Жайық өзеніндегі сазан және торта балықтарының бауырының морфологиясы



КІРІСПЕ
4
I.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Жайық өзенінің сипаттамасы географиялық орны. 5
1.2.Зерттелуші балықтардың систематикасы, таралуы , қоректенуі
6
1.3.Омыртқалы жануарлардың бауырының морфологиялық жалпы мәліметі
10
1,4. Балық бауырының морфологиясы
10
II. МАТЕРИАЛДАР МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕР
14
III. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
18
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
23
Жайық өзені- Үйтас жотасындағы биіктігі 637 метр.Өзен Нәжім тауынан басталып (Оңтүстік Орал тауы) Башқұртстан,Ресейдегі Челябинск және Орынбор обылыстарының жерін басып өтеді де Тобыл өзенінен пайда болған өзектердің Мұғалжар және жалпы сырт шоқыларынан аққан суларына қосылып, молайып барып Каспийге құяды.
Жайыққа Сакмара, Ор Елек өзендері, Барбастау және Солянка және Шаған өзендері құяды. Жайықтың арнасы 100-200 метрден 300-500 метрге дейін барады, ал жағалауы жар болып келеді.
Каспий теңізі- тұйық теңіз. Ол шарындағы ең ірі тұзды көл, бірақ көлеміне, даму тарихына, физика-географиялық процестерінің сипатына қарай теңіз қатарына жатады. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ұзындығы 1200 шаршы м. орташа ені 320 шақ, жағасының ұзындығы 7 мың шақ. Теңіз ауданның 371 мың шақ, су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 м төмен. Ең терең жері 1025 м. Теңіздің ірі шығанақтары : солтүстігінде Кизляр, Консома,, шығысында Маңғыстау, Кендірлі, Қазақ, Қара Бұғаз-Көл, Баку қойнауы,оңтүстігінде таяз лагуналар көп. 50-ге жуық аралдары бар. Олардың ірілері: Құлалы, Тюлен, Чечень, Артем, Жылой, Булла. Каспий теңізіне солтүстіктен Терек, Еділ, Жайық, Жем; батыстан Сулақ, Самур, Кура өзендері құяды.
Жайық өзенінде мекендейтін балықтар - жартылай өткінші. Олар әдетте тіршілігінің көпшілік уақытын Жайық өзенінде өткізіп, қоректенуі үшін Каспий теңізінің тұздылау жеріне келеді. Қазіргі кезде Каспий теңізіндегі мұнай өндіру процесінің қарқынды жүруіне байланысты судың ластануы байқалады. Судың ластануы балық мүшелерінің морфофункционалдық жағдайына әсер етеуіне байланысты. Сондықтан біздің бітіру жұмыста Каспий бассейнінен ауланған сазан мен торта балықтарының бауырын гистологиялық жағынан зерттелуге арналған.
Жұмыстың мақсаты – 2007 жылы Жайық өзенінен ауланған сазан және торта балықтарының бауырының морфологиясын зерттей отырып, 2005 жылғы Каспийден алынған торта балығының бауырының морфологиясын экологиялық жағдайымен байланыстыра отырып салыстыру.
Міндеті: әр жылдары ауланған сазан және торта балықтарының бауырларынан гистологиялық кескін жасап, оның морфологиясын зерттеп салыстырмалы гистологиялық талдау жүргізу.
1 Қазақ Ұлттық энциклопедиясы /Бас. ред.Ә.Нысанбаев. Алматы: 2002.-Б 389-402.
2 Митрофанов В.П. Рыбы Казакстана – 5том Алма-Ата; Наука Казахский ССР 1989, -Б.121-136.
3 Никольский Г.В. Частная ихтиология Изд. Высшая школа М; 1971,-Б.212-216
4 Лили Р. Патогистологическая техника и практическая гистохимия М; Мир 1969.-Б. 42-46.
5 Хэм. А., Кормак Д.,Гистология-Т.4.М.; Мир,1982.-Б.166-195.
6 Халилов Ф.К.Материалы по морфологии и гистологии пищеварительной системы костистых рыб.Алматы; Мектеп, 1969. – Б.130.
7 Шалғынбаева С.М., Кобегенова С. С., Нұрщин Қ.А. Микротехника негіздері. Алматы; Қазақ Университеті,2007. -Б 27-30.
8 Мочван В.А. Жизнь и рыб и их разведение. Изд. Колос. М-1966, -Б.173-181
9 Митрофанов В.П. Рыбы Казахстана Т.3. Алма-Ата: Наука, Казахский ССР 1989, - Б.128-161
10 Бәйімбетов Ә.А. Ихтиология негіздері. 1-бөлім. Оқу құралы – Алматы: Қазақ Университеті, 2005, -Б.42-46
11 Волкова О.В, Елецкий Ю.К. Основы гистолгии и гистологическии техники 2-е изд. М: Медицина, 1982
12 Иванов А.В., Поленский Ю.И., Стрелков А.А., Бальшой практикум по зоологии беспозвоночных. Учебное пособие. Часть 1. 1981, М: Высшая школа 1983, -Б.493
13 Ходоренко А.В. Тканевая и клеточная дифференцировка печени крыс при хроническои воздействии солей тяжелых металлов. Алматы: 1999,
14 Евтушенко Н.Ю. Интенсивность липидного обмена в печени карпа в зависимостти от концентрации марганца в воде. Изд Наукова думка, ІІ Гидробиологическии журнал 1985 том ХХІ № 6 62-65 бет.
15 Вопросы ихтиологии М 1996 Том 36 №2 .П.О Рапитти, Н.В. Михайлова,В.В Антонова, Содержание жирных кислот в печени и мышцах молоди озерного лосося Salmo salar Morpua Sebago при никрозе плавников - Б.120-124
16 Омаров Т.Б Қазақстан көлдері. Алматы: Қазақстан,1987ж
17 Берг Л.С. Рыбы пресных вод СССР и сопредельных стран.-М.: Изд-во АН СССР,1949, Т.3.
18 Суворов Е.К. Основы ихтиологии. М., 1948,
19 Ә.А.Бәйімбет, С.Т. Темірхан Қазақстанның балық тәрізділерімен балықтарының қазақша –орысша анықтауышы. Алматы-1993ж
20 Никольский Г.В. Экология рыб. Москва. 1974, - Б.107-208.
21 Б.П. Токин. Общая эмбриология. М., Высшая школа , 1970.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Биология Факултеті

Зоология және гистология кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Жайық өзеніндегі сазан және торта балықтарының бауырының морфологиясы

Орындаған 4 – курс студент:

Ғылыми жетекшісі:
_____ ___________ 2008 ж

Норма бақылаушы:
_____ ___________ 2008 ж

Қорғауға жіберген
кафедра меңгерушісі:

Алматы 2008 ж
РЕФЕРАТ

Бітіру жұмыстың тақырыбы “Жайық өзеніндегі сазан және торта
балығының бауырының морфологиясы” – 26 беттен, 1 кестеден, 7 суреттен,
21 әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кілттік сөздер - сазан, торта, бауыр, гепатоцит, ұйқы безі,
эндокрин және экзокрин секрециясы, патология, некроз, антропогенді
фактор, дәнекер ұлпа.
Жұмыстың мақсаты: Каспийден 2005 жылы жиналған торта балығының, 2007
жылғы Жайық өзенінен жиналған сазан және торта балықтарының бауырының
морфологиясын зерттеу.
Міндеті:
- Торта, сазан балықтарының систематикасы, биологиясы және
экологиясымен танысу;
- Биологиялық анализ жүргізу;
- гистологиялық әдістемелерді пайдалана отырып балықтардың бауырынан
препарат жасау;
- жасалған кескіндерге салыстырмалы гистологиялық анализ
жүргізу.

МАЗМҰНЫ
Бет


КІРІСПЕ 4
I.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 5
1.1 Жайық өзенінің сипаттамасы географиялық орны.
1.2.Зерттелуші балықтардың систематикасы, таралуы , қоректенуі 6
1.3.Омыртқалы жануарлардың бауырының морфологиялық жалпы 10
мәліметі
1,4. Балық бауырының морфологиясы 10
II. МАТЕРИАЛДАР МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕР 14
III. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ 18
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 23

КІРІСПЕ

Жайық өзені- Үйтас жотасындағы биіктігі 637 метр.Өзен Нәжім тауынан
басталып (Оңтүстік Орал тауы) Башқұртстан,Ресейдегі Челябинск және Орынбор
обылыстарының жерін басып өтеді де Тобыл өзенінен пайда болған өзектердің
Мұғалжар және жалпы сырт шоқыларынан аққан суларына қосылып, молайып барып
Каспийге құяды.
Жайыққа Сакмара, Ор Елек өзендері, Барбастау және Солянка және Шаған
өзендері құяды. Жайықтың арнасы 100-200 метрден 300-500 метрге дейін
барады, ал жағалауы жар болып келеді.
Каспий теңізі- тұйық теңіз. Ол шарындағы ең ірі тұзды көл, бірақ
көлеміне, даму тарихына, физика-географиялық процестерінің сипатына қарай
теңіз қатарына жатады. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып
жатыр. Ұзындығы 1200 шаршы м. орташа ені 320 шақ, жағасының ұзындығы 7 мың
шақ. Теңіз ауданның 371 мың шақ, су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 м төмен.
Ең терең жері 1025 м. Теңіздің ірі шығанақтары : солтүстігінде Кизляр,
Консома,, шығысында Маңғыстау, Кендірлі, Қазақ, Қара Бұғаз-Көл, Баку
қойнауы,оңтүстігінде таяз лагуналар көп. 50-ге жуық аралдары бар. Олардың
ірілері: Құлалы, Тюлен, Чечень, Артем, Жылой, Булла. Каспий теңізіне
солтүстіктен Терек, Еділ, Жайық, Жем; батыстан Сулақ, Самур, Кура өзендері
құяды.
Жайық өзенінде мекендейтін балықтар - жартылай өткінші. Олар әдетте
тіршілігінің көпшілік уақытын Жайық өзенінде өткізіп, қоректенуі үшін
Каспий теңізінің тұздылау жеріне келеді. Қазіргі кезде Каспий теңізіндегі
мұнай өндіру процесінің қарқынды жүруіне байланысты судың ластануы
байқалады. Судың ластануы балық мүшелерінің морфофункционалдық жағдайына
әсер етеуіне байланысты. Сондықтан біздің бітіру жұмыста Каспий бассейнінен
ауланған сазан мен торта балықтарының бауырын гистологиялық жағынан
зерттелуге арналған.

Жұмыстың мақсаты – 2007 жылы Жайық өзенінен ауланған сазан және торта
балықтарының бауырының морфологиясын зерттей отырып, 2005 жылғы Каспийден
алынған торта балығының бауырының морфологиясын экологиялық жағдайымен
байланыстыра отырып салыстыру.

Міндеті: әр жылдары ауланған сазан және торта балықтарының
бауырларынан гистологиялық кескін жасап, оның морфологиясын зерттеп
салыстырмалы гистологиялық талдау жүргізу.

I. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.

1.1. Жайық Каспий алабындағы өзен.Ол Оңтүстік Орал тауы және Каспий
ойпаты, Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы, Челябі, Орынбор және
Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау облыстары жерінде ағып, Атырау қаласы
тұсында Каспий теңізіне құяды.Жайықтың жалпы ұзыдығы 2428 шақ, су жиналатын
алабының ауданы 237 мың шақ , Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 шақ. Орал
тауы жотасынан басталып жоғарғы бөлігіне оңтүстік Оралдың шығыс беткейін
бойлай тар аңғарымен ағып, Верхнеуральск қаласымен төмен қарай жазықпен
ағады. Жайыққа оң жағынан Таналық, сол жағынан Ор салалары құяды.
Жазық даламен ағатын тұсында оған сол жағынан Елек өзені құяды.
Жайыққа оң жағынан Кіші, Қызыл, Үлкен Қызыл, Сакмар, Таналық, Шаған; сол
жағынан Шыңғырлау Гумбейка, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елек
салалары құяды. Өзеннің жоғарғы ағысында қарашаның басында, орта төменгі
бөлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі төменгі бөлігінде наурыздың
аяғында басталып, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады.
Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ, Каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын
ауланады [1].

Жайық-Жем артезиян алабы
Алап Каспий ойпатының шығысында орналасқан.Ол Жайық пен Жем өзенінің
аралығындағы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының жерін қамтиды.
Жер астындағы мол да әртектес қабатты , тұз күмбезді сулы аймақ. Жалпы
ауданы 200 мың шақ жуық [1].

Жайық-Каспий Қоңыр көмір алабы
Атырау Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Жалпы
аумағы 150 мың шаршы м. Көмірлі түзілімдер туралы алғашқы деректер 19
ғасырдың аяғында белгілі болған. Алабтың жекелеген кен көздері игеріліп,
1941-1945 ж.ж.жергілікті отын орталығы болды [1].

Каспий теңізі
Каспий теңізі- тұйық теңіз.Ол жер шарындағы ең ірі тұзды көл болғанмен
көлеміне, даму тарихына, физика-географиялық процестерінің сипатына қарай
теңіз қатарына жатады. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып
жатыр. Ұзындығы 1200 шаршы м , орташа ені 320 щақ, жағасының ұзындығы 7 мың
шақ. Ауданның 371 мың шақырым, су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 м төмен. Ең
терең жері 1025 м. Ірі шығанақтары : солтүстігінде Кизляр, Консома,,
шығысында Маңғыстау, Кендірлі, Қазақ, Қара Бұғаз-Көл, Баку
қойнауы,оңтүстігінде таяз лагуналар көп. 50-ге жуық аралдары бар. Олардың
ірілері: Құлалы, Тюлен, Шешен, Артем, Жылой, Булла. Каспий теңізіне
солтүстіктен Терек, Еділ, Жайық, Жем; батыстан Сулақ, Самур, Кура өзендері
құяды [1].
Жағалауы. Солтүстік жағалауы ойпатты, жазық. Мұнда теңіз суының шалқып
шегінуі әсерінен кең алқапты қайраң қалыптасқан. Өзен сағаларында атыраулық
жаға ұлғаюда.
Рельеф. Каспий теңізінің түптік рельефі мен гидрологиялық
ерекшеліктеріне қарай Солтүстік Каспий, Орталық Каспий және Оңтүстік
Каспийге бөлінеді [1].
Гидрологиялық режим. Каспий теңізінде өзен ағындарымен желге
байланысты судың циклонды араласуы байқалады. Су массасы батыс жағамен
солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалады да , Апшерон түбегіне жеткенде екі
тармаққа бөлінеді. Оның 1-шісі бағытын жалғастыра береді де, ал екіншісі
шығысқа бұрылып, шығыс жағалауындағы солтүстікке бағытталған ағысқа
қозғалады. Судың орташа тұздылығы 12,7 ‰ , шығыс жағалауында 13,2‰.
Фаунасы мен флорасы. Каспий теңізі Фауна мен флораға кедей.
Өсімдіктердің 500, балық пен жануарлардың 854 түрі бар. Каспий теңізінде
неоген дәуірінде жаралған фауна түрлері көп. Оларға бекіре тұқымдас
балықтар, майшабақ, бұзаубас балық, дрейсена және жүрекше моллюскалар
жатады.[1].
Шаруашылық маңызы. Каспий теңізі ежелден құнды балықтар түрлеріне
бай.Онда бекіре тұқымдас балықтар, майшабақ, тұщы су балықтар (табан
балық, көксерке, сазан т.б.) , ит балық ауланады.Кейінгі кезде мұнай
өнімдеріне байланысты теңізден ауланатын балық мөлшері азаюда.

Систематикасы, таралуы қоректенуі.

Систематикасы

Тип: Chordata-Хордалылар
Типтар: Vertebrata-омыртқалылар
Бөлім : Gnathostomata-жақтылар
Клүсті: Pisces-балық
Клас :Osteichtyes-сүйекті балықтар
Отрүсті: Cyprinimorpha--тұқылар
Отр: Cypriniformes-тұқы тәрізділер
Тұқымдас: Cyprinidae-тұқылар
Туыс :Cyprinus -тұқы
1. Түр : C. carpio-сазан
Түрше: Cyprinus carpio aralinsis-арал сазаны
2. Түр: Rutilus rutilus-торта

С. саrріо көп кездесетін түрдің бірі. Сурrinus тұқымдасына
торта,
нәлім, елец, аққайран, гольец, қызылқанат, жерех, оңғақ, подуст,
пескарь, усач, шемай, мөңке тағы басқа көптеген балықтар жатады
[2].
Сурrinus туысы СССР және Европада ихтиофаунасында біреу (сазан),
ал Қытай ихтиофаунасында 2 туыс:
1. Сурrinus саrріо Linne – сазан Европа, Қара және Каспий теңізінің
бассейніде Қазақстанда Жайық,Эмбі өзендерінде, Волга –Жайық
суқоймаларында, және Шалқар және Каспий теңізінде кездеседі.
Е.Н.Казанчеевтің көрсеткіші бойынша соңғы зонада кездескені.
Мангышлау п-ова [2].

Сипаттамасы.

Бүйір сызығы 33 5-65-6 41 қабыршық, 36-38 омыртқа, Д ІІІ-ІҮ
(15), 16-21 (22), А ІІІ –5-6, Р І 15-17, V ІІ 7-8, желбезек тычинкасы
20-29, жұтқыншақ тісі 1·1·3 – 3·1·1 немесе 1·2·3 - 3·2·1 (Берг, 1949;
Серов, 1959; Шапочникова, 1964; Митрофанов, 1973; Казанчив, 1981)

Корсеткіштерімен зерттеу белгі барлық авторлардың көрсеткішімен
ерекшеленбейді [2].
Г.Х.Шапаникованың айтуынша Жайық өзендегі сазанды одан арғы
зерттеулермен анықтаулар боған жоқ. П.Н.Серов (1959) сазанның
пластикалық белгісі: мынадай денесінің ең биік жері 25,4-34,1 (орташа
29,0) ең аласа жері 10,3-12,5, антедореальдісі 44-56, ростдореальді 11,7-
22; антеанальное 68,5-79,3, антевентольное-41,4-51,8, пектовентрольді-
18,4-27, ұзындығы Р – 15,3-18,8. құйрық сабағы – 15,7-21, Д биіктігі –
9-14,3, А биіктігі – 10,2-14,8 .

Биологиясы.

Сазанның жыныстық жетілу жасы 3,4.Жайық сазаны үнемі порциялап
уылдырық шашатын балыққа жатады. Г.Х.Шапаникованың көрсетуінше
порциялап уылдырық шашатындары 18-20% өрістеуі су температурасы 17-18 0
С, Жайық бассеиніндегі сазан әдетте сәуір айының аяғы мен мамыр
айының басында. Сазан балығының тұқымдалығы денесінің салмағы мен
жасына байланысты. Е.Н. Казанчеев көрсеткіші бойынша Волга өзендегі
сазан жасы 3-10 жас, дене ұызындығы 35-69 см, тұқымдығы 179-дан-1113 мың
уылдырық, ал орташа 530 мың уылдырық, диаметрі 0,35-1,6 мм. Камьни –
Самарекий өзеніндегі аналық сазан жасы – 5-8 жас, абсолютті
тұқымдылығы 76-480 мың уылдырық, диаметрі 1,2 мм. Шалқар өзенінде 6-10
жылдық сазан 126-637 мың уылдырық береді [2].
Баковка көліндегі Чиров тоғанында (Батыс қазақстан облысы) 1968
жылы тұқымдылығы (дене ұзындығы 42-43 см, массасы 1450-1500г) 273-301 мың
ұылдырық берген. Уылдырығы жабысқақ күйде болады. Эмбрион 3-5
тәуілікте шығады. Жарып шығу дене узындығы 4,5-5,5 мм. Н.П.Серов
корсеткіші бойынша Қазақстанда Европалық сазанның максимальді жасы 14
жас. Қазақстандағы сазанның максимальді ұзындығы 44 см және 8,3 кг. деп
әдебиеттерде көрсетілген. Жайық өзеніндегі сазан негізінен бентоспен
қоректенеді. Олар: зоопланктонмен, хиронмид личинкасымен, көктемдіктер,
біркүндіктер, азқынтанды құрттар, бүйірімен түзушілер, су
өсімдіктерімен және детритпен қоректенеді [2].
Cyprinus carpio arelinsis – арал сазаны. Бүйір сызығының үстінгі
қабыршақ саны 5-7, ал астында 4-7 қабыршақ, жұтқыншақ тістерінің
формуласы 1·1·3 – 3·1·1. Пластикалық белгілері едәуір ажыратылған.
Көптеген авторлар сазанның жыныс деморфизмі әлсіз білінеді деп жазады.
Мысалы: Іле өзеніндегі аналық сазанның аналь қанаты биік (Таранов,
1959), аталықтың құрсақ қанаты қысқарған. Сазан түсі оның тіршілік
ортасына байланысты. Түрліше болады, басының үсті қара түсті, арқасы
мен бүйірі ашық қоңыр немесе жасыл-қоңыр, ашық-алтын түсті бүйірі,
құрсағы әркез-сары немесе сары сұр, арқа қанаты күңгірт, жұп қанаттары
қызылдау түс [2].
1949-1950 жылдары А.И.Герюнованың айтуынша сазанның омыртқасы
майысқан, массасы аз, өсуі баяу көріксіздігі байқалады. Битликоль,
Аккөл көлдерінде және Талас бассейнінде омыртқалының қисаюы, құйрық
қанаттарының аймағы, аноль қанаттарының сәулелері, жұп қанаттарының
ұзаруы болған. Оның дене ұзындығы 38 см болса, кеуде қанаттарының
ұзындығы 19 см. болған [2].

Көбеюі.

Арал сазанының жыныстық жетілуі 3-7 жас. Солтүстікке қарағанда
оңтүстік аралда бір жыл ерте жетіледі. Бұқтырма су қоймасындағы
аталық сазанның жыныстық жетілуі 4 жас, дене ұзындығы 30см, ал
аналықтары Б жас, ұзындығы 34 см, Авторлардың айтуынша негізінен сазан 4
жаста, дене ұзындығы 16-30 см жетіледі деп жазады. Арал сазаны
полицикльді, порциялап уылдырық шашатын балық. Өрістеуі үшін судың
температурасы 10-120С төмен болмау керек. Сырдария және Талас
бассейіндерінде өрістеу наурыз айының аяғымен сәуір айының ортасы.
Оңтүстік арал сазаны солтүстікке қарағанда 10-15 күн ерте өрістейді,
ал Балқаштың оңтүстігінде, солтүстікігіне қарағанда 10 күн ерте болады
(Пианев, 1985).
Бойы және жасы. Арал сазанының бойының өсуі оның су қоймада
қоректенуіне байланысты. Сазанның өсуі келесідей жүреді. Аралда ай
сайынғы ұзындығы 20 мм (Гостива 1956) шілде айының соңында орташа – 27
мм, ао июльде 9-47, орташа – 37мм. (Никольский 1940). 1960-1964 жылдары
теңізде июль айындағы сеголетканың көлемі 22,7-43 мм, орташа массасы
629-2810 мг. (Маркова 1969). Шардара су қоймасында мамыр айының соңында
шабақтары 25-26 мм және 0,44-0,51г, ал қыркүйек айының соңында 72-87 мм
және 9,7-18,6 г (Ерещенко 1970) болады. Бөген су қоймасында мамыр айының
соңында шабақтарының ұзындығы 12-24,маусым айының басында 14-42, тамыздың
ортасында 40-90, орташа 67мм, орташа салмағы 10,9г. Тере-Ащыбұлақ су
қоймасында сазан сеголеткалары сондай көлемде [2].

Қоректенуі.

Арал сазаны аралас қоректі балық. Олардың негізгі қорегі –
хирономид. Жас балық зоопланктонмен, ескекаяқты шаян, ұсақ моллюска,
хирономидпен қоректенеді. Балқаш көліндегі дернәсілінің ұзындығы 6-10
мм жеткенде, ұсақ балдырлармен, коловраткамен қоректенеді. Қоректік
массалық процент балдырлар 3,7, коловратка-14,9, бұтақмұртты шаян – 17,6,
ескекаяқты-15,5, хирономид личинкалы – 18,3 (Садуакасова, 1982) құрайды.
Бөген суқоймасында жас сазан размері 11-12 мм олар планктон; дафня (50%)
және хирономид (30%) қоректенеді. Шу өзеніндегі жас сазан размері 6-8,5
см олар, макрофитпен және құрылымдағы, судағы насекомдардың
личинкасымен (11,8), детрит (61,0), хирономид личинкасы (19,8),
шаянтәрізділер, (68,3), азқылтанды құрт (4,8), диатомды балдырлар (3,2).
(Пивнев 1985).

Торта – Rutilus rutilus
Көбеюі.

Торта полицикльді уылдырық шашатын балық. Жыныстық жетілуі
бірнеше жылда. Оскеннен суқоймаларында тортаның жыныстық жетілуі 3
жыл дене ұзындығы 9-12 см (Чабан 1959). Орталық және Солтүстік
Қазақстан су қоймаларында 2-3 жылда, дене ұзындығы 10-14 см [3].
Сібір тортасы ерте уылдырық шашатындар, уылдырық шашу
миграциясы кезінде су температурасы 6-8 0 С болу керек. Уылдырық шашу да
максимальді t-70С, көбінесе 9-120С. уылдырық шашуды бақылау уақыты таңғы
сағат 10-ға дейін, ал кешке сағат 18-ден 23-ке дейін. Торта фитофильді
балық, әдетте уылдырығын өсімдікке шашады. Тортаның уылдырығының түсі
ақ-сарыдан сарыға дейін, кейде жасылға дейін өзгереді [3].
Өсуі мен жасы.
Май айының басында жоғарғы Ертіс бассейнінде тортаның личинкасы
пайда болады. Шілде айының ортасында Бұқтырма су қоймаларында жас торта 2-
3 см өседі және массасы 0,7-3,2г. Соңғы 2 айда қыркүйектің ортасына
дейін Зайсан аймағындағы сеголеткалардың орташа дене ұзындығы әр
жылда 0,8-1,6 см, шамасы 0,3-1,7г, Ертісте – 0,5-3,4 см, массасы 0,44-
3,6г өседі. Өсуі әр жылда әртүрлі 1965-1967 жылдары Зайсан аймағында
4 айда сеголеткалардың орташа дене ұзындығы 3,5см, массасы 0,4 г, ал
Ертіс аймағында 2,5-4 см, 0,3-0,9 г өскен [3].
Сібір тортасының Қазақстанда өсу жасы – 15 жыл. Бұл Ертіс су
қоймасынан алынған. Ауланған тортаның әдеттегі жасы – 7 жас.
Қоректенуі:
Сібір тортасы – бентос қоректі балық болып саналады. Олар фито
және зоопланктонмен, өсімдік детритімен қоректенеді. В.И. Глушактың
зерттеуі бойынша (1981) С2 2-ші кезеңдегі торта дернәсілі көбінесе
Rоtаtоzia және Copepoda дернәсілдерімен қоректенеді. 3-ші дернәсілдік
кезеңде қозғалатын формамен көп қоректенеді, ескекаяқтылар – 89,01%,
бұтақмұратты – 10,65-17,5, коловратка – 2,0-10,1 %, келесі этаптағы (Д1
Д2 Е) дернәсілдерінің қорегінде ескекаяқтылар, Е кезеңіндегі қорек
қорының 45,39 % бұтақмұртты шаяндар. Л.С.Пруявич ( 1978) Бұқтырма
суқоймасындағы торта - эврифаг. Сеголеткалардың ұзындығы 2,2-3,6 см
болғанда 87,3 %- төменгі сатыдағы шаяндар, 58 %-бұтақмұртты шаян. Қорек
рационы хирономид личинкасы, су тікендері және диатомды балдырлар
болады. Зайсан аймағындағы ересек балықтар көктемде детритпен,
макрофитпен, жазда қоректі жануар саны минимальді, детрит, макрофит,
фитопланктон және саз балық қоректің 86 % құрайды. Күзде жоғарғы
сатыдағы өсімдіктер 0,8 % дейін төмендейді, ал негізгі қоректі
моллюска (65,2 %) құрайды. Ертіс аймағындағы ересек тортаның негізгі
қорегін Компонентік- төменгі сатыдағы шаянтәрізділер (24-34,2 %) және
болдырлар (16,6-38,3 %) құрайды. Өскемен су қоймасындағы тортаның
қорегі жануартектес организмдер-хирономид личинкасы, моллюска, инелік
личинкасы, қандала, қоңыз, көктемдіктер, біркүндіктер, шаянтәрізділер
және ракушкалар кездеседі [3].
А.В. Киселов бойынша Көкшетау облысындағы Имантау көліндегі 15-18
см бағанда, макрофит массасы 99,3 %, бұтақмұртты шаян 0,11 %,
острокода-0,01%, су тікені – 0,01%, қандала-0,07%, хирономид-0,18%,
біркүндіктер – 0,31%. Жақсы-Жанғызтау көліндегі торта-бентофаг. Балықтың
дене ұзындығы 15-20 см және массасы 75-420 г болғанда қорек қорында
хирономид личинкасы (35,9), гаимаруе (27,3) балық уылдырығы (5,4), сүлік
(4,6) кездеседі. Д.М.Даирбаваның зерттеуінше 1963-1965 жылдары Көкшетау
облысындағы Зеренда, Жаңсы-Жанғызтау, Имантау, Қопа, Қарағайшық және тағы
басқа өзендердегі сібір тортасы – эврифаг болған. Олардың қорегінде
хирономид личнкасы, төменгі сатыдағы шаянтәрізділер, жоғарғы сатыдағы
өсімдіктер, жасыл, көк-жасыл, диатомды балдырлар детрит болады [4].

1.3. Омыртқалы жануарлардың бауырының морфологиялық жалпы мәліметі.

Бауыр организмдегі ең үлкен без. Бауырдың түсі – қызыл-қоңыр, сыртын
жұқа мықты ұлпаны капсула глиссон қаптаған. Бауырдың үлкен бөлігі
дененің оң жақ жартысында орналасқан, оның жоғарғы жұмсақ томпайған беткейі
көк еттің төменгі күмбез тәрізді беткейіне сәйкес келеді. Бауыр
негізінен 2 бөліктен тұрады, оң жақ бөілігі сол жағына қарағанда
үлкен болады, оның төменгі беткейін көбіне вицеральді деп атайды.
Осы беткейінде бауыр қақпасы деп аталатын қысқа, терең, көлденең
орналасқан сайшасы болады [5].
Бауыр да басқа бездер сияқты паренхимадан және стромадан тұрады.
Паренхима эктодермодан пайда болатын эпителиальді жасуша бауыр
жасушасы немесе жиі гепатоцит деп аталады. Строма мезодермадан пайда
болады және қосу ұлпаларының кезділігі типінен тұрады. Бауыр бір
уақытта экзопринді және эндокринді без болып табылады. Оның
эндокринді секреті қан ағысына бөлінеді. Бауырдың экзокринді секреті
– өт деп аталады. Ол он екі елі ішекке ашылады. Бауыр уникальді
қанмен қамтамасыз етуші, өйткені оған артерия және венозды қан
келеді. Соңғы қан ішек-қарын жолдарындағы капилярларынан өткен,
ондағы қоректік заттар сорылған артериялды қан. Мысалы: ондағы
қорытылған заттар көмірсумен ақуызды глюкозамен амин қышқылы тағы
басқа жатады. Осы қан азды-көпті деңгейде қорытылған заттармен
қаныққан ол бауырға қақпалы арқылы кіреді. Бірақта бауырға
артерияльді қанда керек. Ол қан бауырға бауыр артериямен қақпа
арқылы кіреді. Бір уақытта бауыр экзокринді және эндокринді без
болғандықтан осы екі функцияның бірін бірінші орындау үшін жолдар
жүйесі керек. Оның экзонринді секреті-от, бауырдың ішіндегі осы
жолдарда жиналады. Оның түсетін соңғы жолы-бауыр жолы деп аталады.
Осы жол бауырдан қақпа арқылы шығады. Сонымен қатар бауырда
лимфада түзіледі, ол лимфатикалық түтікшемен қақпа арқылы бауырдан
шығады. Сонымен қақпа ауданында 4 басты тамыр бар, бауырдан шағатын
және кіретін, екі тамыр оның ұлпасынан шығатын-қақпа көк тамыры
және бауыр артериясы және екі сыртқа шығатын бауыр от жолы мен
лимфатикалық тамыр.
Құбылмалы бақтахтың бауырының түсі кара коңыр түсті болуы оның бауырының
қалыпты жағдайда екенін көрсетеді Ал ауырған балықтың бауырының түсі ақшыл,
ақ дақтары болады. Клеткада ядролар көп мөлшерде сақталуы оның қалыпта
болмауы К А Факторованың айтуынша клеткада майдың мөлшерден асуы
функциональді және дегенеративті болуы мүмкін [5].
Құбылмалы бахтақты табиғи қорекпен қоректендіргенде оның бауырында
май болмайды, жасушада майдың пайда болуы оның потологиялық процеске
шалдығуына байланысты.
Бауыры сау балықта біраз мөлшерде А витамині болады, ал май басу
кезінде бұл витамин толық жоғалып кетеді.
Г. Негрель 343 бахтақ балығының бауырына зерттеу жүргізген кезде осы
балықтардың жартысында бауырында сары және сүр дақтар көрінген. Бауыр
түйіршіктерінің арасында өт жолында дәнекер ұлпаны байқауға болады. Бауыр
жасушасыныың диаметрі 20-40 микром. Цитоплазма көптеген ашық ұяшықтардан
тұрады, ортасында диаметрі 10 микрон ядро оналасқан.
Сүтқоретілердің бауырындағы ядроны айқындау бірдей
емес,полиплотизациямен байланысты. Гистохимиялық зерттеулер тұқы
балықтарының бауырында рибофлавин (витамин В2)болатынын көрсеткен. Витамин
В2 жасуша ядросында немесе цитоплазма зонасында орналасқан. В2 витамині
барлық бауырдың жасушаларында болады. Бұл витамин жаздың аяғында көбейіп,
қыстың басында азаяды [5].
Басқа бездер тәрізді бауыр паренхима мен стромадан тұрады. Паренхима
гепатоцит деп аталатын жамылғы жасушалар құралған, ол барлық бауыр
клеткаларының 60%-ға жуығын құрайды. Строма дәнекер ұлпадан тұрады және қан
тамырлары мен лимфа тамырларының қабығын қалыптастырады, синусоид және
бауыр бөліктерінің қолқасын қалыптастырады, сонымен қатар бауырдың сыртқы
глиссонды қабықшасын қалыптастырады. Дәнекер ұлпаның гепатоцитке
арақатынасы өте аз.
Бауыр бір мезгілде экзокринді де, эндокринді де без бола алады. Оның
экзокринді секреті өт деп аталады, ол өт ағымы жүйесінде аш ішекке ашылады.
Эндокринді секрет қанға бөлінеді. Бауыр паренхимасы бауыр бөліктеріне
бөлінеді. Классикалық бауыр бөліктері полиэдрикалық пішінде болады, ол
бөлік қолқа деп аталатын, жұмсақ дәнекер ұлпа қабаттарымен бір-бірінен
бөлінген. Бауыр- ас қорыту жолының безі, ол организімнің ішкі ортасының
тұрақтылығын ұстауға бағытталған ас қорыту, зат алмасу, кан айналу және
қорғанышты қамтамасыз ететін, зиян келтірмейтін, ферментативті және бөлуші
қызметтеріне қатысады. Көптеген балық түрлерінің бауырының морфологиясы
нашар зерттелген, бауырдың гистохимиясы мен гистологиясының мезгілдік және
жастық өзгерістері жайында мәліметтер аз.
Қалыпты жағдайда гепатоциттер ортасында орналасқан домалақ ядролы
полигонды пішінді болады. Гистологиялық кесінділерде олар ретсіз
орналасқан, бірақ орталық күре тамыр маңынан трабекула деп аталатын, екі
қатар жатқан жасушадан тұратын, қатарларды көруге болады. Трабекулалар
ретсіз орналасқан гепатоциттер суретін құрайды да жақсы көрінетін
параллелді қатармен орталық күре тамырға жиналады. Гепатоцит секреторлы
өнімнің (экзо- және эндокринді) екі түрін де дайындап, шығарады, сондықтан
әрбір гепатоцит, өзінің эндокринді секретін шығаратын, экзокринді секрет
(өт) және қанайналу тамырларын шығаратын жүйеге жататын тармақпен
байланысады.
Гепатоциттердің цитоплазмасы әдетте эозинофильді, бірақ ашық және қою
түсті гепатоциттерді ажыратады. Кей кезде ашық түсті гепатоциттер санының
жоғарылауы паталогиялық жағдайда болады, ол токсикалық әсерімен қандайда
бір заттарды байланыстырады, мысалы, кейбір дәрілік препараттарды, ол
тәжірибеде бауыр паренхимасында ашық түсті гепатоциттердің көбеюіне алып
келеді.
Балықтардың бауыры көп қызмет атқарады, ас қорыту жүйесінен
шыққан қан бауырдан өтіп басқа қорек белоктарды сонымен қатар улы
заттарды жояды. Тағы да айта кетсек бауырдың функциясы от бөліп
оны от қабында жинау. Кейбір балықтардың (акула, трека, нәлім)
бауырында өте көп май жиналады. Н.С.Строгановтың (1962) айтуы бойынша
барлық балықтың бауырында гликоген жиналады. Көп балықтарда маусымдық
қоректенуге байланысты физиологиялық сарғаю пайда болады. Бұның
нәтижесінде бауыр жасушалары, өт қылтамырлары пигменттермен және
қышқылдармен толып кетеді Х.С.Коиштоянц (1958) көрсетілуіне орай
балықтардың бауыры Д витаминіне бай болып келеді [6].
Тұқы тәрізділердің бауырларында ұйқы безінің және талақтың
элементтері болады. Г.Илнастың зерттеу жұмыстарына сәйкес
сүтқоректілердің бауыры басқа омыртқалылардың бауырының құрамынан
принципальді айырмашылығы жоқ екендігі белгілі. Балықтардың бауырына
сыртқы ортаның және қоректің ерекшеліктері көп әсер етеді, соған
байланысты ол әр түрлі ауруларға ұшырайды, олар әр түрлі гистологиялық
және гистохимиялық өзгерістермен сипатталады [6].
Бауырға гистологиялық зерттеу өткізу арқылы балықтардың сапасын
анықтауға олардың қорекпен қантамасыз етілгенін және су қоймаларыдың
канцерогенді заттармен ластануын көрсетеді [ 6].
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий орыс бекіресінің көбею жүйесі мен бауырының гисто – функциональды жағдайы
Балық шаруашылығы
Бадам өзенінде жойылып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтап қалу
. Іле өзеніне жалпы сипаттама және гидрологиялық режимі
Нематода паразиттері
Қапшағай суқоймасындағы кейбір бөгде балықтардың таралуы
Жайынтәрізді балықтардың кәсіптік маңызы
Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында кәсіптік балық шабақтарының таралуы
Іле өзенінің төменгі атырауының кәсіптік балық түрлерінің популяциясының құрылымы
Қапшағай суқоймасының аборигендік ихтиофаунасына сипаттама
Пәндер