Түркі халықтарындағы тәңіршілдік пен ислам дінінің арасындағы тарихи, рухани сабақтастықтарды қазақ тарихы негізінде дәлелдеу


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі күндегі тәуелсіз Қазақстан жағдайында орнығып отырған рухани мәдени үрдістерден шығып отыр. Бүгінгі мемлекет пен діннің арасындағы қатынас жаһандану дәуіріне негізделген жаңа ұстанымдар арқасында жүргізілуде. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ІХ Еуразия Медиа Форумында сөйлеген сөзінде: «Қазақстан еуропалық тәжірибеге, атап айтқанда, ЕҚЫҰ-ның нақты іс қимылына сүйене отырып, қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жаңа үлгілері мен құрылымдарын іздейді, әрі құрады. Бұлардың бірегейі - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес. Бұл кеңес серпінді түрде дамып, Азия құрлығында барған сайын танымал бола түсті. Бүгінде АӨСШК мақсаты ЕҚЫҰ - ның мүддесімен сәйкес Азиядағы ұжымдық қауіпсіздіктің жаңа үлгісіне айнала бастады. Осы 2011 жылы Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етеді. Қазақстан мұсылман тұрғыны басым зайырлы мемлекет ретінде ислам және христиан өркениеттерінің жақындасуына ықпал етеді. Сондықтан біз ЕҚЫҰ мен ИКҰ арасындағы диалогтың жандануына күш саламыз. Бүгінде біздің тәжірибеміз Батыс пен Шығыс елдері үшін тартымды» [1] - деген сөзі қазіргі кезеңдегі елдегі дінаралық және ұлтаралық кепілдігі туралы болды.
Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы қоғамдық - саяси өмірдің барлық саласында көптеген жаңалықтардың енуімен ерекшеленеді. Түркі халықтарының рухани өмірінде тәңіршілдік ерте кезеңдерден негізгі орын алып, қазіргі қазақ болып қалыптасқан халықтың өмірінде ислам дінімен бірге оның сарқыншақтары қолданылуда. Әлі күнге дейін тәңіршілдік діни сенім ретінде исламмен сабақтасуы және тұрмыстық қолданыста барынша орын алғандығы бітіру жұмысының өзін өзекті мәселе екендігін көрсетеді. Тақырыптың бүгінгі күнмен байланысы арғықазақтар мен қазіргі таңдағы қазақ халқының рухани және тұрмыс салттарында белең алған әдет ғұрыптардың көрініс табуы болып отыр. Ал, бұл тақырыптың қажеттілігі тәңіршілдіктің діни жүйе ретінде қарастырылғандығы және исламға қайшы емес элементтерін қазақ және күллі түркі қоғамында сарқыншақтары сабақтасып орын алуын ғылыми тұрғыда қарастыру қазіргі күнде тарих ғылымында өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Себебі аталған мәселенің өзекті болып отыруы, осыған дейінгі зерттеушілердің еңбектері тәңіршілдік пен ислам дінін жеке-жеке қарастырылса, олардың арасындағы сабақтастық мәселесі орын алмай, бұл мәселе қазіргі таңда жаңаша тұрғыда зерттеуді талап етіп отыр.
Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан тәңіршілдік феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Түркілер арасында бейбіт түрде қабылданған ислам діні кейінгі қазақ халқында тәңіршілдік және өзге де наным сенімдермен қатар қолданыс алуы қазіргі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Академик Бартольд В. В. : «ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді», [2] - деп жазуына қарағанда, біздің ойымзыша, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамағанға ұқсайды.
Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оңбас» деп аруақты ұмытпады . . . [3] . Мұның өзі түркілерде тәңір мен табиғат құбылыстарына сенумен қатар, исламның келуінен ол мүлдем жойылмағандығын, керісінше сабақтасып байланыса жүргендігін көрсетеді. Әбу Ханифа жол салған сунниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы өз кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін шариғат заңдарын қабылдап алды. Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардың әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді. Бұлардың бәрін исламға қайшы келмейтіндей етіп, қарастыруға тырысты. Мұның өзі түркі қоғамында ежелден қалыптасқан тәңіршілдік пен өзге де наным сенімдердің ислам дінімен сабақтасып кетуі бүгінде тарих ғылымындағы зерттелуді қажет ететін мәселелердің бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны. Тәңіршілдік пен ислам дінінің арасындағы тарихи, рухани сабақтастықтар мәселеcі қазақ тарихы негізінде қаралады.
Зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері. Зерттеу барысында алынған деректер тілдік типіне байланысты түркілік, моңғолдық, арабтық деп бір қарастырсақ, келесі екінші топты батыс саяхатшыларының еңбектері тобын құраса, дәстүрлі деректер деп үшінші топ деректер қатарын айтуымызға болады.
Тілдік типке бірінші топқа жататын деректер қатарына араб тілінде жазылған Ибн Баттутаның "Путешествия" атты еңбегін, шығыстың ғұламаларының бірі Махмуд Қашқаридың Диуани Луғат ат-Түрік [4] атты түрік тіліндегі, парсы тілінен аударылған Қазақ хандығы тарихының мәліметтері [5], Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері (Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері) [6] және Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелерін [7] Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері негізінде қарастырып отырмыз.
Аталған деректерде түркі қоғамының тарихын, соның ішінде біздің бітіру жұмысына қатысты рухани өмір, тәңіршілдік мәселелеріне баса назар аударылған. Сонымен қатар түріктердегі тәңір сөзі құдай немесе қазіргі күнде қолданысқа ие бір жаратушы Аллах есіміммен бір екендігіне дәлелдемелер береді. Көне бітіктастары мен ескерткіштері Күлтегін, Орхон, Енисей және Талас жазуларындағы сөздер тәңірдің болғандығын, рухани өмірдегі орнын заттай дерек ретінде дәйектейді. Сонымен қатар әл - Макдиси «Түркілер бір тәңірі дейді, бұл бір Құдай. Олардың біразы Тәңір - көк аспан аты десе, басқалары тәңір бұл - аспан» деген өз пікірлерін келтіреді. [8]
Қарастырып отырған мәселенің төңірегіндегі екінші топты құрап отырған батыс саяхатшыларының еңбектерінен түркілердің өмір салтының көріністерін байқауымызға болады. Соның ішінде олардың отқа табыну, шығысқа қарап ауаға, тәңірге табынғандары және ата бабаларын өте жақсы құрметтегенін көруімізге болады. П. Карпини мен Г. де Рубрукта [9] халықтың жерлеу дәстүріне баса мән беріп, өлімнен кейін де осы өмірдегі тіршілігімен айналысып жүретіндігіне сенімін олардың мәйітте бірге жерлеген құрал жабдықтары бойынша мәлімет береді.
Ал үшінші топтағы дәстүрлі деректерге тоқталып өтсек, Ел басына күн туғанда қаған, кейде тіпті өз басына медет тілегенде жеке адам Тәңірге табыну рәсімін орындайтын. Мысалы, Шыңғыс хан Бурхан Халдун тауының басына шығып, мойнына кісе белдігін асып, алақанын көкке жайып, мұрағын шешіп, нұрлы күнге қарап, тоғыз рет еңкейіп тағзым етіп, шашу шашып, Тәңірден тілек тілегені «Моңғолдың құпия шежіресінде» [10] белгіленген. Шыңғыс хан тағы бірде «Тәңір ием, құдірет-күшіңмен әлемнің үстінде менен басқа күштіні жоқ еткен өзіңсің, мені үстімнен басып тұрған тымағымнан басқа ештеңе жоқ», - деп мұрағын шешіп, төрге қойып, Тәңірге ықыласпен жалбарынғаны «Алтын шежіре»[11] кітабында таңбаланған. Қазақтың мойнына көген, кісе белдік асып жаратқанға жалбарынып, тілек тілейтіні бұл рәсімге ұқсас. А. Сейдімбек «Қазақтың ауызша тарихы» [12] атты еңбегінде қазақ халқының рухани өмірі, соның ішінде әдет-ғұрыптары жан-жақты қарастырып, біздің алып отырған тәңіршілдік пен ислам дінінің рухани сабақтастық мәселесіне қатысты пікірлері көрініс тапқан. Сонымен қатар Қадырғали Жалайырдың «Жами ат-тауарих», яғни «Шежірелер жинағы» [13] атты еңбегінің түркі жұртының, соның ішінде қазақ халқының мәдени және рухани тарихында алар орны ерекше. Шежіреде Оғыз ханды аты әлемге әйгілі Шыңғыс ханмен бірге қарастырып, түркі және моңғол халықтарында Көк тәңірінің болғандығын атап өтеді. Аталмыш тұлғаларды Тәңірден жаратылғандығы мәселелері қарастырылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі тарих ғылымында біз қарастырып отырған мәселе аясында зерттелген еңбектер қатары жоқтың қасы. Дегенмен ежелгі түркі дүниетанымындағы тәңіршілдік пен қазақ мәденетінің құрамдас бөлігіне айналған ислам діні жөнінде зерттелген жекелеген еңбектер қатары баршылық. Сол еңбектерді жүйелі талдап көрсету мақсатында біз оларды 3 топқа бөліп қарастырдық.
Алғашқы топқа революцияға дейінгі кезеңде зерттелген еңбектерді жатқызамыз. Аталмыш кезеңдегі авторлар қатарына . еуропалық және орыс авторлары Г. Грюнебаум, Штернберг, К. Леви - Строс, К. Г. Юнг, Ж. Дюземиль, С. К. Иванов және С. М. Абрамзон, [14] Л. П. Потапов, М. Мюллер, О. Пурев, [15] А. И. Левшин, академик В. В. Бартольд сияқты зерттеушілерді атап өтсек болады. Сонымен қатар қазақ ғалымдары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлихановтар да аталмыш кезеңдегі зерттеушілер қатарын құрайды. Аталған авторлар тобының алғашқылары тәңіршілдік пен исламға дейінгі сенімдер жөнінде бірқатар зерттеулер жүргізгенімен, олардың еңбектерінен біз мәселеге үстірт қараушылықты байқаймыз. Себебі бұл кезеңдегі еуропа және орыс зерттеушілері аталған тақырыпқа аса мән бермей, оны өздеріне берілген нақты тапсырма немесе отарлық идеологияның әсерімен қарастырған болатын. [16]
Аталған зерттеушілердің соңғысына келсек, олардың еңбектерінде қарастырылып отырған мәселе жөнінде неғұрлым байыпты ойлар айтылған. Мәселен, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердіұлының пікірлерінен қазақтардағы ислам дініне байланысты құнды мәліметтер алар болсақ, ал ХҮІІІ ғасырдағы қазақтың алғашқы ғалым-этнографы Ш. Уәлихановтың зерттеулерінен түріктердегі және кейінгі қазақ халқындағы шамандық пен тәңіршілдік наным-сенімдеріне байланысты мағлұматтар аламыз. [17]
Зерттеушілеріміздің екінші тобын біздің мәселемізге қатысты кеңестік дәуірде қалам тартушылар құрайды. Бұл топтағы зерттеулер діни салаға деген салқын көзқарастың нәтижесінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының көпшілігі діннің қоғамдық санадағы кері ықпалы, танымдық процестегі шектеулігі, даму категорияларына қатысты догмалары тағы басқаларының сынға алынуы көптеген теріс пікірлерді тұғызды. Кеңестік Қазақстан жылдарындағы исламның өмір сүру ерекшеліктерін Қ. Шүлембаев К. Бейсембиев, А. Сұрапбергенов, О. Дастанов, Ж. Дүйсенбин өз еңбектерінде қарастырып өткен. Кеңестік заманда ислам тақырыбы төңірегінде Х. Бисенов, Қ. Шүлембаев пен Ж. Қажымов, С. Б. Дорженов және К. Тәжікова сынды зерттеушілер өз еңбектерін арнаған болатын. Аталған зерттеушілердің еңбектеріне қысқаша тоқталып өтетін болсақ, Х. Бисеновтың 1955 жылы жарық көрген «Ислам дінінің шығуы және оның таптық мәні» атты еңбегінде «Дін дегеніміз халықтың басын айналдыратын апыйын» деген Маркстың сөзін мысалға келтіреді. Сонымен қатар еңбекте «дін ғылыммен сыйыспайды, ол адамдардың сана сезімін топтастандырады, инициативасын айырып, коммунизм жеңісі жолындағы күресте жігерін мұқалтады. Әрбір дін өз дініндегі адамдардың діни ерекшеліктерін уағыздай отырып, ол КСРО халықтарының достығын бұзуға тырысады» - деп келтіреді [18] . Осындай пікірде болған Қ. Шүлембаев пен Ж. Қажымовтардың «Ислам діні және ұлттық қатынастар» кітабында барша дін ұлттық қатынастар деген түсінікті қабылдамайтындығын, дін адамдардың санасын айналдыратындығын алға тартады [19] . Яғни кеңес кезеңіндегі зерттеушілер ұлтшылдықпен, шовинизммен күрес ғылыми атеизмнің дін ықпалынан арылу жолдарын іздеумен айналысқанын көруімізге болады.
С. Б. Дорженов «Ислам және ұлттық қатынастар» еңбегін жазуда ислам дінінің сарқыншақтарының сақталу себептері мен жоюдың кейбір мәселелерін қарастырып, атеистік бағытта діннің ұлттық қатынастарға кері әсер ететіндігін барынша дәлелдейді [20] . Қарастырып отырған кеңестік зерттеушілер ислам дінінің мәнін дұрыс түсінбегендігін және атеистік идеологияның қатты әсер бергендігін көре аламыз. Тағы бір мысал келтіретін болсақ, К. Тәжікова «Құран адамның ар абыройын төмендетіп, оның ақыл парасаты мен еркін елемейді. Жеке адамның бостандығының еркін жоққа шығару концепциясы орын алған» [21] деп адамдарды діннен әрі тартуға бағыт береді. Бұл еңбектердің барлығы да өз заманының талабына сай, атеистік бағытта маркстік методология тұрғысынан жазылған.
Соңғы үшінші топқа тәуелсіздік алғаннан кейінгі және қазіргі таңдағы отандық ғалымдарымыздың еңбектерін атап өткіміз келеді. Нақтырақ айтсақ, аталмыш кезеңдегі зерттеулерге Ә. Төлеубаев, [22] М. Орынбеков, [23] А. Ш. Махаева, [24] Е. Т. Қартабаева, [25] Н. Нұртазина, [26] С. Ақатаев, [27] Қ. Сартқожаұлы, М. Жолдасбеков, [28] С. Әмірғазин, [29] Ю. Зуев, Г. Агелеуов, Қ. [30] Қараманұлы, [31] С. Қондыбай [32] М. Үсенова, Р. Мұстафина еңбектерінің дінге жаңа көзқарас қалыптастыруда ролі зор. Әсіресе, Р. Мұстафинаның [33] еңбегі біздің зерттеуміздің көптеген мәселелерінде қаралды. Осы сияқты ғалымдардың еңбектері жатады. Бұл еңбектерде қазақтардың исламға дейінгі діни нанымдары жүйелі және біртұтастықта көрсетілген. Сондай-ақ, аталған топтағы авторлардың еңбектерін жоғарыда көрсетілген топ зерттеушілері еңбектерімен салыстыратын болсақ, бұлардан әлдеқайда жаңашыл көзқарастағы пікірлерді, түркі және қазақ мәдениетіндегі ерекшеліктерге байланысты объективті ойларды байқауымызға болады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Бітіру жұмысының негізінде түркі халықтарындағы тәңіршілдік пен ислам дінінің арасындағы тарихи, рухани сабақтастықтарды қазақ тарихы негізінде дәлелдеу және мақсаттан шығып отырғандай төмендегі міндеттерді шешуге талпынамыз:
- Түркі халқының рухани өміріндегі наным - сенімдер мен тәңіршілдік түсінігін бейнелеу;
- Протоқазақтардағы тәңіршілдік пен ислам дінінің өзара сабақтастық сипатын түріктерден бастап ашып көрсету;
- Ислам дінінің қазақ жеріне орнығуынан тәңіршілдік әдет - ғұрыптарын ығыстыру ерекшеліктерін айқындау;
- Ислам дінін қабылдаған қазақтардағы тәңіршілдік белгілерін көрініс табуын ашу.
Бітіру жұмысының жаңалығы. Диплом жұмысы барысында жазба деректерге сүйене келе, сондай-ақ зерттеу еңбектерін өзара салыстыра отырып бітіру жұмысымызда төмендегідей ғылыми жаңалықтарға қол жеткіздік:
- Түркі халқының рухани өміріндегі наным - сенімдері мен тәңіршілдік ұстанымының басты мәселелері айқындалды;
- Протоқазақтардағы тәңіршілдік пен ислам дінінің өзара сабақтастық алғаш рет кешенді түрде талданып, олардың тарихы туралы көзқарастар сараланды;
- Зерттеулердің нәтижесінде ислам дінін қазақ халқының қабылдауынан бастап, тәңіршілдіктегі әдет - ғұрыптардың рухани өмірден ығысу мәселелелері анықталды;
- Қазақ тарихы негізінде тарихшылардың зерттеулерінен ислам дінін қабылдаған қазақтардағы тәңіршілдік белгілері сақталып отырғандығы дәйектелді.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері. V - XII ғғ., яғни моңғол жаулап алу дәуіріндегі тәңіршілдік пен ислам тарихи, рухани сабақтастықтары осы ғасырлардың негізінде қарастырамыз. Бұл мәселе жаңа көзқарас негізінде арнайы зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі . Диплом жұмысын жазу барысында жан-жақтылық, нақтылық және обьективтілік принциптері басшылыққа алынды. Сонымен бірге бұл мәселені талдау барысында біз ресейлік және отандық ғалымдардың теориялық тұжырымдарын қолдандық. Аталмыш тақырыбымызды зерттеу барысында деректердің қатарын салыстырмалы анализден өткізіп, олардың теориялық мәселелеріне көп көңіл бөлдік. Сондай-ақ, методологиялық тұрғыдан тәңіршілдік пен ислам дінінің өзара сабақтастық мәселесі пәнаралық негізде зерттелді. Зерттеу жұмысында жүйелілік, сараптамалық, тарихи және салыстырмалы тәсілдері кең көлемде қолданылады.
Қазақ мәдениетіне ислам дінінің ену мәселесі көптеген пәндердің, мысалы, дінтану, философия, мәдениеттану, саясаттанудың және дін философиясының зерттеу объектісіне айналып отыр.
Диплом жұмысының құрылымы. Б ітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және көрнекілігінен тұрады.
ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ САЛТ - ДӘСТҮРЛЕР МЕН РУХАНИ
ДАҒДЫЛАР
- Түркілердің рухани өміріндегі наным - сенімдер мен тәңіршілдік түсінігі
Тәңіршілдік - монотеистік сипаттағы діни жүйе. Ол бір құдайды мойындайды және орталықтанған қаған билігінің, түрік империясының, кейіннен қағанаттардың идеологиясы ретінде қызмет еткен.
Орталық Азияны мекендеген байырғы қауымдардың, олардың ішінде түркілердің ертеде қандай наным - сенімді ұстанғанын анықтау бұл халықтардың өткенін білудің негізі болып табылады. Көне Жібек жолы бойында орналасқан және тарих бойы сахна болған осы территорияда көптеген діндердің болғандығы шындық. Белгілі ғалым - тарихшы, этнограф, түркітанушы Л. Н. Гумилев «Көне түріктер»атты кітабында көне түріктердің қандай дінге сенгендігін, қандай наным-сенімде болғандығына қызығушылық таныта отырып былай деп жазады: «Түркілердің ертедегі наным-сенімдері туралы айтқанда, мен оларды алғашқы қауымдық сенім деп айтудан аулақпын. Түріктердің өзі әр түрлі тайпалардың тек Ү-ҮІ ғғ. ғана құрылған, сол себепті де өз дәуіріне жататын наным-сенімі, сол уақыттың өзге де діни жүйелері сияқты дамып жетілген болатын» [34] - деп ежелгі түркілердің құрамында түрлі этникалық топтардың болғандығын және діни наным-сенімдерінің де әр алуан түрде болғандығын айтады. Өйткені, олар ұлан ғайыр жерді мекендеген, көшпелі өмір салтында өмір сүрген. Ұлы Жібек жолының бойында тұрып Батыс және Шығыс мәдениетінің дәнекері болғандығын, кейін оны өздерінен өрбіген халықтар өмірінен байқауға болатын тұстарынан айқын көруге болады.
Тәңірге табынудың идеялық негізі - табиғат заттары мен құбылыстарын жанды деп қарау болып табылады. Тәңіршілдік пен сана әр заттың иесі, жаны бар деп пайымдайды. Дүниенің барлығы барлық объектілері адам секілді, оларға сезім мен сана тән-мыс. Дінтану ғылымы әдетте "табиғи діндер" мен "этикалық діндерді" бір-бірінен ажыратып қарайды. Түркия ғалымы Йылмаз Озтуна ежелгі түркілердің үстанған "тәңіршілдік" дінін "табиғат діні" деп дұрыс анықтайды . Яғни, ол адамзаттың дамуының алғашқы кезеңіне, "балалық шағына" сәйкес келетін дін.
Тәңірге табыну алғашында дін түрінде емес, космологиялық түсініктер мен идеялардың жиынтығы ретінде, табиғи құбылыстарға мінәжат етумен байланысты болады. Жеке бір халық қана тәңірге табынған десек қателік болады. Тәңірге сенудің терең тарихи тамырлары бар. Ол күллі дін атаулыдан бұрын пайда болғандығын [35] зерттеушілер дәлелдеп келеді.
Б. э. д Ү-ІҮ мыңжылдықтарда Ұлы даланы мекен етуші моңғол мен түркі тайпаларында табын құдайы ол «Тәңіршілдік» болды. Яғни «Тенгризм» «аспан», «билеуші», «құдай» деп қарастырылды. Оны Жан-Полю Ру былай деп қарастырады. «Тэнгри» сөзі мынадай екі сөзден құралған: - «Тан-ра» - түрік сөзінен «тан» бұл - «шығыс», және ежелде көптеген халықтарда «Ра», діни атау яғни күн деген мағынаны білдіреді. Көптеген халықтарда күнге табыну культі болды. Сонымен «Танра» бұл шығып келе жатқан күн деген мағынаны білдіреді. Бірақ әлі де болса бұл зерттелуді қажет ететін мәселе болып қала береді, түріктердің діндерін қалай атағаны - белгісіз.
Тәңіршілдік сенімі түріктерге табиғат рухын сезінуге, өзін табиғаттың бір бөлшегі деп білуге, табиғаттың ырғағымен тербелуге және оның көпқырлы әдемілігіне қуануға мүмкіндік берді. Түріктер өзен, көл, жазықтар мен тауларға өте жақсы қарап, жалпы табиғатты тәңірдің бір бөлшегі іспеттес көрді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz