Экспортқа арналған жылқы етіне қойылатын талаптар


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
Ет және ет өнімдерінде адам ағзасына керекті көп заттар бар. Олар: ақуыз, липидтер мен майлар, көмірсу минералды заттар, витаминдер т. б. осы көрсетілген компоненттер адам ағзасына тез сіңіріледі.
Шикізатты дайындау кезінде аса көп көңіл технологиялық факторларға бөлінеді. Өйткені онда шикізатты дайындау кезіндегі өнімнің сапасын, өндіру процессін және дайын өнімді сақтау процесстері жүреді.
Еттің сапасы әр түрлі факторларға байланысты болады. Онда малдың тұқымы, жасы, жынысы, қоңдылығы, малды азықтандыру тәсілі т. б. кіреді.
Қазіргі кезде малды өнеркәсіптік азықтандыруға байланысты ет өнеркәсібіне эксудативті тәсіл қолданылуда, бұл етті мақсатына байланысты қолдануды білдіреді. Етте пестицидтердің болуына байланысты етті өңдеу жүргізіледі, яғни еттегі қалған пистицидтердің қалдығын төмендетеді.
Малды сойғаннан кейін етте болатын автолитикалық процесстер еттің сапасына және оның жарамдылығына үлкен әсер етеді.
Ет пен субпродуктыларды төмен температурада суықпен қамтамасыз ету, бұзылынудың алдын алу үшін өте қолайлы әдіс болып табылады.
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы, агроөндірістік кешеннің ұйымдар мен мекемелер жеке меншігінің көптеген формалары, олармен басқарудың мемлекеттік құрылымның қалыптасуы, алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі сертификаттау және стандарттаудың, өндірістік технология мен өңдеудің, өнім сапасын жоғарлату жүйесінің критикалық бағасын жүктейді.
Өлшем бірлігін қамтамасыздандыру және техникалық реттеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізу, сертификаттау бойынша жұмыстарды күшейту талаптары мен экономикалық шарттардың өзгеруінен АӨК-гі стандарттау бойынша нормативтік құжат фондын жақсарту және қайта қарауды шарт етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттар қорында жалпы 44 368 стандарттар бар. Қазіргі кезде АӨК өнімдеріне 1897 стандарттар бар, соның ішінде 889 стандарттар өнімге және 1008 стандарттар ауыл шаруашылық және тағам өнімдерінің сапасын сынау әдістеріне арналған, сонымен қатар терминдер мен анықтамаларға, орамына, таңбасына, тасымалдануына және сақталуына арналады.
АӨК секторында ұлттық стандарттардан да басқа құжаттар болады. Қабылдау механизімімен, қолдану саласымен: салалық стандарттар мен өнімге техникалық шарттармен ерекшеленеді.
Кейінгі жылдары тағам өнімдеріне, сынау әдістеріне БҰҰ-да ФАО/ВОЗ, Кодекс Алиментариус Комиссиясының стандарттары мен халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып, ұлттық стандарттарды өндірген кездегі қолданылған отандық стандарттарды халықаралықпен гармондау және аналогтардың жоқ болғандағы тікелей қолдану жөнінен үлкен жұмыс жүргізіледі.
Қазіргі кезде тағам өндірісінде негізінен Кодекс Алиментариус Комиссиясының, ФАО/ВОЗ стандарттары, ИСО және басқа да елдердің стандарттары қолданылады.
ИСО стандарттарына, соның ішінде 9000 сериялы МС ИСО стандарттарына ориентация пайдасына ең басты мәселе - отандық және халықаралық нарықта өнімнің бәсекелестік қабілеттігін жоғарлату. ИСО стандарттары Қазақстанда барлық өндірісте кең тарала бастады. Әлемнің әр түрлі региондарынан келетін өнімнің таңдауы кең болған сайын, халықаралық деңгейде стандартталған өнім сапа, беріктілік және қауіпсіздіктің барлық деңгейіне сай бола алады.
Қазіргі уақытта ИСО-ның 21 стандарттары ет және ет өнімдеріне арналған.
Тағам өнімдеріне ИСО стандарттарының ішінде негізгі бөлімі - үлгі алу әдістемесіне, майлылықты, қышқылдылықты, құрғақ затты, күлділікті, ылғалдылықты, ақуызды анықтау әдістеріне арналған. Сальмонеллалар мен басқа да патогенді микроорганизмдерді шығару, нитраттар мен нитриттерді анықтау әдістері стандартталған.
Осыған байланысты жылқы етіне ҚР СТ жобасын актуальды өңдеу халықаралық талаптармен үйлестірілген.
Ғылыми зерттеулер мен әлемдік тәжірибе жылқылардың өнімділігін бағалаған кезде түрін, жасын, тірілей салмағын, қоңдылығын және сүйекті ет шығынын ескеретін болсақ, ал ұша сапасын бағалаған кезде оның салмағын, толық еттілігін, жұмсақ бөліктің мөлшері, ұшада май ұлпаларының жиналуы, бұлшықет және май ұлпаларының түсі ескеріледі.
Бүгінгі күні ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстандағы союға арналған жылқы, сонымен қатар жылқы және құлын етінің классификациясы мен бағалау жүйесі шикізаттың сапалы әртүрлілігін есепке алмайды және осыған байланысты өндірістің өсуін стимулдауды, жануарларды өсірудің интенсивті әдістерін енгізу мен ет сапасын жақсартуды қамтамасыздандырмайды.
Жеке саудаға, қоғамдық тамақтануға және тағамдық мақсатта өндірістік өңдеуге арналған ұшадағы жылқы мен құлын етінің талаптары МЕМСТ «Жартылай ұша мен ширектегі жылқы және құлын еті» көрсетілген. Стандартта жылқы және құлын етін екі категорияға бөлінуі қарастырылған - бірінші және екінші.
Ет сапасын бағалау негізінде визуалды және органолептикалық әдістерді қарастыратын субъективті критерийлер болу керек.
«Техникалық кедергілерді реттеу туралы» заңда ұлттық стандарттың әзірлеушісі кез келген тұлға бола алады.
- Әдеби шолу
1. 1 Стандарттаудың қысқаша даму тарихы
Қоғамның дамуына сәйкес адамдардың атқаратын жұмыс түрлері де өзгеріп отырады. Бұл ертеде әртүрлі заттардың жұмысқа қажетті құрал жабдықтардың, жұмысты атқарудың жаңа тәсілдердің пайда болуынан көрініс тауып отырған. Сонымен бірге адамдар өз жұмыс нәтижелерінің ішінен қолдануға лайықты жақтарын таңдап алып отырған. Көне дәуірдегі өлшем бірліктердің, стандартты мөлшерлі құрылыс бөліктерінің, су құбырларының қолдану қолданылуы стандарттаудың мысалы болып табылады. [4]
Халықаралық стандарттау жұмыстары 1875 жылы бастау алды. Осы жылы халықаралық метрикалық конвенцияны құрайтын 19 елдің өкілі Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросын құрайды.
КСРО елдерін құрайтын елдерде стандарттардың дамуы өлшемдер мен салмақтардың методикалық жүйесін құраудан бастады.
1925 жылы стандарттау саласында алғашқы орган - Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің жанынан стандарттау бойынша Комитет құрылады.
Осы жылдан бастап КСРО-дан стандарттау саласынан көптеген игі істер атқарылды.
1992 жылы бұрынғы КСРО аумағында тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына байланысты осы елдердің арасында стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы байланыс орнатудың жаңа түрлері қарастырылады.
1992 жылжың 13 наурызында тәуелсіз мемлекеттер достастығынан (ТМД) енген елдер - Келісілген саясатты жүргізу туралы келісімге қол қояды.
Келісімге қол қойылуы одан кейін мемлекеттік стандарттаудың әзірленуі Қазақстан Республикасындағы стандарттау жүйесінің алғашқы кезеңі болып табылады.
1999 жылы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңы қабылданды. Заң стандарттау саласында нормативті құжаттарды шығару негізінде тұтынушылардың мүддесін мемлекет тарапынан қорғауға бағытталған шараларды айқындап береді. [3]
ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты ҚР-да стандарттау жүйесіндегі негізгі бағыттар мыналар:
- Келісімге сәйкес мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын дамыту.
- Қазақстандық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру жұмыстарын жеделдету.
- Міндетті түрде сертификаттауға тиісті өнімдердің мемлекеттік стандарттарын дайындауды жеделдету.
- ИСО 9000 сериялы халықаралық стандартын қолдана отырып елімізде сапа жүйелерін кеңінен енгізу және т. б. [4]
1. 2 Қазақстан Республикасының стандарттаудың құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының стандарттаудың құқықтық негіздері 1993 жылы қабылданған «Стандарттау және сертификаттау туралы» заңда белгіленген. 1999 жылы қайта қаралып ҚР-ның «Стандарттау туралы» жаңа заңы қабылданды. Бұл заңға 2003 жылдың 10 маусымында өзгерістер, толықтырулар енгізілді. 2004 жылы Қазақстандағы нарық реформасынына байланысты 9 қарашада № 603-II мен «Техникалық реттеу туралы » заңы қабылданды.
Бұл заң стандарттау саласындағы қоғамдық қатынастарды үйлестіріп, МСЖ-нің құқықтық негіздерін анықтады. Сондай-ақ стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, қолдану арқылы өнім, үрдіс (жұмыс) және қызмет сапалы мәселерінде мемлекет пен тұтынушылар мүддесін қорғау шараларын жүзеге асырады.
Заңның негізгі мақсаты өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді. [2]
1. 3 Ет және ет өнімдерінің сапасына қойылатын стандарт талаптары
Нарыққа түсірілген ет және ет өнімдерін міндетті түрде сараптау жүргізеді. Нарыққа түскенде ет тексерілді ме, тексерілмеді ме оған тәуелсіз сараптау жүргізіледі.
Ет комбинаттарында сараптаудан өтіп таңба басылған ет және ет өнімдері фирмалық дүкендерге таратылуға жіберіле береді. Нарықта ет және субөнімдері таратылғанда, тек дені сау малдардан таратылады. Ет және ет өнімдерінің сараптауын нарықта ветеринарлық тәжірибесі бар немесе инспекторлық тәжірибесі бар дәрігер ғана тексереді. Нарықтың территориясына сатуға түскен ет және ет өнімдері міндетті түрденарықтың сараптау лабораториясында вет-санитарлық бақылау жүргізіледі. [9]
Жеке тұлғалармен немесе кәсіпорын сатушыларымен сонымен қатар басқа елдерден таңбаланып әкелінген ет және ет өнімдері қайта сараптаудан өткізуге жіберіледі. Мемвет қызмет құжаттары және сәйкес таңбасы бар ет өнеркәсіпорында сараптаудан өткен ет және ет өнімдері, егер олар мемлекеттік сату орнына болса, қайта санитарлы бақылаудан өткізілмейді.
Мемлекеттік қадағалау органдары мұндай жағдайда сауда гигиенасы жағдайларын, таңбаларды және құжаттарды бақылаумен шектеледі. Ал сауда ережелері бұзылған жағдайда немесе өнімнің сапасына күдік туған кезде, сонымен қатар таңба орындары дұрыс басылмаған жағдайда жалпы негіздерге сүйене отырып, қайта сараптауды жүргізеді. [1]
Нарықты сараптау үшін таңбасы бар бүтін, жартылай, ширек ұшалар ұсынылады (паринхиматозды органдарымен), ал шошқа, жылқы, сиыр еті міндетті түрде басымен болуы керек. Төртбұрышты таңбасы бар ет нарыққа түскен кезде жалпы негіздерге сүйене отырып ұшалары ішкі органдары және бастары сараптаудан өткізіледі. Овалды таңбасы бар ет түскен кезде оның балғындығына және жарамдылық мерзіміне аса мән береді. Органолептикалық көрсеткіш бойынша күдікті ет зертханалық тексеруге жіберіледі. Ет кәсіпорындарында дайындалған, дайын ет өнімдері және еттің жартылай фабрикаттары, нарыққа сатуға тек қана өнімнің қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттары болған жағдайда ғана жіберіледі. Нарықта бір күн бойы сатылмаған және базардан тыс мұздатқышта сақталмаған ет және ет өнімдері келесі күні қайтадан сараптауға жіберіледі. Базарда сатуға және сараптауға бөлшектелген, кептірілген еттер, ет фарштары және жартылай фабрикаттар сатылуға жіберілмейді. Сатуға әкелінген ет және субөнімдерінің иесі, бекітілген талапқа сәйкес ветеринарлы справка немесе ветеринарлы куәлікті көрсетуі тиіс. Вет куәліктер және вет справкалар берілген уақыттан бастап ет және ет өнімдерін 3 тәулік бойы ғана жарамды болып есептеледі. Бұл құжат әр шрифттармен, сиялармен, жазулармен толтырылса және мөрі болмаса немесе мөрі анық қойылмаса, қол қойылмаған болса, вет дәрігердің аты-жөні толық жазылмаған болса, бұл құжат жарамсыз болып табылады. Егер сатуға ветеринарлық құжаттары жоқ ет және ет өнімдері жеткізілсе сәйкес құжатты көрсетілмегенше оларды санитарлы камераға қойып қояды. Егер вет куәлік немесе вет справка көрсетілмесе, ет және ет өнімдері зертханалық тексеріске жіберіледі немесе иелеріне қайтарып беріледі. Ұшаларға және ішкі органдарға санитарлы бағалауға және сараптауды ережеге сәйкес жүргізеді. Сараптау және зертханалық тексеру жүргізу үшін үлгі алуды «Тағам өнімдерін зертханада тексеру үшін, қала администрациясымен бекітілген ережелерге» сәкес жүргізіледі. [17]
2 Негізгі бөлім
2. 1 Нормативтік сілтемелер
1. МЕМСТ 15467-79 «Өнім сапасын басқару» Негізгі түсініктер. Терминдер мен анықтамалар.
- МЕМСТ 1076-74 «Экспорт үшін жетілдіретін жылқы еті».
Техникалық шарттар.
- МЕМСТ 27095-86 Ет. Жартылай және ширек ұшадағы жылқы және
бұзау еті. Техникалық шарттар.
- МЕМСТ 18157-88 Малды сою өнімдері. Терминдер мен
анықтамалар.
- МЕМСТ 16020-70 Союға арналған мал. Терминдер мен анықтамалар.
- МЕМСТ 23042 Ет және ет өнімдері. Майды анықтау әдісі.
- МЕМСТ 26930-86 Шикізаттар мен тамақ өнімдері. Мышьякты
анықтау әдістері.
- МЕМСТ 26932-86 Шикізаттар мен тамақ өнімдері. Қорғасынды
анықтау әдістері.
- МЕМСТ 26933-86 Шикізаттар мен тамақ өнімдері. Кадмиді анықтау
тәсілі.
10. ЕМСТ 9959-91. Ет өнімдері. Органолептикалық бағалауды өткізудің жалпы шарттары
- ИСО 3100/1-75 Ет және ет өнімдері. Үлгіні алу
2. 2 Стандарттау аумағындағы терминдер мен анықтамалар
1) Үйлестірілген стандарт - техникалық реттеу саласындағы
нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт;
2) Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде
3) Техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың жиынтығы;
4) Мемлекеттік стандарт - уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
5) Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры - техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттың және мемлекеттік органдардың өз құзыреттері шегінде қалыптастыратын өзге де құжаттарының мамандандырылған қорларының жиынтығы;
6) Өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, кәдеге жарату және жою процестері;
7) Мүдделі тараптар - қызметі техникалық реттеу саласындағы
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеумен тікелей байланысты жеке тұлғалар және олардың қауымдастықтары, одақтары, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;
8) Өнімді, көрсетілетін қызметті бірдейлендіру - белгілі бір өнімді,
көрсетілетін қызметті ерекшелейтін белгілері бойынша бірмағыналы тануды қамтамасыз ететін рәсім;
9) Ұлттық стандарт - шет мемлекттің стандарттау жөніндегі
уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
10) Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат - стандарттау
жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принцптерді белгілейтін құжат;
11) Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық акт - осы
Заңға және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдаған, техникалық реттеу саласындағы құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысанадағы жазбаша ресми құжат;
12) Негізге алынатын стандарт - қолдану саласы кең немесе
техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарт;
13) Өнім - процестің немесе қызметтің нәтижесі;
14) Процесс -өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда,
қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
15) Стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым - географиялық немесе экономикалық бір ғана өңірдің стандарттау жөніндегі тиісті органдары қызметіне қатысу үшін ашық болатын стандарттау жөніндегі ұйым;
16) Өңірлік стандарт - стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
17) Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі - техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, стандарттарды есепке алу құжаты;
18) Стандарт -уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелеріне, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат;
19) Ұйым стандарты - ұйым бекіткен стандарт;
20) Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге
қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілген қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;
21) Техникалық кедергі - техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан туындайтын кедергі;
22) Стандарттау жөніндегі техникалық комитет - бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзірлеу және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде экономика салаларында құрылатын консультациялық-кеңнеші орган;
23) Техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестігі растау, аккредиттеу және белгілінген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу;
24) Уәкілетті орган -Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды басқаруға, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға және стандарттау, сәйкестікті растау мен аккредиттеу мәселелері бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге уәкілетті мемлекеттік орган
25) Сапа - объектiнiң белгiленген немесе болжамалы қажеттiктi қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткiштер жиынтығы.
26) Өнiм - iс-қимылдардың немесе үрдiстiң нәтижесi.
27) Тауар - ерiктi иесiздендiрiлетiн, бiр тұлғадан екiншi тұлғаға сатып алу-сату келiсiмi бойынша өтетiн кез-келген зат.
28) Қызмет - тұтынушының қажеттiгiн қамтамасыз етуге бағытталған дайындаушы мен тұтынушының және дайындаушының iшкi iс-қимылдарының тiкелей әрекеттесуiнiң нәтижесi.
29) Сапа көрсеткiшi - тауар сапасына жататын бiр немесе бiрнеше қасиеттерiнiң сандық сипаттамасы.
30) Ресурстар - қызмет көрсетушiлер, қызмет ету құралдары, құрал-жабдықтар, технология.
31) Сапа жүйесi - сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшiн қажеттi ұйымдастыру құрылымы, әдiстеме, үрдiс және ресурстар жиынтығы.
32) Өнiм сапасын басқару жүйесi - өнiм сапсын басқару кезiнде материалды-техникалық және ақпараттық құралдардың көмегi арқылы өзара қарым-қатынас жасайтын басқару объектiлерiнiң және басқару органдарының жиынтығы.
33) Өнiм сапасын бақылау - өнiм сапсының көрсеткiштерiн бекiтiлген талаптарға сәйкестiгiн бекiту, тексеру.
34) Өнiм сапасын қадағалау - арнайы органдармен жүзеге асырылатын, өнiм сапасын қадағалау.
35) Өнiмнiң бiрлiк сапа көрсеткiшi - өнiмнiң бiр қасиетiн сипаттайтын сапа көрсеткiшi.
36) Өнiмнiң кешендi сапа көрсеткiшi - өнiмнiң бiрнеше қасиетiн сипаттайтын сапа көрсеткiшi.
37) Өнiм сапасының интегралды көрсеткiшi - өнiмдi пайдалану немес тұтынудың пайдалы сумардық әсерi мен оны жасау және пайдалану немесе тұтыну қатынасы болып табылатын өнiмнiң сапа көрсеткiшi.
38) Өнiмнiң ақаулық коэффициентi - өнiмнiң бiрлiгiне келетiн ақаудың орташа өлшенген саны.
39) Өнiм сапасы көрсеткiштерiнiң регламенттелген мәнi - нормативтiк құжаттармен бекiтiлген өнiмнiң сапа көрсеткiштерiнiң сәйкестiгiн тексеру.
40) Квалиметрия - өнiм сапасын бағалаудың сандық әдiсi болып табылатын ғылым аумағы.
41) Бақылау жүйесiндегi бақылау органы - басқаруға әрекет етудi шығаратын өнiм сапасын басқару жүйесiнiң бөлiгi.
42) Өнiм сапасын бағалаудың статистикалық әдiсi - өнiмнiң бiрлiк және кешендi сапа көрсеткiштерiн бiрдей қолдануға негiзделген оның сапасын бағалау әдiсi.
43) Өнiм сапасының деңгейi - бағаланатын өнiмнiң сапа көрсеткiшiнiң негiзгi сәйкес көрсеткiштер мәнiмен салыстыруға негiзделген өнiм сапасына жататын сипаттама.
44) Жарамды өнiм - барлық бекiтiлгшен талаптарға сай және қанағаттандыратын өнiм.
3 Материалдар мен әдістемеліктер
3. 1 ЖШС «КАЗЭКСПОАУДИТ» органының сипаттамасы
Сертификаттау жөніндегі ЖШС «КАЗЭКСПОАУДИТ» органы ҚР-ның сертификаттау қызметі нарығында 1997 жылдан жұмыс істеп келе жатыр. Сертификаттау сұрақтармен айналысатын ұйым үшін бұл аз уақыт емес. Өз қызметінің басында бұл компания құрылымында автокөліктік қауіпсіздікті сынауды сертификаттау жөнінен бір сынақ зертхана болды. Ал бүгінгі күні ЖШС «КАЗЭКСПОАУДИТ» құрылымына сынақ орталығы мен екі сынақ зертханалары, өнім мен қызмет көрсетуді сертификаттау бөлімі, тауардың шығару елін анықтау жөніндегі экспертиза бөлімі кіреді.
Бұдан басқа «КАЗЭКСПОАУДИТ» мекемелерге арнап нормативтік құжаттарды, соның ішінде тауардың шығу елін анықтайтын техникалық шарттарды өңдеумен айналыса тұра, өз базаларында эксперт-аудиторлардың стажировкасымен де айналысады. Ал бұл қазіргі біздің заманымызды өте маңызды болып табылады.
«КАЗЭКСПОАУДИТ» тауарды кеденнен ресми түрде өткізетін импортерлермен жұмыс істейді. Қазақстанға тауарды әкелген кездегі керек құжаттардың бірі бұл сәйкестік сертификаты немесе өткізуге құқығы жоқ қауіпсіздік туралы өтініш-декларациясы. Яғни бұдан келісімге отыру шартта өнімге сертификаттауды жүргізген кезде кедендік тіркеу кезінде сертификаттау жөнінен жұмыстар жүре бастайды.
Жұмыстың үлкен бөлігі сериялы шығарылатын өнімді тексерумен кетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz