Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларды басқару туралы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3



1.ТАРАУ. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ ... ... ... 4
1.1.Инвестицияның түрлері және көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Инветициялаудың дамыған елдер тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... .6

2.ТАРАУ. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.1 Инвестицияларды тарту және оның Қазақстаның экономикадағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Қазақстанға шетел инвстицияларын тарту процесіне талдау ... ... ... .


ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Менің қарастырылатын тақырыбым – Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларды басқару – қазіргі таңда өте актуалды болып саналады, себебі Қазақстан Республикасының сыртқы борышы әлемдік тәжірибесі бойынша критикалық нүктеге жетті. Сол себептен инвестициялардың қажеттігін дәлелдегеннен соң, оның тиімді пайдалануды бақылап басқарудың ролі айқындата түседі.
Инвестициялау деген не? Ол ағылшын тіліндегі (investments) қаржы жұмсау (қаржы салу) деген атаудан шыққан инвестиция (investment) деген мағынаны білдіретін өндіріс, ауыл шаруашылығы т.б. салаларды дамытып, өркендету үшін ұзақ уақыт жұмсауға арналған капитал түрі.
Қазақстан экономикасына инвестициялаудың жай-жапсарына келсек, бұдан 9-10 жыл бұрын ғана әлемдік аренаға шығып, тәуелсіздік алған мемлекетіміздің дүние жүзіндегі аса ірі саясаткерлер мен кәсіпкерлердің назарына ілігіп, көңіл аударар объектісіне айналып отырғаны шындық. Ол заңды да. Себебі еліміздің жер асты байлығымен қатар, басқа да орасан мөлшерде шикізат қоры, маманданған арзан жұмысшы кадрлары жетіп артылғандай. Ішкі нарық көлемінің шектеусіз екені тағы бар. Сондықтан басы артық капиталдарын осында орналастыру олар үшін мейлінше қолайлы да тиімді.
Шетел инвестициялары елдің экономикалық қызығушылығына айтарлықтай сәйкес келеді, қашан мазмұны жағынан өте арзанға бар фабрикаларды, зауыттарды, электростанцияларды, кеніштерді және т. б. сатып алу емес, шынайы түрде қаржылық және материалдық ресурстарды құятын болса. . Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне батыстың ескі құрал-жабдықтарын жоғары бағамен «өткізіп» жіберу мақсатында біріккен кәсіпорын құру практикасы да сай келмейді. Біріккен кәсіпорын көмегімен Қазақстан рыногынан өзінің бақталастарының өндірісін құлатуға тырысқан жағдайлар да бар. Экономикалық қауіпсіздік мәселелері шетел инвесторлары жағынан отандық әлеуметтік саясатты, қоршаған ортаны қорғау нормаларын, қаржылық ұтым жағынан қойылатын талаптарды сақтауда шиеленісе түседі.
Республикадағы шағын және орташа бизнесті көтеру сын көтермейді. Сапырылысқан коммерция арзанқол тауарлармен тоғытып, елдің еңсесін түсіріп жіберді. Ал өзіміз шығарған бірде бір өніміміз жоқ. Биыл осынау салаға 49,5 млрд теңге бөлініп отыр. Әй, қайдам, тағы қолды болып кете ме деген қауіп жоқ емес. Шын кәсіппен, өз өнерін салайын деген адамдарғажолжоқ. Олардың бизнес-жоспарлары да айлап сарғайып жатқаны. Орта жолдан кіріскен алаяқтар бұрынғы едәуір қаржы мен несиені қағып кетіп, айналдырып, шетел асырып, ит рәсуасын шығарды. Ал шынайы кәсіпкер болам деген ауылдың да, қаланың да атпал азаматтары шөміштен қағылуда.
1 Закон Республики Казахстан "О государственной поддержке прямых инвестиций". - апрель 1998.
2 Закон Республики Казахстан "Об иностранных инвестициях", декабрь 1994 г. (с изменениями и дополнениями от 15.10.95 г.. 15.07.96 г„02.0б.97 Г» 11.07.97 г, 16.07.97 г.).
3 Закон РК "О внесении изменений и дополнений в Закон РК "Об ино-странных инвестициях" от 16 июня 1998 г. - Каз. правда, 18 июля 1998 г.
4 Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улуч¬шение благосостояния всех казахстанцев. Послание страны народу Казахста¬на Каз. правда, 11 октября 1998 г.
5 Послание Президента страны к народу Казахстана. Стратегия "Казахстан-2030".
6 Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона "Об утверждении перечня приоритетных секторов экономики для привлечения прямых отечественных и иностранных инвестиций" от 15 декабря 2003.
7 Журнал «АльПари», 2001, №4
8 Инвестиционный климат в РК / АльПари. – 1999 №2
9 Колпаков К. Законодательство РК об инвестиционной деятельности. / Деловая неделя. – 1996. 6-13 сентября.
10 Комаров В. инвестиционная политика. / Финансы Казахстана. – 1996. - №12
11 Оспанов М.Т., Мухамбетов Т.И. Иностранный капитал и инвестиции: вопросы теории, практики привлечения и использования. - А: Фоксиформ. – 1997. 291 с.
12 Поляков С.Ю., Яковлев Ю.М. Об оценке рисков инвестиционных проектов. // Бух.учет. – 1996. - №2
13 Развитие и координация инвестиционной деятельности в СНГ //Деньги и кредит. – 1998. №5., С. 73.
14 Статистический ежегодник за 2003 год. Агентство по статистики РК. Алматы - 2004.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІрІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1-ТАРАУ. Инвестиция жӘне оның экономикадағы ролі ... ... ... 4
1.1.Инвестицияның түрлері және көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Инветициялаудың дамыған елдер тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... .6

2-Тарау. шетел Инвестицияларды тарту жӘне оның Қазақстаның экономикадағы рӨлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.1 Инвестицияларды тарту және оның Қазақстаның экономикадағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Қазақстанға шетел инвстицияларын тарту процесіне талдау ... ... ... .

ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

КІрІСПЕ

Менің қарастырылатын тақырыбым – Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларды басқару – қазіргі таңда өте актуалды болып саналады, себебі Қазақстан Республикасының сыртқы борышы әлемдік тәжірибесі бойынша критикалық нүктеге жетті. Сол себептен инвестициялардың қажеттігін дәлелдегеннен соң, оның тиімді пайдалануды бақылап басқарудың ролі айқындата түседі.
Инвестициялау деген не? Ол ағылшын тіліндегі (investments) қаржы жұмсау (қаржы салу) деген атаудан шыққан инвестиция (investment) деген мағынаны білдіретін өндіріс, ауыл шаруашылығы т.б. салаларды дамытып, өркендету үшін ұзақ уақыт жұмсауға арналған капитал түрі.
Қазақстан экономикасына инвестициялаудың жай-жапсарына келсек, бұдан 9-10 жыл бұрын ғана әлемдік аренаға шығып, тәуелсіздік алған мемлекетіміздің дүние жүзіндегі аса ірі саясаткерлер мен кәсіпкерлердің назарына ілігіп, көңіл аударар объектісіне айналып отырғаны шындық. Ол заңды да. Себебі еліміздің жер асты байлығымен қатар, басқа да орасан мөлшерде шикізат қоры, маманданған арзан жұмысшы кадрлары жетіп артылғандай. Ішкі нарық көлемінің шектеусіз екені тағы бар. Сондықтан басы артық капиталдарын осында орналастыру олар үшін мейлінше қолайлы да тиімді.
Шетел инвестициялары елдің экономикалық қызығушылығына айтарлықтай сәйкес келеді, қашан мазмұны жағынан өте арзанға бар фабрикаларды, зауыттарды, электростанцияларды, кеніштерді және т. б. сатып алу емес, шынайы түрде қаржылық және материалдық ресурстарды құятын болса. . Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне батыстың ескі құрал-жабдықтарын жоғары бағамен өткізіп жіберу мақсатында біріккен кәсіпорын құру практикасы да сай келмейді. Біріккен кәсіпорын көмегімен Қазақстан рыногынан өзінің бақталастарының өндірісін құлатуға тырысқан жағдайлар да бар. Экономикалық қауіпсіздік мәселелері шетел инвесторлары жағынан отандық әлеуметтік саясатты, қоршаған ортаны қорғау нормаларын, қаржылық ұтым жағынан қойылатын талаптарды сақтауда шиеленісе түседі.
Республикадағы шағын және орташа бизнесті көтеру сын көтермейді. Сапырылысқан коммерция арзанқол тауарлармен тоғытып, елдің еңсесін түсіріп жіберді. Ал өзіміз шығарған бірде бір өніміміз жоқ. Биыл осынау салаға 49,5 млрд теңге бөлініп отыр. Әй, қайдам, тағы қолды болып кете ме деген қауіп жоқ емес. Шын кәсіппен, өз өнерін салайын деген адамдарғажолжоқ. Олардың бизнес-жоспарлары да айлап сарғайып жатқаны. Орта жолдан кіріскен алаяқтар бұрынғы едәуір қаржы мен несиені қағып кетіп, айналдырып, шетел асырып, ит рәсуасын шығарды. Ал шынайы кәсіпкер болам деген ауылдың да, қаланың да атпал азаматтары шөміштен қағылуда.

1-бӨлІм. Инвестиция жӘне оның экономикадағы
ролі

1.1.Инвестицияның түрлері және көздері

Инвестиция, инвестор дегендеріміз – кеңестік кезеңде онша белгілі болмағанымен, күллі әлемде бұрыңнан кеңінен мәлім, практикалық маңызы үлкен ұғымдар. Дүниежүзілік нарықтық экономиканың негіздері, материалдық және рухани өрлеу мүмкіндіктері инвестициялаумен тікелей байланысты. Бұған экономикалық саясатта инвестицияларын молынан қамтып, әрі оны іске асыруда барлық мүмкіндіктерді іскерлікпен пайдалана білген көптеген мемлекеттердің тәжірибелері дәлел.1
Инвестиция дегеніміз – негізгі капиталды көбейтуге немесе сақтауға бағытталған шығындар.
Инвестицияның түрлері:
1. Құрылымы бойынша инвестициялық шығындар 2 түрге бөлінеді:
1) Жалпы инвестиция.
Жалпы инвестиция дегеніміз – негізгі капиталдың жиынтық
қосындысына шыққан шығындар.
2) Таза инвестициялар.
Таза инвестициялар дегеніміз – жалпы инвестициялардан амартизациялық қорды алып тастағандағы инвестиция.
2. Объекті бойынша инвестициялық шығындар 3 топқа бөлінеді:
1) Кәсіпкерлік инвестиция.
Кәсіпкерлік инвестиция дегеніміз – фирмалардың еңбек құралдарына шығарған шығындары.
2 Кәсіпкерлік инвестицияның негізгі нысаны бар:
1) Тікелей инвестиция. Тікелей инвестиция дегеніміз - өндірістік кәсіпорындарға тікелей қор салу.
2) Партфельдік инвестиция. Партфельдік инвестиция дегеніміз – инвестордың пайда алу мақсатымен кәсіпорынның акция, облигация және т.б. құнды қағаздарын сатып алуы.
2) Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция.
3) Тауарлық – материалдық запастарға бағытталған инвестициялар.
Бұл запастарға шикізат, аяқталмаған өндіріс және сатылуын күтіп жатқан дайын тауарлар жатады.
3. Субъектілеріне байланысты инвестицияның түрлері 3 бөлінеді:
1) Мемлекеттік
2) Жеке
3) Сыртқы
Қолдану бағыттарына байланысты инвестицияның 2 түрі болады:
1. Нақты инвестициялар, яғни қорды материалдық активтерге салу.
2. Қаржылық инвестиция, яғни қорды құнды қағаздарға салу.
Инвестор дегеніміз - кәсіпорынның негізгі капиталына қор салып отырған субъект.
Инвестицияның қайнар көзері:
1. Инвестицияның ішкі көздері
2. Инвестицияның сыртқы көздері
Инвестицияның ішкі көздері:
1. Жинақтар (халықтың, ұйымның, мемлекеттің). Жинақтар дегеніміз – алынған табыстардың тұтынылмаған көздері.
Жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субъектілер жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады (мысалы жұмысшының, оқытушының, дәрігердің т.б. жинағы). Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Мұнда жинақшы мен инвестор сәйкес.
Инвестицияның сыртқы көздері:
1. Шетелдік тікелей инвестициялар.
Тікелей инвестициялар – Қазақстан Республикасының дербес кепілдіктеріне байланысты және Қазақстан Республикасына берілетін ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберіне кіретін инвестициялардан тыс инвестициялардың барлық түрі.
Шетелдік тікелей инвестициялар шетелдік капитал тартудың тиімді нысаны.
1. Халықаралық валюта қоры.
2. Халықаралық даму банкі.
Олар тек инвестицияны перспективті деп саналатын салаларға ғана салады. Олармен қатар транснационалдық компаниялар да салады. Мысалы: Шеврон, Окиок т.б.
2. Шетелдік партфельдік инвестициялар. Жалпы шикізатқа байланысты компанияның акциясын сатып алуы.
3. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымның гранттары.
Гранттар – халықаралық ұйымдардың лабараториялық материалдарды, құралдарды сатып алып академиялық зерттеу мен айналысу үшін (80 мың, 200 мың доллар көлемінде). Сонымен бірге жеңілдетілген ұзақ мерзімділі қарыз грант түрінде қаржылық және техникалық көмекке беріледі. Қазіргі кезде дамуға ресми көмек шеңберіндегі қаржылық көмек елімізге халықаралық және экономикалық ұйымдар, мәселен, халықаралық қайта жабдықтау және даму банкі, Азиялық даму банкі және демеуші елдер – АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Франция тарапынан көрсетіледі. Қазақстан егемендігінің алғашқы жылдарында қаржы негізінен төлем баланысын қолдауға, ұлттық валютаны нығайтуға жұмсалынды.
4. Шетелдік несиелер мен қарыздар.
Олар көбінесе Қазақстанға халықаралық ұйымдар мен дамыған елдер тарапынан келуде. Олар елге несие, қарыздарды 5-7 жылға дейін берді. Олардың қатарынан Ислам даму банкін, Халықаралық даму банкін, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы сияқты дамыған мемлекеттерді қосуға болады. Сырттан келген инвестицияларды тиімді пайдалану мемлекеттің инвестициялық саясатына байланысты.

1.2 Инветициялаудың дамыған елдер тәжірибесі

Кейбір ғалымдардың еңбек-терінде олардың үшінші әлем елдері туралы ғылыми көзқарастарының хронологиялық жағынан өсу эволюциясы ескеріле отырып, шартты түрде 1950 жылдардан бастап осы кезге дейінгі аралық төрт кезеңге бөліп көрсетіледі. Ең соңғы төртінші кезең - 1980 жылдар еңбектердегі талдаудың көрсеткеніндей, неоконсервативтік бағытта дамуымен ерекшеленеді.
Осы арада Г. Д. Геншер құрастырған, батыс германдық сарапшылардың ГФР сыртқы саясатының перспективалары туралы өз пікірлерін білдірген жинағын ерекше атап көрсетуге болады (Бонн, 1987 жыл). Сондай-ақ батысгермандық социал-демократтардың үшінші әлем елдеріне қатысты саясаты туралы У. Хольцтің жариялаған еңбектері көп назар аударуды қажет етеді.
Оларда ГФР-дің үшінші әлем елдеріне арналған негізгі үлгілері, соның ішінде, әсіресе, Христиандық-демократиялық одақ, Христиандык-әлеуметтік одақ - Еркін демократиялық партия және ГСДП (Германияның социал-демократиялық партиясы) партияларының үлгілері қарастырылады, сонымен бірге олардың аталған елдердің дамуына бөлетін батыс германдық көмекпен өзара байланысы көрсетіледі.
Аталған мәселеге байланысты ГФР-дің 1980 жылдардағы саясатында мынадай төрт түрлі жаңа қүрылымдық сәттерді бөліп көрсетуге болады:
1. Бақылау: кедей елдердің формальді түрдегі тәуелсіз үкіметтерін батысгермандық көмек жобаларына мықтап таңу, сырттан тұрақты түрде саяси басқару әдістеріне араласу институттарын заңдастыру.
2. Үшінші әлемдегі жекешелендіруді күшейту: экономикадағы мемлекеттік секторды қолдауды қысқарту, жекеменшік инвестицияларға қолайлы жағдайлар жасау, экономиканы орталықтандырудан бас тарту және т.б.
3. Пайдалылық түрғысынан (неомеркантильдік) араласу: ұлттық экономиканы германдық даму көмегі арқылы қаржыландыруды күшейту, жас мемлекеттердің өнеркәсіптік рыноктарын қамтамасыз ету, әлі түпкілікті даму жолын таңдап болмаған елдерде ГФР-ге экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени басыбайлылықты күшейту.
4. Дамытуға арналған көмекті жекешелендіру: даму көмегін жекеменшік кәсіпкерліктің қыска мерзімдік мақсаттарына байланыстыру және аталған көмекті бірте-бірте анағұрлым көбірек үлесте, әсіресе, кедей елдерге байланысты жекеменшік ұйымдарға ауыстыру.
Бұл арада Бонның алға қойған негізгі мақсаты аталған елдерде өндірісті түгелдей жетілдіруге емес, дамушы елдердегі дағдарыстарды реттеуге бағытталған саясат ұстанатынын көрсетеді. ГФР аталған елдердегі проблемаларды өзінің ұлттық мүдделерімен байланыстыра отырып шешуге тырысады.
80-жылдарда Батыс Германияның халықаралык; ұйымдар арқылы үшінші әлем елдеріне көрсетіп отырған жәрдемі екі жақты негізде көрсетіп отырған көмегінің небәрі үштен бір бөлігін ғана қүрайтын еді.
ГФР-дің дамушы елдерге қаржылай көмегі 1959-1992 жылдар аралығында салықтарды алып тастағанда, 385 млрд неміс маркасын қүрайды. Оның ішінде 308 млрд неміс маркасы екіжақты ынтымақтастық бойынша, ал 77 млрд неміс маркасы көпжақты ынтымақтастық бойынша берілді. Дамушы елдерде көмек жөніндегі мемлекеттік ынтымақтастық бойынша аталған соманың ішінде шамамен 170 млрд неміс маркасы бөлінген екен. Сөйтіп, қазіргі кездегі мәлімет бойынша Германия дамушы елдерге жылына 11 млрд неміс маркасын бөледі. Мәселен, Федеральдық экономикалық ынтымақтастық және даму министрлігінің 1993 жылға бөлген қаржысы 1992 жылмен салыстырғанда, тиісінше 8,32 млрд неміс маркасынан 8,46 млрд неміс маркасына дейін өсті. Бұл, әрине, бір ғана министрліктің бөліп отырған қаржысы.
Екі жақты негізде көрсетілетін көмекті ГФР-дің мемлекеттік аппараты мен жекеменшік ұйымдары және фирмалары жүзеге асырады. Осымен бір мезгілде мундай көмектерге тікелей де тікелей мемлекеттік инвестициялар арқылы), жанама түрде де (жекеменшік ұйымдарға жәрдемдесе отырып) ыкпал ете алады. Тікелей және жанама ықпалдардың арасында нақты айқын шекара жоқ, өйткені, біріншіден, ГФР мемлекеті кейбір жағдайларда жекеменшік фирмаларға мемлекеттік қазынаның есебінен (салықты жеңілдету, дотациялар және т.б.) жәрдемдеседі, сонымен бірге, екіншіден, жекеменшік ұйымдар көбінесе мемлекеттік аппараттың нақты тапсырмаларын орындап отырады.
Ал енді германдық көмектің көрсетілетіні туралы мәселеге келер болсақ, оның мынадай нысандарын атап көрсетуге болар еді: қаржы және техникалық көмек, мәдени құндылықтар мен тұрмыс-тіршіліктің артықшылығы, бүқаралық ақпарат құралдары, т.б.
Қаржы саласында көрсетілетін әр түрлі көмектің нақты мақсаттарын былайша жіктеп көрсетуге болады: жобалық, бағдарламалық, сауда, жедел мерзімдік, құрылымдық (бұл түрі дамушы елдердің құрылымын қазіргі дүниежүзілік экономикалық-шаруашылық құрылымына жақындату үшін 1987 жылдан бастап енгізілген), сондай-ақ үштараптық операция, аралас қаржыландыру, т.б.
Германдық қаржылай көмектердің түпкі мақсатын ескере келіп, мынандай қорытынды жасауға болады: ГФР өзінің экономикалық ынтымақтастығын және оның ішінде, әсіресе, қаржылай көмегін әртүрлі аймақтардағы өзінін әсер-ықпалын барынша күшейте түсу құралы ретінде қарастырады. Сонымен бірге инженерлік-техникалық кадрлар даярлау мәселесін де Боннда көбінесе жас мемлекеттерге әсер-ықпал етудің маңызды кұралы ретінде қарайды.
ГФР дамушы елдермен өз қатынастарында мәдени саясат құралын аса тиімді турде пайдаланып отыр. Германияның мәдени саясатының ресми мақсаты - Дүние жүзінде ГФР туралы объективті түсінік, пікір тарату болып табцылады деп түсіндіріледі. Бұдан шығатын қорытынды: әр түрлі көрсетілетін көмектін барынша ортақ функциясы дамушы елдерде жекеменшік экономикаға қажетті негіз бен іс-әрекет кеңістігін өрістетуге жағдайлар әзірлеу болып табылады.
ГФР-дің Дамушы елдерге көмек жөніндегі федеральдық министрі Карл Дитер Шпрангер өзінің Боннда сөйлеген бір сөзінде Федеральдық үкіметтің үшінші әлем елерімен ынтымақтастығы тұжырымдамасына ерекше тоқталып өтті. Бұл тұжырымдама бойынша дамушы елдерге, әсіресе, үш салада: кедейшілікке қарсы күрес, қоршаған ортаны корғау және білім беру салаларында көмек көрсетуді күшейте түсу көзделген.
Сондай-ақ, ол дамушы елдерге көмек берілуі үшін олардың мынадай бес түрлі талап-өлшемдерге жауап беруі қажеттігін атап көрсетеді: біріншіден, көмек көрсетілетін елде адам құқығы сакталуы тиіс; екіншіден, әрбір әріптес елдің халқы саяси шешім қабылдауға қатысуы тиіс; үшіншіден, қүқык пен заңдылыктың қамтамасыз етілуіне кепілдік болуы тиіс; төртіншіден, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілікті ескере отырып, нарықтық экономикаға көшу; бесіншіден, әріптес елдің жалпы саясатында экономикалық және әлеуметтік жетістіктер халыктың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға жәрдемдесуі тиіс. Бұл бес талап-өлшем, әрине, күштеп міндеттеуге жатпайды, дейді К. Д. Шпрангер, бұл - тек дамушы елдерге кеңес ретінде берілетін жалпы бағыт-бағдар ғана.
Батыс Германияның сыртқы саясатын жүргізуде ерекше рөл атқаратын арналардың бірі жартылай үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарды құрал ретінде пайдалану болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде әр түрлі қоғамдық ұйымдар мен қызметтердің, жетекші саяси қорлардың жұмысын атап көрсетуге болады. Олардың үшінші әлем елдеріндегі қызметін талдап көрсек, мұндай ұйымдардың жүйесі өзге бірде-бір батыс елдерінде жок екенін көреміз. Мүндай қызметке сондай-ақ шіркеу қызметі, миссионерлік қызметтер де жатады.
Үкіметтік емес ұйымдардың бағдарламалары саяси-идеологиялық жағынан аса бір шектеулі емес. Сондықтан да мұндай мекемелердің қаржы жұмсау мәселесінде өз еріктері өзінде және қызмет нысанын өздері таңдауға да ерікті. Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік мекемелермен салыстырғанда өз қызметінде ықшам әрі ыңғайлы, сондай-ақ үкіметтің саяси бағытының өзгеруі-не аса бір тәуелді емес.
Үшінші әлемдегі үкіметтік тапсырмаларды орындауға үкіметтік емес үйымдарды жегу бұл тапсырмалардың барынша икемді, тез арада және жергілікті халықтың саяси шамшылдығын туғызбай-ақ жүргізуіне мүмкіндік береді. Егер мәселе сәтсіз шешілген жағдайда немесе коньюнктуралық өзгерту болған жағдайда ГФР үкіметінің әрқашанда қандай да бір үкіметтік емес ұйымынан өз іргесін аулақ сала алуына мүмкіндігі бар.
ГФР өз саясатында Батыстың үшінші әлемдегі негізгі мақсаттарына қол жеткізу осы елдердегі ішкі саяси, экономикалық және әлеуметтік қатынастар саласына мақсат керлік түрде және түрақты түрде ықпал-әсер етпеген жағдайда қол жеткізуге болмайтынын үнемі ескеріп отырады. Мұндай жағдайда сондай-ақ дамудың германдық үлгісіне ерекше сенім білдіріп отыр. Бұл үлгінің негізін Германиядағы ХДОХӘО, ЕДП партияларының түсінігіндегі әлеуметтік-рыноктық шаруашылық теориясы құрайды. Сондай-ақ ГСДП-ның ұсынып отырған Дамудың үшінші жолы үлгісі де оны тек ГФР мемлекетінің ғана және тұтастай алғанда Батыстың ғана жүзеге асыру қажеттілігімен және мүмкіндігімен тікелей байланыстырады.
Бұл арада әңгіме Германияның жалпы қаржы инвестициялық саясаты емес, оныңтек үшінші әлем елдерінде ғана қатысты болып отырғанын ұмытпауымыз керек. Ал, дүниежүзінің басқа елдерімен салыстырғанда, ГФР капиталын инвестициялау кейінгі жылдарда едәуір қарқын алғанын байқаймыз. Мәселен, Германия кәсіпкерлері 1995 жылы 1994 жылғымен салыстырғанда 60 процентке артық мөлшерде шетелдерге инвестиция жұмсады. Соның ішінде 1995 жылдың бірінші жартысында басқа елдерге, әсіресө, Еуропа Одағы елдеріне 28 млрд неміс маркісін бөлді.
Батыстың үшінші әлем елдеріндегі саясатын жузеге асыратын аппараттың 1990 жылдардан бастап улғая тускенін ұмытпауымыз керек. Дамуға көмек көрсетудің қосымша құралдарын жасау жолдары іздестіріліп отыр. Германияның Жанжалдарды бейбіт жолмен реттеу, Диалог концепцияларын ГФР-дің алдыңғы кезектегі мақсаттары айқындайды. Ол мақсаттар негізінен мына төмендегідей: жан-жалдардың себептерін сол аймақта өзінін статускво мәртебесін сақтауға мүдделі күштердің пайдасына біржақты түрде түсіндіруге ұмтылу; өзгерістерге қол жеткізу үшін саяси және экономикалық қысым көрсету шараларын пайдаланудан бас тартқан жағдайда аймақтарда капитал мүдделерін күшейте түсуге тілек білдіру; тіпті қолданылатын құралдар мен әдістер туралы пікір алшақтығы болған жағдайдың өзінде де Вашингтоннын сыртқы саяси стратегиясына кайшы келмеу және адал одактастық шеңберінде әрекет ету.
Дамушы елдерде өз қоғамының үлгісін енгізуге ГФР-ді итермелейтін себептер тек ішкі себептер ғана емес, сондай-ақ сыртқы жағдайлар да бұған едәуір әсер етеді. Сыртқы жағдайларды атағанда, бұл арада шетелдік бәсекелестер мен одақтастардың, ең алдымен АҚШ-тың кысымшылығын атап көрсетпеске болмайды. ГФР мұндай қысымынын күшейе түскенін қаламайды, әрине. Аталған кысымды әлсіретуге және өзіне арналған ойын алаңын кеңейте түсуге ұмтыла отырып, Бонн үкіметі әсіресе АҚШ-тың әсер-ықпалы мен беделі азая түскен аймақтарда (мысал үшін, Латын Америкасы) өзінің әсер-ықпалын күшейтуге күш-жігер жұмсайды.
Үшінші әлемдегі өзінің АҚШ-қа деген одақтастық адалдығын дәлелдей отырып, ГФР біріншіден, өзінің кейбір елдердегі шығындарының орнын басқа елдерге қысым көрсету жолымен толтыруды тілейтін Вашингтонның саяси шам-шылдығын болдырмайды; екіншіден, осылайша өзі үшін сыртқы саяси бағытта белгілі бір дәрежеде дербестік алуға қол жеткізеді. Бұл алдыменен ГФР-дің қарусыздану, ортақ еуропалық үй, шығыс Еуропа елдерімен сауда мәселелерінде атқаратын рөлінен айқын көрінеді.
ГФР-дің үшінші әлемдегі барынша икемді саясатының тәжірибесі 1990 жылдарда АҚШ ушін ерекше маңызға ие болып отыр. Өйткені, қазіргі кезде АҚШ уақыт рухына сәйкес келетін өз көсемдігін қамтамасыз ету үшін шаралар қарастыру-да. ГФР тәжірибесі көрсеткеніндей, АҚШ-тың саясатына оның әскери-соғыс іс-әрекеттері емес, керісінше, осы елдердің әлеуметтік реформалар жасауына көмек көрсетуі және даму саласындағы ынтымақтастық саясатын өрістетуі аса тиімді көмек болып табылар еді деген ойға жетелейді.
Германияның дамушы елдерге көмек тәжірибесін дүниежүзінің көптеген елдері құптап отыр. Атап айтқанда, кейінгі жылдары Еуропа Одағы да ГФР-дің бұл мәселедегі оң тәжірибелеріне ден қоя бастады.
Батыс елдері апдағы онжылдық кезеңде ГФР-дін тәжірибесін пайдалана отырып, өздерінің үшінші әлемдегі саясатын жүзеге асыру үшін қуралтаңдауда өз бағыттарын өзгертетінін айқын аңғаруға болады. Бұл арада әңгімежумсалатын қаржының тиімділігі мен шығыстарды азайту мақсатында дамушы елдердің қоғамдық ұйымдарын таңдап ала білу және оларды барынша көбірек қузметке тарту туралы болып отыр.
2-Тарау. шетел Инвестицияларды тарту жӘне оның Қазақстаның экономикадағы рӨлі

2.1 Инвестицияларды тарту және оның Қазақстаның экономикадағы рөлі

Инвестиция, инвестор дегендеріміз – кеңестік кезеңде онша белгілі болмағанымен, күллі әлемде бұрыннан кеңінен мәлім, практикалық маңызы үлкен ұғымдар. Дүниежүзілік нарықтық экономиканың негіздері, материалдық және рухани өрлеу мүмкіндіктері инвестициялаумен тікелей байланысты. Бұған экономикалық саясатта инвестицияларын молынан қамтып, әрі оны іске асыруда барлық мүмкіндіктерді іскерлікпен пайдалана білген көптеген мемлекеттердің тәжірибелері дәлел.
Қазақстан экономикасына инвестициялаудың жай-жапсарына келсек, бұдан 9-10 жыл бұрын ғана әлемдік аренаға шығып, тәуелсіздік алған мемлекетіміздің дүние жүзіндегі аса ірі саясаткерлер мен кәсіпкерлердің назарына ілігіп, көңіл аударар объектісіне айналып отырғаны шындық. Ол заңды да. Себебі еліміздің жер асты байлығымен қатар, басқа да орасан мөлшерде шикізат қоры, маманданған арзан жұмысшы кадрлары жетіп артылғандай. Ішкі нарық көлемінің шектеусіз екені тағы бар. Сондықтан басы артық капиталдарын осында орналастыру олар үшін мейлінше қолайлы да тиімді.
Инвестициялау деген не? Ол ағылшын тіліндегі (investments) қаржы жұмсау (қаржы салу) деген атаудан шыққан инвестиция (investment) деген мағынаны білдіретін өндіріс, ауыл шаруашылығы т.б. салаларды дамытып, өркендету үшін ұзақ уақыт жұмсауға арналған капитал түрі.
Инвестиция дегеніміз – негізгі капиталды көбейтуге немесе сақтауға бағытталған шығындар.
Инвестицияның түрлері:
4. Құрылымы бойынша инвестициялық шығындар 2 түрге бөлінеді:
1) Жалпы инвестиция.
Жалпы инвестиция дегеніміз – негізгі капиталдың жиынтық
қосындысына шыққан шығындар.
2) Таза инвестициялар.
Таза инвестициялар дегеніміз – жалпы инвестициялардан амартизациялық қорды алып тастағандағы инвестиция.
5. Объекті бойынша инвестициялық шығындар 3 топқа бөлінеді:
1) Кәсіпкерлік инвестиция.
Кәсіпкерлік инвестиция дегеніміз – фирмалардың еңбек
құралдарына шығарған шығындары.
2 Кәсіпкерлік инвестицияның
негізгі нысаны бар:
3) Тікелей инвестиция. Тікелей инвестиция дегеніміз - өндірістік
кәсіпорындарға тікелей қор салу.
4) Партфельдік инвестиция. Партфельдік инвестиция дегеніміз – инвестордың пайда алу мақсатымен кәсіпорынның акция, облигация және т.б. құнды қағаздарын сатып алуы.
2) Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция.
3) Тауарлық – материалдық запастарға бағытталған инвестициялар.
Бұл запастарға шикізат, аяқталмаған өндіріс және сатылуын күтіп жатқан дайын тауарлар жатады.
6. Субъектілеріне байланысты байланысты инвестицияның түрлері 3 бөлінеді:
1) Мемлекеттік
2) Жеке
3) Сыртқы
Қолдану бағыттарына байланысты инвестицияның 2 түрі болады:
3. Нақты инвестициялар, яғни қорды материалдық активтерге салу.
4. Қаржылық инвестиция, яғни қорды құнды қағаздарға салу.
Инвестор дегеніміз - кәсіпорынның негізгі капиталына қор салып отырған субъект.
Инвестицияның қайнар көзері:
3. Инвестицияның ішкі көздері
4. Инвестицияның сыртқы көздері
Инвестицияның ішкі көздері:
2. Жинақтар (халықтың, ұйымның, мемлекеттің). Жинақтар дегеніміз – алынған табыстардың тұтынылмаған көздері.
Жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субъектілер жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады (мысалы жұмысшының, оқытушының, дәрігердің т.б. жинағы). Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Мұнда жинақшы мен инвестор сәйкес.
3. Біздің азаматтардың шетелдегі шетелдік банктердегі ақшаларын амнистициялау.
Инвестицияның сыртқы көздері:
5. Шетелдік тікелей инвестициялар.
Тікелей инвестициялар – Қазақстан Республикасының дербес кепілдіктеріне байланысты және Қазақстан Республикасына берілетін ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберіне кіретін инвестициялардан тыс инвестициялардың барлық түрі.
Шетелдік тікелей инвестициялар шетелдік капитал тартудың тиімді нысаны.
1. Халықаралық валюта қоры.
2. Халықаралық даму банкі.
Олар тек инвестицияны перспективті деп саналатын салаларға ғана салады. Олармен қатар транснационалдық компаниялар да салады. Мысалы: Шеврон, Окиок т.б.
6. Шетелдік партфельдік инвестициялар. Жалпы шикізатқа байланысты компанияның акциясын сатып алуы.
7. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымның гранттары.
Гранттар – халықаралық ұйымдардың лабараториялық материалдарды, құралдарды сатып алып академиялық зерттеу мен айналысу үшін (80 мың, 200 мың доллар көлемінде). Сонымен бірге жеңілдетілген ұзақ мерзімділі қарыз грант түрінде қаржылық және техникалық көмекке беріледі. Қазіргі кезде дамуға ресми көмек шеңберіндегі қаржылық көмек елімізге халықаралық және экономикалық ұйымдар, мәселен, халықаралық қайта жабдықтау және даму банкі, Азиялық даму банкі және демеуші елдер – АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Франция тарапынан көрсетіледі. Қазақстан егемендігінің алғашқы жылдарында қаржы негізінен төлем баланысын қолдауға, ұлттық валютаны нығайтуға жұмсалынды.
8. Шетелдік несиелер мен қарыздар.
Олар көбінесе Қазақстанға халықаралық ұйымдар мен дамыған елдер тарапынан келуде. Олар елге несие, қарыздарды 5-7 жылға дейін берді. Олардың қатарынан Ислам даму банкін, Халықаралық даму банкін, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы сияқты дамыған мемлекеттерді қосуға болады. Сырттан келген инвестицияларды тиімді пайдалану мемлекеттің инвестициялық саясатына байланысты.
Инвестициялық саясаттың негізін заң шығарушылық және нормативтік өріс құрайды. Осыған байланысты 1997 жылы 2 заң қабылданды:
1. Шетелдік инвестициялар туралы Заң.
2. Тікелей инвестициялауға мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі Заң.
Қазақстанның дәл бүгінгі бағыты мен бағдары экономикалық өсімнің тұрақтылығы мен ұлғаюына негізделіп отыр. Көптеген елдердің әлемдік тәжірибелеріне көз жүгіртсек тұрақтылыққа мемлекеттің жинағымен бірге сырттан инвестицияларды тарту арқылы қол жеткізгендерін көруге болады. Шетел капиталының легі мен мемлекеттік реттеуді ыңғайлы ұымдастырып, тиімді пайдаланса оның экономикаға септігі молынан.
Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұымдастырылуы мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұымдастыру тәжірибесін ала келеді.
Біздің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай жасауы керек. Шетелдік инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы ретінде көрініп отыр.
Ал әлемдік тәжірибе болса, дамыған нарықтық экономиканың шетелдік инвестицияларды молынан сіңіріп алып жатқанын көрсетеді.
Мәселен, неліктен АҚШ, Германия, Жапония, Франция, Ұлыбритания сияқты өндірісі өркендеген елдердің экономикалық табыстары өте жоғары? Бәрі де шетелдік капиталдың арқасы. Бір ғана АҚШ-тың өзі 1970-жылдардың ортасында 30 миллиард доллардай шетел инвестицияларын иеленсе, 1980-жылдардың соңына қарай бұл көрсеткіш он еседей артқан. Қазір аталмыш мемлекет экономикасындағы шетелдік қаржы активінің көлемі 1,5 трил. Долларға пара-пар. Олардағы инвестициялық қарекеттерді реттейтін қуатты заң жүйелері арқылы тартылған мол көлемдегі инвестициялар ел экономикасының шарықтап дамуына, сондай-ақ, еңбек өнімділігі, экспорттық потенциал, бәсекелестік үрдісінің үдей түсуіне бірден-бір дәнекер болып отыр.
Қазақстан экономикасына шетел инвестициясының келуі 1992 жылдан басталады. Ол экспорттық кредиттер арқылы екіжақты негізде қалыптасты. Халықаралық валюта қорымен арадағы келісімдер республикамызда сыртқы қаржыландырудың көзін ашты. Бұл процесс халықаралық қаржы ұымдарының дамушы елдерге ресми көмек желісімен кредиттік қорларға, ал шетелдік жеке кредиторлардың қаражаттары кәсіпорындар мен фирмаларға бөлінді. Елімізге шетел капиталын тарту халықаралық валюта (ХВҚ) қорынан валюта сатып алуға және жеңілдікпен заемдар алуға жол ашты. Бұл кезде Қазақстан өзінің алтын валюталық төлем құралын қалыптастыра бастаған еді. Осынау резервтер валютаны сатып алу ұлттық теңгеге сәйкестендірілудің келісімді шартын туғызды. Мұның өзі кредиттік қорлардың, жеңілдік заемдарының кредит беруші елдердің банктері мен халықаралық қаржы ұымдарынан қаражат түсірудің материалдық негіздеріне айналды. Осы орайда елімізде Stand-by бағдарламасы қабылданған. Бағдарлама бойынша мемкелетіміз 1998-1999 жж. аралығында тоқсан сайын ұлттық валютаны сатып алып отырды, ал STF келісімі негізінде 1998-2003 жж. аралығында жылына екі рет сатып алу жағы қарастырылуда. Қазақстан өзінің инвестициялық қызметінде төменгі халықаралық қаржы ұйымдарымен байланыста: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық қайта жабдықтау және даму банкі, Азиялық даму банкі, Жапонияның эксимбанкі;
Халықаралық қайта жабдықтау және даму банкінің кредиттері көбіне импортты қаржыландыруға, мұнай өндірісіне техникалық көмекке, қалалық көліктің әлеуметтік мұқтаждықтары мен қаржы айналасына орналған. Ал Азия даму банкінің бөлген қаражаттары тұрақтылық бағдарламаларын қолдауға, құрылымдық қайта құруға және ауылшаруашылығы өндірісінің өркендеуіне пайдаланылды. Еуроазиялық даму және қайта жабдықтау банкінің қаражаттары ұсақ және орташа кәсіпорындарды жабдықтауға жұмсалады. Жапондық экспорт-импорт банкінің заемдары халықаралық қаржы ұйымдарының заемдарына қарағанда біраз жеңілдіктермен беріледі. Нақты кредиттік ставкасы 10% маңында.
1997-1998 жж. аралығында 3448,9 млн. доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылып, пайдаланылған. Оның 2,1 млрд. доллар мұнай газ кешені иемденсе, 0,9 млрд. доллар металургия саласына бөлінген.
Республикада жұмыс істеп жатқан халықаралық қаржы ұйымдарының легіне Ислам даму банкі қосылды. Қазақстан бұл күндері оның толыққанды мүшесі. Аталмыш банкпен басым бағыттар Ақмола үшін аса қажетті инфрақұрылымдарға арналды. Техникалық іскер байланыстар жағына келетін болсақ қайтарымсыз екі әрі көпжақты көмек Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасынан, Еуропалық бірлік (ТАСИС бағдарламасы), Ұлыбритания, Германия, Франция, АҚШ, Жапония тарапынан келуде. Техникалық көмек қаржылай емес дерлігіне қызмет түрінде болып келеді. Мысалы, заң шығарушы органдарға консультативтік көмек, шағын және орта бизнестегілерге түрлі жоба кеңестер, экологилық немесе әлеуметтік бағдарламалар сияқты.
Қазақстан Республикасы 1996-1997 жж. халықаралық жетекші агенттіктер тарапынан жоғарғы рейтингке ие болды.
Қазақстан Республикасының жоғарғы басқару органдары мемлекетіміздің болашақтағы стратегиялық өркендеуін және инвестициялық капиталға халықаралық бәсекелестіктің тынымсыз өсіп отырғанын ескеріп, 1997 жылы 28 ақпанда арнайы мемлекеттік инвестициялық комитет (МИК) құрды. Оған Қазақстанның Тікелей инвестицияларға мемлекеттік қолдау көрсету Заңына сәйкес экономикалық приоритетті секторларда тауар өндіру, қызмет көрсетуді қарқынды өркендету үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасау міндеттері жүктелген. Сондай-ақ, бұл мақсатқа жетудің қосымша кепілдері: жаңа технология, озат техника, ноу-хауды енгізу, ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен қамту, тауар өндіретін отандастарға қолдау, көмек жасау, экспорттық және импорттық тауарлар шығаратын өндіріс орындарын өркендету болып табылады.
Республика Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі жарлығымен тікелей инвестицияларды тарту үшін мынадай салалар экономиканың басымдық белгілер бар секторлар ретінде қаралады: өндірістік инфраструктура, өңдеу өнеркәсібі, Астана қаласының объектілері, тұрғын үй, туризм, ауыл шаруашылығы т.б. Тікелей инвестициялауға мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі Заңға сәйкес, мемлекеттік инвестициялау комитеті Қазақстан Республикасындағы инвесторлармен қарым-қатынас жасайтын бірден-бір өкілетті орган болып табылады. Сондықтан кез-келген инвестор туындаған проблемалар хақында МИК-ке өтініш жасауы, ал аталмыш комитет оларға ешбір кедергісіз құлақ асып отыруы тиіс.
Бүгінгі таңда МИК Тікелей инвестициялауға мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі Заңды іске асыру үшін қажетті нормативті актілерді дайындаумен де айналысуда. Қазақстан отандық, әрі шетелдік жекеменшік инвесторларға кеңірек белгілі бола түсуі үшін алда атқарылар ауқымды шаралар аз емес.
Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық қатынастарды халықаралық- құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі
Қазақстандағы инвестиция
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
Инвестициялық саясаттың модельдері
Инвестиция туралы жалпы түсінік
Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі
Компаниялардың инвестициялық тартымдылығын талдау
ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Инвестиция туралы ақпарат
Пәндер