Министрлік зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді арттыру және зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі жұмыс жүргізуде



Мазмұны

І Кіріспе

І Тарау.
1.«Қазақстан Республикасының 2005 жылғы әлеуметтік.даму қорытындылары мен 2006 жылғы 1 тоқсандағы міндеттері туралы» баяндама жобасына Еңбекминінің ақпараты
1.2.Көші.қон процестерін реттеу жүйесін жетілдіру
1.3Министрлікте халық табысының одан әрі өсуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда.

ІІ Тарау. Министрлік зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді арттыру және зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі жұмыс жүргізуде.
2.1.Әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу туралы
2.2.Атаулы әлеуметтік көмек
2.3.Қазақстан Республикасының Заңдары:
2.4.Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы:

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекет басшысының «... халықтың барлық буындарының өмір сүрудің жоғары сапасы мен озық әлеуметтік стандарттарына» қол жеткізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жұмыс адам капиталын дамытумен байланысты мәселелерді алдыңғы қатарға шығарды.
Адам капиталын дамыту үшін лайықты еңбекке қолжетімділікті ұлғайтудың ерекше маңызы бар.
Мемлекет басшысы бірнеше мәрте атап көрсеткеніндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлікті еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең пәрменді құрал болып отыр.
Қазақстан Республикасының 2005−2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін бос жұмыс орындарын белсенді іздестіру және іріктеу, жұмыссыздар мен халықтың нысаналы топтарының басқа да өкілдерін оқыту, қайта оқыту және біліктілігін арттыру; қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; әлеуметтік жұмыс орындарын құру, бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, жастар практикасын ұйымдастыру және т.б. пайдаланылды.
Елімізде жыл сайын екі жүз мыңнан астам жұмыс орындары, оның жартысынан астамы – ауылдық жерлерде құрылды. 2005−2007 жж. Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп барған бес жүз мыңнан астам азаматтардың 87 % жұмысқа орналастырылды; 55,5 мың жұмыссыз кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға жіберілді. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді және атаулы әлеуметтік көмек беріледі.
Тұрақты экономикалық өсу аясында қабылданған шаралардың нәтижесінде 2007 жылы жұмыспен қамтылған халықтың саны 7,6 млн. адамға дейін көбейді (2006 жылғы 7,4 млн.), ал жұмыссыздық деңгейі 7,8 % − дан 7,3 % − ға дейін төмендеді.

Қазіргі заманғы еңбек нарығының сипатты тренді шетелдік жұмыс күшін тартудың көбеюі болып табылады. 2007 жылы қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдарда 58,8 мың шетелдік мамандардың еңбегі пайдаланылды, бұл олардың 2005 жылғы санынан екі еседен астам артық. Ішкі еңбек нарығын және жергілікті қызметкерлердің мүддесін қорғау, Қазақстан Республикасы азаматтарының жұмыспен қамтылуы мен жалақысына әсерін барынша азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілейді және оның орындалуын бақылайды, шетелдік мамандарды жергілікті кадрлармен алмастыру саясатын жүргізеді.
Сонымен бірге, қазақстандық еңбек нарығындағы ахуалда проблема да жоқ емес, олардың заңды еңбек нарығындағы ең маңыздылары: жұмыс күші сапасының төмендігі мен тиімсіз жұмыспен қамтудың (экономиканың еңбекті көп қажетсінетін салаларында жұмыс істейтіндердің үлес салмағы жоғары) орын алуы болып табылады. Өзін өзі жұмыспен қамтыған халықтың саны әжептәуір (оның ішінде 1,3 млн. адам өзінің жеке үй шаруашылығымен айналысады), көлеңкелі жұмыспен қамту да сақталып отыр.
Жұмыссыздық сақталуда, әсіресе жастар мен әйелдер жұмыссыздығының деңгейі жоғары.
Болашақта (2012 − 2020 жж.) жұмыс күшінің тапшылығы болжануда, бұл XX жүзжылдықтың 90-жылдарындағы қолайсыз демографиялық ахуалмен байланысты.
Ішкі еңбек нарығындағы ахуалдың дамуы экономиканың жаһандануымен және алда тұрған Қазақстанның ДСҰ-ға енуіне байланысты әсерлерді көбірек сезінуде.
Мұндай жағдайда жұмысынан (жұмысының болмауы) айрылу қатерін басқару министрліктің және жергілікті уәкілетті органдар қызметінің стратегиялық басты бағыты болып табылады.
Еңбек қатынастарын реттеуде мыналарды:
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы кодексі
2. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңы
3. «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі
5. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы
6. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы
7. «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы
8. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі
9. «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 13 шілде
10. «Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы
11. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
12. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І Кіріспе

І Тарау.
1.Қазақстан Республикасының 2005 жылғы әлеуметтік-даму қорытындылары мен
2006 жылғы 1 тоқсандағы міндеттері туралы баяндама жобасына Еңбекминінің
ақпараты
1.2.Көші-қон процестерін реттеу жүйесін жетілдіру
1.3Министрлікте халық табысының одан әрі өсуін қамтамасыз ету жөнінде
шаралар қабылдануда.

ІІ Тарау. Министрлік зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді арттыру және
зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі жұмыс жүргізуде.
2.1.Әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу туралы
2.2.Атаулы әлеуметтік көмек
2.3.Қазақстан Республикасының Заңдары:
2.4.Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы:

ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекет басшысының ... халықтың барлық буындарының өмір сүрудің
жоғары сапасы мен озық әлеуметтік стандарттарына қол жеткізу жөніндегі
тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жұмыс адам капиталын дамытумен
байланысты мәселелерді алдыңғы қатарға шығарды.
Адам капиталын дамыту үшін лайықты еңбекке қолжетімділікті
ұлғайтудың ерекше маңызы бар.
Мемлекет басшысы бірнеше мәрте атап көрсеткеніндей, жұмыспен
қамту саясаты кедейлікті еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең
пәрменді құрал болып отыр.
Қазақстан Республикасының 2005−2007 жылдарға арналған халықты
жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өнімді жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу үшін бос жұмыс орындарын белсенді іздестіру және іріктеу,
жұмыссыздар мен халықтың нысаналы топтарының басқа да өкілдерін оқыту,
қайта оқыту және біліктілігін арттыру; қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
әлеуметтік жұмыс орындарын құру, бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, жастар
практикасын ұйымдастыру және т.б. пайдаланылды.
Елімізде жыл сайын екі жүз мыңнан астам жұмыс орындары, оның
жартысынан астамы – ауылдық жерлерде құрылды. 2005−2007 жж. Жұмыспен қамту
органдарына жұмыс іздеп барған бес жүз мыңнан астам азаматтардың 87 %
жұмысқа орналастырылды; 55,5 мың жұмыссыз кәсіптік оқытуға және қайта
даярлауға жіберілді. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында міндетті
әлеуметтік сақтандыру енгізілді және атаулы әлеуметтік көмек беріледі.
Тұрақты экономикалық өсу аясында қабылданған шаралардың
нәтижесінде 2007 жылы жұмыспен қамтылған халықтың саны 7,6 млн. адамға
дейін көбейді (2006 жылғы 7,4 млн.), ал жұмыссыздық деңгейі 7,8 % − дан
7,3 % − ға дейін төмендеді.

Қазіргі заманғы еңбек нарығының сипатты тренді шетелдік жұмыс
күшін тартудың көбеюі болып табылады. 2007 жылы қазақстандық кәсіпорындар
мен ұйымдарда 58,8 мың шетелдік мамандардың еңбегі пайдаланылды, бұл
олардың 2005 жылғы санынан екі еседен астам артық. Ішкі еңбек нарығын және
жергілікті қызметкерлердің мүддесін қорғау, Қазақстан Республикасы
азаматтарының жұмыспен қамтылуы мен жалақысына әсерін барынша азайту
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелдік жұмыс күшін тартуға
квота белгілейді және оның орындалуын бақылайды, шетелдік мамандарды
жергілікті кадрлармен алмастыру саясатын жүргізеді.
Сонымен бірге, қазақстандық еңбек нарығындағы ахуалда проблема
да жоқ емес, олардың заңды еңбек нарығындағы ең маңыздылары: жұмыс күші
сапасының төмендігі мен тиімсіз жұмыспен қамтудың (экономиканың еңбекті
көп қажетсінетін салаларында жұмыс істейтіндердің үлес салмағы жоғары) орын
алуы болып табылады. Өзін өзі жұмыспен қамтыған халықтың саны әжептәуір
(оның ішінде 1,3 млн. адам өзінің жеке үй шаруашылығымен айналысады),
көлеңкелі жұмыспен қамту да сақталып отыр.
Жұмыссыздық сақталуда, әсіресе жастар мен әйелдер
жұмыссыздығының деңгейі жоғары.
Болашақта (2012 − 2020 жж.) жұмыс күшінің тапшылығы болжануда,
бұл XX жүзжылдықтың 90-жылдарындағы қолайсыз демографиялық ахуалмен
байланысты.
Ішкі еңбек нарығындағы ахуалдың дамуы экономиканың
жаһандануымен және алда тұрған Қазақстанның ДСҰ-ға енуіне байланысты
әсерлерді көбірек сезінуде.
Мұндай жағдайда жұмысынан (жұмысының болмауы) айрылу қатерін
басқару министрліктің және жергілікті уәкілетті органдар қызметінің
стратегиялық басты бағыты болып табылады.
Еңбек қатынастарын реттеуде мыналарды:

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы әлеуметтік-даму қорытындылары мен
2006 жылғы 1 тоқсандағы міндеттері туралы баяндама жобасына Еңбекминінің
ақпараты
Еңбек рыногындағы ахуал және республикадағы еңбек қатынастары туралы
Республикамыздың рыногы 2005 жылы экономика салаларында жұмыс істейтін
адамдар санының тұрақты өсуімен және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі
есебінен халықтың экономикалық белсенділігінің артуымен сипатталады.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің алдын ала
мәліметтері бойынша 2005 жылғы төртінші тоқсанда экономикалық белсенді
халық саны 7,9 млн. адамға жеткен (2004 жылғы сәйкес кезеңде – 7,8 млн.).
Республика экономикасында 7,2 млн. адам жұмыс істесе, оның ішінде жалдамалы
қызметкерлер 64,4 %, өзін өзі жұмыспен қамтығандар – 35,6 % болды (2004
жылғы төртінші тоқсанда тиісінше – 7,1 млн., 63 %, 37 % болған).
Жұмыссыз халықтың саны 641,3 мың адам болды және 2004 жылғы ұқсас кезеңмен
салыстырғанда 14,5 мың адамға азайды. Жұмыссыздық деңгейі 8,1 % болып отыр
(2004 жылғы төртінші тоқсанда – 8,4 %).
Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде республикада жұмыспен
қамтудың белсенді шаралары: жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру, жұмыссыздырды кәсіптік оқыту кеңінен қолданылуда.

Өткен жылы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдарға 262,5 мың адам
өтінішпен барған. Осы өтінішпен барғандардың үшінші бөлігі немесе 91,2 мың
адам ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.
2006 жылғы 1 қаңтарда жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған
жұмыссыздардың саны 94,0 мың адам болса, өткен 2004 жылы – 117,7 мың адам
болған еді.

Жұмыспен қамту органдарының жәрдемдесуімен жалпы өтініш бергендердің ішінде
184,7 мың адам немесе 70,3 %, ал ауылдық жерлерде – 61,8 мың адам (67,8 %)
жұмысқа орналастырылды.
Жалпы өтініш бергендердің ішінде 128,8 мың адам (47,2 %), оның ішінде
ауылдық жерлерде – 58,4 мың адам (64,0 %) адам қоғамдық жұмыстарға қатысты.
25,3 мың адам кәсіптік оқуға жіберілді, олардың ішінде 24,6 мың адам оқуды
тәмамдап шықты, 19,7 мың адам (оқуды тәмамдағандардың 79,8 %) жұмысқа
орналастырылды, ал 1,1 мың адам өз кәсібін ашты.
Облыс әкімдерінің деректері бойынша 2005 жылы елімізде 242,8 мың жұмыс
орны, оның ішінде 172,7 мың – тұрақты, ал 70,2 мың –уақытша және маусымдық
жұмыс орны құрылған. Экономика салалары бойынша тұрақты жұмыс орындарының
басым үлесі шағын бизнес саласында – 95,1 мың, оның ішінде саудада – 40,3
мың, құрылыста – 29,3 мың, ауыл шаруашылығында – 25,7 мың және өнеркәсіпте
– 25,4 мың болып отыр.
Сонымен қатар, еңбек рыногындағы:
жұмыспен тиімсіз қамтудың басым болуы;
2) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың біліктілік-кәсіптік құрылымының
сәйкессіздігі;
3) кадрларды даярдаудың экономика қажеттіліктеріне сәйкес болмауы;
4) халықтың жекелеген топтарының (әйелдер, жастар, зейнеткерлік жас
алдындағы адамдар, мүгедектер) жұмысқа орналасу қиындығы;
5) өңірлік еңбек рыноктарындағы сараланым өзгешеліктері;
6) тоқырау, ауылдық аудандардағы және шағын қалалардағы жұмыссыздықтың
жоғары деңгейі;
7) іргелес мемлекеттерден жұмыс күшінің заңсыз ағымы сияқты өзекті
проблемалар әлі де сақталуда.
Жұмыспен қамту саласындағы проблемаларды шешу үшін Үкімет бірқатар
бағдарламаларды, оның ішінде оның ішінде Әлеуметтік реформаларды одан әрі
дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдады. Осы
бағдарламада көзделген жұмыспен қамту мәселелерін шешу жөніндегі шаралар:
- ДСҰ кіргеннен кейін экономиканы қайта құрылымдау нәтижесінде босайтын
қызметкерлерді қорғауға;
- ДСҰ кіру салдарынан зардап шегуі мүмкін халықтың неғұрлым кедей
буындарының табысына қолдау көрсетуге;
- азаматтардың заңды сектордағы жұмысқа деген уәждемесін арттыруға және
көлеңкелі жұмыспен қамтуды заңдастыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту
Бағдарламасының шеңберінде 900 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру, 403,1
мың адамның жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, 333,5 мың адамға арналған
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ 70,8 мың жұмыссызды кәсіптік
оқуға және қайта даярлауға жіберу, 2007 жылдың аяғына дейін жұмыссыздық
деңгейін 7,2 % төмендету көзделеді.
Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22
қазандағы Заңымен бекітілген әлеуметтік жұмыс орны институтын енгізу алдағы
уақытта халықтың жұмыспен қамтылуын, нысаналы топтардың бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің деректері бойынша 2005
жылы 5161 әлеуметтік жұмыс орны ұйымдастырылып, оларға нысаналы топтардағы
5356 жұмыссыз, оның ішінде – 650 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жергілікті
бюджеттен 123,9 млн. теңге қаржыландыру қамтамасыз етілді.
Өткен жылы Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан
Республикасынан шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі тәртіптерді
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы №
862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 612 қаулысын қабылдау
арқылы Қазақстан азаматтарына шетелге шығу кезінде делдалдық көмек
көрсетуге бақылауды күшейту жөнінде шаралар қабылданды. Бұл өзгерістермен
лицензия алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі ұлғайтылды, сондай-ақ
шетелдік жұмыс күшін тартумен және Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс
күшін шығарумен байланысты қызметке лицензия алудан үміткер заңды және жеке
тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді.
Ішкі еңбек рыногын қорғау үшін жыл сайын республикаға шетелдік күшін
тартуға квота белгіленеді, ол 2005 жылы экономикалық белсенді халықтың 0,32
% құрады.
2005 жылғы 1 қаңтардағы оперативтік деректер бойынша Қазақстан
Республикасының аумағында 18,7 мың шетелдік маман еңбек қызметін жүзеге
асыруда. Шетелдік мамандарды тартатын ұйымдарда есепті кезеңде 251,4 мың
қазақстандық азамат жұмыс істеген. Қазақстандық азаматтардың басым бөлігі
Қарағанды облысында – 58,5 мың адам, Алматы қаласында – 40 мың адам, Шығыс
Қазақстан облысында – 24,2 мың адам, Атырау облысында – 23,8 мың адам жұмыс
істейді.
Өткен кезеңде жергілікті халық үшін 32,8 мың жұмыс орны құрылды, 13,5 мың
қазақстандық жаңа кәсіптерге оқытылды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2005
жылы кәсіпорындар мен ұйымдардағы қауіпсіз еңбек жағдайларының және еңбек
туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету үшін республика ұйымдарында
20845 тексеру мен зерттеулер жүргізді, бұл 2004 жылдың сәйкес кезеңімен
салыстырғанда 14,3 % артық. Тексерулер барысында 137971 заңнама бұзушылық,
оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнама
мәселелері бойынша – 75737, бұл жалпы заңнама бұзушылықтардың 55 % құрайды,
еңбек туралы заңнаманы – 59196 (43 %), халықты жұмыспен қамту туралы
заңнаманы – 3238 (2 %) бұзушылық орын алды.
Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша заңды және ұйымдардың
лауазымды тұлғаларына қатысты мемеңбек инспекторлары бұзушылықтарды жою
туралы 25083 ұйғарым, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
туралы заңнама мәселелері бойынша – 12103, еңбек туралы – 11448, халықты
жұмыспен қамту туралы – 1532 ұйғарым шығарды, сондай-ақ жалпы сомасы 106,4
млн. теңгеге 6600 айыппұл салынды, бұл орайда өндірілген айыппұл сомасы
55,7 млн. теңгені құрады.
Мемеңбек инспекторлары қабылдаған құқықтық әсер ету шаралары нәтижесінде
жұмыс берушілер 12786 бұзушылықты жойды, бұл еңбек заңнамасын
бұзушылықтардың жалпы санының 93 % құрайды.

Көші-қон процестерін реттеу жүйесін жетілдіру
Мемлекетіміздің көші-қон саясатын іске асыру мақсатында мынадай шаралар
қабылданды:
Оралмандарды қабылдау және ел өңірлеріне қоныстандыру процестерінің,
Қазақстан Республикасының 2001-2010 жылдарға арналған көші-қон сасяатының
салалық бағдарламасын іске асыру мониторингі жүзеге асырылуда. 2006-2008
жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді, ол 2006 жылғы
екінші тоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілетін болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005-2007 жылдарға арналған
оралмандардың көші-қон квотасы туралы 2004 жылғы 27 желтоқсандағы
Жарлығына сәйкес 2005 жылы республикаға 15 000 этникалық қазақтарды көшіру
көзделген болатын, квотаға 14513 отбасы енгізілді.
Министрдің бұйрығымен оралмандары Ираннан және Түркиядан ұшақпен тасымалдау
жөніндегі конкурстық құжаттама бекітіліп, ол 2005 жылғы сәуір айында жүзеге
асырылды.
Босқын деп тану туралы қолдаухатпен өтініш берген адамдармен жұмыс жүргізу
және Қазақстан Республикасындағы босқындар мәртебесін айқындау жөніндегі
нұқсаулық әзірленіп, ол Көші-қон комитетінде пысықталуда.
Квотаға енгізілген оралмандарды қоныстандыру және олардың қоныстанған
жерлерінде бейімделуі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2005-2007
жылдарға арналған оралмандардың көші-қон квотасы туралы 2004 жылғы 27
желтоқсандағы Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1508 қаулысы қабылданды.
2005 жылы республикаға алыс және жақын шет мемлекеттерден 28,2 мың
этникалық қазақ отбасылары (115,1 мың адам) қоныс аударды.
Оралмандардың жалпы санының ішінде (481,5 мың адам) 255,6 мың адам –
еңбекке жарамды жастағылар, 71,7 мың адам – мектепке дейінгі жастағылар,
129,6 мың адам – мектеп жасындағылар, ал 24,4 мың адам – зейнеткерлік
жастағы адамдар.
Еңбекақы төлеу және еңбекті нормалау саясаты, халықтың табысы

Министрлікте халық табысының одан әрі өсуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар
қабылдануда.
2005 жылғы 1 қаңтардағы ең төмен жалақы мөлшерін 7000 теңгеден 2005 жылғы 1
шілдеде 9200 теңгеге дейін көбейту ең төмен күнкөріс деңгейін әжептәуір
арттыруға мүмкіндік берді. Бюджеттік сала қызметкерлерінің базалық
лауазымдық жалақысының мөлшері 8712 теңгені құрады.
Президенттің Қазақстан халқына 2055 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру
үшін 2005 жылғы 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы
орта есеппен 32 % арттырылды.
2005 жылғы қаңтар-қараша айларында республика бойынша орташа айлық жалақы
32957 теңгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,2
%, нақты алғанда 10,8 % көбейді.

2005 жылғы қаңтар-қараша айларында бір қызметкердің атаулы жалақысы ең
төмен күнкөріс деңгейі шамасынан 5,4 есе, ал ең төмен жалақы мөлшерінен –
3,6 есе артық болды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысы қабылданды. Осы қаулыға
сәйкес 1 және екінші разрядтағы жұмысшылардың лауазымдық қызметақыларын
(ставкаларды) есептеу үшін алынатын коэффициенттердің мөлшері тиісінше 1,07
және 1,09 (базалық қызметақы мөлшерінің 6600 теңге деңгейі сақтала отырып)
көбейді.
Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын
қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы
төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің 2005 жылғы 28 қазандағы № 305 Өкімімен құрылған жұмыс тобы
қызметі аясында қаралады.
Өнімінің (қызметтерінің, жұмыстарының) бағаларына (тарифтеріне) мемлекеттік
реттеу енгізілетін субъектілердің еңбегі жөніндегі нормативтерді және
еңбекақы төлеу жүйесін келісу бойынша сараптамалық бағалау жүргізілді.
Өнімінің (қызметтерінің, жұмыстарының) бағаларына (тарифтеріне) мемлекеттік
реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбегін нормалау мәселелері
бойынша ұсыныстар енгізу үшін жұмыс тобы құрылды, оның ұсыныстары Қазақстан
Республикасының Үкіметіне жіберіледі.
Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Қазақстан Республикасының Заңын
іске асыру мақсатында Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Басшылар, мамандар және өзге де
қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын әзірлеу және қолдану
ережесі әзірленді.
Қазақстан Республикасының 01-99 МС Кәсіптер сыныптауышына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс аяқталды. Қазақстан
Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және
метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылдың 13 желтоқсандағы № 473
бұйрығымен мемлекеттік сыныптауышқа енгізілетін өзгерістер бекітілді.

Министрлік зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді арттыру және зейнетақымен
қамсыздандыру жөніндегі жұмыс жүргізуде.
2005 жылы әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға 305, 1 млрд. теңге
бағытталды. 2005 жылы әлеуметтік бағдарламаларға қосымша 79,6 млрд. теңге
бөлінді.
2005 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңымен 3000 теңге
мөлшеріндегі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі енгізілді. 2005 жылдың 1
желтоқсанына қалыптасқан жағдай бойынша мемлекеттік базалық зейнетақы
төлемін 1668,8 мың адам алды.
Республикада Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы
алушылардың саны 1,6 млн. адамнан асты.
2005 жылғы 1 қаңтадан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері инфляция
деңгейінен 7,7 % ілгерілетіліп арттырылды.
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақының ең төмен мөлшері 6200 теңгені
құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 2005 жылдың 1 желтоқсанына
қалыптасқан жағдай бойынша - 10641 теңгені құрап отыр. Базалық зейнетақы
төлемін ескергенде, ең төмен зейнетақы төлемінің мөлшері отырып 9 200
теңгені құрады. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақыны
ескергенде 12147 теңгені құрады.
Зейнетақы жинақтаушы қорларынан төленген және сақтандыру ұйымдарына
аударылған зейнетақы төлемдері 2005 жылдың 1 желтоқсанына қалыптасқан
жағдай бойынша 34 990,3 мың теңгені құрады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде 2005 жылы алдындағы бірнеше жылдардағыдай,
зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету, инвестициялық табысты
арттыру және ерікті зейнетақы тәсімдерін дамыту жөніндегі шаралары
қолданды.
2005 жылдың 1 желтоқсанына қалыптасқан жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы
қорлары салымшыларының саны 7563,7 мың адам (2004 жылы – 6 919,2 мың), оның
ішінде 7528,3 мың (2004 жылы – 6887,1 мың) міндетті зейнетақы жарналарын
салымшылар және 32,2 мың адам (2004 жылы – 30,0 мың) ерікті зейнетақы
жарналарын, 3,3 мың адам - ерікті кәсіптік жарналарын салымшылар, ЖЗҚ
жиынтық капиталы 626 млрд. теңгеден асты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы Жолдауына
сәйкес 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық мемлекеттік жәрдемақылардың
мөлшерлері арттырылды, атап айтқанда І топтағы мүгедектерге берілетін
жәрдемақылар 3 АЕК (айлық есептік көрсеткішке); ІІ топтағы мүгедектерге 2,5
АЕК; ІІІ топтағы мүгедектерге - 2 АЕК; 16 жасқа дейінгі мүгедектерге - 3
АЕК; асыраушысынан айырылған отбасыларға 1 АЕК арттырылды.
2005 жылдың 1 желтоқсанына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушылардың
саны 645,7 мың адамды құрады. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа
мөлшері 6722 теңгені құрады, оның ішінде мүгедектік бойынша - 6903 теңге,
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 6631, жасы бойынша 2942 теңгені
құрады.
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен
мүгедектеріне берілетін арнаулы мемжәрдемақылардың мөлшерлері 15 айлық
есептік көрсеткішке дейін арттырылды, сондай-ақ кезінде қажырлы еңбегі үшін
ордендермен және медальдермен марапатталған азаматтардың жәрдемақылары бір
АЕК дейін арттырылды.
Бір АЕК мөлшеріндегі арнаулы мемжәрдемақы алушылардың санатына ҰОС
кезіндегі қажырлы еңбегі үшін ордендермен және медальдермен
марапатталмаған, тылда 1941 жылдың 22 маусымы мен 9 мамыры аралығында
кемінде 6 ай жұмыс істеген соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері де
енгізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауына
сәйкес, 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап төрт және одан да көп бірге тұратын
балалары бар көп балалы аналарға, Алтын алқамен, Күміс алқамен
марапатталған немесе Ардақты ана атағына ие болған, сондай-ақ І және ІІ
дәрежедегі Ана даңқы ордендерімен марапатталған аналарға берілетін
арнаулы мемжәрдемақылардың мөлшері 3,9 АЕК дейн арттырылды (анықтама үшін –
1845 тенге). Осы мақсаттарға 2006 жылға арналған республикалық бюджеттен
14,3 млрд. теңге бөлінді.

Жаппай саяси қуғын-сүргін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейнетақы жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасы
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жолдары
Муниципалды құрылым
Жинақтаушы зейнетақы қоры
Зейнетақы реформасы
Зейнетақы жүйесі туралы
Жинақтаушы зейнетақы жиналымының зейнетақымен қамтамасыз етуі
Муниципалды құрылымдар әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін басқару
Пәндер