Отандық кәсiпорындардың дамуында көліктік логистикалық әдiстердi қолдану қажеттiлiгiн теориялық және практикалық негiздеу


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Кiрiспе

Дипломдық жұмыстың өзектiлiгi және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы көліктік логистикалық әдiстi қолдануды ашатын материал өткiзушi жүйелердiң тиiмдi қызмет етуiн жоғарылататын потенциалды мүмкiндiктерiмен түсiндiрiледi. Көліктік логистика шикiзат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнiмдi тұтынушыға жеткiзгенге дейiнгi уақыт аралығын қысқартуға мүмкiндiк бередi, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етедi. Көліктік логистиканы қолдану ақпарат алу үрдiсiн жеделдетiп, қызмет көрсету деңгейiн жоғарылатады. Көліктік логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсiп және көліктік кәсiпорындарының менеджерлерiнiң, инженерлер мен бизнесмендердiң қызығушылығы тек отандық экономика үшiн жаңа және айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркәсiбi дамыған елдер экономикасында көліктік логистикалық әдiстi қолдану арқасында алынған әсерлi нәтижелерiмен түсiндiрiледi.

Шетел тәжiрибесi көрсеткендей, қазiргi бизнесте көліктік логистика стратегиялық маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың компания басшылығындағы жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Қазiргi уақытта алдыңғы қатарлы фирмалардағы көліктік логистиканың дәстүрлi функционалды салалары стратегиялық инновациялық (жаңартпа) жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлiк платформа негiзiн-де бiрiктi. Көліктік логистика саласындағы қызмет көп қырлы. Оған көліктi, қойма шаруашылығын, қорларды, кадрларды басқару, ақпаратты жүйелердiң ұйымдастырылуы, коммерциялық қызмет және т. б. жатады. Аталған әрбiр функция сәйкес салалық пәнде терең зерттелiп, баяндалған. Көліктік логистикалық тәсiлдiң жаңалығы - негiзгi өзара байланыс. Көліктік логистикалық әдiстiң мақсаты - материалды ағымдарды толассыз басқару.

Материалды ағымдарды басқару әр уақытта шаруашылық қызметтiң маңызды элементi болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық өмiрдiң маңызды функцияларының бiрiне айналды. Негiзгi себебi - өндiрiстiк және сауда жүйелерi тұтынушының тез өзгерiп отыратын талғамына жылдам икемделуi қажеттiгiн туғызған сатушы рыногынан сатып алушы рыногына өту.

Көліктік логистика салыстырмалы түрде жас және белсендi дамушы ғылым мен бизнес сферасы болып табылады. Шет елде көліктік логистика соңғы онжылдықта тез дамыды. Қазақстан үшiн көліктік логистикалық өндiрiстiк, сауда, көліктік және ақпараттық жүйе-лердiң қалыптасуы мен дамуы өте маңызды, себебi ол бiздiң елдiң әлемдiк экономикалық және ақпараттық кеңiстiкке интеграциялануын тездетуге мүмкiндiк бередi.

Өнеркәсiбi дамыған мемлекеттердiң экономикалық әдебиетiнде көліктік логистикалық мәлелердiң алатын орны маңызды және оның дамуын зерттеуге көптеген еңбектер арналған.

Көліктік логистиканың тәжiрибелi тәсiлдердi және ғылыми көзқарасты талап етуi Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуiнiң бастауымен сай келдi. Отандық бизнестегi көліктік логистикалық көзқарастың мүмкiндiктерiн және қарқынын бүгiнгi күнгi Қазақстандағы әлеуметтiк-экономикалық, саяси жағдайдан және экономикалық реформалар қадамының болжамынан бөлiп-жарып қарауға болмайды.

Бизнес практикасына көліктік логистикалық менеджмент әдiстерiн енгiзу көптеген фирмаларға өндiрiстегi, жабдықтаудағы және өткiзудегi өнiмнiң барлық қор түрлерiн қысқартуға, айналым капиталының айналымдылығын жеделдетуге, өндiрiстiң өзiндiк құнын төмендетуге, бөлуге тиiстi шығындарды төмендетуге, тауарлар және қызметтермен тұтынушылардың толық қанағаттандырылуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Дипломдық жұмысының мақсаты - отандық кәсiпорындардың дамуында көліктік логистикалық әдiстердi қолдану қажеттiлiгiнiң теориялық және практикалық негiздеу болып табылады.

Жұмысты жазу барысында жұмыстың мақсатына жету үшiн келесiдей мiндеттер белгiленген:

  • көліктік логистика тарихын, эволюциясын, ұғымы мен мазмұнын ашу;
  • көліктік логистика әдiстемелерiн, оны қолданудағы экономикалық тиiмдiлiгiн толықтай ашу, тұжырымдама келтiру;
  • Қазақстан Республикасындағы көліктік логистиканың даму жағдайы және болашағын қарастыру, «Қазақстан Темiр жолы» АҚ кәсiпорнындағы көліктік логистиканы талдау;
  • Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарында көліктік логистиканы жетiлдiру жолдары бойынша ұсыныстар келтiру.

Дипломдық жұмысының зерттеу объектiсi - Қазақстан Республикасының кәсiпорындары болып табылады.

Жұмыстың тақырыбына қатысты қарастырылатын мәселелер жан-жақты талданып көрсетiлген.

Жұмыс кiрiспеден, негiзгi үш бөлiмнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

Кiрiспеде бұл тақырыпты таңдап алудағы себептерi, тақырыптың өзектiлiгi, оны зерттеудегi мақсаттары аталып, әр тарауда қолданылған әдебиеттер және баспасөз материалдары көрсетiлiп кетедi.

1-бөлiмде көліктік логистика тарихы, эволюциясы, ұғымы мен мазмұны, әдiстемелерi, экономикалық тиiмдiлiгi кеңiрек қарастырылады.

2-бөлiмде Қазақстан Республикасындағы көліктік логистиканың даму нарығының жағдайы мен болашағы, «Қазақстан Темiр Жолы» АҚ кәсiпорындарының iс-әрекетiн жан-жақты талданып, Қазақстан Республикасы кәсiпорындарында көліктік логистиканы жетiлдiру жолдары қарастырылады.

Қорытынды бөлiмде зерттелген мәселелер төңiрегiнде көліктік логистика қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, тәжiрибедегi мәселелерiн шешу жолдарын көрсетiп, ұсыныстар келтiрiлген.

1 Көліктік логистиканың теориялық аспектiлерi

1. 1 Көліктік логистика түсiнiгi және оның даму тарихы

Практикалық көліктік логистиканың пайда болу және даму тарихы көне заманнан басталады. Гамбург университетiнiң профессоры Г. Павеллектiң айтуынша, тiптi Рим империясының кезеңiнде «логистер» немесе «логистиктер» деген мәртебесi бар қызметкерлер болған. Олар азық-түлiк өнiмдерiн бөлумен айналысқан. Бiздiң дәуiрдiң бiрiншi мыңжылдығында бiрқатар елдердiң әскери лексиконында көліктік логистиканы қарулы күштердi материалды ресурстармен қамтамасыз ету және олардың қорларын сақтау бойынша қызметпен байланыстырған. Мысалы, византийлiк патша VI Леон (б. з. 865-912ж. ж. ) кезiнде көліктік логистиканың мiндеттерiне әскердi қаруландыру, оларды әскери мүлiкпен қамтамасыз ету, олардың қажеттiлiктерiн уақтылы қарайластыру жатады деп есептелген.

Дарынды әскер басшылары қажет уақытта және керектi орыннан табылған қару-жарақтың, отынның, азық-түлiк пен әскер жарағының жеңiске жетуде қаншалықты маңызды роль атқаратындығын әр уақытта түсiнген. Адамзат тарихындағы бүкiл соғыстар әскерлердi жабдықтаудың ұйымдастырылуына байланысты жеңiлiп немесе жеңiске ұшырап отырған.

Көліктік логистикалық әдiс Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде, әсiресе американдық әскерлерде кеңiнен қолданылды. Әскери өнеркәсiптiң, тылдағы және фронттағы жабдықтау базалары мен көліктіктiң нақты бiрлескен iс-әрекетi американдық әскердi қажеттi мөлшерде қару-жарақпен, жанар-жағар май материалдарымен және азық-түлiкпен уақтылы және жүйелi түрде қамтамасыз етуге мүмкiндiк жасады [1, 54б. ] .

Үлкен ағылшын-орыс сөздiгi бүгiнгi таңда да «logisties» сөзiн - әскери тыл және жабдықтау; материалды-техникалық қамтамасыз ету; тыл жұмысын ұйымдастыру және жүргiзу деп аударып жүр.

Философиялық энциклопедияда көліктік логистиканың мынадай түсiнiктемесiн табуға болады: «Көліктік логистика» гректiң «logistike» сөзiнен алынған - есептеу, пайымдау өнерi. Ежелгi гректерде есептеу және геометриялық өлшеу өнерi, яғни теориялық математикаға қарсы қойылатын практикалық арифметика көліктік логистика деп аталады. Осы мағынада бұл термин Батыс Европада XVII ғасырға дейiн қолданылған. Бiрақ Лейбниц (немiс ағартушы-энциклопедисi, философы) көліктік логистиканы «calculus ratiocinator» (ой қорытындыларын есептеу) үшiн синоним ретiнде қолданған. 1904 жылы Женевадағы Халықаралық философиялық конгресте бұл термин математикалық логиканы белгiлеу үшiн ұсынылды.

Әдебиеттерде оның басқа да қолданылуы кездеседi: Рассел және оның мектебi ұсынған логика кезеңi басқаша логицизм деп аталған (математиканы оны логикаға қиыстыру арқылы түсiндiруге тырысатын математиканың философиялық проб-лемалар саласындағы бағыты) . Көліктік логистиканы логикамен, яғни абстрактiлi ойлау сатысындағы әлемдi танудың заңдары, формалары және тәсiлдерi туралы ғылыммен шатастыруға болмайды.

Көліктік логистика бойынша бiрiншi ғылыми еңбектердi шығарушы ретiнде XIX ғасырдың басындағы француз әскери маманы Джоминидi атауға болады, ол көліктік логистикаға мынадай анықтама берген: «көліктік логистика - әскерлердi маневрлеудiң практикалық өнерi». Ол көліктік логистикаға тек тасымалдау ғана емес, сондай-ақ жоспарлау, басқару және жабдықтау мәселелерi, әскерлердi орналастыру жерлерiн анықтау, сонымен қатар көпiр, жол және т. б. салу мәселелерi жатады деп пайымдаған. Көліктік логистика әскери ғылым ретiнде тек XIX ғасырдың ортасында ғана қалыптасты. Көліктік логистика - дегенiмiз материалдық ағымдардың тиiмдiлiгiн жоғарлатдың жаңа мүмкiндiктерiн iздеумен тiкелей байланысты пәнаралық ғылыми бағыт [2, 32б. ] .

Көліктік логистика - бұл шикiзатты сатып алу орнынан соңғы тұтыну орнына дейiн материалды және сонымен байланысты ақпараттық ағымдардың қозғалысын қамтамасыз ететiн, тасымалдау және қоймалау бойынша барлық қызметтердi жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау.

Көліктік логистика - шығындар тұрғысынан тиiмдi және үнемдi материалдарды, жартылай фабрикаттарды және дайын өнiмдердi сақтау және тасымалдау операцияларын, сондай-ақ солармен байланысты клиенттердiң талаптарына сәйкес өндiрiс орнынан тұтыну орнына тауарларды жеткiзу жөнiндегi ақпараттарды жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау туралы ғылым.

Көліктік логистика дамуының тағы бiр бағыты - экономикалық, мұнда көліктік логистика деп шаруашылық жүргiзудiң ғылыми-практикалық бағыты, яғни өндiрiс және айналым сфераларындағы материалды және олармен байланысты ақпараттық және қаржы ағымдарын тиiмдi басқару түсiндiрiледi.

Экономикада көліктік логистиканың кең қолданылуы 60-70-шi жылдарға келедi және байланыс технологиялары саласындағы жетiстiктермен байланысты. Шикiзат, бөлшектер мен дайын өнiмдердiң қозғалысының барлық сатыларын iштей бақылау мүмкiндiгi материалды ағымдарды басқарудың дәстүрлi үлгiсiндегi жiберiлетiн үлкен шығындарды айқын байқауға мүмкiндiк бердi. Экономикада көліктік логистиканы қолданудан алатын экономикалық ұтыс тауарларды жылжыту саласында әрiптестердi бiрлестiктерге бейiмдеуге әсер еттi.

Көліктік логистиканың практикалық потенциалын алғашқы болып американдық мамандар Пол Конверс және Питер Дракер түсiндi. Олар оның потенциалды мүмкiндiктерiн «шығындарды үнемдеудiң соңғы шегi» және «экономиканың танылмаған материгi» ретiнде анықтады. Кейiннен олардың көзқарастарын көптеген теоретик-логистиктер бөлiстi. М. Потер, Д. Стон және басқа да осылар сияқты американдық зерттеушiлердiң айтуынша, көліктік логистика өзiнiң дәстүрлi тар анықтамасының шекарасынан шықты және фирманың жоспарлауы мен стратегиялық басқаруында маңызды орын алады [2, 43б. ] .

Көліктік логистика түсiнiктерiндегi белгiлi бiр айырмашылықтарға қарамастан, олардың екеуi де жалпы және айрықша белгiлерi: үйлесiмдiлiк, рационалдық және дәл есептеудi бөлiп көрсетедi.

1-суретте шет елдегi көліктік логистика эволюциясы, материалды, сондай-ақ онда кездесетiн ақпарат және қаржы ағымдарын басқарудың теориясы мен практикасы бойынша берiлген, яғни шикiзаттардың, материалдардың және дайын өнiмдердiң айналым үрдiсiмен байланысты, оларды жабдықтаушылардан өндiрушi-кәсiпорындарға және соңғылардан талаптарға сәйкес соңғы тұтынушыларға дейiн жеткiзумен байланысты барлық кешендi мәселелердiң шешiлуi берiлген.

ХХ ғ. көліктік логистикасының генезисiнде бiрнеше тарихи сатыларды бөлiп көрсетуге болады.

20-жылдардан 50-жылдардың басына дейiнгi кезеңдi «фрагментаризация» кезеңi деп атауға болады, бұл кезде көліктік логистика идеясы жалпы шығындарды төмендету және бизнестегi материалды ағымдарды басқарудың интегралды құралы ретiнде талап етiлмеген. Сонымен бiрге 50-шi жылдарға дейiн кейбiр көліктік логистикалық функциялар құрамдас шығындарды төмендету тұрғысынан маңызды болған, мысалы, өндiрiсте, тасымалдауда, қоймалауда және т. б. Дегенмен, жалпы экономикалық жағдайлар, технология мен менеджменттiң даму деңгейi көліктік логистика феноменiнiң пайда болуына ықпал етпедi.

Қарастырылып отырған кезеңде, онда болашақта көліктік логистикалық концепция енгiзудiң алғышарты қалыптасқандығымен маңызды. Оған төмендегiлердi жатқызуға болады:

  • тауарлардың өткiзудi ұйымдастыру жүйелерiндегi қорлар мен тасымалдау шығындарының өсуi;
  • транспорт тарифтерiнiң өсуi;
  • маркетинг концепциясының пайда болуы және тез таралуы;
  • әскери көліктік логистиканың теориясы мен практикасының дамуы.

Осы кезеңде маркетинг бойынша бiрқатар еңбектер шықты, оларда маркетингтiң құрамдас бөлiгi ретiндегi физикалық бөлудiң табиғаты ашылды, оның тауарларды өткiзудiң тиiмдiлiгiн ұйымдастырудағы және жоғарылатудағы оның ерекше орны көрсетiлген.

Әлемдiк экономиканың өндiрушi рыногынан сатып алушы рыногына бiрте-бiрте өту салдары ретiндегi маркетинг концепцияның қалыптасуы бизнестегi көліктік логистиканың пайда болуын түсiндiретiн маңызды фактор болып табылады [1, 65б. ] .

Қарастырылып отырған тарихи уақыт мезетiндегi алғашқы көліктік логистикалық ұйымдар мен бiрлестiктердiң пайда болуын айта кету қажет. АҚШ-тағы және әлемдегi ең ежелгi ұйым сатып алуларды басқару мәселелерiнiң Ұлттық асоциациясы болып табылады (1915 жылы құрылған), ол 1967 жылы жабдықтау агенттерiнiң Ұлттық ассоциациясы болып қайта құрылды.

1950-шi жылдардың ортасынан бастап 1970-шi жылдарға дейiнгi кезеңдi батыс мамандары көліктік логистиканың қалыптасу кезеңi (концептуализация) деп атайды. Бұл кезең, ең алдымен, АҚШ-тағы көліктік логистиканың теориясы мен практикасының тез дамуымен сипатталды. Сол кезеңде дистрибьюцияны жақсарту мүмкiндiгiн, ең алдымен шығындарды төмендету тұрғысынан, елемеуге болмайды. Белгiлi американ жазушысы және менеджмент бойынша кеңесшi Питер Друкер дистрибьюцияны «көбiнесе еленбейтiн және американ бизнесiнiң ең сенiмдi саласы» деп атаған.

Көліктік логистиканың батыс бизнесiнде тез етек жаюының маңызды фактiлерiнiң бiрi - жеке бөлудегi жалпы шығындар концепциясының пайда болуы болды. Бұл концепцияның мәнi, дистрибьюцияда шығындарды тауарды өндiрушiден тұтынушыға жылжытуға кеткен шығындардың жалпы деңгейi азаятындай етiп қайта топтауға болатындығына келiп саяды. Мысалы, тауарлар тасымалын автомобиль көлiгiнен әуе көлiгiне алмастыра отырып, аралық қоймаларды құру қажеттiлiгiнен қашуға болады, яғни қорларды қоймалауға, сақтауға және басқаруға кететiн шығындарды шығаруға болады. Бұл жерде тасымалдау шығындары өскенмен, өткiзу торындағы шығындардың жалпы деңгейi төмендейдi. Бұл мысал, екi маңызды көліктік логистикалық қызметтер (қор мен тасымалдау) арасындағы iшкi өзара қатынасқа ерекше көңiл бөледi. Жалпы шығындар концепциясы көліктік логистикалық шешiмдердi қабылдау әдiстемесiн дамыту үшiн негiз болып табылады.

Сонымен бiрге, осы кезеңде көліктік логистиканың тез дамуын түсiндiретiн бiрқатар объективтi экономикалық және технологиялық факторлар болған. Олардың негiзгiлерiне төмендегiлердi жатқызуға болады:

  • тұтынушы сұранысының модельдерiндегi және қатынастарындағы өзгерiстер (олигополиялық рыноктардың дамуы) :
  • өндiрiске жұмсалатын шығындарды қысқарту;
  • компьютерлi технологиялардағы прогресс;
  • қорларды қалыптастыру стратегияларындағы өзгерiстер;
  • әскери тәжiрибенiң әсерi.

Бұл факторлар 60-шы жылдары АҚШ-та айқын көрiндi. Рыноктағы негiзгi тенденциялар сатып алушыларға көңiл бөлудiң күшеюi (соның iшiнде, қызмет көрсету үлесiнiң өсуi) және бiрдей қажеттiлiктердi қанағаттандыратын (бәсекелес тауарлардың) түрлi тауарлардың көп болуы болды. Олигополистiк рыноктық құрылымдардың тез дамуы бизнес ұйымдарын сұраныс пен ұсынысты үйлестiрудiң, тұтынушыларға жақсы қызмет көрсетудiң жаңа жолдарын iздеуге мәжбүр еттi. Тапсырыс циклдарын қысқартуға және өнiм өндiрiсiне жаңа кинетикалық көзқарастар пайда болды. Тауарлар түрлерiнiң көбеюi дистрибьюция жүйелерiнде қорлардың құрылуы мен сақтауына кететiн шығындардың өсуiне алып келдi. Бұл өз кезегiнде тауар өткiзушi құрылымдарды жетiлдiрудiң және жеке бөлу процестерiндегi шығындарды төмендетудiң жаңа жолдарын iздеудi талап еттi [4, 41б. ] .

Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан соңғы белсендi экономикалық өсуден кейiн, 60-шы жылдардың ортасында өндiрушiлердiң ұзартылған пайдасының едәуiр құлдырауы және оның тарылу кезеңi байқалды.

Рыноктық жағдайдың өзгеруi, олигополистiк бәсекелестiктiң өсуi өнiм өндiрушiлерге шығын факторларының қысымын күшейттi, менеджерлердi еңбек өнiмдiлiгiн жоғарылатудың, өндiрiс пен дистрибьюциядағы шығындарды төмендетудiң жаңа жолдарын iздеуге мәжбүр еттi. Жаңа көліктік логистикалық концепциялар оларға сондай мүмкiндiк бердi. Бұдан басқа, менеджерлердiң көліктік логистикалық шығындардың көп мөлшерге дейiн жете алатына көзi жеттi.

Көліктік логистикалық ойлаудың дамуына әсер еткен маңызды факторлардың бiрi - бизнестегi есептеу техникасының және ақпараттық технологиялардың қолданылуы болып табылды.

Дамыған капиталистiк елдер экономикасындағы ғылыми-техникалық прогресс көп альтернативтi және оңтайландыру мәселелерiн шешу қажеттiлiгiне алып келдi, мысалы, ондай мәселелерге көліктік түрiн таңдау, өндiрiс пен қоймалардың орналасуын оңтайландыру, оңтайлы маршрутизация, өнiмнiң көп ассортименттi қорларын басқару, ресурстар қажеттiлiгi мен сұранысын болжамдау және т. б. жатады. Бұл мәселе дамушы компьютерлiк технологиялардың қатысуынсыз қалмады, олар белсендi түрде бизнеске 50-шы жылдардың ортасында ене бастады. Компьютер кез келген iрi фирманың айырылмас бөлiгiне айналды. Сонымен қатар, олармен бiрге қазiргi экономикалы-математикалық әдiстер мен оңтайлы жоспарлау теориясының әдiстерi, жаппай қызмет көрсету теориялары, қорларды басқару теориялары және операцияларды зерттеудiң басқа әдiстерi қолданыла бастады. Әсiресе, математикалық статистика, сызықтық бағдарлау және болжау әдiстерi кеңiнен қолданыла бастады. Шығындарды төмендету және оңтайлы басқарушылық шешiмдердi алу құралы ретiндегi ақпараттық-компьютерлiк технологияларды бизнеске енгiзуге менеджер-лердiң қызығушылығы өстi.

Дистрибьюцияға қатысты көліктік логистикалық әдiстi күшейткен маңызды фактор - қор қалыптастыру стратегиясының өзгеруi болды. Көптеген тауар өндiрушiлер өз өндiрiстерiнде дайын өнiмнiң көп мөлшердегi қорын құрғысы келмедi, керiсiнше, оларды дистрибьюция арналарына ығыстыруға тырысты. Сондықтан да көтерме, бөлшек саудагерлер және басқа да сауда делдалдары тауар өткiзушi торлардағы қорлар деңгейiн басқару, бақылау, тасымалдау, қоймаларды орналастыру мәселелерiн өз бетiнше шешуге мәжбүр болды. Әрине, осы көліктік логистикалық функциялармен байланысты дистрибьюторлар шығындарының өсуi өндiрушiлерге қорларды қайтарудың керi реакциясына алып келдi. Қайшылықты жағдайлар тек көліктік логистикалық үйлестiру арқылы шешiлуi мүмкiн болды.

Менеджмент әскери көліктік логистиканың тәжiрибесiн бiртiндеп көліктік логистикалық iс-әрекеттердi үйлестiру үшiн және басқару үшiн қолдана бастады. Бұған АҚШ-тағы бiрқатар алдыңғы қатарлы университеттер мен ғылыми-зерттеу фирмаларының жасаған көліктік логистикалық iс-әрекеттерiне әскерлердiң демеушiлiк етуi өз әсерiн тигiздi [2, 78б. ] .

60-жылдардың соңында Батыста (негiзiнен АҚШ-та) менеджменттiң интегралды құралы ретiндегi бизнес-көліктік логистиканың концепциясы қалыптасты. Концепцияның негiзгi мазмұны мынадай болды: «Көліктік логистика - бұл белгiлi бiр уақытта және белгiлi бiр жерде тауарлардың сұранысы мен ұсынысын үйлестiруге және жылжытуға әсер ететiн барлық қызметтердi басқару».

70-шы жылдардың басында бизнес-көліктік логистиканың негiзгi принциптерi құрылды және көптеген батыс фирмалары оларды практикада табысты қолдана бастады. Бiрақ пайданы өсiруге қызығушылық бiлдiрген көптеген фирмалар үшiн шығындарды азайту және бақылауға қатысты көліктік логистикалық әдiс айқын болмады. Бұдан басқа, көліктік логистикалық үйлестiрудi енгiзу әрекеттерi көптеген батыс фирмаларында орта және тiптi жоғарғы менеджменттiң қарама-қарсы әрекеттерiне алып келдi. Ұзақ уақыт бойы дәстүрлi функцияларды орындауға үйренген менеджерлер, мысалы, сатып алу, тасымалдау, жүктi өңдеу қызметтерiн атқара отырып, жалпы шығындарды төмендету концепциясының негiзiнде материалды ағымдарды iштей бақылау үшiн қажеттi ұйымдық өзгерiстердi енгiзуге кедергi жасап отырған. Қосымша қиындықты көліктік логистикалық шығындардың құраушыларын бөлуге және бақылауға ыңғайланбаған бухгалтерлiк есеп жүйелерi және фирмалардың көліктік логистикалық белсендiлiгiнiң қаржы нәтижелерiн бағалау жүйелерi тудырды.

70-шi жылдардың ерекше сипаты-жоғары сапалы шикiзат ресурстарының жетiспеушiлiгi кезiндегi бәсекелестiктiң өсуi болды. Көптеген елдердегi өндiрiс құралдарына салынатын инвестициялардың күрт өсуi салыстырмалы тұрақтандырумен ауысты.

70-шi жылдардың соңында Батыста қойма процесiн, оның операциялық құрамын, ұйымдастырылуын, техникалық және технологиялық қамтамасыз етiлуiн өзгерткен «таралы-орау» революциясы аяқталды. Тасымалдау - қойма құрал-жабдығын өндiру, тара мен ораудың жаңа түрлерi, қазiргi автоматтандырылған қойма кешендерi кеңiнен дамыды, жүктердi тасымалдаудың контейнеризациясы белсендi түрде енгiзiле бастады. Тара мен орауды стандарттаудың дистрибутивтi көліктік логистикалық жүйелерiне орау мен паллеттердiң стандартты мөлшерлi қатарларын енгiзу маңызды экономикалық әсер бердi [13] .

80-90 жж. кезеңiн көліктік логистика бойынша ең белгiлi ғалымдар мен мамандарының бiрi, АҚШ-тың Мичиган университетiнiң профессоры Дональд Бауэрсонс ''көліктік логистикалық ренессанс'' кезеңi деп атады. Шынында да, осы кезең iшiнде көліктік логистика теориясы мен практикасы алдыңғы онжылдықта жасалғаннан асып, алға қадам басты.

Көліктік логистиканың тез дамуының басты идеясы минималды шығындармен бизнестiң соңғы мақсатына жету үшiн «сатып алулар - өндiрiс-дистрибьюция - сатулар» толық көліктік логистикалық торындағы фирманың көліктік логистикалық функциялары мен оның көліктік логистикалық әрiптестерiн максималды интегралдау болды.

Қарастырылып отырған тарихи кезеңде көліктік логистикалық шарықтау феноменiн түсiндiретiн әлемдiк экономикада маңызды өзгерiстер болды. Олардың негiзгiлерi мыналар:

  • ақпараттық технологиялардың революциясы және персоналды компьютерлердi енгiзу;
  • рыноктарды ғаламдастыру;
  • экономика инфрақұрылымын мемлекеттiк реттеудегi өзгерiстер;
  • TQM философиясын жан-жақты тарату;
  • серiктестiктiң және стратегиялық одақтардың өсуi;
  • бизнестi ұйымдастырудағы құрылымдық өзгерiстер.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы логистика
Логистиканың теориялық негіздері
Дистрибуциядағы қорларды басқару
Логистикалық теорияның аспектілері: мәні және міндеттері
Транспорт Логистика Таможня кәсіпорнының бөлімдерінің байланысы
Жүкті тасымалдау уақыты
Логистикалық жобаларды басқару
Өткізудегі қорларды басқару
Компанияның негізіг логистикалық бағыттары
Кәсіпорынның логистикалық жүйесіндегі тәуекелдерді басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz