Бодандыққа қарсы күрес
КІРІСПЕ
БОДАНДЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС.
1. ҚАНДЫ КЕК.
2. ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЛЫ.
3. ЕРТЕ СОЛҒАН ГҮЛ.
ҚОРЫТЫНДЫ
МҰЗДА ЖАНҒАН АЛАУ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
БОДАНДЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС.
1. ҚАНДЫ КЕК.
2. ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЛЫ.
3. ЕРТЕ СОЛҒАН ГҮЛ.
ҚОРЫТЫНДЫ
МҰЗДА ЖАНҒАН АЛАУ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1986 жылдың желтоқсанының Қазақ халқы үшін қасіретті әрі қасиетті қос күні-Алматыда және Қазақстанның басқа да қалаларында 17-сі мен 18-і күндері болған БОДАНДЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОЙҚЫН БҰЛҚЫНЫС нақ осы табиғаттың Алтынкүрек желімен салыстырылса, артық емес.Өйткені, Қайта құрылу, әділеттік пен теңдік сөз жүзінде жарияланғанмен, бұл кезде тоқыраудың тоңы құрсап, демократия әлі орныға қойған жоқ еді.
Алайда, М.С.Горбачевтің сұлу сөздеріне сеніп жүрген адал да аңғал қазақ жастары бейбіт шеруге шығып, беймәлім, ортақол жетекші Г.В.Колбиннің Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайлануына келіспеушілік білдірді. Сөйтіп, олар "Орталықтың дәстүрлі әміршіл іс-әрекеттері мен қайта құрудың жарияланып жатқан демократиялық принциптері арасындағы айқын қайшылықтың" бетін тұңғыш рет айқара ашып, Мәскеудің екіжүзділігіне, Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шықты. Әрине, күш мүлдем тең емес еді. Бейбіт қарусыз жастар : темір таяқпен, саперлік күрекпен, адам аулайтын иттермен қаруланған, өрт сөндіру машиналары және бронетранспортерлермен жарақтанған әскерге қалай төтеп берсін. Империя дертімен уланған жазалаушылар мен Алматыдағы шовинистерден құрылған жасақшылар өрімдей жігіттер мен қыздарды аса қаталдықпен басып - жаншыды. Аналарға қол көтеріп, қазақ қыздарын шашынан сүйреп, итке талатып, сабағандарды басқаша қалай бағаларсың?! Сөйтіп, баршамызға белгілі Желтоқсан құрбандарын-қаһармандарын айтпағанда, 99 адам нахақ сотталды. Желтоқсан оқиғасы күндері ерекше "ерлік" көрсеткен МХҚ мен Ішкі істер министрліг деректері, әрине, тым "қарапайым". Олар небәрі 2232 - 2336 аралығында ған кінәлілерді кідірткен.Сабаздардың өз аттарын қалай ашсын?! Ал, Мұтар Шаханов комиссиясының деректеріне сүйенсек, 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, қамалған, 1,7 мыңдай адам дене жарақатын алған. Мұны былай қойғанда, М. С. Соломенцев, Е. К. Лигачев, т.б "жартықұдайлар" кесапатымен тұтас қазақ халқына ұлтшылдық таңбасы басылған жоқ па? Таяу тарих М. С. Горбачев жолбасшылығы "арқасында", міне, осындай масқара интернационализм көрінісінде де куә болды.
Айрықша Алтынкүрек желі небәрі бірер күн соғып тыншығанмен, тозып-тоңған табиғатты әп-сәтте жаңғыртып жасартып жіберді. Қанға бөктіріліп басылған бодандыққа қарсы бұлқыныс-Желтоқсан оқиғасы да қалғып-мүлгіп жатқан күллі Кеңес Одағын оятты. Көп ұзамай Балтық бойы елдері бостандық жолындағы күресін бастады. Тбилиси, Баку толқулары тұтанды. Ақырында Желтоқсанның жойқын желі Қазақстанның барлық түкпір-түкпіріне жетіп, құлдық бұғауын үзіп, отаршылдықтан босаған жаңа егеменді мемелекеттерді дүниеге келтірді. Өзгелер білсін-білмесін, Желтоқсан оқиғасының жеміс-жалғасы-шып-шығарсыз шындық осындай.

1. Бейісқұлов. Т. "Желтоқсан ызғары". Алматы "Мерей", "Қазақстан", 1994.
2. "Желтоқсан құрбандары жоқтау". Алматы "Жалын", 1992.
3. Айтбайұлы Т. , Зейнәбін Т., Алматы, 1986. Желтоқсан. Алматы "Дәуір",
1992.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ
БОДАНДЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС.
1. ҚАНДЫ КЕК.
2. ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЛЫ.
3. ЕРТЕ СОЛҒАН ГҮЛ.
ҚОРЫТЫНДЫ
МҰЗДА ЖАНҒАН АЛАУ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы: Демократияның алғашқы қарлығашы

Біздің тарих-бұл да бір қалың тарих,
Оқулығы жұп-жұқа бірақ- тағы,
- деп Қадыр Мырза-Әлі ағамыз айтпақшы, оның бастауы қадым ғасырлар қойнауында жатқан шығар. Ал, өріс-өркені келер күндерге созылып, жалғасары анық. Ендеше оны түпкілікті танып, жан-жақты біліп, бағалау-б о р ы ш ы м ы з.
Біздер Желтоқсан оқиғасымен түбегейлі тарихын біліп қана қоймай, оның бүгінімізге бедер-бітім, келешек күндерімізге сабақ-арқау болатын тағылымымдарын да тиянақтап, одан дұрыс қорытынды шығаруымыз шарт.
1985 жылы басталған қайта құру мен жариялылық процесстерді өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа өзгерістер өрбіп жатты, Кадр мәселесі қатты қоға алынды. Басшы қызметкерлердің бірі орнынан алынып, бірі жауапқа тартылып жатса, енді бірінің жұлдызы жанып өрлеп жатты.
Осы кезде республика жұртын мазалағанжағдайдың бірі Д. А. Қонаевтың Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы босау -босамауы еді. Бір сөз шықса, кім де болса елең ете қалатын. Респуликада басқа қызметтерде көп жыл істеген абырой-беделі артқан жанды жұрт қимайтын. Егер ол кетсе, оның орнына кім болатынына ешкім немқұрайды қарай алмады. Д. А. Қонаев жасы келіп қартайғандығын, қайтап құруды жүргізуге шама-шарқы келмейтіндігін айтып, соншама жауапты міндеттен босатуын жоғарыдан өтініпті деген де сөз тарады.Бірақ, жоғары жақ республикадан оның орнына лайықты адам таба алмады ма, басқа жақтан іздеді ме, қалай болғанда осы мәселені шешуді сөз бұйдаға салып созып алды. Республикада тұратын 6 млн-нан астам қазақ халқының азаматтарының ішінен лайықты ешкімді таппай сенімсіздік білдірілді. Біздің республикамыздың көшін бастайтын адам өзге жақтан іздестірілді.Осының бәрі ел жұрт құлағына жетті. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің осы мәселені қарайтын пленумы әне болады, міне болады деген хабар да сан-саққа шарлады.Мұның бары жұрт арасында, әсіресе, интеллигенттер ішінде түрлі ой-пікір, алып қашты қауесеттерді өрістетті.
Аяқ астынан пленум хабар сыбыс тез тарады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сол бесінші пленумы 1986 жылдың 16 желтоқсанда өтетін, онда ұйымдық мәселе қарайтын күнге жетті. Пленум Д. А. Қонаев жолдасты пенсияға шығуына байланысты республика Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатты. Оның орнына шеттен әкелінген Г. В. Колбин сайланды. Ол бұған дейін Грузияда, Ульяновскіде істеген, хатшылық , бірінші хатшылық қызмет атқарған деп тансытырды.
Ескі тәртіп, ыңсыз-шыңсыз қалыптасқан әдіс бойынша ешкім ой-пікір білдірмей-ақ талап тілек лебізін айтпай-ақ, жоғарыдан, шешіліп келісіліп қойылған ұсыныс самсаған қол көтерілумен "бір ауыздан" қабылданды. Шұғыл жиналып, апыл-ғұпыл өткізілген пленумға кеткен уақыт небары 18-ақ минут екен.
Д. А. Қонаев әлі қызметінен босамай КОКП Комунистік Партиясы Орталық Комитеті саяси бюросының мүшесі бола тұрып, пленумды өзі ашып жүргізуі тиіс еді. Алайда, оны ашқан да жүргізген де, сөйглеген де СОКП Орталық комитетінің сол кездегі хатшысы Г. П. Разумовский болды. Өктемдік кемсітушілік, көкірекпен итерушілік, санаспаушылық емей не болды. Ол Д. А.Қонаевқа қысқа ғана алғыс айтып оны босату, ал оның орнына Г. В. Колбинды сайлау жөнінде ұсыныс жасалды. Басқа бір де бір адам ауыз ашқан жоқ. Кім қалай қабылдар екен деген арам пиғылмен пленумға қатысқан КОКП ОКның ұйымдық, партиялық жұмыс бөлімінің сектор меңгерушісі Н. Ф. Мишенко текке бақылап отырмапты. Кейін халыққа қара дақ түсіргендердің белсенді бірі болып шықты. Пленум жөнінідегі алғашқы ақпарат сол 16 күні сағат 15-те республикалық радиодан берілді.
Ертеңіне, яғни 17 желтоқсанда, "Социалистік Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде құрғақ ақпарат қосарлана жарияланды. Сондай-ақ Г. В. Колбиннің өмірі қысқаша баяндалды, суреті берілді, суретін көргендер " түгі бетіне шығып тұрған, өңі сұсты қабағы қатулы екен" деді. Желтоқсанда ызғар шашып келегендей еді ол. Алғашқы күннен-ақ ол айбарлы қулыққа мінді. Желтоқсанның 17-18-індегі жастар толқуы ұнай қойған жоқ оған. Ал, толқын басталмай-ақ жұрт пленум шешімін сай-саққа жүгіртіп, "оу, ұлан ғайыр республикадан тұратын жалпақ елден лайықты бір адам табылмағаны ма" десті.
Алдымен республика Мемлекеттік қауіпсіздік комитетімен Ішкі істер министрлігінің мәліметіне назар аударсақ:
"17.12.86 г. 08.45. ҚОКП Қауіпсіздік Комитетінің кезекші боліміне мынадай хабар келіп жетті: Брежнев алаңына бір топ жасатар жиналды. Алаңға Қауіпсіздік Комитетінің оперативті тобы кетті. Алаңда 200ден астам адам болды, кейбіреуінің қолында "Каждому народу-своего вождя!" деген жазулары бар плакаттары бар.
10.20 Адамдар саны тез артып жатты, біртіндеп трибунаға жақындай бастады. Араларынан "Лениннің идеясы жасасын" және "Мы за добровольное сближение наций, а не за принудительное..." деген екі лозунг шықты.
Жастардың плакат сөздеріне бас жарып, көз шығаратындай әбестік көріне ме? Бұрын да ондай ұрандарды демон страциялараға алып шығатын. Қырағы "тәртіп қорғаушылар" қандай зиян байқай қолйғанын кім білсін. Қорыққанға қос көрінген-ау, шамасы.
Ал шынтуайтына келетін болсақ, Орталық Комитет пленумының шешімін қанағат тұтпаған адамадарды он алтыншы желтоқсанның кешінде әбігер ой мазалағаны ертеңгі оқиғадан белгілі болды. Талайдың түн ұйқысы бұзылды. Алда халықты не күтіп тұр, ендігі күніміз не болады дегенкүдікті сезім биледі. Өйткені, бұрын жоғарыдан басшы ғып әкелген адамдардан қайрымдылық пен әділеттілік көре алмаған қауымның бұл жолы да елеңдеуі тегін емес. Әсіресе, студент жастары арасы тез қозғалды. Пленумнан кейінгі түні жатақханалардағы студенттер толқып шықты. Сана мен жүрекке түскеен от ұшқыны тез лаулап қоя берді, біріне-бірі пленум шешіміне көңілдерінің толмайтындықтарын білідірді. Жоғарғы оқу орындарының жатақханаларында алаңға шығып, қарсылық білдіру жөнінде әңгіме қозғалды, Алайда, олар осындай өзгеріс боларын естіген, білген. Сөйтіп, ертең ертемен бір топ студенттер алаңға бет алды. Олардың тас-түйін ойы- үкімет басшыларымен халықтың праволары мен проблемалары туралы сөз жүргізу. Алайда, оларды бір қолында "шоқпары", бір қолында "қалқаны" бар, бес қаруы сақадай-сай сабаздар қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққанжастардың бейбіт тілеу ағаш жанқасындай быт-шыт болып ұшып жатты.
"Жастық шақ көк семсердің жүзі емес пе
Қайрап қалың жауға сермегендей",
-деп әйгілі сері ақын Мәди айтқандай, жалын шарпып жанын жанып шыққан жастар неден тайынсын.
Олардың шеруі пленум шешіміне бейбіт түрде білдірілген наразылық еді. Ол саяси сипат алды. Ал, республиканың жаңа басшылығы жастармен тең сөйлесуге арланды, олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ асуды намыс көрді, яғни әкімшілдік әміршілідік өктем көкірек, өр мінез көрсетті.
17 желтоқсанда таңғы сағат сегізде бұрыңғы Брежнев алаңында жастардың алғашқы тобы келді. Олардың саны 200-300 шамасында еді. Бара-бара қаралары көбейді. Бұл туралы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетіне сағат 9-9.30 шамасында хабарланды. Көп кешікпей алаңға қарулы күштер әкелінді. Астанаға кірер жолдардың бәрі де жабылды. Шеруге жиналғандар саны бірте-бірте артып, түс қайта бес мыңға дейін жекен. 11.30-дан 14.00-ке дейін Орталық комитеттің кейбір мүшелері алаңдағы жастар арасына шығып , қызу айтыс болады. Бірақ, мәмлеге келе алмайды. Теңіздей толқыған алаң үстінде әлі тәртәіп сақталып, қақтығыс басталмаған шақ. Сағат 18-ге жетті. Түн шымылдығы түсіп, айналаны қара түнек басты. Шынында жастар басына қара түнек төнді. Сол кезден бпастап қуу, тарату қимылы басталды. Ондай шешімге Г. В. Колбин, О. С. Мирохшин, В. М. Мирошник, Г. Князев ақылдасып отырып келген. Шешімді орталық мақұлдаған.
Демонстранттарды қуу, тарату түнгі сағат 24- ке дейін созылған
Шерудің байыбына терең бойламай тағылған айып КОКП ОРталық Комитетінің Саяси Бюросы 1986 жылғы желтоқсанның 18-інде қабылдаған қаулысының негізі, арқауы болды.
Иә, сонымен, Брежнев алаңы қара-құрым адамға лық толы. Сәтбаев, Фурманов атындағы Бейбітшілік көшелері жағынан алаңға қарай толқын-толқын болып ағылған қазақ жастар. Олар студент қыздар мен жігіттер, жас жұмысшылар, оқушылар. Айнала ығы-жығы, араның ұясындай гуілдеген қызу қанды жас ұландар.
Бейбіт демонстрацияға шыққандардың арасында сөзін ақын Ж. Нәжімеденов, әуенін композитор Ш. Қалдаяқов жазған "Менің Қазақстаным"әнінің тексті таратылды . Әр тұста шырқалған бұл ән алаңдағылардың рухын көтерді .
Әннің: "Менің елім, менің елі
Гүлің болып егілемін
Жырың болып төгілемін, елім.
Туған жерім менің - Қзақстаным"
- деген қайырмасына қосылып кеткенде шалуар шабытты үн әуелеп, айналаны толқытып әкеткен.
Әсіресе, 18 желтоқсанда демонстранттар қатары арта түсті. Сәтбаев көшесімен Орталық стадионның арғы жағынан алаңға лек-легімен ағылған ереуілшілдер. М. Горкий паркінің тұсында әр жақтан топ-тобымен келіп шоғырланған олар қазіргі Жібек жолымен ұрандатып, көтеріңкі күйде сап түзеп жүріп отырып, Бейбітшілік және Абылай (бұрынғы Коммунистік) көшелерімен жоғары өрлей алаңға қарай бет алды. Үйлердің терезелерінен, балкондарынан қарап тұрған жұрт"бекерге арандайды-ау мына жас қыздар мен жігіттер" деп қынжылыс білдіріп қояды. Жан-жақтан Абай және Фурманов көшелерінің қиылысына топ-топ жастар. Бұл күні "Долой Колбина" деген ұрандар алып шыққандар болды, Қойылған талапқа мардымды, қанағаттанарлық жауап ала алмағандықтан демонстрация екінші күнге созылып кетті. Жастармен тең сөйлесіп, жағдайды түсіндіретін, түсінетін республика басшыларының ішінен ешкім бола қоймады. Керісінше көмекке милиция шақырылды. 18 желтоқсанда Алматыға келген М. С. Соломенцевтің ақылы бойынша негізінен орыс жұмысшыларынан топтастырылған жасақшылар келтірілді. Зымияндыққа найза бойлай ма? Бұл "ұлттық жауласу" деген жала жабуүшін М. С. Соломенцев пен Г. В. Колбиннің ойлап тапқан айласы екен.
Халық жасақшыларын ұйымдастырып, қаруландыру М. Меңдібаев пен Г. Шуликоға жүктелген. Бұл іске білек сыбанып кірісіп, аса белсенділік танытқандарМосква және Октябрь аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшылары Ю. Ежков пен Ю. Мещеряков. Кейін М. Меңдібаев пен Ю. Мещеряковтың Орталық Комитеттің секретарлары болуы тегін емес еді.
Сондай-ақ сегіз қаладн мұздай қаруланған армия және ішкі істер бөлімшелерінен лек-легімен қарулы күштер әкелінді. Олар Новосибирск және Ташкент қалаларынан да шұғыл жеткізілді. Кешкі сағат алтыда Фурманов көшесімен қос-қостан сап түзеп өткен бронетранспортерларға мінген олар алаңда шоғырланды. Танктер де келтірілді. Он бес БТР тұрды. Самсаған қол бейбіт талап қойған жанкешті жандарға суық ызғарын төгіп, қауіп төндірді. Сөйтіп, алаңға саны-50 мың әскер, 20 мың милиция адамдары, 16 мыңдай жасақшылар шоғырландырылды. Ал демонстранттардың қатары он мыңға жуық. Сонда да міз бақпайды, қасқайып, қайрат сақтап, талаптарын қоюда.
Алаңда болған қазақ телевизиясының редакторы Х. Қожахметов "Желтоқсандағы бейбіт демонстрацияны күштеп-жаныштап басқан милиционерлер мен жасақшылардың 93 проценттейі қазақ емес ұлт өкілдерінен болғаны баршамызға мәлім",-деген тұжырым түйеді
Сөйтіп, желтоқсанның 17-нен 18-не қараған түні алаң айнала қоршауға алынды.Демонстранттар үш қатарлы қоршауда қалды: жасақшылар олармен бетпе-бет келіп , алдында тұрды, одан кейінгі екінші қатарда милиция, үшінші қатарда әскер. Осы қимылдың барлығы М.С. Горбачевқа белгілі болмады деу қиын. Ол біле отырып, насырға шапқан істі бейбіт түрде шешуге неге күш салмады?- деп ойламасқа амал жоқ.
Екі жақ қарама-қарсы тұрған. Теке тірес. Шегінер ешкім жоқ. Алаң үсті ықсып тұр. Жастар талабын тыңдап, ақыл сарабына салып шешер басшы адам да табылмады.
Жастардың жүзінде үрейдің ізі де білінбеді. Бір кезде өрт сөндірер қан қызыл машиналар көрінеді. Жиырма шақтысы іркес -тіркес алаңға ойқастай шығып, олай арындап былай арындап, демонстранттардың үстіне су шашып жаңбырдай боратты. Жұрт арлы-берлі қашқалақтап, ілгері - кейінді лықсып тұрып алды. Ыдырап тарай қоймады.
Енді шеп тұрған милиция қарсы жүрді. Демонстранттар да үркіп-қорқып жатқан сыңай танытпады. Әлі де парасаттылық пен үміт күтуде. Сап түзеп келе жатқан милиция демонстранттаға жақындап, шабуылға шығып жастарды қуа бастайды.
Милиционерлер алдымен шерудің алдыңғы сапында жүрген қауіпті белсенділерді алып кетіп жатты. Сөйтіп, көпшілік соңынан ерген оларды бөліп, оқшаулап алып қоршауды қалдырды. Ал олар келіссөз жүргізетін бастаушылары еді. Жағдайдың басқаша ауытқып бара жатқанынан, сенім артқан белсенді жастардың қоршалып қалғанынан сезіктенген демонстранттар қимылға амалсыз ерік береді. Таяқ, тас тағы басқа қолған түскен нәрселерді лақтырады. Шиеленіс ушығып, өрттеу қаулап ала жөнеледі.
Осылай қақтығыс басталып, арты арыны жуық арада басылмайтын опыр-топырға ұласты. Екіжақты барған сайын күшейе түсті. Одан әрі алаң қанды сойқанға айналды.Қалың қолды қарулы күштің қозғалысты басып-жаншып,қарусыз жастарды құшырлана ұрып соғып, бас жарып, көз шығарып, шаштан жұлып,аяқтан сүйреп, өлермен етіп мертіктіріптепкіге салып жатқаны төбе басындағы Үлкен үйден бақылаған Г. В. Колбин рахатқа бөленіп ,айызы қанып тұрған шығар-ау.
Ал республиканың қазақ басшыларының дәті шыдап, бақылаушы болып қана тұрған қалай? Басқада да партия, совет, милиция, қауіпсіздік комитетеі, прокуратура басшылары ше? Қазақ ССР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Э. Басаровтың "Балдар! Жатақтарыңа қайтыңдар!" деп қайта - қайта дауыстауы кімге басу айтқандай еді. Алаңдағы жағдайды сол кездегі республика компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы З. Камалиденов, Жоғарғы Кеңес Президиумының төрағасы С. Мұқашев, Министрлер Кеңеңсінің төрағасы Н. Назарбаев, Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы М. Меңдібаев және басқалары көріп тұрмап па еді. Г. В. Колбиннің сценариі бойынша қақтығыс өрби берді. Республика прокуроры Ғ. Елемесов "жігіттер, бұл тәртіпсіздікті қойыңдар, арты жаман болады" деп босқа айтпапты. Қорқытқаны шын болды.
Сәске түс болмай - ақ қақтығысқа тап болған олардың ішінен бастарын таңып, қолдарын мойындарына асып алған, бет-ауыздары жарақаттанған ереуілшілдерді көрген адамдар басу айтып, ақыл беріп тоқтатпақ болған. Түрлері түнеріп ашу-ызаға булыққан, намыс жанын жаныған олар жуық арада көнер емес еді. Өйткені, адамдық ар - намыс аяққа тапталды, сана - сезім уланды, тәнге жара түсті.
Алаңдағы жағдай жедел түрде Москваға хабарланып отырды. КСРО Ішкі Істер министрі А. В. Власов,мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы В. М. Чебриков үздіксіз хабарланды. Кейін айқындалғанындай Г. В. Колбин КОКП Орталық Комитетіне телефон арқылы сөйлесіп, өзі мәлімдеп отырған. Оның "КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы М. С. Горбачев оқиғаға қатысты мазасызданып отыр" деп желтоқсанның 17 - нен 18 - не қараған түні Алматы қаласының партия шаруашылық активінің жиналысында айтуына қарағанда желтоқсан оқиғасы туралы Орталықтың лауазымы үлкен адамдары толық білгенболып шығады. Шеруді басу жөнінде қолданылатын шараны Г. В. Колбин тікелей М. С. Горбачевпен келісіп іске асырды.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz