«Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының» ақпараттық жүйесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКТЫҢ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ЕСЕБІНІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Есептің қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Есептің мақсаты мен тағайындалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.4 Есепке қойылатын талаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2 ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКТЫҢ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1 Құқықтық қамтамасыздандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Ұйымдық қамтамасыздандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 Ақпараттық қамтамасыздандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.4 Математикалық және программалық қамтамасыздандыру ... ... ... ... ...30
2.5 Техникалық қамтамасыздандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
2.6 Концептуалды схемасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

3 ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКТЫҢ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ АҚПАРАТ ЖИНАУ ЕСЕБІНІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ ЖӘНЕ
ПРОГРАММАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
3.1 Ақпарат жинау есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
3.2 Ақпарат жинау есебінің технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
3.3 Қолданылатын Borland Delphi 7 программасының интерфейстік және
программалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
3.4 Мәліметтер базасын құру үшін қолданылатын Delphi.дегі мәліметтер
қорымен байланыс орнату компоненттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
3.5 Access.те мәліметтер базасын құру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
3.6 Ақпарат жинау есебінің кіріс және шығыс ақпараты ... ... ... ... ... ...45

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
Қазіргі уақыттың даму жолының негізгі нақты белгісі, қоғамды глобальды түрде ақпараттандыру болып табылады. Қазіргі қоғамның өмірінің толықтай түрде барлық салаларын ақпараттандыру, ақпараттың және ақпараттық технологиялардың, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы рөліне түбірлі түрде өзгеріс енгізе отырып басқару салаларын толықтай ақпараттық басқару жүйесіне енгізу болып отыр. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, оның әлемдік жүйедегі интеграциясы ақпараттық технологияларды пайдаланудың көлемі мен сапасына қарай, және мамандардың кәсіпкерлік қызметіне тәуелді болуын қамтамасыз ету. Соның нәтижесінде қазіргі уақытта біргелкі байланысқан ақпараттық кеңістік құру.
Ақпараттандыру саласы қоғамның негізгі өндірістік күші болып табылады. Бұл кезеңнің ерекшелігі – индустриялы экономиканың негізгі қоры, ақпараттық қор болып табылатындықтан, ақпараттық экономикаға көшу. Бұл салада тек ақпараттық экономикаға көшу емес, Қазақстан Республикасының алға қойған талаптары бойынша бүкіл әлемдік бәсекеге қабілетті болу жолдарын қарастыру, алдағы туып отырған мәселелердің бірі болып отыр. Және ақпараттық технологияларды, соның ішінде; бағдарламалық кең масштабтағы ақпараттық жүйе құра отырып, біздің еліміздің осы жүйеде алатын орнын жоғары нәтижелерге жеткізу жолдарын қарастыру болып табылады. Бұл жолда біздің елдің әлі де болса дамушы ел болғандықтан, бұл салада алдағы уақыттарда кейбір мәселелердің туындауы мүмкін. Сондықтан ақпараттандыру саласында дамыған елдердің тәжербиесін алу, және оны алып қана қоймай болашақта ары қарай дамыту болып табылады.
Ақпараттандыру өркениеттің дамуындағы объективті заңдылық, қазіргі заман қоғамының дамуына, экономиканы қарқындандыруға, өндірістік және қоғамның өзара байланысының дамуына, әсер жасайтын маңызды фактор болып табылады. Және әсер етіп қана қоймай қоғамда яғни осы саланы қоршаған облыста, өзіндік орны мен қазіргі заманда әрбір сала үшін ерекше рөлі бар қажетті салалардың біріне айналып отыр.
Ақпараттандыру қоғамның барлық салаларында жаңа ақпараттық технологияларды тиімді қолдану, өндірістің индустриясын құру және ақпаратты өңдеу арқылы сипатталады. Сонымен қатар Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы саласын жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі, жаңа ақпараттық жүйелерді қолдану болып табылады. Және осы жүйелерді қолдана отырып, осы жинақтаушы зейнетақы саласындағы мәселелерді шешуге, жаңа ақпараттық бағдарламаларды құруда, және шешім табуда жоғары мүмкіндіктерге жеткізу жолдарын қарастыру болып табылады.
1) Центр Кредит Банктың жинақтаушы зейнетақы қоры 2008ж журналы.

2) Тоқсейітов Р.Қ. Экономикалық сөздік-анықтамалық Болашақ 1999ж.

3) Абрамов С.А. Экономическое обоснование автоматизации обработки информации. Москва 1974г.

4) Благодатских В.А. Экономика, разработка и использование программного обеспечения. Москва 1995г.

5) Қ.Р Азаматтық кодексі 41-бап. Алматы 2000ж

6) Автоматизированные информационные технологии в экономике. Под ред. Титаренко. Москва 1998г.

7) Антонюк. Информационные системы в управлении. Москва 1986г.

8) Стассман Поль А. Информация в век электроники: (Проблемы управления): Пер. с англ. с сокр. / науч. ред. и авт. предисл. Б.З. Мильнер. – Москва Экономика
9) Гвашиани Д.М. Организация и управление Москва 1972г.

10) Крамм Роберт. Система управления базами данных – для персональных компьютеров. Пер. с англ. – Москва.
11) Бекаревич Ю.М. Microsoft Access 2002г самоучитель. Пер. с англ. – Москва.

12) И.Ю.Баженова. Delphi 7 Самоучитель программиста. Кудиц-Образ Москва 2003г.

13) Л.М. Климова. Основы программирования решение типовых задач Delphi 7 самоучитель. Кудиц-Образ Москва 2006г.

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлі – экономикалық факультеті
Қолданбалы информатика кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық
жүйесі

Орындаған:
Күндізгі оқу бөлімінің 4 курс студенті
Мамандығы 050703
Ақпараттық жүйелер
Асанов Т.М

Рецензент:
Физика-математика
зерттеу

орталығының Ақпараттық жүйелер
бөлімінің басқарушысы
ф.м.-ғ.к., доцент
Қошанов Б.Д

Ғылыми жетекшісі:
м.ғ.к., доцент Иманбаев
Қ.С

Қорғауға жіберілді:
Қолданбалы
информатика
Кафедрасының меңгерушісі
ф.м.-ғ.к, доцент
Зауырбеков Н.С

Алматы 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКТЫҢ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ЕСЕБІНІҢ
ҚОЙЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...6
1.1 Есептің
қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 6
1.2 Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының

сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Есептің мақсаты мен
тағайындалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.4 Есепке қойылатын талаптары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

2 ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКТЫҢ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ
АҚПАРАТТЫҚ
ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..17
2.1 Құқықтық
қамтамасыздандыру ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...17
2.2 Ұйымдық
қамтамасыздандыру ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .19
2.3 Ақпараттық
қамтамасыздандыру ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .26
2.4 Математикалық және программалық
қамтамасыздандыру ... ... ... ... .. .30
2.5 Техникалық
қамтамасыздандыру ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .31
2.6 Концептуалды схемасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

3 ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКТЫҢ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ АҚПАРАТ ЖИНАУ
ЕСЕБІНІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ ЖӘНЕ
ПРОГРАММАСЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .33
3.1 Ақпарат жинау
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..33
3.2 Ақпарат жинау есебінің
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...35
3.3 Қолданылатын Borland Delphi 7 программасының интерфейстік және

программалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 39
3.4 Мәліметтер базасын құру үшін қолданылатын Delphi-дегі мәліметтер
қорымен байланыс орнату
компоненттері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..41
3.5 Access-те мәліметтер базасын құру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
3.6 Ақпарат жинау есебінің кіріс және шығыс ақпараты ... ... ... ... ... ...45

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...50
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51

КІРІСПЕ

Қазіргі уақыттың даму жолының негізгі нақты белгісі, қоғамды
глобальды түрде ақпараттандыру болып табылады. Қазіргі қоғамның өмірінің
толықтай түрде барлық салаларын ақпараттандыру, ақпараттың және ақпараттық
технологиялардың, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы
рөліне түбірлі түрде өзгеріс енгізе отырып басқару салаларын толықтай
ақпараттық басқару жүйесіне енгізу болып отыр. Қоғамның экономикалық және
әлеуметтік даму деңгейі, оның әлемдік жүйедегі интеграциясы ақпараттық
технологияларды пайдаланудың көлемі мен сапасына қарай, және мамандардың
кәсіпкерлік қызметіне тәуелді болуын қамтамасыз ету. Соның нәтижесінде
қазіргі уақытта біргелкі байланысқан ақпараттық кеңістік құру.
Ақпараттандыру саласы қоғамның негізгі өндірістік күші болып
табылады. Бұл кезеңнің ерекшелігі – индустриялы экономиканың негізгі қоры,
ақпараттық қор болып табылатындықтан, ақпараттық экономикаға көшу. Бұл
салада тек ақпараттық экономикаға көшу емес, Қазақстан Республикасының алға
қойған талаптары бойынша бүкіл әлемдік бәсекеге қабілетті болу жолдарын
қарастыру, алдағы туып отырған мәселелердің бірі болып отыр. Және
ақпараттық технологияларды, соның ішінде; бағдарламалық кең масштабтағы
ақпараттық жүйе құра отырып, біздің еліміздің осы жүйеде алатын орнын
жоғары нәтижелерге жеткізу жолдарын қарастыру болып табылады. Бұл жолда
біздің елдің әлі де болса дамушы ел болғандықтан, бұл салада алдағы
уақыттарда кейбір мәселелердің туындауы мүмкін. Сондықтан ақпараттандыру
саласында дамыған елдердің тәжербиесін алу, және оны алып қана қоймай
болашақта ары қарай дамыту болып табылады.
Ақпараттандыру өркениеттің дамуындағы объективті заңдылық, қазіргі
заман қоғамының дамуына, экономиканы қарқындандыруға, өндірістік және
қоғамның өзара байланысының дамуына, әсер жасайтын маңызды фактор болып
табылады. Және әсер етіп қана қоймай қоғамда яғни осы саланы қоршаған
облыста, өзіндік орны мен қазіргі заманда әрбір сала үшін ерекше рөлі бар
қажетті салалардың біріне айналып отыр.
Ақпараттандыру қоғамның барлық салаларында жаңа ақпараттық
технологияларды тиімді қолдану, өндірістің индустриясын құру және ақпаратты
өңдеу арқылы сипатталады. Сонымен қатар Центр Кредит банктың жинақтаушы
зейнетақы саласын жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі, жаңа ақпараттық
жүйелерді қолдану болып табылады. Және осы жүйелерді қолдана отырып, осы
жинақтаушы зейнетақы саласындағы мәселелерді шешуге, жаңа ақпараттық
бағдарламаларды құруда, және шешім табуда жоғары мүмкіндіктерге жеткізу
жолдарын қарастыру болып табылады.
Ақпараттандыру – жалпы компьютерлендіру негізінде біріңғай ақпараттық
кеңістік құру. Біріңғай ақпараттық кеңістік дегеніміз – бұл жерде бір жүйе
арқылы, барлық ақпараттарды және жүйелерді басқару болып табылады. Ол үшін
алдымен өте қолайлы программаларды құруды ойластыру.
Ақпараттық жүйе - бұл нақты бір ақпараттың түсуі арқылы басқаруды
өзгерту немесе сол ақпарат арқылы басқаруды нәтижелеу болып табылады. Және
де ақпараттық жүйе ақпаратты өңдеу, түзету, көшіру басқа да функцияларды
орындайтын жүйе.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму
дәрежесімен, және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен,
арнаулы біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі
ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен, оларды соңғы уақыттарда
жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялық жүйелерге қосу мәселелерін шешуді
қарастырады, және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Сонымен қатар
Интернет жүйесіндегі байланысу жолдарының тиімді әдістерін қарастыру.
Дамуын болжап қана қоймай әрбір сала үшін осы жүйе тек тиімді жолды
қарастыруға мүмкіндік береді. Әрине, бұл жағдайларда ақпараттық жүйелер
экономикалық басқарудың қажетті, және таптырмас құралына айналады. Қазіргі
уақыттарда ақпарат жүйелері екіге бөлінеді. Есептеу техникасынсыз қолмен
жасалатын ақпараттық жүйелер және автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
болып жіктеледі.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне,
негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы
қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді
өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық
жүйені қосатын жоғарғы деңгейде, тұрғызылған арнайы ақпарат жүйесі.
Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы
ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған
ақпарат жатады.
Нарықтық қатынасқа көшудегі Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы
төлеу жөніндегі акционерлік қоғамы саладағы қайта құрулар, осы Центр
Кредит банктің ақпараттық жүйе қызметтерінің бөлімдеріне айтарлықтай әсер
етті. Жинақтаушы зейнетақы төлеу жөніндегі акционерлік қоғамы
кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құру принципі, осы мекеменің иерархиялық
құрылымын құрудан көрінеді. Бұл жерде ақпараттарды жинақтау жолдарының
тиімді әдістерін қарастыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Центр Кредит банктың
жинақтаушы зейнетақы қоры жөніндегі акционерлік қоғамын алып отырмыз.
Ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың мақсаты Зейнетақы төлеу
жөніндегі акционерлік кәсіпорынның әрбір салымшысының зейнетақы келісім
шарттарын енгізу және зейнетақыны жинақтауды іске асыру жолының қызметін,
және ақпарат жинау жолдарын автоматтандыру болып табылады. Центр Кредит
банктың жинақтаушы зейнетақы төлеу жөніндегі акционерлік қоғамы бүкіл
Республика көлеміндегі облыстарда, және сонымен бірге облыстардағы бүкіл
аудандардағы филиалдық бөлімшелердегі халыққа қызмет ету жүйесін
автоматтандыру арқылы, халыққа қолайлы осы акционерлік қоғамның жұмысына,
тиімді және өте қолайлы болуын қарастырады. Және мемлекеттіміздегі осы
зейнетақы қорының әрбір филиалдарының тиімді түрде автоматтандырумен
қамтамасыз етуін қадағалау.
Дипломдық жұмысым кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен,
ақпараттық жүйесінен, программалық бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының есебінің
қойылымында есептің қойылымы, Центр Кредит жинақтаушы зейнетақы қорына
сипаттамма, есептің мақсаты мен тағайындалуы және есепке қойылатын талаптар
жайында баяндалады.
Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйесін
қарастыру бөлімінде пәндік сала, Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы
төлеу жөніндегі акционерлік қоғамының құқықтық, ақпараттық, математикалық
және программалық, техникалық қамтамасыздандыру талаптары анықталған, және
аталған акционерлік қоғамының ұйымдық қамтамасыз ету жолдары берілген,
ақпараттық жүйенің концептуалды схемасы көрсетілген.
Үшінші бөлімде ақпарат жинау есебінің қойылымы және программасы,
ақпарат жинау есебі, ақпарат жинау есебінің технологиясы, программалық
сипаттама, мәліметтердің құрылу жолы, кіріс және шығыс ақпараттары
анықталған. Есептер кешенін орындау үшін қолданылатын программалық
құралдардың сипаттамасы, программалық жабдықтау құрылымы, Центр Кредит
банктың жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйесі берілген.
Сонымен қатар, дипломдық жұмыстың соңында қорытынды, қолданылған
әдебиеттер тізімі және қосымшалар көрсетілген.
1 ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКТЫҢ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ЕСЕБІНІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ

1.1 Жинақатушы зейнетақы қоры есебінің қойылымы

Қазіргі заманың дамуына қарай әрбір саланың ақпараттық жүйесін
тұрғызуда белгілі бір зерттеуді қажет етеді. Ақпараттық жүйелердің дамуы
мен қолдану саласының көбеюіне орай қазіргі уақытта әрбір кәсіпорын, ұйым,
мемелекеттік органдардың, басқару салаларын ақпараттық және толықтай
автоматтандыруға көшіру. Сонымен менің қарастырып отырғын есебімнің нақты
мәселесі Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының есебі болып
табылады, және осы есепке сәйкес ақпараттық жүйесін тұрғызу. Бұл есептің
қойылымы негізінде Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір
салымшысының зейнетақы келісім шарттарын енгізу және зейнетақыны жинақтауды
іске асыру жолдарын зерттей отырып қарастырылды.
Сонымен қатар зерттей отырып ақпараттық жүйе программасында, ақпарат
жинау есебінің мәліметтер қорында, мәліметтерді енгізуде әрбір салымшының
РНН, СИК, жеке куәлігін, туған жылы, телефоны т.б енгізуді және тіркеуді
жүзеге асырады.
Сонымен қатар бұл тақырыпшада негізге алынып отырғаны Центр Кредит
жинақтаушы зейнетақы қорының жұмыс істеу жолдарын қарастырдым. Есеп
қойылымы нақты зейнетақы жүйесіндегі белгілі бір мәселелерді шешуде, және
осы мәселелерді қанағаттандыруды, келесі қарастырған тарауларымда жүзеге
асырады. Мұнда алынатын жүйе нақты ақпараттық жүйені тұрғызу мен оған
программалық жабдықтауды қарастыру. Соның ішінде Центр Кредит банктың
жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір салымшысының зейнетақы келісім шарттарын
енгізуді және зейнетақыны жинақтауды жүзеге асыра отырып ақпарат жинау
программасы құрылды. Бұл ақпараттық жүйеге құрған программаның атауы Центр
Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қоры деп қарастырылды.
Олар, мысалы жинақтаушы зейнетақы жүйесінде көбінесе әрбір азаматты
немесе жеке тұлғаны келісім шартқа отырғызу, және зейнетақы жинау жолының
ақпараттық жүйесін зерттей отырып, ақпараттық және программалық іске
асырылуына қол жеткізеді. Оны отырғызып қана қоймай болашақтағы қорда
жиналатын қаражаты көлемі жөнінде мәліметтермен қамтамасыз етуді де жүзеге
асырады. Осы ретте әрбір осы қордың қызметкерлері үшін, тиімді қызмет
атқару және шешім қарастыруда, мәліметтермен қамтамассыз ететін ақпараттық
жүйе құрылғанына толық негіз бар.
Өз ойымша, менің қарастырып отырған есебім жинақтаушы зейнетақы
жүйесіне белгілі болған, осы ақпараттық жүйені негіздей отырып нәтижелеу
деп ойлаймын. Осы ақпараттық жүйенің жүзеге асу жолы жоғарыда айтып
өткендей есебімнің қойылымына сәйкес Центр Кредит банктың жинақтаушы
зейнетақы қорының әрбір салымшысының зейнетақы келсім шарттарын енгізу мен
зейнетақыны жинақтауды толықтай жүзеге асырады және ақпарат жинақтау
программасын іске қосады.
Менің алдымен есебімнің қойылымына сәйкес қарастыра отырып құрған
ақпараттық жүйемді тұрғызуда алдымен келесілерді зерттеуді жүзеге асыру:
■ құқықтық қамтамасыздандыру;
■ ұйымдық қамтамасыздандыру;
■ Ақпараттық қамтамасыздандыру;
■ Математикалық және программалық қамтамасыздандыру;
■ Техникалық қамтамасыздандыру.
Құқықтық қамтамасыздандыру – бұл заң нормаларының жиынтығымен,
ақпараттық жүйенің белгілі бір түрде анықталып функцианалданатын құқықтық
статусы және осы арқылы ретті түрде ақпараттарды қолдануын көрсетеді.
Ұйымдық қамтамасыздандыру – бұл құрылғылар мен әдістердің жиынтығынан
құралған, және әрбір қызметкерлердің ретті түрде техникалық құрал-жабдықтар
арқылы өзара ақпараттық жүйені құрастырудағы процестерінен туындайды.
Ақпараттық қамтамасыздандыру – ішкі жүйенің қызметі заманға сай
басқару шешімдерін қабылдау үшін дұрыс ақпараттардың берілуінен құралған.
Математикалық және программалық қамтамасыздандыру – математикалық
әдістерден, модельдерден, алгоритмдерден және программалар алға қойған
мақсаттың жүзеге асыуы үшін ақпараттық жүйенің есептері болып табылады.
Техникалық қамтамсыздандыру – техникалық құралдар жиыны, олар арқылы
ақпараттық жүйемен жұмыс істеу үшін тағайындалады, және осы құралдар арқылы
құжатталу жолдарын жүзеге асырады.
Осыларды қарастыра отырып есептің нақтылығы мен дұрыс жұмыс істеуіне
қол жеткіздім. Және есепте жоғарғылардың құрылуы арқылы ақпараттық жүйені
құрастыруды жүзеге асыру. Жүзеге асырып қана қоймай ақпараттық жүйесі
бөлімінде осы қарастырған есебімнің қойылымына сәйкес зерттелген ақпараттық
жүйенің концептуалды схемасын тұрғыздым. 2бөлімнің 5 пунктінде
көрсетілген.2.6.
Бұдан әрі жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір функцияларын
программалау бөлімінде түсінікті түрде берілген және көрсетілген.
Жинақтаушы зейнетақы қоры бұл белгілі бір түрде зейнетақы жинақтау жүйесін
тұрғызу болып табылатындықтан, мен ақпараттық жүйесін осы салада қодануды
жеңіл түрде жүзеге асыру жолдарын іске қосуды қарастырады.[7, 86-бет].
Үшінші бөлімде толықтай түсінік бере алдым деп ойлаймын. Олар
келесідей:
■ Программалық бөлімінде ақпарат жинау есебінің программасын
тұрғызуды жүзеге асыру;
■ Ақпарат жинау есебінің технологиясын қарастыру;
■ Қолданылатын программасын қарастыру;
■ Мәліметтер қорын құру т.б болып табылады

1.2 Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының сипаттамасы

Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қоры 2002 жылдың 10
қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасы аумағында нақты түрде қызмет
атқаруды бастады. Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қоры әрбір
салымшының зейнетақысының жинақталуы мен оның әрі қарай салымшы тұлғаның
зейнетке шыққан күнінен бастап келсім шартқа сәйкес жүзеге асырылуы мен
айналысады.
Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының нақты қазыналық
қоры 35 млрд. теңгеге жуық меншікті капиталымен, Қазақстандағы ең ірі
әмбебап зейнетақы қорларының бірі болып табылады.
Бұл зейнетақы жинақтаушы қоры 2002 жылдан бастап Центр Кредит
банкінің ішінен құрылып осы банкпен бірігіп жұмыс істеуде. Олардың мақсаты
біріге отырып қаржы жүйелері мен өздерінің меншікті капиталын көбейтуге
негізделген. Центр Кредит банкі осы қордың меншікті капиталын алып,
Қазақстан Республикасы аумағында қаржы айналымын күшейту үшін айналымға
енгізуші банк болып табылады.
Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қоры жоғарғы түрдегі
корпаративті сатыдағы жетістіктерге қол жеткізуі, және жоғары қызмет
көрсетуіне байланысты, әрқашан экономикалық өсуі мен адамдық ресурстар
қорларының дамуын жүзеге асырушы қор болып табылады.
Бүгінгі таңда бұл қордың Қазақстан аумағында алпыс шақты филиалдан,
жүзге тарата жуық кассалық есептеу бөлімдерінен, және елу айырбастау
пунктерінен немесе қызмет көрсету орындарынан құралған. Нақты уақытта
жаңадан филиалдар ашылуда.
Негізі қызмет көрсетуі Қазақстан аумағындағы нақты зейнетақы
жинақтау қорлары жағынан өзінің коореспонденттік желісін кеңейтуде. Бүгінгі
таңда бірқатар шеттелдік банктермен АҚШ(Font Financial Bank, ABN AMRO
Bank), Рессейдің(Центр банкімен), Англияның(Center Fond) коореспонденттік
байланыс ұстауда. Және бұл қорда әртүрлі валюталармен төлемдерді, бір екі
күн ішінде валюталық төлемдерді кең спектрде жүзеге асыру қызметін
пайдаланады.
Зейнетақы қорының негізгі ісі қаржылық жинақтау болып табылады,
және сол қаржы арқылы өзінің пайыздық есеппен ішкі іс әрекетін
қалыптастырады.
Сонымен Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қоры қазіргі
уақытта қор көлемін арттыруда.
Бұл қор қазіргі кезде көптеген салымшыларды тартуы арқылы танымал
бола бастады. Олардың атқарып жатқан қызметтері қорландыру және
зейнеткерлік жасқа жеткендерді нақты уақтысында зейнетақымен қамтамасыз ету
болып табылады.
Даму приоритеті. Даму Концепциясында Зейнетақы төлеу жөніндегі Центр
Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін кеңейту, ақпарат
жүйесін жетілдіру және дамыту, оның мүмкіндіктерін әлеуметтік сақтандыру
жүйесінде пайдалану көзделген. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталығы арқылы екінші деңгейлі банктердегі салымшылардың есеп шоттарына
барлық әлеуметтік төлемдерді аудару жолдары жоспарлануда, ол алдағы уақытта
әлеуметтік төлемдер жөніндегі есептеу палатасының қызметін орындауға
мүикіндік береді, әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыруға бөлінетін Центр
Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының бюджет шығындарын азайтуға,
аумақтарда әлеуметтік тұрақтылықты қолдауға және әлеуметтік төлемдердің
мекен-жай бойынша жеткізілуін қамтамасыз етуіне қол жеткізеді.
Мекеменің мақсаты Қазақстандықтардың болашағы жарқын болуын
қамтамасыз ету. Және халыққа сапалы түрде қызмет көрсету, активті зейнетақы
жүйесін құру болып табылады. 2008 жылдың басында жинақтаушы зейнетақы қоры
ҚР нарығындағы зейнетақы қорларының ішінде 8 орынға ие болуы мүмкіндігін
қарастыруда. Олар 45 млрд. Зейнетақы активтеріне жетуді көздеуде. Осыны
жүзеге асыру арқылы ҚР аймағындағы маркетингтік, басқада қызмет салаларын
жүзеге асыруды қалайды. [1, 1- бет].
Ал мекеме қызметінің мақсаты болып мыналар табылады:
■ Міндетті зейнетақылық жарнаның есебін жүргізу;
■ Зейнетақы, жәрдемақы және басқа да төлемдердің заңды түрде
жүргізілуін ұйымдастыру;
Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін мекеме мынандай қызмет жасайды:
■ Әлеуметтік жеке код берілуі негізінде Қ.Р. халқы жөнінде жеке есеп
жүргізеді;
■ Зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік
жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдер жөнінде ақпарат базасын
ұйымдастырады;
■ Осы кезге дейінгі зейнеткерлерге, арнайы мемлекеттік жәрдемақы
алушыларға, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға және де
2003жылдың 1 қаңтарына дейінгі уақытта зейнеткерлікке жасы жеткен және
еңбек стажы алты айға толған азаматтарға қызмет етеді және де
зейнетақы, жәрдемақы төлемдерін іске асырады;
■ Келісім шарт негізінде жинақтаушы зейнетақы қорларына агент есебінде
қатысып, заңды және жеке тұлғаларға ақпарат береді;
■ Келісім шарт негізінде жеке заңды тұлғаларға ақша аудару жөнінде қызмет
жасайды.
Зейнетақы қоры негізінде қызмет істеуші адамдармен зейнетақы жинақтау
келсім шарттарына отырғызады. Бұл келсім шарт сол азаматтың құқығын
сақтаушы болып табылады. Егер кездейсоқ жағдайлар болып жатса, салымшы сол
жинаған қаражатын ұрпағының мұра ретінде алуына тиесілі, және мұны
зейнетақы қоры қамтамассыз етуде өз мойндарына алады. Келсім шартқа отыру
нәтижесінде салымшы өзінің зейнетақысының қауіпсіз түрде сақталуына
кепілдік алады. Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға
тура және нақты түрде сенімді болуның жолдарын қарастырған. Қор
салымшылардың қызығушылығын арттыру үшін, өзінің нақты мүліктерімен кепіл
болып табылады. [1,10-бет].
Ал мемлекет болса барлық салымшылардың зейнетақысын уақытында алуын
нақты түрде қамтамассыз етуші болып табылады. Және де қор өзінің
салымшыларын, кем деген де бір рет өзінің жиналған қаржысы жөнінде, ақпарат
беріп отырады, салымшының жинаған зейнетақысының көлемі қанша пайызға
өскендігі жөнінде білуіне жолдар қарастырылған. Жылына кем дегенде бес
пайызға өсіп отырады. Бұл қорда салымшылар өзінің жинаған қаражаттарын
басқа зейнетақы қорына ауыстырып, және оны қайта ауыстыруына кеңінен жол
ашылған қор болып табылады. Егер салымшы басқа қордан Центр Кредит банктың
жинақтаушы зейнетақы қорына қаржысын ауыстыруы арқылы жеңіл түрде шағын
несиелерді, төмен пайызда алуына мүмкіндік жасалған.
Зейнетақы қоры негізінде ҚР нарығында қызмет көрсету жағынан
алдыңғы орындарға жету мақсаты болып табылады.
Зейнетақы қорының идеясы негізгі акционер – Центр Кредит банкіне
тиесілі. Оны құрастырушылар танымал жарнама компаниялары мен ғалымдарға
тиесілі болып табылады.
Негізгі зейнетақы қорының іс әрекеті зейнетақыны салымшылардан
жинақтай отырып оны Центр Кредит банкінің қаржы айналымына қосады осы
арқылы біраз пайыздық мөлшерлемелер жинақтап қорды өзі салымшыларына кіші
мөлшерде, пайызы төмен несиелер береді.[1, 15- бет].

1.2 Есептің мақсаты мен тағайындалуы

Қазіргі кезеңде нақты әрбір есептің өзіндік белгілі бір
ерекшеліктеріне сәйкес мақсаты мен тағайындалу жолы болады. Сол сияқты
менің есебімнің ақпараттық жүйесінің мақсаты, ақпараттық жүйе есебінің
әдісіне, техникалық жағдайына, және бағдарламалық байланысты ұстап тұратын
ақпараттарына, қолдану саласына байланысты кез келген уақытта нақты, толық
ақпараттарды ұсыну және осы кезеңге сәйкес автоматтандыру болып табылады.
Сонымен қатар бұл есебімнің мақсатында жоғарыда айтылған Центр Кредит
банктың жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйесінің – әрбір
салымшысының зейнетақы келісімшартын енгізу және зейнетақы жинақтауға
байланысты деректерді электрондық өңдейтін, орталық болғандықтан,
ақпараттық жүйені енгізудің басты міндеті әлеуметтік төлем алушыларға
қызмет көрсету барысында жаңа тәсілдерді, технологияларды, ақпараттық
жүйелерді, бағдарламаларды және соларға нақты бір ақпарат енгізуде,
көптеген ыңғайлы әдістерге, қол жеткізуді жүзеге асырады, сонымен қатар
осыған байланысты қажетті ақпараттарды енгізу, беру, жинау, сақтау, іздеу
шығару, көшірмелеу, есептеу с.с. функцияларды енгізеді.

Есебімнің мақсатына сәйкес есептелуінде келесілер көрсетілген:
■ әрбір салымшының зейнетақы келісім шартын енгізуді және зейнетақы
жинақтауды анықтауда қолданылатын әдістер мен технологиялық
сенімділігін арттыруды қарастырады;
■ ақпараттар ағымының тиімділігін және оның айқындылығын туралылығы

мен нақтылығын арттырады;
■ ұсынылатын мәліметтердің нақты және тура болуын қамтамасыз етуі;
■ талаптар кешені және ақпарат қорларының орындалуын қамтамасыз
етуі;
■ қызметкерлердің жұмыс туралы беретін ақпараттарының жеделдігін
арттырады;
■ зейнетақы келісім шарттарының уақтылы толтырылуын
қамттамасыздандырады;
■ қызметтік процедуралардың жүзеге асуының бақылауын жақсартуды
жүзеге асырады.
Зейнетақы төлеу жөніндегі Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы
қорының, ақпараттық жүйесінің тағайындалуының негізгі шартын, зейнетақы
алушылардың және жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін автоматтандыру мен
программасын тұрғыза отырып, оны жүзеге асырады. Жүйенің ақпараттық
функционалдық құрылымы, қосымша есептер кешенін қосуға және болашақта одан
әрі қарай дамыту үшін, ашық болуын қарастырды. Компьютерде жұмыс істеу үшін
администраторлық және клиенттік түрде ақпараттық жүйені қолдануда
қарапайым болуын қамтамассыздандырады.
Ақпараттық жүйені тұрғызуда - нақты объектінің басқару жүйесін,
қазіргі заманғы есептеу техникасы жабдықтары мен экономикалық -
математикалық әдістермен дамыта алады. АЖ-ні жобалаудың ерекшелігі
экономикалық объектіні басқару фукциясының көп бөлігін немесе барлығын
құрап қамтуды қарастыратын жүйелік ыңғайды қолдану жолдарын қарастыруды
іске асыру. Ақпараттық жүйені жобалау әр түрлі мамандардың қатысуымен
жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ еңбекті көп қажет ететін кезең, бірақ
бұл кезеңді мен нәтижелеп және формальдай алдым деп ойлаймын. Тұрғызу
кезеңінің барлығы бөлек сатыларға бөлінеді. Ол берілген нәтижені алумен
аяқталатын, және ақпараттық жүйені құрастыру кезінде. тізбектеліп
орындалатын бөліктің бірі. Құрастыру кезеңі – бұл жұмысты ұтымды жоспарлау
мен ұйымдастыру пікірі бойынша бекітілетін жалпы сатының бір бөлігі екені
сіздерге мәлім болар деп есептеймін. [3, 120-бет].

Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйесі
тұтынушы сұранысына байланысты ақпаратты енгізу, жинау сақтау, іздеу, өңдеу
және ұсыну үшін арналған. Кез-келген ақпараттық жүйе оның қолдану саласына
тәуелсіз толық және дұрыс ақпаратты ұсынады. Сол сияқты менің құрған яғни
тұрғызған ақпараттық жүйем, қолдану саласына тәуелсіз толық және дұрыс та
толық ақпаратты ұсына алуы тиіс.

Жүйенің функционалды, ақпараттық құрылымы әрі қарай даму үшін және
қосымша есеп кешенін қосу үшін ашық болу керек.
Ақпараттық жүйе құрудың қарстырған мақсаты - ақпаратты өндіруді
бағдарламалық түрде автоматтандыру болып табылады. Бұл басқарма,
қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді, себебі келісім-шарт, анықтама-қағаз,
және басқа құжаттарды толтыруға, басқарманың қаржы-несие бойынша ақпаратын
өңдеуге уақыт жұмсамайды.
Ақпараттық жүйе енгізілгенде, ақпаратты өңдеу үрдісіне қызметкерлер
жұмысының тиімділігін жоғарылату талабы қойылады.
Жүйені ендірудің мақсатының құрамына:
■ жинау, сақтау, өңдеу, түзету, іздеу, баспаға шығару және есеп
беруді
өңдеуде, бөлуді айналым бөлігі түрінде автоматтандыру;
■ ақпараттық жүйенің ақпараттық және программалық
қамтамасыздандырылуын жаңарту;
■ нақты уақыттағы басқарманың қаржы-несие шаруашылығын толық
талдау;
■ алынған дұрыс ақпаратты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолдану;
■ есеп беруді автоматтандырылған түрде алу;
■ бір типті деректер базасын құру.
Сонымен қатар келесілердің қарастырылуы керек:
■ ақпараттық жүйенің жұмыс жеделділігі;
■ қарастырылғын және енгізілген немесе ұсынылған мәліметтердің
дұрыстылығы;
■ программаның ақаусыздығы;
■қағазбен жұмыс көлемінің азаюы.
Автоматтандырылған жұмыс бағдарламасы (АЖБ) – ақпараттың нақты есеп
шешімдеріне қатысатын, және сипатталатын жиыннан немесе тізбектен,
функциалық басқаруды өндейтін нақты қолдану саласы кешенінен құрылған жүйе.
Автоматтандырылған жұмыс бағдарламасы қолданушының дербес электронды
есептеуіш машинаны тікелей қолданумен байланысты.
Автоматтандырылған жұмыс орнын анықтаудың екі ыңғайы бар: техникалық
және физикалық. Техникалық ақпарат жүйесі құрамында процессор, монитор,
клавиатура, тышқан, принтер және сканер кіретін минималды құрал жиынтықтан
негізінде дербес компьютер (ДК) физикалық модульі анықталады. Сонымен қатар
физикалық модуль құрамына қажетті программалық құралдар кіреді, олар барлық
құралдар: операциондық жүйе, қызмет көрсету программалары және т.б.
қатынасы мен жұмысын қамтамасыздандырады.
Әрбір салымшының зейнетақы келсім шартын енгізу мен зейнетақыны
жинақтау программалық ақпараттық жүйесі зейнетақы төлеу жөніндегі Центр
Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысын автоматтандыру үшін
арналған ыңғайлы-бағытталған кіші есептеуіш жүйе деп қарастырдым.

Қазіргі кезде Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының
ақпараттық жүйесін құру және қолдану қажеттілігі мүмкін болды. Кәсіпорынның
ақпараттық жүйесін құрғанда оған жүйелі кезең тұрғысынан келу қажет болды.
Мәліметтерді өңдеудің орталықтанған формасы автоматтандырылған жұмыс орнын
қолдану екені анық. Бұл икемді және сенімді ақпараттық жүйе құруға және ЭЕМ
-ді қолданушының қатынасы үшін жеңілдетеді деп ойлаймын. [6, 250-бет].

1.3 Есепке қойылатын талаптар

Ақпарттық жүйе – жеке бөлім мен элементтерге бөлуді қажет ететін
күрделі жүйе. Толық жүйеге істей алмайтын нәрсені жеке элементтерге бөліп
істей алуға болады. Жүйе элементтері мен бөлімдері неғұрлым нақты әрі толық
бөлінсе, бөлім қатынасы анық болса, соғұрлым жүйені функциялау мен құру
үрдісі тиімді болады.
Ақпараттық жүйені құраушы элементтер, өзінің алатын орнына қарай
функционалдық және жабдықтайтын болып екіге бөлінеді. АЖ-нің функционалды
бөлімі – ішкі жүйе мен кешен жиынынан және басқарудың маңызды бөлімін
құрайтын құрылымнан құралған жиынтық. Функционалды бөлім ішкі жүйе
қамтылған кешен жиынынан тұратын функционалды ішкі жүйе кешенін құрайды.
Функционалды ішкі жүйе – нақты белгілері бойынша бөлінген жүйенің
салыстырмалы тәуелсіз бөлігі болып табылады.
Әрбір кіші жүйе кешен жиынына бөлінуі мүмкін. Кіші жүйе – нақты
белгімен белгіленген жеке жүйе бөлімі. Кешендер жиыны – нақты белгі бойынша
топталған жиын. [8, 88-бет].
Центр Кредит банкінің жинақтаушы зейнетақы қорының, ақпараттық
жүйесінің негізгі талаптары – жинақтаушы зейнетақы қорындағы қызметкерлер
орындайтын жұмыс кешенін автоматтандырылған түрде орындалулары.
Ақпараттық жүйенің құрылымы – ішкі ортамен байланысын анықтайтын ішкі
кеңістік, уақтылы байланыстарды салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы, және жеке
жүйе астары элементтерімен байланысты.
Ақпараттық қорлар дегеніміз - бір фирмадағы құндылықтар мен
материалды қорлар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз. Оған ішкі
жадыда сақталатын, негізгі және көмекші мәліметтер массиві мен кіру
құжаттары жатады .
Ақпараттық жүйемнің зерттелуіне сәйкес құрылуына, келесідей талаптар
қойылады:
■ құқықттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар;
■ ұйымдық қаматамасыздандыруға қойылатын талаптар;
■ ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар;
■математикалық және программалық қамтамасыздандыруға қойылатын
талаптар;
■ Техникалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар;
1) Құқықтық қамтамасыздандыру – АЖ құқықтық нормаларның жиынтығынан
құралады, және бұл жерде ақпараттық жүйенің функциялануы мен заңды статусын
құрастырып және оларды реттей отырып ақпарат ретінде қолдануы жолы болып
табылады.
2) Ұйымдық қамтамасыздандыру – бұл құрылғылар мен әдістердің
жиынтығынан құралған, және әрбір қызметкерлердің рет-ретімен техникалық
құрал-жабдықтар арқылы өзара ақпараттық жүйені құрастырудағы процестерінен
туындайды. Мысалы (Директор, басқарушы, бухгалтер т.б) осылар арқылы өзара
әрекетесе отырып құрайтын ақпараттық жүйе.
3) Ақпараттық қамтамасыздандыру – бұл ақпараттардың жиынтық бірегей
кодталуы және құжаттауды реттейтін жүйе,. әрбір ақпарат ұйымда немесе
белгілі бір фирмада айналым жасау нәтижесінде мәліметтер базасы әдістемесін
құрастырады.
4)Математикалық қамтамасыздандыру – бұл ақпараттық жүйенің
математикалық әдістердің жиынтығынан тұрады, олар модельдер, алгоритмдер
және ақпараттық жүйенің мақсаты мен шешімдерін шешудегі қолданылатын
программалар, немесе нақты орташа техникалық құрылғылардың өзара әрекетесу
кешені
5)Техникалық қамтамасыздандыру – АЖ функционалдылығы үшін қолданудағы
техникалық құралдар кешені.
6) Программалық қамтамасыздандыру – бұл құрылған ақпараттық жүйені
енгізу жолындағы құрылатын программалар жиыны.
Басқарудағы ақпараттық үрдісі жеке операциялармен орындау, оның
шешімдерінен тұрғызылады. Барлық операция үш саты бойынша топталады:
ақпаратты алу, түрлендіру және тұтыну. Бірінші саты экономикалық объект
шартындағы үрдісінде пайда болатын алғашқы ақпаратты жинау мен тіркеу,
енгізу тобынан тұрады. Екінші саты қайта өңделген ақпарат тобы уақыт пен
кеңістіктегі мәнін, формасын, құрылымын, өзгеру операциясын орындайды.
Үшінші саты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданатын ақпаратты
біріктіруге арналған операциялар тобы. [6, 55-бет].

2 ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКТЫҢ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ
ҚОРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ

2.1 Құқықтық қамтамасыздандыру

Құқықтық қамтамасыздандыру – бұл заң нормаларының жиынтығымен,
ақпараттық жүйенің белгілі бір түрде анықталып, функцианалданатын құқықтық
статусы және осы арқылы ретті түрде ақпараттарды қолдануы.
Құқықтық қамтамасыздандырудың негізгі мақсаты, заңдардың бекітілуі
болып табылады. Оларға жинақтаушы зейнетақы қорындағы құралған
заңдылықтарды қарастырамыз.
Құқықтық қамтамасыздандырудың құрамына заңдар, қаулылар, мемлекеттік,
үкметтік органдардың қалыптасуы, бұйрықтары, және басқа да
министірліктердің қарастратын әдістемелік басқа да нормативті құжаттар,
ведомоствалар, жергілікті үкімет органдарының ұйымдастыруы және т.б. Солар
жайында төменде жинақтаушы зейнетақы қорының заңнамаларын келтірдім.
Құқықтық қамсыздандыруда, ортақ қатысты бөлімді белгілеу арқылы, әрбір
ақпараттық жүйенің жергілікті бөлімін реттеу көмегімен жүзеге асыру. Бұл
нақты бір жүйені реттеу арқылы жүзеге асыру. Оларға төмендегі бөлікті
көрсетуге болады.
Құқықытық қамтамасыздандыру сатылары, менің ақпараттық жүйемді
құрастыруда, нормативті актілерді қосады, олар келісім шарттар арқылы
құрастырушы мен тапсырыс берушінің қатынасы және келісім шарттарды реттеуді
бұзу арқылы өздерінің қабылдаған шешімдері арқылы жүзеге асырылады.
Құқықтық қамтамасыздандырудың ақпараттық жүйені жүзеге асыру сатыларына
келесілерді қосады:
1) ақпараттық жүйенің статусын;
2) қызметкердің жаупкершілігі мен міндеті туралы құқығы;
3) басқару процессінің өзгеше түрлерінің құқықтық жағдайы;
4) ақпараттың құрылуы және қолдану реті.

1) Ақпараттық жүйенің статусын біздің жүйеде жинақтаушы зейнетақы
қорының статусы ретінде аламыз:
Мемлекеттіміздегі зейнетақы қорларының ішіндегі Центр Кредит банктың
жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады.
Центр Кредит банкінің жинақтаушы қоры осы Қазақстан Республикасы
аумағында қызмет атқарушы қор болып табылады. Мемлекеттік тіркелуін
растаушы құжаты № 43348-1910 АҚ-ны 2003 жылдың 24 желтоқсанында ҚР әділет
министірлігі мен Алматы қалалық әділет басқармасының рұқсатымен берілген,
және заңды күші бар зейнетақы жинақтаушы қоры болып табылады.
Зейнетақы қоры заңды тұлға болып табылады, және зейнетақы қорының ішкі
жағдайы мен жарғыларына Қазақстан Республикасының заңдары негізінде өзінің
қызметін жүзеге асырады. Зейнетақы қорының арнайы статусын, Қазақстан
Республикасының әділет министірлігінде, нақты жинақтаушы зейнетақы қоры
ретіндегі, мемлекеттік тіркеу актілерін анықтайды.
Зейнетақы қорының ұйымдық - құқықтық формасы – Қазақстан
Республикасының заңдарымен қарастырылған, және әрекет етуші, акционерлік
қоғамы болып табылады.
Зейнетақы қорының меншіктік формасы - жеке меншік болып табылады.
Зейнетақы қоры, жинақтаушы қордың акционерлерімен мемлекеттік міндеттері
үшін жауап бермейді. Ал мемлекет болса оның акционерлері мен міндеттері
үшін жауап бермейді.

2) Қызметкердің жауапкершілігі мен міндеті туралы құқығы ретінде;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейнетақы реформасы
Кәсіпорынның қаржылық тұрақсыздығын талдау
Зейнетақы жүйесiн реформалаудың алғышарты мен ерекшелiктерi
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизмі
Қаржы нарығының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және оның кызмет ету механизімі
Коммерциялық банктегі кірістер мен шығындар және оларды оңтайландыру жолдары
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі
Жинақтық зейнетақы қорлар жүйесі
Қазақстан Республикасында банк қызметінің даму перспективалары мен проблемалары
Пәндер