«Green House» ЖШС-тің өндірістік шаруашылық қызметі



1. «Green House» ЖШС.тің өндірістік шаруашылық қызметі
1.1. «Green House» ЖШС.тің өндірістік шаруашылық қызметінің экономикалық сипаттамасы.
1.2 ЖШС.тің 2006.2007 жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштері
1.3 «Green House» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің есеп саясаты

2. «Green House» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы.
2.1. Меншікті капитал есебі
2.2. Материалды емес активтер есебі
2.3. Ақша қаражаттары есебі.
2.4. Дебиторлық берешек есебі
2.5 Табыс және шығын есебі
2.6 Қаржылық есептіліктің мінездемесі, оның мағынасы және оған қойылатын талаптары.

3.Өндірістік шығындар есебі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Green House» (Грин Хауз) Қазақстан Республикасында 2005 жылдың 17-маусымында мемлекеттік тіркеуден өтіп, өз қызметін атқарып келеді.
ЖШС «Green House» (Грин Хауз) (әрі қарай мәтін бойынша Серіктестік) Қазақстан Республикасының 1-сәуір 2000 жылғы Азаматтық Кодексіне, 16-шілде 1999 жылғы, №436 «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Заңына және басқа да Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жеке меншік негізінде құрылған.
Серіктестік меншік құқығында оқшауландырылған мүлкі бар заңды тұлға болып табылады және осы мүлкімен өз міндеттері бойынша жауап береді, өз атынан мүлікті және жеке мүлікті емес құқықтарын жүзеге асырады және сатып алады, серіктестіктің дербес балансы және өз атауымен мөрі бар. Серіктестікті басқару органы болып табылады:
- жоғарғы орган – қатысушы немесе оның өкілі;
- атқарушы орган – директор.
Серіктестіктің заңды мәртебесі. Серіктестік мемлекеттік тіркелу кезінен бастап заңды тұлға құқығын иемденеді. Серіктестік жұмысшыларының орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.
Серіктестік өз қызметінің мақсаттарына жету үшін өз атынан келісімдерге отырады, мүліктік және жеке мүлікті емес құқықтар алуға, міндеттерін көтеруге, сотта талап қоюшы және жауап беруші болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы территориясында және одан тыс жерлерде бөлімшелер мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге кіруге, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы.
Серіктестік өз міндеттемелері бойынша оған тиесілі барлық мүлкімен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің қарыздарына жауапты емес. Серіктестік мемлекеттің қарыздары бойынша жауап беррмейді. Серіктестік заңда қаралған жағдайлардан басқа жағдайда қатысушының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қатысушы серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзі қосқан үлес құны шамасында серіктестіктің қызметіне байланысты шығындар тәуекелін алады.
Серіктестік қызметінің мақсаты мен мәні. Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты болып келесі қызмет түрлерін жүзеге асырудан табыс табу табылады:
- Қоғамдық тамақтану орындарын, асханалар, кафе, бар және ресторандар ашу;
- Көтерме, бөлшек және комиссиялық сауда;
- Азық-түлік өнімдерін сатып алу, өндіру, қайта өндіру және сату;
- Сауда-саттық операциялары және делдалдық қызмет ету құқығымен ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау, өндіру, қайта өндіру;
- Компьютерлік техника және оның құраушыларын жеткізу, жинау және сервистік қызмет көрсету;
- Программалық қамсыздандыру мен жаңа технологиялар құру және оларды өндірістік процесске енгізу;
- Сервистік-тұрмыстық орындарды құру;
- Сауда орындарын құру;
- Ғылыми қызмет;
- Заңды және жеке тұлғалардың, соның ішінде шетел азаматтарының мүдделерін ұсыну;
- Жарнамалық қызмет;
- Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру;

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 116 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Green House ЖШС-тің өндірістік шаруашылық қызметі
1.1. Green House ЖШС-тің өндірістік шаруашылық қызметінің
экономикалық сипаттамасы.
1.2 ЖШС-тің 2006-2007 жылдардағы негізгі экономикалық
көрсеткіштері
1.3 Green House жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің есеп
саясаты

2. Green House жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы.
2.1. Меншікті капитал есебі
2.2. Материалды емес активтер есебі
2.3. Ақша қаражаттары есебі.
2.4. Дебиторлық берешек есебі
2.5 Табыс және шығын есебі
2.6 Қаржылық есептіліктің мінездемесі, оның мағынасы және оған
қойылатын талаптары.

3.Өндірістік шығындар есебі.

1. . Green House ЖШС-тің өндірістік шаруашылық қызметінің
экономикалық сипаттамасы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Green House (Грин Хауз)
Қазақстан Республикасында 2005 жылдың 17-маусымында мемлекеттік тіркеуден
өтіп, өз қызметін атқарып келеді.
ЖШС Green House (Грин Хауз) (әрі қарай мәтін бойынша Серіктестік)
Қазақстан Республикасының 1-сәуір 2000 жылғы Азаматтық Кодексіне, 16-шілде
1999 жылғы, №436 Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер
туралы Заңына және басқа да Қазақстан Республикасының заң актілеріне
сәйкес жеке меншік негізінде құрылған.
Серіктестік меншік құқығында оқшауландырылған мүлкі бар заңды тұлға
болып табылады және осы мүлкімен өз міндеттері бойынша жауап береді, өз
атынан мүлікті және жеке мүлікті емес құқықтарын жүзеге асырады және сатып
алады, серіктестіктің дербес балансы және өз атауымен мөрі бар.
Серіктестікті басқару органы болып табылады:
- жоғарғы орган – қатысушы немесе оның өкілі;
- атқарушы орган – директор.
Серіктестіктің заңды мәртебесі. Серіктестік мемлекеттік тіркелу
кезінен бастап заңды тұлға құқығын иемденеді. Серіктестік жұмысшыларының
орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып
табылады.
Серіктестік өз қызметінің мақсаттарына жету үшін өз атынан
келісімдерге отырады, мүліктік және жеке мүлікті емес құқықтар алуға,
міндеттерін көтеруге, сотта талап қоюшы және жауап беруші болуға, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы территориясында және одан тыс жерлерде бөлімшелер
мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге кіруге,
сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы.
Серіктестік өз міндеттемелері бойынша оған тиесілі барлық мүлкімен
жауап береді. Мемлекет серіктестіктің қарыздарына жауапты емес. Серіктестік
мемлекеттің қарыздары бойынша жауап беррмейді. Серіктестік заңда қаралған
жағдайлардан басқа жағдайда қатысушының міндеттемелері бойынша жауап
бермейді. Қатысушы серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді
және өзі қосқан үлес құны шамасында серіктестіктің қызметіне байланысты
шығындар тәуекелін алады.
Серіктестік қызметінің мақсаты мен мәні. Серіктестік қызметінің
негізгі мақсаты болып келесі қызмет түрлерін жүзеге асырудан табыс табу
табылады:
- Қоғамдық тамақтану орындарын, асханалар, кафе, бар және
ресторандар ашу;
- Көтерме, бөлшек және комиссиялық сауда;
- Азық-түлік өнімдерін сатып алу, өндіру, қайта өндіру және сату;
- Сауда-саттық операциялары және делдалдық қызмет ету құқығымен
ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау, өндіру, қайта өндіру;
- Компьютерлік техника және оның құраушыларын жеткізу, жинау және
сервистік қызмет көрсету;
- Программалық қамсыздандыру мен жаңа технологиялар құру және
оларды өндірістік процесске енгізу;
- Сервистік-тұрмыстық орындарды құру;
- Сауда орындарын құру;
- Ғылыми қызмет;
- Заңды және жеке тұлғалардың, соның ішінде шетел азаматтарының
мүдделерін ұсыну;
- Жарнамалық қызмет;
- Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру;
- Маркетингтік зерттеу ұйымдастыру, нарықты зерттеу және болжау,
ақпараттық-коммерциялық қызметті ұйымдастыру;
- Жеке құрылыс-жөндеу және транспорттық инфроқұрылымдарды құру
және дамыту;
- Баспа қызметін ұйымдастыру, жеке баспаны (газет-журнал,
программалар шығару);
- Өз қызметін және өзінің кәсіпорындарының, бөлімшелерінің,
құрылымдарының қызметін материалды-техникалық қамсыздандыру;
- Қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдениет және басқа да қоғамдық
айналымдардың әртүрлі аспектілері бойынша жеке ақпараттық база
құру;
- Әртүрлі жәрмеңкелер, көрмелер мен аукциондар өткізу;
- Қазақстан Республикасының Заңдарымен рұқсат етілген басқа да
қызмет түрлері.
Серіктестіктің жарғылық капиталы. Өз қызметін жүзеге асыру үшін
серіктестікте қатысушының үлесімен 100 000 (жүз мың) теңге көлеміне тең
сомада жарғылық капитал құрылады. Серіктестіктің жарғылық капиталы
Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес құрылады.
Серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде ақша, бағалы қағаздар,
заттар, мүліктік құқықтар, сондай-ақ интеллектуалды қызметтің объектіленген
нәтижелеріне құқықтар және басқа да мүлік бола алады. Салым құны заңға
сәйкес бағаланады. Жарғылық капиталды көбейту немесе азайту туралы шешімді
қатысушы қабылдайды. Серіктестік мүлкіндегі қатысушының үлесі тек салымы
төленіп қойған бөлігінде ғана иеліктен шығарылуы немесе кепілге берілуі
мүмкін.
Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Заңдары шегінде
жүзеге асырады. Серіктестік тек қана лицензия негізінде жұмыс істей алады.
Серіктестік қатысушысының айрықша құзыреті. Серіктестікті басқарудың
жоғарғы органы болып қатысушы немесе оның өкілі табылады.
Серіктестік қатысушысының айрықша құзыретіне жатады:
- серіктестік жарғысының өзгеруі, сондай-ақ оның жарғылық
капиталының мөлшерінің, орналасқан жері мен фирмалық атауының
өзгерілуі немесе серіктестік жарғысының жаңа редакцияда
бекітілуі;
- серіктестіктің атқарушы органының құрылуы және оның
өкілеттігінің мерзімнен бұрын тоқтатылуы, сондай-ақ
жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімді
басқаруға табыстау туралы шешім қабылдау және мұндай табыстаудың
шарттарын анықтау;
- серіктестіктің бақылаушы кеңесін және тексеру комиссиясының
сайлануы және оның өкілеттігінің мерзімнен бұрын тоқтатылуы;
- жылдық қаржылық есептіліктің бекітілуі және таза табыстың
бөлінуі;
- ішкі ережелерді, тіртіпті және олардың қабылдануын, сондай-ақ
серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттардың бекітілуі;
- серіктестіктің басқа шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ
коммерциялық емес мекемелерге қатысуы туралы шешім;
- жою комиссиясын тағайындау және жою баланстарын бекіту;
- заңға сәйкес серіктестік қатысушысының үлесін мәжбүрлі түрде
сатып алу туралы шешім;
- серіктестіктің барлық мүлкінің кепілдігі туралы шешім;
- заңға сәйкес серіктестік мүлкіне қосымша жарна енгізу туралы
шешім;
- жарғы ережелеріне түсіндірме.
Серіктестік директоры. Серіктестіктің атқарушы органы болып директор
саналады. Директор тек заңды тұлға ғана бола алады. Ол серіктестіктің
қатысушысы болмауы да мүмкін. Өз қызметтерін атқару барысында, директор
серіктестіктің мүддесіне шын және дұрыс әрекет ету керек. Директор
қатысушының шешімі бойынша белгіленген мерзімге, яғни 5 жылдан аспайтын
мерзімге тағайындалады. Директор серіктестіктің ағымдағы жұмысын
ұйымдастырады және оның қызметіне жауапты болады. Директор серіктестік
қатысушысына есеп беру керек.
Серіктестік директорының құзыретіне осы жарғымен және басқа да
құжаттармен анықталған, қатысушы мен бақылаушы органдардың құзыретіне
жатпайтын серіктестіктің қызметін қамсыздандыру жайындағы барлық сұрақтар
жатады. Содай-ақ, директор:
- сенімхатсыз серіктестік атынан іс-әрекет жасайды;
- банктік және басқа құжаттарға өз қолын қоюға құқылы;
- серіктестікті таныстыру құқығына сенімхаттар береді, сондай-ақ
қайта сенім беру құқығымен де сенімхаттар береді;
- Қазақстан Республикасының және шетел банктерінде есеп айырысу,
валюталық және басқа да шоттарды ашады және жабады.
- қызметтерді бекітеді және босатады, серіктестіктің
қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды.
- серіктестіктің жұмысшыларына байланысты олардың қызметке
тағайындалуы, олардың ауытырылуы және қызметтен босатылуы туралы
бұйрықтар береді, жалақы төлеу жүйесін анықтайды,
қызметкерлердің еңбекақы мөлшерін бекітеді, сыйақы беру
сұрақтарын шешеді, көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану
шараларын қабылдайды;
- серіктестіктің осы жарғысы бойынша қатысушының немесе бақылау
органдарының құзыретіне жатпайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге
асырады.
Директор (және әрі қарай, оның орынбасары) серіктестіктің Тексеруші
комиссиясының мүшесі бола алмайды. Серіктестік директорына және оның
орынбасарына серіктестікті шығынға ұшырататын немесе басқа да жағымсыз
жағдайға әкеліп соқтыратын қызметтер мен әрекеттер жасауға тыйым салынады,
соның ішінде:
- серіктестік қатысушысының рұқсатынсыз өзіне немесе туыстарына
мүліктік табыс әкелетін келісімдер (сондай-ақ табыс ету, займ,
қайтарымсыз қолдану, сауда-саттық келісімдерді) жасауға;
- серіктестіктен және серіктестіктің үшінші тұлғамен жасасқан
келісімдері үшін үшінші тұлғалардан комиссиондық сыйақы алуға;
- серіктестікпен болған қарым-қатынастарда үшінші тұлға атынан
немесе оның мүддесіне шығуға;
- серіктестіктің қызметіне бәсеке болатын кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға тыйым салынады.
Серіктестіктің мүлкі. Серіктестіктің мүлкі қатысушының жарғылық
капиталға бастапқы жарнасы, қосымша жарналар, шаруашылық және кәсіпкерлік
қызметтен табыстар негізінде, сондай-ақ белгіленген тәртіпке сәйкес
серіктестіктің иемденген қарыз қаражаттары және басқа да мүлік негізінде,
сонымен бірге заңға қайшы келмейтін басқа да көздерден құрылады.
Серіктестік негізгі қор, айналым қаражаттары және басқа да материалды
құндылықтардан тұратын мүлікті иемдену, қолдану құқықтарын өз бетінше
жүргізеді. Жаупкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі оның балансында
көрсетіледі. Салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуден кейін
қалған материалды қаражаттар таза табысты құрайды. Серіктестіктің табысын
бөлу қатысушының шешімі негізінде жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен
кейін жүзеге асырылады. Табысты төлеу осындай шешімді қабылдағаннан кейін
бір ай ішінде жүргізіледі.
Осы жарғы бойынша түзетілмеген сұрақтар Қазақстан Республикасының
Заңнамаларына сәйкес шешіледі. Жарғының ережелерінде қарама-қайшылықтар
туған жағдайда, серіктестіктің мүддесін анықтайтын ережелер қолданылады.
Бұл жарғыға қосымшалар түріндегі өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі
мүмкін немесе жарғы жаңа баспада ұсынылуы мүмкін.
Қатысушылар құрамының өзгеруі, жарғылық капитал мөлшерінің азаюы және
серіктестік атауының өзгеруі оның Қазақстан Республикасының әділет
органдарында тіркелуіне әкеледі.

1.2 ЖШС-тің 2006-2007 жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер өткен Есепті 2007ауытқу
2006 жылға жылға
сомасы %
1. Айналымнан түскен табыс,мың 195983,98 101931,63 -94052,3552
тенге.
2. Өнімнің өзіндік құны, мың 0,00 631,77 631,77  
тенге
3. Жалпы табыс (1қатар-2қатар) 195983,98 101299,86 -94684,1252
4. Кезең шығындары, мың тенге 150167,45 86607,78 -63559,6658
5. Салық ұсталғанға дейінгі 45816,53 14692,08 -31124,4532
табыс, мың теңге
6. Салық ұсталынатын табыс, мың 45020,68 21344,85 -23675,8347
тенге
7. Табыс салығы, мың тенге 13506,20 6403,46 -7102,75 47
8. Таза табыс 32310,33 8288,63 -24021,7026
9. Негізгі құралдардың орташа 10625,04 39865,38 29240,34 375
жылдық құны, мың тенге.
10. Еңбек өнімділігі 5599,54 2912,33 -2687,21 52
11. Қор қайтарымдылығы , тг. 18,45 2,56 -15,89 14
12. Қор көлемі, тг. 0,05 0,39 0,34 721
13. Қор жарақтануы, тг. 303,57 1139,01 835,44 375
14. Активтер айналымы (рет) 2,327 0,865 -1,46 37
15. Өткізілген өнімнің 16,486 8,132 25,54 49,32
рентабелділігі (%)
15. активтер рентабелділігі 38,37 7,034 -31,34 18

Өткен жылға қарағанда есепті жылы 52 пайызға айналымнан түскен табыс
азайған, себебі кәсіпорын жоспарлаған шаруашылық қызмет түрінің орындалуы
азайғандығы әсер еткен. Осыған байланысты салық ұсталынатын табыс
мөлшері,табыс салығы және таза табыс көлемі кеміген.
Кәсіпорындағы активтер айналымдылығы 37 пайызға төмендегенАктивтердің
рентабелділігі құлдырағаны еліміздегі болғн экономикалық дағдарыстың
себебінен деген пікір қалыптасып отыр.

1.3 Green House жауапкешлігі шектеулі серіктестіктің есеп саясаты

Green House (Грин Хауз) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің есеп
саясаты Қазақстан Республикасының 24-маусым 2002жылғы №329-11
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Заңына сәйкес жүзеге
асырылады. Есеп саясатының құрылуына негіз болып табылады:
- Бухгалтерлік есеп стандарты (БЕС) және оларға әдістемелік
ұсыныстар;
- Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы ҚР-ның заңы,
№329-11, 26.06.2002 ж. (өзгертулер және толықтырулармен,
11.06.2004 ж.)
- Қаржылық есептілікті беру 30 Бухгалтерлік есеп стандарты, №14
ҚР-ның қаржылық министрінің бұйрығы, 17.01.2003 ж.
- ҚР-ның Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) №409-1, 13-бөлім Меншік
құқығын алу, 1999 ж.
- Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 24 Бухгалтерлік есеп
стандарты.
- Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер ҚР-
ның кодексі (23.12.2005ж. №107-ІІІ, 122,130,131,178,179,227-
баптар; 10.01.2006ж. №115-ІІІ, 501-бап; 10.01.2006ж. №116-ІІІ,
462-бап; 31.01.2006ж. №125-ІІІ, 259,260,264-баптар; 22.06.2006ж.
№147-ІІІ, 17,518,550-баптар және т.б.).
Есеп саясаты Уәкілетті органдар мен серіктестіктің қатысушысы
шешімімен келісіліп тағайындалады. Бұл есеп саясатымен есеп жүргізудің
негізгі ережелері мен бухгалтерлік есепті жүргізудің тәсілдері анықталады.
Есеп саясатын құрудың негізіне сенімділік, дәйектілік, салыстырымдылық және
аяқтаушылық қағидалары жатады.
Жауапкершілігі шестеулі серіктестік Green House (Грин Хауз)
Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде, Атырау қаласының әділет
департаментінде 17-маусым 2005 жылы тіркелген (тіркелу туралы куәлік
0162977 серия В, тіркелу номері 60202-1910-ЖШС). Салық төлеушінің тіркелу
номері (СТН) 600500529068. Қосылған құн бойынша 1-қаңтар 2006 жылдан
бастап есепке қойылғандығы туралы куәлік серия 60305, № 0039020.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін серіктестікте қатысушының үлесімен
100 000 (жүз мың) теңге көлеміне тең сомада жарғылық капитал құрылады.
Серіктестіктің жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының заңдарының
талаптарына сәйкес құрылады.
Green House (Грин Хауз) өз қызметін келесідей құжаттар мен
нормативтік актілер негізінде жүзеге асырады:
- Green House (Грин Хауз) Құрылтайшы құжаттары;
- 01-сәуір 2000 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
(өзгертулерімен және толықтыруларымен);
- 16-шілде 1999 жылғы №436 Қазақстан Республикасының
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы
Заңы (өзгертулері және толықтыруларымен);
- Қазақстан Республикасындағы мекемелердің қаржы-шаруашылық
қызметін реттейтін басқа да заңдар, нормативтік актілер,
нұсқаулықтар және әдістемелік ұсыныстар.
Салықтық төлемдер мен есеп айырысулар Қазақстан Республикасы
Президентінің №2235, 12-сәуір 2005 жылғы Заңды күші бар Бюджетке төленетін
салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы Жарлығына және 1-ақпан
2006 жылғы Бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы
Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізіледі (23.12.2005ж. №107-
ІІІ, 122,130,131,178,179,227-баптар; 10.01.2006ж. №115-ІІІ, 501-бап;
10.01.2006ж. №116-ІІІ, 462-бап; 31.01.2006ж. №125-ІІІ, 259,260,264-баптар;
22.06.2006ж. №147-ІІІ, 17,518,550-баптар және т.б.).
Қызмет барысында серіктестік өзінің есеп саясатына ішкі нормативтік
құжаттарға (бұйрықтар, өкімдер және тағы басқалары) сәйкес рәсімделген
өзгертулер енгізе алады. Сондай-ақ есеп саясатына өзгертулер келесі
жағдайларда енгізілуі мүмкін:
- Қазақстан Республикасының Заңнамаларының өзгеруіне байланысты;
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебін нормативті реттеу
жүйесінің өзгеруіне байланысты;
- серіктестіктің бірігуіне немесе бөлінуіне және меншік иесінің
ауысуына байланысты;
- шаруашылық операциялар, активтер, меншікті капиталы,
міндеттемелер және қызмет нәтижелерін көрсетудің басқа да бір
тәсілін қолдану қажет болған жағдайда.

Кәсіпорынның басқару-ұйымдастыру құрылымы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Green House (Грин Хаузтың)
басқару органы болып табылады:
- жоғарғы орган – қатысушы немесе оның өкілі;
- атқарушы орган – директор.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Green House (Грин Хаузтың)
қатысушысы мен директорының өкілеттілігінің айналымы Қазақстан
Республикасының заңнамаларымен және серіктестіктің жарғысымен анықталады.
Серіктестік директорының қол астында жұмыс істейді: директор
орынбасары, бас бухгалтер, қызметті атқарушы тұлғалар, кафе-дүкендердің
администраторлары және т.б.
Бас бухгалтер бухгалтерия жұмысына жетекшілік етеді, басшығы қаржылық
есептілікті (баланс, табыс және шығыс туралы есеп, меншік капиталындағы
өзгерістер туралы есеп) дер кезінде тапсыруға және толық, сенімді
мәліметтермен қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ ол бухгалтерия
мамандарын іріктейді, бухгалтерлік жұмыстардың компьютеризациясын және
салық есебінің жүргізілуін қадағалайды.
Кәсіпорын құрылымында келесідей бөлімдер мен қызмет көрсетулер бар:
- әкімшілік-шаруашылық бөлім;
- техникалық қызмет көрсету бөлімі;
- сату-сатып алу бөлімі;
- жеткізу-қамсыздандыру бөлімі;
- кадрлар бөлімі;
- көлік-транспорттық қызмет;
- күзет қызметі.
Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесі. ЖШС Green House (Грин
Хаузта) бухгалтерлік есеп келесі құжаттар негізінде жүргізіледі:
- 24-маусым 2002жылғы №329-11 Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есептілік туралы Қазақстан Республикасының Заңы (өзгертулері
және толықтыруларымен);
- Бухгалтерлік есеп стандарттары (өзгертулері және
толықтыруларымен);
- Бухгалтерлік есепке әдістемелік ұсыныстар;
- 18-қыркүйек 2002 жылғы №438 бухгалтерлік есептің типтік шоттар
жоспары;
- Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
Заңы;
- 25-сәуір 2003 жылғы №405-11 Қазақстан Республикасынң Міндетті
әлеуметтік сақтандыру туралы Заңы.
ЖШС Green House (Грин Хауз) бухгалтерлік есебі мен қаржылық
есептілігінің мақсаты болып мүдделі тұлғаларды жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің қаржылық жағдайы, ондағы өзгерістер және қызмет нәтижелері
туралы толық және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету табылады;
Серіктестіктің бухгалтерлік есебі келесі қағидаларға сәйкес
жүргізіледі: табыс болып – ол алынғанда, ал шығыс болып – шығысталғанда
есептелінеді.
Қаржылық есептілікті жасау кезеңі болып күнтізбелік жыл саналады.
Алдыңғы жылдардың қаржылық есептілігін құрған кезде кеткен қателердің
аңғарылған жағдайында, қателерді түзету сомасы келесі кезеңде таза табыс
немесе шығынды есептегенде ескеріледі (альтернативті тәсіл қолданылады).
Серіктестіктің қаржылық есептілігінің негізгі сапалық сипаттамасы болып
түсініктілік, орындылық, мәнділік, нақтылық және салыстырмалылық табылады.
Қаржылық есептілік №30 ҚБЕС-не сәйкес жасалады және оның құрамына
төмендегілер кіреді:
- бухгалтерлік баланс;
- пайда және зиян туралы есеп;
- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;
- меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
- түсініктеме хат.
Қаржылық есептілік, оған аудиторлық және тексеруші комиссияның
қорытындысы берілгеннен кейін серіктестіктің қатысушысына ұсынылады.
Бухгалтерлік құжаттама.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі барлық жазулар жұмыс шоттар жоспарының
классификациясына сәйкес болуы керек.
Қаржы-шаруашылық операцияларын құрудың бастапқы құжаттары болып
Қазақстан Респпубликасының Азаматтық Кодексінің талаптарына және жақтардың
келісіміне сәйкес рәсімделетін шарттар, келісімдер, бұйрықтар және т.б.
табылады. Бастапқы құжаттар 16-қараша 1994 жылғы №73 Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Статистикалық Комитетімен бекітілген бастапқы
есеп құжаттарының ведомствоаралық нысандар альбомына сәйкес рәсімделеді.
ЖШС басшысы бухгалтерлік құжаттарға қол қоюға құқығы бар тұлғаларды
анықтайды және тұлғалардың қызметіне, әрекет ету айналымына және
операцияның мәніне байланысты қол қою құқығының сатылы лауазымын бекітеді.
ЖШС бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп регистрларын қағаз түрінде
және электронды түрде, яғни комьютерлерде сақтайды, сондай-ақ қаржылық
есептілікті және есеп саясатын да Қазақстан Республикасының заңымен
бекітілген мерзім аралығында сақтайды.

Бухгалтерлік жазулардың реттілігі:
(сурет-1)
Келісімдер, шарттар, контрактілер

Бастапқы құжаттар

Жұмыс шоттар жоспары

Регистрлар, бас кітап, сынама баланс

Қаржылық есеп Өндірістік есеп Статистикалық есеп Салықтық есеп

Қаржылық Ішкі басқаруға Статистикалық Салықтық есептілік
есептілік аналитикалық есептілік (тұрақты және уақытша
мәліметтер айырамалар
шегерімінің есебі)

Органдарды басқаратын меншік иелері

2. Green House жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бухгалтерлік
есебінің ұйымдастырылуы.

2.1. Меншікті капитал есебі

Жауакершілігі шектеулі серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметін
сәтті жүзеге асыру үшін экономикалық ресурстары болуы қажет. Ұйымға тиісілі
және олармен өткекн келісімдер мен басқа да жағдайлардың нәтижесі ретінде
бақыланатын және болашақта оларды пайдаланудан ұйым экономикалық пайда
күтетін экономикалық ресурстар бухгалтерлік есепте активтер деп аталады.
Қаржы-шаруашылық қызметте қызметтендірілуі мен өтеу мерзімі бойынша
активтер жіктеледі:
ұзақ мерзімді (1 жылдан жоғары)
ағымдағы
Ұзақ мерзімді активтеге- материалдық емес активтер, негізгі құралдар,
1 жылдан артық, мерзімге орналастыруға арналған инвестициялар, бірнеше
кезеңгеалдын-ала төленген соммалар бөліміндегі болашақ кезең шығындары
жатады.
Ағымдағы активтерге айналым құралдары жатады: дебиторлық берешек,
ақша-қаражаттары, тауарлы-материалдық қорлар, 1 жылға деінгі пайдалануға
арналған болашақ мерзім шығындар жатады.
Жоғарыда көрсетілген активтердің мәні мен мазмұны және оның есебінің
әдістемесі алдыңғы бөлімдер де толығырақ қарастырылған.
Экономикалық ресурстарның құрылымының негізгі көзі меншікті капитал
мен міндеттемелер болып табылады.
Меншікті капитал – бұл ұйымның барлық міндеттемелерінің алып
тастағаннан кғейін қалатын, активтің бөлімі.
Жарғылық капиталының есебі. Ұйымның жарғылық капиталдағы негізгі
орнын меншікті капитал алып отырады.
Жарғылық капитал – бұл құраушы құжаттарда тіркелген меншікті
капиталының бастапқы сомасы, ол негізгінен шығаруға жарияланған барлық
акциялардың жиынтық құнынан құралады, құрушылар мен олардың номиналды құнын
бойынша сатылады немесе құрушылардың (қатысушылардың) қайта құрылған
ұйымның жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін ақша-қаражаты немесе
басқа мүліктер (негізгі құралдар, материалдық қорлар, бағалы қағаздар,
мүліктік құқықтар, оның ішіндежерді пайдалану құқықтығы мен интелектуалды
қызметінің нәтижесіне құқық және басқа шаруашылық серіктестікке салымдары
болып табылады.
Жарғылық капиталының нақты тағайын.далуы, атқаратын функциялары мен
құрылу тәртібі ең бастысы ұйымның құқықты-ұйымдастырушылық формасына
тәуелді және азаматтық кодекспен, аукциондық қоғам туралы) Қосымшы және
шектеулі жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының
заңдарымен, заңды күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің
шаруашылық серіктестіктер туралы жарғысымен реттеулі.
Қазіргі уақытта елдің экономикасын реформалаудың нәтижесінде халық
тұтынатын қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, салалық тұтыну
кооперативті.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен аукциондық қоғамның
жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:
ол бастапқы (бастаулы) капитал, яғни қоғамның қызметі үшін мүліктік
негіз болып табылады
ол қоғамға әрбір құрылымның (аукциондық,қатысушының) салымның үлесін
анықтауға мүмкіндік береді,өйткені оған қатысушының үлесін анықтауға дауыс
беру саны мен оның табысының (дивиденттің) мөлшері сәкес келеді.
Жарғылық капиталының көлемі үшінші тұлғалардың алдында қоғамдық
міндеттемелерді орындауға кепілдік береді, сондықтан оның минималды мөлшері
заңнамаларымен бекітілген
Жарғылық капиталдың құрылу тәртібі мен мөлшері аукциондық қоғам мен
жауапкершілігі шектеулі серіктестікте әртүрлі.
Аукциондық қоғамның құқықты-ұйымдастырушылық нысанда құрылған сауда
ұйымның жарғылық капиталы аукциондық қоғам туралы Қазақстан
Республикасының Заңында бекітілген талаптарына сәкес құрушылардың(жалғыз
құрылымының) акциясының номиналды құны бойынша және инвесторларға
акцияларды орналастыру құны бойынша сату арқылы құрылады.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының минималды мөлшері
сәйкесінше қаржылық жылдың ресурстық бюджеті туралы ҚР-ң Заңымен
бекітілген 50 00 – айлық есептік көрсетукіштің мөлшерін құрайды.
Акция – бұл акционерлік қоғаммен шығаратын және қоғамды басқаруға
қатысуға, қоғамның мүлкінің тәркілеген жағдайда бөлігін және ол үшін
дивидент алуға құқықты куәландыратын бағалы қағаз.
Акцияның номиналды құны – жарғылық капиталдың құрылуына қатысатын,
акционерлік қоғамның құрушы құжаттарында анықталған, құрушылармен (жалғыз
құрушымен) төленетін акция құнының ақшалай көрінісі.
Орналастыру бағасы – бұл бағалы қағаздардың алғашқы нарығында
акцияларды орналастыру кезінде анықталатын акцияның бағасы.
Акциялар қарапайым және тартылған болып бөлінеді. Акционер құжатсыз
нысанда жиналысында, барлық сұрақтарды шешуге дауыс беру құқығымен қатысуға
және ұйымның таза табысы болған жағдай да дивидент алуға сонемен қатар,
заңнамамен бекітілген тәртіпте қоғамның мүлкін тәркіленген жағдайда оның
бөлігін алуға құқық береді,акция оның меншік акционерлерге қарапайым
акциялардың меншік – акционерлері алдында қоғамның жарғысымен
бекітілген,алдын-ала анықталған кепілдендірілген мөлшерде дивидент пен
заңнамалық тәртіпте қоғамның мүлкі тәркіленгшен жағдай да бөлігін алуға
мүліктік құқық береді.
Тартылған акция акционерлерге төмендегіден басқа жағдайларда қоғамды
басқаруға қатысу құқығын бермейді:
- қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы тартылған акцияларға ие
акционерлердің құқықтарын шектеуі шешімге әкелуі мүмкін сұрақты
қарастырылады. Мұндай сұрақтарға бай ланысты шешім шектеуге тұратын
акцияның жалпы санының үштен екі бөлігін аз емесі дауыс берген жағдайда
қабылданады
- қоғамның жалпы акционерлік жиналысы мүлікті қайта құру немесе
тәркілеу туралы сұрақты қарастырады
- акциялар бойынша дивидент төленеуі үшін бекітілген мерзімінен
өтіп кету күнінен үш ай мерзім ішінде толық мөлшерде төленбейді
Акцияларды мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның құрылымдарының
құрушы орналастырылатын қоғамның жарияланған акциясының саны түрі мен
орналастыру бағасы сонымен қатар құрушылармен төленетін жарғылық капиталдың
мөлшері құрушы құжаттар (жоғарыда құрушы келісім-шартында) қойылады.
Ұйым жарияланған акцияларды шығаруды тіркеу үшін құжаттарды заңды
тұлға ркетінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап бір айдың ішінде немесе
жарияланған акциялардың санын көбейту туралы акционерлердің жалпы
жиналысының қабылдаған шешімінің мерзімінен бастап беруі қажет.
Акционерлік қоғам өзінің акцияларының олардың шығарылуын мемлекеттік
тіркелгеннен кейін аукциондар арқылы орналастыруға құқылы. Қоғамның
директорлар кеңесімен бекітілген орналастыру бавғасы бойынша сатиуға
болады, осы кезде акцияны орналастыру бағасы акцияны алатын барлық
тұлғаларға бірдей болуы қажет.
Құрушылармен төленетін жарғылық капиталдың мүшелері қоғамның жарғылық
капиталының минималды мүшедерінің аз емес болуы қажет және заңды тұлға
ретінде қоғамның мемлекеттік тіркелу мерзімінен бастап отыз күн ішінде
құрылушылармен толық төленуі керек.
Қоғамның жарғылық ңкапиталының көбеюі жоғарыда көрсететін заңға
сәйкес акцияларды шығару мен орналастыру арқылы акционерлерды шығару мен
орналастыру арқылы акционерлердің жалпы жиналысын немесе соттың шешімі
бойынша рұқсат етіледі.
Орналастыратын акциялардың төлеміне ақшалар, мүліктік құқықтар
(соның ішінде интеллектуалды меншік объектісінің құқығы және заңнамалық
актілерімен қарастырған басқа жағдай басқа да мүлік. Акциялардағы құнын
ақшамен төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге
асырылады. Бұдан басқа мүлікпен төлеу заңнамаға сәйкес берілген лицезияның
нешгізінде әрекет ететін бағалаумен анықталатын баға бойынша жүзеге
асырылады. Егер орналастыратын акцияның төлеміне мүлікті пайдалану құқығы
енгізілсе, мұндай құқықты бағалау бұл меншікті пайдаланудың барлық
мерзіміндегі пайдаланылғаны дейін төлемнің мөлшерімен жүзеге асырылады.
Көрсетілген мерзімнің аяқталуына дейін мүлікті қоғамның жалпы акционерлер
жиналасының келісімінсіз тәркілеуге тыйым салынады. Қоғамға өзі жариялаған
акцияларды бағалы қоғамның алғашқы марапаттауларында орналастыру кезінде
алуға тиым салынады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікт нысанында құрылған сауда
ұйымның жарғылық капиталы құрушылардың (қатысушылардың) салымдарын
біріктіру арқылы құрылады.
Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылымдардың салымдарының
слмасына тең және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды өткізу
мерзіміндегі айлық есептік көрсеткшітің жүз мөлшеріне эквивалентті сомадан
аз болмауы қажет.
Жарғылық капиталға салым ретінде ақша-қаражаттары , бағалы
қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар,оның ішінде жерді пайдалану құқығы мен
интеллектуалды қызмет пен басқа мүліктің нәтижесінде құқық болуы мүмкін
мүліктік емес жеке құқтар мен басқа да материалдық емес түріндегі салымдар
салуға тыйым салынады.
Жарғылық капиталға құрылымдардың (қатысушылардың) салымдары
натураллды-заттай нысанда (негізгі құралдар,материалдық емес активтер,
тауарлы-материалдық қорлар және т.б.) немесе мүліктік құқықтық түріндегі
салымдары құрылуы келісім-шартта тіркелген,барлық құрылымдардың келісімі
бойынша немесе серіктестіәктің жалпы қатысушыларының жиналысының шешімі
бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны 20 мың айлық
көрсеткіш эквиваленті сомадан жоғары болған жағдайда,тәелсіз сарапшымен
бағалануы тиіс. Егер серіктестікке салым ретінде мүлікті пайдалану құқығы
берілсе, онда құрушы құжаттарда көрсетілген, пайдаланылғаны үшін төлеммен
анықталады. Жалпы жиналыстың келісімінсіз жарғылық капиталға құүрушылардың
салымы ретінде мүлікті, пайдалану құқығын мерзімнен бұрын алуға рұқсат
етілмейді. Әрбір қатысушы салымының жарғылық капиталының жиынтық сомасына
қатынасы жарғылық капиталдағы қатысушының үлесін анықтайды. Бұл үлес
жиынтықтың бөлігінде немесе пайыз түрінде көрсетілуі мүмкін. Жауапкершілігі
шектеулі серіктенстікке жаңа қатысушыларды қабылдау немесе
серіктестіктерден қандай да бір бұрынғы қатысушыларды шығарумен
байланысты. Жарғылық капиталдың көлемінің өзгеруіне сейкесінше қабылдау
немесе шығару кезеңінде жарғылық капиталдағы қатысушылардың үлесін қайта
есептеуден алып келеді.жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушы
серіктестікті тіркегенге дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25
пайызы аз емес, жүз айлық есептік көрсеткіштен аз емес мөлшерде салым
салулары тиіс. Барлық қатысушылардың жалпы жиналыстың шешімімен
белгіленген мерзімде жарғылық капиталға толық салымдарының салуы тиіс. Бұл
мерзім серіктестіктті тіркеген күннен бастап бір жылдан аспауы тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктестіктен жарғылық капиталдың
көлемінің өсуі оған толық төлем жасағаннан кейін мүліктің немесе келесідей
жолдармен жүзеге асырады:
барлық қатысушылардың қосымша пропорциялы салымдары
серіктестіктің меншікті капиталы,оның ішінде резервті капиталы арқылы,
жарғылық капиталы өсуі
серіктестіктің таза активтерінің қайта бағалануы, олардың нақты құны
баланстық құнан асады. Қайта бағаклауды тек тәуелсіз сарапшылар жасай
алады.
Басқа қатысушылардың келесімі негізінде бір немесе бірнеше
қатысушылардың қосымша салымдар салуы
Серіктестіктің құрамына жаңа қатысушы қабылдауы
Серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушының немесе қайта
қабылданған қатысушылардың қосымша салымдар көлемі алдыңғы жарнаманың
көлемі мен барлық қатысушылардың жарғылық капиталыдағы үлесін қайта
есептеуді есепке ала отырып анықталады.
Серіктестіктің жарғылық капиталының көлемінің азайтуымен барлық
қатфысушылар салымдарының көлемін пропорциялы түрде азайту немесе жеке
қатысушылардың үлесін толық немесе бөлшектеп өтеу арқылы жүзеге асырылуы
мүмкін. Жарғылық капитал көлемінің азайтылуы қатысушылар, құрушы құжаттарда
қарастырылған, жарғылық капиталдың толық көлеміне дейін өз салымдарын
салғаннан кейін жүзеге асырылуы мүмкін.
Серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысында жарғылық капиталды
өзгерту туралы шешім қабылдаған күннен екі ай ішінде барлық қарыз берушілер
жазбаша хабарлама немесе басылымдарға хабарландыру беруі қажет.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын азайтуды,
қарыз бе,рушілер берген мерзімнің аяқталуымен серіктестікке талаптар қою
үшін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырушы орган тіркеуге алады.
Жарғылық капиталдың жағдайы мен қозғалысы – туралы ақпарат кеңейту
барысында бухгалтерлік есептің типтік шот жоспарында 5010 Жарғылық
капитал бөлімінде пассивтік шоттар берілген:
5010 Қарапайым акциялар
5010 Артықшылығы бар ақшалар
5010 Салымдар мен пайдалар
Бұл шоттар бойынша жазулар бекітілген тәртіпте өкілеттік атқарушы
органдарында мемлекеттік тіркелулермен ұйымның құрушы құжаттарына
сәйкесінше өзгертулер енгізгеннен кейін жарғылық капиталды құру көбейту
немесе азайту керек.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салымдар бойынша
құрушылармен есепайырысу есебі.
5020 Төленбеген капитал шотында жүргізіледі, алайда ол
экономикалық мазмұны бойынша активті болса, 5000 меншікті капитал
бөлімінде орналасқан. Бұл шоттың дебеті бойынша қарыздарыныңсомасы, ал
кредиті бойынша құрушылардың жарғылық капиталы бойынша түскен
салымдардардың нақты сомасы көрсетіледі. 5020 Төленбеген капиталшоты
бойынша дебеттік сальдо қалдық құрушылардың жарғылық капиталы шоты
бойынша сальдо қалдық құрушылардың жарғылық капиталға жариланған бірақ
төленбеген сальдолары бойынша қарыздардың сомасын көрсетеді ЖШС құрушы
құжаттарында тіркелегн көлемде өзінің жарғылық капиталын торлық құрғанда
5020 Төленбеген капитал шоты толық жабылады, және оның дебеттік сальдосы
болмайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен акционерлік қоғамның
жарғылық капиталының құрылуының есебінің тәртібін қарастырайық.
Құрушылардың номиналды құны бойынша жарғылық капиталдағы
жарияланған және тіркелген салымдары бойынша қарыздардың сомасына келесідей
бухгалтерлік есеп шотының жазулары жазылады.
Шоттың дебеті 5020 Төленбеген капитал сәйкесінше шоттардың
кредиті: 5010 Қарапайым акциялар
5010 Артықшылығы бар акциялар
Акционерлік қоғамның жарияланған акциялары қоғамды заңды
тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгеннен күннен отыз күн ішінде құрушылармен
толық төленуі тиіс. Жарғылық капиталға жарияланған және тіркелген
акциялардың салымдар немесе нақты төлемдерінің түсуі келесідей болады:
ақша-қаражаттары үшін банктің берген көшірмесіне сәйкес ақшалардың
валюталық немесе есеп айырысу шотына көшірілуі. немесе кассалық кіріс
ордеріне сәйкес ұйымның кассасына қолма-қол ақша-қаражаттарының салынады
негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлы-материалдық
қорлар үшін көрсетілген мүліктік құндылықтардың түсуін расстайтын, негізгі
құралдарды, материалдық емес активтерді қабылдау және жөнелту актісін,
үстеме және басқа да құжаттарды құру
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына есеп айырысу нысанында
байланысты қолма-қол немесе қолма-қолссыз құрушылардан жариланған және
тіркелген акциялардың құндарына төлемдердің түсуіне қарай келесідей
бухгалтерлік жазулар жазылады:
Сәйкесінше шоттардың дебетіне:
1040 Есеп айырысу шотындағы ақша-қаражаттары
1010 Ұлттық валютадағы кассадағы қолма-қол ақша-қаражаттары

Шоттардың кредиті 5020 Төленбеген капитал

Құрушылардан жариланған және тіркелген акциялардың құнының төлемі
ретінде негізгі құрушылардың шоттарының емес активтерінің, тауарлы-
материалдық қорлардың түсуі кезеңінде келесідей бухгалтерлік жазулар
жазылады:
Келесі бөлімшелердің сәйкесінше шоттардың дебеті
2700 Материалдық емес активтер (2710-2730 шоттары)
2410 Негізгі құралдар
1310 Материалдар (1310 – 1350 шоттар)
1330 Тауарлар (1320-1350 шоттар)
Шоттың кредиті бойынша 5020 Төленбеген шоттар
Акционерлік қоғам бағалы қағаздар нарығында өз акцияларын номиналды
құнынан жоғары орналастыру құны бойынша жүзеге асыруы керек. Орналастыру
құны бойынша сату құнының сомасының номиналды құнынан асуы кезінде
келесідей бухгалтерлік жазулар береді:
Шоттың дебеті 1040 Есеп айырысу шоттағы ақша-қаражаттар
Шоттың кредиті 5110 Қосымша төленген капитал
Айтылғандай, жарияланған және тіркелген жарғылық капиталға толық
төлем жасалған кезде 5020 Төленбеген капитал шотының қалдығы сальдосы
болмайды.
Жарғылық капиталының, акцияның айналысынан алынған сомадан, азаюы
кезінде келесідей шоттардың корреспонденциясы жасалады сәйкесінше шоттардың
дебеті
5010 Қарапйым акциялар
5010 Артықшылығы бар акциялар
Шоттың кредиті 5210 Алынған капитал
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрастырған ЖШС-ның
жарғылық капиталы ақша, материалдық емес активтер, негізгі құралдар, таурлы-
материалдық қорлар, бағалы-қағаздар, және т.б. түріндегі құрушылардың
салымдарын біріктіру арқылы. Құрастырылады.
Ұйымның жарғылық капиталына құрушылардың бастапқы кріс құжаттары
негізінде жоғарыда көрсетілген құндылықтар салымдар мен пайдалар кезінде
бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазу жасалады.
Келесі бөлімшелерден сәйкесінше шоттардың дебеті:
2700 Материалдық емес активтер (2710-2730 шоттары)
2410 Негізгі құралдар
1310 Материалдар (1310-1350 шоотар)
1330 Тауарлар (1320-1350 шоттар)
Шоттың дебеті 1040 Есеп айырысу шотындағы ақша-қаражаттары
Шоттың дебеті 1010 Кассадағы ұлттық валютадағықолма-қол ақша-
қаражаттары
Шоттың кредиті 5010 Салымдар мен пайдалар
Жарғылық капиталдың талдамалы есебі құрушы құжаттар көрсетілген
акционерлер немесе құрушылар заңды және жеке тұлғалар бойынша субшоттар
бөлімшелерінде номиналды құны мен орналастыру бағасы бойынша акциялар,
салымдар мен пайдалардың түрдеріне қарай №13 журнал-ордерінде жүргізіледі.
Акцияның талдамалы есебінің жүргізу үшін негіз болып құрушылардың
тіркелімінің көшірмесі болып табылады. Көшірменің нөмері, мерзімі атауы мен
тіркелген тұрақты жері және келесі мәселелері болуы қажет:
акцияға ие акционерлердің жалпы саны
тартылатын акциялардың жалпы саны мен оларға ие акционерлердің саны
5 пайыздан жоғары акцияға ие акционерлердің жарғылық капиталдағы үлесі
туралы ақпараттар.
Есепті компьютерлендірудің кезінде жарғылық капитал мәліметтер №13
журнал ордерінде сәйкес машинограмма нысанында алуға болады. Ұзақ мерзімде
пайдалану кезінде негізгі құралдардың құрамы өзгереді: Олар сауда
ұйымларына келіп түседі, іске асырылуға жіберіледі, іске асырылу кезінде
тозады, жндеу негізінде қалпына келтіріледі, ұйым ішінде орын аустырады,
алдағы уақытта пайдалануға жарамсыз болғанда және басқа да кәсіпорындарға
берілген жағдайда шығысталады.
Осы аталған операциялардың барлығы бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
Негізгі құралдарың бухгалтерлік есебінің мақсаты:
• негізгі құралдар пайдалану орындарына байланысты тіркелуінің дұрыс
жүргізілуі және олардың сақтығын бақылу;
• негізгі құралдардың кірістелуінің және олардың ұйым ішінде орын
ауыстыруын, шығысталуын және жойылуын уақытылы есептілікке көрсету және
құжаттың тіркелуі;
• негізгі құралдың тозуын уақытылы есептеу, есептілікте көрсету және
оның ЖШСның шығынының уақытылы кірістелуі;
• негізгі құралдың жаңартуына, жөндуіне, қалпына келтіруіне
материалдардың дұрыс шығысталуын бақылау;
• толық амортизациядағы негізгі құрал объектісінің шығысталуынан
шеккен зиянды және жойылуын нақты анықтау;
• негізгі өндірістік құралдардың баланстық құнына бекітілген мөлшерде
мүлікке салық соммасын дұрыс орнату (транпорттықтан басқа) ҚҚС құнын.
Сонымен қатар бухгалтерлік есеп негізгі құралдың падалануына бқылау жүргізу
керек.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындар басқа кәсіпорынға
егізгі құралды қайтарымсыз беруг, сатуға ауыстыруға, жалға беруге, олар
тозған немсе моральді ескірген жағдайда, олардың толық амортизациясының
амортизацияланбауына байланыссыз баланстан шығара алады. Осындай
жағдайлардаға байланысты бухгалтерлік есептің ақпараттық функцияларының
маңыздылығы негізгі құралдарың келіп түсуін, оларды дұрыс пайдалануын,
сақталуын бақылау негізінде жоғарылай түседі. Ол алдын ала, ағымдағы және
болашақтағы бақылаудыңтұтастығын көрсетеді.Алдын ала бақылауда негізгі
құралдардың келіп түсуі және шығысталуының алғашқы бухгалтерлік
құжаттарының падалануы және құжатталуы бекітілген тәртіппен жүргізілуіне
назар аударылады. Негізгі құралдың келіп түсуіне байланысты шаруашылық
опреацияларының бухгалтерлік есепте уақытылы және шынайы көрсетілуі
маңызды, себебі амортизяциялық есептілік, табыс көлемі, сауда шығындары,
мүлік салығы, рентабельділік және кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің
тиімділігін көрсететін басқа да көрсеткішер осыған байланысты.
Шаруашылық операциялардың жүйелік тіркеуін жүргізу арасындаы
бухгалтерлік есеп негізгі құралдарың тек нақты жағдайын ғана анықтап
қоймайды, сонымен қатар ЖШСнда шаруашылық операция процесінде дұрыс
пайдалануын бақылауға мүмкіндік береді. Жақсы ұйыдастырылған бухгалтерлік
есептілікте тек негізгі құралды тиімді пайдалану көрсеткішін анықтап қана
қоймай, оны тиімді пайдалануға әсер ететін жағдайлар мен мәселелерді
анықтауға мүмкінді береді.

2.2. Негізгі құралдыңжәне материалдық емес активтер есебі.
2.2.1. Негізгі құралдың келіп түсі есебі және құжаттың рәсімделуі
Негізгі құрал кәсіпорынға капитал салымы ретінде (жаңа ғимарат,
құрылыс салу); жаңа құрал-жабдықтар сатып алу және қондыру; жеке және заңды
тұлғалардың төлемі, сонымен қатар жаңа немесе бұрын қолданыста болған
негізгі құрал объектілерін аукционда сатып алу жеке және заңды
тұлғаларданжаңа және қоладаныстағы негізгі құралдарды құрущылардың салым
ретінде, акционерлік кәсіпорындардаң қатысыушыладың жарғылық капиталға
салым ретінде; инвентаризация кезінде , ұзақ мерзімді жал ретінде келіп
түседі.ъ
Белгілі құджаттар негізінде барлық негізгі құралдар толық және
уақытылы кірістелуі тиіс. Кәсіпорынға келіп түскен негізгі құралдарды
кәсіпорын басшысының бұйрығымен құрылған арнайы комиссия қабылдайды.
Негізгі құралдар комиссия мүшелеріен жасалатын Негізгі құралдардың
кірістелуі актісімен рәсмделеді. (НҚ-№ 1) Акт формсы төменде көрсетілген.
Онда қабылданатын объектілер туралы тлық ақпарат бастапқы құны, тозу сомасы
сонымен қатар комиссияның нгізгі құрал жағдайы туралы қорытындысы
көрсетіледі. Акт әрбір қабылданған негізгі құрал объектсіне жасалады.
Жиынтық акт құралдар , құрылғылар бірдей болған және календарьлық ай ішінде
кірістелген жағдайда ғана жасалады.Негізгі құралдың қабылдауберу актісі екі
жақтың, берушімен қабылдаушының келісімімен жасалады. Онда іске жіберілу
уақыты, жасалу мерзімі, бастапқы құны және тозу сомасы көрсетіледі. Негізгі
құралды қабылдау-беру актісіне сол объектіге қосымша техникалыққұжат
беріледі. Комиссия мүшелерімен беітілген және толтырылған қабылдау
құжатымен және басқа да техникалық құжаттар мен қоса кәсіпорынның
бухгалтериясына берілуі. Онда сол құжаттар негізінде объектілер жауапты
тұлғаның атына тіркеледі. Барлық инвентарлық объектіге жек инвентарлық
карта жасалады. (аналитикалық есеп регистрі) ( НҚ №6), оюъектіге
инвентарлық нөмір беріледі, объектіні инвентарлық тізімге бекітеді (орндасу
орнына байланысты), Негізгі құралдың кірістелуі жайлы жазба жасалады.
Инвентарлық карта формасы төменде көрсетілген.
Объектіге берілген инвентарлық нөмір, оның кәсәіпорында болған барлық
кезеңінде сақталады. Осы нөмірмен ол барлық алғашқы құжаттарда және есеп
регистрлерінде жүргізіледі. Объект шығысталған жағдайда оның инвентарлық
нөмірі басқа объектіге берілмеуі тиіс.
Негізгі құрал қозғалысының синтетикалық есебі 12 бөлімде Негізгі
құрал шотында жүргізіледі.
Мұнда негізгі құралдардың жеке объектілердің есебінің инвентарлық
шоттары бар: 2415 Жер, 2410 Ғимарат пен құрылыс, 2412 Машиналар мен
құралдар 2414 Басқа да негізгі қралдар, өткізу қондырғылары, 2413
Транспорттық құрал-жабдықтар 2930 Аяқталмаған құрылыс. Бұлар активті
шоттар, сондықтан дебитінде келіп түсулер, кредитінде негізгі құралдардың
шығысталуы көрсетіледі. Негізгі құрал бастапқы құн енгізінде есепке алынады
және бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзім бабында сол құнымен көрсетіледі.

ЖШС Green House
Кәсіпорын,ұйым

БЕКІТЕМІН

Кәсіпорын жетекшісі
Баймукашев Л.К.

Аты-жөні
АКТ
КІРІС-ШЫҒЫС
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАДЫҢ ( ЖЫЛЖУЫ) (қысқарған)

10 ақпан 20 хх жылғы

Құжат нөміріЖасалу Кәсіпорынның Негізгі
мерзімі құрылымдық құрал үшін
бірлігінің жауапты
коды тұлғаның
коды
003 10.02.20 01 004
хх

Алушы Дебет Кредит БастапНөмірі АналитиАморт
қы калық изаци
құны есептіңялық
тенге және аудар
шоттың ым
коды норма
сы
Цех Жер бригада Шот, субшот Аналитикалық
(бөлім) есеп коды
13 14 15 17
16 18
02 - 2001 10.02.20 Х-23416
099 хх

Аударылу себебі
Объектіге қысқаша анықтама жаңа, құжат бойынша қорапта
Объект техникалық шартқа сай
Сай емес
Объект техникалық шатқа
сай
Не сайес келмейтінін нақты
көрсету
Объектінің сынақтағы нәтижесі эксплуатацияға жарамды

Комиссия қорытындысы № 1магазинге жатады
Қосымша. Техникалық құжат тізімі құжат №Х – 23416
Комиссия председателі: Директор замы Т.А.Аманов
Лауазымы
қолы Аты-жөні
Комисся мүшелері: Бас инженер Муратов
Б.Б.Муратов
Лауазымы
қолы Аты-
жөні
Бас бухгалтер
Нұрмағанбетова А.Д.Нұрмағанбетова
Лауазымы
қолы Аты-
жөні

Дүкен меңгерушісі
Исина А.Б.Исина
Лауазымы
қолы Аты-
жөні

Негізгі құралдар объектісін қабылдады Дүкен меңгерушісі
Исина А.Б.Исина

Лауазымы қолы Аты-жөні
Тапсырды: Менеджер
Ахметова Т.О.Ахметова

лауазымы қолы Аты-жөні

Бухгалтер белгісі объектке ОС-6 №12 карточка ашылды
Карточка ашылу туралы не
кітапқа тіркелу туралы

ЖШС Green House
НҚ-6 ведомствоаралық типтік форма
Кәсіпорын

Бухгалтерлік жазба Объектілер саны Барлық объектілердің
бастапқы құны, теңге
күні Нөмірі
14 15 16
17
11.02.20хх 15 1
350000

Негізгі құрал есебінің
ИНВЕНТАРЛЫҚ КАРТОЧКАСЫ
Тоңазытқыш құралы

(объектінің бағыты және толық атауы)

ААҚ Самсунг

Шығарушы-зауыттың толық атауы

Кәсіпорынның ӨндіЦех Шот, субшот Аналитикалық есеп коды
құрылымдық бірлік ріс (бөлі
коды түрім)
Инвентарлық зауыттық
күні Нөмірі ИнвентарлықСома, күні Нөмірі ИнвентарлықСома,
нөмір теңге нөмір теңге


Объектінің жеке қысқаша сипаттамасы

Объектке сипаттама Материалдар, көлемі және басқа да ақпарат
беретін конструктивтік
элементтердің және басқа
да белгілерінің атауы

Негізгі объект Негізгі объектіге
байланысты маңызды
құрылғылар, құндылықтар
және қондырғылар атауы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың дамуы
Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары
ЖШС TOYES CATERING кәсіпорынының қызметімен танысу
«Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясына сипаттама
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУДІҢ МАҚСАТ МІНДЕТТЕРІ
Сақтандыру ісін ұйымдастыру
Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің шығу төркіні
Әлемдегі ерекше отельдер
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Туристік - рекреациялық кешеннің құрылымы
Пәндер