Қызметін жаңа бастаған ауыл мектебі мұғалімінің кәсіби бейімделуінің педагогикалық жағдайлары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 143 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы Қазақтын Ұлтық педагогикалық университеті

М а ш е н б а е в Т і л е у л е с

Б е р м а х а н ± л ы

Қызметін жаңа бастаған ауыл мектебі мұғалімінің кәсіби бейімделуінің

педагогикалық жағдайлары.

13. 00. 01- жалпы педагогика, педагогика

білімі тарихы және этнопедагогика.

ғылыми жетекшісі:

Қазмағамбетов А. Г.

педагогика ғылымының

докторы, профессор.

Алматы, 2003

Мазмұны:

Кіріспе……. . . 3

1 - бөлім. Қызметін жаңа бастаған ауыл мектебі мұғалімінің кәсибі бейімделуі - педагогикалық проблема . . . 9

  1. . Жас мұғалімнің кәсіби бейімделуінің теориялық негіздері . . . 9

1. 2. Ауыл мектебіндегі оқу- тәрбие процесінің әлеуметтік- педагогикалық ерекшеліктері . . . … . . . . . . 26

1. 3. Жаңадан келген жас ауыл мұғалімі іс-әрекетіндегі дәстүрлі мәселелер мен қиындықтардың сипаттамасы . . . . . . 44

1-ші бөлім бойынша қорытынды . . . 61

2 - бөлім. Қызметін жаңа бастаған ауыл мектебі мұғалімінің кәсіби бейімделуінің тиімділігін арттыру жөніндегі тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар . . . 62

2. 1. Қызметін жаңа бастаған ауыл мұғалімінің кәсіби бейімделуінің деңгейлері мен жағдайлары . . . … . . . 62

2. 2. Қызметін жаңа бастаған ауыл мұғалімінің кәсіби бейімделу тиімділігі

мен жетістігін арттыру жөніндегі әдістемелік жұмыстар. …… 76

2. 3. Кәсіби-педагогикалық іс - әрекетке табысты бейімделудің жағдайлары мен факторлары . . . 91

2 -ші бөлім бойынша қорытынды ……. . . … . . . 110

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…. . ……. . 115

Қосымша . . . 127

Кіріспе

Қазіргі қоғамда мектептердің дамуы мен қайта құрылуы мұғалімдерден кәсіби қызметтің жаңа сапалы деңгейге көшуін талап етеді. Білім реформаларының идеялары, гуманизация және демократизация идеяларын оқушыны оқыту және тәрбиелеу кезінде жеке - бағдаршы әдістемесін жүзеге асыратын жаңа мұғалім қалыптастыру көптеген талпыныстарға, әсіресе маманның жоғары оқу орнында алған кәсіби- педагогикалық дайындығына байланысты. Жоғары мектепте болашақ мұғалімді оқу процесі қанша жетілдірілсе де, бітірушіні « бітірген жоғары» маман ретінде қарауға болмайды. Тек нақты тәжірибе кезінде ғана педагогикалық шеберлікті иемденіп, кәсіпкер тұлғасына ие болады.

Мұғалімнің кәсіби қалыптасу үрдісінен балаларды тәрбиелеу және оқытуына дара жауапкершілігі бар нақты өздік қызметке өту кезеңі кәсіби қызметке бейімделумен байланысты.

Жас мұғалім қызметінің бастапқы кезеңі - оның кәсіби өсу жүйесінің ең маңызды кезеңі. Дәл осы оқу процесінен еңбек қызметіне өту жеке тұлғаның қалыптасуының маңызды заңдылықтары байқалады. Бұл үрдіс ортаға пассивті бейімделу емес, қажетті еңбек біліктілігі мен өзін-өзі бекітіп алудың белсенді үрдісі. Сонымен қатар, бұл кезең жас мамандардың көбінде педагогикалық қызметке көзқарастарының қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Педагогикалық жоғарғы оқу орны жас маманды қанша дайындаса да, әлі өмірлік және педагогикалық тәжірибесіз жас мұғалім жаңа заманға сай жаңалықтар мен күтпеген жағдайларға байланысты қиындықтармен беттесуі заңды нәрсе.

Шеберлік мұғалімге дербес жұмыс процесі барысында келеді. Дәлірек айтсақ, алғашқы жылдарда мұғалімнің бейімделу және шеберлік деңгейін анықтайтын кәсіби қасиеттер қалыптасады. Егер жас мұғалімдерге кәсіби шеберлікті меңгеруде керекті көмек көрсетілсе, жас мамандар алдында кездесетін қиындықтарды жеңуі мүмкін.

Жас мұғалім қызметінің алғашқы кезеңі мұғалімнің әлеуметтік-кәсіби қалыптасуының шешуші кезеңі болып қана қоймай, сонымен қатар маманды дайындаған педагогикалық жоғарғы оқу орны жұмысының тиімділігін объективті түрде тексеру кезеңі де болып табылады.

Республикада ауыл мектептері қала мектептеріне қарағанда әлдеқайда көп екенін ескерсек, ауылда мәдениет және әлеуметтік экономикалық дамыту деңгейін жоғарлатуда жас мұғалімнің жұмысы маңызды екені белгілі. Жоғары білімі бар мамандар ауылдың интеллигенттік күшін құрайды. Қазіргі заманға сай ауылды дамыту, оған жоғары мәдениетті енгізу - ауыл мектебіне жұмыс істеуге келген жас маман үшін алғашқы міндет болып табылады.

2003-2005 жылдарға жоспарланған «Ауыл мектебі» деген үкімет бағдарламасындағы ауыл мектептерін дамыту бойынша алдына қойылған міндетпен тығыз байланысты бекітілген: « Ауылдағы білім жүйесінің дамуын және тұрақты қызметін қамтамасыз ету, ауыл оқушыларының білім сапасын жоғарлату, білім беру мамандарын, ауылдың білім беру ұйымдары, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік тұрғыда қорғау». [1, 136 б. ]

Жас мұғалімдердің ауылдан қалаға көшуі мен жұмыс орындарына тіркелуі әлі күнге дейін өзекті мәселе болып келеді. Педагогикалық кадрлардың ауылдан көшуі үлкен абыржу тудырады. Жоғары кәсіби ерекшеліктері бар қазіргі заманға сай мұғалімді тәрбиелеу, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуы күрделі процес, сондықтан бұл процесті бақылауда тиімді әдіс табу өте қажет. Алғашқы жылдарда кездесетін қиындықтарды анағұрлым сәтті жеңе бастаған сайын, оның бейімделуі мен педагогикалық ұжымға «енуі» соғұрлым тез өтеді. Кәсіби бейімделу үрдісі жас ауыл мұғалімдеріне көмекті тиімді ұйымдастыру нәтижесінде кәсіби бейімделу процесі оңай және тез өтеді. Жаңадан келген жас мұғалімдердің кәсіби қалыптасу мәселесін ынтамен қарау тегін емес. Педагогикалық жоғары оқу орны түлегінің кәсіби бейімделуі - әлеуметтік және психологиялық қана емес, сонымен қатар экономикалық та мәселе.

Педагогтардың кәсіби қалыптасу қиындықтары ауыл мектебінде жұмыс жасау барысындағы алғашқы жылдармен байланысты. Жастардың көбісі, соның ішінде қабіл етті және потенциалды мүмкіндіктері бар мұғалімдер осы кезеңде өздерінің мамандықтарынан түңіліп, өз мамандықтарын ауыстырады. Мұғалімдер кадрларын, әсіресе ауылдық жерлерде бекіту - педагогикалық және әлеуметтік мәселесінің ең өзектісі. Бұл мәселе аз зерттелініп, ғылыми әдебиеттерде аз қарастырылған және зерттеушілер бұл мәселені жеткіліксіз зерттеген. Осы кезеңде жаңадан келген барлық жас мұғалімдер қиындықтарға тап болып, кәсіби қалыптасу процесі кезінде нақты қиындықтарға кездеседі.

Мамандыққа тиімді енуді ұйымдастыру, мәселенің өзектілігі, ауыл мектептері жағдайларына жаңадан келген жас мұғалімнің сәтті бейімделуін қамтамасыз ету, ғылыми әдебиеттерде бұл мәселелердің қазіргі жағдайларға сәйкес нақтылы қарастырылмауы, білім беру органдары және педагогикалық жоғары оқу орны тарапынан жас ауыл мұғалімдеріне практикалық көмек көрсету зерттеуіміздің тақырыбын таңдауға негіз болды.

Қазіргі бейімделу мәселесі жағдайының талдауына сүйенсек, бейімделу процесін жеделдету қажеттіліктері мен ауыл мектебіне жаңадан келген жас мұғалімнің кәсіби бейімделуі туралы ғылыми білімдердің деңгейі арасында қарама - қайшылықтар және кейбір сәйкессіздіктер кездеседі.

Ауыл мектебіне жаңадан келген жас мұғалімнің кәсіби бейімделу процесін оңтайландырудың тиімдірек тәсілдердін табу басты мәселе болып табылады.

Қазіргі ауыл мектебі практикасы үшін педагогикалық жоғары оқу орны түлектерінің бейімделу мәселелерінің өзектілігін және жас ауыл мамандарының бейімделуі жайында көп сауалдардың жете талқыламауын ескере отырып, жаңадан келген ауыл педагогтарының кәсіби бейімделуінің жалпы заңдылықтарын табу, мазмұны мен ғылыми негіздемесін жасау, білім беру органдарының жұмыс жағдайлары мен формаларын, қызметіп жаңа бастаған ауыл мектебі педагогтарының кәсіби бейімделу тиімділігін арттыру жағдайлары мен факторларын аныктау жұмысымыздың мақсаты болып табылады.

Стажы 5 жылдан жоғары, қызметіп жаңа бастаған педагогтардың кәсіби іс - әрекеті зерттеуіміздің объектісі болып табылады.

Қызметін жаңа бастаған ауыл мектебі мұғалімінің кәсіби іс - әрекетке бейімделу процесі зерттеуіміздің пәнін құрайды.

Жас мұғалімдердің ауыл мектебі жағдайларына бейімделу деңгейін алдын ала зерттеу, психологиялық - педагогикалық және ғылыми әдебиеттерді талдау мынандай ғылыми болжам ұсынуға мүмкіндік берді: егер де педагогикалық жоғары оқу орныда оқу барысында студенттер ауыл мектептерінде жұмыс жасауға бағыт - бағдар алса, оларды ауыл мектептерінің оқу- тәрбие процесінің ерекшеліктерімен және қиындықтарымен танысса, ауыл мұғалімінің ролін білсе, ал ауыл мектептерінің әкімшілігі мен педагогикалық ұжымдары жас мұғалімдерге қажетті көмек алса, онда кызметіп жаңа бастаған мұғалімдердің кәсіби бейімделуі сәтті болып, жас мамандардың ауылдан кету көрсеткіші төмендейді.

Зерттеудің проблемасына, мақсаты мен пәніне сәйкес мынадай міндеттер қойылды:

  1. Ауыл мектебі жағдайына жаңадан келген жас мұғалім бейімделуінің арнайы ерекшеліктері мен маңыздылығын зерттеу.
  2. Ауыл тұрмысы жағдайына сәтті бейімделуге әсер ететін маңызды шарттар мен факторларды анықтау.
  3. Ауыл мектептері жағдайындағы оқу- тәрбие жұмысына педагогикалық түлектердің дайындық деңгейін және мектепте жұмыс жасау барысында алғашқы жылдарда оның кәсіби-педагогикалық қызметінің өзгеру динамикасын қарастыру.
  4. Ауылдық мектептің жас мұғалімінің кәсіби-педагогикалық бейімделуінің критерийлерін анықтау.
  5. Ауылдық мектептің жас мұғалімінің кәсіби бейімделуін жетілдірудің ғылыми - әдістемелік сипаттамасын жасау.

Жаңадан келген жас мұғалімнің кәсіби бейімделуінің табыстылығы жас мұғалімнің кәсіби дайындығы мен белсенділігіне ғана емес, сонымен қатар жас мамандардың алғашқы кәсіби қалыптасу, яғни кәсіби бейімделу кезеңінде көмек беру бағдарламасына да байланыстылығы зерттеуіміздің жетекші мәні болып табылады.

Мәселені зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі қызмет процесіндегі жеке тұлғаның даму теориясы, үкіметтің мектеп дамуы және жоғары білім беруді жетілдіру жөніндегі материалдары мен құжаттары, сана мен қызмет бірлігі туралы философия қағидалары, теорияны практикамен байланыстыру болып табылады.

Зерттеу көздері - педагогикалық, психологиялық және философиялық, жас мамандардың бейімделу мәселесі және ауыл мектебіндегі оқу-тәрбие процесінің ерекшелігі жөнінде ғылыми еңбектері; білім беру саласындағы нормативті құжаттар; автордың жеке педагогикалық және зерттеу тәжірибесі.

Қойылған міндеттерді шешу үшін біз бір топ зерттеу әдістерін пайдаландық: зерттелініп отырған мәселеге байланысты психологиялық- педагогикалық және философиялық әдебиеттерді теориялық түрде талдау; бақылау, сарапшылық бағалау әдісі және өзін-өзі бағалау, сұрақ-жауап, педагогикалық эксперимент, салыстыру, алынған мәліметті талдау, жас педагогтардың құжаттамаларын талдау.

Жаңадан келген жас мұғалімнің кәсіби бейімделуінің ерекшелігін көрсету ғылыми жаңалық пен теориялық маңыздылық болып табылады. Бейімделу процесінің сәтті болуына кәсіби мотивация мағынасы, жаңадан келген жас педагогтардың бейімделу процесін ғылыми негізделген жетекшілік жасау мүмкіндіктері мен қажеттіліктері көрсетілген.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы жаңадан келген жас мұғалімдердің кәсіби бейімделудің тиімділігін, оңтайландыруын және жеделдетуін жоғарлату мақсатымен ғылыми басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Зерттеудің негізгі кезеңдері :

Бірінші кезеңде (1997-2000ж) зерттеу проблемасының педагогика ғылымындағы, сонымен қатар психология және философиядағы жай - күйі зерттелінді. Ауылда жас мамандарды бекіту сауалдары бойынша педагогикалық жоғары оқу орны мен білім беру органдарының бірігіп жасаған жұмысы мен мәліметтері талданды.

Екінші кезеңде (2000-2002ж) жаңадан келген жас ауыл мұғалімдеріне алғашқы жылдары мектепте жұмыс жасау барысында кездескен қиындықтардың көзін анықтаған эксперимент жасалды. Тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың және оны өткізудің қағидалы-бағалау аппаратының әдістемесі жасалды. Ауыл мектебіне жаңадан келген жас мұғалімдердің сәтті бейімделу жағдайлары мен факторларын қолданудың ең тиімді түрлері мен тәсілдері кейінгі эксперимент барысында анықталды.

Үшінші кезеңде (2002-2003ж) тәжірибелік - эксперименттік жұмыс қорытындыланды, зерттеудің нәтижелері мен түйіндері тексерілді, сынақтап өткізу мен енгізілу және талқылау жасалынды.

Қорғаудың негізгі мәселелері:

  • жаңадан келген жас ауыл мұғалімінің кәсіби бейімделу үрдісінің тиімділігін арттыруды қажет ететін жағдайлар;
  • жас мұғалімнің ауыл мектебінде жұмыс жасауға сәтті бейімделу факторлары;
  • ауыл мектебіне жаңадан келген жас педагогтардың кәсіби бейімделуінің деңгейлері мен қағидалары;

Зерттеуден алынған нәтижелердің нақтылығы ауыл мектебі жұмысы практикасының жүргізілген зерттеу нәтижелерін сәтті енгізу, ауыл мектептерінде жұмыс істейтін педагогикалық жоғары оқу орны түлектерінің зерттеуге енуі, зерттеудің міндеттері мен ғылыми болжам, адекватты мақсаттар, өзара бағалау, зерттеу әдістерінің кең пайдаланылуы, психология, философия, педагогиканың әйгілі қағидалары негізінде жүзеге асады.

Зерттеудің базасы: Алматы облысының ауыл орта білім беру мектептері мен мектеп-гимназиясы.

Зерттеудің негізгі нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға енгізу Алматы облысының мектептерінде жүзеге асты. Зерттеудің негізгі нәтижелері ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік конференцияларда баяндалды. Бұлар автордың жарияланымдарында жарық көрді.

Жұмыстың құрылымы жүргізілген зерттеудің нәтижелерін, мазмұнын және логикасын көрсетеді.

Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданған әдебиеттер тізімінен және 4 қосымшадан тұрады.

Кіріспесінде зерттеу тақырыбы мен мәселенің өзектілігі негізделіп, міндеттері мен мақсаты, пәні мен объектісі анықталып, гипотеза ұсынылып, жасалған зерттеудің практикалық маңыздылығы мен ғылыми жаңалығы көрсетілді.

« Қызметіп жаңа бастаған ауыл мектебі мұғалімінің кәсіби бейімделуі - педагогикалық проблема» атты бірінші бөлімінде жас маманның кәсіби, әлеуметтік-психологиялық бейімделудің маңыздылығын анықтап, ауыл мектебінің оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік-педагогикалық ерекшелігін көрсетіп, жаңадан келген ауыл мұғалімінің кәсіби қызметтеріндегі әдеттегі кездесетін қиындықтардың мінездемесі берілген.

« Қызметіп жаңа бастаған ауыл мектебі мұғалімінің кәсіби бейімделуінің тиімділігін арттыру жөніндегі тәжірибелік -эксперименттік жұмыстар» атты екінші бөлімінде ауыл мектебіне жаңадан келген жас мұғалімнің сәтті кәсіби бейімделудің факторы мен жағдайлары, деңгейі мен қағидалары анықталып, зерттеу тақырыбы бойынша тәжірибелі жұмыстың әдістемесі, ұйымдастырылуы және мазмұны сипатталып, өткізілген экспериментке талдау жасалынған.

Қорытынды бөлімінде зерттеу нәтижелері бойынша түйіндемелер ұсынылып, ауыл мектебі жағдайына жас мамандардың бейімделу процесін жетілдіру үшін ғылыми негізделген ұсыныстар жасалған.

1 - бөлім Қызметін жаңа бастаған ауыл мектебі мұғалімінің кәсіби бейімделуі - педагогикалық проблема.

  1. Жас мұғалімнің кәсіби бейімделуінің теориялық негіздері.

Жас мұғалімдердің бейімделу мәселесі көптеген зерттеуші ғалымдарды толғандырады. Педагогикалық жоғары оқу орны түлектерінің бейімделмеуі тек әлеуметтік және психологиялық шығындарға әкеліп соқпай, сондай-ақ экономикалық қиындықтарға да әкеледі. Біз жас мұғалімдердің кәсіби бейімделудің жалпы мәселелері мен жаңа ортаға байланысты еңбек қызметінің бастамасын қарастырамыз.

Қазіргі кезде жас ауыл мұғалімдерінің бейімделуі ерекше өзектілікке ие болып отыр. Білім берудегі артықшылықтардың өзгеруіне байланысты ауылдық мектептегі қызмет мазмұны да сапалы түрде өзгеріп жатыр. Дамудың тәуелсіз, дәстүрлі жүйесіне өту өсіп келе жатқан ұрпақты ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиелеу дәстүріне, халық тық педагогиканың прогрессивті идеяларын қолдануға қызығушылық тудырады. Біріншіден, бұл бағдарламаны жүзеге асыру ауыл мектептерін маманданған педагог кадрларымен қамтамасыз етумен байланысты. Жас мұғалімдердің кәсіби бейімделу мәселелерін зерттеу бірқатар ғылыми әдіс-тәсілдерімен жүзеге асады: экономикалық, педагогикалық, психологиялық, философиялық. Біздің зерттеу тақырыбымызмен байланысты психологиялық-педагогикалық бағытталған жұмыстардың ішінен А. Н. Чаловтың [2], А. Н. Алексеевтің [3], А. И. Андарило [4], Л. И. Бондарчуктің [5], Т. А. Аксакованың [6], А. Е. Кондратенковтың [7], Е. Г. Шаинның [8], Ш. М. Джораеваның [9], В. М. Егоровтың [10], П. А. Жильцовтың [11], М. И. Куликовтың [12], П. А. Шептенконың [13], Г. В. Кондратиеваның [14], У. Б. Агбаеваның [15], Барнауыл педагогикалық институт мұғалімдер ұжымының көп жылдар бойы жүргізген зерттеулері және т. б. ерекше қызығушылық тудырады. Олардың жұмыстарында ауыл мектептеріндегі оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі, ауыл тұрмысы дәстүрінің артықшылығы ашық көрсетіліп, көбісі ауыл мектебі жағдайына жас мұғалімдердің кәсіби бейімделу үрдісінің ерекшелігі мен мазмұнын, пәнін анық көрсетуге әрекет жасайды. Бейімделудің тиімділігін арттырудың психологиялық-педагогикалық деңгейлері анықталып келеді. Жас ауыл мұғалімдерінің бейімделу критерийлері жасалуда.

Зерттеудің көбісі студенттердің өздік жұмысына арналған. (Белоусова И. И., Беннер В. М., Брецтигам Э. К., Мартынованың М. Ф. [16] жұмыстары) . Зерттеушілер мұғалімнің бейімделуін жүзеге асыратын факторларды анықтауда, оның ішінде: педагогикалық қарым-қатынас ( С. Я Ромашина [17] ), жұмыстың жеке стилі ( Т. А. Леонтьева [18] ), ауылда мұғалімдер кадрларын бекітуге әсер ететін жағдайлар анықталды (Г. Г. Гуслякова [19], Н. В. Ефремова[20] ) . Қазақстанда педагогикалық кадрларды бекітуге байланысты мәселелерді К. Г. Садвокасова [21] және П. Л. Васильченко [22] қарастырды.

Чаловтың А. Л. [2] монографиясы айтарлықтай қызықтырады, онда жалпы орта білім беретін ауыл мектебі мұғалімі қызметінің ерекшелігі сипатталады, ауыл мұғалімінің жеке тұлғасының үлгісі, оның дайындық критерийлері ұсынылып, жас мұғалімдердің ауылда жұмыс жасауға дайындық деңгейі зерттеулерінің нәтижелері жалпыланады.

Т. А. Аксакованың [6] зерттеуінде педагогикалық жұмысқа кәсіби бейімделу үрдісінің психологиялық-педагогикалық механизмдері, ерекшеліктері, мазмұны және пәні көрсетілген. Ол қала және ауыл жас мұғалімінің кәсіби бейімделу процесінің өту ерекшеліктерін салыстырады. Осы процестің тиімділігін жоғарлату жағдайын айқындайды.

С. Г. Вершловскийдің [23], Е. Н. Ермолаеваның [24], П. А. Просецкийдің [25], Н. А. Свиридовтың [26], В. А. Сластенинаның [27], М. И. Скубийдің [28], А. И. Ходаковтың [29], Л. К. Зубцованың [30], Н. М. Голянскаяның [31] және басқалардың зерттеулерінің пәні әр түрлі еңбек ұжымдарында бейімделу болып табылады, оның ішіне адамның белгілі бір ортаға, өмір және еңбек жағдайларына, өндіріс ұжымының нормалары мен құндылықтарына, өзара қарым-қатынастарына бейімделу кіреді. Ғалымдар кадрларды реттеу және қою, көшудің алдын алу, тұлғаның белсенділігін, адамның жұмысқа қызығушылығы жөнінде мәселелерін шешуге тырысуда.

С. Г. Вершловскийдің [23] жетекшілігімен құрылған зерттеушілер тобы жас мұғалімдер қызметінің әлеуметтік-педагогикалық аспектілерін жасаумен шұғылданды. Олар мамандықты таңдау себептері, мамандыққа деген көзқарасы, оған қанағаттануын сипаттап, кәсіби қалыптасудың жетекші факторларына сипаттама берді. Л. К. Зубцова [30] жас мұғалімнің ұйымдастырушылық, педагогикалық жағдайға бейімделуін ықпал ететін маңызды әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық, білім беру және психологиялық факторларды атап өтті. Ол болашақ мұғалімдердің кәсіби қызметке дайындалудың барлық кезеңіндегі кәсіби бағдарлау жұмысының әдістері мен формалар жиынтығын ұсынды.

Сонымен қатар, осы жұмыстар мен зерттеулерде жас ауыл мамандарының кәсіби бейімделу процесінің маңыздылығы, сәтті бейімделуге маңызды шарттары, ауыл мектебінде жұмыс жасауға педагогикалық институт түлегінің бейімделу деңгейін анықтайтын басты қағидалар мен көрсеткіштер, педагогикалық жоғары оқу орны түлектерінің ауыл мектеп жағдайларындағы оқу-тәрбие жұмысына дайындығының тиімді әдіс-тәсілдері және ауыл мұғалімдерінің педагогикалық қызметінің алғашқы жылдарында бейімделу процесін жеделдету сияқты мәселелер жеткіліксіз қарастырылған.

Бейімделуді әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде И. А:Милославова [32], Н. А. Свиридов [26], М. И. Скубий [28], Л. П. Буева [32], А. А. Русалинова [34], Г. В. Кондратьева [14], М. А. Ошуркова [35], Л. Т. Борисова [36], Р. Х. Шакуров [37], В. Г. Асеев [38], С. В. Овдей [39], В. С. Немченко [40], Л. С. Шубина [41], М. Я. Педаяс [42] және басқаларымен қарастырылады. Олар түлектердің мамандыққа бейімделу жылдамдығына оқу орнының әсер ететінін зерттеді. Л. С. Шубина [41] кәсіби дайындық процесінде педагогикалық іс - әрекетке бейімделу мәселелерін қарастырады. Осы мәселе жөнінде М. Я. Педаяс [42] өз зерттеу жұмысында атап кеткен, ол мамандықты таңдау әсерін мұғалімнің қызметке бейімделуіне жоғары оқу орныдағы кәсіби дайындық пен алдында оқытылған педагогикалық іс - әрекет тәжірибесімен салыстырды. Г. В. Кондратьеваның [14] пікірінше, кәсіби және әлеуметтік-психологиялық бейімделу процесінің мәні «Адам - ұжым - орта - қоғам» жүйесінде әрқашан қарым - қатынасты жақсартуында; жаңадан келген жұмысшының барлық қызмет түрлерін жақсартуында; тұлғаның жақсы жаққа өзгеруінде; әлеуметтік-психологиялық бейімделу кәсіби бейімелуді толықтырып, жаңа келген жас тұлғаның ұжымға сәтті енуін қамтамасыз етуінде, басқаша айтқанда, ол ұжымның толық мүшесі болып, эмоционалды аймаққа жетуінде.

М. И. Скубий [28] жас ауыл мұғалімдерінің әлеуметтік бейімделу мәселелерін қарастырды, ауыл мектеп жағдайларына жас мұғалімдердің әлеуметтік бейімделу заңдылықтарын зерттеді, бейімделу процесінің динамикасы мен мазмұнына әсер ететін объективті және субъективті факторларды анықтады, жас мұғалімдердің әлеуметтік дағдылану процесіне әр түрлі педагогикалық ұжымдардың әсеріне талдау жүргізді. М. И. Скубий [28, 11-12 б. ] бейімделу маңыздылығын әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырады «… әлеуметтік орта мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің адамдық тәсілі, адам сыртқы жағдайларға пассивті дағдыланбай, керісінше оларға өздерінің мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес практикалық қызметін өзгерте отырып белсенді әсер етеді.

Әлеуметтік бейімделу қос бірыңғай үрдіс, онда адам ортаның әсеріне түсіп, өз жағынан оны өзгертуге белсенді субъект ретінде шығады. Адамдар жағдайлар және тәрбиелеу өнімі ғана емес, жағдайлар да - адам қызметінің өнімі болып табылады».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыка мен әдебиеттің байланысы
12 жылдық оқытуға байланысты мұғалімнің құзырлығын дамытудың жаңашыл жағдайлары
Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс - әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері
Түркістан облысындағы шағын жинақы мектептердің қазіргі жағдайы мен болашағы
Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
Жас мұғалімдер
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру
АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz