Сотталған адамдардың құқықтық жағдайы



Кіріспе;
Негізгі бөлім
1. Сотталған адамдардың құқықтық жағдайының түсінгі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Қазақстан Республикасындағы сотталғандардың құқықтық жағдайы ... ... ... ..
3. Ресей Федерациясындағы сотталғандардың құқықтық жағдай ... ... ... ... ... ...
4. Сотталғандардың құқықтық жағдайын реттейтін Халықаралық актілер ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Заң бойынша адам теңдігін оған заңды құқық пен Бостандық беру негізінде тану азаматтық қоғамның басты белгісінің бірі.
ХХ ғасырдағы дүние жүзі қоғамдастығының дамудағы едәуір прогресі адамның жеке тұлғасының бағалығын түсінушілік, оның құндылығы үздіксіз байланыс керектігінде, күнелту мен еркін дамуға ең аз да болса кепілдік қамтамасыз етуінде болып табылады.
Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі негізін конституциялық құқық, бостандық пен азаматтар міндеттері жатады. Жеке тұлғаның құқықтық жағдайынын ерекше айырмашылығы- оның тұрақтылығы мен біршама өзгермейтіндігі.
Көбірек тараған топтастырулар:
• Саяси құқықтар- ол адамның мемлекеттік және қоғамдық- саяси өміріндегі оның саяси тағдыры мен еркіндігін өзі шешуді қамтамасыз ету мүмкіндіктері, мемлекетті басқаруға қатысу;
• жеке азаматтық құқығы мен бас бостангдығы;
• ол адамның заңсыз және орынсыз жеке өміріне, ішкі сезіміне араласпау, жеке басының тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мүмкіндігі;
• ол өндіріс пен материалдық игілікті бөлу саласындағыжеке адам мүмкіншілігі, экономикалық және оған байланысты рухани талаптардың сай келуі және адам қалауына байланыстылығы;
• мәдени құқықтары мен бас бостандықтары ол адамның рухани, мәдени игіліктері, яғни жетістіктерді пайдалану мүмкіншіліктері, оларды өзіне лайықты ынтасы мен қабілеттілігіне қарай жасауға қатынасу;
Қазақстанда адам құқығын сақтаудың маңызды компонентінің бірі-оған сотталғандардың құқығын бұзуды ескерту және бақылау жатады.
Жазаны өтеп жатқан адамдар, мемлекет азаматтары ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей, белгілі бір құқықтық шектеуге қарамастан, адамның азаматтық құқығы мен бостандығына ие бола алады. Соның ішінде барлық сотталғандар жалпыға бірдей Адам құқығы Декларациясы баяндаған адам құқықтары мен бас бостандығын пайдаланады, тек оның шектелу тиістілігіне, бас бостандығынан айыру орындарына анық қамалғаны себеп болады.
Сотталғандармен жұмыс жасау барысында, олар қоғамнан шығарылып қалғандар емес, қайта оның мүшесі болып қала беретіндігіне ерекше көңілаудару керек.
Сондықтан сотталғандарды қоғам өміріне қайтару мақсатында қоғамдық ұйымдарды түзеу органдарымен бірге қызмет етуге, мүмкіндік болған жерде, жұмылдыру керек. Сотталғандарды заңмен тікелей белгіленген жағдайдан басқа кезде азаматтық міндетін атқарудан босатуға болмайды.
1. Авторлар ұжымы, “ Қазақстан Республикасының Қылмыстық – атқару құқығы” ., Жеті жарғы., Алматы: 2002 ж., 37б.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық – атқару кодексі., Жеті – жарғы., Алматы: 1998 ж. ,9-бап.,8б.
3. Коллектив авторов., “Уголовно – исполнительное право Республики Казахстан”.,Баспа., Алматы: 1997 ж. , 39б.
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық – атқару кодексі.,Жеті – жарғы., Алматы:1998 ж. ,10-бап.,8-10б.
5. Под ред. А.И.Зубкова., “Уголовно- исполнительное право Росии” ., ИНФРА М- НОРМА., Москва; 1997 ж., 393б.
6. Шмаров И. В., “Разработка уголовно- исполнительного законодательства определяющих принципы обращения с осужденными” .,Сборник., Москва: 1990ж. 45б.
7. Авторлар ұжымы., “ Қазақстан Республикасының Қылмыстық – атқару құқығы” ., Жеті жарғы., Алматы: 2002 ж. 235-237 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   


Жоспар

Кіріспе;
Негізгі бөлім
1. Сотталған адамдардың құқықтық жағдайының түсінгі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Қазақстан Республикасындағы сотталғандардың құқықтық жағдайы ... ... ... ..
3. Ресей Федерациясындағы сотталғандардың құқықтық жағдай ... ... ... ... ... ...
4. Сотталғандардың құқықтық жағдайын реттейтін Халықаралық актілер ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Заң бойынша адам теңдігін оған заңды құқық пен Бостандық беру негізінде тану азаматтық қоғамның басты белгісінің бірі.
ХХ ғасырдағы дүние жүзі қоғамдастығының дамудағы едәуір прогресі адамның жеке тұлғасының бағалығын түсінушілік, оның құндылығы үздіксіз байланыс керектігінде, күнелту мен еркін дамуға ең аз да болса кепілдік қамтамасыз етуінде болып табылады.
Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі негізін конституциялық құқық, бостандық пен азаматтар міндеттері жатады. Жеке тұлғаның құқықтық жағдайынын ерекше айырмашылығы- оның тұрақтылығы мен біршама өзгермейтіндігі.
Көбірек тараған топтастырулар:
Саяси құқықтар- ол адамның мемлекеттік және қоғамдық- саяси өміріндегі оның саяси тағдыры мен еркіндігін өзі шешуді қамтамасыз ету мүмкіндіктері, мемлекетті басқаруға қатысу;
жеке азаматтық құқығы мен бас бостангдығы;
ол адамның заңсыз және орынсыз жеке өміріне, ішкі сезіміне араласпау, жеке басының тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мүмкіндігі;
ол өндіріс пен материалдық игілікті бөлу саласындағыжеке адам мүмкіншілігі, экономикалық және оған байланысты рухани талаптардың сай келуі және адам қалауына байланыстылығы;
мәдени құқықтары мен бас бостандықтары ол адамның рухани, мәдени игіліктері, яғни жетістіктерді пайдалану мүмкіншіліктері, оларды өзіне лайықты ынтасы мен қабілеттілігіне қарай жасауға қатынасу;
Қазақстанда адам құқығын сақтаудың маңызды компонентінің бірі-оған сотталғандардың құқығын бұзуды ескерту және бақылау жатады.
Жазаны өтеп жатқан адамдар, мемлекет азаматтары ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей, белгілі бір құқықтық шектеуге қарамастан, адамның азаматтық құқығы мен бостандығына ие бола алады. Соның ішінде барлық сотталғандар жалпыға бірдей Адам құқығы Декларациясы баяндаған адам құқықтары мен бас бостандығын пайдаланады, тек оның шектелу тиістілігіне, бас бостандығынан айыру орындарына анық қамалғаны себеп болады.
Сотталғандармен жұмыс жасау барысында, олар қоғамнан шығарылып қалғандар емес, қайта оның мүшесі болып қала беретіндігіне ерекше көңілаудару керек.
Сондықтан сотталғандарды қоғам өміріне қайтару мақсатында қоғамдық ұйымдарды түзеу органдарымен бірге қызмет етуге, мүмкіндік болған жерде, жұмылдыру керек. Сотталғандарды заңмен тікелей белгіленген жағдайдан басқа кезде азаматтық міндетін атқарудан босатуға болмайды.
Негізгі бөлім

1. Қамаудағы адам деп - ол қандай да болмасын құқық бұзғаны үшін сотталып, жеке бас бостандығынан айырылған кез келген адамды айтады.
Сотталғандардың құқығы мен бас бостандығы сот үкімімен және Қазақстан Республикасы заңында көрсетілген мерзімге ғана шектелуі мүмкін.
Сотталғанның құқықтық жағдайын әр түрлі түсінуге болады, себебі, кейбір авторлардың ойынша сотталған азаматтар тек қана сотпен айырылған құқықтарынан басқа өздерінің барлық құқығына ие бола алады. Сонымен қылмыстық- атқару құқық нормалары құқықтың басқа салаларының нормаларына, әсіресе сотталғанның қимылына шек қою жағына ықпал етіп, өз әсерін тигізеді.
Екінші көзқарасты М. И. Федоров айтқан. Оның ойынша сотталғанды құқық шектеу тек қарапайым азамат құқығы көлемінің сандық азаюы жағынан қарау емес, оны қылмыс жасағаны үшін сотталғанның айрықша құқықтық жағдайының элементі ретінде қаралуы тиіс.
Осы көзқарасқа ортақтасқан- Н.А.Стручков. Ол сотталғанның құқықтық жайын, оған жүктелген субьективті міндеттердің жиынтығы және жазаны атқару кезіндегі ие болған құқығы ретінде түсінеді.
Қазақстандық жазушылардың ойынша, жаза өтеп жатқан адамдардың құқықтық жағдайы - ол әр түрлі құқық салалары нормаларында бекітілген және қылмыстық жазаны атқару кезіндегі сотталғандардың құқықтық жиынтығы арқылы айтылған жағдайы, заңды талаптары мен міндеттері.1
Бас бостандығынан айырылған адамдардың бәрінің де, олармен адам баласына тән имандылықпен айналысуға, абыройын сыйлатуға құқығы бар. 1966 жылғы 16 желтоқсанындағы "Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде" былай көрсетілген: "Пенитенциар жүйесінің қамаудағы адамдарға режим қойғандағы мақсаты- оларды түзеу және әлеуметті етіп қайта тәрбиелеу". "Барлық қамаудағылар адамгершілік қасиеті ретінде өздерімен сыйлы қарым- қатынаста болуды пайдалануға тиісті".
Жазаны орындау- мәжбүрлеу акциясы, ол мемлекет жағынан күш қолдану арқылы қамтамасыз етіледі, ол тиісті құқық шектелу қиыншылығына апарып соқтырады. Сотталғандарға жаңа міндеттер жүктеледі, оны обьективтік қажеттілік, тиісті оның мінез- құлқы деп түсінүі керек.
Сотталғанның мұндай құқық шектеулер көлемі жынысына, азаматтығына, жасына, жаза түріне, бұрын сотталғандығына байланысты. Мысалы, Конституциялық күші бар 1995 жылғы 28 қазандағы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының 4- бабына сәйкес, сот үкімімен еркінен айыру орындарында отырған Қазақстан азаматтары сайлауға қатыса алмайды.
Сотталған әйелдердің құқықтық жағдайының басқа сотталғандарға қарағанда өзгеше айырмашылығы бар. Б¦¦ 1985 жылғы 6 қыркүйектегі Ең аз үлгі Ережеде кәмелетке толмағандарға әділ сот қолданылғанда жеңіл жазалау жағын қарау сияқты түзеу мекемелеріне орналастырылған, құқық бұзған жас әйелдерге де айырықша көңіл бөлуді ұсынады. Сонымен бірге құқық бұзушы әйелдерде, әдетте, ерлерге қарағанда аз назар аударылатындығы көрсетілген.

2. Қазақстан Республикасының қылмыстық- атқару заңдарына сәйкес сотталғандар тиісті мәртебеге ие бола алады, оның негізгі субьективті құқық, заңды міндеттері және олардың Қазақстан Республикасы азаматтары үшін белгіленген заңды талаптарымен қоса қылмыстық- атқару заңдары, сот үкімімен шығатын режим мазмұны қойған шектеулер болып есептеледі.
Қылмыстық- атқару кодексі сотталғандардың негізгі міндеттерін былай белгілеген:
1. Сотталғандар осы Кодекспен, өзге де нормативтік- құқықтық актілермен және үкіммен белгіленген құқықтық шектеулерден туындайтын талаптарды сақтауға міндетті.
2.Сотталғандар өздеріне белгіленген мінез - құлық ережесін, жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар әкімшіліктерінің заңды талаптарын орындауға міндетті.
3. Сотталғандардың өздеріне жүктелген міндеттерді, сондай- ақ жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің заңды талаптарын орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеліп соқтырады.1
Аталған міндеттер сотталғандарға жүктелген міндеттердің бір құрамдасы болып есептеледі. Негізгі міндеттер деп аталу себебі: олар жаза атқарып жатқандардың жаза түріне қарамастан барлығына таралады және сотталғандарға қойылатын маңызды талаптарын бекітеді. Сотталғандар міндеттерінің көпшілігі құқық нормаларында бекітіледі де жазаны өтеу тәртібін нақты түрде реттейді.
Сонымен қатар, әсіресе айта кетерлік жайт, ол сотталғандар жаза атқаратын мекемелер мен органдар әкімшілігінің кез келген талабын емес, тек заңдыларын ғана орындауы тиіс. Яғни алдын ала заңдарда негізделіп жазылған талаптар және заңға негізделген нормативтік актілерде соның ішінде жазаны өткеру мен атқару тәртібіне байланысты.1
Сотталғандардың негізгі құқықтарына кіретіндер:
1. Сотталғандардың сот тағайындаған жаза түрін өтеудің тәртібі мен жағдайлары, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алуға құқығы бар. Ақпаратты жазаны атқарушы мекеме немесе орган береді.
2. Сотталғандар жазаны атқарушы мекеменің немесе органның әкімшілігіне, жазаны атқарушы мекемелер мен органдардан жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, басқа мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай- ақ адам құқығы мен бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға ауызша және жазбаша ұсыныстар, өтініштер жасауға, шағымдануға құқылы.
3. Сотталғандар түсініктеме беруге және хат алысуға, сондай- ақ осы баптың 2- тармағында аталғанындай ана тілінде немесе өзі білетін кез келген басқа тілде ұсыныстар, өтініштер жасауға және шағымдануға, қажет болған жағдайларда аудармашының қызметін пайдалануға құқылы. Сотталғандарға жауап өтініш жасаған тілінде қайтарылады. ¤тініш жасаған тілде жауап қайтаруға мүмкіндік болмаған жағдайда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде немесе халықаралық қолданыстағы орыс тілінде беріледі. Жауапты өтініш жасаған тілге аударуды жазаны атқарушы мекеме немесе орган қамтамасыз етеді.
4. Сотталғандар адвокаттардың, сондай- ақ осындай көмек беруге уәкілетті басқа да адамдардың заң көмегін пайдалануға көмегін алуына құқығы бар.
5. Сотталғандар әлеуметтік қамтамасыз етілуге, Қазақұстан Республикасының заңдарынасәйкес зейнетақы алуына құқығы бар.
6. Қамауға немесе бас бостандығынан айыруға сотталғандар өздерінің денсаулығын сақтау үшін қажетті материалдық- тұрмыстық және медициналық- санитарлық қамтамасыздандырылуы құқығын пайдаланады.
7. Соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарды қоспағанда, сотталғандардың мемлекеттік органдарды және жергілікті өзін- өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
8. жазасын өтеген және сотталуына байланысты атқарып жүрген қызметінен босатылған адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке орналасуға және тұрмыстық жағынан, әлеуметтік көмектің басқа түрлерін алуға құқығы бар.
9. Жазасын өтеп жүрген адамдардың қызметкерлер тарапынан сыпайылық көру құқығы бар. Олар қатаң немесе адамшылық қасиетін қорлайтындай жағдайға ұшыратылмауға тиіс. Сотталғандарға мәжбүрлеу шараларын заң негізінен өзгеше қолдануға болмайды.
10. Қамауға, бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктер өз мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдерімен және консулдық мекемелері жоқ елдердің азаматтарының мүдделерін қорғауды өз мойнына алған мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен немесе оларды қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдармен байланыс жасауға құқығы бар.
11. Сотталғандардың құқықтарын іске асыру тәртібі Қылмыстық- атқару кодексімен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік- құқықтық актілермен, Қазақстан Республикасы бекіткен мемлекетаралық шарттармен белгіленеді.1
Сотталғандардың жеке басының қауіпсіздігіне құқығы бар. Жазаны атқарушы мекемелерде сотталғандардың жеке басының қауіпсіздігі сотталғандардың мінез- құлқын қадағалау, олардың өздерін, меншікті заттарын, жайларын, сәлемдемемен алған заттарын тінту мен тексерулер жүргізу, жедел- іздестіру жұмысы, сонымен бірге басқа да аталған ұйымдар әкімшіліктерінің түрлі әрекеттерімен қамтамасыз етіледі. Ерекше жағдайларда сотталғандар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сотталғандардың құқықтық жағдайы ұғымы
Зерттеу пәні - бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың құқықтарының сақталуын құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасындағы сотталған адамдардың құқықтық жағдайы
Бас бостандығынан айырудың қылмыстық құқықтық мәселелері
Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңамасына және арнайы зерттеу әдебиеттеріне талдау жасау
Қылмыстық жазаның ұғымы және жаза жүйесі
Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару құқығы
Қылмыстық атқару құқығының жалпы негіздері. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айырудың құқықтық және әлеуметтік салдары
Қылмыстық құқықтағы бас бостандығынан айыру
Пәндер