«Жартаc» ЖШС-ндегі еңбек өнімділігі көрсеткіштерін талдау, оны арттыру мақсатында кәсіпорын тарапынан жасалатын шаралар жүйесіне баға беру, оның кемшіліктерін анықтау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсыну


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Бет.

Кіріспе
3
Кіріспе:
3: Еңбек өнімділігін жоғарылатудың теориялық аспектілері
Кіріспе:
3: 1. 1
Еңбек өнімділігі түсінігі, оның мәні және экономикалық мазмұны
5
Кіріспе:
3: 1. 2
Еңбек өнімділігін өлшеу және оның негізгі көрсеткіштерін бағалау әдістері
12
Кіріспе:
3: 1. 3
Еңбек өнімділігін арттырудағы оның мөлшерін дұрыс жоспарлаудың маңызы
18
Кіріспе:
3: ЖШС «Жартас» кәсіпорнындағы еңбек өнімділігі көрсеткіштерін талдау
Кіріспе:
3: 2. 1
ЖШС «Жартас» кәсіпорны қызметінің жалпы мінездемесі және оның технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
30
Кіріспе:
3: 2. 2
ЖШС «Жартас» кәсіпорнындағы еңбек өнімділігін талдау
36
Кіріспе:
3: 2. 3
Еңбек өнімділігі мен оған әсер ететін факторлардың өзара байланысын талдау
42
Кіріспе:
3:
Кіріспе: 3
3: ЖШС «Жартас» кәсіпорнында еңбек өнімділігін арттыру шаралары
Кіріспе:
3: 3. 1
Еңбек өнімділігін арттыру мақсатындағы заманға сай техниканы өндіріске енгізу бойынша ұсыныстар
48
Кіріспе:
3: 3. 2
Енгізіліп отырған іс-шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
52
Кіріспе:
3:
Кіріспе: Қорытынды
3: 62
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
3: 64

Кіріспе

Тақырып өзектілігі. Бүгінгі таңда экономиканы интенсивті дамыту жолына түсірумен байланысты еңбек өнімділігін жоғарылатудың маңыздылығы арта түсуде. Еңбек өнімділігінің өсімі - объективті экономикалық заңдылық, ол кез-келген экономикалық формацияларда әрекет ете береді. Яғни, еңбек өнімділігін жоғарылату шаруашылықтың кез-келген жүйесі үшін экономикалық қажеттілік болып табылады. Шаруашылықта қазіргі жағдайда еңбек өнімділігін жоғарылату экономикалық өсімділіктің бірден-бір көзі болып табылады. Себебі, өндіріліп жатқан өнім көлемі мен ұлттық табыс екі фактордың әсерінің нәтижесінде ұлғаяды: еңбек өнімділігін жоғарылату және жұмысшылар санын көбейту. Алайда, бүгінгі таңда еңбекке жарамды жұмысшылар санын көбейту мүмкіншілігі шектеулі. Бұл мүмкіншілік болған жағдайда экстенсивті даму жолы бүгінгі даму кезеңінде тиімсіз болып табылады. Сондықтан еңбек өнімділік өсімі өндіріс көлемі мен ұлттық табысты жоғарылатудың негізгі қайнар көзі болып отыр.

Баршаға мәлім болғандай, отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда еңбек өнімділігінің тұрақты өсуі аса маңызды рөл атқарады, ол өз кезегінде капиталдың алғашқы қорын жинап алу мен келешекте ұлттық экономиканы капитализациялаудың қайнар көзі болып табылады. Еңбек өнімділігінің артуы нәтижесінде капиталдың қайтарылымы өседі, материалдық жабдықтардың қолданылуы төмендейді және қосымша құн артады [1] .

Қазіргі таңда әлемнің көптеген дамыған елдерінде, атап айтсақ, Ұлыбританияда еңбек өнімділігін арттырудың басты факторы болып тәжірибе, білім және шығармашылық потенциал есептеледі. Ал Қазақстан үшін адами капиталды интеллектуализациялау және еңбек өнімділігін арттырудағы тәжірибе жинау әлі де кенже қалып отыр. Сол себепті де еліміздің барлық аумақтары үшін бұл мәселе аса өзекті болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - «Жартаc» ЖШС-ндегі еңбек өнімділігі көрсеткіштерін талдау, оны арттыру мақсатында кәсіпорын тарапынан жасалатын шаралар жүйесіне баға беру, оның кемшіліктерін анықтау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсыну.

Аталған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмысты орындау барысында келесі міндеттер қойылды:

  • еңбек өнімділігін арттырудың теориялық аспектілерін қарастыру;
  • ЖШС «Жартаc» кәсіпорнында еңбек ресурстарын қолданылу деңгейін және еңбек өнімділігі көрсеткіштерін талдау;
  • ЖШС «Жартаc» кәсіпорнының еңбек өнімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау;
  • жасалған ұсыныстардың тиімділігін экономикалық тұрғыда негіздеу.

Зерттеу пәні кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттыру және ол үшін еңбек ресурстарын толық пайдалану бойынша ұйымдық-экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Зерттеу объектісі - «Жартаc» ЖШС кәсіпорны болып табылады. Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізін бәсекелестік теориясы мен өндіріс экономикасы саласындағы шетелдік, отандық ғалымдардың еңбектері, салалық әдістемелік материалдар, заңдық-нормативтік актілер мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы және басқа материалдар құрады. Зерттеу жүйелілік және экономикалық талдау мен салыстыру қағидаларына негізделген.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы болып келесілер табылады:

  • «Жартас» ЖШС кәсіпорны кәсіпорнында еңбек ресурстарын және еңбек өнімділігін қолданудың қазіргі жағдайы талданып нәтижелікті жоғарлатудың бағыттары анықталды;
  • еңбек өнімділігін бағалауға қажетті көрсеткіштер жиынтығы жасалды және олардың маңыздылығы айқындалды;
  • «Жартас» ЖШС кәсіпорнында өнімділікті арттыру бойынша іс-шаралар жасалды.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы талдаудан алынған нәтижелер мен ұсыныстарды кәсіпорындарында еңбек өнімділігін арттыруда пайдалануға болатындығында.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімінде еңбек өнімділігінің экономикалық мәні мен мағынасы, еңбек өнімділігін өлшеудің көрсеткіштері мен әдістері көрсетілген, сонымен қатар еңбек өнімділігін жоғарылатудағы оны дұрыс жоспарлаудың маңызы қамтылған. Екінші бөлімінде «Жартас» ЖШС кәсіпорны қызметінің технико-экономикалық мінездемесі беріледі, еңбек өнімділігін талдау жүргізіледі және еңбек өнімділігінің өсу қорлары анықталады. Үшінші тарауда ЖШС «Жартас» Кәсіпорнында еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша нақты іс-шаралар келтіріліп, олардың тиімділігі экономикалық тұрғыда негізделген.

Диплом жұмысын жазу кезінде экономикалық және оқу әдебиеті, экономикалық газеттер мен журналдар, шаруашылық қызметтер аудиті мен талдауы бойынша оқулықтар, сонымен қатар нормативті құжаттар қолданылды.

1 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың теориялық аспектілері

1. 1 Еңбек өнімділігі түсінігі, оның мәні және экономикалық мазмұны

Еңбек өнімділігі - жеке жұмысшылардың, сондай-ақ жалпы кәсіпорын ұжымының еңбек шығынын сипаттайтын, маңызды экономикалық көрсеткіш. Кәсіпорын деңгейінде еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші еңбек сыйымдылығы болып табылады. Өнім көлемінің өлшем бірлігіне байланысты еңбек өнімділігін өлшеудің үш әдісі қолданылады: натуралдық, еңбектік және құндық. Еңбек өнімділігін өлшеудің натуралдық әдісі - жұмыс уақытының бірлігінде өндірілген өнімді натуралды формада (нысанда) сипаттайды. Еңбек өнімділігінің натуралды көрсеткішіне килограмм, метр, дана және т. с. с. жатады [2] . Еңбек өнімділігі қоғамдық өндірістің тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осы көрсеткішті қолдану жеке жұмысшының да, сонымен қатар ұжымның да еңбегінің тиімділігін бағалауға көмектеседі. Кең ауқымды түсіну бойынша өнімділік - бұл қолда бар затты жетілдіру мүмкіндіктерін үнемі іздестіруге адамның ақыл-ой бейімділігі. Бұл адам бүгін кешегі күнге қарағанда, ал ертең бұдан да жақсы жұмыс істей алатындығына сенімділікке негізделген. Бұл экономикалық қызметтің үнемі жетілдірілуін талап етеді. Еңбек өнімділігі - сала мен әрбір кәсіпорынның өндірісінің экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіші. Еңбек өнімділігінің қорларын және оны жоғарылату жолдарын анықтауда кәсіпорын жұмысын кешенді технико-экономикалық талдауына жүгіну керек. Еңбек өнімділігін талдау кәсіпорынның еңбек ресурстары мен жұмыс уақытын қолдану тиімділігін анықтауға көмектеседі.

Еңбек өнімділігінің өсуі мынаны білдіреді: затталған және тірі еңбек үнемделуін және өндірістің тиімділігін жоғарылатудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Еңбек өнімділігінің экономикалық мазмұны жайындағы сұрақты зерттеу кезінде өнім өндіруге жіберілетін еңбек берілген кезде өнім өндіру процесінде шығындалатын тірі еңбектен және жаңа өнім өндіруге қолданылатын ертерек өндірілген өнімде затталған өткен еңбектен тұратындығынан шығу керек [3] .

Тірі еңбектің функциясы болып тек қана жаңа құнды жасау ғана емес, сонымен қатар өндірістің заттық элементтерінде материалданған жұмыс уақытын жаңадан жасалған өнімге ауыстыру да табылады. Сондықтан тірі еңбектің өндірістік күші оның жаңа тұтынушылық құндарды жасау қабілеттілігімен мінезделеді. Еңбек өнімділігінің өсуінің жалпы тенденциясы өнімде тірі еңбек үлесі азаятындығында, ал затталған еңбектің (шикізаттың, материалдардың) үлесінің көбейетіндігінде көрініс алады, бірақ өнімнің бір талында тұжырымдалатын еңбектің жалпы саны қысқаратындай болып. Еңбек өнімділігін жоғарылатудың мәні осыдан тұрады.

Өндірістік күштердің даму деңгейіне тәуелділігіне қарай тірі және затталған еңбек шығындарының ара қатынасының өзгеруі әр түрлі болуы мүмкін. Өндірісті механизациялау мен автоматизациялаудың өсуімен болатын ғылыми-техникалық дамудың жоғарғы сатысында өнімнің бір талына тірі және затталған еңбек шығындары бірге төмендейді, бірақ өткен еңбек шығындарына қарағанда тірі еңбек шығындары көбірек дәрежеде төмендейді, сондықтан да өнімде тірі еңбек үлесі азаяды, ал өткен еңбек - көбейеді. Бұдан еңбекті механизациялау мен автоматизациялау деңгейі жоғарылаған сайын затталған еңбек шығындарын қысқарту оны үнемдеуде салмақты роль атқарады.

Еңбек өнімділігі экономикалық өсудің көрсеткіші болып табылады, яғни нақты өнім мен табыстың өсуін қамтамасыз ететін көрсеткіш болып. Елдегі бір жанға қоғамдық өнімнің көбеюі өмір сүру деңгейінің жоғарылауын білдіреді.

Нақты ЖҰӨ-ң көбеюі екі әдіспен іске асады:

  1. Өндіріске ресурстардың үлкен көлемін тарту жолы;
  2. Оларды қолданудың көбірек өндірілетін жолы.

ЖҰӨ = адам істеген сағ. саны х еңбек өнімділігі (1)

Бұдан еңбек өнімділігі - өнімнің жалпы көлемі, ол шығындар санына, оның еңбек өндіруіне бөлінген, немесе бір жұмыс істеушіге нақты сағаттық өндіру екені шығады. [4]

Біздің мемлекетте соңғы жылдары өнімділік көрсеткіші ресми санақтан жоғалып кетті, ұйымдардан бастап басқарудың барлық деңгейінде өнімділікті жоғарылатуды жоспарлау бойынша жұмыс тоқтатылды, осы салада алдыңғы қатарлы тәжірибе насихатталуы тоқтатылды.

Меншіктің әртүрлі қалпындағы кәсіпорындар нарықтың негізгі ұстанымын елемейді: олардың жетістікке жету мүмкіндігі өнімнің бағасымен салыстырғанда шығарылуына жұмсалатын төменірек шығындарымен анықталады. Қорыта келгенде өткізу мен табысты көбейту үшін өзіндік құн мен бағаның төмендеуі қажет, яғни - технико-экономикалық нормалар мен нормативтер (жұмыс түрлері, еңбек, шикізат, материалдар мен отын-энергетикалық ресурстар шығындары, өндірістік күштерді қолдану мен үлес капиталды салымдар бойынша) негізінде өндіріс ішілік қатаң жоспарлау. Сонымен қатар еңбек өнімділігін басқарудың негізгі құрамдары болып табылатын жұмысбастылық, кадрлар құрылымы, технология мен құрал-жабдық, өнім мен өткізу нарығы сияқты барлық негізгі ұйымдастырушылық элементтер бойынша масштабтар мен қызмет интенсивтілігін жоспарлау мен бағыттау қажет.

Экономиканың қазіргі дағдарысты жағдайының негізгі мәселелерінің бірі болып еңбек өнімділігінің опырыла төмендеуі табылады. Бізге белгілі болғандай еңбек өнімділігінің өсу динамикасы оны құрастыратын екі элементтердің өзара байланыса өзгеруімен анықталады - өндіріс көлемдері және өнеркәсіпті өндірістік персонал сандары. Өз кезегінде осы элементтердің әрбіреуі ереже бойынша әртүрлі бағытта әрекет ететін факторлардың бүтін тобының өзара әрекетімен анықталады [5] .

Жоспарлы-орталықтандаралған экономика жағдайында еңбек өнімділігін жоғарылату мәселелеріне көп мән берілді, дегенмен объективті және субъективті себептер қатары бойынша бұл мәселелер жеткілікті түрде тиімді шешіле алмады. Қазіргі кезде, өкінішке қарай, тиімділік мәселесі, жекеше алғанда еңбек тиімділігі, ешкімді қызықтырмайды, өйткені қате көзқарас бойынша экономиканы тұрақтандыру үшін бұл мәселе аса маңызды емес деп саналады. Алайда еңбек өніміділігінің төмендеуін тоқтатусыз және ары қарай өсуінсіз қоғамдық өндірістің тұрақтануына, оның өсуі туралы айтпағанда, қол жеткізу мүмкін емес. Еңбек өнімділігінің қысқаруының негізгі себебі өндіріс көлемінің төмендеуі болды. Құлдыраудың негізгі факторы болып төленбеген төлемдер дағдарысы табылады. Соңғылары төменгі төлемдік тәртіп те, кәсіпорындардың төлемге қабілеттілігнің қысқаруы да салдарынан пайда болады.

Еңбек өнімділігінің құлдырауын өндірістің болып жатқан төмендеуімен

сәйкесінше жұмыспен қамтылғандар санының, яғни кәсіпорын-өндірістік персоналдың қысқаруы қабаттаспағандығымен оңай түсіндіруге болады. Жасырын немесе латентті жұмыссыздықтың жинақталуы болады. Осыған байланысты еңбек бағасы факторына тоқталайық. Көп жағдайда жасырын жұмыссыздықтың жинақталуы мүмкін емес болар еді, егер нақты жалақы төмендемеген жағдайда. Сондықтан артық санды ұстау тек барлық жұмысшылардың нақты жалақыларының төмендеу есебінен ғана мүмкін.

Нарықтық экономикада жалақы - жұмысшының физикалық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып жұмыс күшінің қайта өндірісін қамтамасыз ететін қолдану заттары мен қызметтердің құнына сәйкес болатын жұмыс күшінің бағасы. Еңбек бағасы - материалдық өндірістің, әсіресе мемлекеттік кәсіпорын жұмысшыларының нақты жалақысы төмендеуінің тенденциясы жеткілікті дәрежеде еңбек өнімділігінің өсуіне кедергі болады. Европамен салыстырғанда жалақы көп есе аз, ал көптеген тауарлар бағалары әлемдік деңгейге жетті. Арзан еңбек жоғары өндірістік бола алмайды, материалдық және басқа да өндірістік ресурстардың үнемді және рационалды қолданылуын қамтамасыз ете алмайды. Осының бәрі өндіріс дағдарысына, оның көлемдерінің әрі қарай құлауына және шығарылып жатқан өнімнің сапасының нашарлауына әкеліп соғады.

Дәл осылай экономикалық реформа экономика дамуының тек қана бұрыңғы кері әсерлі тенденцияларын өзгертпеген, сонымен қатар терең және ұзақ әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа, өндірістің айтқысыз құлдырауына, ғылыми-техникалық және интеллектуалды потенциалдың күйреуіне, халықтың жаппай кедейленуіне, қоғамда әлеуметтік шиеленістің пайда болуына әкеп соқты. Бұл өндірістің, және жекеше қарастырғанда еңбек өнімділігінің экономикалық тиімділігінің әрі қарай төмендеуіне себепші болды.

Негізгі себептердің мәні реформалар мақсаттары айқын анықталмағандығында - құрама, салалық, территориялық деңгейде өндіруші-кәсіпорындармен тікелей байланыса отырып экономиканың кешенді құрылымдық түрленуі.

Өндірістік процес шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналуына бағытталған еңбек процестерінің жиынтығы. Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және өндірістің матиралдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: Технология сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырысын қорғау.

Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:

  1. Өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;
  2. Өндіріс учаскілерінің қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі.
  3. Өңделетін матиралдармен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол.
  4. Өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау [6] .

Сонымен өндірістік процесті тиімді ұйымдастыру принциптері-мамандандыру, үйлесімділік, тік дәлдігі, үздіксіздігі, ырғақтылығы, және техникалық қамтамасыздандыру болып табылады.

Өндіріс тиімділігін жоғарылату және еңбек өнімділігінің өсуі сияқты нарықтық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақталуының маңызды принципі жөнсіз еленбейді. Дәл осы өндіріс дамуының, баға мен инфляция өсуін тоқтатуының негізгі көзі, жаңашылдық саясаттың экономикалық орындылығының, тірі еңбекті затталғанға ауыстырғандығының межесі, нақты табыстардың өлшемдерінің реттеуіші, теңгерілген төлемге қабілетті сұранысқа жету және елдің өмір деңгейін жоғарылату шарты болып табылады.

Өндіріс құлдырауының және экономиканың қазіргі жағдайының негізгі себептерінің бірі - бөлек өндіріспен қатар, салалық және салааралық, территориялық кешендер мен халықтық шаруашылықты толығымен басқарудың әжептеуір нашарлауы. Еңбек Институты мен Өнімділік Центрі көп рет ұсынған, экономиканы тұрақтандыру мен өсу бойынша басқа да шаралармен келісілген еңбек өнімділігін жоғарылатуға жәрдемдесетін Құрама бағдарламаны қарастыру қажет; қираған инфрақұрылымды, жекеше қарстырғанда бұрындары өндірістің әртүрлі салалы кәсіпорындары мен ұйымдары үшін нормалар мен нормативтер жетілдірумен айналысқан қызметтерді қайта тұрғызуды алдын-ала көру; нарықтық жағдайда еңбек өнімділігін жоғарылатудың экономикалық механизмдерін жетілдіру және енгізу, олардың ақпараттық, кадрлік және қаржылық қамтамасыз ету және т. б.

Еңбек өнімділігін жоғарылату кез келген жүйеде әртүрлі факторлардың әсерінен әртүрлі жолдармен болуы мүмкін. Ол жоғарылай алады, егер келесі жағдайлардың біреуі байқалса:

  • өнім көлемі көбейеді, ал шығындар азаяды;
  • өнім көлемі шағандарға қарағанда тезірек көбейеді;
  • өнім көлемі өзгермейді, ал бұл кезде шығындар азаяды (мысалы, қалдықтарды қысқарту бойынша бағдарламаларды өткізу нітижесінде) ;
  • шығындар өзгермегенде өнім көлемі өседі;
  • шығындарға қарағанда өнім көлемі баяуырақ темптермен төмендейді.

Еңбек өнімділігінің өсуі шексіз болуы мүмкін емес. Еңбек өнімділігінің өсуінің экономикалық ақылға қонымды шектері тұтунышылық құндар массасының көбеюі және өнім сапасының жоғарылау шарттарымен талап етіледі. Жұмыс істеушілер санын қысқарту есебінен еңбек өнімділігінің өлшемсіз өсуіне ұмтылу шығарылып отырған өнім көлемі мен сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін [7] .

Дұрыс ұйымдастырылған бола тұрып еңбек ақы еңбек етушілердің қажеттіліктерін қанағаттандырудың негізгі көзі болып табылады, ол өндіріске адамдарды тартуға көмектеседі, өндірістің үздіксіз өсуін, оның тиімділігін жоғарылатуды материалды ынталандырудың маңызды амалы болады.

Осы шынайы табыс пен еңбекақы арасындағы қатынас, яғни шынайы табыстан еңбекақысының жоғары болуы, елде қордың жинақталуына әсер етеді. Ол өз кезегінде, өндірісті дамытудың жоғары қарқындылығын қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңдағы өзін-өзі қаржыландыру, жалға беру жағдайында еңбек өнімділігінің жоғарылауына қандай факторлар тиімді әсер ететіндігін, қайсысы кедергі болатындығын, өсудің қандай жолдары мен резервтері бар екендігін біліп алу қажет. Сондықтан еңбек өнімділігінің қарастырар кезінде, факторлар жиынтығы толық қарастырылуы тиіс.

Еңбек өнімділігі өсімінің факторлары - бұл оның деңгейлік өзгерісіне әсер ететін қозғаушы күш. Еңбек өнімділігінің өсіміне әсер ететін факторларға мыналар жатады: техникалық прогресс, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру, басқару мен еңбекті тиімді ұйымдастыру, жалға беру және тағы сол сияқты қатынастарды дамыту және тағы басқалар. Осы текті еңбек өнімділігін дамытуға әсер ететін факторлардың көптігі, оларды жіктеуді қажет етеді. Еңбек өнімділігінің өсіміне әсер ететін факторлардың әрекеті табиғи, қоғамдық, экологиялық және материалдық жағдайға тәуелді. Табиғи жағдай топырақтың құнарлығын, ауданның климаттық ерекшеліктерін, табиғи ресурстар байлығымен және т. с. с. сипатталады.

Қоғамдық жағдай әлеуметтік құрылымын, шаруашылық механизмінің дамуымен сипатталады; экологиялық жағдай табиғатты қорғау әрекетімен, еңбек ету жағдайымен сипатталады. Сонымен бірге еңбек өнімділігіне әсер тигізетін факторларды төмендегідей жіктеуге болады:

  • материалды- техникалық фактор (ғылыми-техникалық прогресстің дамып жетілуіне тәуелді;
  • ұйымдастырушылық-экономикалық және басқарушылық фактор;
  • қоғамдық өндірістің ұйымдастырушылық формасының даму деңгейіне тәуелді;
  • қоғамдық өндірістегі адамдардың роліне байланысты әлеуметтік-психологиялық фактор.

Факторларды зерттеу еңбек өнімділігін арттырудағы жетістіктерді толық зерттеуге мүмкіндік береді. Ол жетістік қандай факторлардың әсерінен құралғандығын білмей жатып, оны бағалау қиынға соғады. Сондай-ақ түрлі факторлар оларды іске қосу үшін түрлі шығындарды қажет етеді және еңбек өнімділігін арттыруға әр түрлі әсер етеді, бірі тұрақты өсімді қамтамасыз етсе, екіншісінің әсері өтпелі болып келеді. Сондықтан еңбек өнімділігінің жоғарылауы ненің есебенен болатындығын білу өте маңызды. Факторлар жиынтығын қарастыра отырып, оның ішінен негізгі буынын бөліп көрсету қажет. Негізгі буынға - ғылыми техникалық прогресс жатады. Ғылыми- техникалық прогрессті жылдамдату үшін құрылымдық және инвестициялық түбегейлі өзгерістер енгізу. Бұл өзгерістер ең алдымен, істегі өндірістің қайта құру мен техникалық қайта жабдықталуға жаңа техника мен алдыңғы қатарлы(прогрессивті) технология енгізуге бағытталуы қажет. Бұл қол еңбегін күрт төмендетіп, еңбек өнімділігінің өсімін арттыруға мүмкіндік береді. Еңбек өнімділігін арттыруға басқа факторлар жоғарыда аталған өзгерістерден кейін немесе солармен бір уақытта іске қосылады.

Ғылыми-техникалық прогресс еңбек өнімділігін арттыруға әсер етудің негізгі жолдары болып табылады: өндірісті автоматтандыру, прогрессивті технология мен жаңа техника енгізу; істегі құрал-жабдықтар негізінде технологиялық процестерді жетілдіру, бұйымдардың техникалық сипаттамасы мен конструкциясын өзгерту: шикізат, материалдар, отын мен энергияны тиімді пайдалану [8] . Еңбек өнімділігін арттыруда экономикалық ұйымдастырушылық факторлар маңызды роль атқарады. Бұл факторлар тобына мыналар жатады:

  • қоғамдық өндірісті ұйымдастыру нысандарын жетілдіру;
  • еңбекті ұйымдастыру жетілдіру;
  • еңбектегі жаңа әдістерді пайдалану;
  • еңбекті мөлшерлеуді тиімді ұйымдастыру:
  • еңбекке ынталандыру мен еңбекақының жаңа түрлерін енгізу;
  • өндірісті басқаруды жетілдіру және шаруашылық механизмін дамыту (өндіріс пен басқарудағы ұйымдастырушылық құрылымдарды жетілдіру, баға құрылымы және жоспарлау) ;
  • өзін-өзі қаржыландыру мен ақылы қызмет көрсеткіштерін енгізу;

Бүгінгі таңда адам мен техника арасындағы байланысты көрсететін, әлеуметтік-психологиялық факторлардың рөлі артуда. Бұл факторлар тобына мыналарды жатқызуға болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жағдайында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру
Кәсіпорын өнімінің сапасын бағалау және оны арттыру бойынша ұсыныстар
Еңбекақы талдау әдістері
ЖШС «Жигер» кәсіпорнының өндірістік шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу, кәсіпорынды басқару құрылымын зерттеу, және кәсіпорында негізгі капиталды пайдалану тиімділігін талдау және оның деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жобасын жасау
«ВКТ Строитель» ЖШС-ндегі жүргізіліп отырған кадрлық саясатының ерекшеліктерін зерттеу және оны жетілдіру бойынша іс-шаралар жүйесінің әзірлемесін ұсыну
Гормолзавод ЖШС-не Сапа менеджмент жүйесін енгізу
«Казиндустрия» ЖШС
Қызметкерлердің еңбек нәтижелілігін бағалау жүйесін талдау және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде өндірістік кәсіпорында еңбек нәтижелілігін бағалауды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Еңбек нарығы немесе еңбек күшінің нарығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz