Экспортық баға саясаты


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Экспортық баға саясаты

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

Ι. Бағаның атқаратын қызметтері . . . 4

ΙΙ. Бағаға әсер ететін факторлар . . . 5

ΙΙΙ. Бағаны белгілеу үдерісі

  1. Бағаны жасау мақсатын анықтау . . . 9
  2. Сұранысты анықтау . . . 10

3. Шығындарды бағалау . . . 12

4. Бәсекелестердің бағаларын және олардың тауарларын талдау . . . 13

5. Баға белгілеу, таңдау . . . 13

6. Түпкі бағаны белгілеу . . . 15

IV. Баға белгілеу тәсілдері

1. Жаңа тауарға баға белгілеу . . . 15

2. Тауар номенклатурасы шеңберінде бағаны белгілеу . . . 17

3. Географиялық принцип бойынша баға белгілеу . . . 18

4. Баға арқылы жеңілдіктер жасау . . . 19

V. Тауардың өтімін ынталандыру үшін баға белгілеу . . . 20

  1. Баға арқылы кемсітушілік . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 24

КІРІСПЕ

Маркетинг кешенін құрайтын бір тәсіл бола тұра баға өте маңызды қызметтер атқарады. Сайып келгенде коммерциялық фирма әрекетінің түпкі нәтижесі көбінесе бағаға байланысты. Дұрыс таңдалып алынған баға стратегиясы тауардың бәсекелестік қабілетіне және кәсіпорынның өндіру-өткізу жұмысына ұзақ мерзім әсерін тигізеді. Бұған қоса тұтынушыларға (тауарды сатып алушыларға) тигізетін бағаның әсері де аса зор. Баға дегеніміз тауар құнының ақшалай белгісі. Құнмен бірге сұраныс пен ұсыныс бағаға өз әсерін тигізеді. Ол қаржы және пайда алудағы фирманың пәрменді маркетинг құралы. Тауардың бағасы клиентті тартуы да немесе тартпауы да мүмкін. Сондықтан баға орнатуда қандай мәселелер қарастырылады, оған қандай факторлар әсер етеді, әлемдік экономикадағы тәжірибелер мен практикалық қолданыстарды білу керек. Тауардың құны мен бағасының арасындағы байланысты түсіну керек. Ал ең маңыздысы, баға саясаты біздің елде қандай болу керек, соны білу қажет. Бұл жағдайларда Қазақстан республикасының ішкі және сыртқы экономикасымен танысамыз. Біздің Өкімет тауар және баға жайлы қабылдаған заңдарына тоқталамыз.

Біз бұл жұмыста бағалық саясатты, сапалық бәсекені, нарық жағдайында баға тағайындау қалай жүзеге асатыны, сұраныс пен тұтыну, баға түрлері жайында маліметтер келтіреміз. Осы маліметтерге сүйеніп, нарықта бағаның атқаратын рөлі мен оны реттеуші факторлармен танысамыз

Ι. Бағаның атқаратын қызметтері

Бағаның аткаратын қызметтері оның ішкі мәнін сипаттайды. Бағаның атқаратын бес қызметі белгілі:

1. Есеп жүргізу қызметі белгілі қажеттілікті тауардың қанағаттандыруы коғамға канша шығынды керек ететінін көрсетеді. Тауарды өндіру үшін қанша еңбек, шикізат, материалдар, басқа да өндіріс құрал-жабдықтары жұмсалғанын баға арқылы

анықталады.

2. Ынталандыру қызметінің мәні әр түрлі тауарларды өндіруге және тұтынуға бағаның тигізетін әсерімен анықталады. Өндірушінің табысқа жету әрекеті баға арқылы ынталандырылады. Бағаның осы қызметі шығынды кемітіп пайданы көбейту үшін ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, ресурстарды тиімді үнемдеуге, өнімнің сапасын жақсартуға ынталандырады. Сапалы және жаңа тауар жоғары бағамен сатылса, пайда көбейеді.

3. Бөлу кызметін баға тауардың кұнынан төмен, немесе жоғары ауытқуы арқылы орындайды. Бұнда баға арқылы ұлттық табыс экономика салалары арасында, мемлекет аймақтары арасында, қорлану және тұтыну қорлары арасында, тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында бөлінеді және қайта бөлінеді.

4. Сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдік қызметінде тұтыну және өндіру, ұсыныс пен сұраныс араларындағы арақатынасына баға күшті ықпал тигізеді. Өндіріс және айырбас салаларында диспропорциялары қалыптасқаны туралы баға өз белгісін беріп және оларды сәйкестендіру қажетіне қоғамды итермелейді. Сонымен баға сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігін орнатуда икемді және пәрменді құралы болып табылады.

5. Өндірісті ұтымды орналастыру қызметінде баға механизмі арқылы экономиканың салалар арасындағы капиталдың құйылуы жүргізіледі. Өйткені әрбір сала өнімдерінің бағасы мен пайдасы әрқалай болғандыктан, капитал пайдасы жоғары салаға барынша құйылады. Ол сала өндірісі жоғары қарқынменен дамиды, тауары көбейеді. Тауарлар көбейген сайын, оның сұранысы төмендеп, бағасы мен пайдасы азаяды. Ол саладан сондықтан капитал алынып, пайдасы мен бағасы жоғары салаға ауытқиды. Осылайша қоғамға аса қажет өндірістерін дамытуға, қажеті аз салаларды кемітуге баға өз әсерін пәрменді тигізеді.

ΙΙ. Бағаға әсер ететін факторлар

Фирма баға стратегиясын тандау үшін оған қандай факторлар әсер ететінін біле отырып, оларды талдауы қажет. Көбінесе ол сыртқы себептерден болады. Бағаға әсер ететін негізгі факторлар: шығындар, тұтынушылар, тауар қозғалысына қатынасушылар, бәсекелестер және мемлекет. Осы факторларға қысқаша тоқталайық.

1. Шығындар түпкі бағаға аса қатты әсер етеді. Шығындар көлемі шикізат сатып алуға, жұмысшылардың жалақысын төлеуге, транспортқа, қоршаған ортаны қорғауға кеткен қаражатқа байланысты. Бұл шығындар бағаны белгілеу кезеңінде есепке алынып, бағадағы пайданың үлесіне қарай баға деңгейі белгіленеді. Баға деңгейі тұрақты болғанда, іс жүзіндегі шығындар көлемінің өзгерісі пайданың әрқалай көлемде түсуін белгілейді.

2. Тұтынушылар. Баға және сату көлемінің өзара тәуелділігін екі себеппен түсіндіруге болады. Біріншісі сұраныс пен ұсыныс заңының әрекеті және баға икемділігі; екіншісі әр түрлі рынок сегменттері тұтынушыларының бағаға деген жауап әрекеті.

Бағаны қабылдау және тауарды сатып алу бағытына қарай тұтынушыларды төрт топқа бөлуге болады:

  • үнемдеп сатып алушылар тобы - бұл топтағы тұтынушылар тауар бағасына, сапасына, түр-түріне яғни ассортиментіне көп көңіл бөледі және осы тұтынушыларға жарнама қатты әсер етеді;
  • дербестендірілген сатып алушылар-бұлар тауар бейнесіне, сатушылардың қызмет керсету деңгейіне көңіл бөледі;
  • этикалық сатып алушылар - өздерінің сатып алуымен кішігірім фирмаларды қолдауға әзір және олардың тауарларына қымбат баға төлеуге дайын;
  • көңілсіз сатып алушылар - а дегенде тауарды пайдалануының ыңғайлылығын және қолайлылығын жоғары бағалайды (баға көлеміне қарамайды) .

3. Тауар қозғалысына қатынасушылар бағаны белгілеу үдерісінде маңызды рөл атқарады. Олардың пікірімен санасуға тура келеді, өйткені олар тауардың өткізу көлемін ұлғайтуға, жағымды тауар бейнесін жасауға, сатып алуды жалғастыруға өз ықпалын тигізеді. Тауар тез арада сатылуы үшін өндіруші түпкі бағаны қатаң бақылауға алуы мүмкін, егерде:

1. Тауар бағасы алдын ала келісіп белгіленсе;

2. Бөлшек саудасы аз болса;

3. Консигнация шарттарын пайдаланса;

4. Тауар қозғалысына қатынасушылар пайда көлемін жеткілікті алса.

Көтерме және бөлшек саудадағы тауар қозғалысының негізгі қатынасушылары бағаны қатаң қадағалауы мүмкін, егерде:

  • өндірушіге өзінің маңызды екенін көрсете білсе;
  • пайдасыз тауарды өткізуден бас тартса;
  • бәсекелес өнімді қоса өткізіп, тұтынушының сатушыға деген адалдығын қалыптастырса.

4. Бәсекелестер . Маркетинг тұрғысынан фирма әрекетінің ортасы талданады. Баға бақылауының жағдайына байланысты бәсеке ортасы 3 түрге бөлінеді:

  • Бағаны рынок бақылайтын орта. Онда бәсеке деңгейі жоғары, тауар бір типтес, ұқсас деп сипатталады. Бұл ортада фирма тауарын төмен бағамен ұсынса, ол тауарға сұраныс көбеюі мүмкін, өйткені тұтынушылар бағасы төмендеген тауарға тез ауады. Ал басқа бәсекелестер жауап қайтару ретінде ұқсас тауарлардың бағасын төмендетуі мүмкін. Бірақ бәсекені баға «қақтығысына» айналдырмаған дұрыс болады. Сондықтан қолданған баға стратегиясының болашақ нәтижесін қарастыру маңызды іс.
  • Бағаны фирма бақылайтын орта. Оған шектелген бәсеке тән және ұсынған тауарлардың ерекшеліктері болады. Бұл ортада фирманың жұмыс істеуі және іс-әрекеті оңайлау болады. Тауардың бағасы жоғары немесе төмен болса да оны алушы тұтынушылар әрдайым болады.
  • Бағаны мемлекет бақылайтын орта қоғамдық транспорт, энергетика, коммуналды қызмет және де басқа салалар кездеседі. Мемлекет орындары тұтынушылардан және өндірушілерден жан-жақты ақпарат жинаған соң нақты баға деңгейін белгілейді.

5. Мемлекет. Кәсіпорынның бағаны белгілеудегі еркіндігін мемлекет шектейді. Бұл шектеуді 3 дәрежеге бөлуге болады:

  • Мемлекет бағаны өзі белгілейді. Ол үшін келесі әдістерді пайдаланады: мемлекеттік прейскурант барасын енгізу, еркін рынок бағасын бір деңгейде "қатыру", монополист кәсіпорындардың бағаларын жоғарыдан белгілеу.
  • Мемлекет баға қою ережелерін бекітеді (реттелген бағалар қалыптасады) . Бағаны реттеу әдістері: тауарларғра бағаның жоғары деңгейін орнату, бағаның негізгі көрсеткіштерін реттеу (пайданы, жанама салық көлемдерін және т. б. ), нақты тауарлардың бағасын бірлік көтеру дәрежесін анықтау.
  • Арамзалық бәсекеге және рынокты монополиялауға шек қою үшін "рыноктық ойын" ережелерін орнатады ( еркін келісімді бағалар қалыптасады) . Ол үшін мемлекет мына іс-әрекеттерді шектейді: кәсіпорындардың бағаны жоғары деңгейде сақтау мақсатымен келісім қабылдауына шек қояды, өндірушілердің өз бағасын жабдықтаушыларға және сауда орындарына күшпен міндеттеуіне шек қояды, демпингке (бәсекелестерді жою мақсатымен тауарды өз құнынан төмен бағамен сатуға) шек қояды.

ΙΙΙ. Бағаны белгілеу үдерісі

Баға бөлгілеу ісі қиын және көпсатылы үдерісі болады. Оны жалпы алғанда қысқаша былай сипаттауға болады (1-сурет) .

1-сурет. Бағаны есептеудегі негізгі үдерісі

  1. Бағаны жасау мақсатын анықтау

Ең алдымен фирма нақты тауар арқылы қандай нәтижеге жетуді көздейтінін білуі қажет. Егерде нысаналы рынок таңдалып, рынок жайғасымы толық ойластырған болса, онда баға мәсеселесімен қатар маркетинг кешенін құру тәсілдері түсінікті болар еді. Баға құру стратегиясы негізінде рынок жайғасымын шешу арқылы ғана белгіленеді. Сол жағдайда фирма өзінің түпкі мақсатын белгілеуі мүмкін. Қаншалықты бұл мәселе анығырақ болса, соғұрлым баға қою ісі жеңілдейді. Іс жүзінде жиі кездесетін мақсаттар мынадай:

  • Фирма өзінің өмір сүруін қамтамасыз ету. Бұл мақсат рынокта өндірушілер көбейіп кеткен жағдайда және тұтынушылардың қажеттері кенет өзгерген кезде қолданылады. Өзінің тауарлары өтімін қамтамасыз ету үшін және жұмысын ойдағыдай дұрыс жүргізу үшін фирма көбірек сату мақсатымен бағаны төмендетеді.
  • Күнделікті табыс көлемін максималдау. Фирма сұраныс пен шығындарын талдап, жоғары табыс беретін бағаны қояды. Бұл саясатта ұзақ мерзімдік мақсаттар шетте қалады да, күнделікті қаржы-қаражат көрсеткіштері фирмаға маңызды болғаны.
  • Рынок үлесінде жетекші орын алу. Рыноктағы үлесі үлғаю арқылы шығындары төмендеп, ұзақ мерзімдік табыс көлемі жоғарылайды. Осы мақсатпен фирмалар бағасын мүмкіндігінше төмендетіп, рынокты кеңірек қамтуға тырысады.
  • Сапа көрсеткіштері жағынан жетекші орын алу. Рынокқа ұсынылған барлық тауарлардың ішінде фирма өзінің тауары жоғары сапалы болуына ұмтылады. Ол үшін ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізіп, тауар көрсеткіштерін жақсартады және тауарына жоғары баға қойып оның өте сапалы, жаңа технологиямен жасалғанын сатып алушыларға жеткізуі кажет.
  1. Сұранысты анықтау

Фирма белгілеген баға деңгейі тауарға деген сұраныстың өзгеруінен көрінеді. Баға мен сұраныс келемінің байланысы сұраныс ирегі арқылы анықталады (2-сурет) . Ирек өзгерісі әр-түрлі бағамен білгілі мерзімде рынокта қанша тауарлар сатылатынын керсетеді. Кәдуілгі жағдайда сұраныс пен баға кері байланыста болады, яғни баға көтерілген сайын сұраныс төмендейді, баға төмендеген сайын сұраныс өседі (2а-сурет) . Ал беделді тауарлары ирегі өзгеше сипатталады (2б-сурет) . Мысалы, сапалы парфюмерия өнімдерін шығаратын фирма бағасын р1 нүктеден р2 нүктеге дейін көтеріп әтірлерін көбірек сатуы мүмкін. Тұтынушылар жоғары бағадағы әтірдің жоғары сапалы болғанын сезінеді де, оны сатып алуға ұмтылады. Ал, айталық, ең жоғары бағада (рЗ) сұраныс деңгейі р2 бағамен сатылғандағы сұраныс көлемінен төмен болды делік. Бұл жағдайда сұраныс ирегі уу1 көрінісін алады. Сұраныс ирегінің бұл көрінісі айрықша өзгеріп кеткен, өйткені тауардың беделі де өзгеше болғандықтан. Ол 2 б-суретінен анық байқалады.

2-сурет. Сұраныс ирегінің екі нұсқасы

Сондықтан рынокта әрекеттенушілер тұтынушылардың баға өзгерісіне деген икемділігін (сезімталдығын) білгені жөн. Төменде 3-суреттерде сұраныс ирегінің екі түрін талдайық. 3 а-суретте р1 нүктедегі бағаны р2 нүктеге дейін көтеріп, сұраныс көлемін Q1 ден Q2 дейін шамалы төмендегенін көрсетіп отыр. Ал, 3 б-сурет бағаны шамамен сондай-ақ өзгерту арқылы сұраныстың тым астам төмендеуін сипаттайды. Егер де (сұранысқа әсер ететін басқа факторларды өзгеріссіз қалдырып) бағаның осы өзгерісі сұранысты өзгертпеген болса, онда икемсіз сүраныс болатын еді. Ал біздің 3-суреттерімізде сұраныс азды-көпті өзгерді, бұны икемді сұраныс деп айтады. Алайда 3 а-суретте сұраныстың бағаға деген икемділігі төмендеу, 3 б-суретте, керісінше, икемділігі жоғары. Сұраныстың икемділігі мөлшерін (Сu) есептеп шығаруға болады. Ол үшін мына формула қолданылады:

Айталық "А" және "В" тауарларының бағалары бірдей 10%-ке жоғарылады, алайда "А" тауардың сұранысы 1%-ке темендеді, "В" тауардың сұранысы 20%-ке кеміді. "А" тауары сұранысы икемділігі болады тең 1/100, 1 (демек, икемділігі төмен), ал "В" тауары сұранысының икемділігі болады тең 20/ 10-2 (икемділігі жоғары) .

3-сурет. Икемді және икемсіз сұраныс

Сұраныс икемділігіне төмендегі факторлар әсер етеді:

  • өзара алмасушы тауарлардың саны және оларға қол жетерлігі;
  • тауардың қажеттілікті қанағаттандырудағы маңыздылығы және тығыздығы (тауардың қанша мөлшері қажеттердің қанша санын қанағаттандырады) ;
  • тауарды қолдануға қажет қосымша заттар саны және олардың бағасы (мысалы, фотоаппаратқа пленка т. б. заттар қажет) ;
  • тұтынатын тауар мөлшері;
  • тұтынушылардың табысы және сатып алуға кеткен шығыны деңгейі (үлесі) ;
  • бәселекелестер әрекетінің тиімділігі;
  • өтімді ынталандыру шаралары.

Сұраныс икемділігін зерттеу жұмысы баға белгілеу және баға стратегиясын тандау кезінде өте маңызды орын алады.

3. Шығындарды бағалау

Сұранысқа қарай тауардың максималды бағасын анықтауға болады. Ал минималды баға фирманың шығындарымен шектеледі. Өйткені шығыннан төмөн баға фирманы шығынға батырып, банкротқа апарады.

Фирманың шығындары екі түрлі - тұрақты және айнымалы болады. Тұрақты шығындары дегеніміз - олар өндірілген өнімнің көлемі өзгерсе де езгермейтін шығындар (мысалы, ғимарат шығындары, жалдау ақыға, агрегаттарға, станоктарға, шойын жолдарына т. б. еңбек құралдарына жұмсалған шығындар) . Демек олар өндіріске, оның көлеміне тәуелсіз болады. Ал айнымалы шығындары - өндіріс деңгейіне тікелей байланысты (мысалы, отынға, шикізатка, еңбек ақысына, жанар майға, жағар майға, суға т. б. жұмсалған шығындары) . Өнімнің бір данасына шаққанда қысқа мерзім ішінде олар әдетте тұрақты болады. Ал жалпы сомасы ендірілген тауар санына байланысты езгереді (көбейсе көбейіп, кемісе азаяды) . Сондықтан оларды айнымалы деп атайды.

Тұрақты және айнымалы шығындардың жиынтығы жалпы шығындар деп аталады. Фирма тауарына баға белгілегенде жалпы өндіріс шығындарын тауарды сатып қайтаруы тиіс. Олай болмаған жағдайда өндіріс үзіліп, тоқтайды. Өндіріс дамып, кеңеюі үшін баға шығындардан асып, пайда әкелуі керек. Осыдан шығындарды үнемдеу қажеті туындайды.

4. Бәсекелестердің бағаларын және олардың тауарларын талдау

Максималды бағаны сұраныс, минималды бағаны шығындар анықтаса, орта баға мөлшеріне бәсекелестер және олардың рыноктағы стратегиялары әсер етеді. Сондықтан бәсекелестердің тауарларының өтімін, олардың сапасын және бағасын біліп отыру қажет. Ол үшін:

  • фирма өкілдері бәсекелестердің тауарларымен танысу үшін оларды сатып алып талдайды,
  • фирма бәсекелестердің прейскуранттарымен танысуы мүмкін,
  • фирма бәсекелестері колданатын өндіріс қүрал-жабдықтарын сатып алып, оларды талдап деңгейін білуі мүмкін,
  • бәсекелестердің тауарлары және бағалары туралы тұтынушылардың пікірлерін сұрап, білуге болады.
  1. Баға белгілеу, таңдау

Тауардың нақты бағасын жоғарыда айтылған сұранысты, шығындарды және рыноктағы бәсекелестердің жағдайларын анықтап белгілеуге болады. Осы факторларды есепке ала отырып маркетинг тәжірибесінде баламалы баға құру әдістері қалыптаскан.

1. "Орта шығындарға пайданы қосу" әдісі - бұл қолдануға ең оңай және кең тараған әдіс. Бұл әдісте тауардың өзіндік кұнына (шығынға) орта пайданы косып баға деңгейі белгіленеді. Кәсіпорын қосатын үстеме бағга (орта пайда) әр тауар түріне стандартты (бірдей үлесінде) болуы мүмкін. Сонымен қатар шығынға қосылатын пайда мөлшері тауар түріне, оның бірлігінің құнына, сату көлеміне байланысты дифференциалдануы мүмкін. Бұл әдістө тұтынушылардың сұранысы мен бәсекелестердік ерекшеліктері есепке алынбайды. Әрине, бұл елеулі қателіктерге апаруы мүмкін. Алайда осы әдістің мына жағдайларда колайлы да болуы мүмкін. Біріншіден, өндірушілөр езінің шығындарын біле отырып, бағасын белгілесе, ысырапсыз саудаға қолы жетуі мүмкін. Оған коса тұтынушылардың сұранысын және бәсекелестердің бағасын дәл анықтау да оңайға түсе қоймайды. Екіншіден, сатушы мен сатып алушы арасындағы қатынасты дұрыс орнату үшін бұл қолайлы әдіс. Үшіншіден, егер барлық фирмалар осы әдісті қолданса, баға бәсекесі төмендейді. Демек, сауда қауып-қатері төмендейді.

2. Нысаналы табысқа жетуге бағытталған әдіс. Бұл жағдайда фирма көздеген табыс көлеміне қарай бірден баға орнатады. Бірақ шығындардың орнын толтыру үшін бұл бағамен өнімнің белгілі келемін өткізу қажет. Мұнда бағаның сұранысқа деген икемділігі өте маңызды рөл атқарады. Сондықтан әдісті колдану барысында жалпы шығындардың орнын толтырып, көзделген табысқа жеткізетін бағаның деңгейін дәл есептеп табу қажет. Демек, сату көлемінің көзделген деңгейіне жеткізетін бағаны іздеп табу мәселесі туындайды.

3. Тауардың «құндылығын сезіну» негізінде бағаны есептеу әдісі. Бұл әдісте шығындар екінші қатарға, ал тұтынушы мен олардың тауарды қабылдауы бірінші қатарға койылады. Сатушы тауардың құндылығын алушыға көрсету үшін бағадан тыс әсер ету шараларын кеңінен қолданады: сервис қызметі, ерекше кепілдеме беру т. б. жеңілдіктер мен ынталандыру әдістері.

4. Кәдуілгі баға әдісі біркелкі тауарлар сатылатын рыноктарда қолданылады. Бәсеке деңгейі жоғары рынокта біркелкі тауар сататын фирманың бағаға әсер ету мүмкіндіктері шектелген. Бұл рынокта бара жақсы мәліметтелген. Сондықтан баға саясаты тұтынушылар мен өндірушілердің біртұтас әрекеттерінің қорытындысына қарай калыптасады.

  1. Түпкі бағаны белгілеу

Бұл баға белгілеу үдерісінің соңғы сатысы. Жоғарыда қарастырылған әдістердің біреуін колданып фирма өзінің бағасын есептейді. Баға белгілеу жұмысы фирма әрекетіндегі жауапты да күрделі іс екендігін айтпаса да болады. Оның үстіне фирма көптеген тауарлармен айналысады. Ол әр түрлі тауар түрлерін және ассортименттерін, географиялық аймақтарға байланысты ерекше шығындарын қамтып толық баға жүйесін қүрайды. Сол баға жүйесіндегі әрбір тауарлар түрлерінің бағасымен нысаналы рынокқа шығып өз мақсатына жетуге талпынады.

IV. Баға белгілеу тәсілдері

Фирма түпкі бағаны белгілеп, оньің деңгейін одан кейін маркетингті ортаның факторларына қарай анықтайды. Осы жұмыста келесі баға белгілеу тәсілдері қолданылады: жаңа тауарға баға белгілеу, тауар номенклатурасы шеңберінде баға белгілеу, географиялық принцип бойынша баға қою, жеңілдіктерді қолдана отырып баға белгілеу, өтімді ынталандыру үшін баға қою, баға арқылы кемсітушілік.

  1. Жаңа тауарға баға белгілеу

Баға құру мәселелері тауардың өміршендік кезеңіне тығыз байланысты. Әсіресе тауарды рынокқа енгізу сатысы баға белгілеу жұмысына көп талаптар қояды. Фирма рынокқа жаңа тауарды ұсынған кезде екі түрлі стратегиясын қолдануы мүмкін: "қаймағын алу" және рынокқа тауарды баянды енгізу стратегиялары, (4-сурет) .

"Қаймағын алу" стратегиясы - рынокқа патенттелген жаңа тауарды ұсынған кезде фирма бірден жоғары баға қояды, кейін сату көлемі темендеген сайын бағаны төмендетіп отырады. Бұл стратегияны төменгі жағдайларда қолданған жөн:

  • тұтынушылар көпшілігінің сұраныс деңгейі жоғары болса;
  • өндірістің шағын көлемінің шығындары фирма пайдасын жоққа ұшыратындай асып кетпесе;
  • алғашқы жоғары баға жаңа бәсекелестерді қызықтыра өзіне тартпаса;
  • жоғары баға тауардың жоғары сапалы бейнесін қамтамасыз етсе.

Рынокқа тауарды баянды енгізу стратегиясында керісінше жаңа тауарға көбірек тұтынушыларды тарту үшін және рынок үлесін ұлғайту үшін салыстырмалы төмен баға қояды. Рыноктың керекті үлесіне жеткеннен кейін фирма бағаны көтере бастайды.

Бұл стратегияны қолдану үшін мына жағдайлар ескерілуі тиіс:

  • рынок бағаға өте икемді болса және ол төмен бағаның өсуіне келешекте мүмкіндіктер беретін болса;
  • өндіріс көлемі өскен сайын шығындар азаятын болса;
  • төмен бағаның деңгейі әлуетті бәсекелестерге тартымды болмаса.

4-сурет. Жаңа тауарға баға белгілеу стратегиялары

  1. Тауар номенклатурасы шеңберінде бағаны белгілеу
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының халықаралық қатынасы және сыртқы саясаты туралы
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі
Қазақстан экономикасының дамуы
1930 ж. Америка құрама штаттарындағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру
Инвестицияның ұғымы, түрлері және жіктелуі
Республикасының кеден аумағына әкелінуі
Халықаралық валюталық қатынас
Қазақстан Республикасы аймағындағы тауарлардың кедендік бақылауы
ҚХР-ның дамушы елдермен экономикалық байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz