Экономиканы жаңарту жағдайында өңдеуші кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі



КІРІСПЕ 3

1.ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ӨҢДЕУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5

1.1.Қазақстан экономикасын жаңарту: басымдықтары, міндеттері және кезеңдері 5
1.2. Өңдеуші кәсіпорындардың экономикалық тиімділік көрсеткіштері
және оған әсер ететін факторлар 16
1.3. Қазақстан Республикасында өңдеуші кәсіпорындардың тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері 22

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨҢДЕУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ 29

2.1. Қазақстан Республикасында өңдеуші өнеркәсіптің қазіргі жағдайын экономикалық талдау 29
2.2. «FoodMaster» ЖШС.нің экономикалық тиімділігін бағалау 43

3. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖАҢАРУ ЖАҒДАЙЫНДА ӨҢДЕУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ 58

3.1.Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындардың тиімділігін арттыру тетіктері 58
3.2. «FoodMaster» ЖШС қызметінің нәтижелілігін жақсарту жолдары 65

ҚОРЫТЫНДЫ 70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ 72

ҚОСЫМШАЛАР
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi, шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге болады. Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Шикізаттық ресурстар өндірісі мен экспортын белсенді дамыту ұлттық экономиканың дағдарыстан шығуына және экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күннің басты стратегиялық міндеті – экстенсивтіге негізделмеген, жоғары технологиялы өндіріске және ұлттық экономикалық жүйенің жаңа ұйымдық құрылысының бәсекелі артықшылықтарына шығу есебінен экономиканың өсу сапасына көтерілу.
Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің орта мерзімді кезеңдегі стратегиялық мақсаты орнықты даму қағидаттарының негізінде еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады [4].
Үкімет күш-жігерді Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық жағдай жасауға барынша бағыттайды. Бұл Қазақстанның таяу он жылда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіру, өндіруші сектордың тиімділігі мен макроэкономикалық қайтарымдылығын едәуір арттыру қажет. Сондай-ақ әртараптандыру, инфрақұрылымдық дамыту және жоғары технологиялық одан әрі индустрияландыру негіздерін жасау арқылы Қазақстан экономикасының өсуі мен тұрлаулылығын басқаруға көңіл аудару қажет.
1. «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылдың 28 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2007 ж. 28 ақпан
2. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2006 ж. 1 наурыз
3. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық
дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын дамытудың 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
6. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы: 2005ж. 25 маусым №633 қаулысы. Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы – 2005ж. №26
8. ҚР-ның статистикалық жинағы - 2005ж.
9. ҚР-ның статистикалық жинағы - 2006ж.
10. Алшанов Р. «Жаңа экономикаға барар жолда». Егемен Қазақстан -2004ж. 24 желтоқсан
11. Алшанов Р. «Қазақстан және даму өрісі». Егемен Қазақстан - 2002ж. 31 шілде
12. Алшанов Р. «Қазақстан экономикасы дамудың жаңа кезеңінде». Егемен Қазақстан - 2004ж. 5 мамыр
13. Арыстанбеков Қ. «Қазақстанның дамуы қай деңгейде?: Әлем және Қазақстан». Егемен Қазақстан – 2005ж. 13 қыркүйек
14. Ашанұлы Қ. «Экономикамыздың дамуына инвесторлардың да үлесі бар: Елбасы Жолдауына орай». Ана тілі – 2005ж. ақпан №6
15. Әбдірахман Н. «Біз бәсекеге қабілетті ұлт бола аламыз: Қазақстан Республикасының премьер-министрі Д.Ахметов». Жетісу – 24 қыркүйек
16. Әліпбай С. «Экономикамыздың даму қарқыны күткендегімізден де жоғары». Егемен Қазақстан – 2003ж. 30 сәуір
17. Әшімбаев М. «Жаһандану дүниесі және Қазақстан». Егемен Қазақстан – 2004ж. 28 сәуір
18. БайзақовС., Райхан Н. «Қазақстан экономикасын кластерлер көтереді». Ақиқат – 2005ж. №5
19. Байсақалова Н. «Көрер көз болса жетістіктер жеткілікті». Алматы ақшамы – 2006ж. 29 шілде
20. Бораш Қуат «Өңдеуші өнеркәсіпсіз өсу болмайды». Егемен Қазақстан 2006 ж. 12 қаңтар
21. Еспаев Сәкен «Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар, міндеттер». Егемен Қазақстан 2006 ж. 31 қаңтар
22. Есполов Т. «Бәсекелестік бағытымен – орнықты экономикаға». Егемен Қазақстан – 2006ж. 14 сәуір
23. Мауқараұлы А. «Экономиканың мақсаты – дүниежүзілік стандартқа жету: Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-нің ректоры Ә.Ә.Әбішевпен сұхбат». Қазақстан Заман – 2005ж. 9 қыркүйек
24. Райхан Н. «Қазақстан экономикасы жедел жаңармақ». Абай – 2005ж. №3
25. Сағадиев К. «Жедел жаңару жолында: Жаңа экономика және әлеуметтік мемлекет туралы». Егемен Қазақстан – 2005ж. 23 ақпан
26. Сағадиев К. «Он бес жылда ел жаңа». Егемен Қазақстан 16 желтоқсан 2006 ж.
27. Барнгольц О.Б. «Экономический анализ хозяйственной деятельности предприятий и объединений». М, 1986г.
28. Годин А.М. «Маркетинг». Учебное пособие - М.: Прогресс, 2001г.
29. Голубков Е.П. «Маркетинговые исследования». М: Филипресс, 1998г.
30. Дәуренбекова А.Н. «Қазақстан өнеркәсібінің деңгейін көтерудің экономикалық механизмі». Монография – Алматы: Экономика, 2005ж.
31. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау». Алматы: Экономика, 2001 ж.
32. Жолдасбаева Г.Ө. «Кәсіпорын экономикасы». Алматы: Экономика, 2002ж.
33. Ихданов Ж.О. «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері». Алматы: Экономика, 2002 ж.
34. Ковалев А.И. «Маркетинговый анализ». Учебное пособие - М.: Контакт, 2000г.
35. Ковалев В.Р. «Анализ хозяйственной деятельности предприятия». Москва, 2000ж.
36. Козлов Е.Н. «Товар и товарная политика». Экономика строительства, 2001г.
37. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы». Алматы: Экономика, 2003ж.
38. Нұрғалиев Қ.Р. «Қазақстан экономикасы». Оқу құралы - Алматы: Қазақ университеті, 1999ж.
39. Под ред. Сафронова, Зайцева Н.Л. «Экономика предприятия». Москва, 2004г.
40. Савицкая В.Г. «Анализ финансово - хозяйственной деятельности». Москва, 2000г.
41. Яркина В. «Основы экономики предприятия». Москва, 2005г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА факультеті

Экономика кафедрасы

Д и п л о м ж ұ м ы с ы

Тақырыбы: Экономиканы жаңарту жағдайында өңдеуші кәсіпорындардың
экономикалық тиімділігі

050506 “Экономика” мамандығының
күндізгі оқу бөлімінің 4 курс
студенті
Мұратова А.М.

Ғылыми жетекшісі:
Э.ғ.к., аға оқытушы
Елшібаев Р.Қ.

Рецензент:
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университетінің Әлемдік экономика
кафедрасының меңгерушісі,
э.ғ.к., доцент
Джунаева А.М.

Жұмыс қорғауға жіберіледі:
Экономика кафедрасының меңгерушісі,
э.ғ.к., профессор
Сейдахметов А.С.

АЛМАТЫ, 2007 жыл
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3

1.Экономиканы жаңарту жағдайында өңдеуші кәсіпорындардың экономикалық
тиімділігін арттырудың теориялық негіздері
5

1.1.Қазақстан экономикасын жаңарту: басымдықтары, міндеттері және кезеңдері

5
1.2. Өңдеуші кәсіпорындардың экономикалық тиімділік көрсеткіштері
және оған әсер ететін факторлар
16
1.3. Қазақстан Республикасында өңдеуші кәсіпорындардың тиімділігін
арттырудың өзекті мәселелері
22

2. Қазақстан Республикасында өңдеуші кәсіпорындардың қызметін және
экономикалық тиімділігін талдау
29

2.1. Қазақстан Республикасында өңдеуші өнеркәсіптің қазіргі жағдайын
экономикалық талдау
29
2.2. FoodMaster ЖШС-нің экономикалық тиімділігін бағалау
43

3. Қазақстан экономикасының жаңару жағдайында өңдеуші кәсіпорындардың
экономикалық
тиімділігін арттыру
58

3.1.Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындардың тиімділігін арттыру тетіктері
58
3.2. FoodMaster ЖШС қызметінің нәтижелілігін жақсарту жолдары 65

Қорытынды
70

Пайдаланылған әдебиеттер көздері
72

Қосымшалар

КІРІСПЕ
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет
көрсетулер өндiрiсi, шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика
салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге; ұзақ
мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге болады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа
шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi
өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және
баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Шикізаттық ресурстар өндірісі мен экспортын белсенді дамыту ұлттық
экономиканың дағдарыстан шығуына және экономикалық өсудің жоғары қарқынын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күннің басты стратегиялық міндеті – экстенсивтіге
негізделмеген, жоғары технологиялы өндіріске және ұлттық экономикалық
жүйенің жаңа ұйымдық құрылысының бәсекелі артықшылықтарына шығу есебінен
экономиканың өсу сапасына көтерілу.
Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің орта мерзімді кезеңдегі
стратегиялық мақсаты орнықты даму қағидаттарының негізінде еліміздің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады [4].
Үкімет күш-жігерді Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін
және еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы
институционалдық және экономикалық жағдай жасауға барынша бағыттайды. Бұл
Қазақстанның таяу он жылда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуді қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында
айтылғандай, қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-
ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық
экономикаға ойдағыдай кіріктіру, өндіруші сектордың тиімділігі мен
макроэкономикалық қайтарымдылығын едәуір арттыру қажет. Сондай-ақ
әртараптандыру, инфрақұрылымдық дамыту және жоғары технологиялық одан әрі
индустрияландыру негіздерін жасау арқылы Қазақстан экономикасының өсуі мен
тұрлаулылығын басқаруға көңіл аудару қажет.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес еліміздің
әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің клубына қарай ілгерілеуі үшін
Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту қажет.
Бұл жолда Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің
озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің:
Біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген
секторларды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет;
Екіншіден, жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы
мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек [1].
Диплом жұмысының мақсаты қазіргі экономикалық даму жағдайына сай
экономика салаларын әртараптараптандыру және өңдеуші өнеркәсіптік
кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыру мәселелерін зерттеу.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
- экономиканы жаңарту жағдайында өңдеуші кәсіпорындардың экономикалық
тиімділігін арттырудың теориялық негіздерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасында өңдеуші кәсіпорындардың тиімділігін
арттырудың өзекті мәселелерін анықтау;
- Қазақстан Республикасында өңдеуші өнеркәсіптің қазіргі жағдайын
экономикалық талдау;
- кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау;
- Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындардың тиімділігін арттыру тетіктерін
анықтау;
- кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.
Бұл тақырыпты Оқаев Қ.О., Мамыров Н.Қ., Дәуренбекова А.Н., Ихданов
Ж.О. сынды көптеген отандық және шетел экономистері зерттеген. Бірақ әлі
шешімін таппаған мәселелер бар, сондықтан тақырып зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу объектісі ─ FoodMaster жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін өнеркәсіптік
кәсіпорын экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері бойынша отандық,
бірқатар шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу
құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ
арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары
мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері, сүт өнімдері
саласында қызмет ететін ФудМастер ЖШС-нің жылдық есептемелік құжаттары
құрайды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер көздері мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырып өзектілігі, зерттелу дәрежесі, жұмыстың мақсаты және
теориялық әдістемелік негіздері туралы айтылған.
Жұмыстың бірінші бөлімінде экономиканы жаңарту жағдайында өңдеуші
кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттырудың теориялық негіздері,
Қазақстан экономикасының кезеңдері, басымдықтары және міндеттері
қарастырылған.
Ал екінші бөлімінде Қазақстан Республикасында өңдеуші кәсіпорындардың
қызметіне және кәсіпорын бойынша талдау жасалады. Яғни сол кәсіпорынның
экономикалық тиімділігі техника-экономикалық, қаржы-өнеркәсіптік
көрсеткіштерді анықтау арқылы талданады.
Үшінші бөлімінде Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындардың эномикалық
тиімділігін арттыру тетіктері және FoodMaster ЖШС-нің экономикалық
тиімділігін арттыру жолдары жолдары ұсынылды.
1. Экономиканы жаңарту жағдайында өңдеуші кәсіпорындардың экономикалық
тиімділігін арттырудың теориялық негіздері
1.1. Қазақстан экономикасын жаңарту: басымдықтары, міндеттері және
кезеңдері

Өнеркәсіп - шаруашылықтың шешуші саласы. Ол еңбек құралдарын, халық
тұтынатын заттарды жасаумен, шикізат, отын, электр энергиясын өндірумен
шұғылданады. Ол қоғамымыздың материалдық-техникалық базасын жасауда,
өндірістің барлық салаларының индустриялық негізін онан әрі нығайтуда
маңызды рөл атқарады. Қазақстан өнеркәсібінің жетекші салалары – түсті және
қара металлургия, отын, химия индустриясы, машина жасау, тамақ және жеңіл
өнеркәсіп.
Қазақстан экономикасының бір ерекшелігі, ол – жергілікті шикізатпен
және отынмен толық қамтамасыз етілген. Бірақ мұнда өңдеуші өнеркәсіптен
гөрі, өндіруші өнеркәсіп басым, оның себебі, жер қойнауы шикізатқа өте бай
және өндірістің көптеген салаларының дұрыс қызмет атқарылмауында. Ендігі
мақсат алдағы уақытта пайдалы қазбалардың жаңа кендерін игеріп қана қоймай
оларды өңдеу арасындағы орын алып отырған алшақтықты жою.
Сыртқы және ішкі нарықтардағы өзгерістерге байланысты экономиканың
тұрақты түрде өзгеріп отыруы заңды құбылыс. Біртұтас экономикалық жүйені
құру, оның құрамдас бөліктерін дұрыс анықтау арқылы экономиканың негізін
қалау немесе қайта құру шаралары неғұрлым нақты жүргізілсе, солғұрлым оның
дамуы бірқалыпты және тұрақты болмақ. Сондықтан қандай бір ауытқушылық
немесе ірі өзгерістер болмасын, іргесі нық экономикалық жүйе күрделі
күйреуге ұшырай алмайды.
Әлемдегі тауар, қаржы және валюта нарықтарында жиі кездесетін тұрақсыз
жағдай, минералдық шикізаттық ресурстарға деген бағаның құбылмалы болуы
ұлттық экономиканың тұрақты дамуына теріс ықпалын тигізуі мүмкін. Сондықтан
да осындай жағдайларға тап болмас үшін, тек бір ғана шикізатымыздың көмегі
жеткіліксіз. Сол себепті сыртқы және ішкі нарықтардағы барлық жағдайларды
ескере отырып, ел экономикасын әртараптандару қажет. Әртараптандыру сипаты
елдің әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктеріне байланысты. Оның дамуына
ғылыми – техникалық процесс, жоғары пайда үшін күрес, өз капиталын
орналастыруға лайықты нарық іздеу қажеттілігі, бәсекелік күрес сияқты
себептер ықпалын тигізеді. Әртараптандыру нәтижесінде өнеркәсіп көпсалалы
сипат алады. Өйткені, компанияларға кешенді өндірісті дамыту пайдалы болып
табылады. Күрделі қаржының табысы аз саладан барынша пайдалы салаға құйылуы
капиталдың дәстүрлі нарығына соқпай-ақ әртараптандыру арқылы жүріп жатады.
Әртараптандыру көмегімен экономиканың құрылымы өзгеріп, көпсалалы
кешендерге айналады.
Көптеген мемлекеттер экономикасы әртараптандырылған. Соның
нәтижесінде, олар әлемдік аренада алдыңғы орындарды иемденген. Кез келген
мемлекет үшін экономикасы қаншалықты әртараптандырылғандығы өте маңызды.
Өйткені әртараптандыру экономиканың барлық секторларын жан-жақты жандандыру
берілген мемлекеттің жалпы экономикалық-әлеуметтік, адами көрсеткіштер
дәрежесін анықтайды.
Елбасының 2007 жылдың ақпанындағы Жолдауында көрсетілгендей: Біз
мүлдем жаңа экономикалық жүйенің, демократиялық құқықтық мемлекеттің
іргетасын қалыптастырып, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайттық, өмір
сапасы мен ұстындарын елеулі түрде өзгерттік. Біз ішкі тұрақтылыққа қол
жеткіздік, дамудың әлеуметтік базасының сенімділігін қамтамасыз етіп,
өңірдегі үздік экономиканы құрдық. Қазақстан өңірде геосаяси тұрақтылық пен
халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндеттерді
атқаратын халықаралық қоғамдастықтың толыққанды және жауапты мүшесі ретінде
орнықты [1].
Дегенмен оған жету үшін талай қиындықтарды бастан кешіруге тура келді.
Ауқымды реформалар жүргізілді. Егемендіктің алғашқы жылдарында ең қиын
жағдайлар экономика саласында болды, ең ауқымды реформалар да осы салада
жүргізілді.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдағы реформалардың алғашқы
басталар шағында алдымен экономикаға көңіл бөлу керек екендігін айтты.
Егемендік алғаннан кейінгі іс-қимылдың ең басты бағыты, шешуші басымдылығы
осы экономика саласы деп атап көрсетті. Бұл дұрыс пікір еді. Өйткені жеке
басты ғана емес, әр елді, әр халықты тұрмыс билейді. Ал тұрмыстың негізі
экономикада, оның тиімділігі немесе тиімсіздігінде. Сондықтан қоғам алдына
қоятын мақсатың, оның орындалуы ел экономикасының мүмкіндігіне байланысты.
Саясат та экономиканың шоғырланған келбеті.
Егемендік алардың қарсаңында, Қазақстанда өндірістің өңдеуші салалары
өте мардымсыз дамыды. Жер астынан алынған, жер үстіндегі байлық та басқа
республикаларда, әсіресе, Ресейде өңделіп жатты. Сол кездері Қазақстан
экономикасына керек құрал-жабдықтардың 34 бөлігі Одақтың басқа өңірлерінен
келетін еді. Біз осындай Одақ экономикасына деген шексіз тәуелділіктің,
оның бұйымдарына деген үлкен мұқтаждықтың шеңберінде болдық [15].
Сонымен, республикааралық экономикалық байланыстар үзілді, басқа
жерлерден келетін жабдықтар тоқтады, өз еліңде жасалған бұйымдар да
бұрынғыдай басқа республикалардан көлемді сұраныс таппады. Соның салдарынан
республикадағы экономикалық кеңістік күрт шектеліп, азайды. Мысалы, 1992-
1993 жылдары Қазақстан халық шаруашылығының көптеген салаларында
кәсіпорындардың жартысына жуығы, ал жеңіл өнеркәсіп пен кейбір өңдеуші
салаларда 60-тан 80% дейіні жартылай жұмыс істеп немесе толық тоқтап тұрды.
Елде жұмыссыздық барынша өсіп, экономика дағдарысқа кірді [14].
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары экономикада орын алған қатты
күйзелістің себебі мен сипаты осылар болды. Қазақстандағы жалпы ішкі
өнімнің (ЖІӨ) жылдағы көлемі 40 пайызға жуық азайды. Осындай құлдыраудың
80% себебі елдің экономикалық байланыстарының үзілуінен болды. Тек бізде
ғана емес, басқа республикалардың мамандары да осындай тұжырымға тоқтады.
Кешікпей нарыққа көшудің ауқымды реформалары басталды. Нарық
экономикасына көшудің ең басты мәселесі мемлекеттік мүлікті ыдыратып,
меншікті жекешелендіру болды. Қай елде болса да бұл өте жауапты науқан,
көптеген елдерде осы саладағы реформаларға жылдар емес, ондаған жылдар
кеткенін әлем тарихынан білеміз. Үш-төрт кезеңмен жіктелген меншікті
жекешелендіру науқаны бізде, Қазақстанда, 8-9 жылдың ішінде орындалды. 1995-
1997 жылдар мемлекеттік мүліктің 60%-на жуығы жекешелендірілді, 2001 жылы
елдің жекеменшік секторында кәсіпорындардың 74,4%, елдегі жұмыскерлердің
60%-нан артығы жұмыс істеп, олар республикадағы жалпы өнімнің 83%-ын
шығарып отырды. Кейін бұл көрсеткіштер тағы да өсті. Ал қазір Қазақстан
экономикасының қай саласын алсақ та олардың негізін қалайтындар
жекешеленген кәсіпорындар мен ұжымдар [14].
Қазақстандағы жедел реформалар негізінде нарық экономикасы қалыптасты,
олардың тиісті тетіктері жасалды, институттық орындары мен байланыстары
құрылды. Даму үрдісінде тұрақтылық орнай бастады. Әлем экономикасында
қалыптасқан өркениетті үлгі негізінде шетелдермен сауда-саттық қатынастары
орнап, олар жылдан-жылға кеңейе бастады. Нәтижесінде Еуропа Одағы, басқа
елдер Қазақстан нарық экономикасының елі деп танып, мойындады.
Дегенмен, мүлікті жекешелендіру көптеген қайшылықтармен өтті.
Мемлекеттік мүлікті қолындағы әкімшілік мүмкіндігін пайдаланып арзан
бағамен сатып алушылар аз болған жоқ, осының салдарынан бай мен кедейдің
ара-жігі үлкейіп, халықтың наразылығын тудырды.
1997-1998 жылдардағы әлемдегі, әсіресе, Оңтүстік Азия елдеріндегі,
Ресей Федерациясындағы қаржы саласындағы күйзелістер Қазақстанға да теріс
әсерін тигізді. Дегенмен, 1999 жылы кейбір көріністері белгі беріп, 2000
жылдан бастап Қазақстан экономикасы үзбей тұрақты даму жолына шықты. Содан
бері әр жылда республиканың ЖІӨ 10% шамасында өсіп, даму қарқыны жағынан
ТМД елдерінің алдына шықты. Нәтижесінде, ЖІӨ-нің екі есе өсуіне
жоспарлағанымыздай 10 жылда емес, 8 жылда қол жеткізуімізге мүмкіндігіміз
толық бар [15].
Тұрақты даму жолы экономика саласында бұрынғыдан да ауқымды шаралар
белгілеп, оларды іске асыруға жол ашты. Қазақстанның табиғи байлығын,
өндіргіш күштерін, шетелдіктермен қатынастардан туған мүмкіндіктерді
пайдалана отырып, жаңа экономиканы түбегейлі және жан-жақты жасақтау осы
тұрақты даму жолына шығудан басталды.
Соңғы жыл мәліметтері тұрақты даму мысалы бола алады. 2005 жылы
Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің көлемі Орталық Азия мен Кавказдағы жеті
мемлекеттің ЖІӨ-дерінің жиынтық көлемінен асып түскен. Жан басына
шаққандағы ЖІӨ 5 есеге жуық – 1994 жылғы 700 доллардан 2005 жылғы 3400
долларға дейін өсті. 2006 жылы ЖІӨ-нің жылдық өсімі болжамды мәннен 2,1
пайыздық пунктке арта түсіп, 2005 жылғы деңгейге қарағанда 10,6%-ды құрады.
Бұл ретте халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 2006 жылдың қорытындылары
бойынша 5083 АҚШ долларын құрады.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі 2006 жылы 2005 жылмен
салыстырғанда 7%-ды құрады, өңдеуші өнеркәсіпте – 7,3%, тау-кен өндіруде –
7%. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсімі 2006 жылы өткен жылмен
салыстырғанда 7%-ды құрады. Көлік қызметтері 5%-ға, байланыс қызметтері
20,4%-ға ұлғайды. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 10,6%-ға
ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 20,1%-ға ұлғайды.
Сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 37%-ға, оның ішінде экспорттың көлемі
37,3%-ға, импорт 36,4%-ға өсті.
Жұмыссыздардың саны 2,4%-ға азайды. Жұмыссыздық деңгейі
2005 жылғы 8,1%-ға қарағанда 7,8%-ды құрады. Халықтың нақты ақшалай
кірістері бағалау бойынша 10%-дан астам өсті.
Қаржы секторы экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан салаларының
бірі болып табылды. Алдын ала деректер бойынша экономикаға кредиттердің
көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 82,7%-ға - 4736 млрд. теңгеге
дейін ұлғайды. Банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 2006 жылы 88,4%-ға
ұлғайып, 2007 жылғы 1 қаңтарда 3115 млрд. теңгені құрады.
Ұлттық Банк пен Үкімет қабылдап жатқан шараларға қарамастан,
2006 жылы инфляция деңгейі жеткілікті түрде жоғары деңгейде сақталды –
8,6%. Инфляция өсімінің түйінді факторларының ішінде банк жүйесінің жоғары
өтімділігі, кірістердің және халықтың тұтынуының өсуі, мемлекеттік бюджет
шығыстарының едәуір қарқынды өсуі, инфляция импорты байқалып отыр.
Ұлттық қордың активтері 14 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. Алтын-
валюта резервтерінің көлемі олардың есебінен 33 млрд. АҚШ долларынан асты
[5].
Соңғы 10 жылда ең төменгі жалақы 25 есеге жуық өсті; зейнетақылардың
орташа айлық мөлшері 4,6 есе ұлғайды; жеке тұлғалардың банктердегі
депозиттері мен бір тұрғынға шаққандағы салым көлемі іс жүзінде 36 есе
өсті. 2005 жылы бюджет саласы қызметкерлерінің: мұғалімдердің,
дәрігерлердің, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің, сондай-
ақ мемлекеттік қызметшілер жалақысының мөлшері орташа есеппен 30 пайызға
ұлғайтылды. Қазіргі кезде Қазақстандағы жалақы ТМД елдерінде Ресейден кейін
ең жоғарылардың бірі екенін атап өту қажет [17].
Қолымыз жеткен жетістіктер әрбір қазақстандықты қуантады. Алайда
дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар
проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға
болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың
әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың
босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының
мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның
дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан
артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың
болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан
әрi - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану
процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне
сәйкес келмеуi.
Осы кедергілерді жеңу үшін ашық экономиканы дамыту және оны жаңарта
отырып жетілдіру қажет. Осы жөніндегі Қазақстанның басым міндеттерінің
біріншісі - ел экономикасында қазір орын алып отырған сыңаржақтықтан
шығарып, тек қана табиғи ресурстарды игере беру емес, өңдеуші салаларды,
жаңа технология, техникамен жарақталған, өнімді өте терең өңдейтін өндіріс
салаларын дамыту. Екіншісі – тек қана нарық экономикасы емес, оның әлемнің
озық елдеріндегі ең тиімді үлгілерін енгізу, қазіргіден де жаңа, білім мен
ғылым, инновациялық технологиялар негізінде жұмыс істейтін экономиканы
жасақтау. Яғни жаңа экономика құру. Жаңа экономика дегеніміз білім мен
ғылым негізінде дамыған экономика, яғни тек өнім, тауар шығаратын экономика
емес, білімге білім қосып, ол ғылыми жаңалыққа айналып, ғылым жаңалығы жаңа
технология туғызып, соның негізінде дамитын экономика. Сондықтан да ол
бұрынғымен салыстырғанда дамудың ең тиімді жолы. Әлем тәжірибесіне
сүйенсек, қазіргі таңда дамыған елдерде жаңа технология, жаңа білім
негізінде ұлттық ішкі өнімнің 75-80%-ы жасалынады. АҚШ-та, Жапонияда,
Германияда, Канадада, Швеция, Финляндия, Норвегия елдерінде осы сипаттағы
жаңа экономика жан-жақты дамып келеді. Осы жолға Азия елдері де түсу
қамында.
Мемлекет басшысының соңғы екі Жолдауы осы олқылықтардың орнын
толтыруға, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларында бәсекеге түсуге қабілетті
және экспортқа негізделген тауарларды шығаруға бағытталды. Президент ұлт
алдына орасан үлкен мақсат қойып отыр: біз әлемнің бәсекелестікке қабілетті
ең мықты деген 50 елінің қатарына кіруіміз керек. Бұл нақты және шынайы
мақсат. Қазір біз бәсекелестік қабілет жағынан Ресейден кейін тұрмыз.
Әлемнің бәсекелестікке қабілеті алғашқы 50 елінің қатарына қосылу үшін —
бәсекелестік қабілет бойынша жоспар қажет. Елбасы Жарлығымен
Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру
мақсатында келешекке есептелген бірнеше бағдарламалар қабылданып, іс-
шаралар жүзеге асырылуда.
Қабылданған бағдарламалардың бастысы ретінде Қазақстан
Республикасының Индустриялық- инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясын атап айтуға болады.
Бұл Стратегия Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай
туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi
бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан
кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Тұтас алғанда Стратегияны iске асыру үш кезеңде: бiрiншi - 2003-2005
жж., екiншi - 2006-2010 жж., үшiншi - 2011-2015 жж. жүзеге асырылады.
      Бiрiншi кезең (2003-2005 жж.) басты түрде дайындық сипатындағы iс-
шараларды жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде iске
асыру мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңа заңдар әзiрлеу, инвестициялық және
инновациялық жобаларға мемлекеттiң қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк
институттар құру, мамандарды даярлау, мемлекеттiң қатысуымен iске
асырылатын тиiмдi жобаларды айқындау көзделедi.
Екiншi кезең (2006-2010 жылдар) Стратегия iс-шараларын экономиканың
барлық салаларында белсендi iске асыру кезеңi болады. Бұл халықаралық
стандарттар бойынша ғылым мен техниканың жетiстiктер негiзiнде қуаттарды
құру, сондай-ақ қажеттi мамандарды даярлау жөніндегі мәселелерiн кешендi
шешуге мүмкiндiк бередi.
Жеке сектордың, шетел инвесторларының, мемлекеттiк бюджет пен
мемлекеттiк қаржы институттарының қаржы ресурстары бiрыңғай бағытта жұмыс
iстеп, инфрақұрылымды дамыту, қайта жаңғырту, жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды
кеңейту және жаңа өндiрiстер құру проблемаларын кешендi түрде шешедi. Бұл
ретте iрi, орта және шағын кәсiпорындарды үйлесiмдi дамыту қамтамасыз
етiледi.
Кейбiр кәсiпорындар құру нормаларын ескере отырып, индустриялық-
инновациялық даму стратегиясын iске асырудың алғашқы нәтижелерiн көредi.
      Экономиканы әртараптандыру саласындағы бiрқатар iлгерiлеуге
қарамастан экономиканы дамыту негiзiнен мұнай мен газды өндiру және
экспорттаудың өсiмi есебiнен қамтамасыз етiледi.
Болжам бойынша 2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ЖIӨ екi еселенуi
саласындағы стратегиялық мақсат мұнай мен газды өндiрудi дамыту қарқынының
өсуi есебiнен iске асады.
Yшiншi кезең (2011-2015 жылдар) Стратегияны iске асыру бөлiгiнде аса
өнiмдi болады. Осы кезеңде iске қосылған қуаттарды және жаңа салалар мен
рыноктардағы ҚҚТ дамыту жүзеге асатын болады. Тауарлар мен қызметтер
өндiрiсiнiң және экспорттаудың өсу қарқыны мұнай мен газ өндiрудiң өсiмiнен
асып түседi. Экономика салалары мен экспорт құрылымын әртараптандыру
жүредi.
Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу кезінде күтілетін
нәтижелерді атап өтсем. Экономиканың өсу қарқыны жылына кемiнде 8,8-9,2%-ды
құрайды. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8 еседей
ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық
өсу қарқынын 8-8,4%-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы
еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2
есе төмендетуге мүмкiндiк бередi.
Стратегияны iске асыру:
ЖIӨ құрылымында өнеркәсiптiң үлестiк салмағын 2015 жылы 46,5%-тен 50-
52%-ке дейiнгi мөлшерде ұлғайтуға;
ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми- инновациялық қызметтiң үлестiк
салмағын 2000 жылғы 0,9%-дан 2015 жылы 1,5-1,7%-ға
арттыруға;
ЖIӨ құрылымында өңдеушi өнеркәсiп үлесiнiң төмендеу қарқынын 2000
жылғы 13,3%-тен 2015 жылы 12-12,6%-ке дейiн төмендеуiн бәсеңдетуге
(салыстыру үшiн бұл көрсеткiш индустриялық саясат жүргiзiлмесе, 2015 жылы
10,9%-тi құрайтын едi).
Сонымен қатар Стратегия iске асырылмаса, өнеркәсiптiк өндiрiстегi кен
өндiру салаларының қосылған құнының үлесi, оның iшiнде мұнай өндiру 2000
жылғы 31,0 және 25,6% қарағанда 2015 жылы тиiсiнше 55-56% және 50-51%-ке
жетуi мүмкiн. Стратегияны iске асыруды есепке алғанда кен өндiру
кәсiпорындары 46-47%-тi ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн
және жоғары технологиялық өндiрiс орындарының үлесi 2000 жылғы ЖІӨ 0,1%-нен
2015 жылы 1-1,4%-ке дейiн артады.
Өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының құрылымында сапалық өзгерiстер
болады. Металлургияның және металдарды өңдеу үлесi
өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының жалпы көлемiнiң 40,1%-нен 27-28%-ке
дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiн
өңдеу үлесi 38,1%-тен 45-46%-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды көп қажет
ететiн және жоғары технологиялы өнiмнiң үлесi 2000 жылғы
0,6%-пен салыстырғанда 9-11%-тi құрайды.
Стратегияның бірінші кезеңінде Қазақстанның даму банкі, Инвестициялық
қор, Инновациялық қор, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру
жөніндегі корпорация сияқты даму институттары құрылды. Осы институттардың
қызметтеріне тоқталсам,       Қазақстанның инвестициялық қорының (ҚИҚ)
мақсаты Қазақстанда да, шет елдерде де кәсiпорындардың жарғылық капиталына
үлестiк және бақылаусыз қатысу арқылы жеке сектордың экономиканың
шикiзаттық емес секторындағы бастамаларына қаржылай қолдау көрсету болып
табылады.
      Қазақстанның Даму Банкiнiң негiзгi мiндетi ұзақ мерзiмдi және
орташа мерзiмдi төмен проценттi банк кредиттерiн, оның iшiнде экспорттық
кредиттер беру арқылы, сондай-ақ басқа кредиттiк институттар беретiн
заемдар мен кредиттер бойынша кепiлдi мiндеттемелер беру арқылы жеке сектор
мен мемлекеттiң бастамаларына (инфрақұрылымдық жобалар бөлiгiнде) қаржылай
қолдау көрсету болып табылады.
Ұлттық инновациялық қордың (ҰИҚ) мақсаты- технопарктер, бизнес-
инкубаторлар салу, венчурлы қорларды ұйымдастыру. Қазіргі кезде ҰИҚ - ның
құрамында 9 венчурлы қордың қаржысы бар, олардың бесеуі отандық та қалған
төртеуі- шетелдік.
Қазіргі кезде Қазақстанда венчурлық қор жүйесін қалыптастыру үлкен
маңызға ие болып тұр, бұл әсіресе заңдық шығармашылық барысында өте тиімді.

ҰИҚ өз жұмысының төрт бағытын анықтады; мұнай-газ секторына
технологиялық қызмет көрсету, информациялық технология, ауыл шраушылығы
өнімдерін қайта өңдеу. Сондай-ақ биотехнология мен фармакология саласында
да жұмыстар жүргізу. Бұл мақсаттарға қаржының жетпіс пайызы бөлініп отыр.
Қалған ақша ұқсас технологияларға, энергетикаға, нанотехнологияға,
космостық технологияға жұмсалатын болады.
ҰИҚ түрлі деңгейдегі талдау жұмсытарын жүргізу, Озық жетістіктер
орталығын құру, экономиканың нақтылы секторымен тығыз байланыс орнатып,
озық жетістіктерді ғылым мен техниканы дамытуға кеңінен пайдалану
мақсатында Бүкіләлемдік банкпен бірлесіп жұмыс істеуде. Бұл жоба 2005 жылы
Қоғамдық форумда қабылданған болатын.
Қор өз жұмысын Азаматтық зерттулер мен талдаудар жасау жөніндегі
белгілі американдық қормен байланыс орнатып, қазақстандық қор ғылыми-
зерттеу бағдарламасын да жасады. Осының барысында бірігіп түрлі семинарлар,
жиналыстар, ғылыми- зерттеу шараларын жүргізу жөнінде өзара келісімге қол
қойылды. ИНТАС Европалық Одағымен бірлесе отырып, 2006 жылы ҰИҚ
инновациялық гранттардың халықаралық байқауын өткізді. Оның бюджеттік қоры
500 мың евро болды. Бұл қаржы екі жақтан бірдей бөлінді. Осы байқау
барысында 10 жоба қабылданып, оларды іске асыру үшін 50 мың евро
бөлінді.Жобалардың мерзімі- бір жылдан үш жылға дейін. Кейін, тәуелсіз
талдау жасаушылар түскен жобаларды ғылыми жағынан зерттеп, нәтижесінде үш
жоба ғана қаржыландырылатын болды. ҰИҚ жүргізіп отырған бұл байқаулар
еліміздің инновпациялық дамуының қайнар көзіне айналады десек, артық
айтқандық емес. Ең алдымен бұл жас, тәуелсіз мемлекетіміздің халықаралық
аренада беделін көтеруге септігін тигізеді.
Соңғы кездері қор шетелдік КИСО - систем, КИФАЛ және басқа да
технологиялық компаниялармен байланыс жасауда. Германиядағы және Ресейдегі
Мәскеу мемлекеттік университеттерімен қолданбалы технологияларды
Қазақстанда дамыту мақсатында келісім шаралар жүзеге асты. Бұл екі үлкен
серіктестер қорға аса үздік технологияларды тиімді пайдаланудың жолдарын
көрсетеді, ғалымдарды тәжірибе- конструкторлық жұмыстаға кеңінен тартатын
болады. Жалпы инновациялық ұлттық қор қосымша құн алу мақсатында ізденістер
жасап, жоғары технологиялық жобаларды еліміздің индустриясына енгізуге
ұмтылатын болады.
ҰИҚ-ның қазіргі кезде алдында тұрған бірден-бір міндеті - ғылым мен
инновация саласында Қазақстан және ЕС аймағында орасан зор жұмыстар
жүргізу. Осы мақсатта Европалық Комиссияның Қазақстандағы өкілдіктерімен
келіссөздер жүріп жатыр.
Қор ең үздік инновациялық шешім жасау жөнінде байқау ұйымдастыруда,
оның жүлдегері 50 мың доллар көлемінде сыйақы алатын болады. Сондай-ақ ең
үздік экологиялық жобаға да конкурс ұйымдастырылды, оның құны - 25 мың АҚШ
доллары. Сондай–ақ Сауд Арабиясының Мұнай университетінде магистратура және
докторантурада оқу үшін де грант бөлінді.
Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорацияның негiзгi мiндетi саяси
және регулятивтiк қатерлердi сақтандыру және қайта сақтандыру арқылы
қазақстандық өндiрушiлердiң тауарлары мен қызметтерiнiң экспортына тiкелей
жәрдемдесу болады. Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация қазақстандық
өнiмнiң экспортын дамыту, ықтимал өткiзу рыноктары туралы ақпаратты
зерделеу және кейiннен тарату үшiн маркетингтiк зерттеулер жүргiзетiн
болады. Бұл жалпы әлемге танылған тәсiл болып табылады әрi қаржылық және
әкiмшiлiк тұрғыдан алғанда экспорттық трансакцияларды жеңiлдетуге тиiс.
Отандық сақтандыру рыногының өсуi және оның экспорттық-импорттық
операциялармен байланысты тәуекелдердi сақтандырудың дайындығы бойынша
Экспортты сақтандыру корпорациясы коммерциялық сақтандыруды қысқартып,
саяси тәуекелдердi сақтандыру мен халықаралық рыноктар туралы коммерциялық
ақпаратты таратуға баса назар аударатын болады [3].
Қазақстанда 2015 жылға дейінгі кезеңде индустриалды-инновациялық даму
бағдарламасын жүзеге асырудың тетігі кластерлерді пайдалану. Сондықтан
кластер ұғымын, қағидаларын түсіндіре отырып, мұның өзі қандай
қажеттіліктерден туындағанына тоқталып өтейін.
Қазіргі уақытта кластер барлық салалар, оның ішінде аграрлық кешен
мамандарының қолданысына мықтап еніп келе жатқан түсінік. Өйткені онда ел
экономикасы мен оның көптеген салаларының бәсекеге қабілеттілігін
қалыптастырудың негізі жатыр. Кейбіреулер оның түсініктері, түрлері,
типтері туралы айта отырып, оны тұтас салалармен, негізінен, өнеркәсіптік,
аумақтық-өндірістік кешендермен, кәсіпорындар бірлестіктерімен, тіптен бір
ғана кәсіпорынмен шатастырады. Басқалары мұны өзара байланысты және табысты
бәсекелестіктегі фирмалардың жиынтығы деп санайды. Біріншіден, кластерлер-
қосымша құнды жасау барысында өзара байланысқан жеткізушілердің,
өндірушілердің, тұтынушылардың, өнеркәсіптік инфрақұрылымдар элементтерінің
торабы, желісі, жүйесі. Екіншіден, аумақтық ықшамдалған және экономикада
жетекші орынға ие жеке салалар шеңберіндегі бәсекеге қабілетті
кәсіпорындардың тобы. Қазақстан экономикасын зерттеген Кристиан Кетелс
кластерлі экономикалық мамандандырылуды алға тарта отырып, өзінің жақын
орналасуынан пайда табатын өзара байланысты компаниялар мен ұйымдар топтары
ретінде түсіндіреді. Осы анықтамалар бірін-бірі толықтыра келіп, кластердің
мәнін ашады. Кластер дегеніміз, қысқаша айтқанда, белгілі бір өнім
шығаратын шаруашылықтың немесе кәсіпорынның сол өнімге қатысты басқа да
өндіріс орындарымен ынтымақтаса, ықпалдаса жұмыс істеуі деген сөз.
Соңғы екі жылда осы және басқа бағыттарға әлемнің жетекші мамандары
тарттылды. Мәселен, Дюк университетінің профессоры Джефери қосылған құн
тізбегі теориясының білгірі болса, Майкл Портер ұлттардың бәсекелестік
басымдығы теориясының негізін қалаушы. Сол сияқты, "Джей Остин"
компаниясынан Кевин Мерфиді, Стэнфорд университетінің бәсекелестікке
қабілеттілік институтын басқарушы Алек Хансенді тарттылды.
Кластерлер бойынша жобалардың барлығы үшін жылына 2,5 миллион доллар
төленді. Оның шеңберінде АҚШ-тан жүздеген адам тартылды, 100 шақты адам
кластерлік топтар бойынша осында істеді, 20 адам МТЗО-да қайта даярлық
бағдарламасынан өтті. Осы уақыт аралығында семинарларды, конференциялар мен
кездесулерді, іссапарларды қоса алғанда орасан жұмыс жасалды. Индонезия
Джей Остин компаниясына 5 кластер бойынша 25 миллион доллар төлейді.
Сондай-ақ Тайланд үкіметі біздің консультанттарымыздан осы тектес жоба
сұрап отыр. Майкл Портер әлемдегі бизнес-ортада ғалымдар мен
консультанттардың алғашқы ондығына кіреді. Ал Хансен әйгілі Билл Гейтстің
өзіне консультация береді. Қазақстанда жыл бойы Гарвард университеті
Кеннеди мектебінің профессорлар тобы жұмыс істеді. Олардың қатарында
Вашингтон консенсусы авторларының бірі, Венесуэланың бұрынғы экономика
министрі Рикардо Хауссман, Клинтонның консультанты Джеймс Френкель, Роберт
Лоуренс сияқты мықтылар бар. Халықаралық валюта қоры мен Бүкіләлемдік банк
өз рекомендацияларын әзірлегенде олармен ұдайы кеңесіп отырады [17].
Аталған ғалымдардың кеңестеріне сүйене отырып елімізде жеті кластерді
құру жөніндегі жұмыстар жүріп жатыр. Туризм, тамақ өнеркәсібі, мұнай-газ,
мәшине құрылысы, тоқыма өнеркәсібі, көлік логистикасы, металлургия және
құрылыс материалдары дейтін салалар бойынша нақты жұмыстар қолға алынды.
Жоспардың бекітілген мерзімінен бері бірқатар кластер бойынша қазірдің
өзінде нәтижелер бар. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында Оңтүстік
еркін экономикалық аймағы құрылды. Мақта-тоқыма саласы шеңберінде құрылған
бұл аймақ киім тігу, мата өндіру ісі бойынша өндірісті дамытуға қосымша
инвестиция тартуға қолайлы. Биыл мақта-талшығы стандартының халықаралық
жүйесі енгізіледі. Ол да біздің мақтамыздың әлемдік нарықтағы бағасын
арттырып, бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Туризм саласы бойынша
туристердің елге кіру процедурасы оңайлатылды. Қазір ұлттық туристік
өнімдерді өндіру жоспары жасалып, оларды халықаралық туристік нарықта
жылжытуға қатысты жұмыстар қолға алынды. Республиканың солтүстік-шығыс
өңірінде негізінен, сүт, астық және ет кластерлері, ет-сүт және жеміс-
көкөніс кластерлері елдің оңтүстік өңірлерінде құрылады деген жоспарлар бар
[17].
Бәсекеге айрықша қабілетті елу елдің қатарына кіру үшін жеті кластер
аздық етеді. Экономиканы әртараптандыру үшін басқа мынадай бастамалар бар.
Мұнай-химия саласында полиэтилен, полипропилен, стирол, полистирол,
этиленгликол, бензол, метанол деген сияқты қаптаған өнімдерді шығаруға
жағдайымыз жетеді. Бұл өнімдердің бәрі де әлемдік нарықта бәсекеге
қабілетті. Нексант компаниясы мұнай-химиясын дамыту жөнінде тамаша жоспар
жасады. Мұнай-химиясы бойынша мастер-план бар. Келешекте органикалық химия
саласында индустриялық конгломераттарды дамыту, сондай-ақ, телекоммуникация
индустриясын дамыту көзделуде. Әсіресе, мұнай-газ саласына қажетті
мәшинелер мен жабдықтарды өндіру аса маңызды. Ресейліктер мен
американдықтарды қатыстыра отырып ғарыш индустриясы орталығын құру ісіне де
айрықша назар аударып отырмыз. Ауыл шаруашылығында бірнеше халықаралық
маңызы бар жобалар жасалып жатыр. Оның ішінде ет экспорты үшін мал
шаруашылық фермерлік конгломераттарды құру, өнімділігі жоғары дақылдар мен
тұқым өндірісі үшін халықаралық ұйымдардың қатысуымен биотехнология
орталықтарын құру ісі де көзделіп отыр.
Аталған жоспарлардың табысты орындалуының кепілі экономиканың жоғары
технологиялық бағытын дамыту болып табылады. Біздің ғалымдарымыз қысқа
мерзім ішінде түрлі мақсатта пайдаланылатын кремнийді алудың технологиясын
жасап, оны сынақтан табысты өткізді. Бұл елімізде кремний саласын құруға
негіз қалап отыр. Биотехнологияның Ұлттық орталығының жаңа лабораториялық
кешенінің құрылысын Астана қаласының сол жақ жағалауында салу бастамасын
Үкімет қолдады. Бұл орталық халықаралық стандарттарға сай болмақ және
Қазақстан экономикасы аса зәру болып отырған тап сол жоғары технологияларды
жасауға арналатын болады. Ғарыштық салаларды дамытудың Мемлекеттік
бағдарламасы жасалып, бекітілді [17].
Президент Жолдауында осы заманғы ғылыми орталықтар мен технологиялық
парктер құру мен дамыту, жаңа технологияларды игеру үдерісіне қолдау
көрсету мен кадрлардың білігін бағдарлаудың икемді жүйесін жасауға айрықша
маңыз берілді. Материалдық базасының артта қалғанына қарамастан Қазақстан
ғалымдары өнеркәсіптің көптеген салалары үшін бәсекеге қабілетті
технологиялық жетістіктерді жасап шығарды. Мына жағдай оған дәлел бола
алады, 2002 жылға дейін ғалымдар жаңа жабдық сатып алған емес. Бірақ соған
қарамастан, көптеген салада, айталық, тау-кен - металлургия кешенінде,
мұнай-химиясы, биотехнология, ядролық және ғарыштық технология салаларында
айтарлықтай жетістіктерге ие болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының
академиялық институттар миссиясы 1995 жылы технологияларға ішінара
сараптама жүргізгенде қазақстандық ғалымдардың 23 жұмысы әлемдік деңгейде
жоғары бағаланды.
Үкімет 2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ұлттық
инновациялық жүйесін қалыптастыру мен дамыту бағдарламасын бекітті. Бұл
Бағдарламаның басты мақсаты – отандық, сондай-ақ шетелдік ғылыми әлеует пен
технологияларды пайдалану негізінде бәсекеге қабілетті түпкі өнім шығаруды
қамтамасыз ету. Осы бағдарлама негізінде университеттер мен технопарктер
жанынан бизнес-инкубаторлар жүйесін құру көзделген. Өңірлік және ұлттық
технопарктерді ашу, еліміздегі кәсіпорындардың мүмкіндіктері және олардың
инновациялық мақсатта қажеттілігі туралы деректерді жинақтайтын “виртуалды
технопарк” құру ісі де сол бағдарлама шеңберінде жүзеге аспақ. Инновациялық
инфрақұрылымды дамыту және инновациялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында
былтыр даму институттарының жарғылық қоры көбейтілді. Тұтастай алғанда 2004-
2005 жылдары республика бойынша қаржыландыру көздері есебінен 1,5 млрд. АҚШ
долларына жуық сомаға 395 жоба іске асырылды. Олардың 83% экономиканың
өңдеуші салаларында жүргізілді. Нәтижесінде 18 мыңдай жұмыс орны ашылды.
Венчурлық индустрияны енгізудің арқасында Кассат қазақстандық спутнигі
ұшырылды. Стратегия қабылданғанға дейін елімізде 19 технопарк пен 16 бизнес
инкубаторлар жұмыс істеп, экономикамыздың дамуына өз үлестерін қосқан,
Солтүстік Қазақстан облысы мен Астана қаласында тағы да 4 өңірлік технопарк
құрудың техникалық негіздемесі әзірленген. Инжиниринг және тхнологиялар
трансферті орталығы дейтін акционерлік қоғам ізденісімен Орал, Қарағанды,
Алматы қалаларында өңірлік технопарктер іске қосылды [18].
Осы ашылған технологиялық парктердің ішінен Алматы қаласындағы
технопарк жайында біраз мәлімет келтірсем. Ол Алматы қаласынан 25 километр
қашықтықта орналасқан Алатау поселкесінде 2006 жыдың 15 қыркүйегінде
Алатау Сити деген атпен салтанатты түрде ашылды.
Бұл парк ақпараттық технологияларды орындайды, жаңа жұмыс орындарын
ашады, мемлекеттік жүйе барысында шетелдік жоғары технологияларды өндіріске
енгізу арқылы индустриалды дамуымызға ықпал ететін болады. Алатау
ақпараттық паркі Қазақстанда ғана емес, Орта Азиядағы алғашқы, қуатты
технологиялық орталық болып табылады.
Алатау технологиялық паркінде әлемнін ең озық компаниялары жұмыс
істейді. Олармен қазірдің өзінде мемарандумға қол қойылған. Сиеменс,
Микрософт және басқа да әлемді аузына қаратқан мықты орталықтар еліміздің
болашағы үшін бізбен бірге тер төгетін болады.
Технопарктің айналасында бизнес- инкубатор, білім беру орталығы,
логистикалық, мәлімет, сертификаттық, көрме орталықтары ашылып, жұмыстарына
кірісіп те кеткен. Алатау технологиялақ паркіне салықтық, кедендік
жеңілдіктер берілген, сондықтан да оның аумағында жұмыс істейтіндер барлық
компаниялар ақпарттық және телекоммуникациялық қажеттіліктерді толық
пайдалана алады.
Алатау Ақпараттық технологиялық паркі қазірдің өзінде сұйық кристалды
панелдерді шығаратын зауыт жұмысын қолға алды, бұл кәсіпорын - ҰИҚ-дың
бірлескен өндіріс орны. Сондай-ақ Глотур және сингапурлық Мультимедиа
компанияларымен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Осы технопаркте Қазақстанды
одан әрі коммуникациялау, ақпарттық технологиялық дамуды тереңдету
барысында да орасан зор жобалар іске асатын болады.
Дәл осы бағыттар Қазақстан экономикасының жаңа өсу нүктелері
болатындығы даусыз. Осы кластерлерді, мұнай-химия саласын, оларға ықпал
етуші ғылымды дамыту арқылы біз әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнімдер
мен қызмет түрлерін ұлғайта аламыз.

1.2 Өңдеуші кәсіпорындардың экономикалық тиімділік көрсеткіштері және
оған әсер ететін факторлар
Кәсіпорын тиімділігі – белгілі бір уақытта өндіріс ресурстарының
барлығын пайдаланғандағы соңғы нәтижелердің кешенді немесе жалпы көрінісі.
Кәсіпорын тиімділігі шығындардың ең төмен деңгейін сақтай отырып,
еңбек өнімділігін жоғарылатуды, өндірістік қуаттарды, шикізат пен материал
ресурстарын толық пайдалануды және ең жоғары нәтижелерге жетуді сипаттайды
[11].
Экономикалық тиімділікті бағалау үшін өндіріс нәтижелері шығындармен
салыстырылады:
Тиімділік ═ Нәтиже Ресурстар (Шығындар)
Өндіріс нәтижелері деп өндірістің пайдалы соңғы нәтижесін түсінеміз.
Ол келесі түрлерде болады:
1) натуралды және құндық сипаттағы өнім көлемімен өлшенетін өндірістік
үрдістің материалды нәтижесі;
2) кәсіпорын қызметінің халықшаруашылықтық нәтижесі. Ол тек
шығарылған өнім санын ғана емес, сонымен қатар оның тұтынушылық құнын да өз
құрамына кіріктіреді.
Белгілі бір уақыт кезеңіндегі кәсіпорынның өндірістік – шаруашылықтық
қызметінің соңғы нәтижесі болып таза өнім саналады, яғни жаңадан құрылған
құн. Ал коммерциялық қызметінің қаржылық нәтижесі болып пайда саналады.
Өндіріс тиімділігін өлшеу экономикалық тиімділік критерийлерін
анықтауға мүмкіндік береді. Бұл экономикалық тиімділік кәсіпорыннан жалпы
халық шаруашылығына дейінгі барлық сатыларда біркелкі болу керек.
Өнім динамикасы мен ресурстар динамикасы (шығындарының) арақатынасы
экономикалық өсу сипатын анықтайды. Өндірістің экономикалық өсуіне
экстенсивтік немесе интенсивтік тәсілмен қол жеткізуге болады. Өнімнің өсу
қарқынының ресурстардың немесе шығындардың өсу қарқынынан артық болуы
экономикалық өсудің басым интенсивті екендігін дәлелдейді [11].
Өндірістің экономикалық тиімділігінің жеткілікті жоғары қарқынды және
бірыңғай өсуін қамтамасыз ету мүмкіншілігі тек дамудың интенсивті түріне
өтуге жағдай жасайды. Бұдан шығатын қорытынды, өндірісті жан-жақты
интенсивтендіру – оның тиімділігін арттырудың шешуші себебі. Сөз ең
алдымен, әрбір материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бірлігінің
қайтарымын арттыру үшін негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану туралы
болып отыр.
Өндіріс тиімділігі көрсеткіштердің бір-бірімен байланысқан жүйесінде
нақты сандық мағынаға ие. Бұл көрсеткіштер өндірістік үрдістің негізгі
элементтерін пайдалану тиімділігін сипаттайды. Өндірістің экономикалық
тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі келесі қағидаларға сәйкес келуі керек:
өндіріс тиімділігінң нақты көрсеткіштерінің жүйесі мен критерийлері
арасындағы байланысты қамтамасыз ету;
өндірісте қолданылатын ресурстардың барлық түрлерін пайдалану тиімділігінің
деңгейін анықтау;
басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі өндіріс тиімділігін өлшеуді қамтамасыз
ету;
өндіріс тиімділігін жоғарылатуға бағытталған өндірісішілік резервтердің
мобилизациясын ынталандыру.
Аталған қағидаларды ескере отырып өндіріс тиімділігінің
көрсеткіштерінің келесі жүйесі анықталды:
1.Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау
көрсеткіштері
Бір еңбеккерге шаққандағы орташа жылдық шығарым ═ Өнімді өткізуден
түскен түсім Еңбеккерлердің орташа тізімдік саны
Бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық шығарым ═ Өнімді өткізуден
түскен түсім Жұмысшылардың орташа тізімдік саны
Бір жұмысшыға шаққандағы орташа күндік шығарым ═ Өнімді өткізуден
түскен түсім Барлық жұмысшылардың еңбек еткен күн саны
Бір жұмысшының орташа сағаттық шығарымы ═ Өнімді өткізуден түскен
түсім Барлық жұмысшылардың еңбек еткен адам-сағат саны
Қор қайтарымдылығы ═ Өнімді өткізуден түскен түсім Негізгі
өндірістік қорлардың орташа жылдық құны
Қор сыйымдылығы ═ Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны
Өнімді өткізуден түскен түсім
Материал қайтарымдылығы ═ Өнімді өткізуден түскен түсім Шығындалған
материалдар ресурстарының орташа құны
Материал сыйымдылығы ═ Шығындалған материалдар ресурстарының орташа
құны Өнімді өткізуден түскен түсім
Базистік деңгеймен салыстырғанда бір жұмысшының орташа жылдық өнім
өндіруінің өзгеруіне нақты мына себептер ықпалын тигізеді:
*бір жұмысшының орташа жұмыс күнінің саны;
*жұмыс күнінің орташа ұзақтығы;
*бір жұмысшының орташа сағаттық өнім өндіруі.
Орташа жылдық және орташа күндік өнім өндіру бойынша жоспардың
орындалу пайызындағы алшақтық, жұмыс уақытының толық күндік жоғалуын
немесе есеп беру кезеңіндегі бір жұмысшының істеген жұмыс күні санының
өскенін бейнелейді. Орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндіру бойынша
жоспардың орындалу пайызындағы алшақтық ауысым ішінде жоғалту болуымен
немесе керісінше, күні бойғы жұмыс уақытының ұзақтығы артқанымен байланысты
болуы мүмкін.
Қор қайтарымы – негізгі өндірістік қорларды пайдалануды
қорытындылаудың көрсеткіші. Оның шамасы мен динамикасына кәсіпорынға
байланысты және байланыссыз себептер әсер етеді. Шаруашылықты интенсивті
жолмен жүргізу негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының 1
теңгесіне өнім шығаруды жүйелі көбейтуді болжайды, оған механизм, машина
мен жабдықтардың өнімділігін арттыру, олардың босқа тұруын азайту,
техниканы оңтайлы жұмыс істету, негізгі өндірістік қорларды техникалық
мейлінше жетілдіру арқылы жетуге болады.
Шаруашылықпен айналысушы субъект қызметінің тиімділігін сипаттайтын
маңызды көрсеткіш, материал қайтарымы болып табылады, ол тауар өнімі
құнының жұмсалған материалдық ресурстар құнына қатынасымен анықталады.
Бұған кері көрсеткіш – материал сыйымдылығы, оған жұмсалатын материал
сомасы мен тауар өнімі шамасына әсер ететін себептер ықпал жасайды.
2.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық
тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің
қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз
етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын
деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,
табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның
дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. Қаржылық тұрақтылықтың мәні –
қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады.

Тәуелсіздік коэффициенті - меншікті капиталдың кәсіпорын активтерін
қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі үлесін сипаттайды. Ол бойынша
кәсіпорынның қаншалықты деңгейде қарыз қаражатқа тәуелді екендігін және
меншікті қаражатын қалай пайдаланатынын білуге болады.
Тәуелділік коэффициенті – қарыз қаражаттарының жиынтық капиталдағы
үлесін сипаттайды.
Қарыз және меншікті құралдардың арақатынасы – кәсіпорын активтерінің
қай бөлігі қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылғандығын көрсетеді, 1
теңгеге қанша қарыз тартылғандығын көрсетеді.
3.Кәсіпорын активтерінің өтімділігін мен төлем қабілетін бағалау
көрсеткіштері. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, активтер мен
міндеттемелер арасындағы жалпы сомасы бойынша, келіп түсу уақыты бойынша
әрдайым теңдікті өтімділік көрсетеді. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы
белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа
мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама
бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға
дайындығы мен жылдамдығы. Ал кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер
кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын
түсіну керек. Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін
кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және
дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен
пайдаланылады.
Абсолютті өтімділік коэффициенті - баланс жасалған мерзімінде немесе
жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Жедел өтімділік көрсеткіші – ағымдық міндеттемелердің қандай бөлігінің
тек ақша қаражаттары есебінен ғана емес, сонымен қатар жасалған жұмыс,
көрсетілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан экономикасындағы өңдеуші кәсіпорындар
Кәсіпорындардың экономикалық тиімділігігінің көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар
Қаймақ өндіру технологиясы
Негізгі құралдардың теориялық аспектілері
Инновациялық технологиялардың нарықтық тұрғыда сұрыпталуы
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі
Нарық экономикасына көшудегі ең басты мәселелері
Қазақстан Республикасында индустриялды-инновациялық технологиялардың даму тенденциясы мен талданылуы
Қазақстан Республикасы ӨНЕРКӘСІБІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Пәндер