ЖШС «Жигер» кәсіпорнының өндірістік шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу, кәсіпорынды басқару құрылымын зерттеу, және кәсіпорында негізгі капиталды пайдалану тиімділігін талдау және оның деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жобасын жасау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
:
Мазмұны: Мазмұны
:
:
Мазмұны:
: Бет.
: Кіріспе
Мазмұны: 3
: 1
Мазмұны: Нарықтық экономикалық жағдайындағы кәсіпорынның негізгі капиталды пайдалану тиімділігін арттырудың теориялық аспектілері
:
:
Мазмұны: 1. 1
: Негізгі капитал түсінігі және оның құрамы мен құрылымы
5
:
Мазмұны: 1. 2
: Кәсіпорынның негізгі өндірістік капиталын бағалау әдістері
10
:
Мазмұны: 1. 3
: Негізгі капиталды пайдалану көрсетіштері және оны арттырудың қазіргі кездегі жолдары
21
:
Мазмұны:
:
: 2
Мазмұны: «Жигер» ЖШС-ндегі негізгі капиталдың қолданылу тиімділігін талдау
:
:
Мазмұны: 2. 1
: Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің жалпы сипаты және оның экономикалық белсенділігін талдау
30
:
Мазмұны: 2. 2
: Кәсіпорынның негізгі капиталмен қамтамасыз етілуін талдау
42
:
Мазмұны: 2. 3
: Кәсіпорынның өндірістік қуаты және негізгі капиталды тиімді пайдалануды талдау
48
:
Мазмұны:
:
: 3
Мазмұны: «Жигер» ЖШС-ндегі негізгі капиталды пайдалану тиімділігін арттыру жолдары
:
:
Мазмұны: 3. 1
: Істен шыққан негізгі капиталды сату және өндіріс көлемін ұлғайту арқылы негізгі капиталды пайдалану тиімділігін жоғарылату
56
:
Мазмұны: 3. 2
: Ұсынылған шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
61
:
Мазмұны:
:
:
Мазмұны: Қорытынды
: 66
:
Мазмұны: Қолданылған әдебиеттер тізімі
: 68

Кіріспе

Тақырып өзектілігі. Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігін алғаннан кейін атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді.

Нарықтық қатынастар жағдайында ұдайы өндірісте негізгі қор саясаты ерекше маңызды роль атқарады. Негізгі қордың ұдайы өндірісі макро және микро деңгейде іске асуы тиіс. Ұдайы өндіріс саясатында негізгі макро деңгейдегі міндеті барлық шаруашылық субьектілерінде жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс жағдайын жасауға жаңа техниканы өндіріске ендіру, қайта құру және өндірісті техникалық жаңадан жабдықтау болып табылады. Бұл міндет тиісінше амортизациялық, инвестициялық және салық саясаты жұмыстарын іске асыру жолымен шешілетін мәселе [1] .

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындарда негізгі өндірістік қорды және өндіріс күштерінің тиімділігін арттыру проблемасы маңызды орында. Осы проблеманы шешу кәсіпорынның өндірістегі орны, оның қаржы жағдайы, нарықтағы бәсекелестік мүмкіндігіне байланысты. Өндірістік қор экономикалық категорияда еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Себебі экономикалық категорияда кәсіпорындарда өндіріс құралдары және еңбек заттары болып қызмет істеп, оның құнын ақшалай формада көрсетіп кәсіпорындардың өндірістік қорын құрайды. Кәсіпорынның негізгі белгісі - оның жекеменшігінде, шаруашылық қызметінде өзінің жеке мүлкінің болуы. Тек сол ғана кәсіпорының материалдық-техникалық деңгейін, экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ете алады. Белгілі бір мүліксіз өз қызметін ешқандай ірі, орта немесе шағын кәсіпорын, не болмаса жеке кәсіпкер іске асыра алмайды.

Негізгі өндірістік қорлар - қоғамдық өндірістің материалдық-техникалық базасы болып табылады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты, еңбектің техникалық қарулану деңгейі негізгі өндірістік қордың мөлшеріне байланысты. Еңбектің техникалық қарулану деңгейінің жоғарылауы және негізгі қордың ұлғаюы еңбек үрдісінің деңгейін жоғарылатады, қоғамның техникалық-мәдени деңгейін көтереді. Нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында негізгі капитал - өндірістің ары қарай экономикалық өсуінің ең негізгі құралдарының бірі. Негізгі қорда қоғамның материалдық ресурстарының басым бөлігі орын алған.

Негізгі өндірістік қорлардың құнында құрал-жабдықтың алатын орны қаншалықты жоғары болса, кез келген жағдайда өнім өндіру мен қорқайтарымдылық көрсеткіші соншалықты жоғары болады. Сондықтан негізгі қордың жақсаруы кәсіпорын өндірісінің жоғарылауына, ақша қаражаттарының ұлғаюына, өзіндік құнның төмендеуіне жағдай жасайды [2] . Осы себепті отандық кәсіпорындардағы негізгі капиталды қолданудың тиімділігін арттырудың заманға сай тәсілдерін қолданысқа енгізу мәселелерін іздестіру қажеттілігі дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - ЖШС «Жигер» кәсіпорнының өндірістік шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу, кәсіпорынды басқару құрылымын зерттеу, және кәсіпорында негізгі капиталды пайдалану тиімділігін талдау және оның деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жобасын жасау.

Дипломдық жұмыстың мақсатына байланысты келесі міндеттер шешіледі:

  • кәсіпорын негізгі капиталдарын қалыптастырудың теориялық негіздерін ашып қарастыру;
  • «Жигер» ЖШС-нің шаруашылық қызметіне сипаттама беру және экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу;
  • «Жигер» ЖШС-нің негізгі капиталының құрамы мен құрылымына талдау жүргізу;
  • «Жигер» ЖШС-нің негізгі капиталдарын тиімді пайдалану жолдарын ұсыну.

Зерттеу пәні болып кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдаланудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілерінің жиынтығы табылады.

Зерттеу объектісі болып Алматы қаласындағы сүт және сүт өнімдері нарығында өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыратын «Жигер» ЖШС саналады.

Тәжірибелік маңыздылығы - қазіргі таңда көптеген кәсіпорындар өте жоғары тәуекелділікке негізделген стратегиялық шаруашылық аймақтарда жұмыс жасауға міндетті болып отыр. Егер де терең біліміңіз болмаса, онда кәсіпорынның өмір сүруіне төмендегідей сыртқы орта факторлары әсер етуі мүмкін: тұтынушылардың мінез-құлқы, бәсекелестердің позициялары, серіктестерді дұрыс таңдау, тұтынушыларды қызықтыратын тауар және қызмет ассортименттерінің бәсеке қабілеттілігін құру.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы болып кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалану бойынша келесі шаралардың ұсынылуы болып табылады:

  • негізгі капиталды пайдалану тиімділігін істен шыққан негізгі қорды сатудың нәтижесінде жоғарылату;
  • кәсіпорында өнімді өткізу көлемін жақсарту арқылы өндіріс тиімділігін арттыру.

Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 Нарықтық экономикалық жағдайындағы кәсіпорынның негізгі капиталды пайдалану тиімділігін арттырудың теориялық аспектілері

1. 1 Негізгі капитал түсінігі және оның құрамы мен құрылымы

Негізгі құралдар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мына топтарға бөлінеді [3] :

  1. үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма) ;
  2. ғимараттар (көпірлер, жасанды қоймалар) ;
  3. өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар) ;
  4. машиналар (бумен жұмыс істейтін және іштен жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, көтергіш крандар, монометрлер, таразылар) ;
  5. тасымалдау құралдары (жолаушылар мен жүк таситын машиналар, көлікке тіркемелер) ;
  6. құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар) ;
  7. шаруашылық құрал-жабдықтары (диван, сейф) ;
  8. жұмыс және өнім малдары;
  9. көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер;
  10. жерді өңдеуге жұмсалған күрделі шығындар;
  11. басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары және тағы басқалары) .

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігінде қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.

Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі капиталдың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады [4] .

Кәсіпорындардың өндірістік қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда жүреді. Олар өндіріс шеңберінен айналым өндірісіне, ал одан қайтіп өндіріс шеңберіне оралады. Қордың әртүрлі элементтерінің айналымда болуы біркелкі емес. Осы жағдайға байланысты өндіріс шеңберінде болған қорлар немесе өндіріс қорлары негізгі және айналым қорлары болып бөлінеді.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары - бұл экономикалық біркелкілігіне қарамастан, өзінің қызмет ету мерзімі мен мақсатына байланысты ажыратылатын өте үлкен еңбек құралдарының саны.

Өндірістік процеске қатысу дәрежесінде негізгі капитал активтік және пассивтік болып бөлінеді. Негізгі капиталдың актив бөлігі - бұл негізгі өндірістік қорлардың бір бөлігі, олардың көмегімен өндіріс барысында еңбек құралдарына тікелей (белсенді түрде) ықпал жасайды не олар бір жерден екінші жерге көшіріледі,

Бақылау міндеттері орындалады. Олар: жұмыс машиналары мен жабдық, көлік құралдары, аспаптар, т. б. Негізгі капиталдың жалпы құнындағы негізгі қордың актив бөлігінің үлес салмағы негізгі капитал құрылымының белсенділігін сипаттайды. Жоғарғы техникалық деңгейде жарақтандырылған және еңбектің электрмен қамтамасыздандырылу дәрежесі жоғары кәсіпорындарда, яғни өндірістік процестер неғұрлым механикаландырылған және автоматтандырылған кәсіпорындарда оның мәні анағұрлым зор.

Негізгі капиталдың пассив бөлігі - өндіріске тікелей қатыспайтын, бірақ еңбек процесі үшін және негізгі капиталдың актив бөлігінің қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдай жасайтын, адамды және өндіріс құрал-жабдығын сыртқы ортаның әсерінен қорғайтын өндірістік негізгі капитал. Олар, мысалы: үймереттер мен ғимараттар, беріліс қондырғылары, шаруашылық құрал-саймандар, т. б.

Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге беріле қоймаған басы артық жабдықтар жатады.

Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістің ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі капиталдың тозуы, амортизация, негізгі капиталды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.

Негізгі капиталдың кез келген обьектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік еркшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз жұмыстарын орындауға мүмкіндіктері болмайды.

Табиғи тозу негізгі қорды өндірісте ұзақ жылдар қолданудың салдарынан тозуы. Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі капиталды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Табиғи тозуға әсер ететін негізгі факторлар [5] :

  • негізгі қордың сапасына, жаңалануына оның конструкциясына, материалының түрі мен сапасына;
  • технологиялық ерекшелік процестеріне, жылдамдық деңгейіне, өнімділігіне және т. б. көрсеткіштеріне;
  • оның жұмыс істеу мерзіміне және уақытына, жыл бойғы істеген күніне, тәуліктегі ауысымына;
  • сыртқы ауа райы әсері, т. б. ыстық, суық, ылғал әсерлерінен.

Жұмысшылардың техниканы қолдану сапасына және олардың негізгі капиталға деген көзқарасына байланысты [6] .

Негізгі капиталдың түріне байланысты, олардың тозуы да біркелкі емес. Сондықтан негізгі қордың тозуын толық және жарым-жартылай тозуға бөлеміз.

Толық тозуда жұмыс істеген негізгі қорды жояды және жаңалайды.

Жарым-жартылай тозуда жөндеу тәсілімен орнын толтырады.

Негізгі қордың өндірісте нақты атқарған мерзімін норматив қатынасымен, оны 100-ге көбейту арқылы есептейді:

Тоз(т) =Тм/ Тн *100% (1)

мұндағы:

Тоз(т) -табиғи тозу;

Тм - нақты атқарған мерзімі;

Тн - нормативті атқару мерзімі.

Сапалық тозу ескірген негізгі капитал өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден, ғылыми техникалық прогрестің арқасында тозуын білдіреді. Сондықтан, негізгі капиталды әсіресе, олардың активтік бөлігін қайтадан ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы- сапалық тозу болып табылады. Сапалық тозу - негізгі қордың толық тозбай жатып құнсыздануы немесе өндірістік үрдістен шығуы. Көп жағдайдй оған кәсіпорындағы технологиялық тозу жатады. Ол табиғи тозуға қарағанда ерте бітеді. Оны әлі де қолдануға болады, бірақ ол экономикалық жағынан тиімсіз.

Сапалық тозу баланстық және қалпына келтіру құнының арақатынасы негізінде анықталады:

Тоз=Бқ - Ққ/Бқ*100% (2)

мұндағы:

Бқ - баланстық құн;

Ққ - қалпына келтіру құны.

Кәсіпорын жұмысының соңғы көрсеткіштеріне негізгі өндірістік қорлардың жеке топтарының тигізетін әсері бар. Сондықтан негізгі капиталдың өндірістік және технологиялық құрылымына көңіл аудару қажет.

Негізгі өндірістік қорлардың өндірістік және технологиялық құрылымын білу - аз шығынданып еңбек өнімділігін жоғарылату мақсатында жұмыс орындары мен өндірісті ұйымдастыруды тиімді жобалауға мүмкіндік береді.

Өндірістің әрбір саласы өзінің спецификасына қатысты өндірістік және технологиялық құрылымға ие болады. Бұған мысал ретінде сүт өнеркәсібін алуға болады. Ол өзінің мақсаты, өнім өндіру технологиясына байланысты, шикізат көзінмен байланысына байланысты ерекшеленеді [7] .

Бірақ, салааралық ерекшеліктеріне қарамастан, еңбек өнімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ету мақсатымен шаруашылық саясатында негізгі өндірістік қорларға қойылатын бәріне жалпы талаптар қарастырылады.

Кез келген кәсіпорын өз жұмысын бастағанда нені өндіру қажет, қандай сапамен және қанша мөлшерде, қандай мерзімде өндіру жоспарымен нарық талаптарына сәйкес өндірістік мүмкіншіліктерге қол жеткізуге тырысады. Осы тұрғыдан негізгі өндірістік қорлардың құрылымымен құрамына көңіл аударады.

Кәсіпорынды негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз еткенде, негізгі өндірістік қорлардың мінездемесінің мәнінен туындайтын етекшеліктерге көңіл бөлу қажет:

Негізгі капитал еңбектің өндірістік күшін жоғарылатады және ұзақ уақыт қолданыста болады. Мұнда ғылыми-техникалық прогресс құрал-жабдықтың сапалық тозуын тездететінін еске сақтау қажет. Осыған орай, бәсекені ұстап тұру үшін оны әрдайым жаңартып, модернизациялап отыру қажет.

Негізгі өндірістік қорлар өте қымбат тұратындықтан, оларды сатып алуға үлкен ақша қаражаты қажет.

Негізгі өндірістік қорлардың қымбаттығын ескере отырып, оларға қол жеткізудің тиімді шарттарын іздестіру қажет: ол лизинг бойынша, несие арқылы, не болмаса төмен бағамен, т. б. Бұл маркетинг негізінде іске асады.

Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсарту жолдары:

  • құрал-жабдықты жаңалау мен модернизациялау;
  • жабдықтардың құрылымын жақсарту;
  • ғимараттар мен құрылыстарды қолдануды жақсарту, бос орындарға қосымша құрал-жабдықтарды орналастыру;
  • құрылыс жобаларын дұрыс өңдеу, кәсіпорын құрылысының жоспарын жоғары сапамен орындау;
  • артық, қолданылмайтын құрал-жабдықтарды жою.

Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қордың ақшалай бағалануы. Негізгі қор деп - кәсіпорында ұзақ уақыт пайдаланып өзінің құнын келесі өндірілетін өнімге бірте-бірте аударып отыратын еңбек құралдарын айтамыз.

Негізгі қордың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді.

Өндірістікке жататындар: өндірістің, құрлыстың, ауылшаруашылығының, көліктің, сауданың және басқада материалдардық өндіріс түрлерінің негізгі капиталы жатады.

Өндірістік емес негізгі капиталға: түрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған негізгі капитал жатады.

Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі капитал активті және пассивті болып бөлінеді.

Активті бөлігі - тікелей өндіріске өнімнің мөлшері мен сапасына ықпал етеді. Мысалы: машиналар, құрал жабдықтар. Пассивті бөлігі - өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды. Мысалы: ғимарат, құрылыс.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналым жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі капиталдың тозуы, аммартизация, негізгі капиталды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы және оларды күрделі жұмсау арқылы ауыстыру.

Негізгі капиталдың кез келген объектісі табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі сөйтіп өз функциясын орындауға мүмкіндіктері болмайды.

Негізгі капиталдың табиғи тозуы деп - жөндеу, қайта өңдеу, жаңарту арқылы қалпына келуін айтады.

Сапалық тозуы деп - ескірген негізгі қордың өзінің үнемділік, өнімділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоюын айтады.

Кәсіпорынның негізгі міндеті болып - ол негізгі капиталдың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу табылады, себебі: олардың табиғи және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорын жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.

Негізігі қорды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығында қайта өндіру жағдайына байланысты бірнеше түрі болады [8] :

1. Негізгі қордың бастапқы құны - қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы;

2. Қайта өндіру құны - негізгі қордың қайта өндіруге кеткен шығынның жиынтығы:

3. Қалдық құн - негізгі қордың құнынан тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.

Негізгі қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: Шығарылатын өнімнің түрі, оның жалпы көлемі; Автоматтандыру және механикаландыру; Мамандандыру деңгейі; Кәсіпорынорнының климаттық және географиялық жағдайлары;

Негізгі капиталдың қолдану көрсеткіштері үш топқа бөлінеді:

  1. Негізгі капиталды экстенсивті қолдану көрсеткіштері;
  2. Негізгі капиталдың жедел түрде қолдану көрсеткіштері;
  3. Негізгі капиталдың интегралды қолдану көрсеткіштері;

Бірінші топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэффиценті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффиценті және құралдарды толық пайдалану коэфиценті жатады яғни, бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт мөлшерінді қолданылу деңгейін көрсетеді.

Екінші топ көрсеткіштері - негізгі қор нақты өнімділігін оның нормативті өнімділігіне бөлу арқылы анықталады.

Үшінші көрсеткіші - құралдарды ингралдық қолдану коэфиценті құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэфицентіне көбейту арқылы анықталады және ол құралдардың уақыт және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды. Негізгі капиталдың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып қор қайтарымы есептеледі.

Қор қайтарымы - бұл өнім өндіру үшін пайдаланылатын негізгі капиталдың теңгеге шағып есептегендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Сондай-ақ, ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады.

Қор қайтарымына қарама қарсы көрсеткіш қор сыйымдылығы деп аталады.

Қор сыйымдылығы - бұл негізгі капитал құнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.

Өндірістің негізгі қор көлемі және олардың қолдану дәрежесі кәсіпорынның өндірістік қуаттылығының көлемін анықтайды. Өндірістік қуат - саланың, цехтың жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыру негізінде тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі бір түрін өндіруге барынша жоғарғы қабілеттілігі.

1. 2 Кәсіпорынның негізгі өндірістік капиталын бағалау әдістері

Негізгі өндірістік капиталдың қозғалысын есепке алғанда және жоспарлағанда, негізгі өндірістік капиталдың қуаттылығын анықтағанда табиғи және құн (ақшалай) формасындағы көрсеткіштерін қолданады.

Табиғи көрсеткішке - құрал-жабдықтың саны, өнімділігі, қуаты, мінездемесі, бөлімшедегі цехтардың өндіріс қуатының есебі, мысалы: құрылыс, үй, ғимараттың есебін алғанда биіктігі, көлемі метр квадратпен есептелініп қолданылады. Мұндай есеп арқылы негізгі өндірістік капиталдың өндірістік және технологиялық құрылымынның барысын сараптауға, сол сияқты, олардың топтарының қозғалысы мен жағдайын білу үшін ғана емес, сонымен қатар, олардың жоғарғы еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін тиімді даму жолдарын анықтауға да қол жеткізеді.

Құн (ақшалай) есебінде - негізгі өндірістік қор құнын есептеу, өндіріс жоспарын жасарда, ұлғаймалы ұдайы өндіріс көлемін жоспарлағанда, белгілі тозу және амортизация көлемін есептеуге, өнімнің өзіндік құнын құрастырғанда, негізгі өндірістік қорды тиімді қолданудағы экономикалық көрсеткіштерде қолданады. Мұны бухгалтерия және экономикалық-жоспарлау бөлімінің қызметкерлері атқарады [9] .

Негізгі өндірістік қорды ақшалай бағалау кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі мен өндіріс тиімділігін жоғарылату мақсатында кәсіпорын экономикасын жүргізу саясатын қалыптастыруда қажет.

Негізгі өндірістік капиталды бағалау оның жұмыс істеу уақытына байланысты бағаланады. Жұмыс істеп тұрған негізгі капитал бухгалтерлік есепте олардың баланстық құны бойынша көрсетіледі. Бағалауда келесі түрлер қолданылады:

  1. Бастапқы құн
  2. Қалпына келтіру құны
  3. Қалдық құн
  4. Жойылу құны
  5. Орта жылдық құн

Осы көрсетілген бағалаудың бастапқы үш түрін кеңінен қолданамыз.

Бастапқы құн - негізгі капиталды сатып алу және жаңа кезіндегі пайдалануға беру құны, оған құралдарды жеткізу және монтаждау жұмыстары кіреді. Және ол амортизация нормасын, амортизациялық аударымдардың мөлшерін анықтауға, сонымен қатар кәсіпорын активінің рентабельділігі мен пайданы, олардың қолданылу көрсеткіштерін анықтауда қолданылады.

Ғылыми - техникалық прогресс негізгі капиталдың өндіріс факторлары мен жағдайының өзгеруіне әсер етеді, осыған орай олардың өндіріс шығындары мен нарықтағы баға, тарифтерінің өзгеруіне әсерін тигізеді. Қазіргі жағдайда негізгі капиталдың сатып алу бағасы ман тарифтеріне ең бірінші әсер етуші- инфляция болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын басқару әдістерін талдау әдістемесі
Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлауды ұйымдастыру
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы
Кәсіпорын активтерін қайта құрылымдау
Транспорт Логистика Таможня кәсіпорнының бөлімдерінің байланысы
Нарықтық экономика жағдайында инвестициялар
«Сауда - көлік компаниясы» ЖШС кадрлық саясаттың қазіргі жағдайы мен даму деңгейі
Айналым қаражаттарында қажеттіліктерді анықтау
Жартылай өзгермелі шығындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz