Жұбантам алаңына барлау жұмыстарын жүргізу нәтижелері және өнімді беткейдің мұнай газ шоғырларын анықтау жұмыстары


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

АНДАТПА

Осы диплом жобасы Жұбантам алаңы бойынша жинақталған геологиялық және геофизикалық мәліметтерге сүйеніп құралған.

Жобалау жұмыстың мақсаты мен міндеті мұнай кеніштерін іздеу болып табылады, сонымен қатар төменгі бордың баррем готерив жікқабаттарында, және жоғарғы юраның көмірсутектер шоғырлануына ыңғайлы құрылымдық жағдайлары мұнай қорларын С 3 категория бойынша бағалау және есептеу қажет.

Болжау кеніштері тектоникалық экрандалған және литологиялық шектелген.

Жоба бойынша 4 ұңғыма бұрғылау, керн алу және зерттеу, ұңғымаларды геофизикалық әдістердің барлық кешендерімен зерттеу, құбырда орналастырған қабат аспабымен сынамалау, өнімділік бағанасын сынау қарастырылған.

Жобалау беткейі мезозой.

АННОТАЦИЯ

Настоящий дипломный проект был разработан на основе геолого - геофизических материалов собранных на площади Жубантам. Целевым назначением проектируемых работ являются поиски залежей нефти, а также оценка и подсчет запасов по категории С 3, в яруса баррем, готерив нижнего мела, где и предпалагаются залежи углеводородов в благоприятных структурных условиях.

Предпологаемые залежей тектоничеси экранированные и литологический ограниченная.

Пректом предусматривается бурение 4 поисковых скважин, отбор и исследование керна, выполнение комплекса ГИС, опробование в прцессе бурения пластоиспытателем на турбах, испытание в эксплуатационной колонне. Проектным горизонтом является мезозой.

Геологиялық бөлім
8
Геологиялық бөлім: 1. 1 Алаңның физикалық, географиялық және эканомикалық жағдайы
8: 9
Геологиялық бөлім: 1. 2 Ауданның геологиялық, геофизикалық зерттелуі
8: 11
Геологиялық бөлім: 1. 3 Литологиялық, стратиграфиялық сипаттама
8: 14
Геологиялық бөлім: 1. 4 Тектоника
8: 22
Геологиялық бөлім: . 4. 1 Оңтүстік - Торғай ойпаңындағы грабен - синклиналдардың қалыптасу ерекшелігі (Арнайы бөлім)
8: 26
Геологиялық бөлім: 1. 5 Мұнайгаздылығы
8: 31
Геологиялық бөлім: 1. 6 Алаңның сулылығына сипаттама
8: 39
Геологиялық бөлім: 1. 7 Мұнай және газ қорын есептеу
8: 43
Геологиялық бөлім: 1. 8 Жобалау, іздеу жұмыстарының әдістемесі мен көлемі
8: 45
Геологиялық бөлім: 1. 8. 1 Жобалау, іздестіру жұмыстарының мақсаты мен міндеті және ұңғымаларды орналастыру жүйесі
8: 47
Геологиялық бөлім: 2 Техникалық бөлім
8: 48
Геологиялық бөлім: 2. 1 Ұңғыны бұрғылаудың геологиялық жағдайлары
8: 48
Геологиялық бөлім: 2. 2 Жуу сұйығының сипаттамасы
8: 48
Геологиялық бөлім: 2. 3. Ұңғы құрылымын жобалау
8: 49
Геологиялық бөлім: 2. 3. 1 Пайдалану құбыр тізбегін беріктікке есептеу
8: 53
Геологиялық бөлім: 2. 3. 2 Пайдалану құбыр тізбегін цементтеуге есептеу
8: 55
Геологиялық бөлім: 2. 4 Ұңғы сағасын жабдықтау
8: 59
Геологиялық бөлім: 2. 5 Геологиялық, геофизикалық зерттеулер жинағы
8: 59
Геологиялық бөлім: 2. 5. 1 Шлам және керн алу
8: 59
Геологиялық бөлім: 3 Экономикалық бөлім
8: 61
Геологиялық бөлім: 3. 1 Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер есебі
8: 62
Геологиялық бөлім: 4 Еңбек қорғау
8: 71
Геологиялық бөлім: 4. 1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
8: 71
Геологиялық бөлім: 4. 2 Қоршаған ортаны қорғау
8: 81
Геологиялық бөлім: Қ ОРЫТЫНДЫ
8: 83
Геологиялық бөлім: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
8: 84

МАЗМҰНЫ

КіРіСПЕ

Жұбантам алаңында бор түзілімдерінде мұнай кеніштерінің барлығын анықтауға осы диплом жобасы арналған.

Осы диплом жобасында іздеу жұмыстарын жүргізудің негіздеу, олардың міндеттерін бұрғылаудың әдістемелігін және көлемін, ұңғымаларды сынамалау жұмыстарын және геофизикалық зерттеу жұмыстары қарастырылған.

Жобаланған ауданының мұнай-газ кеніштерін барлығы анықталған жағдайда Каспий маңының оңтүстік - шығыс ауданының мұнай қорларының көбейуіне мүмкіншілік береді.

Диплом жобасын құрастырғанда алаңдағы мұнайгаздылығы анықтау үшін алаңының геологиялық құрылымын, мұнай-газды жағдайын мәлімдеп, іздеу жұмыстарының әдістерін және жүргізу бағыттамаларын дәлелдеу, ұңғыларды орналастыру тәртіптерін және олардың тереңдіктерін анықтау, қорын есептеу сұрақтары қарастырылған.

Жұбантам алаңында жүргізілген сейсмобарлау жұмыстарының МОГТ мәліметтерінен Жұбантам алаңы тектоникалық экрандалған және литолгиялық шектелген шоғык екені байқалады.

Диплом жобасын құрастыруға дипломаттық диплом құрастыру аладындағы және өндірістік тәжірибесінде сонымен қатар жоба құрастыруға қажетті материалдар қолданылған.

Диплом жобасы, диплом жобасын құрастыру әдістемелігіне және стандартқа сай құрастырылған.

1 Геологиялық бөлім

1. 1. Алаңның физикалық, географиялық, экономикалық жағдайлары

Жұбантам кенорыны Сағыз және Ембі өзен араларында орналасқан. Атырау облысы Жылыой әкімшілігіне кіреді. Кенорын алаңы Құлсары темір жол станциясының солтүстік шығысына қарай 90 км. қашықтықта орналасқан.

Орография жағынан жұмыс алаңының территориясы Каспий маңы ойпатының оңтүстік бөлігіне тән болып келеді. Жазықтық аумақта тартылып қалған тұзды сор көлдері көктемде жауынды және еріген қар суларымен толып отырады. Кейбір терең сорлар жаз мезгілінде тартылмай көлік жүрісіне бөгет болады. Сор сулары ащы тұзды, органикалық жағынан техникалық мақсаттарда пайдалануға болады. Ас суы жұмыс алаңында тапшы. Сондықтан ауыз суын жақын орналасқан ауылды мекендерден тасымалданады. Бұрғылау жұмыстарына қажетті суларды Сағыз өзенінен тасымалдайды.

Ауа райы өте ерекше континенталды, жаз айларында құрғақ +40 0 С+45 0 С, қыс айлары салқын, орташа -10 0 -150 0 С кейбір кезде -30 0 -40 0 С аяз болады. Жалпы жыл бойынша орташа температура +5 0 С. жыл бойынша орташа жауын шашынмен қар суларының мөлшері 200мм аспайды.

Аудан көлеміндегі жануарлар дүниесімен өсімдіктер әлемі кедей, сондықтан тіршілік жәндіктері-тышқандар, сарышұнақтар, қояндар, қосаяқтар, қасқырлар; құстар-бүркіт, қыран түрлері жиі кездеседі. жер бедерінің беткі қабаты әдетте тұрақсыз саздақтардан және ұсақ құмтас, саздар түзілімдерінен тұрады.

Ауданның негізгі қатынас жолдары-жақын елді мекендермен байланыстыратын жазда ыңғайлы қара топырақ жолдары, тас жолдар және үлкен темір жолдар.

Жергілікті халықтардың көп мөлшері негізінен қазақпен орыс ұлттары мекен етеді.

1. 2. Алаңның геологиялық, геофизикалық зерттелу тарихы

1962 ж. Ембі мнай, газ облысының ауданында 43-44-49/62 гравиметриялық партиямен В. А. Найденов жетекшілігінің басқаруымен алаңдық гравиметриялық түсіру жүргізілді. Осы жұмыстар нәтижесінде 1: 2 масштабты гравиметриялық карта тұрғызылды.

1970 ж. «Казнефтегазразведка» басқаруымен сейсмикалық партиясы 65-66/70 Орал геофизикалық экспедициясымен Жұбантам, Даулеталы күнбездерінде МОВ және КМПВ сейсмикалық зерттеулер жүргізілді.

Жүргізілген сейсмикалық зерттеулер нетижесінде Дәулеталы және Жұбантам күмбездерінің тұзасты түзілімдерінің құрылысы мен тұз жабындары зерттелді.

Жартылай тұйықталған, тектоникалық бұзылыстармен экрандалған мұнай газ жиналуына барлық қолайлы жағдайлары бар аудандарды бөлген.

Барлық профильбері бойынша 1:2 масштабты сеисмикалық қималар, III, V құрылымдық карталар және VI (тұз жабыны) шағылу беткейлері бойынша схемалық құрылымдық карталар тұрғызылды.

1972 ж. «Казнефтегазразведка» басқармасымен Орал геофизикалық экспедициясының 65-66/72 сеисмикалық партиясы сейсмикалық зерттеулер жүргізді. Осы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қызылкөл, Жұбантам, Оңтүстік Қабысысор, Жусалысай, Қарамұрат және т. б. күнбездері зерттеліп, III, V, VI шағылу беткейлері бойынша 1:5 және 1:1 масштабымен құрылымдық карталар тұрғызылды.

1980-1981 жылдары «Казгеофизика» Іле геофизикалық экспедициясы 2/80-81 Ембі партиясы тұз асты және тұз үсті кешендерінде мұнай, газдылы құрылымдарды табу және дайындау үшін МОГТ нақтылы сейсмикалық зерттеулер жүргізілді.

1981-1983ж. ж. Жұбантам күмбезінде «» бірлестігімен ЦГПЭ құрылымдық бұрғылау жүргізілді. Барлығы жалпы ұзындығымен 10198 м. 24 ұңғыма бұрғыланды. Осы жұмыстардың негізгі мақсаты ашылып жатқан қиманың геологиялық құрылымын, сейсмикалық шағылу беткейінің көлбей жатуының нақтылығын, литологиялық құруын, түзілімдердің мұнайгаздылығын және құрылымды терең іздеу барлауға дайындау басты мақсат болды.

1987-1990 жылдары ПГО «Казгеофизика» сейсмикалық экспедицияларымен үлкен көлемді сейсмикалық зерттеулер жүргізілді, осы жұмыстардың нәтижесінде Жұбантам құрылымының геологиялық құрылысы анықталды.

2002-2003 жылдары 8702 сейсмикалық партияның профильдерін біраз бөлігін қайта өңдеп, 2003 жылы геолого-геофизикалық гравиметриялық мәліметтерінің арқасында интерпритациялдық кешен жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстар нәтижесінде Жұбантам құрылымының геологиялық құрылысы анықталды.

Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу әдістемесі ҰГЗ мәліметі бойынша интерпритация қорытындысы және олардың дәлділігі .

Ұңғымалар тығыздығы 1, 22-1, 25г/см 3 , тұтқырлығы 45-70 сек. Және қабаттың қабаттық жағдайдағы кедергісі 0, 17-0, 45 Омм болып келетін сазбен шайылған сұйықтықта бұрғыланған.

ҰГЗ жүргізу шарты негізінен ұңғымаларды геофизикалық зерттеуге дайындау нормасына сай келеді.

Ұңғымалардың қималарын оқу үшін ҰГЗ-дің келесі түрлері қолданылады: стандартты каратаж, бүйірлі микрокаратаж, акустикалық каратаж, кавернометрия, термометрия, инклинометрия. Әр бір ұңғыма үшін зерттеулер көлемі 3, 4, 1 кестеде көрсетілген. Зерттеу АКС/Л-7 каратажды станциясында жүргізілген. Жұмыстың техникасы мен әдісі ұңғымаларда геофизикалық зерттеу жүргізудің техникалық міндеті және қолданылған аппараттар мен құралдардық техникалық инструкциясымен сәйкес келеді.

Тереңдік масштабы 1:500 м. стандартты электракаратаж барлық ұңғымаларда жүргізілді. Рк қисығының жазу масштабы 1омм 1 см-ге ПС-2, 5-12, 5мв 1см-ге. Тіркеу жылдамдығы 2500 м/г аспайды. Стандартты каратаж қисығы қима корреляциясы үшін қолданылады.

Бүйірлі зондты каратаж тереңдік масштабы 1:200 табанлы градиент зонды сериясы А0, 4М 1N, А1МО, 1N:А2МО, А8М1N ұңғымаларда жүргізілді. Жазу масштабының кедергісі 10мм 1см. Тіркеу жылдамдығы 2000-2500 м/сағ. БКЗ саны нақты қисық кедергісі қабаттарын сіңбейтін теорияллық қисықпен сипатталады.

Бүйірлі каратаж 3, 4, 11, 14, 15 ұңғымаларында жүргізілген. Кедергі масштабы логарифмдімодулі 3, 5 см-ге тең. Тіркеу жылдамдығы 2000 м/г-ге дейін. Өлщеу АБКТ аппараты мен жүргізілді.

Бүйірлі микрокаратаж ұңғымаларда ИМБК аппараттарымен жүргізілді. Кедергі масштабы логарифмдік модулі 3, 5 см-ге тең, тіркеу жылдамдығы 1200 м/сағ.

15 ұңғымада каллонадағы жазу жоқ. Аккустикалық каратаж қисығының сапасы қабат тығыздығына байланысты бағаланды.

Термаметрия ұңғымаларында БКЗ арқасында жүргізілді. Геометриялық градиентті анықтау мақсатындығы температура өлшеуі қатынаспайды. Интерпритация үшін сынама өлшеудегі ұңғымаларда жүргізілген.

Барлық кешен зерттеулерінің мәліметтері бойынша каллекторлар болай болды: БКЗ, БК, ИК, МКЗ, РК, АК, ДС, ПС. ПС және ГК қисықтарында коллекторлар қарсы амплитудасы, сазды қабатты болып келеді немесе ДС қисықтарындағы ұңғыманың номиналды диаметрін сақтайды. Микрокаратаж бойынша МБК қабатының қабатшаларға бөлінуімен ерекшеленеді.

Қабаттар ВНИГИК әдісі бойынша өндіріледі. Ұңғымада 4 өнімді қабат зондты қисықтық екі қабатшадан тұрады, ал 14 ұңғымада коллекторға қарсы төмендетуін өнімділік баққылауын сулы қабат зондталған үш қабатшалы қисық өнімділікті жоғарлатқыштан тұрады

Су мұнай жапспрын анықтау.

Мұнай-су бөлімі БКЗ, ИК қисығы бойынша КС мәліметтерінде бөлінеді. Су мұнай жапсары 482, 4 м. (-392, 3) және 389 м. (-297, 4) сәйкесінше тереңдікте 14 (IVбеткей) және 15 (VIIбеткей) ұңғымаларындағы кедергінің күрт өзгеруі брйынша бөлінеді.

Коллектордың кеуектілігін анықтау.

Қабат коллекторларының кеуектілігі кедергі әдісінің мәліметі және акустикалық каратаж бойынша анықталады. Қабат кеуектілігін кедергі әдісінің мәліметі бойынша анықтау үшін: сулы қабаттың кедергісі (өнімділік аймағында) қабат суларының кедергісі және қатыстық кедергінің кеуектіліктен тәуелділігінің параметрлері керек.

Қабат суларының кедергісін судың химиялық талдау мәліметіне қарап бағаланады. Қабат суларының минералдығы 125, 6/л. тең. Ауданда геометриялық градиент өлшенген жоқ. Есепке саналған 23-33 0 С аралығындағы температура алынды, орташа үлкендігі 26 0 С тең.

Жоғарыда айтылған минералдылығына және қабат температурасына қарап қабат суларының кедергісі 0, 06 омға тең деген тұжырымға келеміз. Ал кедергі кеуектілігінің Ал кедергі кеуектілігінің кеуектілікте тәуелділігі сынамаларға аз көлемде зерттеу жүргізуіне байланысты анықталған жоқ. Есепке Орысқазған кенорнының тәуелділігін Р п = f (K п ) алынған.

1. 3. Литологиялық, стратиграфиялық қимасы

Палеозой жүйесі - PZ

Ашылған палеозой қимасының түзілімдері перм жүйесінің кунгур жік қабатымен ғана берілген.

Ауданның осы кезңінде ұңғылармен кунгур жік қабатында төменгі пермнен төрттік кезеңге дейін кешен түзілімдері ашылды.

Электрокаратаж диаграммасы, литологиялық белгілері, микрофауналық нәтижелері мен палинологиялық талдаулар арқасында стратиграфиялық кескіндеу бөлек жік қабаттар мен жік қабатшаларда жүргізілді.

Перм жүйесі - Р

Кунгук жік қабаты Р

Кунгур жік қабатының литологиялық кескіні 2 қалыңдықтарымен берілген: төменгісі - галогенді, жоғарғысы - сульфатті-терригенді.

Кунгурдың галогенді кескіні тұзбен берілген (тасты және мөлдір, орта және ірі кристалды, тығыз) .

Сульфатті-терригенді эвопаритті қалыңдық қоңыр, қара қоңыр, жасырын кристалды, қатты ангидритпен берілген.

Электрокаратажды диограммада галогенді қалыңдық әлсіз дифференциалда қисық ПС, төмендетілген ГК сипатталады.

Сульфатті-терригенді қабат ГК, ПС қисықтарында үлкен және теріс аномалияларымен сипатталады. . Ашылған қалыңдық 116м.

Мезозой жүйесі - МZ

Мезозой түзілімдері қаралып жатқан ауданда кең таралған және барлық құрылымдық - іздеу, терең - іздеу ұңғымаларымен ашылған. Олар триас, юра, бор түзілімдерімен берілген.

Триастық жүие - Т

Зерттеліп жатқан аумақ триас жік қабатының түзілімі жоғарғы бөліммен берілген. Триастың литологиялық түзілімі саздар және құмтастармен берілген.

Саздары жасыл, көгілдір-жасыл, қоңыр, қара-қоңыр анда-санда шұбар түрлі түсті және де тығыз, аргилитке ұқсас, қатпарлы көмірленген өсімдіктер қосылыстарымен.

Құмтастары жасыл, қоңыр және шұбар түрлі түсті. Орта, ұсақ түйірлі, полимикті, сазды - ізбесті цементтен тұрады.

Электрокаратаж диограммасы бойынша триас түзілімдері дифференциалда қисық КС, ПС және кемірек дифференциалды қисық ПС - пен сипатталады. Қалыңдығы 24м -ден 266м - ге дейін.

Юра жүйесі - J

Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бортында юра жүйесінің үш бөлімі берілген, соның ішінде төменгісі мен ортаңғысы континентальді лагуналармен ал жоғарғысы теңіз түзілімдерімен берілген.

Юра жүйесінің түзілімдері барлық ұңғылармен дерлік ашылған және төменгі, ортаңғы жоғарғы бөлімдермен берілген.

Төменгі юра - J 1

Төменгі юра түзілімдері триас үстінде шайыла көлбей жата литологиялық саздар мен аргилиттермен берілген.

Құмдар мен құмтастар қоңыр, жасылдау - қоңыр түсті. Ұсақ және орта түйірлі, көмірленген өсімдік қалдықтарымен нығыздаоған.

Саздары сұр қоңырқайлау реңкпен, тығыз, алевритті, қиғашқабатты (20-30 0 ) өте сирек көмірленген өсімдіктер қалдығымен, Ұсақ жұмыр тастар. Жұмыр тастар төменгі юра уақытына тураланған.

12 ұңғыма үлгілерінен полинологтармен спора тозаңдар кешені анықталған, төменгі юра түзілімдеріне сипатталады.

Каратаждық сипаттама бойынша төменгі юра төзілімдері литологиялық құрамы ерекшелігімен келісімді. Ең аз мағыналы сияқты кедергілер олардың талаптарына сай болады. Солардың арасында сирек құздар құмтастар мен аргилиттер қабаттаса бөлінуі байқалады. Қисық ГК өкпек дифференциалды және саз бен құмның алмасуы бейнелейді. Қалыңдығы 0-ден 123м -ге дейін жуық.

Ортаңғы юра J 2

Төменгі юра түзілімдері триас түзілімінің үстіне шайыла көлбей жата біртекті сұр түсті континентальды құмтастар мен саздар түзілім кешенімен берілген.

Палинологиялық мәліметтер мөлшері жеткіліксіз аз болуынан орта юра жік қабатының түзілімінін дифференттеуге сәті түспеді.

Ортаңғы юраның литологиялық түзілімі саздардың, құмдардың, құмтастардың және сирек алевролиттердің алмасумен берілген.

Жыныстардың бояуы сұр, ақшыл сұрдан қоңыр сұрға дейін. Саздар көпсанды шабуылдармен және қабатшалармен сипатталады.

Жыныстарда көмірленген өсімдіктер қалдықтары мен қоңыр көмірдің қосылыстары кездеседі.

12 ұңғымада ортаңғы юра жасының спора тозаңдар кешені анықталған.

Электрокаротаж диаграммасында ортаңғы юра түзілімдері күшті кесілген қисық КС-пен сипаттала отырып, бөлек шыңдарда құмтастар мен алевролиттердің алмасуы берілген. Қисық ПС пен ГК да қатты кескінделген және оң (саздар тиістілері) мен теріс (құмдар тиістілері) аномалиялар алмасуымен берілген. Ортаы юраның жоғарғы шекаралары құмтастар қалыңдықтарының алмасуымен нақты бөліне отырып ПС, ГК минимум қисықтарымен сипатталады және тап сол қисықтарда готеривтің сазды жыныстары максимумдармен берілген. Түзілімдердің қалыңдығы 399м. дейін жетеді.

Жоғарғы юра J 3

Жоғарғы юра түзілімдері зерттеліп жатқан ауданда шектеліп таралған және ортаңғы юра түзілімдерінде үйлесімсіз көлбей жатады.

Бұл түзілімдер палеонтологтармен волжски сияқты сипаттлған.

Волжски жік қабатының түзілімдері теңіз тегінің сазды және карбонатты жыныстарымен берілген: мергелдермен, ізбестастармен, саздармен және құмтастармен.

Саздар қара-сұр кейде жасылдау реңкпен, тығыз, слюдалы, әлсіз ізбестелген. .

Мергелдер қара-сұр және қоңырқайлау - сұр, сазды кальцит тамыршықтарының іздерімен және ұлу қабыршық сынықтарының қосылытарымен.

Ізбестастар сұр, сазды, қатты мол ұлу қабыршық сынықтарының қосылытарымен. Элекрокаратаж диаграммасында жоғарғы юра түзілімдері әлсіз көтерілген дифференциалды КС қисықпен, және қатты дифференциалды ПС, ГК - пен сипатталады, теріс мағыналарымен. Қалыңдығы 0 -ден 30м. - ге дейін.

Бор жүйесі - К

Бор түзілімдері қарастырылып жатқан ауданда кең тараған және екі бөліммен берілген. Төменгі терригенді және жоғарғы карбрнатты Төменгі бөлім готерив, баррем, апт, альб түзілімдерінен тұрады. Жоғарғы бөлім барлық жік қабаттармен берілген, бірақта олардың қалыңдығы қатты өзгереді. Себебі жоғарғы бор кезеңінде қарқынды тербелмелі қозғалыстар болған, соның салдарынан қиманың біраз бөлігін шайып кетті. Негізінен осы түзілімдер құмтаста-сазды жыныстармен берілген. Ал қалыңдығы оңтүстік-батысқа қарай үлкейеді.

Төменгі бөлім К 1

Төменгі бор бөлімі өзіне готерив, баррем, апт және альб жік қабаттарын қосып алады.

Готерив жік қабаты К 1 Һ

Бор қимасы готериы жік қабатының теңіздік түзілімдерінен басталады және стратиграфиялық жағынан ортаңғы юра жасты жыныстарының үстінде үйлесімсіз көлбей жатыр.

Сұр - жасыл алевритті, әктасты, қабатты, тығыз саздар көмірленген сирек кездесетін өсімдіктер қалдық қосылыстары жік қабаттың негізін салады. Саздар арасында құм және құмтас қабатшалары кездеседі. Құм мен құмтастар сұр түсті, полимиктілі, қабатты, сазды, ұсақ және орта түйірлі, тығыз және борпылдақ. Қимамның жоғарғы жағына қарай құмтастың түрлерінің көлемі көбейеді, ал саздар бағынышты жағдайда. Құмтасты түзілімдер шығысқа қарай үлкейіп, ал батыс және оңтүстік - батыс бағытқа қарай құмтастар сазды болып жатыр.

Жік қабат түзілімдерінен анықталған пелициподалар Nuculana scapha Orb, Thracia striata Werth, Corbula jongeldensis Nik, C. Pseudoelegans Nik, Astarte subcostata Orb және т. б. готерив жік қабатына сай.

Готеривтің түзілімдері барлық ұңғымалармен ашылған және юра жүйесінің түзілімінде трансгрессивті көлбей жатыр. Литологиялық олар саздармен, құмтастармен және құмдармен берігген.

Саздар көкшіл -сұр, және жасылдау - сұр, тығыз, құмтасты, слюдалы, көмірленген өсімдіктер қалдықтары, пириттің түйірлері қосылыстарымен және құмтастардың, ізбестастардың қабатшаланған.

Құмтастар сұр, қара - сұр, орташа және ірі түйірлі, кварцты полешпатты.

Элекрокаратаж диаграммасында готерив қалыңдығы әлсіз дифференциалданған КС қисығымен және оң мағыналы ПС - пен сиппатталады.

Қарастырылып отырған жік қабаттың табаны сазды жыныстардың, юра түзілімінің құмтастар пачкаларының ауысуымен дәлдеп түзеледі. Готеривтің жоғарғы шекаралары құмтасты қабатының жабынымен жүргізіледі. Қалыңдығы 11м - ден 108м -ге дейін.

Баррем жік қабаты К 1 br

Құм беткейлері жік қабаттың негізін салады. Құмдар полимиктілі, сазды, жасыл - сұр түсті, әр түрлі түйірлі, қабатты емес және борпылдақ. Құм беткейінің жоғарғы жағында континентальды шұбар түрлі түсті саздар көлбей орналасқан.

Осы жыныстар баррем ярусына жататуын саздардан неакомға сай спора тозаңдарының кешені анықталды: Selaginella galcata Bolch., Anemia remissa Bolch., A. Tricostata Bolch., Schizaea laevigatiformis Bolch., Glechenia umbonata Bolch., Ginrgo parua B., Bennettites sp., Pinus sp., Picea sp.

Баррем түзілімдері готеривтікі сияқты көп санды бұрғыланған ұңғымаларымен ашылған және готерив үстінде трасгрессивті көлбей жатыр.

Барремнің литологиялық түзілімдері саздармен, құмтастармен және құмдармен берілген. Саздар шұбар түрлі түсті (қызыл, жасыл), тығыз кесекті, аргилит сияқты, құмтас, аргилит, және құмдар ұяларымен қабаттасып пирит түйірлерінің қосылыстарымен берілген.

Құмтастар жасылдау сұр түсті, ұсақ түйірлі, кварцты полевошпатты тығыздарған, сазда.

Электрокаратаж диграммасында баррем жік қабаты жоғарғы және төменгі жатқан түзілімдардің жоғарғы мағыналыКС және ПС жақсы бөлінген. Баррем түзілімдерінің қалыңдығы 30 м-ден 430 м. аралығында өзгереді. Оңтүстік - батысқа қарай қалыңдығы 430 м. дейін үлкейеді

Апт жік қабаты К 1 а

Апт түзілімдеріде кең тараған және баррем жыныстарының үстінде көлбей жатыр. Апт түзілімдері кескіннің жоғарғы бөлімінде сұр, қара сұр, ұсақ түйірлі кварцты құмтасдың пачкалармен берілген. Төменгі жаққа қарай құмтастар пачкасы қара сұр керек болса қара саз, тығыз, майлы, алевритті, жасыл, глаукониттіге дейін ауысады. Саздарда көміленген өсімдікткр қалдықтарымен ұлутастардың сынықтары ның қосылыстары байқалады. 1, 6, 8, 10 ұңғымалар үлгілерінде фараминифер кешені анықталып апт жік қабатының түзілімдерімен сипатталады.

Электрокаратаж диаграммасында ашылған кескін әлсіз дифференциалданған КС, ПС қисықтармен берілген, негізінен сазқұрамды жыныстардан тұрады. Қалыңдығы 0 - ден 77м аралығында өзгереді.

Альб жік қабаты К 1 al

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабат қалыңдығы 100 метр
Тұз асты түзілімдері
Алевролитты - сазды қабат
Алаңдардағы түзілімдерден мұнай мен газ шоғырларын ашу мұ-най іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайту
Пайдалану тізбегі мен газға геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру
МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ КЕН ОРЫНДАРЫН ІЗДЕУ ЖӘНЕ БАРЛАУ
Оңтүстік Матин мұнайы
Талдықұдық компаниясында барлау бойынша орындалған жұмыстар
Ақтөбе – Астрахан күмбезі
Алаңның геологиялық, геофизикалық зерттеліну тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz