Қазақстанның сыртқы саясатындағы дипломатиялық өкілдік


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ дипломатиялық қызметтің қалыптасуы . . . … . . . 8-40

1. 1 Қазақстандағы дипломатиялық қызметтің пайда болуы . . . 8

1. 2 Қазақстандағы дипломатиялық қызметтің дамуының негізгі беталыстары . . . 16

2 ТАРАУ. Қазақстанның сыртқы саясатындағы дипломатиялық Өкілдіктің ролі . . . 41-60

2. 1 Қазақстанның дипломатиялық өкілдігінің негізгі бағыттары . . . 41

2. 2 Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңының талдауы . . . 56

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69

КІРІСПЕ

Республиканың сыртқы саясатының ұзақ мерзімді мақсаты ретінде Президент Н. Ә. Назарбаевпен елдің ішіндегі демократиялық реформаларды, Қазақстанның, егеменді мемлекет, ретінде қалыптасуы мен дамуын жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайлардың қалыптастырылуы мен қолдауы анықталды.

Дипломатия, алғашқы мемлекеттердің өзара қатынасы аясында өте көне заманда пайда болып, дамудың ұзын жолынан өтті, бұл процесте оның нысандары мен әдістері сыртқы мәжбүрліктен дауды бейбітшіл жолмен шешуге дейін, ғұрыптан көп жақты сипаттамадағы әмбебап конвенциялардағы ресми тиым салуға дейін едәуір өзгерістерге ұшырады (Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы, 18 сәуір 1961жыл) . Жәнеде бүкіл кезеңнің бойында, дипломатияның қалыптасуына ерекше роль берілді, өйткені ол мемлекет қызметінде тұрды және оның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін, ал осы қызметті атқарушыларға (елшілерге, дипломаттарға, . . . ) барлық уақытта белгілі бір жеңілдіктер, артықшылықтар, иммунитеттер берілді.

Сөйтіп, бұл жұмыс дипломатия мен дипломатиялық қызметтің өткен кезеңіндегіде, қазіргі уақыттағыда негізгі мәніне арналған. Онда, дипломатияны негіздеу тәсілдемесіне әртүрлі авторлардың пікірлері, дипломатия көмегімен қол жеткен нақты нәтижелер келтірілген. Жұмыс бекітілген ұғымдар мен меншікті пікірлердің ұштастырылуына қойылған, оның барысында келесі сұрақтар қойылады: диломатияның, сыртқы саясаттың және халықаралық құқықтың ара қатынасын қалай белгілеуге болады? Отандық дипломатияның мәні неде және оның негізгі бағыттары қандай? Халықаралық қауіпсіздік проблемаларын қалай шешу керек? Қазақстан қауіпсіздігін дипломатиялық құралдармен қалай қамтамасыздандыруға болады?

XXI ғасырдың табалдырығында, адамзат алдында ең күрделі проблемалар тұр, олар, өз кезегінде, жаңа сенімдерді тудырады. Ядролық апат қатері бірнеше жұмсарғанына қарамастан, мұндай қатер толығымен жоғалды деп кепілдік беру мүмкін емес. Сонымен қатар, дүниежүзілік қоғамдастықты экологиялық проблема, «үшінші» дүниенің экономикалық мешеулігі, регионалдық әскери жанжалдар, жәнеде халықаралық терроризмнің өсуі алаңдатады.

Екінші жағынан, АҚШ, Ресей, Украина, Қазақстан және Белоруссия арасындағы нақты қарусыздану саласындағы жаңа шарттасулар, регионалдық жанжалдарды шешуді жолдарын іздеу, мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстарды қарқындандыру, ғылым мен мәдениет, гуманитарлық аяда ынтымақтастықты дамыту, әртүрлі соғысқа қарсы, демократиялық қоғамдық қозғалыстардың өсуі мемлекеттердің ары қарай бейбітшіл өмір сүруіне негіз береді.

Көптеген мәселелерді қазіргі кезде басқаша шешу керек, халықаралық аренада біріккен келісілген әрекеттермен. Ол үшін құрал болып табылатын халықаралық құқық.

Мемлекеттердің ішкі өміріндегі өткен үлкен өзгерістер, ССРО-ның таралуы және дербес мемлекеттердің пайда болуы, супердержавалардың сыртқы саясатында түбірлі өзгертті.

Жаңаша ойлаудың ядросы болып, жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдылығы табылады, ол өзінің нормативтік іске асырылуын халықаралық құқықта, ең бастысы оның негізгі принциптерінде, тапты.

Күш шақыру немесе оны қолдану қауіпіне, мемлекеттердің ішкі ісіне араласуға, халықтың өзін-өзі билеу құқығына тиым салу - барлық осы нормалар халықаралық құқықтың заңдық құжаттарында бекітілген.

Келешекте келесі қажеттілік туады - саясаттағы халықаралық құқықтың басымдылығын қамтамасыз ететін жалпыға ортақ құқық тәртібінің жүйесін құрылуы.

Сондықтан, халықаралық ұйымдардың өзара келісімді шешімдері мен құзыреттілігін кеңейтуді іздеу жүргізілуде. Осының барлығы жаңа тарихи жағдайларда жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы "Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызметтің қалыптасуы", бұл тақырып қазіргі заманда үлкен көкейтестілікке ие, өйткені, өркениетті елдер, халықаралық құқық субъектілері ретінде бір-бірімен қатынасқа түсе отырып, халықаралық құқықтың реттелетін нормаларының құқықтарымен ғана емес, сонымен қатар міндеттеріменде үлесті.

Көкейтестілік . Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігі мен мемлекеттік егеменділігін алғаннан соң Халықаралық Қоғамдастықтың белсенді мүшесіне айналды. Ол дүниежүзінің 117 мемлекеттерімен мойындалды, БҰҰ-на кірді және тең құқықты мүшесі болды [1, с. 18] .

Бұл, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президентінің БҰҰ сөйлеген сөзінде айқын көрсетілді. Өзінің сөзінде Президент, ұжымдық қауіпсіздіктің еуроазиялық құрылымына кезеңді қозғалу пайдасын айтып өтті.

Президент Н. Ә. Назарбаев халықаралық аренада біздің республикамызды үлкен абыроймен және белсенді көрсетеді. Ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы - ТМД - ның ең белсенді мүшесі болып табылады. Қазақстан регионалдық одақтардың мүшесі болып табылады: Ресейдің, Бело-руссияның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, ортаазиялық республикалардың экономикалық одағының және Түркияның; ЕЭС қабылданған. Қытаймен шекаралар туралы проблемалар шешілді. Ресеймен, Қырғызстанмен және Орта Азияның басқа елдерімен біріккен қорғаныс пен әскери ынтымақтастық туралы одақтар бекітілді. АҚШ-мен әскери ынтымақтастық жолға қойылды. Ресеймен және ТМД басқа елдерімен қылмыспен күресу бойынша ынтымақтастық туралы айтпағанның өзінде, Интерполмен ынтымақтастық туралы шарттар жасалынды.

Біздің планетамыздағы көптеген елдермен экономикалық, саясаттық және мәдени ынтымақтастықтар туралы шарттардың үлкен саны әзірленді және бекітілді. Ынтымақтастықтың тиімділігіне жетуге ұмтыла отырып және халықаралық шарттардың жасалуының халықаралық тәжірибесіне негізделе отырып, Республика қай елмен болмасын сұхбаттасуда, ынтымақтастықтың барлық негізгі аймақтарын қамтитын, құжаттардың толық пакетін қабылдауға тырысады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы - тақырып бойынша қазіргі жарияламаларды тарту, мүдделі фактілер мен мәліметтерді айқындау, оларды қорытындылау, жұмыс мазмұнына талдауды енгізу, жәнеде осы проблемаға жаңаша көзқарас беру болып табылады.

Базалық көздер болып табылатындар - 1963 жылғы Вена Конвенциясының құжаттары мен келісімдері, Халықаралық шарттар, ҚР дипломатиялық қызметінің жарғысы және ҚР нормативті актілері.

Тарихнама - зерттеу үшін тарихнама болып белгілі кеңестік, шетелдік, ресейлік және қазақстандық авторлардың еңбектері табылды. Олардың ішінде, әсіресе, осы бағытта зерттеу жүргізген, халықаралық байланыстар мен олардың субъектілерінің проблемаларын қарастырған Гливаковский А., Линдерт П. X., саясат пен дипломатияның өзара әрекетінің проблемаларын қарастырған, саясаткер, Пугачев Е. Ф., сияқты авторлардың ролін ерекше бөліп айтуға болады.

Бұл жұмыста, мемлекеттердің құқықтық субъектілігін реттеудің жеке мәселелері анықталған, кеңестік және шетелдік әдебиеттердің деректері қолданылды. Бұл, қатынастардың халықаралық құқығы саласындағы келесідей танымал ғалымдардың теориялық әзірлемелері: Н. И. Валенцеваның, О. Е. Зайцевтің, А. Е. Нестеренконың, В. С. Серащенконың, В. А. Зайденваргтың, В. С. Захаровтың, Ю. И. Кашиннің, Л. И. Колычевтың, Р. В. Корнееваның, Г. Г. Коробованың, М. А. Косоның, Л. Н. Красавинаның, О. И. Лаврушянның, И. В. Левчуктың, Н. С. Лисицианның, И. Д. Мамонованың, Д. С. Тункиннің, В. М. Усоскиннің, А. А. Хандруевтің, Г. А. Шварцтың, Ю. Е. Шенгердің, З. Г. Ширинскаяның, М. М. Ямпольскийдің және басқа авторлардың. Оның ішінде келесідей шетелдік зерттеушілердің еңбектері ерекше маңызға ие бола алады: Бутрос-Бутрос Гали, Э. Гиллдің, Дж. К. Гэлбрейттің, П. О. Нейлдің, Р. Смиттің, М. Фридменның, Л. Харристің, сонымен қатар отандық авторлардың еңбектері: Тоқаев Н. Н, Хан Г. Б, Мұхамедов М. Б. және т. б; жәнеде меншікті пікір мен талдауда жұмыстың өзегі бола алды.

Зерттеу әдістері: зерттеу әдістері болып тарихи салыстырмалылық, эмпирикалық және ғылымилық табылды.

Әдістемелік бағдарлану: зерттеу үшін Н. Ә. Назарбаевтың, К. К. Тоқаевтың және басқалардың еңбектері алынды. Олар Н. Ә. Назарбаев, К. Тоқаев, Е. Абиров, И. Тасмағанбетов және басқалары сияқты халықаралық қатынастағы мемлекет мәселелері бойынша қазақстандық ғалымдар мен саясаткерлердің зерттеулері шеңберінде үлкен құндылықты көрсетеді.

Осыған байланысты осы дипломдық жұмыстың мақсаты болып - Қазақстандағы дипломатиялық қызметтің дамуының негізгі бағыттарына талдау жүргізу табылады.

Жұмыстың міндеті болып табылатындар:

  1. Халықаралық құқық жүйесінде мемлекеттердің халықаралық құқықтық субъектілігіне талдау жүргізу.
  2. Қазақсьан Республикасында дипломатиялық қызметтің даму тарихын зерттеу.

Жұмыстың негізгі көздері - халықаралық құжаттар, оқу құралдары және халықаралық - заңгерлер монографиялары, жәнеде дүркіндік баспасөз басылымдары болып табылады.

Жұмыстың құрылымы. Бұл жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың көлемі 54 машинаға терілген беттерден тұрады.


1 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ дипломатиялық қызметтің қалыптасуы

1. 1 Қазақстандағы дипломатиялық қызметтің пайда болуы

"90-шы халықаралық істердегі бұрынғы қатынастың түбірлі бұзылған кезеңі" - Н. Ә. Назарбаев [2, с. 14] Тәуелсіздік пен егемендікті алумен Қазақстан, қазіргі халықаралық қатынастағы дәл орыны мен ролін анықтай отырып, мемлекеттің сыртқы саясатындағы басымдылығын айқындап, дүниежүзілік қоғамдастыққа кірудің қиын жолына тұрды.

Жас мемлекеттің алдында бірқатар проблемаларды шешу тұрды: біздің мемлекетіміздің шын мәнінде қандай екенін көрсету, халықаралық мойындауды, оның қауіпсіздігін және оның территориялық тұтастығын қамтамасыздандыру; дүниежүзілік шаруашылықтық экономикалық байланыстарға қосылу. Сонымен қатар, сыртқы саясаттық қызметтің дәстүрінің жоқтығы сияқты проблемада болды. Шетелде бірде-бір дипломатиялық өкілділік болған жоқ, кәсіптенген кадрлар болмады, меншікті сыртқы саясатты қалыптастыру керек болды.

"Халықаралық қатынастың бұрыңғы жүйесіне кету, онда пайда болудың мойындалуы, - деп қорытындылады К. К. Тоқаев - осының бәрі сыртқы саясатты жүргізу қажеттілігіне әкелді. Бұл саясат қазіргі дүниенің болмысына жауап беретін және Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік мүдделеріне сәйкес келетін болуы керек. " [3, с. 97]

Қазіргі халықаралық қатынас жүйесіндегі Қазақстанның орынын оның Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде геосаясаттық орналасуы, экономикалық және әскери-саясаттық мүдделері, жәнеде бар әлуеттері анықтады.

Қазақстандық сыртқы саясат алдына, Қазақстанның регионалдық және субрегионалдыққа толық енуін қамтамасыз ету; дау мен қарама-қайшылықтарды реттеудің басты құралы ретінде халықаралық құқықтың ортақ мойындалған принциптері негізінде экономикалық және саясаттық өзара әрекеттесуі міндеттері қойылды.

Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастың жаңа дербес субъектісі ретінде дүниежүзілік аренаға шыққанынан берменде бірнеше жылдар өтті. Мемлекеттіліктің қалыптасуы, дүниежүзінде өз орынын алу үшін өткен жылдар принципиалды маңызды және жемісті болды. Мысалы, Қазақстанның сыртқы саясатында 1995 жылы өте маңызды кезең аяқталды, сол кезеңде Қазақстан халықаралық аренаға жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде шықты. Негізінен, халықаралық мойындау кезеңі аяқталды де-юре. 1995 жылдың басында Қазақстан Республикасын дүниежүзінің 141 мемлекеті мойындады, олардың 92 - мен дипломатиялық қатынастар орнықтырылды. Алматыда 36 шетелдік елшілер мен миссиялар өз қызметін атқарды, (халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері) .

Біздің еліміздің тәуелсіздігінің 15 жылдығы алдында, -деді 1996 жылы Қазақстанның дипломатиялық қызметтерінің басшыларының қатысуымен өткен кеңесте Н. Ә. Назарбаев, - жаңа Қазақстанның құрылысында, сыртқысаясаттық курсты жүзеге асырумен айналысушыларға, салмақты қарсы тұруды бұзу орынды болар еді. Бұл мейлінше маңызды, өйткені бес жыл бұрын Қазақстан белгісіздікке қадам басты, қиын шешімдер қабылдауға тура келді. Бәрінен бұрын, бұл Қазақстан территориясына орналастырылған ядролық қару туралы мәселеге қатысты болды.

"Қазақстан шырайында өркениетті дүниежүзі, жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға болатын және қажетті саяси толысқан мемлекетті көрді. Бұл және басқада шешімдер, сөзсіз біздің мемлекетіміздің дүниежүзілік ынтымақтастыққа, халықаралық құқықтың субъектісі ретінде кедергісіз енуіне ықпал етуді болжады. Бұл үлкен тарихи маңыздылықтың міндеті болды". [4, с. 11] Одан әрі Н. Ә. Назарбаев былай деді, - бұл Қазақстанның халықаралық қызметінің тек бірінші кезеңі, енді жаңа міндеттер қою қажет. Сыртқы саясаттың басымдылықты бағыттары мен мақсаттарын қарастыру және анықтау, яғни Қазақстан дипломатиясыныңда, өте маңызды.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы кейбір проблемалардыда атап кету қажет. Біріншіден, сыртқы саясатты жүргізуде көбінесе өзекті аспект назардан тыс қалып жатты: сыртқы саясат ішкі саясатқа сүйенуі керек, оның мүдделеріне және талаптарына қызмет етуі керек. Екіншіден, басымды бағыттар барлық уақытта дұрыс анықталған жоқ, Қазақстанның экономикалық қайта құрылуы мен позитивтік тәжірибесінің есебін талдау қанағаттанарлықсыз күйде болды. Осыған байланысты 1997 жылы Қазақстанның сыртқы саясаты жаңа кезеңге енді - теориялық түсінік пен өткен жолды талдау негізінде елдің сыртқы саясатының ары қарай әзірлеу мен тәжірибелік жүзеге асырылуы және осы негізде келесі жылдарға басты мақсаттарды анықтау және оларға жетудің тәжірибелік жолдарын негіздеу.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 40 бабының 1 тармағы мынаны айтады: " Қазақстан Республикасының Президенті ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын анықтаушы, мемлекет басшысы, оның жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылады". Осыған байланысты Н. Ә. Назарбаев өзінің келесі жұмыстарында "Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства, "Пять лет независимости", "На пороге XXI века", "Казахстан 2030" және басқаларында, сыртқы саясаттың тұжырымдамасын әзірледі. Онда басты орын, елдердің арасындағы байланыстарды бекітудің бейбітшілікті ынтымақтастығына бағытталған дипломатияға беріледі [5, с. 53] .

Соған сәйкес:

- Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымды мақсаты ретінде бейбітшілікті сақтауды мойындаймыз;

- ядросыз мемлекет статусын алуға және ядролық қаруды таратпау шартына қосылуға ұмтылу;

- саясаттық, экономикалық және басқа мақсаттарға жетудің құралы ретінде соғысты немесе әскери күш қатерін қабыл алмау.

- бірінші болып, жаппай жою қаруын қолданбау принципін қолдаймыз және осы міндеттемені дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық мемлекеттерімен қабылдануы үшін жария жасаймыз;

- салынған шекаралардың бұзылмастық принциптерін, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпауды қолдаймыз.

Қазақстанның сыртқы саясатының келесі басты мақсаты, Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастықтың ұжымдық қауіпсіздігі жүйесін құруға қатысуы, -деп есептейді Н. Ә. Назарбаев.

"Осы мақсатта Қазақстан Республикасы жетуге тырысады және жетеді:

- жанжалды жағдайларды тек қана бейбітшілікті жолмен, халықаралық құқық шеңберіндегі келіссөздер арқылы реттеуге;

- Жердегі қаруды жаппай шығаруды тоқтатуға және оның космосқа шығуына жол бермеуге;

- жаппай жоятын қарудың барлық түрлерінің өндірісін және сыналуын қысқартуға, бірінші кезекте ядролық қаруды, ары қарай олардың толық жойылуына;

- жаппай жоятын қарудың өндірісі үшін жаңа технологияларды жасауға және бұрынғыларын қолдануға тиым салуға;

- жаппай жоятын қаруды жасауға және таратуға ықпал ететін материалдар мен технологиянының экспортталуын болдырмауға;

- химиялық қаруларды жоюға және т. б. "

Сонымен, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдылығы, ол ұлттық қауіпсіздікті және мемлекеттілікті сақтауды қамтамасыз етеді -деп есептейді Н. Ә. Назарбаев. Еркіндік пен тәуелсіздікті жеңіп алу аз, оларды ұстап тұру және бекіту, біздің ұрпақтарымызға беруіміз керек . . . "

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік пен территориялық тұтастығын бекітудің мақсаттарына, «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасына қосыла отырып, оның НАТО-мен ынтымақтастығыда жауап бере алады. Оған қатысу өзінің НАТО-мен байланысын тереңдетуге және түрлендіруге, өзінің егемендігі мен қауіпсіздігін беріктендіруге, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты бекітуге өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

Дегенмен, өзінің мүдделерімен және мақсаттарымен дербес мемлекет болған кезде, Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңінде, қазақстандық дипломатияның міндеттері экономикалық областқа өту, елге шетелдік инвестицияның кеңінен ағуы үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады: "Сыртқы істер Министрлігінің қызметі барынша экономикаландырылған болуы керек " . . . бұл жерде Қазақстанға инвестиция ағынының келуіне әсер ету ғана, оның сауда - экономикалық байланыстарының дамуы ғана маңызды емес, сонымен қатар дүниежүзілік экономика беталысының осы текті экспертизасын біздің еліміздің жағдайына қолданбалылығыда маңызды. "Сондықтан қазақстандық дипломатияның маңызды міндеті, ол шетелдік мемлекеттермен және халықаралық бірлестіктермен, дүниежүзілік экономика пролемалары мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша, ақпараттық алмасуға қатысуы болып табылады.

К. К. Тоқаев өзінің "Под стягом независимости" жұмысында былай жазады: экономикалық аймақтағы қазақстандық дипломатияның мақсаттары мен міндеттері нақты жоспарда болып табылатындар:

- Қазақстан экономикасына Батыстың, Азияның, Таяу Шығыстың индустриалды дамыған елдері, сонымен қатар қаржы-экономикалық институттар жағынан ірі масштабтағы инвестицияны жұмылдыру;

- экономикалық мәселелерді, жәнеде дүниежүзілік коммуникацияларға шығуды қамтамасыз ету проблемаларын шешуде жеке мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың және Қазақстанның тәжірибелік ықпал етуін тарту;

- Арал теңізі мен Семей полигоны аймақтарындағы экономикалық зардапты жоюға дүниежүзілік қоғамдастықтың күшін бағыттау;

- қазақстандық өнімдерді өткізу нарығын іздеу. Әсіресе мұнай мен газды экспорттауға, көршілермен арадағы бұзылған экономикалық байланыстарды қайта құру, Каспийдің құқықытық статусының проблемалары ".

Маңызды сыртқы саясаттық міндеттерді жүзеге асуының арқасында, Қазақстан экономикалық жоспарда жекеше дамуда, оның қаржылық жүйесі тәуелсіз. Сыртқы саясаттық міндеттерді жүзеге асыру, Қазақстанның егемендігін бүкіл дүниежүзілік қоғамдарға мойындатуға әкелді.

Жоғарыда айтылғандардан көреміз: сыртқы саясаттық міндетті шартты түрде сыртқы саясаттыққа (қауіпсіздікті қамтамасыздандыру), сыртқы экономикалық және мәдениеттік деп бөлуге болады; және бұл кезде сыртқы саясаттың барлық міндеттері маңызды өйткені олар өзара байланысты.

Міндеттер мен мақсаттардың белгілі бір принциптерде құрастырылатыны бесенеден белгілі, ол жоғары императивтік заң күштерінде болатын, сыртқы саясаттың мәні мен сипатты пішіндерін көрсететін, ең кең және маңызды нормалары түсіндіріледі. Қазіргі халықаралық қатынастың негізгі принциптері ең беделді халықаралық ұйымдар мен форумдардың бірқатар құжаттарында тиым салынған, жекелеп айтсақ, БҰҰ Жарғысында, 1970 жылғы халықаралық құқық принциптері туралы Декларациясында, 1975 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Мәжілістің Қорытынды актісінде.

Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне, халықаралық құқықтың негіз қалаушы принциптерінің мемлекеттер арасындағы қатынастарындағы бекітілу беталысының нығаюына сәйкес.

Қағидаға сай, халықаралық актілерде сөз келесі он принцип туралы болады: мемлекеттердің егемендік теңліктері; күшті қолданбау және күшпен қатер көрсету; шекаралардың бұзылмауы; мемлекеттердің территориалық тұтастығы; жанжалдарды бейбіт жолмен реттеу; ішкі істерге кіріспеу; адам құқығын және негізігі еркіндікті сыйлау; өз тағдарын өзі шешуге халықтың теңдігі мен құқығы; мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық; халықаралық құқық бойынша міндеттердің дұрыс орындалуы.

Егемендік теңдігі принципі БҰҰ жарғысында белгіленген, онда жазылған "Ұйым өзінің бүкіл мүшелерінің егемендік теңдігінің принципіне негізделген" (бап. 2) . Бұл принцип мемлекеттік егемендік пен барлық мемлекеттердің- олардың мүшелерінің теңқұқықтығын және өз тағдырын шешу құқығын мойындауды көрсетеді. Барлық мемлекеттер, оның ішінде Қазақстанда дүниежүзілік қоғамдастықтың тең құқықты мүшелері болып табылады. Халықаралық аренада егемендік құқықты бола отырып, басқа қатысушылардың егемендік құқықтарын сыйлауға міндетті.

Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принципі егемендік теңдік принципімен тығыз байланысты. БҰҰ Жарғысы бойынша «кез-келген мемлекеттің ішкі құзыретінемәні бойынша кіретін істерге» араласуға тиым салынады.

1970жылғы халықаралық құқық принциптері туралы Декларацияға сәйкес, бұл принцип мемлекеттің өзінің саясаттық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жүйесін басқа мемлекеттердің араласуынсыз анықтау құқығын көрсетеді жәнеде мемлекеттерге басқа мемлекеттердің ішкі және сыртқы істеріне қандайда бір болмасын себеппен кез-келген нысанда араласуға немесе интервенция жүргізу құқығына тиым салады.

Халықаралық ынтымақтастық принципі келесідей қорытындыланады:

- мемлекеттер бір-бірімен халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мақсатында ынтымақтасуға мәндетті;

- мемлекеттер ынтымақтастығы олардың әлеуметтік жүйелеріндегі айрықшалықтарға тәуелді болмауы керек;

- мемлекеттер экономикалық, әлеуметтік мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешуде ынтымақтасуы керек.

Халықаралық міндеттемелерді адал ниетпен орындау принципі.

Оның негізінде ерте уақыттан белгілі кәдуілгі норма - «шарттар сақталуы керек» жатыр. Барлық мемлекеттер, БҰҰ Жарғысынан шығатын міндеттерді орындауы қажет. Әрбір мемлекет БҰҰ Жарғысының әрекеттену шектерімен шектеліп қала алмайды, ал халықаралық-құқықтық принциптерден, жәнеде олармен жасалған халықаралық шарттардан шығатын барлық міндеттемелерді орындауы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасу тарихы
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құрылымы
Түрлі мемлекеттердің сыртқы саясатына талдау
Дипломатиялық өкілдіктің мәртебесінің қазіргі мәселесі
Саяси ғылымда дипломатияны зерттеу
Дербес мемлекет иммунитетінің құқықтық негізі
Қазақстан мен Жапония қатынастарының негізі
Қазақстан Республикасының ТМД мемлекетінің дипломатиялық қатынастары
ТМД мемлекетінің арасында дипломатиялық қатынастарды орнату
Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық қауіпсіздік саласындағы өзара экономикалық жүйесінің қалыптасу негіздерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz