Банктің коммерциялық қызметті несиелеу ерекшеліктері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Банктің коммерциялық қызметті несиелеу ерекшеліктері

АҢДАТПА

Дипломдық еңбек нарықтық жағдайларындағы банктің - коммерциялық қызметті несиелеуді дамытудың өзекті мәселелерін айқындайды. Еңбекте республикамыздағы алдыңғы қатарлы банктердің даму жопарлары, рейтингтері, негізгі кезеңдері, несиелік стратегиясын таңдау мен жүзеге асырылуы, жаңа банкілік технологияларды әзірлеудің келешектік бағыттарын талдау, жаңа банкілік өнімдерді әзірлеп шығарудың проблемалары, банкілік қызметтер нарығының күйі мен келешектері қарастырылған.

АННОТАЦИЯ

Дипломная работа освещает актуальные вопросы в развитии банковского кредитовани комерческой деятельности. В работе рассматриваются основные этапы развития банков, их рейтинги на рынке, выбор и реализация стратегии кредитования, анализ перспективных направлений в разработке новых банковских технологий, проблемы разработки новых банковских продуктов. Состояние и перспективы рынка банковских услуг в республике.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5

1 БАНКТІҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 8

1. 1 Несиенің ұғымы және оның түрлері мен принциптері 8

1. 2 Шағын және орта бизнеске қатысатын субъектілер 12

1. 3 Қазақстандағы шағын және орта бизнеске несие беру

проблемалары 15

1. 4 Несиелік рейтингтің коммерциялық банктер қызметіндегі орны 20

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ БАНКТЕРІНІҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ НЕСИЕЛЕУДІ ТАЛДАУ 27

2. 1 Қазақстандағы алдыңғы қатарлы банктердің несиелік рейтингтері және оларды талдау 27

2. 2 Қазақстан ірі банктерінің шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламалары 36

2. 3 Шағын және орта бизнесті несиелеудің қазіргі жағдайына талдау 49

2. 4 Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу механизмі

«Казкоммерцбанктің» инвестициялық қызметі мен несиелік

рейтингісіне талдау 50

3 ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІНІҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ НЕСИЕЛЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖОЛДАРЫ 60

3. 1 Несиелік бақылау тәуекелді басқару әдәстері 60

3. 2 Несиелік бюро қарыз алушылар туралы ақпарат алу көзі 68

3. 3 Несиелендіру қабілетің арттырудағы статегиялық және ағымдағы жоспарлаудың рөлі мен маңызы 78

ҚОРЫТЫНДЫ 85

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 88

ҚОСЫМША А 90

ҚОСЫМША Ә 91

ҚОСЫМША Б 92

ҚОСЫМША В 93

ҚОСЫМША Г 94

ҚОСЫМША Д 95

Кіріспе

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында және БСҰ-ға кіру қарсаныңда ел экономиканың, ақша-несие саясатының, өндірістің, банк жүйесінің, коммерциялық бизнестің қарқынды дамуы мен сапаның жоғарылауын талап етеді. ҚР Президентінің Қазақстан еліне арналған жолдауында «Ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, несие-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті . . . » деп көрсеткен. Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстанның банк жүйесінде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда, елеулі өзгерістер болып жатқаны белгілі. Бүгінгі таңда Қазақстан нарықтық экономика жолына түсіп, зор жетістіктерге жетіп экономиканың тұрақты өсуіне ықпал жасады.

Бүгінгі күні Қазақстанның банктік жүйесі - бұл экономиканың тез дамитын секторларының бірі және де Қазақстан экономикасының мәселелерімен байланысты болашақта банктік жүйенің, оның ішінде бизнесті несиелендіру дамуы мен жетілдіруі үлкен тәжірибелік маңызға ие.

Қазіргі кезде банктер өздерінің клиенттеріне қызметтердің кең және алуан түрлерін көрсетеді, банктік операциялардың жаңа технологиясын қолданады, қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді.

Банктердің ең басты экономикалық функциясы - кәсіпорындардың, ұйымдардың, бизнес субъектілердің, коммерциялық организациялардың, заңды емес тұлғалардың және мемлекеттік мүшелердің тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарды қаржыландыруға берілетін несие болып келеді. Банктер өздерінің несиелендіру функциясын қаншалықты жақсы атқарса, соншалықты олардың клиенттерінің экономикалық деңгейі жақсы болады. Өйткені банктер жаңа кәсіпорындардың пайда болуын, жұмыс орындардың көбеюін және олардың экономикалық өміршендігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі нарықтық экономика жан-жақты дамыған несиелік қатынастар жүйесінсіз өмір сүре алмайды. Өйткені несиелік қатынастар жүйесі қаржылық қатынастармен қатар кең қайта өңдеуді іске асыру үшін, ғылыми-техникалық прогресс шарттарында экономиканы құрылымдық қайта құру үшін, бәсеке қабілеттілігін жоғарылату үшін, барлық экономикалық үдерістердің динамикасын нығайту үшін қаражаттардың жылдам мобилизациясын қамтамасыз етеді.

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі танда Қазақстан Республикасының коммерциялық қызметті несиелеу жүйесін дамыту өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Өйткені несие жүйесінің оптимизациялануы несие үдерісінің тиімділігін және Қазақстанның нарықтық субъектілерінің экономикалық іс шаралырының ақпараттық негізін жоғарылануына мүмкіндік береді.

Шаруашылықтың толығымен нарықтық қатынастарға өтуі, қазіргі кезеңде жұыс жасап отырған несиелік механизмнің жаңаша қызмет етуін талап етуде. Себебі, бүгін қызмет ететін несиелік механизм нарықтық қатынастар талаптарына толық жауап бере алмауы мүмкін.

Қазақстанның коммерциялық банктердің несиелік портфелінің жағдайы дамыған елдер банктерінің несиелік портфелінің жағдайынын әлдеқайда төмен. Өйткені қазіргі нарықта несиелеу тәуекелділігі жоғары болып келетіндіктен банктер шығынға ұшырамау үшін потенциалды клиенттерінен бас тартады. Нәтижесiнде нақты табыс алынбай, сенiмдi жобалардың бiр бөлiгi жүзеге асырылмай қалады. Қазақстанда заңды және жеке тұлғаларды несиелеудiң дамуына байланысты банктерге қарыз алушылардың несиелiк тәртiбi және басқа несиелiк ұйымдармен байланысы туралы ақпараттар өте маңызды болып табылады.

Келесі тұрған проблема бұл - несиелеуге байланысты арнайы заңдылықтар мен нормативтік актілердің, сондай-ақ ережелердің, нұсқаулардың жеткіліксіздігі және әрекет етіп отырған ережелер мен нұсқаулардың ескіруінен олардың дер кезінде жаңартылмауы.

Коммерциялық қызметті несиелендіру мәселесі макроэкономикалық факторлармен және қаржылық сектор күйінемен тығыз байланысты. Оны шешу үшін негізделген тәсілдеме және тиімді ұзақ мерзімді мемлекеттік саясат керек.

Қазіргі несиелік жүйесін жетілдіру шетел банктер тәжірибелеріне сүйене отырып, несиелік мекемелердің бұрынғы несиелік механизмнің қызмет ету қағидаларының тиімді жақтарын қалпына келтіру жолын қолдануға болады.

Сонымен қатар несиелеу жолдарын жетілдіруді қарастыра отырып, : бір жағынан - банктердің, және екінші жағынан - бизнес субъектілерінің мүдделерінің жататындығын, несиелік механизмнің жетістіктермен қызмет етуінің өзі осы мүдделерді қамтамасыз ететіндігін әрдайым естен шығармаған дұрыс.

Қазіргі уақытта коммерциялық банктердің дамуы, және оның дамуына зор ықпал етіп отарған коммерциялық қызметті, соның ішінде шағын және орта бизнесі несиелеу жүйесін талдау және оны жетілдіру, бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы коммерциялық банктердің несиелік рейтингін, несиелеу тәжірибесі мен даму ағымына, несиелік портфеліне талдау жасау, сондай-ақ бүгінгі несиелік жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.

Зерттеу заты Коммерциялық банктердің несиелік рейтингін, несиелік саясатын, несие портфелінің құрлымын талдау мен қарыз алушы коммерциялық қызметтердің несиелік қабілетін талдау болып табылады.

Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасындағы алдынғы қатарлы коммерциялық банктерінің несие рейтингтері, несие түрлері мен несиелік қызметі.

1 БАНКТІҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛІРІ

  1. Несиенің ұғымы және оның түрлері.

Несиенің ішкі мазмұнын түсіну үшін, оның негізін ашып алуымыз керек. Қазіргі экономикалық шығармаларда несиені әр түрлі түсіндіреді.

Несиенің мазмұнын анықтауында оның әлуметтік, экономикалық жағында ұмытпаған жөн. Өйткені несиенің өзі қоғамның қажеттілігінің туындысы болып табылады. Қоғам қандай экономикалық формада болса, соның мақсатына қызмет атқаруға тиіс. Осының бәрін қортындылай келіп, несиені экономикалық сана ретінде “құнының, қайтарымдылығы мен ақылылығы негізінде, қоғамның қажеттерін қамтамасыз етуге лайықты қозғалыс”, деген анықтама берген жөн. Жәй сөзбен айтқанда, несие - уақытша бос ақша қаражаттарын, ақшаға мұқтаж субъектілерге (кәсіпорындар, заңды және жеке тұлғалар т. б. ) қайтарып беру мақсатында берілетір қарыз ақшан айтамыз.

Несиенің түрлері - бұл несиелік қатынастар құрлымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақтайтын көрініс. Несие берушілермен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергеніменде, несиенің түрлері сол күйінде сақталады. /5/

Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынандай белгілі белгілеріне байланысты жіктелінеді:

1 Қарыз алушының катигориясына қарай

  • қаржылық институтарға берілетін несиелер ( мақсатты қорларға, банктерге, қаржы-несие мекемелеріне т. б. )
  • қаржылық емес агенттерге беретін несиелер (өнеркәсіп салаларына, ауыл шаруашылығына, саудаға, дайындау ұйымдарына, жабдықтап сату ұйымдарына, кооперативтерге, жеке кәсіпкерлікке т. б)
  • тұтыну мақсатында берілетін несие

2 Қарыз алу мерзіміне қарай:

  • қысқа мерзімді несие (1 жылға)
  • орта мерзімді (1 жылдан - 3 жылға дейін)
  • ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары) .

3 Қамтамасыз ету дәрежісіне қарай:

  • қамтамасыз етілген (кепіл хатпен, кепілдемемен, кепілдікпен)
  • сақтандырлған
  • қамтамасыз етілмеген(сенім несиесі)

4 Қайтару дәрежесіне қарай:

  • стандартты несие - қайтару уақыты жетпеген, бірақ қайтаруында еш қандай күмәні жоқ несиелер.
  • күмәнді несие - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер Соңғы қабылдаған активтердің жіктелу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер 5-ке бөлінеді:
  • үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен несиелер шотына жазылған несиелер. Тағайындалуы және пайдалану сипаттамасына қарай:
  • негізгі құралдарға жұмсалынатын; айналым қаржыларына жұмсалынатын;

6 Валютамен берілуіне қарай:

  • ұлттық валютамен
  • шетел валютамен

7 Берілу нысанына қарай:

  • овердравт несиесі - клиенттердің шотынан қаражатты шегу, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы;
  • ипотекалық несие - бұл қозғалмайтан мүліктерді кепілге ала отырып берілетін несие;
  • овернайт несиесі - өтімділікті қолдану мақсатында 1 - түнге берілетін банк аралық несие;
  • онкольді несие - несиелендірушінің алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие;
  • банкаралық несие - банктердің бір-біріне берілетін несие;
  • ломбардтық несие - тез іске асатын бағалы заттарды кепілге алып берілетін несие;
  • сенім несиесі - банктің сеніміне кірген, төлем қаблеті жоғары клиенттерге берілген несие;
  • консорциялық несие - ірі жобаларды несиелендіру мақсатында банктердің өз ара қосылып берілетін несие;
  • тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында, тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие;
  • лизінгтік несие - құрал жабдықтарды жалғаға алумен байланысты несие.

Несиенің қызмет ететін принциптері мен әдістері

Несиенің принциптері несиенің мәнін және қызметтерің, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы обьект экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді. Несиенің принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шартары несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелігі және т. б. анықталады. Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принціптері екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа - жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер, несинің мақсаттылығы, несиенің дифференциалдығы. Екінші топқа - Несиенің мерзімділігі, несиенің қайтарымдылығы, несиенің төлемділігі., несиенің қамтамасыз етуі.

Мерзімділік -ол несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражат белгілі уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтаруға тиімділігі мен қорытындысы. Осында келіп несиенің қайтарымдылық принципі туындалады.

Несиенің қайтарымдылығы - оның экономикалық категория ретінде тауарлы ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтанда қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.

Несиенің төлемділігі - бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару мақсатында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығы беріледі. Іс жүзінде ақылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сый ақы (пайыз) түрінде беріледі.

Қазіргі банктердің несие үшін сый ақы мөлшерлемесін белгілеуінде басты факторларына мыналар жатада:

  • банк аралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
  • орталық банктің коммерциялық банктерге берілетін несиелері бойынша белгіленген сый ақы базалық мөлшері;
  • өз клиентеріне депозиттік шоттары бойынша төленетін орташа сый ақы мөлшері;
  • тәуекелдік дәрежесі;
  • еліміздің ақша айналым тұрақтылығы;

Шын мәнісінде заңды және жеке тұлғалардың тартылған несиелік ресурстар қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары болып келеді. Несиенің келесі принципі берілетін несиелердің материалдық жағынан қамтамасыз етуі. Несиенің қамтамасыз етуі ретінде кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданады. Несиелендіру әдістері несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымдарының шеңберінде қатнасу тәсілдері қазіргі банктік тәртібінде несиелендірудің әдістері 3 түрі қарастырылады:

  • айналым бойынша несиелеу әдістері;
  • қалдық бойынша несиелеу әдістері;
  • айналым қалдық.

Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырады. Несие қарыз алушының шығындарын, оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген объективтік қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несиенің мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азайуына байланысты несие қайтарылады. Бұл негізінен несинің қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына байланысты үздіксіз жаңартып отыратын процес болып табылады. Қалдық бойынша несиелендіру барысында несие несиеге деген қажеттілік тауарлы материалды құндылықтар және шығындар қалдықтарымен өзара байланысты. Айналым және қалдық бойынша несиелендірудің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым қалдықтық әдісі жүргізіледі . Мұндағы бірінші кезеңдегі несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде берілген несие қатаң түрде өтеді.

Бірінші кезеңдегі несие тауарлы материалдарды құндылықтарды екпілге алып шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде, несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде өтеді.

Несиелік шетелдік банктік тәжербиеде негізгі мынандай 2 әдісі белгілі:

1 - ші әдіс бойынша несиені беру туралы мәселе әр алған сайын қарапайым тәртіппен шешіледі. Несие қаражатқа деген белгілі бір мақсаты, қажеттілікті қанағаттандыруға беріледі. Бұл әдіс несиелерді нақты бір мезгілге, яғни мерзімді несиелер беру барысында қолданылады.

2 - ші әдіс барысында несиелер қарыз алушы үшін банктің алдын ала белгіленген несиелеу шегі көлемінде беріледі. Бұл несиелеу шегі оларға белгілі бір мерзім аралығында қаражаттарын банкке төлеуге көрсету жолымен қажеттілк шараларына байланысты пайдаланады/22/.

1. 2 Коммерциялық қызметке қатысатын субъектілер

Шағын және орта бизнесті несиелендіру бағдарламасы бұрын жүргізілген өнеркәсіпті делдалдық және басқада фирмаларды несиелендіру бағдарламасымен өндіріс және басқа да қызмет саласында орта және шағын бизнесті қаржыландыру бағдарламасын біріктіреді және бұрынғы екінші бағдарламаның қолдануын тоқтатпайды. Нақты несиелік өнімді енгізу мақсаты келесілер:

  • Банктің шағын және орта бизнеске көрсететін кешенді несиелік қызметін кеңейту.
  • экономиканың өндірістік салаларында сауда және делдалдық қызметке шағын және орта бизнесті қалыптастыру салаларын кеңейту.
  • халыққа қызмет көрсету сомасын кеңейту. Жеке кәсіпкерлер тобын көтермелеу.

Шағын және орта бизнесті несиелендіру бағдарламасының қағидалары:

  • банктің тұрақты және сенімді базасын кеңейту.
  • қазақ халықтық жинақ банктегі ішкі несиелік саясаты туралы ереже сәйкес келеді сапалы таңдау. Ұзақ мерзімді серіктестік қатынаста болу.
  • әлеуметтік қарызшыға сапалы деңгейде талдау жасау жобаны сатып өткізу орнында клиенттермен жұмыс жасау, оның бизнестік қағидаларын оқу ақша ағымы тағы басқа сұрақтар.

Шағын және орта бизнестің бағдарламасының субъектілері болып табылатындар:

Өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы ─ 50 адамға дейін.

Сауда және тұрмыстық қызмет ─ 300 адамға дейін.

Транспорт пен байланыс ─ 25 адамға дейін.

Ғылым және инновациялық қызмет 20 адамға дейін.

Қалғандары ─ 15 адамға дейін жұмыс күші бар мекемелер.

Ал 250 адамнан артық емес қызметтері бар мекемелер орта бизнес болып саналады.

Бұл тұлғаға қойылатын талаптар.

  1. Төлем қабілеті болуы керек.
  2. Кірісі мол бизнеспен айналысуы.
  3. Несиелерін өршіте алатын ақша ағымының болуы керек.
  4. Жобаның уақтылы өткізілуі.

Бұл бағдарлама бойынша қарыз ұсыну әр келесі шарттарының орындалуы қажет жеткілікті қаржылық рычагтарының болуы керек, яғни тартылатын және меншікті қаржының қатынасы төмендегіден жоғары болуы тиіс.

Бұл бағдарлама бойынша қарыз келесілерге ұсынылады.

  1. Қайта құру, тарату немесе күйзеліс жағдайындағы мекемелерге.
  2. Жалға немесе сенімсіз ақпараттар ұсынылған мекемелер.
  3. Жағымсыз қаржылық мекемелер.
  4. Құжаттарын толық өткізбеген немесе қаржылық міндеттемесі жоқтарға.
  5. Тұрақсыз қаржылық жағдайлары барларға.
  6. Қарызшылары немесе мерзімі ұзартылған қарыздары барларға.
  7. Бюджет алдында қарызын көтеруге.

Шағын және орта бизнесті несиелендіру құжаттары.

Шағын және орта бизнес бағытындағы несие алушы тұлғалар банкке келесі құжаттарды ұсынуы тиіс.

  • несиелік өтініш. қарызшының ақпараттық сауалнамасы. жарғы, құрылтай келісімі мемлекеттік тіркелуі туралы құжаттардың нотариалды кеңседе бекітілген көшірмесі. статистикалық басқарма ұсынған РНН да бекітетін тіркеу карточкасы. соңғы 2 жылдағы бухгалтер есеп берулер формасы мен ағымды жылдық есеп беру кезеңіндегі. қосымшалары дебиторлық көрсете отырып. шот тіркелген банктен қарыз берешегі және №2 картотекадағы берешегі жоқтығы туралы анықтама, бюджетке төлемдер бойынша қарызы жоқтығын белгілейтін салық мекемесінің анықтамасы. жобаның техника-экономикалық негізі немесе бизнес жоспар. келісім шарттар (технология, құралдар шикізат материалдар жеткізу туралы және дайын өнім өндіру туралы. залогтық және кепіл құжаттары. несие тарту және залог ұсыну туралы өкілетті заң орындарының шешімі. қол үлгісі мен мөр басылым құжат.

Заңды тұлға болып саналмайтын тұлғаларға мына құжаттарды ұсынады.

  • несиелік өтініш. мемлекеттік тіркегендігі туралы куәлік. кәсіпкерлердің жеке басын куәландыратын құжат. РНН берігендігі туралы салық мекемесінен анықтамасы. салық төлейтіндігі туралы құжат. шаруашылық келісім, накладной кассалық журнал және басқа да ақша ағымын білдіретін құжаттар. рұқсат немесе лицензияның нотариалды куәландыратын көшірмесі. Өндіріс құралдарын жалдау келісімі. жабдықтаушының тұтынушылар мен жасаған келісім көшірмесі. залог және кепіл құжаттары. қол үлгісі мен мөр басылымы құжаттары. /2/

1. 3 Қазақстандағы шағын және орта бизнеске несие беру

проблемалары

Шағын кәсіпкерлік қолайлы емес экономикалық жағдайда, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мен Ұлттық Банкінің жеткілікті қатаң ақшалай - несиелі және бюджетті - қаржылы саясаты жағдайында аяғына тұрып, өркендеуге талаптанады.

Макроэкономика аумағында қол жеткізген ұлттық валюта курсының қалыптасқанына, ақшалық массаны шектеп және инфляция қарқынын төмендетуге қарамастан, қаржыландыру мәселесі әліде шешілген жоқ.

Сондықтан, шағын кәсіпкерлікті несиелендіру басымдылықты мемлекеттік міндетпен анықталады, ЕЖДБ несиелік бойлығының қарыз қаражаты есебінен шағын және орта бизнесті қаржыландыруды бастаған, шағын кәсіпкерліктің өркендеу Қоры құрылды . Қаржылық сұлба ретінде қосалқы несиелендіру қабылданды, яғни екінші деңгейдегі банктер арқылы несие беру - қордың қарызгері болып өкілеттік банктер түседі, ал шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері - соңғы қарызгерлер болады. Әрине, іскер кісілер “жұмсақ” несиеге мүдделі, дегенмен олар үшін маңызды нәрсе қол жетерлігі, біріншілікті капиталды алу мүмкіндігі және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету. Шағын және орта бизнес үшін несиеге тұрақты қол жеткізу оның шамасына қарағанда өте маңызды деп саналады. Несие құнының жоғарылығы бизнестің үлкен рентабельділігіне әкелетінін ұмытпау қажет.

Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен (жұмыс және қызмет көрсету) және оның салалық құрылымдарымен өндіріс өнімдерінің көлемін талдау, және де жұмыс істеушілердің саны келесідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, кәсіпкерлер қызметі әлсіз әртараптандырылған - олар негізінен саудамен айналысады және аз шамада қызмет көрсету аймағында көрінеді. Екіншіден, бір жұмысшыға келетін меншікті көлем төмен. Мұндай бизнес несиеге қызмет көрсете алмайды.

Қор қарызгерлері болып ірі банкілер түседі, оның ішінде - жарғылық капиталы 500 ден 1300 млн. тенгеге дейін. Олар үлкен сомаға сапалы портфель қалыптастыруға қабілетті, дегенмен олар үшін шағын және орта бизнеске қызмет көрсеті жоғары меншікті операциялық шығындармен байланысты. Регионалдық банкілер жергілікті жерлерде шағын және орта бизнеске жақындау және несиелік ресурстарды көбірек қажетсінеді, бірақ олардың шетелдік несиелерді өткізуге қатысу тәжірибесі шектеулі және тәуекелділікті басқаруы шектеулі.

Шағын және орта бизнесті несиелендіру мәселесі тек макроэкономикалық факторлармен емес және де қаржылық сектор күйіне де байланысты. Оны шешу үшін негізделген тәсілдеме және тиімді ұзақ мерзімді мемлекеттік саясат керек.

Шағын және орта бизнесті қаржыландыру мемлекеттік реттеуді, қаржыландыру көзі анықталған кезде басқаруды, шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуінің негізгі бағыттарын және несие беру саясатын керек етеді . Әрине олардың орындалуын бақылау жүргізумен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар
Тұтыну несиесінің экономикалық мәні мен теориялық негізіне жан-жақты зерттеулер жүргізіп, несиелеудің бұл түрінің “Еуразиялық банк” ақ-ның қызметіндегі жүзеге асырылу ерекшеліктерін қарастыру
Несие түрлері
Несие жүйесінің қалыптасуы
Несие беру механизімі
Несие жүйесі. Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары
Банктік құқық және банк жүйесінің теориялық аспектілері
Банктің инвестициялық қызметіндегі табыстар мен тәуекелдер
Банк қызметінің жобалауын басқару
Ақша саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz