Ж. Қасымбаевтың ғылыми–педагогикалық қызметі иен тарихи мұрасы


Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
ЄОЖ 94 (574) «1941-2004» Ќолжазба ќ±ќыѓында
МАМЫРАИМОВ СЕРІКБАЙ ДӘУЛЕТҰЛЫ
Ж. Қасымбаевтың ғылыми-педагогикалық қызметі иен тарихи мұрасы
07. 00. 09-Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері.
Тарих ѓылымдарыныњ кандидаты ѓылыми дєрежесін алу ‰шін дайындалѓан диссертация
Ѓылыми жетекші
ЌР ¦ЃА академигі, тарих ѓылымдарыныњ
докторы, профессор М. Х. Асылбеков
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
МАЗМ¦НЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 Ж. ҚАСЫМБАЕВТЫЊ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЌЫЗМЕТІ
1. 1 Ғалымның өскен ортасы мен тарихи білім алуы . . . 18
1. 2 Тарихшы - ұстаз ретіндегі азаматтық көзқарасының қалыптасуы . . . 24
1. 3 Ғылыми-ұйымдастырушылық және қоғамдық қызметінің шыңдалу кезеңі . . . 41
2 ТАРИХШЫ Ж. ҚАСЫМБАЕВТЫЊ ЃЫЛЫМИ М¦РАСЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
2. 1 Қазақстан қалаларының тарихын зерттеуге қосқан үлесі . . . ……55
2. 2 Ќазаќ мемлекет қайраткерлері туралы зерттеулері . . . ………. . …81
2. 3 Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы және ұлт-азаттық күрес тарихын зерттеудегі жетістіктері. . . . . . . . 103
3 Ж ҚАСЫМБАЕВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ-НІҢ ТАНЫМДЫҚ,
3. 1 Тәуелсіз Қазақстанның орта мектептері үшін даярлаған оқулықтарының сапалық даму ерекшеліктері . . . 124
3. 2 Жоғары мектептерге арналған оқулықтары, әдістемелік құралдарындағы ағартушылық ізденістерінің нәтижелері . . . …. . …133
ҚОРЫТЫНДЫ . . . …. 146
ПАЙДАЛАНЫЛЃАН ЄДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 153
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген бүгінгі уақытта халқымыздың өткен тарихын ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеп, Қазақстан тарихы ғылымы мен қазақ тарихнамасының дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері мен мұраларын танып-білуге деген ұмтылыс пен қызығушылық күн өткен сайын артып отыр. Оның себебі - көп уақытқа дейін тұмшаланып келген ұлттық тарихымызды тереңдей зерттеу жолында қызмет еткен, бүгінде дүниеден өткен тарихшы-ғалымдарымыздың соңында қалдырған ғылыми-зерттеу еңбектерін талдап, қазіргі көзқарас тұрғысынан баға беру арқылы жас ұрпақтың қоғамдық және тарихи санасы оянып, сол арқылы олардың болашаққа деген сенімін күшейте түсу өте өзекті мәселелердің біріне айналған.
Еліміздің дамуында тарих ғылымының алдында зор міндеттер тұрғаны жайында Республикамыздың Президенті Н. Ә. Назарбаев “Тарих толқынында” атты еңбегінде былай деп жазған-ды: “Қазақтың сана- сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы - тарихтың толқынында өзінің ұлттық “Мен” дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. Бірақ бұл мүмкіндік қана, ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет. Ал осы міндет біздің алдымызға тек қана, бір ғана ұлы мүмкіндік түрінде емес, қатал қажеттілік түрінде де қойылып отыр. Оны шешсек, біз тарихтың өзімізге шақталған мезгіліне сәйкес боламыз, тарихи болымсыздықтың бос қуысында босқа қарманып жүрмейміз”[1] .
“Қазақстан Республикасында тарихи сана қалаыптасуының тұжырымдамасында” отандық тарих ғылымы алдында білімнің үзіктілігі мен біржақтылығынан мүмкіндігінше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау қажеттігі баса айтылған [2] . Осыған орай тарих сахнасында өзіндік із қалдырған, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастырумен ерекшеленген қайраткердің, ұлт зиялыларының, ғылымдардың өмір жолын шынайы тұрғыда зерттеуге де мән беруіміз керек.
Ұлттық тарихқа деген көзқарас жаңаша сипатқа ие болып, тарих ғылымын дамытуға мемлекеттік тұрғыдан жасалатын қамқорлықтың аясы да күн өткен сайын кеңейіп келе жатуы да осы саланы ғылыми тұрғыдан терең сараптау жолында қызмет еткен тарихшыларымыздың мұраларын танып-білу ісіне де кеңінен жол ашқаны сөзсіз.
Қазақстан тарихының дамуы жолында қызмет істеген тарихшы-ғалымдардың өмірі, қоғамдық-педагогикалық қызметі мен ғылыми мұрасын зерттеу, олардың ғылымдағы орны мен қосқан үлесін анықтау қазіргі тарих ғылымының өзекті мәселелерініњ бірі болып табылады.
Аталған мәселені зерттеу қоғамдық ортада тарихи жаңа көзқарас қалыптастыруға, кейбір ірі мәселелерді жаңа тұрғыдан бағалауға жол ашады.
Француз тарихшысы Ж. Мишле бүгінгі жағдайды, бүгінгі шындықты оның түп-төркіні арқылы ғана терең түсінуге болатындығына мән бере отырып, «егер кімде-кім тек қазіргі, бүгінгі күнді ғана құрмет тұтып, сонымен өмір сүргісі келсе, онда ол сол бүгінгіні бағалай алмағаны» дейді [3] . Бұл пікірдің біз қарастырып отырған мәселеге де тікелей қатысы бар.
Біз ғылыми тұрғыдан талдауды мақсат еткен мәселені байыпты, жан-жақты және терең зерттеу қажеттілігі, өз пайымдауымыз бойынша, ең алдымен бүгінгі қоғамдық өмір сұранысынан, соған сай таным құралы ретінде тарих ғылымының табиғи болмысынан туындайды. Кез келген өркениетті елде тарих ғылымы сол елдің, халықтың жүріп өткен жолын, әсіресе күрделі тарихи өтпелі кезеңдер мен сол кезеңдерде өзінің қоғамдық қызметімен тарихта терең із қалдырған түрлі қоғамдық күштердің, жеке тарихи қайраткерлердің өмір жолын зерттеу арқылы өзінің гуманистік міндетін орындап отырған және сол арқылы өркениетке қызмет еткен [4] .
Мәселеге осы тұрғыдан қарағанда, көрнекті тарихшы-ғалым, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Қырғызстан тарихшылары қауымдастығының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» орденінің иегері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанұзақ Қасымбаевтың өмірі мен ғылыми мұрасын зерделеу аса өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Осы орайда, біз аталған мәселені зерттеудің өзектілігін дәлелдейтін бірнеше ғылыми тұжырымға назар аударғымыз келеді.
Біріншіден, қарапайым еңбек адамдарының отбасында дүниеге келіп, әкесінен ерте айырылған, анасының тәрбиесімен өмірдің ауыртпалыққа толы мектебінен сабақ алған Ж. Қасымбаевтың өмірі ғылыми тұрғыдан назар аударуға әбден лайықты. Оның алғашқы кезде өнер саласында музыкалық білім алғанына қарамастан тарих мамандығы бойынша жоғары білімге қол жеткізген болашақ ғалым ретіндегі алғашқы ізденістері, Е. Бекмаханов сияқты ұлттық тарих ғылымының аса көрнекті қайраткерлерінен сабақ алуы және басқа да деректер қазіргі тұлғатану саласы үшін қызықты және маңызды, жаңаша зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретінінде дау болмаса керек.
Екіншіден, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуды студенттік кезінен-ақ бастаған, болашақ тарихшы-маман ретінде Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінің қойнауларынан еліміздің тарихына байланысты сирек те құнды деректер іздеп, тапқан, сол аса маңызды мәліметтер негізінде жазылған дипломдық жұмысының өзімен-ақ ұстаз-ғалымдарының назарын аударған Ж. Қасымбаевтың шәкірттік кезеңін сипаттайтын тарихи деректерді талдаудың қазіргі жастар бойындағы тарихи таным-сананы қалыптастырудағы ықпалы ерекше. Қазақстандағы жоғары білім ордаларының ішіндегі қарашаңырағы болып табылатын бұрынғы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің, бүгінгі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетін бітіруші ретінде жазылған дипломдық жұмысында қозғалған мәселелерді одан әрі тереңдете түсіп, оны тарих ғылымы бойынша кандидаттық, одан кейін докторлық диссертацияға дейін жеткізуі Ж. Қасымбаевтың еңбекқорлығын ғана көрсетпейді, сонымен бірге тарихшының ғылымдағы жүйелілігі мен таңдап алған ғылым саласына деген адалдығын да аңғартса керек.
Үшіншіден, Ж. Қасымбаевтың Мәскеу, Санкт-Петербор, Омбы, Томск, Барнаул, Новосібір, Орынбор, Астрахань, Элиста, Ташкент және басқа да қалалардың бай архив қорларынан алынған Отан тарихына қатысты тарихи құжаттарды ғылыми айналымға енгізді және тынымсыз іздену нәтижесінде жинақталған ғылыми еңбектерінің КСРО Ғылым академиясы Тарих ғылыми-зерттеу институты КСРО халықтарының тарихы бөлімінің арнайы мәжілісінде Н. Бекмаханова, К. Юсупов, Ш. Мұхамедияров, Түркімен Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі С. Агаджанов тарапынан жоғары бағалануының себептері туралы мәліметтер де ғылыми тұрғыдан талдап, зерттеуді қажет етеді. Ғалымның КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының иегері В. Я. Янин және басқа да кеңінен танымал ғылым қайраткерлерінің ілтипатына бөленген, кейіннен «Вопросы истории», «Военно-исторический журнал», «Наука в Сибири», «Южный Урал» және т. б. ғылыми басылымдарда жарияланған еңбектерін зерделеп, сараптаудың жас ұрпақтың ғылыми-тарихи көзқарастарын қалыптастырудағы маңызы ерекше.
Төртіншіден, Ж. Қасымбаевтың оқытушылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, өмірінің соңғы сәттеріне дейін ғылымнан қол үзбеуі, барлық ғұмырын Қазақстан тарихы ғылымын тереңдетуге бағыттауы, барлық саналы өмірін арнаған ұстаздық-педагогтік қызметін тек бір ғана жоғары оқу орнында, қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде өткізуі сияқты ерекшеліктері тарих ғылымының тұлғатану саласы үшін байыпты зерттеуге лайықты мәселе.
Міне, жоғарыда аталған ғалым-тарихшы, ұстаз, тұлға ретіндегі сипаттарын ерекше атап өте отырып, біз Ж. Қасымбаевтың өмірі мен ғылыми мұраларын зерттеу қазіргі Қазақстан тарихы ғылымы, тарихнама саласы үшін өзекті мәселе деп санаймыз.
Жұмыстың зерттелу дењгейі. Бұған дейін Ж. Қасымбаевтың өмірі мен ғылыми-зерттеу еңбектері туралы мақалалар жарық көргенімен, ғалымның тарихи мұралары жайында арнайы жан-жақты жүргізілген кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ.
Дегенмен әр жылдары Ж. Қасымбаевтың өмірі мен еңбектері туралы өз пікірлерін ортаға салған шетелдік және отандық авторлар аз емес.
Ж. Қасымбаевтың тарихи зерттеулері алыс және шетел ғалымдарының тарапынан жоғары баға алды.
Атап айтқанда, Ресей ғалымы Ю. С. Зобов өзінің Орынбор қаласындағы «Южный Урал» мерзімді басылымының 1986 жылғы 5 тамыз күнгі нөмірінде жарық көрген «Ценное исследование» деп аталатын мақаласында Ж. Қасымбаевтың «Под надежную защиту России» атты еңбегіне талдау жасай келіп, оны құнды ғылыми-зерттеу жұмысы деп бағалаған [5] .
Ресейде жарық көретін «Наука Сибири» мерзімді басылымының 1990 жылғы 14-20 желтоқсандағы №48 санында басылған рецензияда Ж. Қасымбаевтың 1861-1917 жылдардағы Шығыс Қазақстан қалаларының әлеуметтік-экономикалық аспектілері туралы монографиясына (Алматы, 1990) пікір білдірілген [6] .
Қытайдың «Жэнь Минь Жибао» газетінің 1996 жылғы 9 қараша күнгі нөмірінде қытай тілінде жарық көрген аталған мерзімді басылымның шеф-тілшісі Инь Шугуанның Ж. Қасымбаевпен сұхбатында зерттеушінің ғылыми еңбектерінің ерекшеліктері сөз болған [7] .
Қырғыз авторы Т. Чоротегиннің Бішкек қаласындағы «Республика» газетінің 1996 жылғы 17-23 желтоқсандағы нөмірінде жарияланған мақаласында Ж. Қасымбаевтың ғылыми еңбектеріне талдау жасалған [8] .
Неміс авторы В. Шмидттің 1999 жылы басылған мақаласында [9] . Ж. Қасымбаевтың әр жылдары жарық көрген еңбектері туралы оң пікір жариялады.
Ж. Қасымбаевтың ғылыми-педагогикалық қызметі мен тарихи мұрасы жайында өз тұжырымдарын ортаға салған отандық авторлар да аз емес.
Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі М. Х. Асылбековтің «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеттері мен «Қазақ тарихы» журналында жарық көрген мақалаларында [10] . Ж. Қасымбаевтың 1986 жылдың 16 желтоқсанында Алматыда орын алған Желтоқсан көтерілісінен кейін компартия басшылығы тарапынан қалай қудаланғаны жан-жақты айтылған. Жеке басқа табыну және тоқырау замандарында тарих ғылымы әкімшілдік жүйенің іс-әрекетін дәріптегенін, науқандық саяхаттың құралына айналып, үгіт-насихаттық міндет атқарғанын айта келіп, академик М. Х. Асылбеков: «Ғалымдарды қудалау өріс ала берді. Қазақ педагогикалық институтының профессоры Ж. Қасымбаев методологиялық семинарда шығып сөлеп, Қазақстанның Россияға қосылуы әртүрлі жағдайда болды, еркімен де, еріксіз жаулап алу арқылы да болды, әсіресе Оңтүстік Қазақстанда жаулап алу басым болды дегені үшін қудалауға түсіп, партиялық комитеттің мүшелігінен шығып та қалды», - дейді [11] .
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Д. И. Дулатованың «Историография дореволюционного Казахстана (1861-1917 гг. ) » атты іргелі еңбегінде Ж. Қасымбаевтың зерттеулеріне тарихнамалық тұрғыдан талдау жасалған [12] .
Д. И. Дулатова Ж. Қасымбаевтың еңбектерінде Шығыс Қазақстан қамалдарының сауда ісін дамытудағы маңызын арттыру жөніндегі патша өкіметінің әскери-саяси шешімдері жан-жақты көрсетілгенін атап өте келіп: «Он, например, отметил создание отрядов конвоя для купеческих караванов из России и пресечение злоупотреблений чиновников на таможнях. Такие крепости, как Семипалатинск, Усть-Каменогорск, Ямышевская, Бухтарминская, становились оживленными центрами торговли и, как подчеркивает автор, объективно создавали условия для укрепления русско-казахских отношений, способствуя постепенному вовлечению Казахского края в орбиту экономического развития России», - дейді [12, 185-186-бб. ] .
Сондай-ақ, Д. И. Дулатова Ж. Қасымбаевтың Семей қаласы туралы зерттеу еңбектері құжаттарды пайдалану арқылы жазылғанына тоқтала келіп: «Ж. Касымбаев рассматривает социально-экономическое и культурное развитие города с начала ХХ в. до Октября. Главный упор исследователь сделал на изучении истории революционной борьбы трудящихся в период первой буржуазно-демократической революции и в последующие годы. Он подробно рассказал о городской стачке 3 июня 1906 г., когда бастовало 300 человек, в основном рабочих мельниц, «о бунте солдаток», происшедшем осенью 1916 г. Если учесть, что по времени последнее выступление совпало с восстанием казахов, призванных на тыловые работы, то станет понятным страх местных и центральных властей, мобилизовывавших все силы на его подавление», - деп зерттеуші еңбектеріне сипаттама береді. [12, 198-б. ] .
1989 жылы жарық көрген «Казахская ССР. Краткая энциклопедия» атты жинақта Ж. Қасымбаевтың қысқаша өмірбаяны келтіріліп, ғалымның негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары және жарық көрген еңбектері туралы мәлімет берілген [13] .
Сол сияқты 1999 жылы басылып шыққан «Кто есть кто в Казахстанской науке» атты еңбекте де Ж. Қасымбаевтың өмірбаяндық деректері беріліп, зерттеушінің негізгі еңбектерінің тізімі жарияланған [14] .
Тарих ғылымдарының кандидаты И. В. Ерофеева өз рецензиясында Ж. Қасымбаевтың 1986 жылы жарық көрген «Под надежную защиту России» (Алма-Ата: Казахстан, 1986. 136 с. ) атты еңбегі қазақ даласының Ресейге қосылуының тарихына байланысты бұған дейін жеткілікті көңіл бөлінбей келген «ақтаңдақтардың» орнын толтыруға мүмкіндік береді деп бағалайды.
Рецензия авторы ғалымның еңбегін қызықты және пайдалы зерттеу деп бағалай келіп, кейбір кемшіліктері мен тарихи тұжырым жағынан әлсіз тұстары да бар екенін атап көрсетеді. И. В. Ерофееваның пікірінше, Ж. Қ. Қасымбаевтың ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Сібір қамалдарының әскери-қорғаныстық қызметіне берілген авторлық бағасында тым асыра сілтеу байқалады. Сол кезеңдердегі аймақта орын алған әскери-саяси жағдайдағы күрделі ахуалды және жергілікті отаршылдық әкімшіліктің әлсіз ұстанымын назарға алғанда, Жоғары Ертіс қамалдарының жалпы алғанда, қазақ-жоңғар арасындағы қарама-қайшы және күрделі қарым-қатынастың ушықпауына тоқтау салған, оны реттеп отырған байсалды фактор қызметін атқарды деген Ж. Қасымбаевтың тұжырымы күдік тудырады дейді И. В. Ерофеева. Сондай-ақ, рецензия авторының көзқарасы бойынша, Ж. Қасымбаевтың жоғарыда аталған еңбегінде патша өкіметінің осы аймақта жүргізген экономикалық саясатының тектік және таптық бағытына, соның салдарынан орын алған Жоғары Ертіс қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әртүрлі қарама-қайшылықтарға жеткілікті мән берілмеген [15] .
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қ. Құсайыновтың «Казахстанская правда» газетінде жарияланған мақаласында Ж. Қасым- баевтың «Өлке» баспасынан 1995 жылы жарық көрген «Старший султан Кунанбай Оскенбаев и его окружение» атты еңбегіне қазақтың ұлы ақыны Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы және оның айналасы туралы жазылған алғашқы ғылыми монография деп оң баға берілген. Рецензенттің пікірінше, Ж. Қасымбаев әртүрлі сипаттағы архив деректерін, көптеген мәліметтерді, оның ішінде фольклорлық мұраларды жалықпай жинақтай келіп, оларды бір-бірімен салыстыра, талдау жасай отырып, Құнанбай Өскенбайұлының қазақ халқының саяси және рухани өмірінде атқарған қызметін жан-жақты ашып көрсеткен [16] .
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М. Д. Шаймерденованың жарық көрген «Торговать - не воевать» және «Казахстан - Китай: факты и комментарии» атты рецензиялары Ж. Қасымбаевтың «Казахстан - Китай: караванная торговля в ХІХ - начале ХХ веков» атты монографиясын (Алматы: Өлке, 1996) талдауға арналған. Рецензия авторының пікірі бойынша, аталған ғылыми еңбекте ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан және Шығыс Түркістан арасындағы шекаралық сауда ісінің динамикасы, көлем-аумағы және құрылымы, оның көрші қоныстанған екі халықтың қарым-қатынасын қалыптастыруға ықпалы алғаш рет ғылыми тұрғыдан талқыға түсіп, сипатталған. Батыс Қытайға өз ықпалдарын жүргізуге ұмтылған орыс-ағылшын арасындағы бәсекелестік, басқа да себептер салдарынан орын алған аймақтағы күрделі халықаралық жағдайға қарамастан қазақ-қытай халықтарының өзара қарым-қатынасының даму үрдісіне байланысты өзекті мәселелер тұңғыш рет көптеген жаңа тарихи-фактілік материалдар негізінде боямасыз көрсетілгеніне рецензент ерекше назар аударған [17] .
Академик К. Байпақовтың жарық көрген «У истоков Акмолы» атты рецензиясы Ж. Қасымбаев пен Н. Агубаевтың «История Акмолы (ХІХ - начало ХХ вв. ) : исследования, источники, комментарии» атты монографиясы (Алматы: Жеті жарғы, 1998. - 176 бет) туралы ой-пікір білдіруді мақсат еткен.
Рецензия авторы қос зерттеушінің аталған еңбектерінің қазіргі Елордамыз Астана қаласының тарихын толыққанды танып-білудегі маңызына тоқтала келіп, монографияның мынадай кемшіліктерін де атап көрсетеді. Мысалы, К. Байпақовтың пікірінше, еңбектің иллюстрациялық безендірілуінің нашарлығы бірден көзге ұрады; Ж. Қасымбаевтың 1990 жылы «Атамұра» баспасынан басылып шыққан «Из истории города Акмолинска (Основание, развитие в ХІХ в) » атты еңбегінде бұрынғы округтік приказ ретінде бой көтерген қаланың негізі қалану себептеріне берілген әртүрлі сыни талдауларды жан-жақты сараптау тұрғысынан бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласының тарихы туралы толығымен сөз етілсе, қос автордың жоғарыда аталған еңбектерінде бұл мәселе ұмыт қалған; қаланың отбасылық-неке, этникалық, тектік құрамының қалыптасуына тікелей, ерекше ықпалын тигізген, Ақмола облысы аумағында орын алған көші-қон үрдісі жөніндегі тарихи-анықтамалық мәліметтердің сөз болып отырған қос автор еңбектеріне енгізілмей қалуы да өкініш тудырады [18] .
Тарих ғылымдарының кандидаты С. Өтениязовтың «Халық кеңесі» газетінің 1994 жылғы 25 қаңтардағы №11 нөмірінде «Керек кітап» айдары бойынша басылған «Қаһарман хан» атты мақаласында Ж. Ќасымбаевтың «Кенесары хан» атты монографиясының қазақ елінің ақырғы ханының өміріне, бодандыққа қарсы күресінің елеусіз қалған беттеріне арналғанына назар аударылған.
«Монографиямен жете танысқанда көз тартатын басты мәселе - ханның жеке басы, дипломатиялық, қолбасылық өнерінің бұрын жарияланбаған құжаттар негізінде көтеріліс мәселелерімен тікелей ұштастырылуы ұтымды деген ойдамыз. Көтеріліс жылдарында қазақ ақсүйектерінің иә көшпенділердің бодандыққа қарсы күресте біркелкі болмағандығы ақиқат. Профессор Ж. Қасымбаевтың өзі жинастырған деректерге арқа сүйеп, жергілікті феодалдардың, халықтың екі қарама-қарсы топқа ажырауының ішкі және Ресей мемлекеті саясатына байланысты сыртқы ахуалының бұлжытпай талдануы, көтерілістің қозғаушы күштерін егеменді ел жағдайында тереңірек сипаттауы көңілге қонарлық», - дей келіп, С. Өтениязов Ж. Қасымбаевтың аталған еңбегін жарыққа шығарған «Қазақстан» баспасы оқырманға тамаша сый тартып отырғанын, 40 жылдай уақыттан кейін хан Кене туралы, мемлекетіміздің тәуелсіздігі үшін болған қозғалыс жөнінде қомақты, мазмұнды, құнды кітап жарыққа шыққаны қуантатынын атап өткен [19] .
Алматы облыстық «Жетісу» газетінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы нөмірінде жарияланған «Тарихымызды тарихшылар жазғаны жөн» атты мақаланың авторы Е. Ахметтің пікірі бойынша, «Ж. Қасымбаевтың бір ерекшелігі өзінің тарихшы - зерттеушілік ғұмырында әртүрлі шаһарларда, әсіресе, Ресей қалалары: Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахань, Орынбор, Томск, Омск, Элиста, Ташкент қалаларын армансыз аралап, Қазақстан тарихына байланысты мұрағат материалдарын барынша терең зерттеуге тырысқан, өз еңбектерінде мұрағат материалдарына сүйеніп, үнемі сілтеме жасап отыратын ғалым. Сондықтан оның зерттеу еңбектеріндегі тарихи тұжырымдар барынша дәлелдігімен көзге түсіп, санаға сіңеді» [20] .
Сонымен қатар Э. Джилкибаевтың [21], А. Сәтбековтің [22], Т. Омарбековтің [23], Қ. Қаражановтың [24], М. Жолсейітованың [25], З. Қабулдиновтың [26] . ғылыми мақалаларында Ж. Қасымбаевтың отандық тарих ғылымын зерттеудегі және жастардың тарихи танымын қалыптастыру жолындағы еңбектері мен оған қосқан үлесі жоғары бағаланған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz