Мердігерлік шарты



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Мердігерлік шарты түсінігі және элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Бас мердігер және қосалқы мердігер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Жұмыстың орындалу мерзімдері, мердігердің үнемі ... ... ... ... ... ... ... ... 7

II. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

2.1 Тұрмыстық мердігерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері ... .22

III Тараптардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
3.1 Мердігердің құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
КІРІСПЕ

Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша тбелгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен орындалады.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай мінезде болып келеді.
Мердігерлік шартының туындайтық құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен белгілі бір тұлғаның жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша жасалу кезеңі және оның орындалу кезі сәйкес, келмеуі мүмкін.
Мердігерлік шартының элементтері
Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы – екінші тарапқа – мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға.
Мердігер – шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндетті тұлға. Көбінесе кәсіптік қызметтің субьектісі, жеке тұлға және жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға.
Мердігерлік шартыгың жекелеген түрлеріне мынаны жатқызуға болады:
1. Тұрмыстық мердігерлігі;
2. Құрылыс мердігерлігі;
3. Жобалау және іздестіру мердігерлігі;
4. Ғылыми-зерттеу мердігерлігі;
5. Технологиялық жұмыстарға мердігерлік.
Мердігерлік шартының жекелеген түрлері бойынша қатынастар осы Азаматтық Кодекспен қатар мердігерлік шартының жекелеген түрлері туралы заң актілерімен де реттеледі.
Біздің осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де осы тақырыптың маңыздылығын ашып көрсету болды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның оның өзектілігімен дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.
Осы курстық жұмысты орындау барысында алға қойған мақсатымыз Азаматтық кодексте көрсетілген мердігерлік шартының тақырыбының өзектілігін ашып толық қанды сипаттау.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз: ол мердігерлік шарты ұғымына тоқталу, және осы мердігерлік шарты құрамына кіретін қатысушылардың құқықтық жағдайын ашып көрсету және де осы тақырыбына жазылған курстық жұмыста ең өзекті мәселе мердігерлік шарты оның маңыздылығын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымдық мазмұны екі тараудан тұратын, яғни кіріспеден, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен құралады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Ι. Нормативтік - құқықтық актілер:
1.1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз, 1998 жылы 7 қазандағы № 284 Ι заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар.Алматы: «ЮРИСТ» баспасы.- 2004, 31 бет.
1.2 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі – Алматы: Юрист, 2006.- 309 бет.
1.3 Гражданский кодекс РК. Түсіндірме. Жауапты ред. М.К. Сүлейменов, Ю.Г. Басин .- Алматы: Жеті жарғы;2000-237 бет.


ΙΙ. Арнаулы қолданылған әдебиеттер:
2.1 Б.К.Абдыкадыров. Гражданское право.
2.2 Асцеулов А.Г.,т Жайлин Г.А. Гражданско-правовая ответственность за вред, причиненный преступлением против личности.- Алматы: ИПУ Каз ГЮА 2000 93, 94 б.
2.4 Гражданское право. Учебник. Ч.1./Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К.Толстого.М.: «Проспект» , 1997, 113-бет.
2.5 ГК РК (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга 1. Алматы, «Жеті Жарғы », 1998, 100-бет.
2.6 Гражданское право, Сборник статей. Общая часть. Учебное пособие.- Алматы,2003.- 458 с.
2.7 .Жайлин Ғ.А. ҚР Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім.-ΙΙ том.- Алматы: Заң әдебиеті, 2004.-264 бет.
2.8 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы. Алматы: Дәнекер, 2003жыл.
2.9 Мемлекет және құқық негіздері: Оқулық – Алматы: Жеті Жарғы, 2001. Құрастырған Е. Баянов.
3. М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. Азаматтық құқық. ΙΙ том. 2 басылымы.- Алматы,2003.- 736 бет.
2.9 Кулагин М.И. Предпринимательство и право: Опыт Запада. М.: Дело. 1992.С.
3. Төлеуғалиев. Азаматтық құқық. Жалпы және Ерекше бөлім. Алматы: Жеті Жарғы .-2003. 426бет.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмыс

Пәні: Азаматтық құқық

Тақырыбы: Мердігерлік шарты

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Мердігерлік шарты туралы жалпы
ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Мердігерлік шарты түсінігі және
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .-
1.2 Бас мердігер және қосалқы
мердігер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Жұмыстың орындалу мерзімдері, мердігердің
үнемі ... ... ... ... ... ... ... .. ..7

II. Мердігерлік шартының жекелеген
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

2.1 Тұрмыстық
мердігерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...-
2.2 Құрылыс мердігерлігінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерліктің
ерекшеліктері ... .22

III Тараптардың құқықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..25
3.1 Мердігердің құқықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .-

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..29
КІРІСПЕ

Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың
(тапсырысшының) тапсырмасы бойынша тбелгілі бір жұмысты атқаруға және
белгіленген мерзімде оның нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы
төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді. Егер заң актілерінде
немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен
орындалады.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай
мінезде болып келеді.
Мердігерлік шартының туындайтық құқықтық қатынастар жұмыс орындау
бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен белгілі бір тұлғаның
жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау
үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша жасалу кезеңі
және оның орындалу кезі сәйкес, келмеуі мүмкін.
Мердігерлік шартының элементтері
Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып
табылады.
Тапсырысшы – екінші тарапқа – мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі
бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға.
Мердігер – шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндетті тұлға.
Көбінесе кәсіптік қызметтің субьектісі, жеке тұлға және жеке кәсіпкер,
коммерциялық заңды тұлға.
Мердігерлік шартыгың жекелеген түрлеріне мынаны жатқызуға болады:
1. Тұрмыстық мердігерлігі;
2. Құрылыс мердігерлігі;
3. Жобалау және іздестіру мердігерлігі;
4. Ғылыми-зерттеу мердігерлігі;
5. Технологиялық жұмыстарға мердігерлік.
Мердігерлік шартының жекелеген түрлері бойынша қатынастар осы Азаматтық
Кодекспен қатар мердігерлік шартының жекелеген түрлері туралы заң
актілерімен де реттеледі.
Біздің осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де осы тақырыптың
маңыздылығын ашып көрсету болды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның оның
өзектілігімен дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.
Осы курстық жұмысты орындау барысында алға қойған мақсатымыз
Азаматтық кодексте көрсетілген мердігерлік шартының тақырыбының
өзектілігін ашып толық қанды сипаттау.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі
міндетіміз: ол мердігерлік шарты ұғымына тоқталу, және осы
мердігерлік шарты құрамына кіретін қатысушылардың құқықтық жағдайын
ашып көрсету және де осы тақырыбына жазылған курстық жұмыста ең
өзекті мәселе мердігерлік шарты оның маңыздылығын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымдық мазмұны екі тараудан тұратын, яғни
кіріспеден, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен құралады.

Ι МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Мердігерлік шарты түсінігі және элементтері
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың
(тапсырысшының) тапсырмасы бойынша тбелгілі бір жұмысты атқаруға және
белгіленген мерзімде оның нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы
төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді. Егер заң актілерінде
немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен
орындалады. 1.2., 167 б.
Мердігерлік шартның элементтері
Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып
табылады.
Тапсырысшы – екінші тарапқа – мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі
бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға.
Мердігер – шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндетті тұлға.
Көбінесе кәсіптік қызметтің субьектісі, жеке тұлға және жеке кәсіпкер,
коммерциялық заңды тұлға.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер тапсырысшының тапсырмасын
орындау әдістерін дербес айқындайды.
Мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне тұрмыстық мердігерлік, құрылыс
мердігерлігі, жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік, ғылыми-
зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға
мердігерлік жатады және ҚР АК – нің ережелері қолданылады.
Мердігерлік шартының жекелеген түрлері бойынша қатынастар осы Азаматтық
Кодекспен қатар мердігерлік шартының жекелеген түрлері туралы заң
актілерімен де реттеледі.
Жұмысты мердігердің қарамағында орындау
Егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің қарамағында: соның
материалдарымен, күштерімен және қаражатымен орындалады.
Мердігер өзі берген материалдар мен жабдықтардың сапасы лайықсыз болғаны
үшін, сондай-ақ үшінші тұлғалардың құқықтары қосылған материалдар мен
құралдарды бергені үшін жауапты болады.
Материалдардың кездейсоқ жойылу қаупі
Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, мердігер шартта
белгіленген жұмысты тапсыру мерзімі басталғанға дейін материалдардың
кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупін материалдарды берген
тарап мойынына алады.
Жұмыс нәтижесін беру немесе қабылдау уақытын өткізіп алған кездегі
тәуекелді, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе,
уақытты өткізіп алған тарап мойынына алады.
Тапсырысшыға материалдар мен жабдықтарды қайтарып беру
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 627 – бабының 4-тармағының
немесе 635-бабының 3-тармағының негізінде тапсырысшы мердігерлік шарттан
бас тартқан жағдайда мердігер тапсырысшы берген материалдарды,
жабдықтарды, өңдекге берілген затты және өзге де мүлікті қайтаруға не
оларды тапсырысшы атаған тұлғаға беруге, ал егер бұл мүмкін болмаса,
материалдар, жабдықтар және тапсырысшыдан алынған өзге де мүлік құнының
орнын толтыруға міндетті.

1.2 БАС МЕРДІГЕР ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ МЕРДІГЕР
Егер заң актілерінен немесе шарттан өзгеше туындамаса, мердігер шартты
орындауға басқа тұлғаларды (қосалқы мердігерлерді) тартуға құқылы. Мұндай
жағдайда мердігер – тапсырысшының алдында бас мердігер, ал қосалқы
мердігердің алдында тапсырысшы болады.
Бас мердігер қосалқы мердігердің алдында тапсырысшының міндеттемені
орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапты, ал
тапсырысшының алдында қосалқы мердігердің міндеттемені орындамағаны немесе
тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапты болады.1.2., 168б.
Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы мен
қосалқы мердігер бір-бірінші өздерінің бас мердігерімен арадағы
шарттарды бұзуына байланысты талаптар қоюға құқығы жоқ.
Бас мердігердің келісімімен тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға
үшінші тұлғалармен шартт жасасуға құқылы. Мұндай жағдайда үшінші тұлға
жұмысты орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін тікелей
тапсырысшының алдында жауапты болады.
Егер шарт бір мезгілде екі немесе одан да көп мердігермен жасалса және
міндеттеме нысанасы бөлінбейтін болса, мердігерлер тапсырысшыға қатысты
ортақтасқан борышқорлар және тиісінше ортақтасқан кредит берушілер болып
танылады. Міндеттеме нысанасы бөлінетін жағдайда, сондай-ақ заң
актілерінде немесе тараптардың келісімінде көзделген басқа да
жағдайларда мердігерлердің әрқайсысы құқықтарға ие болып, тапсырысшыға
қатысты өз үлесінің шегінде міндеттемелерді мойнына алады.

1.3 ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ МЕРЗІМДЕРІ ЖӘНЕ МЕРДІГЕРДІҢ ҮНЕМІ
Мердігерлік шартта жұмысты орындаудың бастапқы және түпкі мерзімі
көрсетіледі. Тараптардың арасындағы келісім бойынша шартта жұмыстың
жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімдері (аралық мерзімдері) де көзделуі
мүмкін.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер жұмысты орындаудың бастапқы және
түпкі, сонымен қатар аралық мерзімдерінің бұзылғаны үшін жауапты болады.
Жұмыс орындаудың мердігерлік шартта көрсетілген бастапқы, түпкі және
аралық мерзімдері шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша өзгертелуі
мүмкін.
Жұмыстың бағасы
Мердігерлік шартта орындалуға жататын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау
әдістері көрсетіледі. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар
келісімге келмеген жағдайда бағаны тараптарға келтірілген қажетті
шығындарды ескере отырып, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын
бағаларды негізге алу арқылы сот белгілейді.
Жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгіленуі мүмкін.
Жұмыс мердігер жасаған сметаға сәйкес орындалған жағдайларда смета
күшке ие болып, тапсырысшы оны растаған кезден бастап шарттың бір
бөлігіне айналады. Жұмыстың бағасы шамамен алынған немесе тұрлаулы болуы
мүмкін. Шартта басқа нұсқаулар болмаған кезде жұмыстың бағасы тұрлаулы
деп есептеледі.
Егер қосымша жұмыс жүргізу және осы себептен жұмыстың шамамен
белгіленген бағасын елеулі түрде өсіру қажет бола қалса, мердігер бұл
туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға
міндетті. Жұмыстың бағасын өсіруге келіспеген тапсырысшы шарттан бас
тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердігер өзіне тапсырысшыдан жұмыстың
орындалған бөлігінің бағасын төлеуді талап ете алады.
Шартта көрсетілген бағаны өсіру қажеттігі туралы тапсырысшыға уақытылы
ескертпеген мердігер жұмысқа шартта белгіленген баға бойынша ақы төлеу
құқығын сақтай отырып, шартты орындауға міндетті.
Мердігер тұрлаулы бағаны көбейтуді, ал тапсырысшы оны азайтуды, оның
ішінде шартты жасау кезінде орындалуға тиіс жұмыстардың толық көлемін
немесе бұл үшін қажетті шығындарды қарастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда
да талап етуге құқығы жоқ.
Шарт жасасқаннан кейін мердігер беруге тиісті материалдар мен
жабдықтардың, сондай-ақ оған үшінші тұлғалар көрсететін қызметтердің
құны едәуір өскен кезде мердігердің белгіленген бағаны көбейтуді, ал
тапсырысшы бұл талапты орындаудан бас тартқан жағдайда шартты бұзуды талап
етуге құқығы бар.
Мердігердің үнемі
Мердігердің нақты шығыны бағаны белгілеукезінде есептелгеннен кем болып
шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердігер алған үнем орындалған жұмыстың
сапасына теріс әсер еткенін дәлелдей алмаса, мердігер шартта көзделген
баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды.
Мердігерлік шартта мердігер алған үнемді тараптар арасында бөлу
көзделуі мүмкін.
Жұмысқа ақы төлеу тәртібі
Егер мердігерлік шартта орындалған жұмысқа немесе оның жекелеген
кезеңдеріне алдын ала ақы төлеу көзделмесе, тапсырысшы мердігерге жұмыс
тиісті түрде және келісілген мерзімде, не тапсырысшының келісімімен –
мерзімінен бұрын орындалған жағдайда жұмыстың нәтижесін түпкілікті
тапсырғаннан кейін келісілген бағаны төлеуге міндетті.
Мердігер заң актілерінде немесе шартта көрсетілген жағдайлар мен мөлшерде
ғана аванс не кепілпұл төлекді талап етуге құқылы.

Ұстап алу құқығы
Шарттың орындалуына байланысты мердігерге тиесілі белгіленген бағаны не
өзге соманы төлеу міндетін тапсырысшы орындамаған жағдайда мердігердің
жұмыснәтижесін ұстап қалуға, сондай-ақ затты өңдеуге берілген тапсырысшыға
тиесілі жабдықтарды, қолданылмаған материалдардың қалдықтарын және өзінде
тапсырысшының басқа да қалып қойған мүлкін тапсырысшы тиісті сомасын
төлегенше ұстап қалуға құқығы бар.
Тапсырысшының ҚР АК – нің 630 бабында көзделген мерзім шегінде байқаған
кемшіліктерді жою жөніндегі шығындарды жабу үшін мердігерге тиесілі
сыйақының бір бөлігін ұстап қалу шартта көзделуі мүмкін.
Жұмысты тапсырысшының материалдарын пайдалана отырып орындау
Мердігер тапсырысшы берген материалды үнемдеп және есеппен пайдалануға,
жұмыс аяқталғаннан кейін тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп
беруге, сондай-ақ олардың қалдықтарын қайтарып беруге не тапсырысшының
келісімімен, мердігерде қалған пайдаланылмаған материалдың құнын ескере
отырып, жұмыстың бағасын кемітуге міндетті.
Мердігер тапсырысшы берген материалдардың кемшіліктері себепті тиісті
дәрежеде орындалмаған жұмыс үшін, егер ол осы материалдарды тиісті
қабылдау кезінде оның кемшіліктерді анықтауы мүмкін болмағанын дәлелдей
алмаса, жауапты болады.
Тапсырысшы берген мүліктің сақталмағаны үшін мердігердің жауаптылығы
Мердігерлік шартты орындауға байланысты мердігердің иелігіне өткен
заттарды немесе өзге де мүлікті өңдеу үшін тапсырысшы берген
материалдардың, жабдықтардың сақталмағаны үшін мердігер жауапты болады.
Мердігер тапсырысшыға ескертуге міндетті мән-жайлар
Мердігер:
1. тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық
құжаттаманың немесе өңдеуге берілген заттың жарамсыздығы немесе
сапасыздығы;
2. оның жұмысты атқару әдісі туралы нұсқауларын орындаудан
тапсырысшы үшін болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;
3. орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына немесе беріктігіне
қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік бермейтін
мердігерге қатысты емес өзге де мән-жайлар анықталған жағдайда
тапсырысшыға дереу ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты
тоқтата тұруға міндетті.
Тапсырысшының жәрдем көрсетуі
Тапсырысшы мердігерлік шартта көзделген көлем мен тәртіп бойынша
мердігерге жұмыстың орындалуына жәрдем көрсетуге міндетті.
Тапсырысшы бұл міндетті орындамаған жағдайда мердігер бос тұрыс не
жұмыстың орындалу мерзімін ауыстыру не жұмыстың бағасын көтеру туғызған
қосымша шығындарды қоса алғанда, келтірілген зиянды өтеуді талап етуге
құқылы.
Мердігерлік шарт бойынша жұмысты орындау тапсырысшының іс-әрекетінің
немесе қателіктерінің салдарынан мүмкін болмаған жағдайларда мердігер
жұмыстың орынлалған бөлігін ескере отырып, өзіне белгіленген бағаны
төлетіп алу құқығын сақтайды.
Тапсыршының орындалған жұмысты қабылдауы
Тапсыршы мердігерлік шартта көзделген мерзімдежәне тәртіппен
орындалған жұмыстың нәтижесін мердігердің қатысуымен қарауға және
қабылдауға, ал шттан хұмысты нашарлататын ауытқулар немесе жұмыста өзге де
кемшіліктер анықталған жағдайда бұл туралы кейін талап қойылу мүмкіндіктері
айтылған жағдайда ғана оларға сілтеме жасауға құқылы.
Жұмыстың нәтижесін тексерусіз қабылдаған тапсырысшы оны қабылдаудың
әдеттігі әдісі кзінде анықталуы мүмкін жұмыс кемшіліктеріне сілтеме жасау
құқығынан айрылады.
Жұмыс нәтижесін қабылдағаннан кейін әдеттегі қабылдау әдісі кезінде
анықталуы мүмкін емес, оның ішінде мердігер қасақана жасырған шарттан
ауытқуды немесе өзге де кемшіліктерді анықтаған тапсырысшы олар
анықталғаннан кейін қисынды мерзімде бұл туралы мердігерге хабарлауға
міндетті.
Тапсырысшы анықтаған жасырын кемшіліктер туралы мердігерге хабарлау үшін
шекті мерзім – бір жыл, ал үйлер мен ғимараттарға байланысты жұмыстарға
қатысты, сондай-ақ жұмыс түріне тәуелсіз мердігердің қасақана жасырған
кемшіліктеріне қатысты – жұмысты қабылдаған күннен бастап үш жыл болып
табылады.
Тапсырысшының орындалған жұмысты қабылдауы
Тапсырысшы мердігерлік шартта көзделген мерзімде және тәртіппен
орындалған жұмыстың нәтижесін мердігердің қатысуымен қарауға және
қабылдауға, ал шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулар немесе жұмыста өзге
де кемшіліктер анықталған жағдайда бұл туралы мердігерге дереу хабарлауға
міндетті.
Жұмысты қабылдау кезінде ондағы кемшіліктерді анықтаған тапсырысшы, егер
актіде не қабылдауды куәландыратын өзге де құжатта ол кемшіліктер не оларды
жою туралы кейін талап қойылу мүмкіндіктері айтылған жағдайда ғана оларға
сілтеме жасауға құқылы.
Жұмыстың нәтижесін тексерусіз қабылдаған тапсырысшы оны қабылдаудың
әдеттегі әдісі кезінде анықталуы мүмкін жұмыс кемшіліктеріне сілтеме жасау
құқығынан айрылады
Жұмыс нәтижесін қабылдағаннан кейін әдеттегі қабылдау әдісі кезінде
анықталуы мүмкін емес, оның ішінде мердігер қасақана жасырған шарттан
ауытқуды немесе өзге де кемшіліктерді анықтаған тапсырысшы олар
анықталғаннан кейін қисынды мерзімде бұл туралы мердігерге хабарлауға
міндетті.
Тапсырысшы анықтаған жасырын кемшіліктер туралы мердігерге хабарлау үшін
шекті мерзім – бір жыл, ал үйлер мен ғимараттарға байланысты жұмыстарға
қатысты, сондай-ақ жұмыс түріне тәуелсіз мердігердің қасақана жасырған
кемшіліктеріне қатысты – жұмысты қабылдаған күннен бастап үш жыл болып
табылады.
Заң актілерінде немесе шартта неғұрлым ұзақ мерзімдер белгіленуі мүмкін.
Мердігерлік нысанасы жойылған немесе жұмысты аяқтау мүмкін болмаған
жағдайдағы тараптар арасындағы есеп айырысу
Егер мердігерлік нысанасы оны тапсырғанға дейін кездейсоқ жойылса
немесе жұмысты аяқтаудың мүмкін болмауы тараптардың кінәсінен
болмаса, мердігердің жұмыс үшін сыйақы талап етуге құқығы жоқ.
Егер мердігерлік нысанасының жойылуы немесе жұмысты аяқтаудың мүмкін
болмауы тапсырысшы жеткізген материал кемшіліктерінің немесе оның
жұмысты орындау әдісі туралы өкімдерінің салдарынан болса, не тапсырысшы
орындалған жұмысты қабылдаудың мерзімін өткізіп алғаннан кейін болса,
оның үстіне мердігер ҚР АК-нің 628-бабы ережелерін сақтаған болса, мердігер
жұмыс үшін сыйақы алу құқығын сақтап қалады.

Жұмыстың сапасы
Мердігер орындаған жұмыс шарт ережелеріне, ал олар болмаған немесе
толық болмаған жағдайда - әдетте тиісті тектес жұмысқа қойылатын
талаптарға сай болуы тиіс.
Егер заң актілерінде немесе оларда белгіленген тәртіпте мердігерлік шарт
бойынша орындалатын жұмысқа міндетті талаптар көзделсе, кәсіпкер ретінде
іс-әрекет етуші мердігер жұмысты осы міндетті талаптарды сақтай отырып
орындауға міндетті.
Мердігер белгіленген міндетті талаптармен салыстырғанда, сапаға
қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетін жұмысты орындау міндетін
шарт бойынша өзіне алуы мүмкін.
Жұмыс сапасына кепілдік
Заң актілерінде немесе шарт мердігердің тапсырысшыға жұмыс сапасына
кепілдік беруі көзделген жағдайда мердігер тапсырысшыға бүкіл кепілдік
мерзімінің ішінде ҚР АК-нің 632-бабының талаптарына сай болуға тиіс жұмыс
нәтижесін беруге міндетті.
Жұмыс нәтижесінің сапасына кепілдік, егер шартта өзгеше көзделмесе,
жұмыс нәтижесін құрайтын барлық элементтерге қолданылады.
Кепілдік мерзімін есептеу тәртібі
Егер мердігерлік шартта өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі орындалған
жұмыс нәтижесін тапсырысшы қабылдаған немесе қабылдауға тиіс болған кезден
басталады.
Мердігердің тапсырысшыға ақпарат беру міндеті
Мердігер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесімен бірге, егер бұл шартта
көзделмесе немесе ақпараттың сипаты, онысыз жұмыстың нәтижелерін шартта
көрсетілген мақсаттар үшін пайдалану мүмкін болмаса, шарттың нысанасын
пайдалануға немесе өзгеше іске асыруға қатысты ақпаратты беруге міндетті.

II. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Тұрмыстық мердігерлік
Бұл шарт мердігердің тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы қатынастарды
реттейді. Ол арқылы азаматтар бөлшектеп сатып асу-сату шарттарды жасасып
иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мердігерлік
шарт бойынша олардың нәтижесі зат болып келмейтін жұмыстар орындалады.
Мысалы: косметика салондарының шаштараздар, моншалар, шеберханалар және
тағы басқа қызмет көрсетуі осы сипатта болады. Тұрмыстақ мердігерлік
қатынасында бөлшектеп сатып алу-сату шартына секілді бір тарабы болып
тұтынушы қатысады.
Тұрмыстық мердігерлік Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің
640-650 баптарымен реттеледі. Сонымен бірге Қазақ КСР Тұтынушылардың
құқығын қорғау туралы заңы қолданылады. Тұрмыстық мердігерлік
қатынастарының белгілі бөлігі 1996 жылғы 20 қыркүйектегі №97 баға және
антимонополиялық саясаты бойынша, ҚР Мемлекеттік комитетінің Қаулысымен
бекітілген тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесімен реттеледі.
Тұрмыстық мердігерлік шарты ерекшелігінің үлкен бөлігі оның
тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда болатын арнайы мақсатының
салдарынан болып келеді. Бөлшектеп сатып алу-сатуда сатып алушы қалай
қорғалса, тұрмыстық мердігерлік қатынастарында тұтынушы сол шекте
қорғалады. Тұтынушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын бірқатар нормалар
Азаматтық кодекстің өзінде де бар.
Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша, кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асырушы мердігер тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке
қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған белгілі-бір жұмысты орындауға
міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесін қабылдап алуға және оған
ақы төлеуге міндеттенеді.2.7., 233б.
Тұрмыстық мердігерлік шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бірге бұл
шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады.
Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша егер заң
актілерінде немесе шартта, оның ішінде формулярлар ережелерінде немесе
тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе,
тұрмыстық мердігерлік шарты мердігердің тапсырысшыға түбіртек немесе
шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиісті
нысанда жаслған болып есептеледі.
Жұмысты орындауға берілген тапсырыста мыналар көрсетілуі тиіс;
1. орындаушының заңды мекен-жайы;
2. тапсырысшының тегі және аты;
3. оның мекен-жайы және телефоны;
4. тапсырыс қабылдаған мерзім;
5. тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзімі;
6. аванс сомасы;
7. қызмет көрсету түрлері және әр адамның қолдары;
8. Материалдардың тізімі, саны және бағасы;
9. жөндеуге берілген заттың зауыттық нөмірі және өзге де
реквизиттер.
Жоғарыда аталғанның барлығын тұрмыстық мердігерлік шартының міндетті
талабы деп қарастыру керек емес. Онда, жалпы мәндег нормаларға сәйкес
жасалатын мердігерлік шартындағы сияқты елеулі жағдайларға нысана және
жұмысты орындау мерзімдері туралы жағдайлар жатады.
Тұрмыстық мердігерлік шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкін.
Және жетон, талон, кассалық түбіртек және тағы басқаларды берумен расталуы
мүмкін. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе
мердігердің эскизі бойынша немесе үлгілері бойынша қабылданады. Оның
қолымен расталатын тұтынушының қалауы бойынша және осы туралы бір
уақытылы мердігермен келісу нәтижесінде үлгілерден және жұмыс орындау
технологияларынан ауытқу болуы мүмкін. Бұндай ауытқулар тұтынушының өмірі
мен денсаулығына, қауіпсіздігіне және оның мүлкіне, қоршаған ортаға зиян
келмеуі тиіс.
Тапсырыс рәсімделген құжат немесе шарттың талабы тұтынушының құқығын
шектейтін болса, ол Қазақ ҚСР –ң Тұтынушылардың құқығын қорғау
туралы Заңына сәйкес жарамсыз деп есептеледі. Тұрмыстық мердігерлік
шартында жұмыстың бағасы тараптардың келісімімен белгіленеді, бірақ ол
мердігер жариялаған прейскурантта көрсетілгеннен жағары болмауы керек.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шартының ұғымы, мазмұны және формасы
Мердігерлік шартының жеке түрінің ерекшеліктері
Мердігерлік шартының элементтері
Мердігерлік шартын түрлері
Мердігерлік шарты жайлы
Мердігерлік шарты туралы
Мердігерлік шартының теориялық аспектілерін азаматтық-құқықтық шарттың іс жүзінде қолданылуын зерттеу
Құрылыс мердігерлік шартының ұғымы және элементтері
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шарты
Мердігерлік шартының жалпы сипаттамалары
Пәндер