Өнімнің сертификациясы – ҚР-ның инновациясының көрсеткіші ретінде



Кіріспе
«Өнімнің сапасы» түсінігі. Сапа көрсеткіштері.
Өнім сапасын басқару. Сапа жүйесі.
Техникалық реттеу.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
«Өнімнің сапасы» түсінігі. Сапа көрсеткіштері.
Сапа. Объективтілік және әділділік. Интернационализм. Біржақтылық. Креативтілік. Актуалдылық. Беделділік. Сапа жүйесіне сертификат және шығарылатын өнімнің сапасының тұрақтылығы. Өнім сапасын басқару. Сапа жүйесі (СЖ) және ИСО 9001:2000 стандарттарына сәйкестігі.
ҚР-ның стандартизация, сертификация және менеджментті сапа жүйесі салаларындағы заңдар. Сертификация бойынша халықаралық және ұлттық органдар.
СЖ қалыптастыру және енгізу және сәйкес ақпараттық инфрақұрылымның болуы.
Өнімнің сапасы қоғамдық және жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруы қажет. Шығарылатын өнімнің сапасы мен саны елдің ұлттық байлығының көрсеткіші болып табылады. Өнімнің жоғары сапасы – бұл ұлттық байлықтың өсуінің интенсивті өсуі.
Қазіргі уақытта кез келген фирманың «аман қалуы», тауар мен қызмет нарығында оның тұрақты жағдайы өнім бағасы мен сапасымен байланысты бәсекелестік деңгейімен анықталады.
Өнім сапасының жалпы танымал анықтамасы келесідей болып табылады.
Өнім сапасы дегеніміз - өнімнің қолданылуына сәйкес белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға оның жарамдылығына себеп болатын өнім қасиетінің жиынтығы.
Өнім қасиеті – бұл өнімді шығару, эксплуатациялау немесе тұтыну кезінде көрінетін оның объективті ерекшелігі.
Өнім сапасының құрамына кіретін қандай да бір қасиетінің көріну деңгейіне байланысты оның бағасы да өзгереді. Өнімнің әрбір қасиетінің көріну деңгейі сапа көрсеткіштері деп аталатын сипаттамаларымен бағаланады.
Сапа көрсеткіші - өнімді шығару, эксплуатациялау немесе тұтынудың белгілі бір жағдайларына қатысты қарастырылатын оның сапасының құрамына кіретін өнім қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Көрсеткіштің атауы сипаттас қасиетті анықтайды: мықтылықты, сенімділікті, қуатты және т.б.
1. В.А.Швандар. Экономика предприятия. М.: ЮНИТИ, 2004г.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Өнімнің сертификациясы – ҚР-ның инновациясының көрсеткіші
ретінде

Жоспар:
Кіріспе
Өнімнің сапасы түсінігі. Сапа көрсеткіштері.
Өнім сапасын басқару. Сапа жүйесі.
Техникалық реттеу.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Өнімнің сапасы түсінігі. Сапа көрсеткіштері.
Сапа. Объективтілік және әділділік. Интернационализм. Біржақтылық.
Креативтілік. Актуалдылық. Беделділік. Сапа жүйесіне сертификат және
шығарылатын өнімнің сапасының тұрақтылығы. Өнім сапасын басқару. Сапа
жүйесі (СЖ) және ИСО 9001:2000 стандарттарына сәйкестігі.
ҚР-ның стандартизация, сертификация және менеджментті сапа жүйесі
салаларындағы заңдар. Сертификация бойынша халықаралық және ұлттық
органдар.
СЖ қалыптастыру және енгізу және сәйкес ақпараттық инфрақұрылымның
болуы.

Өнімнің сапасы түсінігі. Сапа көрсеткіштері.

Өнімнің сапасы қоғамдық және жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруы
қажет. Шығарылатын өнімнің сапасы мен саны елдің ұлттық байлығының
көрсеткіші болып табылады. Өнімнің жоғары сапасы – бұл ұлттық байлықтың
өсуінің интенсивті өсуі.
Қазіргі уақытта кез келген фирманың аман қалуы, тауар мен қызмет
нарығында оның тұрақты жағдайы өнім бағасы мен сапасымен байланысты
бәсекелестік деңгейімен анықталады.
Өнім сапасының жалпы танымал анықтамасы келесідей болып табылады.
Өнім сапасы дегеніміз - өнімнің қолданылуына сәйкес белгілі бір
қажеттіліктерді қанағаттандыруға оның жарамдылығына себеп болатын өнім
қасиетінің жиынтығы.
Өнім қасиеті – бұл өнімді шығару, эксплуатациялау немесе тұтыну
кезінде көрінетін оның объективті ерекшелігі.
Өнім сапасының құрамына кіретін қандай да бір қасиетінің көріну
деңгейіне байланысты оның бағасы да өзгереді. Өнімнің әрбір қасиетінің
көріну деңгейі сапа көрсеткіштері деп аталатын сипаттамаларымен бағаланады.

Сапа көрсеткіші - өнімді шығару, эксплуатациялау немесе тұтынудың
белгілі бір жағдайларына қатысты қарастырылатын оның сапасының құрамына
кіретін өнім қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Көрсеткіштің атауы сипаттас
қасиетті анықтайды: мықтылықты, сенімділікті, қуатты және т.б.
Сапа көрсеткіштерінің сандық мәндері мөлшерлік және мөлшерлік емес
шамалармен өлшенеді. Өнім қасиеттеріне байланысты сапа көрсеткіштері екі
класстың біріне жатқызылуы мүмкін:
- объективті құралдармен өлшенуі мүмкін – қуаттылықпен, жылдамдықпен,
салмақпен, кернеумен және т.б.;
- объективті құралдармен өнімнің дәмін, сыртқы келбетін, иісін, т.б.
анықтауға болмайды.
Өнім сапасын бағалау мақсаттарына байланысты сапа көрсеткіштерінің
түрлі классификациясы бар. Классификациялық сипаттары келесідей болып
табылады: сипатталатын қасиеттер, сипаттау әдісі, сипатталатын қасиеттердің
саны, бағалар үшін қолданысы, көрсеткіш мәндерін анықтау стадиялары.
1. Нақты қажеттіліктерге сәйкес келетін сапа көрсеткіштері атауларын
таңдау және түсіндіруге арналған классификациялық топ. Бұл топқа мыналар
жатады: қолданылу, ресурстарды тиімді қолдану, сенімділік көрсеткіштері,
эргономикалық және эстетикалық көрсеткіштер, технологиялылық,
транспортабельділік, стандарттау және унификациялау, патентті-құқықтық,
экологиялылық және қауіпсіздік көрсеткіштері.
Қолданылу көрсеткіштері өнімді қолдану облысын көрсетеді және өнімді
қолданудың негізгі функцияларын анықтайтын өнімнің қасиеттерін сипаттайды.
Олар өнімнің маңызды қасиеттерін сипаттайды.
Шикізатты, материалды, энергия мен жанармайды экономды қолдану
көрсеткіштері эксплуатациялау кезінде тұтынатын шикізат, материалдар,
жанармай және энергияның деңгейі бойынша өнімнің техникалық жағдайын
көрсететін оның қасиеттерін сипаттайды.
Сенімділік көрсеткіштері. Сенімділік анықтамасы жұмысқа
қабілеттілік және істен шығу түсініктерімен тығыз байланысты. Жұмысқа
қабілеттілігі дегеніміз - өнімнің берілген функцияларды атқару немесе
берілген шектеулерде параметрлердің мәндерін сақтау қабілеті кезіндегі
жағдайы. Істен шығуы - өнімнің жұмысқа қабілеттілігінің бұзылуы. Сенімділік
істен шықпаумен, сақтаушылықпен, жөнделуге жарамдылықпен сипаттайды.
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің ақпараттық сипатталуын, форма
рационалдығын, композицияның жалпылығын және өнімнің өндірістік орындалуы
мен оның тауарлы көрінісінің тұрақтылығының кемелденуін сипаттайды.
Технологиялық көрсеткіштер өндірістің, эксплуатациялау немесе
қолданудың қабылданған рационалды шарттарына байланысты өнімді шығару және
тұтынуға қажетті еңбек, материалды және энергетикалық ресурстардың
шығындарын төмендетудің мүмкіндіктерін анықтайтын өнімнің жүйелі-құрылымдық
қасиеттерін сипаттайды.
Транспортабельділік көрсеткіштері кеңістікте қозғалуға, орын
ауыстыруға деген өнімнің қабілеттілігін сипаттайды, ол өз кезегінде
тасымалдаумен байланысты бастапқы және ақырғы операциялармен, сондай-ақ
эксплуатациялау немесе тұтынумен қатар жүрмейді.
Стандартизация және унификация көрсеткіштері бұйымның стандартты,
унификацияланған және ерекше құрамдас бөліктермен қанығуын, сонымен бірге
басқа бұйымдармен унификациялау деңгейін сипаттайды. Стандартты болып
ұлттық стандарттар бойынша шығарылатын құрамдас бөліктер саналады.
Унификацияланған болып қандай да бір кәсіпорынның стандарттары бойынша
шығарылатын бұйымның құрамдас бөліктері табылады. Тек сол бір бұйым үшін
арналған құрамдас бөліктер ерекше деп аталады.
Патентті-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патенттік қорғанысы мен
патентті тазалығын сипаттайды.
Патенттік қорғаныс көрсеткіші болжамды экспорт елдерінің авторлық
куәліктерімен, патенттерімен өнімнің қорғаныс дәрежесін көрсетеді.
Патенттік тазалық көрсеткіші елдің ішінде ғана іске асырылуға
арналған бұйымдарға техникалық шешімдердің қолданылу дәрежесін көрсетеді.
Экологиялық көрсеткіштер өнімді эксплуатациялау немесе тұтыну кезінде
пайда болатын қоршаған ортаға зиянды әсерлердің деңгейін анықтайтын өнімнің
ерекшеліктерін сипаттайды.
Қауіпсіздік көрсеткіштері өнімді эксплуатациялау немесе тұтыну
кезінде адамдардың қауіпсіздігіне себепші болатын өнімнің ерекшеліктерін
сипаттайды. Олар сонымен қатар эксплуатация ережелерімен болжамдалмаған
авариялар жағдайында адамдардың қорғанысын қамтамасыз ететін талаптарды
көрсетуі тиіс.
2. Классификациялық белгісі болып сипаттау әдісі табылатын
классификациялық топ. Ол өнім сапасын техникалық-экономикалық талдау үшін
қызмет етеді, бұл кезде натуралды да, сандық та шамалармен сипатталған
әрбір қасиеттің пайдалы эффектісін білу қажет.
3. Классификациялық белгісі болып сипатталатын қасиеттердің саны
табылатын классификациялық топ. Ол өнім сапасының деңгейін бағалаудың түрлі
әдістерінде сапа көрсеткіштерін қолдану үшін қызмет етеді. Сапаның бірлік
және кешендік көрсеткіштерін ажыратады. Өнім сапасының бірлік көрсеткіші
оның қасиетінің тек біреуіне ғана жатады. Сапаның кешендік көрсеткіші оның
бірнеше қасиеттеріне жатқызылады.
4. Классификациялық белгісі болып бағалар үшін қолданысы табылатын
классификациялық топ. Ол өнімнің сапалық деңгейі мен техникалық деңгейін
анықтау кезінде өнімнің базалық үлгілерін таңдау үшін қызмет етеді. Өнімнің
сапалық деңгейі дегеніміз – салыстыру үшін эталон түрінде қабылданған
белгілі бір өнімнің сапалық көрсеткіштерін базалық өнімнің аналогиялық
көрсеткіштерімен салыстыру кезінде алынған бағасы.
Өнімнің техникалық деңгейі болып бағаланатын өнімнің сәйкес базалық
мәндерімен техникалық кемелденуін сипаттайтын көрсеткіштерін салыстыруға
негізделген өнім сапасының салыстырмалы сипаттамасы табылады. Өнімнің
техникалық кемелденуі қауіпсіздік, материалосыйымдылық, энергиясыйымдылық,
т.б. сияқты көрсеткіштерді көрсетеді.
5. Классификациялық белгісі болып өнімнің өмірлік циклінің стадиялары
табылатын классификациялық топ. Бұл стадияда сапа көрсеткіштерінің мәндері
анықталады. Өнімнің өмірлік циклі өзіне келесідей стадияларды қосады:
болжамдау, өндірім немесе жобалау, өндіру, айналым, эксплуатациялау немесе
тұтыну, утилизациялау (қажет болған кезде).
Өнім сапасының деңгейі мен техникалық деңгейі түсініктерімен
бәсекеге қабілеттілік түсінігі тығыз байланысты. Егер өнімнің сапалық
немесе техникалық деңгейін бағалау жөнінде сөз қозғалса, онда бұл жағдайда
біртекті бұйымдар салыстырылады. Салыстыру базасы түрінде нақты қажеттілік
алынғанда бәсекеге қабілеттілікті бағалау позициясынан біртекті емес
тауарларды да салыстыруға болады, себебі олар бірдей қажеттілікті
қанағаттандырудың әр түрлі әдістерін ұсынады.

Өнім сапасын басқару. Сапа жүйесі.

Өнім сапасын басқару – бұл өнімге қойылатын талаптар көзқарасымен
оптималды өнімді шығаруды қамтамасыз ететін факторлар мен шарттарға тұрақты
мақсатқа бағытталған әсер ету процесі.
Фактор болып шығарылатын материалдардың қасиеттерін өзгертуге
қабілетті нақты бір күш табылады. Факторларға еңбек заттары, құралдары және
тірі еңбек жатады. Олардың қосылуы материалдардың қасиеттерін өзгертеді,
осылайша, бұл қасиеттер белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға
қабілетті болып табылады.
Өнім сапасын көтеру шарттары болып сапаны жақсарту факторлары қызмет
ететін орта мен жағдайлар табылады. Әсер ету масштабтары бойынша шарттар
жеке және жалпы болады. Жеке шарттарға өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру
формалары, ұжымдағы психологиялық климат, т.б. жатады. Жалпы шарттарға
нарық шарттары, өнімнің жоғары сапасы үшін мадақтайтын механизм, т.б.
жатады.
Шарттар факторлар мүмкіндіктерінің көрінуіне ықпал етеді. Шарттарға
байланысты факторлар не толығымен өз мүмкіндіктерін көрсетеді, не бұл
көріну ұсталып қалады, ал мұндай жағдайда сапаны жақсарту үшін көбірек
уақыт пен қаражаттарды жұмсау қажет. Сапаны басқарудың біршама күрделі
міндеттердің бірі өнім сапасын жақсарту бойынша шараларды өндіру кезінде
осы қызметтің факторлары мен шарттарының біршама гармоникалық тіркесімді
қамтамасыз ету болып табылады.
20ғ. 2-жартысында сапаны басқарудың жүйелерін дамыту шыңы болып өнім
сапасын басқарудың кешендік жүйелері табылады. Мұндай жүйе – ұйымдық-
техникалық негізі кәсіпорынның стандарттары болып табылған алғашқы жүйе
болады. Өнім сапасын басқарудың кешендік жүйесінде қолданылған көптеген
қадамдар кейіннен Өнім сапасын басқару - 9000 ИСО сериясының
стандарттарында дамыды.
Өнім сапасын кәсіпорында басқарудың халықаралық стажы сапаны басқару
бойынша халықаралық стандарттарда жинақталған. Көптеген елдерде бұл
стандарттар ұлттық ретінде қабылданған: Австрияда, Ұлыбританияда, ГФР,
Швецияда, Швейцарияда және т.б. Шетелдік тәжірибеде сапаны басқарудың
халықаралық стандарттары өнімді жеткізушіде сапаны қамтамасыз ету жүйесін
бағалау үшін модельдер түрінде фирмалар арасында келісім-шартқа отыру
кезінде қолданылады.
1987ж. наурызда стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ИСО) Өнім
сапасын басқару 9000 сериясының халықаралық стандарттарының кешенін
қабылдады: 9000-9004. Бұл стандарттарда қазіргі уақытқа дейін өз
өзектілігін жоғалтпаған сапа жүйесінің негізгі принциптері көрсетілген.
Сапа жүйесі ең алдымен сапа облысында алға қойылған мақсаттарға қол
жеткізуді және белгілі бір саясатты жүргізуді қамтамасыз ететін құрал
ретінде кәсіпорында құрылады және енгізіледі. Сондықтан да сапа облысында
жүргізілетін саясатты кәсіпорынның жоғары жетекшілері құжаттамалық түрде
рәсімдеулері қажет.
Сапа жүйесі өнімнің өмірлік циклінің барлық стадияларын қамтуы керек.
Әдетте өмірлік циклді біршама шағын кезеңдерге бөледі: маркетинг, нарықты
іздеу және талдау, техникалық талаптарды жобалау, өнімнің жетілдірілуі,
материалды-техникалық қамтылуы, өндірістік процесстердің дайындығы мен
жетілдірілуі, өндіру, бақылау, байқауларды өткізу, упаковка және сақтау,
өнімді іске асыру және қайта бөлу, монтаждау, эксплуатациялау, техникалық
көмек пен қызмет көрсету, қолданыстан кейінгі қалдықтарды пайдалану.
Осы кезеңдерге әсер етудің мінездемесі бойынша 3 бағыт ажыратылады:
сапамен қамтамасыз етілу, сапаны басқару және сапаны жақсарту.
Өнімнің сапасын қамтамасыз ету өнім бойынша белгілі бір талаптарды
қанағаттандыруы үшін жоғары әрбір кезеңді орындау үшін құрылатын шарттар
мен жоспарланған немесе жүйелі түрде өткізілетін шаралардың жиынтығын
білдіреді. Техникалық өнімдер үшін сапаны қамтамасыз ету бастапқы кезден
бастап-ақ берілген функцияларды өнім мен оның тетіктері орындай алатындай
өнімнің жобалануы мен шығарылуын қамтамасыз етуді білдіреді.
Өнім сапасын басқару оперативті мінездес іс-әрекет пен әдістерді
білдіреді. Оларға процесстерді басқару, өнімде, өндірісте немесе сапа
жүйесінде түрлі типтегі сәйкессіздіктерді анықтау және осы сәйкессіздіктің
себептері мен өздерін жою жатады. Сапаны басқарудың мысалы ретінде бақылау
картасының көмегімен технологиялық процесстерді статистикалық реттеуді
алуға болады.
Өнім сапасын әрдайым жақсартудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнім сапасын арттырудың экономикалық тиімділігі
Аймақтық жүйені құрудың стратегиялық бағыттары
Квалиметрия негіздері, өнімнің сапасы
Өнім сапасы және оны жоғарылатудың маңызы,негізгі жолдары
Өнім сапасын басқарудың теориялық аспектілері
Сертификацияның мемлекеттік жүйе ережесі бойынша шығарылған құжат
Мемлекеттік қызметтегі инновациялар
Электр энергия станциясы
Өнеркәсіптік кәсіпорында өнім сапасын басқару
Сапа бақылау
Пәндер