Компьютер және балалар


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Компьютер және балалар

2. Мектептегі техника

3. Денсаулықты сақтай отырып оқыту жүйесіндегі білім беру технологияларының маңызы


1. Компьютер және балалар

Бүгінгі күні білім беру саласын компьютерсіз елестету мүмкін емес. Балалар бұл күрделі техниканы жылдам және үздік меңгеруде. Меңгеру барысында мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілеті жылдамдап, өзіне тиісті қызметтерді жетік жоспарлайды және өмірге икемді келеді.

Әйтсе де, білім беруді компьютермен қамтамасыз етудің денсаулыққа жағымсыз әсері бар екенін де ескерген жөн. Дәрігерлердің байқағаны, компьютермен айналыскандардың көру қабілеті төмендеген, көз алды тұманданады, көз ауруына шағым айтушылар 90% өскен.

Ұзақ уақыт компьютерде отырудың нәтижесінде жақыннан көрмеушіліктің пайда болуы да ықтимал.

Қазір компьютердің алдына 5-6 жастағы балалар да отыра бастады. Сондықтан, білім беруде компьютерді пайдалану да баланың жас ерекшелігі қатаң ескерілуі тиіс. Баланың көбісі алыстан көргіш болып туады. Олардың көру қабілеті 7-8 жаста ғана қалыпқа түседі. Сондықтан, олардың көзіне компьютер бетінен майда бейнелерді жақыннан көру күрделі. Көздің бұлшық етіне артық салмақ түсу әсерінен көру қабілеті бұзылуы мүмкін.

Қазір Жапонияда 3 жасар сәбилерге арнап арнайы компьютер жасалуда, оның клавиатурасы үлкен болғандықтан компьютерді басқару қиынға түспейді. Компьютер техникасын жетік меңгерген жапон елінде көзілдірік тағатындар саны жетіп артылады.

Біз эволюция процесі нәтижесінде қалыптасқан айналамыздағы түрлі-түсті затты жарықтың шағылысуымен көруге үйренгенбіз, ал экрандағы бейне жарық бөлетін, пикселей-нүктелерден тұрады. Экранның жыпылықтауы, түстердің сәйкессіздігі көзді шаршатады.

Біздің мектептердегі көптеген компьютерлер сапасы өте төмен. Сондықтан ол балалардың денсаулығына да зиян. Мұндай ескі компьютердің экранынан бейне анық көрінбейді, нәтижесінде көзге салмақ түседі.

Компьютермен айналысу бала үшін пайдалы болғанмен, ұзақ уақыт экран алдында отыру жүйке жүйесіне күш түсіреді, ұйқысы бұзылады, психикалық реакциялар пайда болуы мүмкін, арқасы, мойын еттерінің ауыруы да байқалады.

Ал, компьютер ойындары балалар үшін оку тапсырмасынан гөрі ауыр. Әр түрлі ойындар реакция жылдамдығын қажет етеді. Олар балаға түрлі оқиғаның ішінде жүргендей сезінуге мүмкіндік береді, көптеген балалар ойынның виртуальды әлеміне кіріп, жарысу кезеңдерін бастан өткізіп, жеңуге ұмтылумен сағаттар бойы отыруға дайын.

Әйтсе де, психологтар, мұндай ойындар батаның психологиясын бұзады деп қатаң ескерту жасауда. Ойынға берілген бала мінез-құлқында өктемдік, аямаушылық, ойланбаушылық белең алады екен. Өкінішке орай, бізде ойды дамытатын, білім үйрететін бағдарламалар саны шектеулі, таңдап, талғап пайдалануға мүмкіндік жоқ.

Егер баланың жүйкесі ауыратын болса, компьютермен айналысу ауруды күшейтетінін ата-ана, мұғалім ескергені дұрыс.

Көру қабілетін төмендетумен бірге компьютермен жұмыс істеу жауырын мен арқаның бұлшық етіне де салмақ түсіреді. Сондықган, жұмыс орынын дұрыс ұйымдастыру үлкен роль атқарады. Стол мен орындық баланың бойына лайық болуы керек. Жаттығу жарықпен толық қамтамасыз етілген бөлмеде өтуі тиіс. Экран мен көздің ара қашықтығы 50-55 см-ден кем болмауы керек. Компьютер алдында бір ғана бала отырғаны дұрыс, жанында екінші адам отырғаннан экрандағы бейне көмескіленеді.

Компьютермен жұмыс барысында тағы бір проблема электромагнитті қауіпсіздік. Компьютер бөлмесіндегі әрбір жұмыс орынында электромагнитті өріс 1, 5м. радиус көлемінде. Сондықтан компьютер орналастыруда инструкцияны ескерген жөн.

Баланың көру қабілеті мен жүйке жүйесін сақтауды ойлап, компьютермен айналысуды ең болмағанда 8 жасқа дейін қоя тұру керек. Компьютермен айналысу тәулігіне 5-7 жастағы балаға 15 минут, 8-12 жастағы балаларға 20 минут, 12 жастан үлкендер үшін 30 минут отыру жеткілікті. Әрбір 10-15 минут сайн бала 10 минут үзіліс жасап, көзге арналған жаттығу басты, кеудені оңға, солға айналдыру жаттығуларын жасап отыру пайдалы.

Компьютерден кейін баланы сабақ орындатуға отырғызу да знян екенін ескеру қажет. Біздің балаларға компьютерленген қоғамда өмір сүруге тура келеді, сондықтан оларды компьютермен айналысуда сауатты болуды үйретумен бірге денсаулығына зиян келтірмейтін жағын да үйреткеніміз абзал.

2. Мектептегі техника

Соңғы кезде мектепте қолданылатын техникалық оқыту құралдарының (ТОҚ) түрлері (аудиовизуалды, видеоэкранды) көбейіп келеді. Бұл сабақтың көрнекілігін арттыруға, сабаққа қызығушылық тудыруға, оқушылардың зейінін аударуға үлкен көмек. Әйтсе де, ТОҚ оқушылардың алатын ақпараттар көлемін жәй сабақтарға қарағанда едәуір арттырып отыр. Мұнда сабақтың берілу формасы көрнекілікті, ұғынықты, қызықты болғанымен, артық ақпарат көлемі оқушылардың жұмыс темпін арттырып, көру және есту органдарына қосымша салмақ түсіреді. Төменгі сыныптарда аптасына 5-6 рет ТОҚ қолданған жағдайда сабақ кестесі оқушылардың II сигналдық жүйесіне салмақ түсіретін пәндердің (математика, жазу, оқу) I сигналдық жүйеге әсер беретін пәндермен (еңбек, дене шынықтыру, ритмика) алмасып отыратындай жағдай жасау керек. Бұл олардың жұмысқа деген қабілетін жоғарылатуға көмектеседі.

Америка мен Англияда оқу телевидениесінің хабарларының ұзақтығы жоғарғы сынып оқушылары үшін 30 минут, төменгі сыныптар үшін - 20 минутпен шектелген (аптасына 3-6 рет) . Жоғарғы сыныптарда ТОҚ қолдану оқушыларды тез шаршататын факторлардың бірі. Оның негізгі себептері: 1) дәстүрлі сабақпен бірдей уақытта оқушылар салыстырмалы түрде артық ақпарат қабылдайды; сабақтың берулі және құрылым формасы анағұрлым көрнекілікті болғанымен, қабылданатын ақпараттың тығыздығы және кері байланыстың болмауы қабылдауды қиындатады. Сондықтан да телевидеосабақтардың түрін, уақытын, структурасын дұрыс таңдап, оны қолайлы жерде көруге жағдай жасалуы тиіс.

Педагогтар мен психологтар телелекциялар түріндегі сабақтардың мынадай кұрылымын ұсынады: алғашқы 5 минут - мұғалімнің сыныппен жұмысы; 25-35 минут - теле-видеохабар; қалған уақыт - қабылдаған ақпаратты талдау, жұмыс.

ТОҚ-мен тығыз жұмыс істеуде оқушылардың жұмысқа қабілеті мен ағзасының жағдайына мына жағдайлар кері әсер етеді:

1) 25-35 минуттан асатын теле-аудиохабарлар (пәнге байланысты) ;

2) хабарда көріністен сөздің көп болуы, схема, кесте, диаграммалардың көптігі;

3) телехабарларды көрудегі қолайсыз жағдай (бір сыныпқа кіші экранды бір телевизор, 2 метрден жақын, 6 метрден алыс отыру, экранға күн сәулесінің тікелей түсуі, өте караңғыда көру, экрандағы көріністің сапасыздығы) .

Гигиенистер аудиовизуалды құралдарды қолданудың төмендегі ұзақтығын ұсынады (7-кесте) .

7-кесте

Аудиовизуалдм құралдарды үзіліссіз қолданудың максималды ұзақтығы

Сыныптар: Сыныптар
Көру ұзақтығы (минут): Көру ұзақтығы (минут)
Сыныптар: Диафильм, диапозитивтер
Көру ұзақтығы (минут): кинофильмдер
телехабарлар
Сыныптар: 1-2
Көру ұзақтығы (минут): 7-15
15-20
15
Сыныптар: 3-4
Көру ұзақтығы (минут): 15-20
15-20
20
Сыныптар: 5-7
Көру ұзақтығы (минут): 20-25
20-25
20-25
Сыныптар: 8-11
Көру ұзақтығы (минут): -
25-30
25-30

Бір аптаның ішінде ТОҚ қолданатын сабақтардың саны төменгі сыныптарда 3-4, жоғарғы сыныптарда 4-6 реттен аспауы тиіс.

Соңғы жылдары жеке компьютерлермен (ЖК) жұмыс істеу, компьютерлік ойындарға қызығушылық интернетпен жұмыс көп орын алып келеді. ЖК мектепте де көп қолданылады. Бұл мәселе мектеп алдына оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту жұмыстарында қосымша жауапкершілік жүктеп отыр. ЖК алдында 1 сағат қана жұмыс істеудің өзі оқушылардың 73 пайызында жалпы шаршау, көз жанарының шаршауын туғызады. Ал осы уақыттағы оқу сағаты оқушылардың 54 пайызын ғана шаршатады. Компьютерге еліккен бала әсіресе ол кең таралған ойындарды ойнап отырса - уақыттың өткенін, шаршағанын, қарны ашқанын сезбей бірнеше сағат бойы отыра беруге бар. Ал төменгі сынып оқушыларының мұндай қызығушылығы қозу, ашушаңдық, ұйқысы бұзылу, сабаққа зейін қоя алмау сияқты құбылыстарды ала келеді. Баланың сабақ үлгерімі күрт төмендейді. Оқушылардың сабақта шаршауын қадағалап сараптай отырып, олардың мектептен тыс уақытта компьютермен әуестігі болуын ескеріп, оны анықтап, ата-анасын хабардар ету керек.

3. Денсаулықты сақтай отырып оқыту жүйесіндегі білім беру технологияларының маңызы

Қазақстан Республикасындағы білім берудің жетекші идеясы - білімді де білікті жас ұрпақ тәрбиелеу, жеке тұлғаны дамыту, баланың жеке құқығын және конвенционалды нормаларды сақтау болса, оның ішінде білім беру ісін салауаттандыру, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту жұмыстары ерекше мәнге ие.

Оқыту процесін салауаттандыру мақсатын жүзеге асыруда оқушылардың жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру аса маңызды. Өйткені оқу материалының көлемі мен мазмұнын, оқыту-танымдық әрекеттің әдістемесі мен формаларын оқушылардың жеке және жас ерекшеліктеріне сәйкестендіру, олардың бойында салауатты өмір салтына деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, сол арқылы дені сау тұлғаны тәрбиелеу және дамыту - оқу процесін валеологизациялаудың басты ұстыны.

Соңғы уақытта, оқыту процесін гуманизациялау идеясы барысында білім берудің мәнін анықтауда жеке тұлғалық бағыт және валеологиялық тәсіл үлкен орын алып келеді. Бұл үрдіс біздерге И. Якиманский, М. Н. Скаткин, А. В. Петровский, В. С. Лебедев сияқты педагог-ғалымдардың жұмыстары арқылы жақсы таныс.

Білім берудің валеологиялық мазмұны жеке тұлғаның табиғи қабілеттерін (денсаулығы, ойлау қабілеті, сезімталдығы, әрекеті), оның әлеуметтік ерекшеліктерін (азаматтығы, еңбекке көзқарасы, қоғам алдындағы жауапкершілігі) және мәдени субъекті ретіндегі қасиеттерін (еркіндік, адамгершілік, рухани бейнесі, шығармашылық қабілеті) дамытуға арналған. Бұл жерде оның рухани, әлеуметтік және мәдени бастауларын дамыту жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға сүйенген білім берудің мазмұны арқылы жүзеге асады.

Қазіргі заманғы білім беру технологияларын оқыту барысында кеңінен пайдаланатын ұстаздар аз емес. Ал оқу процесін салауаттандыру технологиясын күнделікті іс-тәжірибесінде қолданатын оқытушылар қатары сирек десек кателеспес едік. Сондықтан да, оқушылардың денсаулығына қазіргі заманғы күрделі де мазмұнды оқу бағдарламасын игеру барысындағы қиындықтар кері әсер бермеуі үшін алдыңғы қатарлы валеологиялық технология, әдістемелер мен тәсілдер жүйесін игеру барлық ұстаздардың борышы дер едік.

Оқу процесін валеологизациялау технологиясы бұл процестің барлық құрамдас бөліктерін: максатын, мазмұнын, формасы мен әдіс-тәсілін және жүзеге асыру құралдарын да қамтиды. Бұл - ғылыми негізделген, процеске катысушылардың белсенді іс-әрекетін қажет ететін, бала денсаулығын сақтау мен нығайтуды мақсат еткен педагогикалық әдістемелер жүйесі. Білім берудің бүгінгі парадимасының негізінде тек саналы, білімді оқушыны ғана емес, сонымен бірге дені сау тұлғаны қалыптастыру мақсаты жатыр.

Қазіргі заманғы мектепте денсаулықты сақтай отырып окытылатын ортаны қалыптастыруда бірқатар технологиялар көмегін тигізе алады. Олардың қатарына:

• И. Я. Якиманскийдің жеке тұлғаға бағытталған, дамыта оқыту технологиясы;

• Білімді толық игеруге бағытталған ұжымдық және модульдік технология;

• Типтік-дифференциялық ұстанымға негізделген, бала денсаулығына зиянын тигізбей білім сапасын арттыру технологиясы;

• «Нейро-лингвистикалық бағдарлама» әдістемесі арқылы оқушылардың жүйке-психикалық жағдайын жақсартуға, денсаулығын нығайтуға, творчестволық потенциалын жоғарылатуға бағытталған технология тәрізді қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерді жатқызуға болады.

Модульдік оқытудың валеологиялық мәні өзін өзі басқаратын рефлексивті орта қалыптастыру арқылы айқындалады. Сол арқылы сабақ барысында оқушылардың өзіндік құндылығы мен тұлғасын тануға мүмкіндік беретін рефлексивтік және мағыналы творчестволық әрекетке деген кажеттілігі жүзеге асады. Осы технология арқылы оқи отырып оқушылар өзіндік жеке тұлғалық темпін ұстанып, өзінің күші мен уақытын ұтымды пайдалана отырып, сол арқылы оқу-танымдық процеске тиімді қатыса алады.

Сондай-ақ, оқытудың денсаулықты сақтау мазмұнының басты характеристикасы ретінде интерактивті әдістемелер де үлкен орын алады.

«Оқыту парадимасын» ескере отырып оқу материалын игерудегі түрлі әдістердің тиімділігін қарастырсақ:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютер - адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі
Компьютер ойындарының жасөспірімдердің психологиясына әсері
Компьютердің бала денсаулығына кері әсері
Компьютер балаға пайдалы ма, зиянды ма?
Компьютермен жұмыс істегендегі қауіпсіздік. ұялы телефон қауіпсіздігі
Компьютер қауіпі
Компьютер ойындарының бала психологиясына әсері
Вертуальды және интернет тәуелділігінің психикалық аспектілері
Компьютердің адамзаттарға әсері
Бастауыш мектептерде компьютерлік техниканы тиімді қолдану негізінде оларға компьютерлік сауаттылық элементтерін меңгеру, ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz