Меншік құқығының пайда болу негіздері



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Меншік және меншік құқығы туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Меншіктің нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
3. Ортақ меншік құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
4. Меншік құқығының пайда болу негіздері ... ... ... ... ... ... ... 18
5. Меншік құқығын қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Кіріспе
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезенді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналысына топталады.
Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны өте зор. Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет.
Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден, құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөніндегі пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа (базисқа) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Оған бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасап отырған біздің экономикалық заңдарымыз.
Менің курстық жұмысымның мақсаты келесі міндеттерден тұрады:
 Меншік және меншік құқығы туралы ұғым
 Меншіктің нысандары
 Ортақ меншік құқығы
 Меншік құқығының пайда болу негіздері
 Меншік құқығын қорғау
Сонымен меншік құқығы меншік иесіне өзіне тиесілі мүлікті пайдаланудың мазмұны мен бағыттарын айқындауға, оған толықтай шаруашылық билік жүргізуге мүмкіндік беретін заттық құқық ретіндегі мүлікті меншік иесінің тек қана өзі, қалауынша, мерзімсіз, өз мүддесін көздеп иелену, пайдалану және оған билік ету қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жүйесі болып түсініледі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. З.О. Ашитов, Б. З. Ашитов. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы «Жеті Жарғы» 2003.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеті мен Құқығының негіздері. Алматы, 2003.
3. С.Д. Баққұлов. Құқық негіздері. Алматы, 2004.
4. Қазақстан Республикасыынң Азаматтық Кодексі. Алматы «Жеті Жарғы» 2000.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Меншік және меншік құқығы туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Меншіктің нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
3. Ортақ меншік құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
4. Меншік құқығының пайда болу негіздері ... ... ... ... ... ... ... 18
5. Меншік құқығын қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Кіріспе
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезенді алып
қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналысына
топталады.
Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму
процесінде алатын орны өте зор. Меншік ұғымын екі мағынада
түсінуіміз қажет.
Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден, құқықтық
категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда,
өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету
жөніндегі пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік
сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың
элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму
кезеңінде санатқа (базисқа) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы
қатарға да шығуы мүмкін.
Оған бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты.
Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне
араласуына тікелей ықпал жасап отырған біздің экономикалық
заңдарымыз.
Менің курстық жұмысымның мақсаты келесі міндеттерден тұрады:
✓ Меншік және меншік құқығы туралы ұғым
✓ Меншіктің нысандары
✓ Ортақ меншік құқығы
✓ Меншік құқығының пайда болу негіздері
✓ Меншік құқығын қорғау
Сонымен меншік құқығы меншік иесіне өзіне тиесілі
мүлікті пайдаланудың мазмұны мен бағыттарын айқындауға, оған
толықтай шаруашылық билік жүргізуге мүмкіндік беретін
заттық құқық ретіндегі мүлікті меншік иесінің тек қана
өзі, қалауынша, мерзімсіз, өз мүддесін көздеп иелену,
пайдалану және оған билік ету қатынастарын реттейтін
құқықтық нормалар жүйесі болып түсініледі.

Меншік және меншік құқығы туралы ұғым
Меншік және меншік құқығы - әр түрлі ұғымдар. Меншік туралы
айтылғанда еңбек өнімдерінің тиісті нысандарын
иеленумен шарттастықтағы өнідіріс құрал-жабдықтары мен
өнімдеріне иелік жасау жөніндегі белгілі бір қоғамдық
қатынастар туралы сөз болады.
Меншік – қоғам өмірінің шарты. Меншік базистік сипаттағы
экономикалық санат болса, ал меншік құқығы қондырмалық
тәртіптегі ұғым болып табылады.
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада
анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алғанда,
меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған
нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы
субъективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке
байланысты құқықтық қатынасын анықтайды. Меншік иесіне
мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құқықтары
тиесілі. Меншік құқығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда
көрсетілген қағидаларға жеке-жеке тоқталып, олардың
мазмұнын ашып көрсеткеніміз жөн болар.
Азаматтық Кодекстің 188-ші бабында анықталғандай, меншік
құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы
танылатын және қорғалатын және тиесілі мүлікті өз
қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Иелену құқығы денеміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді
жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни
айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің
мүмкіншілігі. Мысалы: азамат ұзақ командировкаға кеткенмен
өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке
басқа біреудің қол сұғуға құқықтық мүмкіншілгі жоқ.
Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы басқа субъектіге
берілуі де ықтимал.
Мысалы: жалға беру және т.б. шарттар. Азаматтық
заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, адал және арам
ниетті де болуы мүмкін.
Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи
қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң
жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл
алу және өзге де нысандарда көрінуі мүмкін.
Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен
өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін
қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат өз автомобилін
өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға
беру арқылы пайда табуға болады. Пайдалану құқығы да
иелену құқығы секілді басқа субъектіге берілуі мүмкін.
Мысалы: жалға беру шарты. Негізінен, пайдалану құқығы
мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен,
меншік иесі пайдалану құқығын басқа біреуге берместен
бұрын ол субъектіге мүлікті иеленуге беру тиіс,
өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса,
пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал.
Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі
тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік
ету құқығы меншік иесінің өз мүлкіне байланысты кез
келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға
мүмкіншілік береді. Мысалы: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып
жіберу және т.б. сонымен қатар, меншік иесінің өз
мүлкіне байланысты өкілеттігін жүзеге асыруы басқа
тұлғалар мен мемлекеттік құқықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс. Меншік иесі өз
құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы
мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол
бермей шараларын қолдануға міндетті.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы
бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде
бұл мүлікті басқа тұлғалардың меншігіне беріп, иелігінен
шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып,
оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік
ету және оған басқа да әдістермен ауытпалық түсіруге,
оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Меншік құқығының мерзімі шексіз, яғни меншік иесіне
уақыт кезеңімен анықталатын шектеулер қойылмауы тиіс.

Меншіктің нысандары

Қазіргі Конституциямызға сәйкес меншіктің төмендегідей
нысандары бар: жеке және мемлекеттік.
Жеке меншік азаматтардың мемлекеттік емес заңды
тұлғалар мен олардың бірлестіктердің меншігі ретінде
анықталады. Азаматтарға байланысты жеке меншіктің ұғымы
түсінікті болса, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың
ұйымдастыру – құқықтық нысандарына көз жүгіртуіміз қажет.
Азаматтық Кодекстің 34-ші бабында көрсетілгендей заңды
тұлғалар үлкен үлкен екі топқа бөлінген. Мемлекеттік
меншіктің негізінде құралмаған барлық заңды
тұлғалардың меншігі жеке меншік болып есептелінуі тиіс.
Коммерциялық ұйымдардың қатарында шаруашылық серіктестіктер,
акционерлік қоғам және өндірістік кооперативтер
жатқызылса, коммерциялық емес ұйымдардың қатары да
заңды нақты анықтала отырып, олардың да ұйымдастыру –
құқықтық нысандары жеке меншікке негізделген.
Республика аумағындағы мемлекеттік меншік құқығының
субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Мемлекеттік
мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығын
жүзеге асыру Қазақстан Республикасы атынан белгіленген
тәртіптер бойынша Парламентке жүктелген. Ол бұл құқықтарын
Үкіметке беруі мүмкін.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық
меншік болып екіге бөлінеді.
Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң
құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды
тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры мен алмас
қоры, тек қана мемлекеттік меншік объектілері және
мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге
де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының қазынасын
құрайды.
Сонымен қатар, Республика қазынасының қатарына жер,
оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,
басқа да табиғи ресурстар жатады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң
құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп
берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды
тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік
жергілікті қазынаны құрайды.
Мемлекет өзінің меншік құқығын өзі құратын
мемлекетік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу немесе
жедел басқару құқығына негіздеп жүзеге де асыруы мүмкін.
Шаруашылық жүргізу құқығы заттық құқық болғандықтан
оны жүзеге асырушы мемлекеттік кәсіпорын меншік иесі
немесе уәкілдік берген мемлекеттік органның берген
құзіретінің көлемінде ғана иелену, пайдалану және билік
ету құқығын жүзеге асыра алады.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүліктің меншік
иесі мен құжаттарына сәйкес кәсіпорын құру, оның
қызметінің мәні мен мақсаттарын белгілеу, оны қайта құру
мен тарату мәселелерін шешеді, кәсіпорынға тиесілі
мүліктің өз мақсатында пайдаланылуы мен сақталуына
бақылау жасауды жүзеге асырады. Меншік иесі өзі құрған
кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті
пайдаланудан келтірілген пайданың бір бөлігін алуға
мүмкіншілігі бар.
Қазақстан Республикасының Заң күші бар Мемлекеттік
кәсіпорындар туралы Жарлығына сәйкес аталған кәсіпорындар
үшін мемлекеттік тапсырысты орындау міндетті түрде
бекітілген және олардың мемлекеттік тапсырыс бойынша
жасалған шарттардан бас тарту мүмкіншіліктері жоқ.
Сонымен қатар, қызметін шаруашылық жүргізу құқығына
негізделген мемлекеттік кәсіпорынға меншік иесінің немесе ол
уәкілдік берген мемлекеттік органның келісімінсіз
кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасауға тыйым
салынған: өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты
және кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге
тұлғаларға сатуға және беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді
(3 жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға
беруге; филиалдар мен еншілес кәсіпорындар мен бірлескен
өндірістер құруға, оларға, өзінің өнідірістік және
ақша капиталын салуға; жеке кәсіпкерлерге қарыз беріп,
олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен
процент ставкасын төмен процентпен төлем алуға;
басқа тұлғаның міндеттемелері бойынша кепілдік және
кепіл болушылық болуға.
Жедел басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен
қаржыландыратын мекеменің, меншік иесінен мүлік алған және
өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және
мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген
шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған
билік ету құқығы болып табылады. Жоғарыда көрсетілген
ережеге сәйкес жедел басқару құқығын иемденушілер
мыналар болуы мүмкін: қазыналық кәсіпорын және мекеме.
Мекеме меншік нысанына байланысты мемлекеттік мекеме
немесе мемлекеттік емес болып бөлінуі де мүмкін.
Жедел басқару құқығы меншік иесінің қаражаты
есебінен қаржыландыратын мекеменің, меншік иесінен мүлік
алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің
тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң
құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену,
пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын
қазыналық кәсіпорындардың заттың құқығы болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес жедел басқару
құқығын иемденушілер мыналар болуы мүмкін: қазыналық
кәсіпорын және мекеме. Мекеме меншік нысанына
байланысты мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік емес
меке болып бөлінуі де мүмкін.
Жедел басқару құқығы өзінің құқықтық жағдайына
байланысты шаруашылық жүргізудің құқығынан төмендегі
ерекшеліктерімен көзге түседі: біріншіден, қазыналық
кәсіпорын және мекеме әруақытта да меншік иесінің
тарапынан қаржыландырылады; екіншіден, қазыналық кәсіпорын да,
мекеме де өз жабдықтарын сметалық көлемінде ғана
жүзеге асыра алады; үшіншіден, олар меншік иесінің
тапсырмаларының көлемінде қызмет жасайды. Мекеме басқару,
әлеуметтік мәдени сипаттағы қызметті жүзеге асыру үшін
құрылып, бюджет тарапынан қаржыландырылатын болғандықтан
оның құқықтық құзіреті заң құжаттарында қатаң белгіленген.
Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Мемлекеттік
кәсіпорындар туралы Жарлығының 3-ші тарауы қазыналық
кәсіпорынның құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған.
Қазыналық кәсіпорын өзіне бекітіліп берілген мүлікті
сол мүліктің меншік иесінің келісімімен ғана иеліктен
айыруға немесе өзгеше әдіспен билік етуге құқылы.
Көбінесе мұндай ережелер қазыналық кәсіпорыннның
жарғысында анықталады. Сонымен қатар, қазыналық кәсіпорын
меншік иесінің келісімінсіз негізгі қорларға
байланысты мүліктерді азаматтық-құқықтық келісімдердің
негізінде алуға тыйым салынған (Мемлекеттік кәсіпорындар
туралы Жарлықтың 35-ші бабының 2-тармағы).
Мекеменің өзіне бекітіліп мүлікті және оған
смета бойынша белгіленген қаражат есебінен сатып алынған
мүлікті өз бетімен иеліктен айыруға немесе өзгеше
әдіспен оған билік етуге құқығы жоқ. Егер құрылтай
құжаттарына сәйкес мекемеге табыс келтіретін қызметті
жүзеге асыру құқығы берілсе, ондай қызметтен алынған табыстар
және сол табыстардың есебінен сатып алынған мүлік мекеменің
дербес билігіне беріледі және жеке баланста ескерілуі
қажет.
Мекеме мен қазыналық кәсіпорын өз міндеттемелері
бойынша өздерінің билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап
береді. Егер олардың ақшалай қаражаты жеткіліксіз
болған жағдайда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке меншік
иесі тартылуы мүмкін. Жауапкершілік қосымша (субсидиялық)
нысанда анықталуы тиіс.

Ортақ меншік құқығы
Мүлік тек бір тұлғаға ғана емес, екі немесе одан да
көп тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін. Көрсетілген жағдайда
бір материалдық объектіге бірнеше субъектілік меншік
құқығы пайда болады. Азаматтық құқығында мұндай ереже
меншік құқығы деп аталады. Азаматтық Кодекстің 209-шы
бабында анықталғандай, екі немесе бірнеше тұлғаның
меншігіндегі мүлік оларға ортақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік құқығының тоқтатылу негіздері
Жерге меншік құқығының және өзге де құқықтардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Жермен жасалатын мәмілелердің ерекшеліктері
Мемлекеттік және жеке меншік құқығы
Меншік құқығы жайлы жалпы ережелер
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды иелену
Меншік құқығының түсінігі және түрлері
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ
Меншік құқығының жалпы түсініктері
Пәндер