«Магазин» Visual FoxPro деректер базасын басқару жүйесі


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Мазмұны1
Жұмыстың тапсырмасы2
КІРІСПЕ3
1. Негізгі бөлім4
1. !. Реляциялық деректер базасын жобалау4
1. 2 Деректер базасының негізі - кестелер6
1. 3 Нормализациялау6
1. 4 Пішім конструкторы7
1. 4. 1 Мәтіндік ақпарат (Label) 12
1. 4. 2 Енгізу өрісі (TextBox) 13
1. 4. 3 General типті объектіні орналастыру14
1. 4. 4 Жеке пернелерді орналастыру14
1. 5 Сұрату15
1. 6 Есеп беру17
1. 6. 1 Есеп беру конструкторы терезесіндегі жолақтар саны19
2 Дерек қор құрылымын құру20
2. 1 Негізгі меню22
Қорытынды25
Пайдаланылған әдебиет26
А- Қосымшасы27
Жұмыстың тапсырмасы
Деректер базасын және оны басқаратын программалық қамтамадан тұратын «Магазин» Visual FoxPro деректер базасын басқару жүйесі көмегімен құрастыру. Осы жүйенің пайдаланушы интерфейсі бас менюден және экрандық пішімдерден тұру керек. Пішімдерді құрастырғанда Text Box, EditBox, Label сияқты объектілер, Grid кестелері пайдаланылуы тиіс. Деректер базасының сұратуларында SQL тілінің командаларын пайдалану керек. Деректер базасын тұрғызғанда ER- диаграммасын пайдалаған жөн. Деректер базасы кемінде 3 кестеден тұруы керек.
КІРІСПЕ
Деректер базасын басқару жүйелерінің шығуына қарамастан, Visual FoxPro бұл облыста ең танымал программалардың қатарына жатқызылады. Оның негізгі себебі мынада. Оның жаңа версияларын жасағанда Microsoft ескі версияларымен сәйкестікті сақтайды. Сондықтан сіз жасаған қосымшаларды кейін де пайдалануға болады.
Visual FoxPro-да деректер базасының реляциялық жүйесін басқарудың барлық атрибуттары көрсетілген. Деректер базасында деректердің бүтіндігі негізгі кілттер және кестелер арасындағы байланыстар арқылы қамтамасыз етіледі. Деректер базасының құралдарымен қосу, жою немесе кесте жазбаларын өзгерту әрекеттерін өңдеу үшін, триггерлерді және сақталатын процедураларды қолдануыңызға болады.
Visual FoxPro қазіргі жобалау құралдарына сәйкес жаңа талаптарға жауап беретін, әрекеттермен басқарылатын объектілі-бағытталған және визуальды программаланатын тіл.
Visual FoxPro-ны дайындық деңгейі әртүрлі қолданушылар пайдалана алады. егер сіз Visual FoxPro-ны жаңа ғана үйренейін деп жатсаңыз, онда сізге қысқа уақыт мерзімінде жай қосымшаны құрастыруда деректер базасының, кестелердің, қосымшалардың, пішімдердің, есеп берудің және т. б. құрудың мастерлері көмектесе алады. ал үлкен көлемді жобаларды құрастыру үшін сәйкес конструкторларды және объектілі бағытталған тілді пайдланған жөн. Олардың көмегімен Visual FoxPro-ның базалық кластарын және сыртқы кітапханаларды қолдануға болады және де пайдаланушы кластарын құруға болады.
Деректер базасы құрылымдық ақпаратты сақтаудың ыңғайлы құралы болып табылады. Деректер базасын басқару жүйесі деректер базасын пайдалану, енгізу және құрастыру үшін пайдаланатын тілдік және программалық құралдардың жиынтығы болып келеді. ыңғайлы жасалған ақпаратты іздеу мен сұрыптау деректер базасын пайдалануды жоғарылатады. Деректер базасы ақпаратты сақтау мен оның бүтіндігі үшін жауапты.
1. Негізгі бөлім
1. !. Реляциялық деректер базасын жобалау
Деректердің реляциялық моделі - деректердің кестелік құрылымынан осы кестелерге байланысты тұтастық ережелерінен және деректермен жұмыс істеуге арналған көптеген операторлардан тұратын модель.
Деректердің реляциялық моделінің кестесі формальды түрде қатынас ( ағылшын тілінде relation) деп аталады. Қатынас әрқасысы «атрибут-мән» түріндегі жұптар жиыны болып табылатын кортеждерден тұрады. «Кортеж» мәні түсінірек болу үшін, оны «жазба» немесе «қатар» деуге болады.
«Атрибут-мәні» жұбы мағынасын «өріс аты - өріс мәні» деп талдауға болады.
«Атрибут» - болмыстың (қатынастың) қасиеті немесе сипаттамасы.
Болмыс - байланыс моделі (Entry-Relationship) - берілген пәндік аймақтағы деректер базасының семантикасы мен логикасын бейнелейтін формальды емес модель. Болмыс-байланыс моделін - моделденетін формальды емес әлем мен реляциялық модельдің формальды әлемі арасында жалғаушы ретінде қолдануға болады. Деректер базасын жобалау таладанатын пәндік аймақты болмыс және байланыс деп бөліп қарастырған жөн.
Болмыс - ол өмірде бар және өзіндік айырықша қасиеті бар нәре. Болмыс ретінде нақты бір заттар бола алады, мысалы, машиналар, оның тетіктері немесе қызметкерлер, алайда болмыс та абстрактілі болуы мүмкін мысалы, мәселелер немесе мақсаттар.
Болмыстар түрлі сипаттар мен қасиеттерге ие және оларды деректер базасында көрсету керек. Реляциялық модель терминдерінде бұл қасиеттерді атрибут деп атайды.
Байланыс - екі немесе одан да көп болмыстар арасындағы бірлестік (ассоциация) . Кез келген бинарлы Е 1 және Е 2 жиындар болмысының арасындағы қатынастар үшін келесі төрт түрлі сәйкестіктердің бірі орындалуы мүмкін:
1) Бірден-бірге (өзара бір мәндік сәйкестік) : Е 1 жиынының әрбір болмысына Е 2 жиынының тек бір болмысына Е 1 жиынының тек бір болмысын сәйкес келтіруге болады.
2) Бірден-көпке: Е 1 жиынының әрбір болмысын Е 2 жиынының кез келген болмысын сәйкестендіруге болады, бірақ Е 2 жиынының кез келген болмысын Е 1 жиынының тек бір болмысын сәйкес келтіруге болады.
3) Көптен-бірге: Е 1 жиынының кез келген болмысына Е 2 жиынының тек бір болмысын сәйкес келтіруге болады, бірақ Е 2 жиынының кез келген болмысын Е 1 жиынының кез келген болмыс санына сәйкестендіруге болады.
4) Көптен-көпке: Е 1 және Е 2 жиындарының әрбір болмыстарына басқа жиын кез келген көлемдегі болмыстарын сәйкестендіріп қоюға болады. Сәйкестіктер деректердің семантикалы типтерін анықтайды. Бұл деректер базасына байланысқа модельденетін объектілер мәнімен енгізілген нақты әлемнің шектеуліктері.
Болмыс-байланыс диаграммасы. Болмысты және олардың арасындағы байланысты болмыс-байланыс диаграммасы (Entity-Relationship) немесе ER-диаграммасы көмегімен бейнелеуге болады. Болмыс-байланыс диаграммасы деректер базасының логикалық құрылымының графикалық бейнесі болып табылады. Болмыстың BER-диаграммасы үшбұрыш түрінде, ал атрибуттары шеңбер түрінде бейнеленеді. Атрибуттар түзу сызық кесінділерімен байланысқан.
Суперкілттер. Жиынның әрбір болмысын ерекше түрде идентификациялайтын атрибутты немесе бірнеше атрибуттар жиынтығын суперкілт деп атайды.
Кілт-Кандидат. Әрбір болмысты идентификациялауға жеткілікті минимальды атрибуттардан тұратын және құрамында басқа артық элементтер жоқ суперкілт, кілт-кандидат деп аталады.
Бастапқы кілт. Жүйеде болмыстарды өзара ажыратуға кепілдік беретін кілт-кандидат бастапқы кілт деп аталады.
Сыртқы кілт. Бір кестенің басқа кестенің бастапқы кілтіне нақты түрде сәйкес келетін бір немесе бірнеше бағаналарын сыртқы кілттер деп атайды.
Деректер базасының болмыстар бойынша тұтастығы. Бастапқы кілттің белгісіз компоненттеріне тыйым салу болмыстар бойынша тұтастыққа кепілдік береді. Болмыстар бойынша тұтастық деректер базасының тұтастығын қамтамасыз етудегі негізгі шарт.
Деректер базасының сілтемелер бойынша тұтастығы. Сілтелінетін кестедегі кілттің мәніне сыртқы кілттердің мәні нақты және толығымен сәйкес келу сілтеме бойынша тұтастық деп аталады. Сілтеме бойынша тұтастық шартты деректер базасында тұтастықты қамтамасыз етуде екінші шарт болып табылады.
1. 2 Деректер базасының негізі - кестелер
Деректер базасының негізін кестелер құрайды. Олардың ішінде барлық қажетті ақпарат сақталады. Ары қарай кестелердегі деректер жаңа деректермен толтырылады, өзгертіледі немесе кестеден алынады. сіз кестелер деректерін пішім конструкторы көмегімен қарап және берілген критерий бойынша реттей аласыз. Кестелердің ақапараты есеп беру құру кезінде пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар деректер базасындағы ақпаратты диаграммаларды қолдана отырып, графикалық түрде көрсете аласыз.
Кесте баған мен жолдан құралған және деректер базасында ерекше бір аты бар. Әр кестеде кез келген типті объект туралы ақпарат бар.
1. 3 Нормализациялау
Нормализациялау - деректерді қосу, өзгерту және жою кездерінде жақсы қасиеттерге ие болу мақсатында кестені екіге және одан да көп бөліктерге бөлу. Нормализациялаудың ақырғы мақсаты - әрбір факт тек бір орында ғана кезедесетін, яғни артық ақпарат болмайтын деректер базасын құру. Бұл тек жадыны үнемдеу мақсатында ғана емес, сонымен қатар, сақталатын деректерде қарама-қайшылықты болырмау үшін жасалады.
1. 4 Пішім конструкторы
Visual FoxPro-дағы әрбір пішім характерлі қасиетке ие объектілерден тұрады. Кез-келген объект үшін сіз белгілі бір әрекет кезінде программамен оындалатын іс-әрекетті нұсқай аласыз. Конструкторда пішімді құру процесі пішімде объектілерді орналастыру, қасиеттерін анықтау және олармен байланысты оқиғалар мен атқарылатын іс-әрекеттерді орналастырудан басталады.
Жаңа пішімді құру үшін пішім конструкторының терезесін ашудың келесі әдістерін қолдануға болады:
1. File(Файл) менюінен New(Жаңа) командасын орындаңыз. Ашылған New диалогты терезесінде Form опциясын таңдаңыз және NewFile(Жаңа файл) пернесін басыңыз.
2. Visual FoxPro стандартты құралдар панелінде New пернесін басыңыз. Ашылған New диалогты терезесінде Form опциясын таңдап, NewFile пернесін басыңыз.
3. Жасалған пішімді орналастыру үшін жобада Documents(Документтер) вкладкасын таңдап және Forms (Пішімдер) тобына көшіп, New пернесін басыңыз.
Конструктормен жұмыс жасағанда пайдаланылатын ColorPalette (Түсті палитра), Layout (Орналасуы), FormDesigner (Пішім констуркторы) және FormControls (Пішімді басқару элементтері) құралдар панелі бар пішім конструкторының терезесі көрсетілген. Ал конструктор трезесінде сіқ жұмыс жасай алатын жаңа пішім орналасқан.
Егер қажетті құралдар панелдері жоқ болса, онда олардың экрандағы көрінісін көру үшін View (Түр) менюінің сәйкес опцияларына белгі қойыңыз немесе Toolbars (Құралдар панелі) диалогты терезесінде құралдар паенлін таңдау жалаушаларын орнатыңыз.
Form Controls (Пішімді басқару элементтері) құралдар панелі пішімде объектілерді орналастыру үшін қолданылады. Пернелердің қысқаша баяндалуы 1. 1 кестеде берілген.
1. 1 кесте Form Controls құралдар панелінің пернелері

Select Objects
(Объектілерді таңдау)

View Classes
(Кластарды қарау)





Command Group
(Пернелер тобы)

Option Group
(Ауыстырып қосқыш)


Combo Box
(Ашылатын тізім)







ActivXControl (OleControl)
(OLE- объект)

ActivXBoundControl
(OleBoundControl)
(ActivX объект)







Button Lock
(Пернені бекіткіш)
Құралдар панелінде таңдалынған пернені
бекітеді
Form Designer (Пішім конструкторы) құралдар панелінде Forn Controls (Пішімді басқару элементтері), Color Palette (Түс палитрасы), Layout (Орналасуы) құралдар панелінің шақыру пернелері бар. Бұл панелдің көмегімен пішімді басқарудың қосымша әрекеттерін орындауға болады. бұл панельдің пернелерінің атқаратын қызметі қысқаша 1. 2 кестеде көрсетілген.
1. 2 кесте Form Designer құралдар панелінің пернелері

Set Tab Order
(Объектілердің реті)

Data Environment
(Деректердің қоршаған ортасы)

Code Window
(Код терезесі)

Color Palette Toolbar
(Түсті палитра құралдар панелі)

Form Builder
(Пішім құрастырушысы)

Properties Window
(Қасиеттер терезесі)

Form Control Toolbar
(Пішімді басқару элементтерінің құралдар панелі)

Layout
(Орналасуы)

Auto Format
(Автоформат)
Пішімде орналасқан объектілерді ыңғайлы етіп орналастыру үшін Layout (Орналасуы) құралдар панелін пайдалану ыңғайлы. Берілген панельдің пернелерінің атқаратын қызметі қысқаша 1. 3 кестеде берілген.
1. 3 кесте Layout құралдар панелінің пернелері

Align Left Sides
(Сол жақ бойынша)

Align Top Edges
(Жоғарғы жақ бойынша)

Align Right Sides
(Оң жақ бойынша)

Align Bottom Edges
(Төменгі жақ бойынша)

Align Vertical Center
(Вертикаль бойынша)

Align Horizontal Center
(Горизонталь бойынша)

Center Vertically
(Центр бойынша өтетін вертикальға қатысты)

Center Horizontally
(Центр бойынша өтетін көлбеуіне қатысты)

Same Width
(Бірдей ен)

Same Size
(Бірдей өлшем)

Same Height
(Бірдей ұзындық)

Send to Back
(Артында)

Bring to From
(Үстінде)
1. 4. 1 Мәтіндік ақпарат (Label)
Пішімде мәтінді (тақырыпша, өрістерге арналған жазулар, түсініктеме ақпарат) орналастыру Form Controls (Пішімді басқару элементтері) құралдар панелінде орналасқан Label (Сілтеме)
пернесінің көмегімен орындалады.
Мәтінді орналастыру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Form Controls құралдар панеліндегі Label пернесін басыңыз. Егер берілген панель экран бетінде жоқ болса, онда View менюінде Form Controls Toolbar командасын таңдаңыз.
2. Тышқан көрсеткішімен мәтіндік объектіні орналастырайын деген жерге апарып, тышқан пернесін басыңыз. Пішімде Label сөзі бар объект пайда болады.
3. Пайда болған объектінің қасиеттер терезесін ашу үшін View (Түр) менюінде Properties (Қасиеттер) командасын таңдаңыз. Properties терезесі ашылады.
4. Мәтіндік объектінің фоны BackStyle (Фон стилі) қасиетімен анықталады. Мәтін фонының пішім фонынан ерекшеленбеуі үшін BackStyle қасиетіне Transparent (Мөлдір) мәнін орнатыңыз.
5. Мәтін Caption қасиетімен беріледі. Берілген қасиетті ерекшелеп, қасиетті енгізу өрісіне қажетті мәтіндік ақпаратты енгізіп, <Enter> пернесін басыңыз.
6. FontName (Шрифт аты) және FontSize (Шрифт өлшемі) қасиеттері арқылы шрифтің түрін және өлшемін енгізіңіз.
7. ForeColor қасиетін қолданып, мәтіндік ақпараттың түсін енгізіңіз.
8. Объектінің өлшемін онда барлық жазу сиятындай етіп реттеңіз. Ол үшін ерекшелеу маркерін немесе AutoSize (Автоөлшем) қасиетінің өрісінде True мәнін таңдаңыз.
1. 4. 2 Енгізу өрісі (TextBox)
Ақпаратты пішімде көрсету үшін әртүрлі тиісті өрістер пайдаланылады. Өрістің жай типі - енгізу өрісі. Пішімде енгізу өрісін орналастыру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Form Controls құралдар панелінде TextBox (Енгізу өрісі) пернесін басыңыз.
2. Енгізу өрісін пішімде орналастырайын деген жерге шертіңіз.
3. Енгізілген объектінің қасиеттер терезесін ашыңыз. Ол үшін оны ерекшелеп View менюінен Properties командасын орындаңыз.
4. Берілген өрісті кестенің өрісімен байланыстыру үшін Data вкладкасында ControlSource (Мәліметтердің қайнар көзі) қасиетін таңдаңыз. Енгізу өрісінің қасиетін тізімнің ашылу пернесін пайдаланып, ашық барлық өрістерінің тізімінен пішімге қосқыңыз келген өрісті таңдаңыз.
5. Alignment (Реттеу) қасиетін пайдаланып өрісте (өрістің ортасы, сол жағы немесе оң жағы бойынша) реттеу вариантын таңдаңыз.
6. Рамканың түсі мен стилін таңдау үшін BorderStyle (Рамка стилі) және BorderColor (Рамка түсі) қасиеттерін қолданыңыз.
7. DisabledBackColor қасиеті көмегімен активті емес өрістің фон түсін таңдаңыз.
8. Comment қасиетін қолданып орналастырылған объектінің қысқаша сипаттамасын жазуыңызға болады. Бұл сипаттама қосымшаны жасау кезінде қажет болады.
9. Ақпаратты көрсеті үшін қолданылатын FontName (Шрифт аты) және FontSize (Шрифт өлшемі) қасиеттерін қолданып, шрифтті және оның өлшемін таңдай аласыз.
10. ForeColor қасиеті көмегімен енгізу өрісінде ақпарат көрсетілетін түс мәнін енгізіңіз.
11. Енгізу өрістерін берілген форматта көрсету үшін Format (Формат) қасиетін пайдаланыңыз.
12. InputMask (Енгізу қалқасы) қасиеті шаблон түрін беруге пайдаланылады.
13. Еер сіз өрістің ақпаратын тек оқуға үшін арналған дегіңіз келсе, онда ReadOnly (Тек оқу үшін) қасиетінің True (Ақиқат) мәнін таңдаңыз.
1. 4. 3 General типті объектіні орналастыру
General типті графикалық өрісті орналастыруды турфирма деректер базасының ‘фотографии’ өрісі бар туры кестесінің мысалында қарастырамыз. Кестеде клиентке ұсынылатын турлардың бейнесін көруге болатын өрісті енгіземіз.
1. Пішімге General типті графикалық өрісті қосу үшін Form Controls құралдар панеліндегі ActivX Bound Control пернесін басыңыз.
2. Берілген типтің орналастыру орнына тышқанның көрсеткішін орнатамыз. Тышқанның пернесін басып тұрып, керек өлшемді рамканы құрамыз.
3. Орналастырылған объекті үшін қасиеттер терезесін ашыңыз.
4. Control Source қасиеттерін қолданып қарастырылған өрісті кесте өрісімен байланыстырамыз. Ол үшін қасиеттерді енгізу өрісінде тізімді ашу пернесін басып, клиент кестесінің өрістер тізіміне General типті және экскурсия бейнесі бар Image өрісін таңдаңыз.
5. Form менюінен Run Form (Пішімді жіберу) командасын таңдап, құрастырылатын пішімді орындауға жібереміз.
1. 4. 4 Жеке пернелерді орналастыру
Пішімде жеке пернені орналастыру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз.
1. Form Controls құралдар панелінен Command Button пернесін басыңыз және құрастырылатын пернені орналастырам деген жерге тышқанды шертіңіз.
2. Құрастырылған объектінің қасиеттер терезесін ашыңыз.
3. Пернеде мәтін және графикалық бейне болуы мүмкін мәтіні бар пернені құру үшін енгізу өрісінде пернеде жазылатын мәтін мағынасының Caption қасиетін реттеңіз. Мысалға, пішімді жабу пернесін құрғанда Шығу-ды енгізіңіз.
4. Суреті бар пернені жасау үшін Picture қасиетін пайдаланыңыз. Енгізу өрісінен оң жақта орналасқан пернені басқарғанда Open диалогты терезесі ашылады. Оны қолданып суреті бар дискідегі файлды таңдап, оны Picture (Бейне облысында) көре аласыз. Файлды таңдап алған соң суретті пернеге орналастыру үшін OK пернесін басыңыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz