Алматы облысының 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасына талдау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География факультеті
Туризм кафедрасы
Диплом (Бітіру) жұмысы
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 2007-2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТУРИЗМ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ТАЛДАУ
Орындаған
4 курс студенті Нарымбетова А. Ш.
Ғылыми жетекшісі Жылқыбаева М. І.
аға оқытушы (қолы, күні)
Норма бақылаушы Байжокенова А. М.
(қолы, күні)
г. ғ. д., профессор кафедра
меңгерушісінің рұқсатымен
қорғауға жіберілді Ердавлетов С. Р.
(қолы, күні)
Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА СИПАТТАМА
1. 1 Облыс төлқұжаты . . . 5
1. 2 Туристік потенциалы және орталықтары . . . 9
1. 3 Туризм инфрақұрылымы . . . 25
2 БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ
2. 1 Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері . . . 32
2. 2 Туристік қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту . . . 32
2. 3 Маркетинг және туристік өнімнің алға жылжуы . . . 33
2. 4 Туристік саланы ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету . . . 36
2. 5 Туризм кластерін құру және туристік саланы кластерлік дамыту . . . 37
3 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК САЛАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
3. 1 Аудандар мен қалалардағы туризм дамуының жағдайларын талдау . . . 43
3. 2 Алматы облысында 2007-2009 жылдар аралығында бағдарламаға сәйкес атқарылған шаралар . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 51
КІРІСПЕ
Алматы облысында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» № 211 Заңына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауының «Қазақстанның елу бәсекеге қабілетті елдер құрамына ену стратегиясын» жүзеге асыру шараларын орындаудағы жалпыұлттық жүйелік кестесінің 16 тармағына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 Әлеуметтік-экономикалық орта мерзімді жоспарына сәйкес әзірленді.
Бағдарламаның негізгі әзірлеушісі Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стартегиясына сәйкес туризм мемлекеттің 2010 жылға дейінгі экономикалық дамуының басымдылығы болып белгіленді.
Өткен кезеңде Алматы облысында туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асырылды, мемлекетаралық туристік байланыстар кеңейтілді. Сонымен қатар, 2003-2015 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық даму стартегиясының негізгі параметрлерін ескере отырып, туристік саланы дамыту жөніндегі шараларды іске асыруға көп көңіл бөлінді.
Туристік индустрияның дамуына экономика саласының басым секторларының бірі, соның ішінде жеті пилоттық кластерді тануға түрткі болды. Осы жағдай қызмет көрсету саласында, оның ішінде туризмге жақын: ауыл шаруашылығы, ұлттық табиғи парктер, мәдениет, көлік және коммуникациялық инфрақұрылымда және т. б. салаларда халықты жұмыспен қамтамасыз ету арқылы экономикалық өсуге ықпал жасау мақсатында мемлекеттің бәсекелестікке қабілетті туристік индустриясын дамыту жөніндегі мақсатты айқындау және міндеттерді шешу үшін алғышарттар жасады.
Қалыптасқан жағымды бастамалар туризм саласының бастапқы міндеттерін ғана емес, сонымен қатар оның ұзақ мерзімге қойылған даму келешегін есепке алуды да көздейді. Басты міндеттердің бірі - Қазақстанның 2011 жылға дейін Орталық Азия аумағының туризм орталығына айналу - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясымен анықталды.
Бағдарлама экономиканың басым секторы ретінде саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін қамтиды. Алматы облысының өзгеше табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі туристік индустрия - капитал сыйымдылығына қарамастан салынған қаржыны өтеу бойынша серпінді дамудағы және тиімді салаға туризмнің ықпалдастануына жүйе құраушы фактор болып табылады.
Туризмге жақын салалардың (көлік-коммуникациялық инфрақұрылым, қызмет көрсету, мәдениет, құрылыс, сақтандыру және де басқа) дамуына негізделген турөнімнің кешенді өткізу және инвестициялық белсенділікті ынталандыру халықтық жұмыспен қамтылуын және кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.
1 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА СИПАТТАМА
1. 1 Облыс төлқұжаты
Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224, 0 мың шаршы км. Облыс аумағында 16 аудан және 3 қала ( Қапшағай, Талдықорған, Текелі ) бар. Облыс орталығы - Талдықорған қаласы [1 сурет] . Халық саны 2006 жылдың 1 қаңтарына - 1603, 7 мың адам. Алматы облысының батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.
1 сурет. Талдықорған қаласындағы «Үш ата» ескерткіші [5] .
Тарихы. 1932 жылдың 10 наурызында Алматы облысы құрылды. 1944 ж. 16 наурызында Алматы облысынан Талдықорған облысы бөлініп шықты. Талдықорған облысы 1959-1967 жылдары Алматы облысының құрамында болып, 1967 ж. 23 желтоқсанында қайта бөлінді. 1997 ж. 22 сәуірінде Талдықорған облысы таратылып, оның аудандары Алматы облысына қосылды.
Ерте кезден бастап бұл көркем және таңқалдырарлық жерді Жетісу деп атаған. Ғасыр ортасында - ақ Жетісу егін шаруашылығы мен сауданың маңызды орталығы болып табылған; оның территориясы бойымен әйгілі Ұлы Жібек жолының бір тармағы өткен. Қазақ халқының көне мәдениеті құнсыз тарихи ескерткіштерінде бейнеленген.
Табиғаты. Облыстың табиғаты мен жер бедері әр түрлі. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы - Бесбасқан (4442 м. ) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1, 0 мың шаршы км-ге жуық. Облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің, т. б. жоталарынан құрылған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының батысын және оңтүстік батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандыдала, Бозой, Қараой) .
Іле және Жоңғар Алатауы жоталарының арасында Іле шұңқырлығы орналасқан, ол Іле өзенінің орта ағысымен беттеседі. Бұл шұңқырлық Балқаш-Алакөл шұңқырлығынан Караой жазығы арқылы бөлінген. Батыста ол Қопа жазығына өтеді. Қазір Іленің ені 7-8 км. және ол тоғайлармен, төменгі құмдармен, сор топырақтармен мекен етілген. Іленің қалған бөлігінің кеңістігі өзен терассаларымен жасалған.
Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Тянь-Шань тауының солтүстік беткейіорналасқан, оған Шу-Іле таулары мен Іле Алатауының, Күнгей Алатауының, Кетменнің жоталары кіреді. Облыстың оңтүстік-шығысының шеткі бөлігінде Теріскей-Алатау жотасының саласы орналасқан. Оңтүстікте Хан-Тәңірі шыңы орналасқан.
Шу-Іле таулары облыстың оңтүстік-батысында орналасқан. Бұл биік емес таулар, олар жеке ірі тастарға мүшеленген, олардың беттері тегістелген, ал беткейлері құламалы. Бұл жерде шөлдің желденуінен туған топырақтың қызық формалары қалыптасады.
Іле Алатауы жотасы оңтүстікке қараған кең доғаны қалыптастырады. Жота ұзындығы 300 км. ені 35-40 км. шамасында. Оның орталық бөлігі альпілік сипатқа ие, 4500-5000 м. биіктігінен бастап бұл жерде қазіргі мұздану шоғырланаған. Жотаның ең жоғары нүктесі - Талғар шыңы. Іле Алатауының солтүстік беткейінде беткейленген тегіс жазықтар, тау етегіне түсетін терассалар жақсы дамыған. Прилавоктардың жоғарғы сатысы төменгісінің құламалы шығындысымен үзіледі. Оңтүстік беткей көбірек тікшілденген, бірақ аз мүшеленген.
Күнгей - Алатауы мықты кетіктелген қабырғасымен Ыстықкөлдің шұңқырлығын солтүстіктен шектейді. Жотаның дәл осылай орналасуы оның атының қойылуына негіз болған еді. Әдетте жергілікті халық Алатау атымен қар басқан тауларды атайды.
Шелек - Кемен қысқа тау түйіндісі орталық бөліктегі Күнегей-Алатауы солтүстікте орналасқан Іле Алатауының параллельді жотасымен қосады.
Күнгей - Алатауының биіктігі 4000-4200 метрге жетеді. Жотаның жоғары нүктесі - Шотқал (4770м. ) . Іле Алатауының солтүстік беткейінде тау бөктерінің жолағы жақсы дамыған. Ол үшін жоғары тау рельефі тән. Іле Алатауы мен Күнегей Алатауы жоталарынан шығысқа қарай Сугетін таулары мен Торайғыр жотасы орналасқан, олар тіке төментаулы мүшеленген рельефке ие. Одан кейін Кетмен жотасы келеді. Бұл аймақта орташа таулардың мүшеленген рельефі анық байқалады, төбелері жазық тегістелген, мұнда ежелгі мұздық белгілері бар. Қазіргі мұздалу жоқ, тек кішкене қар түйіршіктері ғана бар. Бұл жотадан оңтүстікке қарай биіктігі 4500 м. болатын Теріскей - Алатауының шығыс салалары орналасқан.
Тау аралығында тұйықталған және жартылайтұйықталған тауаралық ойыстар орналасқан - Кеген, Жалаңаш, Текес, т. б.
Облыс территориясы бойымен Іле (Қазақстан шегінде 815 км., жалпы ұзындығы -1439 км. ), Лепсі (147 км. ), Қаратал (390), Ақсу (316 км. ), Тентек (200), Ырғайты (69 км. ) .
Ірі көлдер - Балқаш (18200 шаршы км. ), Алакөл (2650 шаршы км. ), Жалаңашкөл (36, 6 шаршы км. ), Сасықкөл (736 шаршы км. ) . Іле өзенінде Қапшағай су қоймасы (ауданы - 1847 кв. км, cу көлемі - 28 млрд. куб. м) . Шелек өзенінде - Бартоғай суқоймасы ( ауданы - 14 шаршы км., су көлемі - 320 млн. куб. м. ) . Құрты өзенінде - Құрты суқоймасы (ауданы -8, 3 шаршы км., су көлемі - 120 млн. куб. м. ) салынған.
Геологиясы. Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзген және кембийге дейінгі кристалды тақтатасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер т. б. палеозой жыныстары кеңінен тараған. Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құрамы, гипс, тас көмір, қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жер асты сулары бар.
Климаты. Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде -10 - 16С, оңтүстікте -4 -9С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының
орташа температурасы солтүстігінде 25С, оңтүстігінде 27С. Бұл жазық өңірлерінде жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы -5 -9С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде -21 -23С, тау аңғарларында 19-22С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Балқаш пен Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.
Тұрғындары. Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 7, 3 адамнан (1997), тау етегінде (теңіз деңгейінен 500-900 м. ) 1 шаршы км-ге 19 адамнан, Балқаш атырабында 1 шаршы км-ге 2, 6 адамнан келеді. Олардың 30, 3 % қалада тұрады. Қалалары: Талдықорған, Қапшағай, Текелі, Талғар, Жаркент, Үштөбе, Үшарал, Қаскелең, Есік, Сарқант [1] .
Экономикасы. Алматы облысының экономикасы көп салалы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік пен байланыс және сауда құрылымдарынан тұрады. өнеркәсіпте электр энергетикасы (1997 ж. жалпы өнеркәсіп өнімдегі үлесі 39, 9 %), машина жасау және металл өңдеу (6, 5 %), құрылыс материалдары (6, 2 %), тамақ өнеркәсібі (38, 2 %), ұн, жарма және құрама жем (5, 5 %) салалары жақсы дамыған. Облыста жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, фарфор-фаянс өндірістері қалыптасқан. 1991-1997 ж. өнеркәсіп өнімі 2, 6 есе артты. Сонымен қатар қызылша, картоп, көкөніс, бақша, жеміс-жидек және жүзім шаруашылықтары айрықша дамыған. Одан тыс мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, бал, сүт және қымыз өндірістік шаруашылықтары бар. Балқаш, Алакөл көлдерінен сазан, көксерке, табан балық, алабұға ауланады. Алматы облысы Еуропа, Азия және Америка құрлықтарының қырық шақты елімен сауда қатынасын жасайды. Экспортқа шығатын өнімдерге тері шикізаты, жүн, аккумулятор, түсті металдар жатады. Сырттан электр аппараттары, есептеу техникасы, т. б. құрал-жабдықтар алынады. Қазақстанның ішкі жиынтық өніміндегі облыстың үлесі 6, 5 % шамасында (1997) [2 сурет] .
2 сурет. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Алматы облысының өндірістік орындарын аралау сәті [5] .
Шағын бизнес. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 6200 сауда үйлері, дүкендері жұмыс істеді, 94 кафелер мен мейрамханалар пайдалануға берілді. 600 шағын кәсіпкерлер тұтынушылар товарларын шығаруда, 1900 обьект сервистік қызмет көрсетеді, ауылда туризмді дамыту үшін 93 туристік бағыттар ашылды, қызмет көрсету тізбесі 11 ден 46 түрге дейін кеңейтілді.
Туризм. Облыста 349 туристік обьект бар ( 57 қонақ үй, 61 қонақтарға арналған коттедждер, 14 санаторий және профилакторий, 176 демалыс зонасы және базасы, т. б. ) .
Облыста 107 туристік маршрут жасалынған. Мұнда туризмнің танымдық, экологиялық, орниталогиялық, этнографиялық және т. б. түрлері қарастырылған. 2006 ж. облыста 248, 4 мың туристке қызмет көрсетілген. Туристерден түскен табыс 1424, 8 млн. теңге, бұл алдыңғы жылға қарағанда 10 %-ға өскен [2] .
1. 2 Туристік орталықтары және потенциалы
Алматы облысында «Алматы», «Іле Алатау», «Алтын Емел», «Алакөл», «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен қорықтар орналасқан.
«Алматы» мемлекеттік табиғи қорық 1931 ж. салынған. Қорықтың территориясы 71700 га. Биіктігі теңіз деңгейінен 1200-5017 м. [3 сурет] .
«Алматы» мемлекеттік табиғи қорықтың басты мақсаты табиғи комплексті зерттеу және сақтап қалу.
3 сурет. «Алматы» мемлекеттік табиғи қорығы [5] .
Парктің табиғаты әр түрлі. Мұнда: жапырақты, аралас және тағы басқа орман түрлері кездеседі. Қорық территориясының 30%-н мұздықтар құрайды. Осы мұздықтардан Талғар, Есік, Шелек өзендері ағып шығады. Мұнда көптеген хайуанаттар түрлері бар. 200 жуық құс түрлері, 38-ге жуық сүтқоректілер және тағы басқалар. Мұнда көбіне барыс, бүркіт, архар, жейран, киіктер кездеседі. Қорық территориясында Қазақстанның Қызыл кітапқа енген 22 жануар түрі және 28 өсімдік түрі сақталған. «Алматы» қорығының өз музейі бар. Мұнда осы қорықтың флорасымен және фаунасымен танысуға болады. Іле Алатауындағы ең биік нүкте осы «Алматы» қорығында орналасқан. Ол - Талғар шыңы, биіктігі теңіз деңгейінен 5017 метр.
Іле Алатау ұлттық табиғи паркі Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсырысы бойынша 1996 жылдың 22 ақпанында ашылды. Парк территориясы 202 292 га. Мұнда көптеген туристік обьектілер бар: Тургень сарқырамалары, «Иссык» көлі, «Жасылкөл» көлі, «Тұйықсу» мұздығы, үлкен Алматы көлі, «Горельник» сарқырамасы, «Бутаковский» сарқырамасы, Алтын адамның тас мүсіні және тағы басқалар [4 сурет] .
4 сурет. Іле өзені [5] .
Алтын Емел ұлттық табиғи паркі Жоңғар Алатауының оңтүстігін алып жатыр. Алтын Емел 1996 жылдың 10 сәуірінде пайда болған. Парк территориясы 520, 2 мың гектар. Парктің едәір жерін таулы массивтер алып жатыр [5 сурет] . Мұнда 1800-ге жуық өсімдіктер түрі бар, оның 21 Қазақстанның Қызыл кітабына енген және де паркте 60 жуық эндометриялық және сирек кездесетін өсімдіктер өседі. Алтын Емелдің фаунасы да өте бай. Мұнда: жейран, архар, түркмен құланы, барыс, бүркіт, манул, балобан, сапсан және т. б. Парк территориясында «Әнші құм» экотуризм обьектісі орналасқан. Бұл өте сирек кездесетін ландшафтты ескерткіш. Ұзындығы 3 км., ені 500 метр, биіктігі 100 м. астам.
Саябақ аумағының ландшафты саналуан: Іле өзенінің бойындағы аралдар мен жағалауларда тоғай өсімдіктері; Қапшағай суқоймасына құятын өзен атырабында және көлдерде ұйықтар; құмды және ұсақ тасты шөлдер мен шөлейттер; тау сеңгілеріне дейін алы жатқан көптеген тау қыраттары.
Үлкен және Кіші Қалқан тауларының арасында Іле өзенінің жағалауын үлкен құмды тау - Әуенді Бархан алып жатыр. Оның биіктігі шамамен 200 метрдей, ал гребень ұзындығы -жартыкилометр шамалас. Басқа бархандарға қарағанда бұл өзінің орны мен пішінін өзгертпейді, себебі мұндағы төбелер арасындағы жылғадағы жел раушанының бағыты ерекше. Одан кішілеу тағы екі бархандар оның жалғасы секілді. Барлық құмды жерлер 10 шаршы километр ауданын алып жатыр. Бархан шыңынды әрқашан жел соғып тұрады және ол қиыршықтарды ұшырып, құмда толқын суретін салады, бірақ соған қарамастан бархан шыңы әрқашан алмас екілді өткір қырлы болып тұрады. Құрғақ ауа райында Бархан гуілдей, яғни әндете бастайды. Бұл таңғажайыпты түсіндіруге ешкімнің шамасы келмейді. Физиктердің ойынша, бұл майда қиыршықтың үйкелуінің және резонансты толқындар салдарынан деп санайды; ал жергілікті халықтың айтуынша бұл қуғыншылардан қашқан екі ғашықтар құмның астына тығылған, енді қосыла алмаған ғашықтар бір - бірін жоқтап шақыруда деген аңыз бар. Чулак, Дегерес және Матай тауларының күнге күймейтін қырлары жабайы да адам аяғы баспаған.
Жоғарғы өсімдіктердің флорасының 634 түрі бар, олардың 41 түрі жиі кездесетін және жоғалу қаупі бар өсімдіктер қатарына жатады, ал 29 типті өсімдіктер «Алтын - Емелдің» эндемикі болып табылады. Ормандарында: туранга (700 жыл) және джида ағаштары; үйеңкі (300 жыл), ырғай, іле барбарисі типті бұталар өседі. Шөл далада қара сексеуілді аймағы да кездеседі, ал Әуезді Бархан жотасында ақ сексеуіл де кездеседі. Жайлау мен тау бөктерінде шамамен 5000 қара құйрық, 3000 тауешкілер, тауда архарлар мекендейді. 70- жылдардың аяғында Барсакелместен 32 бас құлан әкелінген, қазір олардың саны 700 ге жетіп отыр. Бұл аймақта тас сусары, дала мысығы, манул және басқа да жануарларды кездестіруге болады. Қазақстан Мюнхен зообағынан сегіз Пржевальскийй атын сыйға алды (аттардың қазақстандық тіркелген жері - Алтын Емел саябағы) . Сонымен қоса мұнда құстардың 231 түрі және балықтардың 26 түрі мекендейді.
5 сурет. Алтын Емел ұлттық табиғи парктегі Ақтау тауы [5] .
Көлсай көлі бойынша экскурсия жыл мезгілінің кез келген сәтінде қызықты. Әсіресе осы көлге апаратын жол ерекше әдемі. Ол серпантин лента секілді, біесе ағаштар арасына сүңгиді, біресе сымбатты қарағайлар мен аралас орманның жанынан өтіп қауіпті қырлармен аса жөнеледі. Көлдің қоршаған ортасы жазда жасыл желегімен таң қалдырса, күзде анық . тіпті қыстың қақаған аязында, су беті мұз бен қар басып жатса, ол өзінің көрінісі мен құпиялылығымен таң қалдырады.
Үш қайталанбас тау көлдері: Көлсай-1, Көлсай -2, Көлсай -3, сәйкесінше теңіз бетінен 1700 м., 2252 м. және 2650 м. биіктікте орналасқан. Олар тау өзені арнасынан тасып, су қоймадан көтеріліп, асу етегіне тасығанда пайда болған. Көлдер расында табиғат таңғажайыбы болып келеді. Бір рет болса да, жолы болып, көрген адам олардың сұлулығын, тыныштығын және қоршаған ортасының сабырлылығын ұмыта алмас. Көлдің суының беті тыныш болып тұрған сәтінде, оның бетінен аспан мен тау ландшафтының бейнесін байқауға болады. Тау қыратымен, ормандармен, альпі шалғынымен және эдельвейс тауларының нәзік зәйтүн белгілерімен қоршалған ол аймақ, сізді сиқырлап алатын тәріздес. Сонымен бірге көлдің терңдігі де таң қаларлық: бірінші көлдегі ең терең жері 80 м., ал екінші көлдің тереңдігі - шамамен 50 м.
Барлық көлдерде, ең суық үшіншіден басқасында, форель көптеп кездеседі. Жылы маусым мамыр айынан қазан айына дейін созылады, бірақ қайталанбас сұлулық пен табиғат аясындағы керемет демалыстан жылдың кез келген сәтінде ләззат алуға болады: жаз айында көлге шомылып, балық аулап, атпен және жаяу серуеннен рахат алсақ, қыста шаңғы теуіп, мұз айдынында коньки тепкенге не жетсін.
Көлсай-1 көлі Алматы қаласынан 295 км. қашықтықта орналасқан. 1, 5 км. ұзындыққа созылған көл, тар өткелге қысылған. Басқа көлдерге қарағанда бұл жоғары орналасқан және суы да жылы, мұнда балық аулауды ұнататын адамдар өздерінің сүйікті ісімен айналысуға өте қолайлы. Ортаңғы көл Көлсай -2 қарай беттегенде, сіздің бағытыңыз керемет су ағынының бейнесін тамашалай алатын батыс өткел арқылы өтеді. Енді 2-3 сағат жаяу жүргеннен кейін сіз Көлсай -2 көлінің жағалауында боласыз. Мұнда әрқашан көптеген адамдар демалуға келеді, орманнан саңырауқұлақ тереді, ал күн батарда гүлдер мен шөптер бал иісі аңқыған сәтте, ғалымдардың Чехословакиядан әкелген форелдерінің судан суырыл шығып, секіргенін байқауға болады. Мұнда рюкзагыңызды арқалап жаяу не атпен серуендеуге, тіпті атқа рюкзагыңызды арқалатып, өзіңіз жанында жаяу табиғат сұлулығын тамашалап серуендегенге не жетсін. Бұл жерлер әдейі бір көлден екінші көлге жаяу жүруге арналғандай.
Ал алда сіздерді ағайынды үш көлдің ішіндегі ең кішісі - Көлсай-3 - ең суық көл күтіп тұр. Оны тамаша тау қырлары қоршап тұр. Бұл көл Табиғаттың өзі құрған керемет ансамбльді аяқтайы [6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz