Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясат


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасындағы АЙМАҚТЫҚ САЯСАТ

Мазмұны

Кіріспе . . .
6
: 1.
Кіріспе . . .: Экономиканы басқарудың аймақтық астарының теориялық-әдіснамалық негіздері . . .
6: 8
: 1. 1.
Кіріспе . . .: Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері . . .
6: 8
: 1. 2.
Кіріспе . . .:

Басқару аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы

ретінде . . .

6: 16
: 2.
Кіріспе . . .: Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысын талдау . . .
6: 22
: 2. 1.
Кіріспе . . .: Алматы облысының әлеуметтік - экономикалық даму сипаттамасы . . .
6: 22
: 2. 2.
Кіріспе . . .: Индустриялық-инновациялық стратегия мен бағдарламаның аймақтарда жүзеге асу барысы . . .
6: 47
: 3.
Кіріспе . . .: Аймақтық экономиканы басқарудың тиімділігін арттыру жолдары . . .
6: 54
: 3. 1.
Кіріспе . . .: Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірибесін пайдалану мәселелері . . .
6: 54
: 3. 2.
Кіріспе . . .: Аймақтардың даму тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар
6: 61
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
6: 74
:
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
6: 78

Кіріспе

Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында: « . . . қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ілгерілеу серпіні - біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымыздың және тұрақты саяси жүйеміздің тиімділігінің айқын айғағы» - деп көрсетілгендей, мемлекетте жүргізілген саясаттың нәтижесінде Қазақстанның аймақтары әлеуметтік-экономикалық дамуда ілгерілей бастады. Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат. Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Мұның барлығы да өз еліміздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді. Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік -экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда. Осы аталып өткен мәселелер дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға негіз болды.

Аймақтық саясат мақсаты - маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері арасындағы айырмашылықты азайту. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру инфрақұрылымды, шаруашылық іс-әрекетті жақсартады, ал бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру деңгейін көтереді.

Аймақтық саясаттың негізгі қағидаттары:

  • республикалық мүдделерді аймақтық мүдделерден, әлеуеттілердің ағымдағылардан басымдығы;
  • территориялық орналасуына байланысты аймақтардың табиғи байлықтарын тиімді қолдану;
  • артта қалған аймақтарды іріктеп, олардың экономикасын сол жерде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмдерін құрып, шаруашылық жүргізуші субъектілерді ынталандыру арқылы көтеру;
  • мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар аймақтарды дамыту басымдығы.

Аймақ дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - аймақтардың тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашу болып табылады. Көздеген мақсатқа жету - мемлекеттік және аймақтық мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын көздейді.

Дипломдық жұмысының мақсаты - аймақтардың әлеуметтік -экономикалық даму ерекшеліктерін, аймақтық саясаттың жасақталу барысын, оның жүзеге асу бағыттарын, аймақ экономикасын басқарудың бүгінгі күнгі өзекті мәселелерін зерттеу болып табылады. Осыған орай дипломдық жұмыста аймақтардың қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктеріне, индустриялық-инновациялық стратегияның жүзеге асу барысына, экономиканы басқарудың аймақтық астарына басты назар аударылды.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясаттың ерекшеліктерін айқындау;
  • аймақтық саясатты жүзеге асару құралдарын саралау;
  • Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларын, оның ішінде Алматы облысының жағдайын сипаттау;
  • Қазақстан аймақтарын әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері бойынша топтастыру арқылы, аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарын ұсыну.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде жалпы экономиканы басқарудың аймақтық астары, аймақтық саясатты жүзеге асару құралы ретіндегі басқару мәселелері қарастырылған.

Жұмыстың екінші бөлімінде Алматы облысының әлеуметтік экономикалық жағдайына талдау жасалынып, соның негізінде аймақтық саясаттың аймақтардағы жүзеге асу барысы талданды. Сонымен қатар аймақтардағы индустриялық-инновациялық стратегияның жүзеге асу барысы қарастырылды. . Ал үшінші бөлімде аймақ экономикасын басқаруды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары айқындалды.

Дипломдық жұмысының қорытынды бөлімінде жұмысты орындау барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдар жазылды.

1. Экономиканы басқарудың аймақтық астарының теориялық-әдіснамалық негіздері

1. 1. Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері

Тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде айқындалды және орталықтандырылған директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге асырылды.

Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады.

Сонымен қатар, мемлекет елдiң орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн жүйелi жағдайды қамтамасыз етеді. Тиiсiнше мемлекеттiң аумақтық даму процестерiн реттеудегi мiндеттерi де өзгереді.

Қазiргi кезеңде мемлекет мiндеттерi экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн жағдайлар жасауға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп тiреледi.

Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi iске асыру елдi дамытудың геоэкономикалық және геосаяси факторларын ескеруді және жаһандану мен халықаралық бәсекелестiктiң күшеюi елдiң әлемдiк нарықтарға ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдауды талап етедi.

Аймақтар мен iрi қалалар бәсекелiк стратегияны тұжырымдаумен, еңбек бөлiнiсiнiң ұлттық қана емес, аймақтық және әлемдiк жүйесiнен де орын iздеумен айналысуға тиiс.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т. б. аумақтық факторларды толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.

Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.

Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласпағанменен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т. б. ) араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу - бұл олардың дамуының қажетті шарты.

Негiзiнен кеңестiк кезеңнiң өзiнде қалыптасқан елдiң экономикалық әлеуетiн орналастыру экономика құрылымының бұзылуы, iшкi экономикалық кеңiстiктiң сақталып отырған ыдырауы салдарынан оны дербес экономикалық жүйе ретiнде дамыту орнықтылығының қазiргi заманғы қажеттi талаптарына жауап бермейдi.

Қазақстанның әлемдiк шаруашылық жүйесiне белсендi кiруi Қазақстанның әлемдiк және өңiрлiк еңбек бөлiнiсiнде тар мамандануымен, негiзгi әлемдiк тауар нарықтарынан алыстығымен тежелiп отыр, бұл тұтастай елдiң де, және оның жекелеген өңiрлерiнiң де сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның дамымауымен тереңдей түседi.

Экономиканы нарық жағдайында дамыту елдiң жекелеген аумақтық-шаруашылық жүйелерiнiң бәсекелiк артықшылықтарын да, сол сияқты нарыққа бейiмделудiң әрқилы мүмкiндiктерiне байланысты олардың кемшiлiктерiн де анықтап бердi. Бұл жекелеген өңiрлерде өндiрiстiң бiршама құлдырауына және тоқтап қалуына, күйзелiске ұшыраған аудандар мен елдi мекендердiң пайда болуына алып келдi. Нәтижесiнде өңiрлiк теңсiздiктер тереңдедi және табиғи көшi-қон ағымына қарамастан, ел халқының бiр бөлiгi қазiргi уақытта экономикалық перспективалы емес аумақтарда тұрады.

Бұрын қалыптасқан таратып орналастыру жүйесi өз тиiмдiлiгiн жоғалтты және қазiргi уақытта қалыптасып жатқан елдi кеңiстiктi экономикалық ұйымдастыруға сәйкес келмейдi. Бұрын минералдық-шикiзат кен орындарының базасында салынған жекелеген шағын қалалар, кенттер, сондай-ақ қалыпты өмiр сүру үшiн жарамсыз аумақтардағы және даму орталықтарынан шалғайдағы ауылдар перспективасыз болып қалды.

60 шағын қаланың 10-ы күйзелiске ұшырағандар санатына жатқызылды. Әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi бойынша 7512 ауылдық елдi мекеннiң (АЕМ) 1204-iнiң (халық саны 1, 8 млн. адам) жоғары, 5625 АЕМ-нiң (5, 2 млн. адам) - орташа, 595 АЕМ-нiң (189, 9 млн. адам) төмен даму әлеуетi бар және 88 АЕМ-нiң тұрғындары жоқ.

Аумақтық дамуды басқару жүйесi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өзара келiсiлген iс-қимылын қамтамасыз етпейдi. Аумақтық жоспарлау мәселелерiн әртүрлi ведомстволар реттейдi және тұтастай алғанда орталық деңгейде тиiмсiз үйлестiрiледi. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінейік.

Нарықтық қатынастарды қалыптастыру барысында жүргізілген реформалар аймақаралық саралауды (дифференциация) тым «күшейтіп» жіберді. Нәтижесінде жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімді (ЖАӨ) өндіру көлемі бойынша республика халқының айырмашылығы он есеге дейін жетті (кесте 1) . Ал АҚШ - та ең «алдыңғы» және ең «артта қалған» штаттарының арасындағы айырмашылық небәрі 1, 8 есе ғана. Кесте деректері көрсетіп отырғанындай, жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімнің ең жоғары көлемі - Атырау облысына, ал ең төменгі көлем Жамбыл облысына тиесілі болып отыр. 2003 жылғы деректер бойынша осы екі облыстың жан басына шаққандағы ЖАӨ-дегі айырмашылық 12 есе болған.

Кесте 1 - Жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім

мың теңге

Облыстар
жылдар:
2003
2004
2005
2006
2007
Облыстар: Қазақстан Республикасы
жылдар:: 121, 5
157, 8
168, 4
172, 3
266, 9
Облыстар: Ақмола
жылдар:: 87, 1
94, 7
95, 8
98, 1
157, 6
Облыстар: Ақтөбе
жылдар:: 124, 2
162, 5
185, 4
200, 1
285, 9
Облыстар: Алматы
жылдар:: 58, 5
72, 0
74, 6
85, 7
120, 8
Облыстар: Атырау
жылдар:: 288, 6
581, 7
698, 2
701, 5
1099, 4
Облыстар: Шығыс Қазақстан
жылдар:: 125, 6
143, 3
152, 4
164, 8
196, 7
Облыстар: Жамбыл
жылдар:: 44, 0
50, 2
56, 4
60, 0
91, 2
Облыстар: Батыс Қазақстан
жылдар:: 115, 9
203, 4
240, 0
258, 9
323, 0
Облыстар: Қарағанды
жылдар:: 150, 8
197, 2
201, 4
202, 5
272, 2
Облыстар: Қызылорда
жылдар:: 122, 6
144, 1
145, 6
158, 3
217, 1
Облыстар: Қостанай
жылдар:: 58, 8
93, 4
100, 7
103, 4
189, 5
Облыстар: Маңғыстау
жылдар:: 247, 4
432, 1
458, 3
504, 3
566, 5
Облыстар: Павлодар
жылдар:: 136, 7
175, 2
198, 3
203, 4
289, 9
Облыстар: Солтүстік Қазақстан
жылдар:: 55, 1
61, 1
67, 5
71, 3
147, 8
Облыстар: Оңтүстік Қазақстан
жылдар:: 55, 1
61, 1
67, 5
71, 4
110, 3
Облыстар: Астана қаласы
жылдар:: 243, 3
254, 0
259, 4
302, 5
510, 6
Облыстар: Алматы қаласы
жылдар:: 283, 1
329, 9
331, 2
367, 1
625, 7

Мұндай тым саралау, әрине, миграцияның күшеюіне, дағдарысты және кедей ареалдардың кеңеюіне, аймақтардың экономикалық өзара әрекет ету механизмінің әлсіреуіне және аймақаралық қарама-қайшылықтардың өсуіне алып келері сөзсіз. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізуді айтарлықтай қиындатады. Аумақтық әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер (диспропорциялар) көбінесе объективті сипаттағы себептермен байланысты болғанмен де, оларды «жұмсарту» қажеттілігі айқын. Мемлекеттің тұтастығын сақтауға ұмтылған бір де бір мемлекет аумақтық теңсіздіктердің соншалықты алшақтығына жол бермейді. Мұны дамыған мемлекеттердің тәжірибесі де дәлелдей түседі. Сондықтан Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі елдің проблемалық аймақтарындағы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша мүмкін емес. Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:

  • шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
  • индустриялық дамыған;
  • агроөнеркәсіптік;
  • дағдарыстық.

Бірінші топ - стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық-әлеуметтік артта қалуымен, эқологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей проблемалар кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:

  • минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бай жерлерді интенсивті игеру;
  • отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымдарды құру;
  • ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі проблемаларды (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т. б. ) шешу.

Екінші топқа ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары технологиялық ғылымды қажетсінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлары және жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурстармен өзін- өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.

Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін проблемалар қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

  • шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;
  • жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралдары, автомобиль құрылысы, жаңа материалдар, лазер технологиясын дамыту;
  • нарықтық инфрақұрылымды дамытуды жеделдету.

Үшінші топ - ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.

Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:

  • ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді мамандандыруды жүзеге асыру;
  • ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану;
  • тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.

Төртінші топқа - қысылшаң (экстремалды) табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған проблемалардан «арылу» үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:

  • экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын-алу;
  • осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
  • қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
  • шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.

Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.

Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің салдарынан экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған (диверсификацияланған) құрылымымен, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады. Мұндай аумақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет - аймақтар үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.

Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:

  • өндіріс қарқынының төмендеуі;
  • халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі) ;
  • жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі) ;
  • демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы проблемалардың күшеюі және т. б.

Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар - бұл әлеуметтік-экономикалық, табиғи -климаттық, ресурстық және басқа да жағдайлармен байланысты табиғи, аумақтық айырмашылықтар. Осы орайдағы мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып табылады.

Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс аймақтық айырмашылықтар көбінесе аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай-ақ олар мемлекеттің «теңестіру» саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясатты жүзеге асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндеттерінің қатарына артта қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық даму параметрлерін ең болмағанда орташа деңгейге (осы параметрлер бойынша) біртіндеп жақындату жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы жерлерге көшіп-қонуға көмек көрсету) ; артта қалған аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т. б. болып табылады

Аймақ дамуының кез-келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-теңдігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады, бұл түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.

Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар (сурет 1, 10 б. ) . Макроэкономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аумақтардың мүдделерін үйлестіру, аумақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады. Осы сызбадан көрініп тұрғанындай, аймақтық саясаттың мақсаты, міндеттері мен жүзеге асыру әдістері мемлекеттік реттеудің басқа бағыттарымен өзара тығыз байланыста жүзеге асырылады.

Әлемдiк экономиканың жаһандануы әрi әлемдiк нарықтардағы өткiр бәсекелiк күрес және iшкi нарықтың аз сыйымдылығының бар екенiн ескергенде, Қазақстан мен оның аумақтарының одан әрi даму перспективалары елдiң әлемдiк нарықтарға шикiзат ресурстарын iрi экспорттаушы және транзиттiк аумақ ретiнде ғана емес, ең алдымен, Орталық Азия өңiрiнде орта және жоғары технологиялы тауарларды жеткiзуге әрi сервистiк (сауда-логистикалық, көлiктiк-ақпараттық, қаржылық, бiлiм беру және басқалары) қызмет көрсетулердiң ауқымды аясын ұсынуға бағдарланған орнықты экономикалық жүйе ретiнде ұстанымдану мүмкiндiгiмен айқындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні
Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Экономикалық қауіпсіздік - мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі
Халықты еңбекпен қамту туралы алғашқы
АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Республикасы - әлеуметтік мемлекет
Аймақтық саясат құрылымы
Қазақстандағы жергілікті басқару механизмі
Қазақстан Үкіметі, аймақтық биліктермен аймақтық экономикалық саясат координациясы
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz