Қазақ халқының мәденитеті ( ХV ғасырдың соңы – XVII ғасырдың бірінші ширегі)



Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Қазақ халқының мәденитеті ( ХV ғасырдың соңы . XVII ғасырдың бірінші ширегі)
2 Қазақтардың материалдық мәдениеті
3 ХVII.XIX ғасырдағы қазақтардың қол өнері
Қорытынды
Қазақ халқының мәдениеті халақтық және феодалдық болып, 2 бағытта дамыды. ХV – XVII ғасырларда қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері мен белгілері тұрғын үйлер түрінде, оның жиһаз, бұйымдарында, киімі мен ас-су, әдет-ғұрып, дәстүрінде, қолөнері мен ауыз әдебиетінде түпкілікті айқындалды. Ол өткен дәуірдің мәдениет мұраларымен үйлесім тауып отырды. Сығанақ пен Саурандағы, Жент пен Отырардағы архитектуралық ғимараттар комплексі, Сарайшықтағы Жәнібек пен Қасымның, Түркістандағы Есім мен Жәңгірдің, Ұлытаудағы Қазанғаптың мавзолейлері, Маңғыстаудағы, Сырдария бойындағы, Қаратаудың етегіндегі мазарлар өзіндік ерекшелігімен, архитектуралық құрылысының келістілігімен көз тартады. Үй кәсіпшілігі мен іскерлік өнер бұйымдары – оюлармен безендірілген ертұрман әбзелдері, киіз үйлер, оның шебер жасалған жиһаздары мен бұйымдары, әйелдердің сәнді киімдері мен әшекейлері халықтың материалдық мәдениетінің жоғарғы дәрежеде болғанының айғағы. ХV – XVII ғасырларда қазақтардың ауыз әдебиеті кеңінен дамыды. Халықтан шыққан дарынды ақындар, салдар, серілер, жыраулар «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б. Осы сияқты қаһармандық дастандарды «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Қыз Жібек» тәрізді әлеуметтік-тұрмыстық поэмалар мен тұрмыс-салттық өлең ертегілерді шығарып, ұрпақтан ұрпаққа таратты. Қазақтың ауыз әдебиеті өкілдерінің есімдері: Шалкиіз жырау (15-ғасыр), Доспамбет жырау (16-ғасыр), Жиенбет(17-ғасыр) аңыз болып сақталған. Дарынды халық музыканттары тарихи, тұрмыстық тақырыптарға ертегілерге арнап күйлер шығарды. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы жетілді. Қадырғали Жалаыридің қазақ тілінде жазған «Жәми-ат тауарих» атты шығармасы 17-ғасырдың маңызды тарихи-жылнамалық прозалық ескерткіш.Ал Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарих–и Рашиди» атты шығармасында Қазақ хандығының тарихы туралы алғаш рет деректер беріледі.
1. Ұлттық дәстүрлі өнерде қолданылған ою-өрнектерге байланысты наным-сенімдер. “Ізденіс” гуманитарлық ғылымдар сериясы, №4 (2).2003. Б.114-115, Алматы.
2. Діни нанымдар мен сенімдердің ұлттық дәстүрлі өнердегі көріністері. “ҚазҰУ Хабаршысы” Философия сериясы, Саясаттану сериясы, Мәдениеттану сериясы, №1 (23).2005ж.Б. 168-172, Алматы.
3. Жоғары оқу орындарында бейнелеу өнері маманын даярлаудың негізгі мәселелері. “Қазақстан жоғары мектебі” Халықаралық ғылыми-педагогикалық басылым, №2. 2005ж. Б.56-59. Алматы.
4. Таңбалардың бейнелеу өнеріндегі маңызы. “Ұлт тағылымы” Ғылыми-педагогикалық басылым, №2. 2006ж. Б.40-43. Алматы.
5. Қазақ суретшілерінің шығармашылық еңбектері арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру. Қазақстандық өркениет: адамның әлеуметтенуі мен бейімделуі мәселелері. Халықаралық ғылыми конференциясы. 27-28 қазан, 2005ж. Б. 243-245. Алматы.
6. Дәстүрлі өнердегі діни нанымдар мен сенімдердің көрінісі (зергерлік өнер негізінде). “Үздіксіз білім: проблемалары мен болашағы” Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. 21-22 сәуір, 2006ж. Б.79-83. Алматы.
7. Таңбалардың дәстүрлі табиғаты. “XXI ғасырда білім мен ғылымды ұштастырудың жолдары және білікті мамандар даярлау сапасын арттырудың өзекті мәселелері” атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция. ІІ бөлім. 2006ж. Б.559-560. Шымкент.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Қазақ халқының мәденитеті ( ХV ғасырдың соңы – XVII ғасырдың бірінші
ширегі)
2 Қазақтардың материалдық мәдениеті
3 ХVII-XIX ғасырдағы қазақтардың қол өнері
Қорытынды
Қазақ халқының мәденитеті ( ХV ғасырдың соңы – XVII ғасырдың бірінші
ширегі)
Қазақ халқының мәдениеті халақтық және феодалдық болып, 2 бағытта дамыды.
ХV – XVII ғасырларда қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің
өзіндік ерекшеліктері мен белгілері тұрғын үйлер түрінде, оның жиһаз,
бұйымдарында, киімі мен ас-су, әдет-ғұрып, дәстүрінде, қолөнері мен ауыз
әдебиетінде түпкілікті айқындалды. Ол өткен дәуірдің мәдениет мұраларымен
үйлесім тауып отырды. Сығанақ пен Саурандағы, Жент пен Отырардағы
архитектуралық ғимараттар комплексі, Сарайшықтағы Жәнібек пен Қасымның,
Түркістандағы Есім мен Жәңгірдің, Ұлытаудағы Қазанғаптың мавзолейлері,
Маңғыстаудағы, Сырдария бойындағы, Қаратаудың етегіндегі мазарлар өзіндік
ерекшелігімен, архитектуралық құрылысының келістілігімен көз тартады. Үй
кәсіпшілігі мен іскерлік өнер бұйымдары – оюлармен безендірілген ертұрман
әбзелдері, киіз үйлер, оның шебер жасалған жиһаздары мен бұйымдары,
әйелдердің сәнді киімдері мен әшекейлері халықтың материалдық мәдениетінің
жоғарғы дәрежеде болғанының айғағы. ХV – XVII ғасырларда қазақтардың ауыз
әдебиеті кеңінен дамыды. Халықтан шыққан дарынды ақындар, салдар, серілер,
жыраулар Қобыланды батыр, Ер Тарғын, Қамбар батыр, т.б. Осы сияқты
қаһармандық дастандарды Қозы Көрпеш – Баян Сұлу, Қыз Жібек тәрізді
әлеуметтік-тұрмыстық поэмалар мен тұрмыс-салттық өлең ертегілерді шығарып,
ұрпақтан ұрпаққа таратты. Қазақтың ауыз әдебиеті өкілдерінің есімдері:
Шалкиіз жырау (15-ғасыр), Доспамбет жырау (16-ғасыр), Жиенбет(17-ғасыр)
аңыз болып сақталған. Дарынды халық музыканттары тарихи, тұрмыстық
тақырыптарға ертегілерге арнап күйлер шығарды. Қазақ тілінің грамматикалық
құрылысы жетілді. Қадырғали Жалаыридің қазақ тілінде жазған Жәми-ат
тауарих атты шығармасы 17-ғасырдың маңызды тарихи-жылнамалық прозалық
ескерткіш.Ал Мұхамед Хайдар Дулатидің Тарих–и Рашиди атты шығармасында
Қазақ хандығының тарихы туралы алғаш рет деректер беріледі.
Сахарадағы рухани өмірдің өзіндік ерекшеліктері көп еді. Кең даладағы
көшпенді тірлік, тұрмыстық-қоғамдық өзгешелік сөз өнерінің соңы сипатта
қалыптасуына себеп болды. Өнер ады – қызыл тіл, ал тіл шұрайы - өлең сөз
деп танылады. Халықтың рухани өмірінде жетекші орынға шыққан поэзия
әлденеше ғасыр бойы қазақ әдебиетінің жай ғана көшбасшысы емес, ең басты
жанры қызметін атқарды.
Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының
өзінен-ақ кемел өре, көркем келісімге жетуі заңды болды. Қазақ атымен
алатын дербес әдебиеттің алғашқы өкілдері, өз езінде бүкіл Дешті-Қыпшаққа
даңқы кеткен Асан-Қайғы, Қодан Тайшы, Қазтуған жыраулар мұрасын біз жаңаның
басы ғана емес, көненің жалғасы деп те қарауға тиіспіз. Бұлардың біздің
заманымызға жеткен шығармаларынан Әбілхайыр ұлысындағы бүліншілік, қазақтар
көтеріле көшіп,тәуелсіз ту көтерген қилы кезең көрінісі бедер тапқан.
Сонымен қатар, халықтың өз кезіндегі елеулі тарихи оқиғаларға берген бағасы
да танылған. Елге ұйтқы, ер-азаматқа ақылгөй болған жыраулар қазақ
поэзиясының болашақта ұмтылар бағыт-бағдарын, идеялық тұғыры мен көркемдік
биігін де айқындап кетті.
Кейінгі ұрпақ әулие танып, аңыз кейіпкерлеріне айналдырған, ал Шоқан
Уәлиханов көшпенділер философы атаған Асан Қайғы өз заманының үлкен
ойшылы еді. Ол көптеген нақыл сөздердің, афористік, философиялық
толғаулардың авторы. Керей, Жәнібек хандардың ақылшы биі болған Асан қазақ
руларының орда көтеруін жақтайды, қазақтар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң
ел іргесі берік, ағайын ұжымын күшті болуын үндейді. Өзінің өлең-
толғауларында хандық үкіметті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру
қажетін насихаттайды. Жәнібек ханды табысқа мастанбауға, елдің түбегейлі
болашағын ойлауға шақырады. Феодалдық қоғамдағы әдет-ғұрып, мінез-құлық
мәселелерін көтереді.Өзінің ақындық күшін туыстас руларды бір орталықты,
қуатты мемлекет етіп ұйыстыру жолына арнайды. Біздің заманымызға жеткен
толғауларынан Асанның қилы кезең табиғатын жете танығаны, тіпті, Алтын
Орданың орнында пайда болған халықтардың бәрінің құрып бітетініне дейі
болжай алғандығы көрінеді. ХV ғасырдың орта шенінен бастап қазақ атымен
аталатын мәдениет өркен жаяды. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының
дербес тарихы қалыптасады.
Қазақ тарихы қазіргі Қазақстан жерін жайлаған тайпалар туғызған бай
рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру,
соқпақ-сораптар қалыптастыру нәтижесінде кемелденді.

Қазақтардың ХVШ-ХІХ ғасырлардағы материалдық мәдениетінің жай-күйі
коғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталды. Оның дамуы барысына
көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал
шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші
халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ.
Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі мал шаруашылығымен,
егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары
болып табылады. Көшпелі мал шаруашылығына күрделі енбек құралдары керек
болған жок. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе
жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шідер жасалды; құлындар мен боталарды
байлау үшін жуан арқандар, ноқталар пайдаланылды; мал суаруға қауға, науа
және т.б. дайындалды. Барлық осы айтылған қарапайым еңбек құралдарын, ер-
тұрман әбзелдерін қоспағанда, мал өсірушілер өздері жасап алып отырды.
XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қысқа шөп дайындауға
арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. XIX ғасырдың орта шегінде
шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан аумағында суармалы және тәлімді егіншіліктің ежелгі ошақтары
ертеден болып келген еді. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік
құралдарының қарапайым түрлері болды. Мәселен, тіс ағаш, мала, егін оратын
орақ, ағаштан жасалған аша, ағаш күрек, сыпыртқы егіншілік құралдарына
жатады. Егісті суару үшін суды көтеріп шығаратын әр түрлі аспаптар – атпа,
шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды, оларды жергілікті
ұсталар өздері істеді.
Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына
және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның бүкіл
аумағында бір-біріне ұқсас болды. Қазақтың ат-тұрман әбзелінің ішіндегі
ердің сыртқы түрі мен дайындау тәсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалады.
Олардың үлгілері тиісті өзіндік атаумен аталып келді. Ердің ең көп таралған
түрі, қайыңнан шауып жасалған алдынғы қанаты кең қазақ ері болып
табылады. Мұндай ерлер құрамдас бес бөліктен – алдыңғы қас пен артқы
қастан, екі жақтағы қапталдан және орта ағаштан тұрды. Ердің ағаш сүйегі
мұқият өңделді, ал халықтың ауқатты топтарына арналған күміс кейде алтынмен
қақтап түрлі-түсті бағалы тастан көз салған түрлері болды. Әсіресе
әйелдерге арналған ерлер сәнді безендірілді.
Оңтүстік Қазақстанда ердің құранды ер дейтін түрі таралған. Ол 22
құрамдас бөліктен тұрған және бұл элементтердің әрқайсысынын өз атауы
болған, бұл бөліктердің бәрі желіммен жапсырылып, сыртынан түйенің көнімен
немесе тарамысымен және қайыңның қабығымен тартылып, күміспен немесе
алтынмен безендірілген.
Ер-тұрман әбзелдерін жасау негізінен ершілердің ісі болған. Олар тек
қана ердің өзін емес, сонымен бірге бүкіл ат әбзелдерінің бәрі: тоқым,
құйысқан, өмілдірік, жүген, айыл, тартпа, үзенгі, таралғы, қамшы және т.б.
жасап, оларды әсемдеп, көркемдеп отырған. Ерші ер шабумен өз үйінде,
ішінара арнайы шақыртып алушылардын үйінде айналысқан. Сондай-ақ қайыстан
ат-тұрман әбзелдерін арнайы өретін шеберлерді өрімші деп атаған.
Ең көп таралған қару түрі үш метрлік сойыл, одан сон шоқпар (қатты
ағаш ырғайдан жасалған, ұзын күрзі сияқты) болды. Неғұрлым дәулетті
қазақтардың жауынгерлік айбалтасы, жебелері мен қорамсағы бар садағы
болған. Қол бастаған ықпалды билік иелері мен батырлар сауыт киіп, қалқан,
қылыш, наркескен, селебе, сапы және темір үшты найза мен сүңгі ұстаған.
Қазақ шонжарлары арасында қолдан жасалған білтелі мылтық өте сирек
кездесетін еді. XIX ғасырдың орта шеніне дейін аң аулау кезінде садақ
қолданылды, бірақ XIX ғасырдың екінші жартысында жебелі садақ қазақтардын
тұрмысынан шығып қалды деуге болады. Оның есесіне бұл кезде Ресейден және
Орталық Азиядан сатып алынатын әр түрлі мылтықтар біршама көбейе түседі.
Қазақтардағы көшпелі тұрмысқа бейім шаруашылықтың үстемдігі алуан түрлі
үй қолөнерінің: тоқымашылықтың киіз басудың, ағаш, металл, тері, сүйек және
мүйіз өңдеудің дамуына себепші болды. Тоқымашылықпен және киіз басумен
көбінесе әйелдер айналысты, олар негізінен алғанда үйге керек-жарақтардың
тоқымашылық пен ісмерлікке қатысты заттарын: кілемдер, алашалар, шекпендер,
киіз үй ішіндегі алуан түрлі басқұрлар, бау-шулар, текеметтер, түскиіздер,
сырмақтар, аяққаптар және т.б. дайындады.
Ағаш, сүйек, мүйіз және тері ұқсатуға байланысты істермен үйшілер мен
ағаш ұсталары, зергерлер, ерімшілер мен етікшілер және т.б. айналысты.
Еңбек құралдары едәуір қарапайым бола отырып, қолөнерші шеберлер
қазақтардың қолданбалы өнерінің биік деңгейін сипаттайтын тұрмыстық және
мәдени жағынан алғанда әр түрлі бұйымдар жасады.
Көшпелі қазақтардың негізгі тұрғын үйлері көші-қонға ыңғайлы киіз үйлер
болатын. Бұл – Еуразия көшпелілерінің ертеден келе жатқан тұрғын үйлерінің
бірі. Көшпелі тұрмыс жағдайларында киіз үйлер тұрғын үйдің өте қолайлы түрі
болды. Оның жығып, тігуі әрі жеңіл, әрі тез, көлікке теңдеп артып жүруге
қолайлы, жазда салқын, ал қыста жылы болатын.
Қазақтың киіз үйлерінің үлгілері негізінен алғанда олардың
үлкендігімен, яғни тігілген киіз үйде қанат деп аталатын кереге санымен
анықталатын. Қанаттар саны 4 қанаттан 12 қанатқа дейін және одан да көп
болды.
Сыртқы түрі бойынша қазақтын киіз үйлері күмбез тәрізді және шошақ
болып келетін. Алғашкы түрі – батыс, солтүстік, орталық және шығыс, ал
екінші түрі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында таралды.
Қазақ үйлерінің мұндай түрлері шаңырақтарының көлеміне және шаңырақтарды
көтеріп тұратын уықтар иінінің иілу мөлшеріне байланысты болды.

Қазақтың киіз үйі.
Киіз үйдің сүйегі кереге мен уықтан, шаңырақтан және сықырлауық деп
аталатын жарма есіктен тұратын.
Киіз үй сүйегін айналдыра уық қарына дейін 3-4 туырлық, шанырақ пен
кереге басының арасын 2-3 үзік, сықырлауықты киіз есік жауып тұратын
болған. Киізден басылатын бұл әбзелдер киіз үй жабуы деп аталған. Киіз
үйдің киіз жабулары көбінесе ақ қойдың жүнінен басылған ақ киізден
пішілген.
Қысқы қыстаулар орналасқан өзендердің анғарлары мен тау шатқалдарына
қазақтардың тұрғын үйлері тұрақты үлгімен салынатын. Бұлар жер бетіне киіз
үй сияқты етіп тастан (шошала), қамыстан (доғара) тұрғызылған құрылыс
түрінде, тік бұрышты жеркепе және жертөле, жер бетіне тік бұрышты етіп
салынған шым үй және саз балшықтан домбаздалған соқпа там болды.
Қазақстанның орманды аудандарында ағаштан салынған алты қырлы шошалалар мен
орыс үлгісіндегі бір бөлмелі үйлер пайда болды.
Қыстаулардағы отырықшылыққа бейімделген тұрғын үйлердің дамуы, үй-
жайлар санының көбеюі және орыс мәдениетінің ықпалы тұрғын үйлердегі керек-
жарақтардың едәуір өзгерісіне әкеп соқты. Дәстүрлі ағаш жәшіктер –
кебежелердің, көрпе-төсек жинауға арналған жүкаяқтардын және ескіден келе
жатқан төс-ағаштардың орнына, қазақтардың тұрмысында әйнектелген ыдыс
қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер, іші құлыпталатын, көлемі әр
түрлі сандықтар пайда болды. Қазақтардың ұлттық киімінде өздеріне тән
этнографиялық белгілер сақталып қалды. Киім-кешек үшін малдың жүні мен
терісі негізгі материалдар болды. Киімнің едәуір бөлігі мақта-мата, жібек
және басқа маталардан тігілді. Ұлттық киімнің пішіні мен түріне өзгерістер
енді. Еркектер бітеу пішілген кеудесінде тік өңір-қақпағы бар, жалпақ
қайырма жағалы, етегі біршама ұзын көйлек киетін болды. Еркектердің дамбалы
ақ шөжім матадан ышқыры тұтас етіп тігілді. Түйе жүн тоқымадан тігілген
шалбарлары пішімі жағынан іш киімдері сияқты, бірақ әлдеқайда қолпылдаған
кең болатын. Сонымен бірге жаздыгүні олар ешкі терісінен иленген күдері
шалбар киіп жүрді; шалбардың балақтарына төменгі жағынан тілік тасталып, ол
кестемен сәнделетін. Еркектердіңң сыртқы киімінің ең таралған түрі шапан
болды, ол көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының мәденитеті жайлы ( ХV ғасырдың соңы – XVII ғасырдың бірінші ширегі)
Қазақ мемлекетінің әлеуметтік - экономикалық дамуы (XVI ғасырдың аяғы-ХVІІ ғасыр)
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
Қазақ тілі мен жазба мәдениеті
Отырар қаласының пайда болуы
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастары
Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени-өркениеттік рөлі
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
Халқымыздың ұлы ұландары жыраулар шығармашылығында
Пәндер