнда Англияға қарағанда тиімді болды, себебі Ресейден басқа Орта
Азияға жақын бірден-бір мемлекет болмады.
Патшалы Ресейдің Орта Азияға жақындауынан Англия Индиядағы өз
иеліктеріне қауіп төнеді деп есептеді. Англия "Британ" империясы
қазынасының інжу-маржаның орыс найзасының (штык) қол астында қалдырғысы
келмеді. Ағылшын саясатшылары Ресей мұнда Англияға үлкен қауіп төндіруі
мүмкін деп есептеді, сондай-ақ Ресейдің Индияға барар жолы құрлық арқылы
өтеді, Англия теңізге қарағанда құрлықта неғүрлым әлсіз еді.
Орта Азия хандықтарын қалайда болса иемденуге ұмтыла отырып, Англия
Ресейдің Орта Азияға жақындауын тоқтатуға үміттенді. Патшалы Ресейдің Орта
Азия хандықтарын жаулап алуына және Британ Индиясымен көршілік қатынасты
бекітуге ұмтылуы, әрине, Англияның қарсылығын тудырды. Англия мен Ресейдің
Орта Азиядағы шиелініскен қарама-қарсылығының мақсаты: 1. Ұлы державалар
арасындағы барлық қарама-қарсылықтар мен қақтығыстарды пайдалана отырып,
тиісті саясатты жүйелі жүргізу. 2. Константинопольді және Азияның барлық
үлкен бөліктерін жаулауға патшалы Ресей ғасыр бойы ұмтылды. Англия Ресейдің
қарақшылық саясатының күшті жауы болды, сондықтан да Ресей Англияны
жаныңдағы бөтен халықтарға билік жүргізуіне кедергі келтіретінімен
қорқытты. Ресейдің Орта Азияны жаулауы және осылайша Индия іргесіне бекінуі
Англияның Азиядағы билігіне нақты қауіп болды. Бұл дәлел бұғаз жөніндегі
сұраққа да өз әсерін тигізді. Англия мен Ресейдің Орта Азиядағы қарама-
қарсылығы уақыт өте келе күшті түрге жетті. Бір сөзбен айтқанда, Орта
Азияны жаулауда Ресейдің Англиямен соғысуға жақын қалған кездері де болды.
Бұғаз жөніндегі қарама-қайшылықты сипаттай келіп, К.Маркс: "Қара
теңіздегі Трапезунт порты Орталық Азия мен Персия үшін, Түркістан үшін де
бағалы болып табылды" деп атап көрсетті. Ал бұдан Орта Азия жөніндегі
мәселе Таяу Шығыспен тығыз байланысты екенін көруге болады. Патша
дипломаттары Босфорда Ресейдің нақтылы бекітуімен Англия қарсылығын тоқтату
ерекше маңызды екенін түсінді. Қырым соғысынан кейін, әсіресе 1857 жылы
Индиядағы көтерілістен кейін Түркістанды жаулап алу патшаның агрессиялық
саясатында кезек күттірмейтін іс болды.

1.2. Ресейдің Қоқан, Бұхар және Хиуа хандықтарын жаулап алуы.
Патшалық Ресей Орталық Азияны жаулап алуды қазақ далаларынан бастады.
Бұл шапқыншылық қазақ даласын толығымен жаулап алумен аяқталды. Қазақстан
Ресей қарамағында бола тұрса да, бір қатар оңтүстік аудандар өздерін
"бағынушы" деп санамады. Сондықтан патша соларды Ресейге қосуды мақсат
етті. Патша өкіметі алдағы күнде Орта Азияға шабуылы үшін негізгі база
ретінде ертерек қазақ даласын айналдыра бекініс шептерін салған болатын.
Осы кездің өзінде-ақ Орск-Троицк (1835-1837ж.ж.), Торғай-Ырғыз (1845 ж.)
бекініс шептері болды. 1847 ж. Сырдария сағасында Арал-Раин бекінісі
салынды. Алдағы уақытта Орта Азияға ішкерілей енуде Сырдария сағасы ерекше
маңыз атқарады. Келесі шеп Ертіс бойымен өтеді. Мұнда Семейден Сергиеполь
және Капал арқылы қазіргі Алматыға дейін бекіністер салынды. Бұл жолдардың,
түйісі қазақтың үш жүзін бірдей жан-жағынан қоршауға мүмкіндік берді. 1853
жылы Орынбор генерал губернаторы Перовский Сырдарияға тағы да жорық жасап,
1 ай ішінде Ақмешіт қаласын жаулап алды. Ол жерге орыс әскерлері
орналастырылды. Одан кейін осы өзен бойына жоғары қарай 5 бекініс
тұрғызылды. Сонымен, Сырдария бекінісі Қазақстанды оңтүстік батысынан және
оңтүстіктен қамтиды. Мұнын барлығы 60 жылдың басындағы басқыншылдық
дайындық база еді. Патшалы Ресей Орта Азияға жылжу жайлы көп айтқан, бірақ
1860 жылға дейін ішкі ж2не халықаралық жағдай сенімдірек болуға жол
бермеді. Алайда 60 жылдардан бастап, Орта Азияны Отарлауға бет бұрылып,
оған жағдай туды.
1864 жылы Верныйдан (Алматы) Черняев, Перовскіден (Ақмешіт) Веревкин
2скерлері шығады. Алға жылжи келе, олар бір-біріне жақындап, Веревкин
Түркістанды, ал Черняев штурммен Әулиеатаны алады. Сол жылдың өзінде осы
екі шепті қосып, бүкіл Қазақстанды барлық жағынан қоршау басталады.
Черняевке қоқандықтарды қиратып, Веревкин отрядымен кездесудің сәті түседі.
1864 жылы 17 маусымда Қазақстан жан-жағынан қоршалып, ал қоқандықтар өз
хандықтарының сыртқы, шекарасында қалды. 1864 жылы қыркүйекте Черняев
Шымкентті алу үшін "жаңа бағыт" басшысы болды. Ол
кезде Орта Азияға ішкерілей өтуге мүмкіндік туды. 1864 жылы мамыр
айында батыс кавказдықтармен соғыс аяқталып, поляк көтерілісі басып
тасталады. Ішкі жағдай да біршама жақсара түсті. Бисмарк Герман империясын
құру үшін, Еуропадағы одақтас Англия және Австралияға өзінің әскерін
бағыттады да, Азия территорияларына онша көз тіге алмады. Осы
тұста патша әскерлерінің Орталық Азияны жаулауы жалғаса берді.
Айтарлықтай күш көрсетуге қарамастан, орыс әскерлері Қоқан сарбаздарын
қиратып, 1864 жылы қазанда Шымкент қаласын басып алды. Мұнын ізімен Черняев
Ташкентке жорыққа шығады, қала тұрғындары қарсылық көрсетіп, Веревкин
отрядың қиратады. Ал черняевшілер кері қайтуға мәжбүр болады. Соғыс
нәтижесінде Ташкентті жаулаудың алғашқы шапқыншылықтары іске аспай қалады.
Орыс әскерлерінің Қоқан хандығына шабуылы Англияның наразылығын тудырды.
Ағылшын үкіметі орыстарға "арнайы нота" жолдады.
Сарбаздар Ташкенттен қайтқаннан кейін, 1864 жылы қарашада Сыртқы істер
министрі Горчаков барлық державаларға Орта Азияны басып алу әрекеттерін
жасырған "нотамен" мәлімдеме жасады. Онда былай деп атап көрсетті:
"Ресейдің ешқандай жаулау жоспары жоқ, тек өз жерінің нақты шараларын
белгілеп, "жабайы тайпалардан" қорғауда".
1865 жылы көктемде Ташкентке жаңа шабуыл жасалды. Қаладан кішкене
жоғары Шыршық өзені арқылы Ниязбек қамалын бомбалау басталды. Бұл Ташкентке
өтетін негізгі жол еді. Көкек айында қамал толық алынып, қалаға қауіп
төндірді. Мұндағы әскер басы Әлімқұл тығырықтан шығар жол іздеді. Бірақ ол
іске аспады. Орыстар оны басып тастады. Осы кезде көмеққе жаңа күш шыққан.
Бұхар әмірі Қоқан хандығындағы қиындықтарды пайдаланып, Ташкентті өз
билігіне алды. Онда әскери басшы болып Бұхар әмірі Ескекпір патша сайланды,
ол қаланы қорғауға тиіс болды. Мұның арасында орыстар 1865 жылы 15-17
маусым аралығында Ташкетке шабуылын бастады. Барлық тұрғындар қайсарлықпен
шайқасып, көшелерде өзіндік баррикадалар орнатты. Олар ағаштарды жағып,
жолды бегеді. Хан сарайына орыс әскерлерін жібермеу үшін оған өрт қойды.
Бұл ұрыста орыстар артиллериямен жақсы қаруланғандықтан, үш күннен кейін
қала тұрғындары тізе бүкті. Орта Азияның ең ірі қаласы осылай жаулап
алынды.
Патша өкіметі бұдан кейін Черняев орнына сайланған Романовқа осы істі
жалғастыруды ұсынды. Ол 1866 жылы Бұхараға алғашқы жорығын бастады. Өйткені
Ташкентті алғанда Бұхара қоқандар жағына шыққан еді. 1866 жылы Иржардағы
әмірдің негізгі күштерін қиратып, Ходжентті, Ұратөбені, Созақты басып алды.
Енді тек Бұхара қалды. Бірақ оған да жол ашық еді. Орталық Азиядағы
жауланған территориялар 1867 жылы Түркістан генерал губернаторлығын құрумен
біріктірілді. Басшы болып генерал фон Кауфман сайланды. Ол осы халықтарға
қарсы соғыс жариялауға, бейбіт бітімге келуге түрлі шаралар қолдануға
құқылы болды.
Орыс әскерлерінің Бұхараға шабуылдары мұсылман тұрғындарының
наразылығын тудырды. Бұхар әмірі "ғазават соғысын" жариялады. Ол 1868 жылы
наурыз айында басталды. Жаппай халық орыс басқарушыларға наразылығын
білдірді. Мұсылман діни насихатшылар православиялықтарға қарсы күресін
күшейтті. Осыдан барып Ташкентте, Оралтөбеде және басқа да аудандарда
көтерілістер басталды. Генерал Кауфман Бұхараны басып жаншу үшін 1868 жылы
жаңа қорғаннан көптеген әскерлермен жорыққа шығады. Наурыз айының 2-
сінде Самарқандты жаулап, оңтүстік батысқа беттейді. Ал Бұхар әміріне үлкен
қол жинап, патша әскерлеріне қарсы шығуға мүмкіндік туады. Бірақ 1868 жылы
2-ші маусымда Қорған түбінде Әмір толық жеңіліске ұшырады. Бұл кезде
Самарқандта Кауфманға қарсы ұлттық көтеріліс басталды. Орыс бөлімдері
қалаға тығылып, Шахрисябтар ұрысына 1 апта бойы төтеп берді. Мұны естіген
генерал Кауфман орыс ғарнизондарына көмек көрсету үшін дереу қайта оралады.
Көтерілісшілерге өмірдің жеңілісі туралы хабар жеткенде, олардың арасында
іріткі туады. Шахрисябтар орыс әскеріне жалғыз төтеп бере алмайтының сезіп,
кетуді ұйғарады. Ал Кауфман көтерілісшілерді ерекше қаталдықпен басып, ер
адамдарды аяусыз жазалайды. Көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін, 1868
жылы Қоқан ханымен келісім жасалады. Худояр хан жерлерін беріп, өзінің
тәуелділігін мойындайды. Оның өзінде Қоқанд және Ферғана жазығының батыс
бөлігі қалып, қалған басқа Шымкент, Ташкент т.б. қалалар заңды түрде Ресей
қарамағына өтеді. Сонымен қатар орыс саудагерлеріне бүкіл хандықта еркін
сауда құқын беріп, кез-келген тауарға салым екі жарым процент болып
жарияланды.
Бұхарамен келісім 1869 жылы жасалып, патшалық жаулап алған жерлер
салықтан босатылып, орыс саудагерлеріне бес жүз мын сом контрибуция
төленуге тиіс болды. Оларға Қоқан хандығындағы сияқты құқықтар орнатылды.
Бұхара да орыс патшалығының қол астына өтті. Өйткені Заравшан суы Бүхараға
баратын, яғни кез-келген уақытта су бермей, бағындыруға болар еді.
Хандармен келісімге келе отырып, Ресей ішкі саяси мақсаттарды
көздейді. Ол Англияға өзінің жаулап алған хандықтарды қорғауға алғандығын
және олардың тәуелсіз екендігін көрсеткісі келді. Ал шындығында, хандықтар
Ресейге толық бағынышты болатын. Бұхара мен Қоқанды жаулау кезінде Ресей
мен Англия қарым-қатынасы өте шиеленісе түседі. Англия Ауғанстанды жаулап
алу арқылы Орталық Азия шекараларына жақындауды көздеді. Ол Ресейдің
Орталық Азияда жылжуына қарсылық көрсете бастады. Ауғанстан және Қашқарда
орныққан Англия Ауғанстанды Ресейге қарсы қоя бастады. Бірақ 70 жылдардың
басында Ресей үшін халықаралық жағдай тиімді болады. Сондықтан Англия
Ресеймен келісімге келуге мәжбүр болды. Ол бойынша Ресей Хиуа хандығын,
Англия Ауғанстанды қорғауға тиіс болды. Осы шарт патшалыққа Хиуаны жаулауға
жол ашты. Бұл кезде халықаралық қатынастар патша әскерлерінің жаңа жорығына
жағдай туғызды. 1870 жылы Франция жене Германия арасындағы соғыс
француздардың жеңілісімен аяқталды. Франция талқандалды. Бұл бүкіл Еуропаны
дүр сілкіңдірген Париж жұмысшыларының көтерілісін өршітті. Сондықтан
Англия Еуропада жақтастарының болмауынан, Ресеймен келісімге келуге мәжбүр
болды. 1873 жылы көктемдегі келісімнен кейін, Ресей Хиуаны жаулауды
бастады. Қозғалыс Орынбордан тура Хиуаға, Маңғышлақтан Краснаводскіге, ал
генерал Кауфман Ташкенттен шықты. Орынбор әскері Маңғышлақтағы әскермен
бірікті. Хиуа түбінде оларға Кауфман әскері қосылды. Красноводск әскері құм
даладан өте алмай, кері қайтады, қалғандары Хиуаға жетеді, қала соғыссыз
беріледі. 1873 жылы тамыз айында Мұхаммед Рахим 11 бейбіт шарт жасады.
Онда Хиуа Ресейге бағынуға тиіс болды. Әмудария өзенінің оң қанатындағы
жерлер Ресейге өтті. Мұнда орыс кемелері еркін, ал Хиуада Бұхара кемелері
орыс үкіметінің рұқсатымен жүзе алады. Орыс саудагерлері Хиуа жерінің сол
жағына қойма т.б. салуға құқық алып, барлық салықтардан босатылды. Сонымен
қатар Хиуа ханы Ресейге 2 200 000 сом контрибуция төлеуге міндетті болды.
Түркімен иомудтары Головочевтің қатаң жазасын алды. 1300 адам өлтіріліп, 5
000 мал алынып, 300 000 сомға контрибуция салынды. Түркімен иомудтарының
өте нашар тұратындары небәрі 100 000 сом жинады. Бірақ ол үшін түйелерін,
әйелдерінің әшекей бұйымдарын сатты, бұдан артық ақша жинай алмады. Сөйтіп,
патша генералдары жаулап алынған халықтарына билік жүргізді. Ақырында орыс
самодержавиесі Орта Азиядағы үш хандықты жаулап, оларды өзіне вассалды
тәуелді етті. Орыс патшалығын Индиядан Англия мемлекетінің иелігіндегі
Ауғанстан бөліп тұратын еді. Бірақ жаулап алушынар халық көтерілісіне тап
болды. Дәл осындай көтеріліс 1875 жылы Қоқанда, Үзгент қала ауданыңда
Пулатхан және Автобачи басшылығымен болды. Көтеріліс самодержавиені
жақтаушы Худояр ханға қарсы бағытталды. Көтеріліс басшылары ханды Ресейге
сатылып кеткені үшін айыптады. Олар орыс билеуші үкіметі мен ханды толық
жоюды көздеді. Бұл көтерілістің ұлт-азаттық мәні болды. Олар тек орыс
өкіметті емес, өз хандарын да айыптады. Худояр хан орыс әкімшілігіне қашып
кетті орнына ұлы Насыр-Әлдин хан болды. Бірақ ол ұзаққа бармады.
Көтерілісшілер Ходжент, Наманған, Әндіжан, Наманғай, Ферғананың шығыс
бөліктерін алды. Кауфман көтерілісті тез басу үшін Қоқанды алды. Жаңа хан
Насыр-Әлдин қала есігін ашып, көтерілісшілерді сатып жіберді. Халық сонда
да басылмады. Әндіжанда Автобачи 70 мын әскер жинады. Троцский әскерлерін
Пулат хан талқандады. Көтерілісшілер Қоқанды алып, орыстарды қуып шықты.
Осылай көтеріліс үлкен сипат алды. Орыс өкіметі Скоболев жазалау әскерін
жасақтады. Ол көтеріліс ауданыңдағы барлық ер адамдарды дерлік қырды, өз
еркімен берілгендер де жазаланды. 1876 жылы қаңтар айында Әбдірахман-
Автобачи және Пулат хан берілді. 1877 жылы 19 ақпанда орыс өкіметі Қоқан
хандығының жойылуын (ликвидациясын) жариялап, оның орнына орыс генерал
губернаторлығының басшылығымен Ферғана облысы құрылды.

1.3.Түркістанда отаршылдық басқару жүйесінің қалыптасуы.
Патша өкіметі Орта Азиядағы Хиуа хандығын басып алғаннан кейін,
алынбаған Түркмения ғана қалды. Мұнда патша өкіметінің ішкерілей енуі 60
жылдардың аяғында басталы. 1869 жылы Красноводск қаласының негізі қаланды.
Бұл қала Түркменияға жылжып кірудің ең үлкен базасы болды. 1877 жылы
генерал Ломакин Қызыл Арбатты басып алды, бірақ текеліктер оларды бұл
жерден жылдам қуып шықты.
Түркмения өзінің территориясы, табиғи байлығы жағынан, сонымен қатар
Англия басып алушыларына қарсы стратегиялық шабуыл жасау үшін де қолайлы
жер көрінді. Патша өкіметі Азияның бұл бөлігінде Англияны әлсіретуді
көздейді. Жаңа шабуыл 1879 жылы генерал Лазаревтің басшылығымен басталады.
Осы жылдың тамыз айының ортасында ол өлгеннен кейін Түркмениядағы әскери
басшылық генерал Ломакинге берілді. 28 тамызда Ломакин Геок-Тепеге шабуыл
жасады, бірақ текеліктер бұл шабуылға шешуші тойтарыс берді. Орыс әскерлері
көп шығынға ұшырап, шегінуге мәжбүр болды. 1880 жылдың наурызында жаңа
экспедиция жасақталып, оның басшысы болып генерал Скобелев тағайындалды.
Оның 11 мын әскері, 97 зеңбірегі қару-жарағы болды. Ломакиннің жеңілісін
ескере отырып, Скобелев елге қарай жайлап еніп отырды. Өз жолында ол
бекініс орнықтыра отырып, азық-түлік қорын қамтамасыз етті. Осы қорларына
сүйене отырып, Скобелев текеліктердің басты қорғаны Геок-Тепені қоршап
алды. 1878 жылы патша өкіметінің шабуының жеңілдету үшін Красноводск
қаласына темір жол салынған болатын. Орыс әскерлерінің дайындығымен жылжып
отыруы 1880 жылдың аяғына дейін созылды. Геок-Тепеге шабуыл 1880 жылдың
желтоқсанында басталды. Шабуылға дейін траншеялар мен окоптар қазылып,
қамалдың қабырғасына мина қойылды.
Текеліктер патша өкіметінің әскерлеріне қарсы батыл қарсыласқанымен,
патша әскерлерінің күші басым екендігі көрініп тұрды. 20 желтоқсанда орыс
әскерлері Геок-Тепе қамалының бірден-бір қорғаны болған Янги қала-селосын
басып алды. Қамалдың ішінде 25 мын текеліктер, олардың әйелі, бала-шағасы
болды. 1881 жылы 12 қаңтарда Скобелев шешуші шабуылын бастады. Текеліктер
орыс әскерлерімен батыл соғыса білді. Осы соғысты көзімен көрген дәрігер
Чербан былай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біртұтас Түркістан идеясы: теориялық негіздері және іске асырылу жағдайлары
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Түркі жазуларының зерттеу барысы
Ташкент қаласының қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани өміріндегі маңызы (хіх ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегі)
Патшалық ресейдің бағынышты түркі халықтарының орыстандыру саясаты
«Түркі» этносы және этнонимі
Түркия Республикасында жарық көрген түрікшілдердің еңбектері
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуы
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар
Пәндер