Кәсіпорын өнімінің сапасын бағалау және оны арттыру бойынша ұсыныстар


Мазмұны
Бет.
- 1
- 2
- 3
Кіріспе
Тақырып өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз. Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан. Сапалы өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады. Сонымен қатар, сапаны басқару стандарттаумен тығыз байланысты, өйткені оның нормативтік базаның негізі сапаны бағалау, сапаға талаптар қойылған стандарттар болып табылады. Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қойылады. Бұл қазіргі дүниеде кез-келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді [1] .
Нарықтық қатынастар дамуы жағдайында өнімдердің сапасын жақсарту - басқарылатын процес. Реформа кезеңінің алдында өнімнің сапасын жоғарлату мәселесіне мүлдем көңіл бөлінбеді деуге болмайды. Өнімді аттестациялау, стандартизация, оны бақылаудың әртүрлі әдістері болды, бірақ тамақ өнеркәсібінде сапаға ықпал ету мүмкіндіктері локальды болды, комплекстік, логикалық қорытындылаумен ерекшеленбеді. Нарықтық қатынастар жағдайында өнімдер сапасының жоғарлауының бағыттылығы, экономиканың дамуының құрама элементі, ал жоғары сапаға жету - өндірістік және әлеуметтік сферадағы қайта қалыптасудың негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.
Бірақ қазіргі уақытқа дейін өнім сапасын жоғарлату мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлінбеді, тұтынушылар сұранысы жоғары сапалы өнім жағына ауыса бастады. Өкінішке орай, өндірушілердің өздері шикізаттың сапасына емес, ең алдымен табысты максимизациялауға, өндіріс көлемінің өсуіне көп көңіл бөлді. Сонымен қатар, сапасы төмен өнімдер импортының өсуі байқалып жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген өнімдердің сапасы европаның және әлемдік стандарттардан едәуір артта қалған [2] . Аталған жағдайлардың белең алуы және отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілін көтерудегі өнім сапасын арттырудың қажеттілігі тақырып өзектілігін көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорын өнімінің сапасын бағалау және оны арттыру бойынша ұсыныстар ұсыну. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- өнімнің сапасының мәнін теориялық деңгейде қарастыру;
- «БААТ» ЖШС қызметін талдау;
- кәсіпорын өнімінің сапасын оның көрсеткіштері бойынша жан-жақты талдау және бағалау;
- талдау нәтижелері бойынша өнім сапасын арттыруға қатысты шаралар ұсыну;
- ұсынылған шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы болып сыра қайнату өнеркәсібінде сыраны сүзгілеудің жетілдірілген және экономикалық тиімді технологиялардың ұсынылуы болып табылады.
Зерттеу пәні сыра қайнату өнеркәсібіндегі өнім сапасын бақылау, оны жетілдіру, басқару аясындағы теориялық білімдер мен тәжірибелік нақыштардың жиынтығы болып табылады. Зерттеу объектісі болып «БААТ» ЖШС-і болып табылады.
Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, негізгі үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен құралады. Бірінші тарауда өнім сапасының теориялық негіздері қарастырылса, екінші тарауда «БААТ» ЖШС-нің сыра өндірісіне сипаттама беріледі, оның өнімінің сапасына баға беріледі, отандық сыра нарығының жағдайына талдау жүргізіледі. Үшінші бөлімде сыра сапасын арттыру бойынша жетік сүзгілеу технологияларын өндіріске енгізу ұсынылады және оның өнім сапасына әсері есептеледі, сондай-ақ осы өзгерістер нәтижесіндегі кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі негізделеді.
1 Өнімнің сапасын басқаруды жетілдірудің теориялық аспектілері
- Өнім сапасы түсінігі, мәні және оны жетілдірудің маңызы
Сапа - бұл экономикалық категория, ол «тұтынушы құны», «құн», «тиімділік», «баға», «пайда», «материалдық қызығушылық» түсініктерімен тығыз байланысты. Сапаны зерттеу арқылы сапаның өндіріс тиімділігімен байланысын, баға қалыптасудағы сапаның ролі, еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін анықтау, өнімнің өзіндік құнын және тағы басқа мәселелерді түсінуге болады. Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет [3] .
Өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны - бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы - бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінің көрінуі. Өнімнің сапасы өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы болып табылады. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді. Қоғамдық қажеттіліктің өсуі, ғылыми техникалық процестің жоғары қарқыны сапа мәселесіне күрделі, комплекстік мінездеме береді.
Өнімнің сапасын басқару - сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау - конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланатын әдістер мен қызметтер жиынтығы. Сапаны басқарудың нысанына өнімнің сапасына әсер ететін процестер жатады. Олар өнімнің өмір сүру циклының өндіріске дейінгі, өндіріс сатысында және өндірістен кейінгі сатыларында кездеседі. Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына қойылатын негізгі мәселелер, олар [4] :
- өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;
- тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;
- өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерін күшейту.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
- жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
- жоғарғы бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
- өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.
Өнім сапасын жоғарлату өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін де өте маңызды, өйткені жоғары сапалы өнім тек қана сапасы жоғары шикізаттан өндіру мүмкін. Қойылған мақсатпен байланысты келесі мәселелер анықталады:
- өнім сапасы категориясының мәнін және оның нарықтық экономика жағдайындағы пайдаланудың ерекшеліктерін зерттеу;
- өнімнің сапасын басқару жүйесінің құрама элементтерінің методологиялық тәсілдерін анықтау;
- зерттелетін аймақта қазіргі жағдайдағы өнім сапасын басқару мәселелерін және оның бәсеке қабілеттілігін талдау;
- теориялық және тәжірибелік материалдарды анықтау және өнім сапасын басқару механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;
- ұсынылған шараларды енгізуден болатын экономикалық тиімділікті анықтау.
Өнім сапасын жоғарлату, оның жоғары деңгейіне жету ─ шаруашылық механизмнің жетілдірудің, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды элементі, сонымен қатар оның анықтаушы аргументі сапаны басқарудың нақты механизмсіз жоғары сапаға жетуге мүмкін емес болып табылады. Халықаралық және отандық тәжірибе, сонымен қатар халықтың төмен төлемқабілеттілігімен сипатталатын Қазақстан нарығын зерттеу негізінде зерттеуші сапаға тұтынушы өміріне қауіпсіздік мақсатымен сәйкес келетін мемлекет талаптарын анықтайтын тұтынушы параметрлерінің жиынтығы ретінде қарайды. Нарықтағы әрбір тауар тұтынушымен бағаланады, ең алдымен бұл - сапаның жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын деңгейі.
«Өнімнің сапасы» түсінігінің объективтік трактовкасы сапаны жақсарту мәселесін қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарлату, қорытынды жақсы қаржылық көрсеткіштерге жету мәселесін шешумен байланыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл өнім сапасы мәселесін нарықтық қатынастардың дамуының және өнім сапасын әлемдік стандарттарға бағыттануы жағынан қарастыруға мүмкіндік береді. Еуропалық сапа ұйымы (ЕСҰ) сапа түсінігін кеңірек қарастырады. Тұтынушылар және халықшаруашылық көзқарас тұрғысынан жоғары технологиялық, эстетикалық қасиеттерімен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге оның өндіруіне және тасымалдауына аз шығын кетіру маңызды болып табылады. Яғни, өнім сапасының оптималдық деңгейі бұл - аз қоғамдық еңбек шығынмен жасалған белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын оның барлық қасиеттерінің жиынтығы [5] .
Сапа кез - келген шаруашылық бірлік шеңберінде сапаны қалыптастыру үрдісін басқару мен ұйымдастыру, ұлттық экономиканың даму деңгейі мен қарқыны секілді көптеген факторлардың жиынтығын бейнелейтін синтетикалық көрсеткіш. Әлемдік тәжірибенің дәлелі бойынша сапа көрсеткіші жеке индивидтер мен жалпы қоғам тарапынан объективті бағаланады. Нарықтағы кез - келген тауар әрдайым тұтынушылар тарапынан сапасы бойынша, яғни оның жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі бойынша бағаланады. Сапа көрсеткіштерінің жиынтығы, сапа тұрғысынан тек салыстырылатын тауарлар бағалануы мүмкін екендігін меңзейді. Дегенменде индивидуалды та-уарлардың да регламенттелетін, стандартталатын тұтынушылық сипаттары болады.
Сапа - тек нарықты экономикаға ғана тән категория емес. Ол жоғарыда айтылған факторлардың жоғарылауы мен төмендеуіне байланысты кез-келген жағдайда және кез-келген формациядағы адамдардың санасында өмір сүреді. Тіпті адамдар үшін айтарлықтай күрделі тауарлардың индивидуалдануы жағдайында адамдардың өнімді тауар ретінде қабылдамайтын сапаның шегі бар. Бұл адамдардың белгілі бір деңгей бойынша бағалайтын сапаның жоғары мәнін білдіреді. Ол деңгейлерді төмендегідей көрсетуге болады [6] :
- бірінші деңгей - “стандартқа сәйкестігі”;
- екінші деңгей - “қолдануға сәйкестігі”;
- үшінші деңгей - “талаптарға сәйкестігі”;
- төртінші деңгей - “латентті (жасырын) қажеттіліктерге сәйкестігі”.
Бірінші деңгей бойынша сапа мемлекеттік стандарттарға, техникалық жағдайларға, коммерциялық шарттарға және т. б. сәйкестігі бойынша бағаланады. Екінші деңгей бойынша сапа тек өндірістік технология стандарттарына ғана сай болуы емес, сондай-ақ тұтынушылардың эксплуатациялық талаптарына да сәйкес болуы керек. Үшінші деңгей идеалды вариант ретінде тұтынушылардың талаптарын төмен баға және жоғары сапа бойынша орындалғандығын бейнелейді. Төртінші деңгей бойынша тұтынушылардың қосымша, жасырын сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыруды ұйғарады.
Тұтынушыны тауардың табиғаты емес, қайта оны қажеттіліктерді қанағаттандыратын сол тауардың бойындағы құндылықтардың жиынтығы бар тұтыну объектісі қызықтырады. Тұтыну объектісі ретінде тұтыну тәсілі, конструкциясы, арналымы бойынша әр түрлі тауарлар табылады. Белгілі бір тауар әр түрлі көптеген қасиеттерге ие болуы және әр түрлі қолданылуы мүмкін. Өз кезегінде белгісі бір тауарға тән қасиеттер жиынтығы, оны аналог-тауарлар ішінен бөліп, оның объективті-субъективті сипатын бейнелеп, солардың біреуіне тән болуы мүмкін.
Тұтынушы үшін сапалы тауар - бұл міндетті түрдегі жоғары класстық тауар емес, қайта бұл мақсатты топтың күтулері мен қажеттіліктеріне жауап беретін және олар үшін ұнамды болатын тауар. Сондықтан да әлемдік кеңістікте сапаның келесі анықтамасы кеңінен танымал: “сапа - бұл тауардың қасиеттер мен сипаттар жиынтығының тұтынушылардың қажеттіліктері мен күтулеріне бағаны ескере отырып сәйкес келуі” [7, б. 25] . Сәйкесінше сапаның толық бағалануы белгілі бір баға жағдайында бірдей қажеттіліктерді қанағаттандыруда ғана болмақ. Тұтынушының қанағаттануы тауардың сол қажеттіліктерге сәйкес болу деңгейі функциясын атқарады. Белгілі болғандай, тек тұтынушы ғана өз қажеттіліктеріне сай тауардың жетілдіру деңгейін талап ете келе сапаны анықтайды. Сапаны басқару ең алдымен мақсатты топ тарапынан жақсы сатып алу мотивациясы мен күтулерді жақсы білуді талап етеді. Сонымен барлық регламенттеу мен стандарттау тұрғысынан сапа - қатысты ұғым болып табылады [7, б. 88. ]
Нарықтың әр сегментінің өзіне тән сапа түсінігі болады, ал регламенттер мен стандарттар тек олардың болатын шегін анықтайды. Бұл әр күтілетін сапа деңгейіне және сәйкес баға диапазонына әртүрлі табыс жиынтығының сәйкес келуін білдіреді. Сондықтан да ҚР-да сапа деңгейімен жұмыс жасауы үшін келесі ұсыныстарды келтіруге болады:
- тауардың функционалдық сәйкестігі, яғни тауардың өзіне тән базалық функциясын дұрыс орындау мүмкіндігі;
- қосымша функциялар, яғни тауардың қосыша қажеттіліктерді қанағаттандыру диапазонының мүмкіндігі;
- регламентация мен стандарттарға сәйкестігі, яғни нормаларды төменде көрсетілген деңгей бойынша тек ҚР-да ғана емес, сондай-ақ әлемдік қауымдастықта орын алатын нормаларды сақтау. Ол нормалар төмендегідей:
- сенімділігі, яғни белгілі бір кезеңдегі жұмыста ақаулар мен сынықтардың болмауы;
- ұзақ мерзімге жарамдылығы, яғни пайдалы қызмет мерзімінің ұзақ болуы;
- сервис, яғни сатуға дейінгі және кейінгі қызмет көрсетулердің тимділігі мен жылдамдылық диапазоны;
- эстетикалылығы, яғни дизайн түрі, түсі, дәмі және басқа да органолептикалық көрсеткіштері;
- қабылданатын өндірушінің бағалау сапасы, яғни репутация, имидж, марка және т. б. ;
- тұтыну бағасының ең төменгі шегіне сәйкестігі, яғни сатып алу бағасынан басқа регламенттеулер мен нормалар деңгейінде тауарлардың жөндеуі мен эксплуатацияға кететін шығындардың болуы.
Осылайша, сапаның басты критериясы ретінде тұтынушылардың тауарларды тұтынудан алатын қанағаты табылады. Жалпылай айтқанда сапа деңгейін көтерудің міндеті сол тауарды тұтынғанда тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын қасиеттерінің деңгейін көтеру болып табылады. Сонымен тауардың сапа деңгейі өндірушілердің сұраныс пен нарыққа икемделуінің әлеуметтік индикаторы болуда [8] .
Тауар сапасының бір деңгейден екінші деңгейге өтуі кәсіпорынның тұтынушылық талғам жағдайына икемделуінің дәрежесін көрсетеді.
Сапа - икемді және өзгермелі ұғым. Бұл сапа категориясын қалыптастыруға әр түрлі көзқарастарды тудырды. Американдық Ральф Недер “сапа - сұраныс тұрғысынан тұтынушылардың қажеттіліктерінің қанағатта-нуы”. - дейді. 1987 жылғы Францияның мемлекеттік стандартында “бұйымдар мен қызметтердің сапасы фирманың өміршеңдігімен сипатталады”, - делінеді. Әйгілі француз маркетологы Жан-Жак Ламбеннің айтуынша “сапа - бұл белгілі бір нарықта өткізілуі тиіс, өндірілген тауарлардың белгілі бір жетілдірілген деңгейі”. Ресей экономисттері Д. С. Львов және Ю. А. Зыков сапаны параметрлердің жиынтығы ретінде қарастырады. Яғни ол параметрлер нақты қажеттіліктерге сәйкес болуы керек дейді. А. Я. Боярский, В. И. Сиськов, В. И. Седова, П. И. Рябинович, Г. И. Кузнецова еңбектерінде сапа “қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі”, “тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру деңгейі”, “бұйым параметрлерінің тұтыну параметрлеріне сәйкес келуі”, “нарықтағы бәсекеге сәйкес болуы” ретінде қарастырылады [9] .
Сапа категориясы мемлекеттің қауіпсіздігі мен халықтың өміршеңдігін сақтауға қажетті параметрлері мен тұтынушылық сипаттамалардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Бәсекеге қабілетті нарықтарды ескере отырып, сапаның көлемдік анықтамасы сапа категориясынан нақты нарықта қызмет етіп отырған байланысты анықтама талап етіледі. Өтпелі кезеңдегі Қазақстан үшін сапа тұтынушылық параметрлердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Потенциалды бәсекелестік нарық ортасын қалыптастыруда сапаға деген мұндай көзқарастың өзгеруі әбден мүмкін. Дегенменде тұтынушылардың әлеуметтік қорғау мен тұтынушылардың қауіпсіздігін сақтау мемлекеттік органдардың күнделікті қызметі болып табылады. Нарықтағы кез-келген тұтынушы сол немесе басқа тауарды өз талғамы бойынша таңдайды. Егер нарық айтарлықтай бәсекеге қабілетті болса, онда тауарды бағалау мен таңдаудың негізі - “баға-сапа-сервис” коридоры болады. Халықтың сатып алу қабілеттілігі мен бағаны тұрақтандыру жағдайында сапа негізгі тұтынушылық сипатта болады. Сондықтан да өндірушілердің алдында сапаны басқару қажеттілігі тұрады. Басқару институты ретінде барлық деңгейлерде (кәсіпорын, аймақ, мемлекеттік басқару) тіпті басшылардың өзін, олардың орындайтын қызметтері мен міндеттерін қамтиды. Нарықтық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу үшін сапаны көтеру басқару фунцияларының барлық фазаларында, яғни жоспарлау, шешім қабылдау, шешімді жүзеге асыру, бақылау бойынша белгілі бір басқаруды талап етеді. Сәйкесінше сапаны көтеру қажеттілігін үрдіс ретінде, осы үрдісті ұйымдастыруды барлық деңгейдегі басшылардың позициясы ретінде қарастыруға болады. Тауар сапасын көтеру басқарудың функциясы болып табылады. Тауарды әлеуметтік басқару тауар-ақша қатынастары аясында қызмет ететін тауардың сапасын дамыту мен жетілдіру және оны сақтау мақсаты бар қоғамға әсер ету ретінде ұғынылады. Сапаны басқару тауар өндірісінің технологиялық үрдісі және оның тұтынылуынан бастап сапаға жету үрдісі мен менеджменттің жеке функциясы ретінде тауар сапасын көтеру мен сақтау бойынша іс-әрекетті бөліп қарастыруды ұйғарады. Сапаны басқару функция ретінде өнім өндірісіне жасалатын бақылау жүйесінде тауарды өндіру, сақтау және өткізуде белгілі бір прогрессивті технологияларды қолдануда көрініс табады.
Сапаны басқару процесс ретінде тек тауарды өндіру және өткізуді ғана емес, сондай-ақ елдің экономикалық, экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тауар сапасына мемлекет тарапынан бақылау жасалуы керек. Нарықта жетістікке жету үшін өнім сапасы ең жоғары техникалық деңгейге ие болуы міндетті емес. Тіпті кейде әлемдік талаптарға сай өнімдер нақты нарықта өтпей қалатын жағдайлары да болады ал, кейде сапасыз тауар маркетингтік құралдардың әсері арқасында тез арада үлкен сұранысқа ие болып тез өтеді. Бәсекеге қабілетті кәсіпкер бұны ескере келе көп шығынды қажет ететін тауардың сапасына емес, қайта тұтынушы үшін не нәрсенің құнды, әрі маңызды екенін анықтап, барлық маркетинг құралдарын осы үшін жұмсайды. Мұндай жағдайдың болуы сапаның маңызды экономикалық категория деп түсінуде болса керек [10] .
Сапаның талаптары нарықтағы тауарларға, сондай-ақ нарықтағы қызметтер мен жұмыстарға ортақ нәрсе. Яғни талап барлығына бірдей болады. Нарықтағы тауарлар мен қызметтердің жеткілікті болу жағдайында, сатып алушы таңдау құқығын әрине нақты сол уақыт аралығында баға және тұтынушылық қажеттіліктерді қанағаттандыру параметрлері бойынша ең ұтымдысына аударады. Өз кезегінде тауар сапасы оның барлық құраушыларының сапалы болуын талап етеді. Сапа тауар бәсекеге қабілеттілігінің элементі ретінде көптеген шығындар мен күш-жігерді, өндірістік базаның техникалық жаңаруын талап етеді. Бірақ егер ел ішінде сапаға қойылатын талаптар төмен болса, онда кәсіпкердің сапаны арттыруға деген ықыласы жоғалады.
- Өнім сапасын бағалау көрсеткіштері мен критерийлері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz