Өнім сапасын басқару бойынша ғылыми мәліметтерді қарастыру мен нақты кәсіпорынның сапа жүйесіне талдау жасау («Сауыр» ЖШС мысалында)


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы күрделі дамып келе жатқан жүйе ретінде қарастырылады. Әр кәсіпорының іс әрекеті осы жүйеде маңызды роль ойнап жалпы экономикалық үрдістерге қатты әсер етуде.

Кәсіпорының іс әрекетінің негізгі көрсеткіші ол тауардың сапа көрсеткіші. Нарықтық экономикада бәсеке категориясы даму барысында сапа проблемаларына үлкен назар аударылады. Осы сапаны анықтау процессінің денгейі кәсіпорынды жетістікке әкелуі мүмкін.

Өнім сапасын жоғарылату - экономиканың интенсивті дамуының маңызды бағыты, экономикалық өсу және қоғамдық өндіріс тиімділігінің көзі. Бұл жағдайларда өндіріс тиімділігі және өнім сапасын кешендік басқарудың маңызы арта түседі.

Әлемдік экономикада іс әрекет жүргізетін фирмалар сапаны зерттеуге деген проблематикаға байланысты көптеген ғылыми және техникалық зерттеулер жүргізуде.

ҚР кәсіпорындарында сапаны зерттеу үрдісін басшылар екінші денгейге қойып бірінші мәселе ретінде шығарған тауардың сапасына бағытталған өндірістік қуатты қарастырады. Сондықтан қазіргі кезде сапа категориясын отандық кәсіпорындарға тән теориялық негіздерін зерттеп, шетел тәжірибелерді қарастырып отандық экономикада сапа мәселесін сан мәселесінен жоғары қоятын жолдарды құрастыру керек. Осы фактор дипломдық жұмыстын маңыздылығын және тақырыптың өзектілігін білдіреді.

Дипломдық жұмыста қойылған мәселеге байланысты келесі міндеттер қойылды:

1 Кәсіпорында өнім сапасын басқарудың методологиялық аспектілері қарасытру

2 ҚР дамуының қазіргі кезеңінде кәсіпорындардың өнім сапасын басқару процесіне талдау жүргізу ( «Сауыр» ЖШС мысалында)

3 ҚР кәсіпорындарында өнім сапасын басқару әдістерін жетілдіру және проблемаларды шешудің негізгі жолдарын ұсыну.

Жұмыстың басты мақсаты - өнім сапасын басқару бойынша ғылыми мәліметтерді қарастыру мен нақты кәсіпорынның сапа жүйесіне талдау жасау. Ол үшін отандық және шетел авторлардың негізді ғылыми жұмыстарын, сонымен бірге сапаны басқару аясында танымал оқу әдістемелерін қолданылады.

Қазақстанның кәсіпорындарында өнім сапасын басқару тақырыбын зерттеу үшін мысал ретінде Астана қаласында орналасқан «Сауыр» ЖШС фирмасының іс-әрекеті талданды.

1 САПА - кӘсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттырудағы негізігі механизм ретінде

  1. Сапа мәні және оның негізгі құраушылары

Қазіргі кезде компаниялар және фирмалар қатал бәсекелестік жағдайда іс-әрекет жүргізгендіктен шаруашылық объектілердің басшылары тауарға көп назар аударады. Тауардың бәсекеге шыдауының бірінші шарты - ол сапа категориясын зерттеу және басқару.

Сапаны басқару - тауарға деген қойылған уақыт талабы, өйткені қызмет пен тауар өндірушілердің арасындағы қатал бәсекелестігі бар нарықтық экономика жағдайында бұл білім маңызды болып табылады.

Кәсіпорын стратегиясына сапалық көзқарас сапа біруақытта қажеттіліктерді қанағаттандырудың ең тиімді құралы және шығындарды азайтудың құралы екендігіне негізделеді.

Сапа - субъективті ұғым болып есептеледі. Қазіргі кезде оның көптеген анықтамалары бар. Тұрмыста «сапа» ұғымы өнім немесе қызметтің белгілі бір талаптарға сәйкестігін белгілеу үшін қолданылады. Менеджментте сапа ұғымына тұтынушының шынайы сұранымдары - ағымдық және болашақ енгізілуі тиіс. Сонымен бірге сапаның «тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру» ретінде кең таралған анықтамасы өнім немесе қызметтің функционалды сипаттамаларымен шектелмейтіндігін ескеру қажет.

Мәртебенің кейбір символдарын иемдену қажеттілігі автокөліктің нақты бір маркаларын және т. б. сатып алудың салдары болып табылады. Сапаға қойылатын талаптар кез келген өнім немесе қызметті бағалауда маңызды фактор болып табылады.

«Сапа» ұғымы концептуалды анықтамада қалай аталады? Мамандардың ортасында бұл категорияның сапа мәселелері бойынша көптеген анықтамалары бар. 1968 жылдың өзінде жүзден аса түрлі анықтамалар анықталған болатын, содан бері олардың саны азайған жоқ. Бұл ең алдымен сапа категориясының көп аспектілігімен байланысты. Осылайша сапа пәлсапалық мағынада «тікелей болмыстың тікелей сипаттамасы», саяси экономикада - «құн мен тұтынушылық құн арасындағы өзара әрекеттестік нәтижесі» ретінде анықталады. [13] .

Сапаны басқару теориясының алғашқы зертеушілердің бірі Ф. Кроссби «сапа - бұл талаптарға сәйкестік» деген анықтама берген, ал оның әріптесі Дж. Дуран «бағытталуына сәйкестік» ретінде анықтаған. Дж. Харингтон сапаны «тұтынушыға қолайлы баға бойынша талаптардың қанағаттандырылуы немесе асып түсуі» ретінде анықтайды.

Сапаны «шартты немесе болжамды қажеттіліктерді қанағаттандырушы қабілетке жататын объект мінездемелерінің жиынтығы» ретінде сипаттайтын анықтамалар стандарттау бойынша Халықаралық ұйыммен жинақталды (ISO) .

Егер сатып алған тауарыңыздың сапасы жайлы айналадағы адамдардың пікірін білгіңіз келсе Сіздің және айналадағы адамдардың бағалауы арасында алшақтық бар екеніне көзіңіз жетеді.

Тәжірибеде сапаның кең таралған анықтамасы: «өнім сапасы - бұл өнімнің нақты тұтынушының оның мүмкіндігіне сай баға бойынша күтілімі мен қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті (қабілеті), сонда ғана ол Сіздің өніміңізді немесе қызметіңізді қажет етеді». [2] .

Өнім сапасының мәні: тек сапалы өнім ғана төлемге қабілетті батыс нарықтарына экспорттық жолды ашады.

Сонымен сапаның кем дегенде алты анықтамасы бар:

  1. Абстрактілі. Сапа - бұл объекттің ішкі қасиеті, артықшылығы. Оны анықтауға немесе өлшеуге болмайды, сапаны тек қана сезінуге болады.
  2. Тұтынушы күтіміне сәйкестік. Тауар немесе қызмет тұтынушы күтіміне жауап беруі тиіс. Мұны жобалау кезеңінде ескерген аса маңызды. Мұндай жағдайда сапа кей кезде «бағытталуына сәйкестік» ретінде белгіленеді.
  3. Спецификацияларға сәйкестік. Тұтынушымен сатып алынған тауар немесе қызмет өзінің техникалық спецификацияларымен қанағаттандырады.
  4. Қателердің болмауы.
  5. Ақша үшін құндылық. Сапа бағамен байланысты. Пайдалылық үлгісінің айтуы бойынша «жақсы» сапа тұтынушымен алынатын таза пайдалылыққа пропорционалды.
  6. Тұтынушы күтімінен асып түсу.

Қалған анықтамаларды келесі үшеуіне біріктіруге болады:

  1. Құрастыру сапасы. Тауар немесе қызмет спецификациясының нарық қажеттілігіне сәйкестік дәрежесі.
  2. Сәйкестік сапасы. Бұл анықтама өндіріс нәтижелеріне негізделгенімен құрастыру мен операциондық сапаны байланыстырады.
  3. Өндіріс сапасы. Тауар немесе қызметті өндірудегі қатесіздік дәрежесі.

Өткізу нарықтары үшін күресте «сапа» категориясы маңызды құрал болып табылады. Тауардың бәсекеге қабілеттігін «сапа» категориясы қамтамасыз етеді. [5] .

Кез келген өнімді өндіру, жұмысты орындау, қызмет көрсету үшін көптеген операциялар мен дайындық жұмыстарын орындау қажет. Нәтижесіндегі сапа әр кезеңдегі орындалатын жұмыс операцияларының сапасына байланысты болады.

Өнім сапасының қалыптасуы оның жобалау кезеңінен басталады. Осылайша зерттеу фазасында техникалық және экономикалық принциптерді қалыптастырады, функционалды үлгілер жасайды. Осыдан кейін өндірістік құжаттаманың негізін және тәжірибелі үлгіні жасайды. Конструктивті-технологиялық жұмысы кезеңінде өндіріске бұйымды енгізуді дайындайды.

Сапа ұғымы тарихи-өндірістік жағдайлардың әсерінен қалыптасқан. Бұл әр қоғамдық өндірістің өнім сапасына өз объективті талаптары бар болғандығымен түсіндіріледі. Ірі өнеркәсіптік өндірістің алғашқы кезеңдерінде сапаны тексеру өнімнің дәлдігі мен беріктілігін анықтаудан тұратын (өлшемдердің дәлдігі және т. с. с. ) .

Күтілетін тұтынушылық құндылығы бар өнім алуды кепілдейтін, жоғарыда аталған сапа құраушыларын қамтамасыз етуге ақша салу сапаны басқару стратегиясында инвестицияның бір түрі ретінде қарастырылады. Және бұл инвестициялар өз қызметіне сапа элементтерін өндіруші компаниялар басшыларының ортақ пікірі бойынша қазіргі уақытта ең тиімді болып табылады.

Сапа мәселелерін дұрыс түсіну үшін жоғарыда аталған сапа құраушыларынан басқа келесі жайттарды ескеру қажет:

  • сапа тұтынушыға бағдарлануы тиіс;
  • сапаны қамтамасыз ету бір бөлімшемен жүзеге асырылатын тек техникалық функция ғана емес, компанияның барлық ұйымдық құрылымын қамтитын жүйелік үрдіс;
  • сапа мәселелері тек өндірістік үрдіс шегінде ғана өзекті емес, сонымен бірге маркетинг, сатудан кейінгі қызмет көрсету т. б. аясында өзекті;
  • өнім сапасының жоғарылуы технологияны жаңартып отырумен байланысты;
  • сапаның жалпы жоғарылауына өнім немесе қызметті жасауға қатыстырылғандардың барлығының экономикалық қызығушылықпен қатысуы көмегімен жетуге болады;
  • сапаны қалай өлшеуге болады?

Өнімнің тұтынушыны қанағаттандыру қасиетін сапаның сипаттамалары деп атауға болады. Сипаттамалар әр түрлі болуы мүмкін. Олар нақты және абстрактілі қалау мен қажеттіліктерді көрсетеді. Мысалы: автокөлік салонының көлемі мен комфортабельдігі. Өз кезегінде сапаның қасиеттерін немесе сипаттамаларын сапалық және сандық деп бөлуге болады. Қасиеттердің сандық өлшемімен квалиметрия шұғылданады, ал сапалық сипаттамалар бұл өнім немесе қызмет өндіруші мен тұтынушының өзара серіктестігінің өнімі.

Қазіргі нарық жағдайында тұтынушы төреші ролінде шығады.

Сапа бұл фирманың беделі, пайданың артуы. Сапаны пирамида түрінде көрсетуге болады (сурет 1) .

Сурет 1. Сапа пирамидасы [9] .

Өнім сапасы кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші. Өнім сапасының артуы - әлемнің алдыңғы қатарлы фирмаларына тән сипат. Сапаны бағалауда маңызды түрлі физикалық қасиеттер тұтынушылық құнда жинақталған. Сапаны бағалауда маңызды болып табылатын қасиеттер:

  • ғылыми-техникалық жетістіктерді өнімге ендіруші, техникалық деңгей;
  • эстетикалық сезімдер мен көзқарастарымен байланысты қасиеттердің кешенімен сипатталатын, эстетикалық деңгей;
  • өнімді қолданудың техникалық жақтарымен байланысты, эксплуатациялық деңгей;
  • техникалық сапа - бұйымды эксплуатациялауда болжамды және дәйекті тұтынушылық қасиеттердің үйлесімді байланысуы (функционалды нақтылық, сенімділігі, қызмет ету мерзімінің ұзақтығы) .

Сапа - абстрактті категория емес, ал әрбір адаммен сезілетін кез келген еңбектің тиімділігінің, мақсаттылығының және пайдалылығының нақты өлшемі. Сапаның жоғарылауы өнімнің өмірлік циклінің барлық сатыларында міндетті түрде шығындардың төмендеуіне, демек, өзіндік құнның, бағаның төмендеуіне және адамдардың өмір деңгейінің жоғарылауына әкеледі.

Сапаны басқарудың қазіргі кездегі келісімдері өнім сапасы көрсеткіштерін бақылау жүйесін оның өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде, жобалаудан бастап сатудан кейінгі қызмет көрсетумен аяқтап, енгізуді ұйғарады (кесте 1) .

Кесте 1. Сапа көрсеткіштерінің негізгі түрлері

№:
Классификациялау белгісі: Классификациялау белгісі
Көрсеткіштер түрлері: Көрсеткіштер түрлері
№: 1.
Классификациялау белгісі: Өнім қасиетіне қатынас
Көрсеткіштер түрлері: 1. Бағытталуы
2. Сенімділігі
3. Технологиялылығы
4. Эргономикалығы
5. Эстетикалық
6. Стандарттау
7. Патентті-құқықтық
№: 2.
Классификациялау белгісі: Айқындалатын қасиеттердің саны
Көрсеткіштер түрлері: 1. Бірліктік
2. Кешендік
№: 3.
Классификациялау белгісі: Анықтау тәсілі
Көрсеткіштер түрлері: 1. Құралдық
2. Есептік
3. Статистикалық
4. Органолептикалық
5. Эксперттік
6. Әлеуметтік
7. Комбинирленген
№: 4.
Классификациялау белгісі: Анықтау кезеңі
Көрсеткіштер түрлері: 1. Жобалық
2. Өндірістік
3. Эксплуатациондық
4. Болжамданатын
№: 5.
Классификациялау белгісі: Айқындалатын өлшемдердің өлшемі
Көрсеткіштер түрлері: 1. Абсолютті
2. Келтірілген
3. Өлшемсіз
№: 6.
Классификациялау белгісі: Сапаны бақылау кезіндегі маңыздылық
Көрсеткіштер түрлері:

1. Негізігі

2. Қосымша

1. 2 Сапаны бақылаудың негізгі құралдары мен көрсеткіштері

Сапаны басқару үрдісі мемлекеттік, аймақтық, салалық және фирмалық (кәсіпорын) деңгейінде жүргізіледі.

Өнім сапасын басқару деп оның сапасының қажетті деңгейін жасау, қамтамасыз ету және сақтап отыру мақсатында өнімді өндіру, эксплуатациялау немесе тұтыну кезінде жүзеге асырылатын іс-әрекеттер түсіндіріледі.

Бұл жағдайда басқарудың тікелей объектілері өнімнің тұтынушылық сипаттамалары, олардың деңгейіне әсер етуші факторлар мен жағдайлар, сонымен бірге өнімнің өмірлік циклының барлық деңгейінде оның сапасын қалыптастырушы үрдістер болып табылады. Басқару субъектілері - әр түрлі иерархиялық деңгейлерде қызмет етуші және басқарудың жалпы қабылданған принциптері мен әдістеріне сәйкес сапаны басқару функцияларын жүзеге асырушы жеке тұлғалар және әр түрлі басқару органдары.

Өнім сапасын басқару механизмі өзара байланысты басқарудың субъектілері мен объектілерінің, өнімнің өмірлік циклының түрлі кезеңдерінде және сапаны басқарудың деңгейлерінде қолданатын басқарудың принциптерінің, әдістерінің және функцияларының жиыны болып табылады. Ол сапаны басқарудың негізгі функцияларын тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі керек, олардың қатарына ең алдымен мыналар кіреді:

  • нарық қажеттіліктеріне, техникалық деңгей және өнім сапасына болжам жасау;
  • өнім сапасын жоғарылатуды жоспарлау;
  • стандарттау және өнім сапасына қойылатын талаптарды мөлшерлеу;
  • өнімді құрастыру және өндіріске қою;
  • өндірісті технологиялық дайындау;
  • шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар мен комплекттеуші бұйымдардың жеткізушілері, өнімді өндіруші мен тұтынушы кәсіпорындар арасында өнім сапасы бойынша өзара байланысты ұйымдастыру;

- өнім сапасының жоспарланған деңгейінің тұрақтылығын оның өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде қамтамасыз ету;

- сапаны бақылау мен өнімді сынау;

- өндірістегі ақаудың алдын алу;

- өнімді, технологиялық үрдістерді, жұмыс орындарын, атқарушыларды және басқа өндіріс ішілік аттестаттау;

- өнім, жұмыс, қызмет, сапа жүйелері мен өндірісті сертификаттау;

- жетілетін сапа деңгейі үшін жауапкершілік пен ынталандыру;

- өнім сапасы бойынша өндіріс ішіндегі есеп және есептілік;

- өнім сапасы өзгерісін технико-экономикалық талдау;

- өнім сапасын басқаруды құқықтық қамтамасыз ету;

- өнім сапасын басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету;

- өнім сапасын материалды-техникалық қамтамасыз ету;

- өнім сапасын метрологиялық қамтамасыз ету;

- мамандардың арнайы дайындығы және біліктілігін жоғарылату;

- өнім сапасын басқаруды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

- өнім сапасын басқаруды технологиялық қамтамасыз ету;

- өнім сапасын басқаруды қаржылық қамтамасыз ету.

Өнім сапасын басқару механизмін сипаттау үшін күрделі шаруашылық жүйелерді құрылымдауға кеңінен таралған әдістемелік келісімді қолдану мақсатты. Ол аталған механизмнің құрамында бірқатар жалпы, арнайы және қамтамасыз етуші жүйешелерді көрсету болып табылады. Өнім сапасын басқару механизмінің жалпы жүйешелері қатарына өнім сапасын және техникалық деңгейін жоспарлау мен болжамдау, тікелей өндірісте өнім сапасын реттеу, өнім сапасын бақылау, сапа деңгейінің өзгерісін есепке алу және талдау, ынталандыру және сапа үшін жауапкершілік жүйешелерін жатқызу қажет. [18] .

Өнім сапасын басқару механизмінің арнайы топшалары құрамына стандарттау, өнімді сынау, өндірістегі ақаудың алдын алу, аттестаттау және сертификаттаудың топшалары кіреді.

Өнім сапасы механизмін қамтамасыз етуші топшалар құрамына өнім сапасын басқарудың құқықтық, ақпараттық, материалды-техникалық, метрологиялық, кадрлық, ұйымдық, технологиялық және қаржылық қамсыздандыруды кіргізеді.

Сапаны бақылау, ол үшін қолданылатын әдістемелердің мінсіздігіне тәуелсіз, ең алдымен жақсы бұйымдарды жаманнан айыруды ұйғарады. Әрине, өнім сапасы сапасыздарды алып тастау есебінен жоғарыламайды. Сондықтан қазіргі фирмалар ақауды анықтауға емес, оның алдын алуға, өндірістік үрдісті жан жақты бақылауға және өздерінің қызметін “сапаны реттеу” концепциясына сәйкес жүргізеді.

Өнім сапасын қамтамасыз етуде статистикалық әдістердің маңызы зор.

Статистикалық бақылау әдістерінің мақсаты өнім сапасының кездейсоқ өзгерістерін жою. Мұндай өзгерістер нақты себептерге байланысты, оларды анықтау және жою қажет. Сапаны бақылаудың статистикалық тәсілдері:

  • балама белгі бойынша статистикалық тәсілдік бақылау;
  • сапаның кезектеуші сипаттамалары бойынша таңдамалы тәсілдік бақылау;
  • статистикалы тәсілдік бақылаудың стандарттары;
  • экономикалық жоспарлардың жүйесі;
  • ұдайы ішінара бақылаудың жоспарлары;
  • технологиялық үрдістерді статистикалық реттеу тәсілдері.

Қазіргі сапаны басқару теориясы мен тәжірибесінде келесі бес негізгі саты бөлініп көрсетіледі:

1. “Не өндіру керек?” сұрағына жауап табу және техникалық жағдайларды дайындау.

2. Өндірістің дайындығын тексеру және ұйымның жауапкершілігін бөлу.

3. Өнімді дайындау немесе қызмет көрсету үрдісі.

4. Анықталған ақауларға болашақта жол бермеуге мүмкіндік беретін өзгерістерді өндіріс пен өзгерістерді бақылау үрдісіне енгізу мақсатында ақауларды жою және кері байланысты ақпаратпен қамтамасыз ету.

5. Сапа бойынша ұзақ мерзімді жоспарларды жасау.

Аталған сатыларды жүзеге асыру фирманың барлық бөлімшелерінің, басқару органдарының өзара әрекеттенуінсіз мүмкін емес. Мұндай өзара әрекеттесуді сапаны басқарудың ортақ жүйесі деп атайды Бұл сапаны басқаруға жүйелік көзқарасты қаматамасыз етеді. [1] .

Бірінші сатыда сапа фирманың тауар немесе қызметтің оның ішкі техникалық жағдайларына сәйкестік деңгейін білдіреді. Сапаның бұл аспектісін техникалық жағдайларға сәйкестік сапасы деп атайды.

Екінші сатыда конструкция сапасы бағаланады. Сапа фирманың бұйым конструкциясына деген техникалық талаптарына қанағаттандыруы мүмкін, дегенмен, конструкцияның өзі жоғары да төмен сапалы да болуы мүмкін.

Үшінші сатыда сапа фирманың өнімі мен қызметі тұтынушының шынайы қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін көрсетеді.

Фирма тауарлары ішкі техникалық жағдайларға сәйкес болуы мүмкін (бірінші саты) ; бұйым конструкциясының өзі керемет болуы мүмкін (екінші саты) ; қызмет немесе бұйым тұтынушының нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін келмеуі мүмкін. Біз маңыздылығы жағынан бірдей үш негіз салушы сатылардың мазмұнын қарастырдық.

Өнім сапасын басқару жүйесі басқарудың өзара байланысты келесі категорияларына сүйенеді: объект, мақсаттар, факторлар, субъект, тәсілдер, функциялар, құралдар, принцип, түр, критерийлер типтері және т. б.

Өнім сапасын басқару ұғымының астында барлық деңгейлерде өнімнің оптималды сапасын жасау және оның толыққанды қолдануын қамтамасыз етуші жағдайлар мен факторларға әсер етудің ұдайы, жоспарға сай, мақсатты бағытталған үрдісі деп түсіндіріледі.

Өнім сапасын басқару жүйесі келесі функциялардан тұрады:

1. Стратегиялық, тактикалық және жедел басқару функциялары;

2. Есеп және талдау әсерін басқаратын шешімдерді қабылдау, ақпаратты-бақылаушы функциялар;

3. Өнімнің өмірлік циклы үшін ортақ және мамандандырылған функциялар;

4. Ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік факторлар мен жағдайлар бойынша басқару функциялары.

Стратегиялық функциялар:

  • сапаның негізгі көрсеткіштерін болжау және талдау;
  • жобалық және конструкторлық жұмыстардың бағытын анықтау;
  • өндіріс сапасының жеткен нәтижелерін талдау;
  • рекламациялар жайлы ақпаратты талдау;
  • тұтынушылық сұраныс жайлы ақпаратты талдау.

Тактикалық функциялар:

  • өндіріс аясын басқару;
  • сапаның берілген көрсеткіштері негізінде ұстап тұру;
  • басқарылатын объектілер мен сыртқы ортаның өзара әрекеттестігі.

Өнім сапасын басқару жүйесі өнім сапасын жоғары деңгейін қамтамасыз ету мен ұстап тұруға бағытталған әдістер мен құралдар, іс-шаралар, басқару объектілері мен басқару органдарының жиыны болып табылады. [3] .

Сапа облысындағы саясат қызмет принципі немесе ұзақ мерзімді мақсат түрінде тұжырымдалып мыналарды қосуы мүмкін:

  • кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсарту;
  • кеңею немесе жаңа өткізу нарықтарын игеру;
  • алдыңғы қатарлы фирмалардың деңгейінен жоғары өнімнің техникалық деңгейіне жету;
  • белгілі бір аймақтар немесе белгілі бір салалар тұтынушыларының талаптарын қанағаттандыруға бағдарлану;
  • қызмет ету мүмкіндіктері жаңа принциптерде жүзеге асырылатын бұйымдарды игеру;
  • өнім сапасының ең маңызды көрсеткіштерін жақсарту;
  • өндірілетін өнімнің дефектілік деңгейін төмендету;
  • өнімге кепілдік беру мерзімін ұлғайту;
  • сервисті дамыту.

Сапаны басқару бақылау, есепке алу, талдау және шешім қабылдаудан тұрады.

Сапаны арттыру - өнімнің техникалық деңгейін, оның жасалу сапасын арттыруға, сапа жүйесі мен өндіріс элементтерін жетілдіруге бағытталған үздіксіз қызмет.

Сапаны бақылау - бұл объект параметрлерін бағалау немесе сынау, экспертиза мен өлшем жүрізуден және алынған өлшемдерді осы параметрлерге (сапа көрсеткіштері) қойылған талаптармен салыстырудан тұратын қызмет. [4] .

Сапаны бақылаудың қазіргі құралдары - сапа параметрлерін сандық бақылау міндеттерін шешу үшін қолданылатын әдістер. Мұндай баға өнімді стандарттау және сертификаттау, оның сапасын жоғарылатуды жоспарлау және т. б. барысында басқару шешімдерін объективті таңдау мен қабылдау үшін қажетті.

Статистикалық тәсілдерді қолдану - жаңа технологиялар мен үрдістер сапасының бақылауын құрастырудың айтарлықтай әрекетті жолы.

Сапаны бақылаудың негізгі міндеті - ақауларды болдырмау Сондықтан бақылау барысында өнім параметрлерінің бекітілген талаптардан берілген ауытқулардың тұрақты анализі жүргізіліп отырады. Өнім параметрлері берілген сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмеген жағдайда сапаны бақылау жүйесі сәйкессіздіктің ықтимал себептерін жедел түрде анықтауға және жоюға көмектеседі.

Барлығы да өндірістің спецификасына байланысты. Егер ол бірлікті немесе ұсақ сериялы сипатта болса, өнімді тұтас яғни 100-пайыздық бақылауға ұшыратуға болады. Тұтас бақылау айтарлықтай еңбексыйымды және қымбат болып табылады, сондықтан ірі сериялы және жаппай өндірісте әдетте, өнім партиясының тек бөлігін тексеріске ұшыратып, ішінара бақылауды қолданады. Егер өнім сапасы іріктеуде қойылған талаптарға жауап берсе, онда барлық партия сапалы болып есептеледі және де керісінше - барлық партия жарамсыз болып саналады. Бірақ бақылаудың мұндай әдісінде қателі түрде жарамсызданудың (жабдықтаушы тәуекелі) немесе керісінше өнім партиясын жарамды деп тану ықтималдылығы сақталады (тапсырыс беруші тәуекелі) . Сондықтан ішінара бақылауда өнімді жеткізуге келісімшарт жасағанда пайыз түрінде көрсетіп, екі мүмкін қатені ескеру керек.

Өнім сапасын бақылаудың түрлі әдістері бар, олардың арасында айрықша орынды статистикалық тәсілдер алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері
Өнім сапасын басқару Қазақстан Республикасы жағдайында
Өнім сапасын басқарудың теориялық аспектілері
Сапаның экономикалық маңызы
Кәсіпорынның өнімді өткізуді ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Фирма менеджментіндегі персоналды басқару жүйесі және оны талдау («Zhersu power» ЖШС мысалында)
Кәсіпкерлік қызметте өнім сапасын басқару
Персоналдың дамуын басқару
Кәсіпорындaғы мaркетингтік қызметті бaсқaру
Өнім сапасын басқаруды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz