Қапшағай суқоймасындағы кейбір бөгде балықтардың таралуы



КІРІСПЕ 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 5
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 5
1.1 Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасын қалыптастыруда жасалған зерттеулерге шолу 5.7
1.2 Қазақстан республикасының суқоймаларында жүргізілген жерсіндіру жұмыстарына қысқаша сипаттама 8.12
1.3 Балық өсіру саласының даму тарихы 12.15
1.4 Қапшағай суқоймасында жасалған ғылыми зерттеулерге шолу 16.19
1.5 Қапшағай суқоймасына жерсіндірілген балықтардың систематикасы және биологиялық сипаттамасы 19
1.5.1 Тыранның Abramis brama Linne систематикасы және биологиясы 19.26
1.5.2 Көксерке балығының систематикалық орны 26.27
1.5.3 Қытай бұзаубас балығының (Rhinogobius brunneus) биологиялық сипаттамасы 27.30
2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 31
2.1 Зерттеу объектісі 31.32
2.2 Зерттеу әдістері 33.33
2.3 Қапшағай суқоймасының физикалық . географиялық және гидрохимиялық сипаттамасы 33.40
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ 41
3.1 Қапшағай суқоймасының қазіргі кездегі ихтиофаунасына сипаттама 41.45
3.2 Қапшағай суқоймасындағы бөгде балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы 45
3.2.1 Тыранның (Abramis brama) биологиясы 45.48
3.2.2 Көксеркенің (Sander lucioperca) биологиясы 48.51
3.2.3 Қытай бұзаубас балығының (Rhinogobius brunneus) биологиясы 51.53
ҚОРЫТЫНДЫ 54.56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ 56.61
Жұмыстың өзектілігі. Қапшағай суқоймасы – жасанды суқойма ретіндегі ондағы балықтардың түрлік алуантүрлілігін зерттеу мәселесі ерекше орын алады.
Суқоймада тіршілік ететін бөгде (акклиматизацияланған және өздігімен енген) балықтардың кейбір түрлерінің биологиялық жағдайына сипаттама жасау арқылы біз ондағы балықтардың қазіргі биологиялық және популяциялық жағдайларына баға беруімізге болады. Негізгі зерттелген объектілері: тыран, көксерке және қытай бұзаубас балығы. Бұл балықтардың әр қайсысы өз алдына жеке зерттеуге тұрарлық түрлер. Қазіргі кезде Қазақстан суқоймаларында кезінде жерсіндірілген тыран балығы – кәсіптік балық аулау объектілерінің негізгі түріне айналған. Ал көксерке балығы өзінің аса дәмділігі мен диеталық етінің арқасында саны азайып бара жатқан кәсіптік аулану объектісі ретінде сипатталады. Қытай бұзаубас балығы – өздігімен жерсіндірілген, алайда ешбір шаруашылық және тағамдық құндылығының болмауы осы түрдің санын шектеуді қажет етеді.
Қазіргі уақытта бөгде балықтардың көптеген түрлері табиғи аборигендердің экожүйесіне қатер туғызып отыр.
Қапшағай суқоймасында кәсіптік маңызы жоқ бөгде объектілердің тұрақты тіршілік ететін жеті түрі анықталған, олар: амур шабағы, қытай бұзаубас балығы, өзен абботинасы, сүйірқұрсақ, медака, элеотрис, кекіре.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қапшағай суқоймасының қазіргі ихтиофауна құрамына талдау жасау, жергілікті және жерсіндірілген балықтардың, аборигендік және интродуцияланған, кәсіптік маңызы жоқ балықтардың, бағалы және құндылығы төмен балықтардың түрлік құрамын анықтау; оның ішінде бөгде балық түрлері ретінде Persiformes және Cypriniformes отрядына жататын тыран, көксерке, қытай бұзаубасының биологиялық сипаттамаларын жасау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1) Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасының қалыптасуы жөнінде мәліметтер жинау, әдебиеттерге шолу жасау;
2) жерсіндірілген түрлердің систематикалық орнын анықтау, түрлерінің құрамына талдау жасау;
3) Көксерке – Zander lucioperca, Тыран – Abramis brama, қытай бұзаубас балығы – Rhinogobius brunneus балықтарының биологиялық сипаттамаларын жасау.
1. Ерещенко В.И., Тютеньков С.К., Мусина Н.А., Селезнев В.В. О направленном формировании ихтиофауны Капчагайского водохранилища // Биологические основы рыбного хозйства республик Средней Азии и Казахстана. – Алма – Ата: Наука, 1970. –С.62-65.
2. Ерещенко В.И., Серов Н.П., Селезнев В.В., Мусина Н.А. Формирования ихтиофауны Капчагайского водохранилища в первые годы его наполнения // Биологические основы рыбного хозйства республик Средней Азии и Казахстана. – Ташкент, Фергана, 1972. –С.191-193.
3. Серов Н.П. Акклиматизация рыб в бассейне озера Балхаш // Изв. ГосНИОРХ. – 1975. –Т.103.-С.172-174.
4. Ерещенко В.И., Малиновская А.С., Серов Н.П., Селезнев В.В., Тэн В.А. Формирование промысловой ихтиофауны Капчагайского водохранилища // Экология гидробионтов водоемов Казахстана. –Алма – Ата: Наука, 1973.-С.58-84.
5. Дукравец Г.М., Митрофанов В.П., Баимбетов А.А. Особенности формирования ихтиофауны Капчагайского водохранилища на р. Или // Всесоюзная конф. по теории формирования численности и рационального использования стад промысловых рыб.- М.:ВНИРО, 1982.-С.123-125.
6. Дукравец Г.М., Баимбетов А.А. Систематика и биология плотвы Капчагайского водохранилища // Биологические науки.- Алма – Ата: КазГУ, 1975.- Вып.9.-С.54-58.
7. Ерещенко В.И., Мельников В.А. Перспективы рыбохозяйственного освоения Капчагайского водохранилища в условиях комплексного использования водных ресурсов р. Или // Прогноз комплекс. и рацион. использования природных ресурсов, их охрана и перспективы развития производит. сил басс.оз. Балхаш в период до 1990-2000 гг.- Алма – Ата: Наука, 1982.-Ч.2. –С.82-93.
8. Митрофанов В.П., Дукравец Г.М. Состояние и перспективы развития рыбного хоязйства в водоемах бассейна р. Или // Прогноз комплекс. и рацион. использования природных ресурсов, их охрана и перспективы развития производит. сил басс.оз. Балхаш в период до 1990-2000 гг.- Алма – Ата: Наука, 1982.-Ч.2. –С.94-106.
9. Дукравец Г.М. Состав и состояние ихтиофауны Капчагайского водохранилища на реке Или. – Алма – Ата: КазГУ, 1986.-44 с. – Деп. в КазНИИНТИ 17.09.06, №1429.
10. Дукравец Г.М. Динамика состава и численности ихтиофауны Капчагайского водохранилища на реке Или. – Алматы: НИИ проблем биологии и биотехнологии при КазГУ, 1994.-10 с. – Деп. в КазгосИНТИ 06.06.94..№5050-Ка-94.
11. Тумакова И.В., Дукравец Г.М. Опыт морфофизиологических исследований некоторых видов рыб Капчагайского водохранилища. - Алма – Ата: КазГУ, 1981.-43 с. – Деп. в КазНИИНТИ 27.07.81, №Р223.
12. Митрофанов В.П., Дукравец Г.М., Баимбетов А.А. Систематика и биология сазана в бассейне реки Или // Биологические науки.- Алма – Ата: КазГУ, 1975.- Вып.9.-С.82-98.
13. Меркулов Е.А., Югай В.А. Биология сазана Капчагайского водохранилища // Изучение зоопродуцентов в водоемах бас. Р. Или: Сб. Научн.тр. – Алма – Ата: КазГУ, 1982.-С.99-107.
14. Мельников В.А., Якубовский В.Е. Растительноядные рыбы в Капчагайском водохранилище // Биол.основы и производств.опыт рыбохоз.и мелиорат.использования дальневосточных растительноядных рыб. –М., 1984. - С. 158-159.
15. Карпов В.Е., Баекешев А.Ш., Глуховцев И.В. и др. Характеристика самовоспроизводящихся стад белого амура и белого толстолобика Балхаш – Илийского бассейна // Тр. ГосНИОРХ, 1989.- Вып.301. – С. 86-112.
16. Мельников В.А., Леонов В.А. Влияние хищных рыб на эффективность рыбоводных работ в Капчагайском водохранилище // Биологические основы рыбного хозйства республик Средней Азии и Казахстана. – Ташкент,1983. –С.200-201.
17. Баекешев А.Ш., Дукравец Г.М., Митрофанов В.П. Использование покатной молоди белого амура из реки Или в рыбоводной практике // Информ.листок о научно – технич.достижении: КазНИИНТИ, 1987.- 3с.-№87-25.
18. Никитин О.Л., Дмитриев В.М., Митрофанов В.П. Опыт построения математической модели сообщества рыб Капчагайского водохранилища // Изучение зоопродуцентов в водоемах бас. Р. Или: Сб. Научн.тр. – Алма – Ата: КазГУ, 1982.-С.157-167.
19. Баекешев А.Ш. Распределение мололи рыб вприбрежье Капчагайского водохранилища. - Алма – Ата: КазГУ, 1981.-43 с. – Деп. в КазНИИНТИ 06.02.84. №568 Ка-84.
20. Глуховцев И.В., Карпов В.Е. Об изменчивости видового состава и численности рыб мелководий Балхаш – Илийского бассейна // Биологические основы рыбного хозйства республик Средней Азии и Казахстана. – Фрунзе: Илим,1986. –С.252-254.
21. Карпов В.Е., Красуля Н.Н. Питание и пищевые взаимоотношения ранней молоди рыб Капчагайского водохранилища в мае 1994 г. // Экосистемы водоемов Казахстана и их рыбные ресурсы. – Алматы, 1997.-С.66-71.
22. Баимбетов А.А. Системаика и биология жереха Капчагайского водохранилища в мае 1994 . // Экосистемы водоемов Казахстана и их рыбные ресурсы. – Алматы, 1997.-С.66-71.
23. Дукравец Г.М. Динамика численности и биология плотвы и судака Капчагайского водохранилища // Изучение зоопродуцентов в водоемах бас. Р. Или: Сб. Научн.тр. – Алма – Ата: КазГУ, 1982.-С.86-99.
24. Баимбетов А.А., Митрофанов В.П., Сулейменов Н. Систематика и биология леща Капчагайского водохранилища // Биологические науки.- Алма – Ата: КазГУ, 1975.- Вып.9.-С.71-82.
25. Копылец С.К., Дукравец Г.М. Морфометрическая и биологическая характеристика бычка Rhinogobius similes Gill, случайного вселенца в бассейне р. Или // Вопросы ихтиологии. – 1981. – Т.21.-Вып. 4. –С.600-607.
26. Глуховцев И.В., Дукравец Г.М., Карпов В.Е., Митрофанов В.П. Об изучении непромысловых рыб, акклиматизированных в Балхаш – Илийском бассейне // Изв. АН КазССР, сер. биол.-1987.- Вып.3 (141).-С. 8-15.
27. Глуховцев И.В., Дукравец Г.М. К систематике, морфологии и экологии представителя семейства Eleotridae (Gobioidei, Perciformes), акклиматизированного в Балхаш – Илийском бассейне // Вопросы ихтиологии. – 1987.-Т.27.-Вып.2. – С.194-202.
28. Карпов В.Е. Систематическое положение нового для ихтиофауны СССР вида рыб Oryzias latipes (Temminck et Shlegel) (Beloniformes, Oryziatidae) из бассейна оз. Балхаш // Изв. АН КазССР, сер. биол.-1988.- №3. - С. 47-51.
29. Орлов А.В., Нездолий В.К., Веремьев В.М. Распределение и скат молоди судака и бычка амурского в верхнем и нижнем бьефах Капчагайской плотины // Биологические основы рыбного хозйства республик Средней Азии и Казахстана. – Душанбе: Дониш,1976. –С.330-332
30. Терещенко А.М., Орлова И.В. Мурадов Х.А., Минеев А.Р. Покатная миграция молоди рыб в нижнем бьефе плотны Капчагайской ГЭС // Сб. Научн. Трудов КазНИИРХ.-Алматы, 1993. – С. 71-78.
31. Дукравец Г.М., Митрофанов В.П. История акклиматизации рыб в Казахстане // Рыбы Казахстана. - Алма-Ата: Наука, - 1992. - Т.5. - С. 6-44.
32. Терещенко В.Г., Стрельников А.С. Анализ перестроек в рыбной части сообщества озера Балхаш врезультате интродукции новых видов рыб // Вопросы ихтиологии. 1995. - Т.35. Вып.1. - С. 71-77.
33. Алимов А.Ф., БогуцкаяН.Г., Орлова М.И., Паевский В.А., Резник С.Я.,Кравченко О.Е., ГельтманД.В.Антропогенное распространение видов животных и растений за пределы исторического ареала: процесс и результат // Биологические инвазии в водных и наземных экосистемах. М.-СПб: Товарищество научных изданий КМК, 2004.- С. 16-43.
34. Dudgeon D., Arthington A., Gessner M., Kawabata Z.-I., Knowler D., Leveque C., Naiman R., Prieur-Richard A.-H., Soto D., Stianssy M., Sullivan C. Freshwater biodiversity: importance, threats, status and conservation challenges // Biological Reviews. Cambridge Philosophical Society.
35. Conservation and monitoring of pond biodiversity. First European pond workshop. Ed. Oertli B., AudersetJoye D., Indermuehle N., Juge R., Lachavanne J.-B. // Archives des Science. 2004. V.57. Fascicules 2-3. P.69-72.
36. Омаров Тауан Рахимович., Қазақстан өзендері мен көлдері. Алматы, -1975. -72 бет.
37. Герценштейн С.М. Научные результаты путешествии Н.М. Прежевальского по Центральной Азии //Рыбы: -СПб., 1888-1891.-Т.3.-Ч.2.-262 с.
38. Берг Л.С. Рыбы Туркестана // Изв. Турк. Отд.РГО/Науч.рез-ты Арал.эксп.-СПб,1905.-Т.4.-Вып.6.-262 с
39. Савина Н.О. Биология балхашской маринки// Рыбные ресурсы оз. Балхаш/Изв. ВНИОРХ.-1956.-Т.37.-С.129-154.
40. Бурмакин Е.В., Домбровский Г.В. Состояние рыбных запасов оз.Балхаш и перспективы увеличения уловов // Рыбные ресурсы оз. Балхаш/Изв.ГосНИОРХ.-1956.-Т.37.-С.5-63.
41. Жадин Б.Ф. Балхашский окунь: Автореф: дисс. …канд.биол.наук.-Л., 1948
42. Богуцкая Н.Г., Насека А. Каталог бесчелюстных и рыб пресных и солоноватых вод России с номенклатурными и таксономическими комментариями. М.: Товарищество научных изданий КМК. 2004.-389 с.
43. Берг Л.С. Рыбы пресных вод СССР и сопредельных стран. 4-е изд. М.-Л.: Изд.АН СССР, 1949, ч.3.-С.927-1382.
44. Nakamura M. 1963. Keys to the freshwater fishes of Japan.- Hokuryukan. 29. Cyprinid fishes of Japan. Studies on the life history of cyprinid fishes Tokyo. 315 p.
45. Берг Л.С.Рыбы пресных вод СССР и сопредельных стран.3-е изд. Л., 1932. Ч.1.543 с.; 4-е изд. М.; Л.: АН СССР, 1949. Ч.2. 458 с.; Ч.3.456 с.
46. Никольский Г.В. Рыбы бассейна Амура. М.: АН СССР, 1956. 552 с.
47. Алиев Д.С., Веригина И.А., Световидова А.А. Видовой состав рыб, завозимых вместе с белым амуром и толстолобиком из Китая. – в кн.: Проблемы рыбохозяйственного использования растительноядных рыб в водоёмах СССР. – Ашхабад: Изд-во АНТССР. 1963. С. 178-180.
48. Борисова А.Т. Случайные вселенцы в водоёмах Узбекистана.-Вопр.ихтиологии, т.12, 1972. Вып.1, 49-53.-1972а. Новые данные о случайных вселенцах дальневосточного ихтиокомплекса в водоёмах Узбекистана. -В кн.: Акклиматизация рыб и беспозвоночных в водоемах СССР. Фрунзе: КиргизИнти. С. 102-104.
49. Камилов Г.К., Борисова А.Т. Малоценные и сорные виды рыб прудхоза Калган-Чирчик. – В кн.: Позвоночные животные Средней Азии. Ташкент: Фан, 1966. 31-32.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 5
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 5
1.1 Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасын қалыптастыруда 5-7
жасалған зерттеулерге шолу
1.2 Қазақстан республикасының суқоймаларында жүргізілген 8-12
жерсіндіру жұмыстарына қысқаша сипаттама
1.3 Балық өсіру саласының даму тарихы 12-15
1.4 Қапшағай суқоймасында жасалған ғылыми зерттеулерге 16-19
шолу
1.5 Қапшағай суқоймасына жерсіндірілген балықтардың 19
систематикасы және биологиялық сипаттамасы
1.5.1 Тыранның Abramis brama Linne систематикасы және 19-26
биологиясы
1.5.2 Көксерке балығының систематикалық орны 26-27
1.5.3 Қытай бұзаубас балығының (Rhinogobius brunneus) 27-30
биологиялық сипаттамасы
2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 31
2.1 Зерттеу объектісі 31-32
2.2 Зерттеу әдістері 33-33
2.3 Қапшағай суқоймасының физикалық – географиялық және 33-40
гидрохимиялық сипаттамасы
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ 41
3.1 Қапшағай суқоймасының қазіргі кездегі ихтиофаунасына 41-45
сипаттама
3.2 Қапшағай суқоймасындағы бөгде балық түрлерінің 45
биологиялық сипаттамасы
3.2.1 Тыранның (Abramis brama) биологиясы 45-48
3.2.2 Көксеркенің (Sander lucioperca) биологиясы 48-51
3.2.3 Қытай бұзаубас балығының (Rhinogobius brunneus) 51-53
биологиясы
ҚОРЫТЫНДЫ 54-56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ 56-61

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Қапшағай суқоймасы – жасанды суқойма ретіндегі
ондағы балықтардың түрлік алуантүрлілігін зерттеу мәселесі ерекше орын
алады.
Суқоймада тіршілік ететін бөгде (акклиматизацияланған және өздігімен
енген) балықтардың кейбір түрлерінің биологиялық жағдайына сипаттама жасау
арқылы біз ондағы балықтардың қазіргі биологиялық және популяциялық
жағдайларына баға беруімізге болады. Негізгі зерттелген объектілері: тыран,
көксерке және қытай бұзаубас балығы. Бұл балықтардың әр қайсысы өз алдына
жеке зерттеуге тұрарлық түрлер. Қазіргі кезде Қазақстан суқоймаларында
кезінде жерсіндірілген тыран балығы – кәсіптік балық аулау объектілерінің
негізгі түріне айналған. Ал көксерке балығы өзінің аса дәмділігі мен
диеталық етінің арқасында саны азайып бара жатқан кәсіптік аулану объектісі
ретінде сипатталады. Қытай бұзаубас балығы – өздігімен жерсіндірілген,
алайда ешбір шаруашылық және тағамдық құндылығының болмауы осы түрдің санын
шектеуді қажет етеді.
Қазіргі уақытта бөгде балықтардың көптеген түрлері табиғи
аборигендердің экожүйесіне қатер туғызып отыр.
Қапшағай суқоймасында кәсіптік маңызы жоқ бөгде объектілердің тұрақты
тіршілік ететін жеті түрі анықталған, олар: амур шабағы, қытай бұзаубас
балығы, өзен абботинасы, сүйірқұрсақ, медака, элеотрис, кекіре.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қапшағай суқоймасының қазіргі ихтиофауна
құрамына талдау жасау, жергілікті және жерсіндірілген балықтардың,
аборигендік және интродуцияланған, кәсіптік маңызы жоқ балықтардың, бағалы
және құндылығы төмен балықтардың түрлік құрамын анықтау; оның ішінде бөгде
балық түрлері ретінде Persiformes және Cypriniformes отрядына жататын
тыран, көксерке, қытай бұзаубасының биологиялық сипаттамаларын жасау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1) Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасының қалыптасуы жөнінде
мәліметтер жинау, әдебиеттерге шолу жасау;
2) жерсіндірілген түрлердің систематикалық орнын анықтау,
түрлерінің құрамына талдау жасау;
3) Көксерке – Zander lucioperca, Тыран – Abramis brama, қытай
бұзаубас балығы – Rhinogobius brunneus балықтарының биологиялық
сипаттамаларын жасау.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасын қалыптастыруда жасалған
зерттеулерге шолу

1970 жылы салынған Қапшағай суқоймасы Қазақстан ихтиологтарының, соның
ішінде Қазақ Балық шаруашылығы Ғылыми зерттеу институты мен Қазақ
мемлекеттік университетінің ихтиологтары үшін ғылыми зерттеу нысанасына
айналды. Суқойманы зерттеу бірнеше ғылыми бағыттар бойынша жүргізіліп,
нәтижесінде бұл зерттеулер жаңадан түзілген суқоймадағы ихтиоценоздар мен
биоценоздарының қалыптасу процестерін тануға қажетті білімге маңызды үлес
қосты.
Суқойманың тіршілік етуінің алғашқы жылдарынан бастап – ақ, оның
табиғи қоректік базасын және кәсіптік балықтардың сапалық құрамын (сазан,
тыран, көксерке, ақмарқа) жақсартуға қажетті бірнеше ғылыми әдістемелер мен
нұсқаулықтар дайындалды [1]. Жинақталған тәжірибелер балықтардың көптеген
түрлерінің популяцияларының болашақтағы жағдайын аса дәлдікпен болжауға
мүмкіндік берді [2-3]. Тыран балығының кәсіптік қорын жедел қалыптастыруға
берілген нұсқаулар арқылы осы балық түрі бойынша айрықша шаруашылық
тиімділікке жетуге мүмкін болды [4].
Кәсіптік балық түрлерінің популяциялары бойынша қалыптасудың алғашқы
сатысының заңдылық аспектілері зерттелінді [5]. Алайда, осымен қатар, енді
түзіліп келе жатқан суқойма экожүйесіндегі процестердің күрделілігі барлық
уақыттарда да дұрыс шешім қабылдауға кепілдік бермейтін. Бұл жерде
қателіксіз де болған жоқ. Ихтиологтар кейбір балықтардың, соның ішінде
шармай (маринка) балығының болашақ тағдырын алдын – ала болжай алған жоқ.
[2, 6]. Алайда, қалыптасудың алғашқы кезеңінде жасалған бұндай қателіктің
өзі де аса маңызды болып табылады.
Суқойманы толтырғаннан кейін ихтиофаунаның көп жылдық даму динамикасы
мен бағалы балық түрлерін енгізудің нәтижелерін талдау кезеңіне уақыт
жетті. Талдау нәтижелері ретінде кешенді суды пайдалану жағдайларындағы
суқойманың биоресурстарын қарқынды пайдалану бойынша практикалық нұсқаулар
жазылды, бірқатар нұсқаулар жүзеге асырылған [7]. Суқойманың ихтиофаунасын
одан әрі қалыптастырудың үш жолы көрсетілді, суқойма жағдайларына біршама
жақсы бейімделген, саны шектеулі балық түрлерін кәсіптік аулауға ұсыныстар
жасалынды [8].
Суқойма ихтиофаунасының қалыптасу процесі талданды оның негізгі
сатылары айқындалды, кәсіптік маңызы бар негізгі балықтардың биологиялық
сипаттамалары бойынша көпжылдық динамикасының сипаттамасы берілді [9, 10].
Сонымен қатар, суқоймадағы ихтиофаунаның қалыптасу процесі әлі жалғасып,
бітпегендігі мәлім болды.
Суқойма жағдайында ең алғаш әр түрлі балық түрлерінің маусымдық
ихтиомасса қосуының динамикасы бақыланды, осыған орай, кәсіптік балық
түрлерін маусымдық аулау көлемін реттеу мүмкінді пайда болды.
Қазақстан үшін ең алғаш рет тыран, ақмарқа және көксеркенің
морфофизиологиялық индикаторлары кең көлемд, тоық зерттелінді [11]. Алынған
көрсеткіштердің балықтың өсу жылдамдығы мен көбею жағдайларымен
байланыстыға анықталған, өз кезегінде осындай зерттеулер популяция жағдайын
талдауға қолдануға мүмкіндік берді. Сазан балығының қалыптасу процесі
талданып, оның морфологиясының әртүрлі сапалығы анықталды [12,13].
Көбею жағдайларының нашарлығына байланысты, сазанның болашақта санын
арттыру мүмкіндігінің жоқ екенді бойынша жасалған болжам толығымен
орындалды. Суқойманың 12 жылдық тіршілік етуінен кейін тыранның қоры толық
көлеммен пайдаланбағаны анықталды, осыдан кейін тыранның кәсіптік аулану
көлемін арттыруға ұсыныстар жасалды. Өсімдіктектес балықтардың – ақ амур
мен ақ дөңмаңдайдың қорының қалыптасу процестеріне ерекше көңіл аударылды.
Бұл балықтардың суқоймаға жерсіндірілуінің мақсаты – ондағы бар балықтардың
игермеген қорек ресурстарын өсімдік қоректі балықтардың тиімді пайдалану
мүмкіндігінде болды [14,15]. Осы мақсаттар үшін өсімдік қоректі балықтардың
түрлерін ақ амур мен ақ дөңмаңдайды Қапшағай уылдырық шашу – шабақ өсіру
шаруашылығында жасанды жолмен өсіріп, кейіннен балықтардың сеголеткаларын
Қапшағай суқоймасына жіберді. Алайда, бұдан ешбір тиімділік байқалған жоқ.
1981 жылы суқоймаға жіберілетін шабақтардың тағдырын зерттеу бойынша
жұмыстар жүргізілген. Зерттеу нәтижелері бойынша, жіберілетін шабақтардың
дене массаларының кіші болуына байланысты, балықтар түгелдей дерлік жыртқыш
балықтардың – көксерке мен ақмарқаның қорегіне айналғандығы анықталды.
Осыған байланысты суқойманы екі жастағы балықтармен балықтандыруға
ұсыныстар берілді [16]. Бұл өз кезегінде осы балықтардың санының өсуімен
және өздігімен көбейетін тұқымдық табындарының қалыптасуына әкеліп
соқтырды. Осыған байланысты, өсімдік жегіш балықтардың дернәсілдерін балық
өсіру практикасына пайдалануға ұсыныстар жасалған [17].
Қапшағай суқоймасының гидробиоценозы бойынша жинақталған мәліметтер
математикалық модельді жасауға мүмкіндік берді. Алғашқы талпыныстар саны
бойынша ең көп балықтардың үш түріне – тыран, ақмарқа және көксеркеге
жасалған. Нәтижесінде, суқоймадағы планктонның биомассасының өзгеруі
аталған 3 түрлі балықтардың жалпы ихтиомассасына әсер ететіндігі анықталды,
ал бентостың биомассасы – ақмарқаның биомассасына әсер еткен. Ақмарқа
популяциясының орташа тұрақтылығы анықталды, бұл қазіргі алынған
мәліметтерге сай келеді. Уылдырық пен балықтардың ерте шабақтарының табиғи
шығынын зерттеудің маңыздылығы бірінші деңгейде тұратындығы дәлелденді
[18].
Осыдан кейін, суқоймада бірнеше жылдар бойы балықтардың шабақтарының
суқоймада таралуын зерттеу бойынша жұмыстар көп жүргізілді [19,20].
Балықтардың ерте шабақтарымен суқоймадағы табиғи қоректік базасының көлемі
арасындағы байланыстың бар екендігі анықталды [21]. Суқойма экожүйелерінің
негізгі параметрлерін жасаудың мақсатында, бұл зерттеулерді келешекте
жалғастыру жоспарланып отыр.
Жаңадан түзілген балықтар популяциясының фенотипін зерттеу бойынша көп
жұмыстар жасалынды. Ең алғашқы жылдарда – ақ, қапшағай ақмарқасы мен балқаш
ақмарқасының арасында айырмашылықтардың болатындығы анықталған [22]. Бұл
суқоймада ең алғаш ақмарқаның жартылай өткінші формаларының болуымен
түсіндіріледі.
Көксеркенің суқоймаға бейімделуі классикалық сызба бойынша жүрді: ең
алдымен жерсіндірулік жарылыс сатысынан өткен көксерке балықтарының саны
көбейді және осымен байланысты белгілердің өзгергіштік диапазонының кеңеюі
байқалды. Соңында көксерке популяциясының саны бір қалыпты болғаннан кейін,
көксеркенің Қапшағайдағы популяциясының морфологиялық белгілері Жайық өз.
көксеркенің фенотипіне жақындай бастаған [23].
Суқоймаға енген торта балығының өзгеруі байқалды: көп белгілер бойынша
торта өзінің аналық табынының негізі болып табылатын солтүстік каспий
қаракөз балығына емес арал тортасына жақынырақ болды [24]. Суқойманың
алғашқы жылдарында, тыран популяциясындағы жастық құрылымының қалыптасуын
зерттеу, ондағы өсу қарқыны бойынша түрішілік дифференцияцияның түзілуін
анықтаған, бұл сонымен қатар, ҚаБШҒЗИ қызметкерлерінің зерттеулерімен де
дәлелденіп жүр.
Қапшағай суқоймасына кәсіптік маңызы жоқ акклиматизанттардың – қытай
кешенінің құнсыз балықтарының енуі – зерттеушілерді олардың экожүйедегі
статусы мен систематикалық орнын анықтауға мәжбүр етті [25,26]. Элеотрис
[27] пен медаканың [28] систематикалық орны анықталды. Экожүйедегі осы
акклиматизанттардың алатын орны бойынша тұжырымдар жасалды. Ихтиологтар,
сонымен қатар, Қапшағай суқоймасының Балқаш бассейнінің балық қорына әсерін
зерттеу мәселесімен де айналысты. Бірқатар ғылыми жұмыстар [29, 30]. ГЭС
бөгеті арқылы балық шабақтарының өтіп кету мәселелеріне арналған.
Келтіретін зиянның шын мәніндегі шығын көлемі анықталды. Суқойма суын
түсірудің суқойманың өзінде және Іле өзенінің төменгі ағыстарындағы
балықтардың қорының көбеюіне теріс әсерін тигізетіндігі дәлелденген [8].
Суқойманың көпжылдық аспектіде жасалған балықтар популяциясының
жағдайын талдау бойынша, суқоймадағы популяцияның тұрақтылық критериі
бойынша тек тыранды және кебір жағдайда ақмарқаны және көксеркені айтуға
болатындығы белгілі болды. Фондық түр – тыранның кәсіптік қорын модельдеуге
байланысты жұмыстар жасалды. Суқойманың балық ресурстарын пайдаланудың
стратегиялық мінеттері анықталды. Оның біріншісі – тыран балығының санын
реттеу, себебі оның шоғырлану орындарында табиғи қоректік базаның қорының
азаюы байқалған.

1.2 Қазақстан республикасының суқоймаларында жүргізілген жерсіндіру
жұмыстарына қысқаша сипаттама

Балқаш бассейніде жүргізілген кең көлемдегі жерсіндіру жұмыстарының
нәтижесінде аборигенді балық түрлерінің тіршілік ететін арелдарының
қысқаруына алып келді, олар іс-жүзінде Балқаш көлінде және Іле өзенінде
саны қысқарды, кейбір түрлер сирек кездесетін болды [1,2]. Аборигенді балық
түрлерінің көбісі таулы және тау етегіндегі кіші суларда, өзендерде ғана
сақталған.
Қазіргі уақытта бөгде балықтар биоалуантүрішілікте қауіптілік мәні
бойынща екінші қатарда, яғни биологиялық ресурстардың тұрақтылығына және
табиғи аборигендердің экожүйесіне қатер туғызып отыр. Қазіргі уақытта Бақаш-
Іле бассейнінің суқоймаларынан кәсіптік маңызы жоқ объектілердің тұрақты
тіршілік ететін жеті түр анықталған, олар: амур шабағы, қытай бұзаубас
балығы, өзен абботинасы, сүйірқұрсақ, медака, элеотрис, горчак. Осы
балықтардың кейбір түрлерінің систематикасы, сипаттамасы және таралуы
қазіргі кезге дейін пікір - талас тудырып жүр[3,4].
Ихтиофаунаның биологиялық алуантүрлілігін сақтау кіші су қоймалардың
экожүйесінің функциональды күйін анықтауды, балықтардың организміне әртүрлі
ластаушылар түрінің әсерін бағалауды, аборигенді ихтиофаунаның
алуантүрлілігін ұзақ уақыт сақтау үшін қолайалы жағдайларды іздеуді талап
етеді[4,5].
Қазақстан суқоймаларына ресми түрде жерсіндіру жұмыстарының басталуы
1929-1935 жылдар болып саналады. Бұл кезеңге алдыңғы жасалынған жұмыстар
алғышарт ретінде болса, жерсіндіруге арнайы ғылыммен негізделген теориялық
көңіл аударылды. Балықтарды тасымалдау әдістемесіне, тасымалдау
техникасына, отырғызылатын материалдың жастық іріктелуі жөніндегі алуан
түрлі ғылыми сұрақтар теориялық тұрғыдан пысықталды. Осы кезеңде бассейнге
арал қаязы, пілмай, ақсаха, солтүстік каспий майшабағы жерсіндірілді.
Айтылған екі түрдің - арал қаязы мен пілмайдың популяциясының түзілуі
ұзаққа созылғанымен бассейнде үлкен жетістікпен натурализацияланды.
Балқаш – Іле бассейніне ең алғашқы жерсіндірілген объект болып сазан
балығы саналады. Жерсіндірудің бұл үлгісі қазіргі күнге дейін толық
анықталмаған және мамандардың айтуынша ешбір ғылыми негізсіз өздігінен
енген сазан балығының Балқашқа жерсіндірілуі ең үздік үлгі ретінде танылады
[5].
Жалпы, Балқаш көлінің ихтиофауна құрамының кедейлігі көптеген
ихтиологтардың назарын өзіне аудартты. Көлдің балық түріне кедей екендігі
жөнінде өткен ғасырда А.М. Никольский де айтып өткен [3]. Бұл жағдайдан
кейін де, көлде тиімді жерсіндірудің бірнеше үлгілері орын алған, атап
айтқанда, Балқашқа енген жайын балығы да өздігімен енген интродуцент болып
табылады.
Ал ақсаха және майшабақтардың жерсіндірілуі оң нәтижелер берген
жоқ, мамандардың айтуынша бұл балықтардың жерсіндірілген уақытысында, олар
жергілікті балықтарға жем болып, көбеюіне ешбір жағдай болмауында делінген
[2].
Жерсіндірудің бірінші кезеңінде (1927-1935 жж.) республиканың
суқоймаларына 9 балық түрлерін акклиматизациялауға талпыныс жасалған. Соның
ішіндегі екеуі жоспардан тыс жерсіндірілген түрлерге жатады (елец және
жайын балықтары), ал қалған 6 түр жерсіндіріліп, әр түрлі деңгейде
щаруашылық тиімділігін көрсетті, жерсіндірілген соңғы объектіге гамбузия
балығы жатады. Қазақстан суқоймалары үшін бүл түр - жаңа түр болып
саналады.
Осы жұмыстардан кейін жерсіндіру жұмыстары біраз уақытқа тоқтатылып
қалды. Бұндай үзіліс алдыңғы, жасалған жұмыстарды түйіндеп, алынған
нәтижелерді қортындылау үшін де керек болған сияқты. Ал екіншіден, Ұлы Отан
соғысы жылдарына тұспа – тұс келгендіктен жерсіндіру жұмыстары бірден
жалғаса қойған жоқ.
Екінші екпінмен, жерсіндіру жұмыстары 1948 жылдары қайта жалғастырылды.
Бұл кезеңде (1948-1956 жж.) әр түрлі суқоймаларға 18 балық түрлері
жерсіндірілген. Соның ішінде Арал бассейніне 13 түр жерсіндірілген. Аралға
севрюганы, амудария құбылмалы бахтағы жерсіндірілді, ал жерсіндірілген
қара теңіз кефалі, сингиль, остронос балық түрлерімен бірге жоспардан тыс,
құнсыз балық түрлерінен атерина, ине – балығы, бұзаубас балығының алты түрі
еніп кетті. Кефаль жерсінбегенімен аталған құнсыз балық түрлерінің барлығы
үлкен жетістікпен натурализацияланып, суқоймаға сіңіп кетті.
Осы кезеңде Балқаш су бассейніне балықтың 3 түрі жерсіндірілді. Н.П.
Серовтың (1975) мәліметі бойынша оңғақ балығы бұл жерде кездейсок
жерсіндірілген балық болды. Себебі, 1948 ж. күз айында самолетпен Зайсаннан
алынған оңғақ балықтарының 10 ұясы Мәскеуге жерсіндірілуді көздеген,
алайда, ауа – райының қолайсыздығына байланысты самолеттің кешігуінің
салдарынан балықтар Алматы тоған шаруашылығына мәжбүрлі түрде түсірілген.
Соңынан балықтың бұл түрі 1949 ж. тез көбейіп, Іле өзеніне де енді. Алайда,
Іле өзенінен кейін оңғақ кең таралған жоқ [5].
Күміс мөңке балығы да оңғақ балығы тәрізді жоспардан тыс жерсіндірілген
объектіге жатады. 1946 жылы Алтай өлкесінен Қаратал өзеніне енгізілген, ал
кейіннен 1950 жылдан Үштөбе ауылының суларында да кездесе бастады. Бұдан
кейін күміс мөңке балығы Балқаш көліне енген. Ал Алматы тоған шаруашылығына
мөңке балығы Қостанай облысының суқоймаларынан 1958 жылы әкелінген болатын.
Қазіргі кезде бұл түр Балқаш бассейні суларында кең таралған,
натурализацияланған түр болып саналады.
Балқаш көліне шығыс табан балығын жерсіндіру күз айында 1949 жылы
Казахрыбвод басқармасымен ешбір ғылыми негізсіз ұйғарылған болатын. Арал
теңізінде, сырдария өзенінің сағасында ауланған массасы 615-1050 г болатын
5-7 жастағы балықтарды тірі балық тасымалдайтын вагондармен тасымалдап, Іле
өзенінен (402 данасын) және Шығыс балқаштың Қарашаған шығанағына (196
данасын) жіберген. Бұл жерде келесі жылдан бастап – ақ, табанның уылдырық
шашқандығы байқалды, ал 1952 жылдан табан балығының шабақтары үнемі
Балқашқа құятын өзендердің сағаларында кездесіп отырды. (Кичагов, 1964).
Сазан және талма балықтары тарапынан болған маңызды және айтарлықтай
қоректік бәсекеске қарамастан табанның жерсіндірілуі өте тез аяқталды [6].
1949 жылы шығыс табан балығы сондай – ақ, Зайсан көліне де жерсіндірілген.
Алғашқы табан балығының 386 данасы Сырдария өзенінен әкелініп, 1949 жылдың
2 қарашасында ҚазССР ҒА Зоология Институтының және ҚазССР Минрыбпромның
бастамасымен көлге жіберілген. Отырғызылған материал толық тірі қалғанымен,
балықтардың көлге уылдырық шашуы тіркелмеді, осыған байланысты 1955 жылы
Гидрорыбпроект жоспарына сәйкес Зайсан көліне тағы да табан балығының 13
мың дана тұқымдық даралары Сырдария өзенінің төменгі ағысынан ауланып
жіберілді. Балықтардың көктемгі уылдырық шашу кезеңі сол жылы байқалған.
Алайда, табан балығы популяциясының Зайсан көліндегі түзілуі өте баяу
қалыптасты. Көлде табан балығы тек 1960 жылдардың соңында ғана
натурализацияланды [7].
Осы кезеңдегі сәтсіз аяқталған жерсіндіру жұмысына Волга өзеніне шоқыр
балығын Шу өзеніне (1950 ж.) және Алакөл көлдер жүйесіне (1951 ж.)
жерсіндіру жұмыстарын айтуға болады.
Сөйтіп, жерсіндіру жұмыстарының екінші кезеңінде Қазақстанға әр түрлі
суқоймалардан 18 балық түрі жерсіндірілді. Оның тек жартысы, яғни 9 түрі
жоспарлы түрде жерсіндірілсе, қалған 9 түрі жоспардан тыс өздігімен
жерсіндірілген балық түрлері болды. 13 балық түрі натурализацияланды, соның
ішінде 4 жоспарлы түр (салака Аралда, оңғақ Билікөлде, табан балығы
Балқашта және жоғарғы Ертіс бассейнінде, сазан Нұра өзенінде) және 9
жоспардан тыс енген балық түрлері (Аралда 8 түр, Балқашта күміс мөңке
балығы) осыған қосымша Балқашқа енген кездейсок оңғақ балығын айтуға
болады. Ал 5 түр үшін жерсіндіру жұмыстары сәтсіз аяқталды, олар: Аралда
шоқыр мен кефаль балықтары, сүйрік пен амудария құбалмалы бахтағы. Осы
түрлердің ішінде Қазақстан суқоймалары үшін жерсіндірілген тек салака
балығы жаңа түр болды.
Республикадағы жерсіндіру жұмыстарының үшінші кезеңі – 1950 жылдардың
екінші жарсытысна басталды. Бұл кезең ақсаха балықтарын, көксерке және
өсімдік қоректі балықтарды жерсіндірумен сипатталады. Осы кезеңде
Қазақстанда балықтарды тасымалдау және жерсіндіру бойынша арнайы жерсіндіру
стансасы - Қазақ өндірістік – акклиматизациялық стансасы (КазПАС)
ұйымдастырылды. Осыған байланысты жерсіндірілетін балық түрлері және
жерсіндіру суқоймаларының саны кенеттен өсті. Осы кезеңде жерсіндірудің
жаңа бағыты - балықтардың қорегі болып саналатын азықтық омыртқасыздарды
тасымалдап, жерсіндіру бағыты пайда болды. Бұл идеяның практикалық тұрғыдан
бастаушысы Қазақстанда С.К. Тютеньков болды.
Осы кезеңде Солтүстік және Орталық Қазақстанның барлық көңіл аударуға
тұралық көлдері мен суқоймаларына ақсаха балықтары толығымен енгізілді.
Оның біразында ақсаха балықтарының тірі қалуы байқалып, ал кейбіреулерінде
жыныс өнімдерінің жетіліп, уылдырық шашу фактілері анықталды.
Көқсерке балығы Жайық және Сырдария өзендерінің сағаларынан ауланып,
Балқаш және Талас, Ертіс және Алакөл бассейндеріне жерсіндірілді. Содан
кейін республиканың солтүстігінің көптеген суқоймаларына еніп кетті.
Көксеркемен бірге Балқашқа ақмарқа, жайын, таутан балықтары енді. Аталған
кездейсоқ түрлер қазіргі уақытта бассейнде кеңінен таралып,
натурализацияланған.
Алайда, жерсіндіру нәтижесінде ең көп кездейсоқ балық түрлері өсімдік
қоректі балық түрлерін жерсіндіру барысында еніп кеткен. Атап айтқанда, ақ
амур және ақ дөңмаңдай балықтарын жерсіндіру барысында Қытай суларынан
Қазақстан және Орта Азия суқоймаларының ихтиофаунасына 14 кездейсок,
жоспардан тыс балық түрлері еніп кеткен. Бұл балық түрлерін басқаша қытай
ихтиофауна кешені, құнсыз балықтар кешені, бөгде балық түрлері, қажет
емес интродуценттер деп те атайды.
Осы жоспардан тыс интродуценттерді негізгі таратушылары болып Сырдария
бассейні үшін Ташкент маңына жақын орналасқан Аққорған балық питомнигі,
Балқаш бассейні үшін Алматы тоған шаруашылығы және Шелек тоған шаруашылығы
болып саналады. Осы жерде жыланбас балығының таралу жолдары әлі де
белгісіз. Қазіргі кезде жыланбас балығы Талас және Шу өзендерінен басқа
Балқаш бассейнінің кебір суларында, атап айтқанда Қапшағай суқоймасында,
Балқаш көлінде, Қапшағай уылдырық шашу – шабақ өсіру шарашылығында, Шелек
тоған шаруашылығында да кездеседі деген мәліметтер бар.
Жоспардан тыс жерсіндірілген балықтардың түрлері бойынша айтарлықтай
толық, қанағаттанарлық мәліметтер өте аз. Себебі, жоспарланған объектілер
бойынша барлық материалдар фактілі тіркелген, ал, жоспарсыз енген балықтар
бойынша әдетте ешқандай мәліметтер тіркелмеген.
Жалпы, республикамыздың әр түрлі суқоймаларына барлығы 65 балық түрі
жерсіндірілген. Олар 19 тұқымдасқа жатады (соның ішінде 13 бөлігі, немесе
22 түрі тұқы тұқымдасына жататын балық түрлері, 7 түрі – бұзаубастар
тұқымдасына жататын балық түрлері, 6 түрі – ақсаха тұқымдасына жататын
балықтар, 5 түрден – албырт және алабұғалар тұқымдасының түрлеріне жататын
балықтар, 4 түрі – бекіре тұқымдасына жататын, 2 түрден – майшабақтар,
кефальдар және элеотрлар тұқымдасына жатады.
Жерсіндірілген балық түрлерінің ішіндегі 32 түрі, яғни 50%-ы Қазақстан
суқоймалары үшін жаңа түр болып табылды. Жаңа түрлерден Қазақстан суларына
бейімделгені -7 түр болды, ал жерсіндірілуі әлі де белгісіз болған 6 түр,
ақсахалардан 5 түрі жайылымда, 14 балық түрі (43,8%) толық
натурализацияланды.

1.3 Балық өсіру саласының даму тарихы

Балық еті белоктардың тез қорытылатын 16-21%-нен тұрады, олар
биологиялық құндылығы бойынша жылықанды жануарлардың бірқатар құндылығынан
артық болып табылады. Негізгі қоректік заттардың құрамы алмастырылмайтын
амин қышқылдарының, минералдық заттардың және қанықпаған май қышқылдарының
бар болуымен және оңай қорытылуы мен оңай сіңірілуіне байланысты балық етін
диеталық тағамға жатқызуға болады. Жеке балықтарда майдың құрамы түрлі
болады. Ең азы шортанда – 0,5,-1%, ең көбі жылан балықта – 32 %. Тұқы
балығында өсірілу жағдайына байланысты 2 жастығында орташа 9-11%.
Дәрумендердің құрамы бойынша, С витаминінен басқа балық еті жемістер
мен көкөністерден асып түседі. Осылайша, тұқы етінде А витамині (каротин)
лимонға қарағанда 2 есе, В1 дәруменіі - 3,5 есе, В2 дәрумені-6,5 есе және
РР дәрумені 15 есе артық.
Балықтардың маңыздылығы тек оның тағамдық құндылықтарымен ғана
шектеліп қоймайды. Балық өнеркәсібі 600 мың тоннадай балық ұнын шығарады,
ол көптеген ауыл шаруашылық жануарларының рационында алмастырылмайтын
компонент болып табылады.
ТМД – да тоған балық шаруашылығының дамуы. Ресейде балық өсіруге
арналған тоғандар XII ғасырдан бастап салына бастады. Ең алғашында балықты
монастырьларда өсірген болатын, ал XV ғасырдан бастап мемлекеттік тоғандар
пайда бола бастайды.
XVII ғасырда Борис Годуновтың бұйрығымен Мәскеудің түбінде Борисов
селосының маңында балық өсіруге арналған көлемі 83 га тоған салынады, бұл
тоған әлі күнге дейін қолданылады. Петр I-дің кезінде Преснен тоғандарында
тұқы балықтарын өсіре бастайды.
Балық шаруашылығы ғылымының негізін қалаушы ғалымға Андрей Тимофеевич
Болотов (1737-1864) жатады. Бұл білімі энциклопедиялық адам болатын. Оның
көптеген мақалалары өзінің жеке тәжірибесінен басылған. Ол балық
шаруашылығы мелиорациясы мен балықтарды қоректендірудің негізін салған.
Балық шаруашылығы ғылымының дамуына Владимир Павлович Врасский (1829-
1862) үлкен үлес қосты, ол жасанды балық өсіру әдісін жетілдіріп, қазіргі
уақытқа дейін жұмыс істейтін, Еуропадағы сол кезде ең мықты болып саналған
Ресейдегі бірінші балық зауытын ұйымдастырады. Оның бахтақ, албырт,
ақсаха, сүйрік сияқты балықтарды жасанды ұрықтандыру әдістері бойынша
жасалған еңбектері Ресейдің дәрежесін көтерді. В.П. Врасскидің құрғақ
немесе жасанды ұрықтандыру әдісі (орыс әдісімен ұрықтандыру деп те алған)
дүниежүзілік балық өсіру тәжірибесінде кеңінен қолданыс тапты.
Оскар Андреевич Гримм (1845-1921) өзінен кейін үлкен ғылыми мұра
қалдырып, балық өсіруде ірі ғалым болып табылады. 1879 жылдан бастап ол
Никольский зауыдының жетекшісі – басқарушысы болып оны жабдықтауда үлкен
үлес қосады. Зауыд балық өсіруші мамандарды дайындаудың мектебі болады. Бұл
зауыдтың жұмысы XIX ғ-ң аяғы мен XX ғ-ң басында жаңа жеке меншік және
мемлекеттік балық өсіру зауыдтарының пайда болуына көмегін тигізеді.
Осы және келесі жылдары балықты өсіру, балықты қоректендіру,
тоғандарды тыңайту және басқа мәселелерді шешу сұрақтарымен Н.А. Бородин,
И.Н. Арнольд. А.Н. Елеонский, Б.И.Черфас, Г.В.Никольский, Г.С.Карзинкин,
Н.И.Кожин, Ф.М.Суховерхов, В.И.Ильин сияқты ғалымдар айналысады. Тоғандық
балық шаруашылығының дамуына Феодосий Георгиевич Мартышев (1898-1975) үлкен
үлес қосады.
1915 ж. Орталық Ресейде жалпы көлемі 26 мың га, 4 мың тонна балық
беруші 500-ге жуық жеке меншік және монастырьлық шаруашылықтар болады.
Бірақ Октябрь Социалистік революциясынан кейін жағдай (1917 ж) түбегейлі
өзгереді. Совет мемлекетіне балық шаруашылығын қайта ұйымдастыруға тура
келеді. 1918 ж азық түлік Халықтық комиссриатында Бас балық шаруашылық және
өсіру басқармасы құрылады. 1924 ж РСФСР –да екі балық шаруашылығы
“Спартак” және “Тепловка” болады. 1930-шы жылдары Москваның және
Ленинградтың түбінен мемлекеттік тоған шаруашылықтарының құрылысы
басталады. 1940 ж. елде 123 тоған шаруашылықтары жұмыс істейді. Балық
өсіруші тоғандардың көлемі 99,5 мың га-ға өсті, ал өнім 20,8 мың тонна
құрады. Соғыстан кейін бұзылған тоғандар қалпына келтіріліп жаңа тоғандар
салынады. 1960-1970 жж. аралығында тоған балығының өнеркәсібі үш есе өседі.
1988 ж. ТМД-да 455 арнайы балық шаруашылығы болатын. Балық өсірумен 600
колхоз және шаруашылық аралық мекемелер айналысқан.
Соңғы жылдары Ресейде тоған балығының өнімі айтарлықтай қысқарды. Егер
1995 ж. тұщы суларда 4 293 т балық ауланса, 2002 ж. – 2536 т немесе 41% аз
балық ауланған. Қоректің жеткіліксіздігіне немесе болмауына байланысты
негізінен өсімдікқоректі балықтар өсіріледі. Тоған балықтарынан дөңмаңдай
(81 %), тұқы (9 %), басқа балық түрлеріне 10% - дан келеді. Соңғы 3-4 жыл
ішінде Донецк облысының ихтиофаунасынан бұрын көп санды болған бірнеше
балық түрлері жоғалып кетті (мысалы, қортпа, бекіре, сүйрік, шемая).
Жоғалып кету қаупінде тұрған категорияға украин миногасы, сүйрікті,
Данилевсикий тарақ балығын жатқызуға болады. Негізгі себебі экологиялық
жүйеге технологиялық салмақ пен табиғи процестерге адамның араласуы.
Шетелдердегі балық шаруашылылығы. Дүниежүзінің көптеген аймақтарында,
әсіресе Азия елдерінде балық шаруашылығы дәстүрлік болып табылады.
Соңғы жылдары аквакультураның дамуында Жапония үлкен жетістіктерге
жетті. Ол балық аулау бойынша дүниежүзінде 1-ші орында. Балық пен судың
басқа объектілерін тұтыну бір жанға жылына 60 кг құрайды. Су өнімдерінің
аулануына қоректік рационның 70-80 % келеді. Аквакультураның жалпы өнімі
жылына 1 млн. тоннадан асады. Жағалау маңы суларында 200 мың тоннадан аса
балық пен 300 мың тонна басқа су объектілері (моллюскалар, шаянтәрізділер,
өсімдіктер) өсіріледі. Ішкі суқоймалардағы негізгі объектілерге бахтах,
жыланбалық, тұқы, тиляпия жатады. Бассейндік және шарбақтық балық өсіру
кеңінен қолданылады. Тоғандардың балық өнімділігі 10 тга, жеке
шаруашылықтарда гектарынан 25-30 т алады.
Соңғы жылдары Жапонияда дәстүрлік тұқы мен бахтахтан гөрі жыланбалық
пен тиляпия өсіріледі. Барлығы жылына 60-65 мың тонна жылан балық
өсіріледі. Жыланбалықты үстінен пленкалық жабыны бар тік бұрышты бетондық
бассейндерде өсіреді. Суды 26-30О С температураға дейін жылытып
аэрациялайды. Массасы 180-250 г жылан балықты 6 айда өсіреді.
Тиляпидің Жапонияда нилдық тиляпия түрі өсіріледі. Бассейнде 27-29ОС
температурада тиляпия жылына 1 кг -ға жетеді.
Қытайда да балық шаруашылығымен ертеден айналысады. Жалпы өнім бойынша
бұл ел 3 орында. Аквакультура 3 млн. тонна балық пен басқа объетілердің
аулануын қамтамасыз етеді. Балықтарды негізінен поликультурада өсіреді.
Поликультураның құрамына ақ және шұбар дөңмаңдай, ақ және қара амур, тұқы,
жыланбас балық және т.б балықтар кіреді. Поликультура жағдайында
тоғандардың өнімі 20 тга-ға жетеді.
Индияда 3 млн. тонна балық ауланады. Балықты поликультурада өсіреді.
Өсіру объектілеріне үнділік (катля, роху, мригель) және қытайлық тұқылар
(дөңмаңдай мен амур) жатады. Көптеген фермаларда балықты өсіруді шошқа
немесе үйрек шаруашылығымен ұштастырады. Күріш атыздарында балықты
өсіргенде 0,7 тга балық және 5 тга күріш алынады.
Индонезияда балық шаруашылығының көмегімен 375 мың тонна балық алады.
Балықты үйрек, шошқа басқа ауыл шаруашылық жануарларымен және күрішпен
біріктіріп өсіреді. Балық шаруашылық тоғандарында шошқа мен суда жүзуші
құстарды өсіру Филиппин аралдарында да іске асырылады.Европа елдерінде
балық шалуаышлығы кең етек алуда. Балықтың негізгі объектісі ретінде Батыс
Европада – бахтах. Шығыс Еуропада – тұқы өсіріледі.
Германияда балықты шарбақ пен бассейндерде өсіреді. Негізгі өсіру
объектісі тұқы 60 % және бахтах - 30%.
Венгрияда балық өсіру тоғандар мен көлдерде 140 мың га ауданда
жүргізіледі. 70% - жоғары балықты тоған шаруашылығында өсіреді, онда
тұқыны, өсімдікқоректі балықтарды, бахтах, жайын, көксерке, оңғақты
өсіреді. Одан басқа Чехословакияда (бір жанға 5.2 тонна балық келеді),
Болгария, Румыния, Польша, Югославия, Италия, Франция, Испания, Данияда,
Норвегияда да балық шаруашылығының дамуна көп көңіл бөлінуде. Бұл елдереде
негізінен тұқы, бахтах, жылан балық Польшада канал жайыны, Скандинавиялық
мемлекеттерде албырт, Испанияда оңғақ, тиляпия, канал жайыны, Данияда
бахтах пен албырт өсіріледі.
АҚШ – та әр жан 6-дан 7,8 кг-ға дейін балық тұтынады. Бұнда жоғарыда
аталған балықтарда басқа буффало өсіріледі, ең көп өнімді каналды жайын
береді.
Латын және Оңтүстік Америкада канал жайынын, тиляпияны, тұқыны,
өсімдікпен қоректенетін балықтарды, моллюскалар мен шаянтәрізділерді
өсіреді.

1.4 Қапшағай суқоймасында жасалған ғылыми зерттеулерге шолу

1970 жылы салынған Қапшағай суқоймасы Қазақстан ихтиологтарының, соның
ішінде Қазақ Балық шаруашылығы Ғылыми зерттеу институты мен Қазақ
мемлекеттік университетінің ихтиологтары үшін ғылыми зерттеу нысанасына
айналды. Суқойманы зерттеу бірнеше ғылыми бағыттар бойынша жүргізіліп,
нәтижесінде бұл зерттеулер жаңадан түзілген суқоймадағы ихтиоценоздар мен
биоценоздарының қалыптасу процестерін тануға қажетті білімге маңызды үлес
қосты.
Суқойманың тіршілік етуінің алғашқы жылдарынан бастап – ақ, оның
табиғи қоректік базасын және кәсіптік балықтардың сапалық құрамын (сазан,
тыран, көксерке, ақмарқа) жақсартуға қажетті бірнеше ғылыми әдістемелер мен
нұсқаулықтар дайындалды [3]. Жинақталған тәжірибелер балықтардың көптеген
түрлерінің популяцияларының болашақтағы жағдайын аса дәлдікпен болжауға
мүмкіндік берді [4-5]. Тыран балығының кәсіптік қорын жедел қалыптастыруға
берілген нұсқаулар арқылы осы балық түрі бойынша айрықша шаруашылық
тиімділікке жетуге мүмкін болды [6].
Кәсіптік балық түрлерінің популяциялары бойынша қалыптасудың алғашқы
сатысының заңдылық аспектілері зерттелінді [7]. Алайда, осымен қатар, енді
түзіліп келе жатқан суқойма экожүйесіндегі процестердің күрделілігі барлық
уақыттарда да дұрыс шешім қабылдауға кепілдік бермейтін. Бұл жерде
қателіксіз де болған жоқ. Ихтиологтар кейбір балықтардың, соның ішінде
шармай (маринка) балығының болашақ тағдырын алдын – ала болжай алған жоқ.
[4,8]. Алайда, қалыптасудың алғашқы кезеңінде жасалған бұндай қателіктің
өзі де аса маңызды болып табылады.
Суқойманы толтырғаннан кейін ихтиофаунаның көп жылдық даму динамикасы
мен бағалы балық түрлерін енгізудің нәтижелерін талдау кезеңіне уақыт
жетті. Талдау нәтижелері ретінде кешенді суды пайдалану жағдайларындағы
суқойманың биоресурстарын қарқынды пайдалану бойынша практикалық нұсқаулар
жазылды, бірқатар нұсқаулар жүзеге асырылған [9]. Суқойманың ихтиофаунасын
одан әрі қалыптастырудың үш жолы көрсетілді, суқойма жағдайларына біршама
жақсы бейімделген, саны шектеулі балық түрлерін кәсіптік аулауға ұсыныстар
жасалынды [10].
Суқойма ихтиофаунасының қалыптасу процесі талданды оның негізгі
сатылары айқындалды, кәсіптік маңызы бар негізгі балықтардың биологиялық
сипаттамалары бойынша көпжылдық динамикасының сипаттамасы берілді [13, 14].
Сонымен қатар, суқоймадағы ихтиофаунаның қалыптасу процесі әлі жалғасып,
бітпегендігі мәлім болды.
Суқойма жағдайында ең алғаш әр түрлі балық түрлерінің маусымдық
ихтиомасса қосуының динамикасы бақыланды, осыған орай, кәсіптік балық
түрлерін маусымдық аулау көлемін реттеу мүмкінді пайда болды.
Қазақстан үшін ең алғаш рет тыран, ақмарқа және көксеркенің
морфофизиологиялық индикаторлары кең көлемд, тоық зерттелінді [13]. Алынған
көрсеткіштердің балықтың өсу жылдамдығы мен көбею жағдайларымен
байланыстыға анықталған, өз кезегінде осындай зерттеулер популяция жағдайын
талдауға қолдануға мүмкіндік берді. Сазан балығының қалыптасу процесі
талданып, оның морфологиясының әртүрлі сапалығы анықталды [14,15].
Көбею жағдайларының нашарлығына байланысты, сазанның болашақта санын
арттыру мүмкіндігінің жоқ екенді бойынша жасалған болжам толығымен
орындалды. Суқойманың 12 жылдық тіршілік етуінен кейін тыранның қоры толық
көлеммен пайдаланбағаны анықталды, осыдан кейін тыранның кәсіптік аулану
көлемін арттыруға ұсыныстар жасалды. Өсімдіктектес балықтардың – ақ амур
мен ақ дөңмаңдайдың қорының қалыптасу процестеріне ерекше көңіл аударылды.
Бұл балықтардың суқоймаға жерсіндірілуінің мақсаты – ондағы бар балықтардың
игермеген қорек ресурстарын өсімдік қоректі балықтардың тиімді пайдалану
мүмкіндігінде болды [16,17]. Осы мақсаттар үшін өсімдік қоректі балықтардың
түрлерін ақ амур мен ақ дөңмаңдайды Қапшағай уылдырық шашу – шабақ өсіру
шаруашылығында жасанды жолмен өсіріп, кейіннен балықтардың сеголеткаларын
Қапшағай суқоймасына жіберді. Алайда, бұдан ешбір тиімділік байқалған жоқ.
1981 жылы суқоймаға жіберілетін шабақтардың тағдырын зерттеу бойынша
жұмыстар жүргізілген. Зерттеу нәтижелері бойынша, жіберілетін шабақтардың
дене массаларының кіші болуына байланысты, балықтар түгелдей дерлік жыртқыш
балықтардың – көксерке мен ақмарқаның қорегіне айналғандығы анықталды.
Осыған байланысты суқойманы екі жастағы балықтармен балықтандыруға
ұсыныстар берілді [18]. Бұл өз кезегінде осы балықтардың санының өсуімен
және өздігімен көбейетін тұқымдық табындарының қалыптасуына әкеліп
соқтырды. Осыған байланысты, өсімдік жегіш балықтардың дернәсілдерін балық
өсіру практикасына пайдалануға ұсыныстар жасалған [19].
Қапшағай суқоймасының гидробиоценозы бойынша жинақталған мәліметтер
математикалық модельді жасауға мүмкіндік берді. Алғашқы талпыныстар саны
бойынша ең көп балықтардың үш түріне – тыран, ақмарқа және көксеркеге
жасалған. Нәтижесінде, суқоймадағы планктонның биомассасының өзгеруі
аталған 3 түрлі балықтардың жалпы ихтиомассасына әсер ететіндігі анықталды,
ал бентостың биомассасы – ақмарқаның биомассасына әсер еткен. Ақмарқа
популяциясының орташа тұрақтылығы анықталды, бұл қазіргі алынған
мәліметтерге сай келеді. Уылдырық пен балықтардың ерте шабақтарының табиғи
шығынын зерттеудің маңыздылығы бірінші деңгейде тұратындығы дәлелденді
[20].
Осыдан кейін, суқоймада бірнеше жылдар бойы балықтардың шабақтарының
суқоймада таралуын зерттеу бойынша жұмыстар көп жүргізілді [21, 22].
Балықтардың ерте шабақтарымен суқоймадағы табиғи қоректік базасының көлемі
арасындағы байланыстың бар екендігі анықталды [23]. Суқойма экожүйелерінің
негізгі параметрлерін жасаудың мақсатында, бұл зерттеулерді келешекте
жалғастыру жоспарланып отыр.
Жаңадан түзілген балықтар популяциясының фенотипін зерттеу бойынша көп
жұмыстар жасалынды. Ең алғашқы жылдарда – ақ, қапшағай ақмарқасы мен балқаш
ақмарқасының арасында айырмашылықтардың болатындығы анықталған [24]. Бұл
суқоймада ең алғаш ақмарқаның жартылай өткінші формаларының болуымен
түсіндіріледі.
Көксеркенің суқоймаға бейімделуі классикалық сызба бойынша жүрді: ең
алдымен жерсіндірулік жарылыс сатысынан өткен көксерке балықтарының саны
көбейді және осымен байланысты белгілердің өзгергіштік диапазонының кеңеюі
байқалды. Соңында көксерке популяциясының саны бір қалыпты болғаннан кейін,
көксеркенің Қапшағайдағы популяциясының морфологиялық белгілері Жайық өз.
көксеркенің фенотипіне жақындай бастаған [25].
Суқоймаға енген торта балығының өзгеруі байқалды: көп белгілер бойынша
торта өзінің аналық табынының негізі болып табылатын солтүстік каспий
қаракөз балығына емес арал тортасына жақынырақ болды [26]. Суқойманың
алғашқы жылдарында, тыран популяциясындағы жастық құрылымының қалыптасуын
зерттеу, ондағы өсу қарқыны бойынша түрішілік дифференцияцияның түзілуін
анықтаған, бұл сонымен қатар, ҚаБШҒЗИ қызметкерлерінің зерттеулерімен де
дәлелденіп жүр.
Қапшағай суқоймасына кәсіптік маңызы жоқ акклиматизанттардың – қытай
кешенінің құнсыз балықтарының енуі – зерттеушілерді олардың экожүйедегі
статусы мен систематикалық орнын анықтауға мәжбүр етті [25,26]. Элеотрис
[27] пен медаканың [28] систематикалық орны анықталды. Экожүйедегі осы
акклиматизанттардың алатын орны бойынша тұжырымдар жасалды. Ихтиологтар,
сонымен қатар, Қапшағай суқоймасының Балқаш бассейнінің балық қорына әсерін
зерттеу мәселесімен де айналысты. Бірқатар ғылыми жұмыстар [29, 30]. ГЭС
бөгеті арқылы балық шабақтарының өтіп кету мәселелеріне арналған.
Келтіретін зиянның шын мәніндегі шығын көлемі анықталды. Суқойма суын
түсірудің суқойманың өзінде және Іле өзенінің төменгі ағыстарындағы
балықтардың қорының көбеюіне теріс әсерін тигізетіндігі дәлелденген [10].
Суқойманың көпжылдық аспектіде жасалған балықтар популяциясының
жағдайын талдау бойынша, суқоймадағы популяцияның тұрақтылық критериі
бойынша тек тыранды және кебір жағдайда ақмарқаны және көксеркені айтуға
болатындығы белгілі болды. Фондық түр – тыранның кәсіптік қорын модельдеуге
байланысты жұмыстар жасалды. Суқойманың балық ресурстарын пайдаланудың
стратегиялық мінеттері анықталды. Оның біріншісі – тыран балығының санын
реттеу, себебі оның шоғырлану орындарында табиғи қоректік базаның қорының
азаюы байқалған.

1.5 Қапшағай суқоймасына жерсіндірілген балықтардың систематикасы және
биологиялық сипаттамасы

1. Тыранның Abramis brama Linne систематикасы және биологиясы

Abramis brama (Linne) – тыран. Қабылданған систематика бойынша (Берг,
1949) түрді кәдімгі түрастына бөледі. Abramis brama, барлық Орталық және
Солтүстік Еуропада таралған (Солтүстік, Балтық, Қара және Ақ теңіздің
бассейндерінде) және түрасты A. brama orientalis (Каспий және Арал
теңіздерінің бассейндерінде). Л.С. Берг (1949) бойынша, бұл түрастылардың
арасындағы айырмашылық, жоғарғы доғасындағы желбезек тікенектеріне,
омыртқасына және бүйір сызығындағы қабыршақтарына байланысты. Көптеген
басқа да зерттеушілер (Гриб, Вернидуб 1935 және т.б.) қосымша
айырмашылықтарды белгілеген, олар аналь қанатындағы сәулелер саны, құйрық
сабағының ұзындығы, арқа қанатының биіктігі, антедорсальды арақашықтық және
басының биіктігі [1].
Таралуы. Понто – Каспийлік фаунистикалық комплекске жатқызылады.
Қазақстанда тыран Каспий және Арал бассейндер суқоймаларының аборигенді
түрі болып саналады. Тыранды 1949ж. Балқаш-Іле бассейніне (Серов, 1968),
Зайсан көліне, 1959-1964 жж. Ертіс өзенінің Бұқтырма және Өскемен
суқоймаларына (Ерещенко, Тютеньков, 1968), 1958 ж. Талас өзенінің
бассейнінің көлдеріне (Дукравец, Митрофанов, 1964), 1959-1965 жж. Көкшетау
көліне, 1962-1966 жж. Солтүстік - Қазақстанға және 1965-1966 жж.
Целиноград облыстарына (Митрофанов, 1973) жерсіндірілгенінің нәтижесінде,
тыран осы уақытта да республикамыздағы негізгі кәсіптік балық өндіретін
суқоймаларда таралған [1].
Барлық ареалда тыранның зерттелген морфологиясы бойынша географиялық
өзгеріске ұшыраған айырмашылықтары бар. Л.С. Бергтің (1949) ерекше
белгілеуі бойынша, желбезек тікенектерінің санындағы айырмашылықтан басқа,
жынысында [4] және генерациясында [5] өзгергіштіктер болған.
Г.Х. Шапошникова (1964), бұл белгіде біздің көзқарас бойынша, ең
алдымен қоректену мінезіне байланысты тіршілік жағдайларының
алуантүрлілігі мықты түрлендіруді туғызады деп есептейді. Тыранның
аталықтары мен аналықтарының экологиялық-географиялық және жастық
аспектісінде қоректенуінің алуантүрлілігі өте жақсы белгілі (Воробьев,
1977). Желбезек тікенектерінің едәуір өзгергіштіктері басқа да балықтарда
қоректену жағдайларының өзгеруіне байланысты пайда болғаны белгілі.
Нақты суқоймадан алынған тыран балығының популяциясын суреттегенде,
кейбір авторлар [6] оларды екі түрастылардың аралық формасына жатқызады.
Орал өзеніндегі тыранды зерттей келе, Г.Х. Шапошникова (1964), қорытынды
жасайды: тіршілігі бойынша салқын суқоймаларда тіршілік ететін
тырандырдың, көптеген белгілері арқылы, волга тыранына ұқсағанымен, орал
тыранын orientalis түрастына қосуға мүмкіндігіміз бар деп санаймыз.
Шығыстық тыранның саналатын белгілерінің ауытқуы, түгелдей кәдімгі
тыранның ауытқуларын қосады. Көптеген жағдайда, желбезек өсінділерімен
орташа ұқсастықтарға тап болып жатамыз (Фин шығанағы және Бугунь өзені,
Сырдария ағыны), бірақ жалпы алғанда, желбезек өсінділерінің орташа
көрсеткіштері шығыстық түрастына қарағанда 2-3 өсіндіге көп. Солтүстік
популяциясындағы түрастының омыртқасы саны бойынша орташа көрсеткіштерінде
айырмашылық жоқ және оңтүстік популяциясының түрастыларымен ұқсас.
Сипаттамасы. Тыран ең ірі көлемге Алакөл көлінде жетеді, 40 см, 1,26 кг
дейін. Қошқаркөл көлінде тыранның ұзындығы 36 см және 1,04 кг жетеді. Ал,
Сасықкөлде максимальды ұзындығы – 39 см, ал салмағы - 1,12 кг. 90–шы
жылдардың басында, Сасықкөлде салмағы 1,43 кг дейін жететін особьтар
кездескен.
Алакөл бассейніндегі тыран үшін арнайы морфотиптер немесе экологиялық
формалар берілмеген. Алакөл көлдер жүйесінде тыран көлдермен қатар
өзендерде де өрістей береді [10].
D III 9–12, көбінесе 9 - 10; A III 22 - 30, көбінесе 24–26; бүйір
сызығындағы қабыршақтар 47–58; бірінші желбезек доғасының сыртқы жағындағы
желбезек өсінділері 19–32, көбінесе 22–28; омыртқасы 38–46, көбінесе
41–44; жұтқыншақ тістерінің формуласы 5–5, аз жағдайларда 6–5 немесе 5–6.
Антедорсальды қашықтық, денесінің ұзындығынан (С болмайды) 50,2-64,5
пайызды құрайды, постдорсальды – 28,6–40,7 пайызды, пектовентральды –
17,5–27,0 пайызды, вентроанальды – 13,6–26,5 пайызды; құйрық сабағының
ұзындығы 7,3 – 18,1 пайызды, денесінің ең биік жері – 30,0–44,6 пайызды,
денесінің ең кіші жері 7,4 – 13,5 пайызды; кеуде қанаттарының ұзындығы 16,3
– 28,9, құрсақ қанаттарының ұзындығы 13,6 – 26,5, арқа қанатының негізінің
ұзындығы 9,9 – 19,8, оның биіктігі – 19,8 – 34,9; аналь қанатының негізінің
ұзындығы 19,3 – 33,1; оның биіктігі – 13,8 – 24,7; басының ұзындығы 16,0 –
27,6, биіктігі – 14,5 – 24,6; тұмсығының ұзындығы 4,2 – 9,0, көзінің
диаметрі 3,6 - 7,4, көз арты бөлімі 8,6 – 14,2, маңдайының кеңдігі 4,2 –
10,0 пайызбен өлшенеді [1].
Денесінің түсі сұрлау, ересек особьтарында қола реңді, арқасы қоюлау
және құрсағы ашық түсті. Денесі биік, бүйірлерінен мықты қысылған.
Шығыстық тыранының аталығымен аналығының арасындағы сыртқы
айырмашылығы, өрістеу алдында және өрістеу кезінде байқалады. Ереже
бойынша, аналығының құрсақ көлемі үлкен, жыныстық саңылауы ісінген, біршама
үлкейген және уылдырық шыққаннан кейін қызылдау түсті болады. Аталықтарының
некелік сәні – бас және денесінің дорсальды және латеральды жақтары інжу
шашқандай боп тұрады.
Шығыстық тыранының жыныстық деморфизмі әлсіз көрінеді, бірақ та басқа
суқоймаларда әртүрлі болады. Осылайша, Балқаш көліндегі тыранның жынысы
бойынша ауытқушылығы бүйір сызығындағы қабыршақтар санында, Р ұзындығы
(көбінесе аналықтарда) және көз диаметрінде, көбінесе аталықтарының V
ұзындықтарында байқалады [11]. Х.К.Исмуханов (1979) мәліметтері бойынша,
Бұқтырма суқоймасындағы тыран балықтарының аталықтары аналықтарынан үлкен
вентроанальды арақашықтықпен, көзінің артқы бөлімімен, және басының
биіктігі төмен болуымен ерекшеленеді. Қапшағай суқоймасындағы тыранның
жыныстық диморфизмі 70-ші жылдардың басында постдорсальды арақашықтықта, Р
ұзындығында байқалынды, әсіресе аталықтарында [12]. 1978 жылы таңдаулар
бойынша, нақты ауытқулар келесі 4 белгі бойынша байқалынды: аналықтарының
көз диаметрлері үлкен, бірақ көзінің артқы бөлімі кішкентай, V ұзындығы
және С жоғары сабағының ұзындығы. М.И.Маркун (1929) мәліметтері бойынша,
Арал теңізіндегі тыранның аталықтары мен аналықтарының морфологиялық
айырмашылықтары 24 зерттелген белгілердің ішіндегі 13 белгіде белгіленген.
Арал теңізіндегі және Урал көліндегі аталықтарының желбезек өсінділері
аналықтарға қарағанда біршама жоғары (Маркун, 1927, 1929).
Осылайша, әртүрлі суқоймадағы және әр мезгілдегі шығыстық тыранның,
морфологиялық белгілерінің жыныстық өзгергіштігі анық ауытқушылықтарды
байқатпайды.
Балқаш көлінің, Бұқтырма және Қапшағай суқоймаларының популяцияларының
жастық диморфизмі толықтай бақыланған. К.П.Цыба (1975) мәліметтері бойынша,
Балқаш көліндегі тыранның мөлшерлі-жастық өзгергіштігі барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іле өзені мен Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы
Қапшағай суқоймасының аборигендік ихтиофаунасына сипаттама
Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы
Кәдімгі тарақ балық
Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында кәсіптік балық шабақтарының таралуы
Қапшағай су қоймасында мекендейтін тыран балығының биологиялық сипаттамасы және кәсіпшілік маңызы
Көксеркенің өсуі және көбеюі
Қапшағай суқоймасының қоректік қоры
«Балықтар арқылы адамға жұғатын аурулар»
Шардара суқоймасындағы сазан (Сyprinus carpio aralensis) балығының морфологиясы
Пәндер