Ақша-несие саясаты жайлы мәлімет



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ...5

1.1. Ақша.несие саясаты және оның негізгі тұжырымдамалары ... ... ... ... ... .5
1.2. Ақша.несие саясатының әдістері мен құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Дамыған шет елдердегі ақша.несие саясатының ерекшеліктері ... ... .17

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША.НЕСИЕ
САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... .26

2.1. Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатын іске асыру
кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2. Инфляцияны болжау және оны Қазақстан Республикасында ендіру
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.3. Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеудің
жаңа бағыт.бағдарлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

3. АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52

3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша.несие саясатының
негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
3.2 Ақша.несие саясатының 2009.2010 жылдарға арналған негізгі
көрсеткіштерінің болжамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
3.3. Ақша.несие саясатының мемлекеттік реттеу бағыттыры ... ... ... ... ... ... ... .70

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 86

ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .89
Қазақстан Республикасында ақша-несие саясатын жүргізудің қажеттілігі оның макроэкономикалық көрсеткіштеріне дұрыс баға беру тұрғысынан айқындалады. Ол мемлекеттің нарықтық қатынастарына көшуінен бастап көкейкесті әрі өзекті мәселе бола бастады. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында мемлекеттік реттеудің алатын орны мен атқаратын рөлі арта түсті, яғни, оның қаржы көлемінің баға деңгейіне ықпалы күшейді. Қазіргі кездегі экономикалық процестердің күрделілігі мен қарама-қарсылығы экономиканың мемлекеттік реттеудің баламалы жүйесін әзірлеуді қажет етеді. Себебі бұл салада әзірленген тұжырымдамалар қаржылық жүйенің тұрақтылығы жағдайына негізделген және көбінесе онда экономиканың нақты секторларымен өзара байланысы қарастырылмаған.
Ақша – несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі, ол инфляциямен күресуге, ұлттық валюта курсын көтеруге, нарықтың дұрыс қызмет етуіне қалыпты қаржы жағдайын туғызуға бағытталған. Өндірістік дамыған елдерде экономиканы реттеу жүйесінде ақша-несие саясаты белсенді түрде қолданылып жатыр. Бұл саясат, тарихи тұрғыдан алғанда, экономиканы реттеудің ең алғашқы формасы. Ақша-несие саясатының тиімділігі әр түрлі тұрғыда қарастырылады. Тарихи тұрғыдан алғанда, оның мүмкіншіліктері 1930 жылдардағы әлемдік экономикалық дағадарыстың уақытында танылған, сол кезде оның ролі қайта қарастырылған. Теориялық көзқарастан алғанда, оны зерттеу макроэкономикалық көрсеткіштердің ақшалай айналымдарына тәуелділігін көрсетті: айналыстғы ақша санының өзгеруі өндіріске, айырбасқа, тұтынуға, жалпы сұранысқа әсер ете алады. Эмпирикалық тұрғыдан алсақ, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі инфляция пайыз мөлшерлемесінің төмеңгі деңгейінде экспансиялық ақша-несие саясатымен жүргізілген, ал рестриктивті саясат оның дамуына жол бермейтін белгілерді көрсеткен. Осыдан ақша-несие саясатының басты мақсаты келіп шығады, ол- жұмыссыздықты болдырмау мен инфляцияны ауыздықтау сынды макрозкономикалық мәселердің дұрыс шешіліп, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға септігін тигізеді.
Ұлттық банк Қазақстанда заң түрінде ақша-несилік реттеудің органы болып табылады. Реттеудің объектісі – айналымдағы ақша массасының көлемі және құрылымы. Заң жүзінде Ұлттық банктің ақша-несилік ставкаға әсер ететін экономикалық құралдары белгіленген: несиелер бойынша міндетті резервтердің және есепке алу ставкаларының нормасын белгілеу, банктер үшін экономикалық нормативтерді белгілеу, құнды қағаздармен операциялар жүргізу. Ақша-несиелік реттеудің осы шаралары әлемдік тәжірибеге мәлім және олар көп елдерде қолданылып отыр.
1. ҚР Президентінің 1995 жылдың 30 наурызындағы № 2155 «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі туралы» Жарлығы (ҚР Президентінің 20.07.95 ж. №2370, 02.08.95 ж. №2396, 05.12.95 ж. №2672, 27.01.96 ж. №2830 Жарлықтарына, ҚР 03.07.96 ж. №18-1, 07.12.96 ж. №50-1, 11.07.97 ж. №154-1, 08.12.97 ж. №200-1, 29.06.98 ж. №236-1 заңдарына сәйкес (өзгерістер және толықтырулармен)).
2. ҚР Президентінің 1995 жылдың 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы Банктер мен банк қызметі туралы» Жарлығы (1996 жылдың 6 наурызында, 1996 жылдың 7 желтоқсанында және 1997 жылдың 11 шілдесінде енгізілген өзгерістер және толықтырулармен).
3. 1996 жылдың 24 желтоқсанындағы №54-1 ҚР «Валюталық реттеу туралы» заңы. (1997 жылдың 11 шілдесіндегі №154-1 ҚР заңымен, 1998 жылдың 9 шілдесіндегі №277-1 ҚР Заңымен өзгерістер және толықтырулармен).
4. Закон о Национальном банке Республики Казахстан //Указ президента, имеющий силу закона от 30 марта 1995 года.
5. О банках и банковской деятекльности //Указ президента, имеющий силу закона от 31 августа 1995 года.
6. О валютном регулировании // Закон РКот 24 декабря 1996 года.
7. О денежной системе /Закон Республики Казахстан от 12 января 1994 года.
8. С.Б. Мақыш, А.Ә. Ілияс. Банк ісі. Оқу құралы. Алматы. «Қазақ университеті», 2004 ж.
9. Көшенова Б. Ақша,несие,банктер,валюта қатынастары – Алматы.: Экономика, 2000.

10. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы, «Экономика», 2005 ж.
11. Хамитов Н.Н. Банк ісі. Лекциялар курсы. Алматы, «Экономика», 2006ж.
12. Бохаев Д.Т. Қазақстан Республикасының депозит нарығын талдау// Қазақстан экономикалық ғылымы: проблемалары және реформалау жолдары. Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдары. 3 бөлім. Алматы, Экономика, 2003.
13. Бохаев Д.Т. Коммерциялық банктердің несие нарығын салыстырмалы талдау Алматы, Экономика, 2004.
14. Разақов Н. Қазақстан Республикасының депозит нарығын талдау Алматы, Экономика, 2003.
15. Аралбаева А.А. Бүгінгі таңдағы банктік қызметті рететуге арналған заңдардың дамуының кейбір мәселелері // Банки Казахстана, №11, 2005.
16. Бегманов К.С. Халықтың мүддесі үшін қызмет көрсетеді // Саясат, №4-5, 2000.
17. Шаяхметова К.О., Шаяхмет А. Қазақстан республикасындағы екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу жағдайы // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №1, 2005.
18. Парамонова Т.В. Принципы регулирования банковской сферы //Деньги и кредит. 1995. –N6.
19. Банковская система России: основные тенденции 1997 года и перспективы развития. Деньги и Кредит. 1998. N3.
20. Современная денежно-кредитная политика Национального Банка Казахстана и перспективы развития банковской системы. Экономическое обозрение НБК, 3-4, 1998.
21. 5 лет тенге: становление денежно-кредитной системы независимого Казахстана. Экономическое обозрение НБК, 3-4, 1998.
22. Финасовые рынки Казахстана: анализ и оценка развития. Экономическое обозрение НБК, июль 1997.
23. Долан Э., Кэмпбелл К., Кэмпбелл Р. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. Москва-Ленинград, 1991.
24. Борапов Ю.В. США: Центральный банк и экономика. М., 1988.
25. Салиев М.С. Банковская система в условиях рыночной экономики. –А-Ата, 1991.
26. Банковская система и ее роль в управлении экономикой. –М., 1994.
27. Акулова Г.Н. Денежно-кредитное регулирование; опыт развивающихся стран. –М.: Финансы и Статистика, 1992.
28. Правовое регулирование банковского кредитования. –А.: Рауан, 1991.
29. Мюллер Х.О. О банковском надзоре в странах с рыночной ориентацией // Деньги и кредит. 1990. N3.
30. Федоров Б.Г. Центральные банки и денежно-кредитное регулирование в развитиых капиталистических государствах //Деньги и кредит. 1990. №4.
31. Каналина А.С. Управление банковской системой Республики Казахстан //Банки Казахстана. N3. 2002. С.41-43.
32. Байбулатов Р.Ж. О банковском дистанционном надзоре Национального Банка Республики Казахстан /Банки Казахстана. N2. 2001. С.50-53.
33. Байбулатов Р.Ж. Основные направления совершенствования законодательной базы банковского надзора //Банки Казахстана. №2. 2002. С.23-24.
34. Об утверждении Правил пруденциальных нормативах для банков второго уровня // Банки Казахстана. N9. 2002. С.22-25.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 106 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Менеджмент және бизнес кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Ақша-несие саясаты

Орындаған:
4 курс студенті
Жапарқұлова Д.Р.

Ғылыми жетекшісі,
э.ғ.д., профессор __________________________ Тұмбай Ж.О.

Норма бақылаушы _________________________ Жұмағазиева А.Ғ.

Кафедра меңгерушісі
э.ғ.д., профессор __________________________ Кубаев К.Е.

Алматы, 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ...5

1.1. Ақша-несие саясаты және оның негізгі
тұжырымдамалары ... ... ... ... ... .5

1.2. Ақша-несие саясатының әдістері мен
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..9

1.3. Дамыған шет елдердегі ақша-несие саясатының ерекшеліктері ...
... .17

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ

САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... 26

2.1. Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясатын іске асыру

кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

2.2. Инфляцияны болжау және оны Қазақстан Республикасында ендіру

нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

2.3. Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеудің
жаңа бағыт-
бағдарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..46

3. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ

БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 52

3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының

негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .52

3.2 Ақша-несие саясатының 2009-2010 жылдарға арналған негізгі

көрсеткіштерінің
болжамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...64

3.3. Ақша-несие саясатының мемлекеттік реттеу
бағыттыры ... ... ... ... ... ... .. ...70

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 86

ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 89

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында ақша-несие саясатын жүргізудің қажеттілігі
оның макроэкономикалық көрсеткіштеріне дұрыс баға беру тұрғысынан
айқындалады. Ол мемлекеттің нарықтық қатынастарына көшуінен бастап
көкейкесті әрі өзекті мәселе бола бастады. Нарықтық экономикаға көшу
жағдайында мемлекеттік реттеудің алатын орны мен атқаратын рөлі арта түсті,
яғни, оның қаржы көлемінің баға деңгейіне ықпалы күшейді. Қазіргі кездегі
экономикалық процестердің күрделілігі мен қарама-қарсылығы экономиканың
мемлекеттік реттеудің баламалы жүйесін әзірлеуді қажет етеді. Себебі бұл
салада әзірленген тұжырымдамалар қаржылық жүйенің тұрақтылығы жағдайына
негізделген және көбінесе онда экономиканың нақты секторларымен өзара
байланысы қарастырылмаған.
Ақша – несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас
бөлігі, ол инфляциямен күресуге, ұлттық валюта курсын көтеруге, нарықтың
дұрыс қызмет етуіне қалыпты қаржы жағдайын туғызуға бағытталған. Өндірістік
дамыған елдерде экономиканы реттеу жүйесінде ақша-несие саясаты белсенді
түрде қолданылып жатыр. Бұл саясат, тарихи тұрғыдан алғанда, экономиканы
реттеудің ең алғашқы формасы. Ақша-несие саясатының тиімділігі әр түрлі
тұрғыда қарастырылады. Тарихи тұрғыдан алғанда, оның мүмкіншіліктері 1930
жылдардағы әлемдік экономикалық дағадарыстың уақытында танылған, сол кезде
оның ролі қайта қарастырылған. Теориялық көзқарастан алғанда, оны зерттеу
макроэкономикалық көрсеткіштердің ақшалай айналымдарына тәуелділігін
көрсетті: айналыстғы ақша санының өзгеруі өндіріске, айырбасқа, тұтынуға,
жалпы сұранысқа әсер ете алады. Эмпирикалық тұрғыдан алсақ, екінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі инфляция пайыз мөлшерлемесінің төмеңгі
деңгейінде экспансиялық ақша-несие саясатымен жүргізілген, ал рестриктивті
саясат оның дамуына жол бермейтін белгілерді көрсеткен. Осыдан ақша-несие
саясатының басты мақсаты келіп шығады, ол- жұмыссыздықты болдырмау мен
инфляцияны ауыздықтау сынды макрозкономикалық мәселердің дұрыс шешіліп,
халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға септігін тигізеді.
Ұлттық банк Қазақстанда заң түрінде ақша-несилік реттеудің органы
болып табылады. Реттеудің объектісі – айналымдағы ақша массасының көлемі
және құрылымы. Заң жүзінде Ұлттық банктің ақша-несилік ставкаға әсер ететін
экономикалық құралдары белгіленген: несиелер бойынша міндетті резервтердің
және есепке алу ставкаларының нормасын белгілеу, банктер үшін экономикалық
нормативтерді белгілеу, құнды қағаздармен операциялар жүргізу. Ақша-
несиелік реттеудің осы шаралары әлемдік тәжірибеге мәлім және олар көп
елдерде қолданылып отыр.
Қазіргі таңда экономикалық процестердің күрделілігі мен қарама-
қарсылығы экономиканы мемлекеттік реттеудің баламалы жүйесін әзірлеуді
қажет етеді, өйткені бұл салада әзірленген тұжырымдамалар қаржылық жүйенің
тұрақтылығы жағдайына негізделген және көбінесе онда экономиканың нақты
секторларымен өзара байланысы қарастырылмаған. Ақша-несие саясаты
макроэкономиканы реттеудің өзіндік тәсілі ретінде қарастырылады.
Қазіргі кезеңде еліміздің қаржы секторы өз дамуының жаңа деңгейінде тұр
және оның болашақта нәтижелі жұмыс атқаруына бағытталған реформалардың
көпшілігі жүзеге асырылды. Қазақстандық экономикада ақша-несиелік реттеу
сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау
кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру
механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады. Сондықтан да бұл
қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылатыны анық.
Елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсатының, соның негізінде
қалыптасатын мемлекеттік бюджет саясатының, салық саясатының, қаржы
саясатының мехнанизмінің іске асуының тиімділігі – Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі жүргізетін ақша-несие саясатына тікелей байланысты, сондай-ақ
дұрыс жолға қойылған ақша-несие саясаты қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен
экономикалық өсуді қамтамасыз ететін бірден-бір фактор болып табылады.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасына
сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдына ақша-несие саясатының
негізгі құралдарын жетілдіру және оны Еуропалық Одақ елдерінің
стандарттарына жақындату мақсаты қойылды. Бұл бағыттағы маңызды аспект
экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін
қанағаттандыратын және еркін бәсеке жағдайларында қаржы институттары сапалы
қызмет көрсететін, тұрақты және тиімді жұмыс істейтін қаржы жүйесін
қалыптастыру болып табылады. Бұл Ұлттық Банктің іс-шаралар жоспарында
көзделген іс-шаралары қабылданған ақша-несие саясатының 2009-2010 жылдарға
арналған негізгі бағыттарымен тығыз байланысты. Ақша-несие саясатының мәні
елдегі ақша тепе-теңдігін, яғни, сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-
теңдікті, инфляцияны мақсатты макро экономикалық көрсеткішке сәйкес келетін
деңгейде ұстап тұру болып табылады. Дәлелді болжамдар ақша-несие саясатының
негізгі мақсатына қол жеткізуге көмектесетін ақша-несие саясатының
құралдарын таңдауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты ақша-несие
саясатының экономиканың нақты секторына ықпал ету нәтижесін болжау
техникасын әзірлеу өзекті проблема болып табылады.
Ақша-несие саясатының мақсаты өндірістің өсуінің қалаулы деңгейіне
немесе қалаулы өсу қарқынына, бағалар деңгейіне, валюта бағамына немесе
төлем балансының ахуалына жету болуы мүмкін. Ақша-несие саясатының әдістері
орталық банк алатын пайыздық мөлшерлемені белгілеу, ақша массасының
қозғалысын бақылау үшін бағалы қағаздарды сату мен сатып алу және банктер
мен басқа қаржы институттарына арналған міндетті сақтық қаражатының
нормаларын өзгерту болып табылады.

1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Ақша-несие саясаты және оның негізгі тұжырымдамалары

Ақша-несие саясатының мәні елдегі ақша тепе-теңдігін, яғни, сұраныс
пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдікті, инфляцияны мақсатты макро
экономикалық көрсеткішке сәйкес келетін деңгейде ұстап тұру болып табылады.
Дәлелді болжамдар ақша-несие саясатының негізгі мақсатына қол жеткізуге
көмектесетін ақша-несие саясатының құралдарын таңдауға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты ақша-несие саясатының экономиканың нақты секторына ықпал
ету нәтижесін болжау техникасын әзірлеу өзекті проблема болып табылады.
Орталық банктің экономикалық белсенділікке ықпал ететін негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштеріне ақша базасы, ресми ставкалар, ашық
нарықтағы операциялар (атап айтқанда бағалы қағаздар шығару), резервтік
талаптардың нормативі, банктерден тартылатын депозиттер және банктерге
берілетін несиелер көлемі, валюталық интервенция жататыны белгілі.
Соңғы уақытта көптеген орталық банктер пайыздық қойылымдар арқылы
монетарлық импульстар беруге ерекше назар аударады. Орталық банктің
құралдары бойынша пайыздық қойылымдардың өзгеруі ақша нарығы қойылымдарының
өзгеруіне әкеп соғады және жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысқа ықпал
етеді. Орталық банк меншікті ақша ресурстарының бағасын көтере немесе
төмендете отырып (ресми қойылымдар), банктерге ақша тартуға мүмкіндік
жасайды немесе банктердің орталық банктің несиелік ресурстарын пайдалануын
ынталандырады. Яғни, орталық банк ресми қойылымдарды реттей отырып,
өтімділік деңгейіне, сол сияқты инфляцияға да ықпал етеді. Осы ықпал ету
дәрежесі біршама дәрежеде қаржы нарығының құрылымына және оның күтулеріне
қатысты болады.
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында (одан әрі КСРО)
тиісінше, ҚазақССР-да бір деңгейлі банк жүйесі болды, ол Мемлекеттік банк,
Сыртқы сауда банкінен және Құрылыс банкінен тұрды. КСРО мемлекеттік банкі
елдің бас банкі және ақша-несие саясатының әдіснамалық басшылығының
орталығы болды. Ол қолма-қолсыз есептесулердің ұйымдастырылуы мен
жүргізілуін бақылады, пайыздық саясаттың қағидаларын, несиелік жоспарлау
мен қысқа және ұзақ мерзімді несиелеудің жағдайын анықтады. Сыртқы сауда
банкі экспорттық-импорттық операциялар бойынша есептесулерді ұйымдастыру
мен жүзеге асыруды қамтамасыз етті. Құрылыс банкі мемлекеттік банктің
несиелік саясат, халық шаруашылығына негізгі қаржы жұмсау бойынша
шешімдерін орындады.
Тәуелсіздік алғаннан соң, 1990 жылдардың басында, Қазақстанда банк
жүйесін реформалау қажеттігі туындады, бұл көбіне нарықтық қарым-қатынасқа
көшумен байланысты болды. Осы ретте, Қазақстанның банк жүйесінің
қалыптасуына заңнамалық негіз болған 1990 жылы ҚазақССР-ғы банктер мен
банк қызметі туралы Заң қабылданды. Аталған заңмен алғашқы рет
коммерциялық банктерге анықтама беріліп, басқа да несиелік мекемелерді
(несиелік кооперативтер, зейнетақы, инвестициялық қорлар) құруға, жеке
меншік, сонымен қатар, шетелдік капиталдың қатысуымен банктер ашуға рұқсат
етілді. Заңмен ҚазақССР-ның Мемлекеттік банкінің негізгі міндеттері мен
функциялары белгіленді, соның ішінде ақша-несиелік реттеу жүйесінде,
банктермен жүргізілетін операциялардың тізбесі, коммерциялық банктердің
қызметін реттеу әдістері анықталды.
Елдің екі деңгейлі банк жүйесі 1991 жылдан бастап қалыптаса бастады.
Жаңа банк жүйесінің бірінші деңгейі Ұлттық банктен және оның облыстардағы
бөлімшелерінен тұрды. Банк жүйесінің екінші деңгейі – бұрыннан бар
мамандандырылған, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың
бастамашылығымен құрылған банктерден қалыптасты. Тоқсаныншы жылдар әртүрлі
қаржылық мекемелердің санының қарқынды өсуімен сипатталды. Ол кезде тек
коммерциялық банктердің санының өзі 200-ден астам болды, соңынан, олардың
көпшілігі қаржылық тұрғыдан дәрменсіз болып шықты.
Банк жүйесін қалыптастырудың бастапқы кезеңі аталған жүйенің нарықтық
жағдайда қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін, банктік заңнамадан
кемшіліктер қатарын тауып шығарды және оларды жоюдың қажеттігін айқындады.
Осы ретте ескі заңнамада Ұлттық банктің егемен мемлекеттің банкі ретіндегі
мәртебесі анықталмаған болатын. Осы негізде 1993 жылдың 13 сәуірінде
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы қабылданды, ол банк
жүйесінің ұлттық нормативті және құқықтық базасын реттеуді қалыптастыру
процесін бастауға және меншікті валюта енгізуге дайындалуға мүмкіндік
берді. Құжат мақсаты – ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын
қамтамасыз ету болып табылатын Ұлттық Банктің тәуелсіздігін бекітті, сондай-
ақ экономиканы несиелеу функциясы екінші деңгейдегі банктерге көшті.
Қазақстан Республикасының орталық банкі Қазақстан банк жүйесінің
жоғарғы (бірінші) деңгейі болып саналатын Ұлттық Банкті болып табылды, ол
мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылып,
Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді. Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкін (одан әрі – Ұлттық Банк) Парламент Сенатының
келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті 6 жылға тағайындайтын
Төраға басқарады. Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарын да Төрағаның
тағайындалу мерзіміне қатыссыз Ұлттық Банк Төрағасының ұсынысы бойынша
Президент 6 жылға тағайындайды. Ұлттық Банк тігінен бағыну схемасы бойынша
орталықтандырылған біртұтас құрылым болып табылады, Ұлттық Банктің
органдары болып Басқарма және Директорлар кеңесі табылады.
Ұлттық Банктің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155
Заңында бекітілген, бұл Заңға сәйкес Қазақстанның Орталық банкі өз
қызметінде оған экономикалық актілермен берілген өкілеттіктер шегінде
тәуелсіз. Өкілдік және атқарушы билік органдарының Ұлттық Банктің, оның
филиалдарының, өкілдіктері мен ұйымдарының оның заңмен бекітілген
өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі қызметіне араласуға құқығы жоқ. Ұлттық
Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді. Ұлттық
Банк және Үкімет көзделетін іс-әрекеттер және жалпы мемлекеттік мәні бар
қол жеткен нәтижелер туралы бірін-бірі хабардар етуге және үнемі кеңес
жүргізуге міндетті.
Ұлттық Банк өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді
және егер ол оның негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын
жүзеге асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға көмектеседі. Ұлттық Банк
Төрағасы және оның орынбасарларының бірі кеңес беруші дауыспен Үкіметтің
отырыстарына қатысуға құқы бар. Үкіметтің Ұлттық Банктің міндеттемелері
бойынша жауапкершілігі жоқ, сол сияқты Ұлттық Банк те Үкіметтің
міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында
баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер
жүктелген:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
- төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
-
1 кесте
Банктiң жiктелген активтерi және баланстан тыс талаптары
бойынша қажеттi провизия мөлшерiн есептеу кестесi
Резервтеу мөлшерi (негiзгi қарыздың Резервтеу шарты
сомасынан %-бен)
Субстандартты активтер және баланстан тыс талаптар
5 Пайызды уақытында төлеп отырған
жағдайда
10 Пайызды төлеу уақытын кешiктiрген
жағдайда
Қанағаттанарлықсыз активтер және баланстан тыс талаптар
20 Пайызды толық төлеп отырған жағдайда
25 Пайызды төлеу уақыты кешiктiрiлген
жағдайда
Жоғары тәуекелi бар кұмәндi активтер және баланстан тыс талаптар
50 Барлық жағдайларда
Үмiтсiз активтер және баланстан тыс талаптар
100 Барлық жағдайларда

Қазақстан Республикасының Ұлттық банк белгiленген екiншi деңгейдегi
банктердiң қаржылық есеп беру туралы тәртiбiне сәйкес банктер Банктiк
қадағалау департаментiне тоқсан сайын халықаралық стандарттарға негiзделген
қаржылық есеп бередi.
Ақша-несие саясатын әзірлеу мен жүргізуге ақша-несие саясатының
негізгі құралдарын таңдау, ақша массасы, несиелер және жинақ ақша бойынша
статистикалық деректер базасын құру мен жүргізу, осы елдің және ақша-несие
саясатының негізін құрайтын басқа мемлекеттердің экономика және ақша-несие
саласының кейбір мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу, қаржы
бағдарламаларын жасау және олардың орындалуын бақылау кіреді.
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банктің ақша-несие
саясаты:
- ресми қайта қаржыландыру ставкасын;
- ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы
ставкаларының деңгейлерін;
- ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін;
- айырықша жағдайларда операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен
көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу арқылы жүзеге асырылады.
Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Ұлттық Банк операциялардың
мынадай түрлерін жүзеге асырады: заемдар беру, депозиттер қабылдау,
валюталық интервенциялар, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығару,
коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу, Ұлттық Банкі Басқармасының
шешімі бойынша басқа да операциялар жүргізу.
Ақша-несие саясатының субъектісі – Орталық банк болса, ал әсер ету
объектісі – ақша айналымы болып есептеледі.
Ақша массасы жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және
шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының
жиынтығы болып табылады. Белгілі-бір күндегі және белгілі-бір кезеңдегі
ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының
өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі
көрсеткіштер пайдаланады. Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір
түрінің екіншісіне ауысуы – жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет
етеді. Себебі ақша массасы – ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі-
бір мерзім аралығында сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша
массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін
әртүрлі көрсеткіштер – ақша агрегаттары қолданылады.
М1 ақша агрегаты айналыстағы қолма-қол ақшаның және банктік емес заңды
тұлғалардың және халықтың теңгедегі аударылатын депозиттерінің жиынтығы
ретінде есептеледі.
М2 ақша агрегаты М1 ақша агрегаты және теңгедегі басқа депозиттер,
банктік емес заңды тұлғалардың және халықтың шетел валютасындағы
аударылатын депозиттеріне тең.
М3 ақша агрегаты Ұлттық Банктің және банктер баланстарының шоттарын
шоғырландыру негізінде айқындалады. Ол айналыстағы қолма-қол ақшадан және
заңды тұлға-резиденттер мен жеке тұлға-резиденттердің ұлттық және шетел
валютасындағы аударылатын және басқа депозиттерінен тұрады.
Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдынғылардың
барлық элементтерін өзіне біріктіріп ақша масассын құрайды. Ақша
айналысының жылдамдығы экономиканың монетарлық деңгейіне байланысты болды,
ол ақша жиынының ЖІӨ-ге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен
болған сайын, монетарлар деңгейі жоғарылайды.
Ақша мультипликаторы – ақша базасы бір бірлікке өскенде, ақша
ұсынысының қалай өзгеретіндігін көрсетеді. Ақша мультипликаторының мөлшері
міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резерв банктер
мен несие ресурстарының көзі ретінде пайдаланылмайды, сонымен қатар
айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тікелей
реттелмейді, бірақ онық мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-
несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақша айналысы
жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді
инвестициялдық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана жалпы
экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана
мүмкін, керісінше, ақша айналысының жоғарғы жылдамдығы ұлттық валютаға
деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша жиынындағы қолма-қол ақша үлесінің
өсуімен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық
субъектілерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударумен бірге жүреді.
Ақша базасына (резервтік ақша) Ұлттық Банктің кассасындағы қолма-қол
ақшаны қоспағанда Ұлттық Банк айналысқа шығарған қолма-қол ақша (Ұлттық
Банктен тыс қолма-қол ақша), банктердің аударылатын және басқа депозиттері,
банктік емес қаржы ұйымдарының аударылатын және басқа депозиттері,
мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржы ұйымдарының Ұлттық Банктегі
теңгедегі ағымдағы шоттары кіреді.
Тар ақша базасы банктердің Ұлттық Банктегі депозиттерін қоспағандағы
ақша базасын білдіреді.
Міндетті резервтер – бекітілген нормативке сәйкес Ұлттық банктегі
арнайы шотта сақталуға міндетті банк депозиттерінің бір бөлігі.

1.2 Ақша-несие саясатының әдістері мен құралдары

Ақша-несие саясатының әдістері – ақша-несие саясатының субъектісінің
объектісіне әсер етіп, алға қойған мақсаттарына жету үшін қолданылатын
тәсілдер мен құралдардың жиынтығы болып табылады.
Ақша-несие саясатында реттеудің тікелей және жанама әдістері
қолданылады.
Тікелей әдіс дегеніміз – Орталық банкінің өзінің іс-әрекеттерін
әкімшілік – құқықтың өкілеттігімен орындауы, ал жанама әдіс дегеніміз –
ақша нарығының хал-ахуалына ақшаның эмитенті ретінде әсер етуі болып
табылады.
Ақша-несиелік реттеудің тікелей және жанама әдістерінің арасындағы
айырмашылықты екі жақты қарастыруға болады. Тікелей әдістер тауарлардың
бағаларын немесе көлемін орнату немесе шектеуді құрастырады, ал жанама әдіс
– нарық арқылы сұраныс пен ұсынысқа әсер етеді. Тікелей әдістер негізінен
несиелік шектеулер түрінде коммерциялық банктердің балансына қатысты
қолданылады, ал жанама құралдар орталық банк балансының сапасын жақсарту
үшін қолданылады. Тікелей әдістерді өтпелі кезеңде, ақша нарығының әлсіз
кезеңінде қолданған тиімді болса, ал жанама әдістерді қолдану ақша
қаражаттарының несие-қаржылық институттарынан қарыз капиталының
ұйымдастырылмаған нарығына ағуын тоқтатады. Орталық банк жанама әдістерді
қолдана отырып резервтік қорлардың ұсынысын анықтай алады, сонан соң ұсыныс
пен сұранысты резервтік қорлардың қалдықтарына теңестіре отырып,
банктердегі өтімді қаражаттарға ықпал етеді, сөйтіп банктік және банкаралық
ақша нарықтарындағы пайыздық қойылымдарды өзгертеді.
Орталық банк тікелей және жанама әдістер мен қатар ақша-несие саясатын
жүзеге асыруда жалпы және таңдамалы әдістерді де қолданады. Жалпы әдістер
көп жағдайда жанама әдістер қызметін атқарады және ақша нарығына үлкен
әсерін тигізеді. Таңдамалы әдістер несиелердің белгілі бір түрін реттеп,
нарықты тікелей реттейді және белгілі-бір тапсырмаларды шешумен байланысты
болады. Олар банктердің несиелердің кейбір түрлерін беруін немесе кейбір
несиелердің шектеулі түрде берілуін, сондай-ақ кейбір коммерциялық
банктердің жеңілдіктерді қолдана отырып, несие беруін көздейді.
Көптеген елдерде басқару және реттеу мақсатында мемлекет әкімшілік
құралдармен жұмыс істей отырып, негізінен экономикалық әдістерді қолдануға
тырысады. Ресми ақша-несие саясатының белгілі-бір тұрақты шарттарына
сәйкес, банк қызметтеріне әсер ететін құралдар мен басқарудың тиімді
әдістері анықталады. Орталық банк ақша-несие саясатының өзіне тән құралдар
жиынтығы мен реттеудің экономикалық және әкімшілік әдістерінің нақты
үйлесімдігіне қарай екі негізгі түрі арасында таңдау жасайды.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты, кейде қымбат ақша саясаты деп те
аталады, коммерциялық банктердің несиелік операцияларының көлемін шектеуге
және шарттарын қатаңдатуға, пайыздық қойылым деңгейін жоғарлатуға
бағытталады. Оны жүргізу, әдетте, салықтарды ұлғайтуға, мемлекеттік
шығындарды қысқартуға, сондай-ақ инфляцияны жеңілдетуге бағытталған басқа
да әр түрлі іс-шаралармен бірге жүреді. Рестрикциялық ақша-несие саясаты
инфляциямен күресу мақсатында емес, іскерлік белсенділіктің циклдық
өзгерісіне әсер ету үшін қолданылады.
Ал экспанциялық ақша-несие саясаты несие көлемін ұлғайтуға, айналымдағы
ақша санының өсімін бақылауды жеңілдетуге, пайыздық деңгейді төмендетуге
бағытталады. Басқаша бұл әдістер жүйесін арзан ақша саясаты деп те
атайды.
Монеторлық саясаттың жалпы ұлттық өнiм көлемiне әсер ету механизмiн
суреттегi графиктерде көрсетiледi.
R MS MSғ r

I

MD

0 0

0

Ya

Yb

Бұл графиктерде ашық рынок пен инвестициялар рыноктары арасындағы
тығыз байланыс байқалады. Экономикалық өсудiң кейнсиандық жолы келесiде,
өкiмет өзiнiң монетарлы саясатының мақсаты ретiнде ақша ұсынысының қисығын
(MS) оңға қара жылжуына әкелетiн ақша массасының көбеюi (MS) жылжуына
әкелетiн ақша массасының көбейi (ақша ұсынысы) болып келедi. Ақша рыногi
тепе – теңдiгiнiң жаңа нүктесiне төмендетiлген пайыздық қойылым сәйкес
келедi. Пайыздық қойылымның кемуi жеке меншiк бизнестiң несиелiк
ресурстарға еркiн қол жеткiзуiн жеңiлдетедi және инвестицияларды Ia-дан Ib
деңгейiне дейiн өсiредi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қызметтерiнiң бiрi -
қауiпсiз және берiк банк жүйесiн қамтамасыз ету мен оның тұрақсыздығын
болдырмау мақсатында несие жүйесiндегi екiншi деңгейдегi банктердiң
қызметiн қадағалау, болып табылады. Өкiнiшке орай, банктердiң,
ұйымдастырушылар мен клиенттердiң мүдделерiн қорғайтын Ұлттық банк саясаты
әлi де жоқ.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң реттеу мен қадағалауды жүзеге асырудағы
негiзгi өкiлеттiктерi – екiншi деңгейдегi банктердi лицинзиялауды, бақылау
мен қадағалауды жүзеге асырады. Осы мақсаттарда Қазақстан Ұлттық Банкi:
▪ банктер мен олардың клиеттерiнiң, орындауға мiндеттi нормативтiк
құқықтық актiлер қабылдауға;
▪ банктер үшiн лицензиялық рәсiмдер мен нормативтер белгiлеуге;
▪ банктер мен олардың филиалдарының қызметiн тексеруге, соның iшiнде
жергiлiктi жерге барып немесе аудиторлық ұйымды шақырып тексеруге,
олардан өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын дұрыс жүзеге асыру
үшiн қажет деп санайтын ақпаратты алуға және алынған ақпараттар
бойынша түсiнiк беруiн талап етуге өкiлеттi;
▪ банктерге қолданылып жұрген банк заңдарында көзделген басқа да
санкциялар қолдану туралы шешiмдер қабылдау, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының үкiметiмен келiсiм бойынша банктердiң акцияларын
мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейiннен жаңа инвесторларға мiндеттi
түрде дереу сату тәртiбiн бiлгiлеудi қоса алғанда капиталының терiс
мөлшерi бар банктер мүлкiнiң құқықтық режимiн өзгерту туралы шешiмдер
қабылдау;
▪ банк заңдарында белгiленген жағдайларда банктiң уақытша әкiмшiлiгiн
(уақытша әкiмiн) тағайындауға;
▪ депозиттер мен оны iске асыру тетiгiнiң мiндеттi түрде ұжымдық
сақтандыру жағдайларын белгiлеуге өкiлеттi.
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасындағы банктер мен олардың
фирмаларының бүкiл қаржы-шаруашылық қызметiн тексерудi жүзеге асыру құқығы
бар бiрден-бiр орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi басқа
мемлекеттердiң орталық банктермен және қадағалау органдарымен бiрлесе жұмыс
iстейдi және олардың өз бақылау қызметiн жүзеге асыруы үшiн қажет
ақпараттармен алмасуға құқылы. Банктiк қадағалаудың негiзгi мiндеттерi,
бұл:
- Елдiң, халықтың, клиенттердiң және ұйымдастырушылардың мүдделерiн
сақтайтын банк қызметiндегi орнатылған ережелер мен заңдардың
орындардалуын қамтамасыз ету;
- Мемлекеттiк ақша-несие, валюттық және қаржылық саясаттарының банктер
қызметiне сйкестiгiн қамтамасыз ету;
- Жеке банктердiң және бүкiл банк жүйесi қызметiнiң орнықтырылуы мен
жетiлдiрiлуiн қамтамасыз етужәне елдегi банк iсiнiң деңгейiн көтеру;
- Халықтың жеке бүкiл экономика мүддесiн көздейтiн банк қызметiнiң кеңеюiн
дамыту және жаңа қызмет түрлерiн енгiзу.
Ұлттық банк банктердiң қызметiн қадағалау барысында 2 әдiстi
пайдаланады: реттеушi әдiс; тексерушi әдiс. Реттеушi әдiс ең көп таралған
әдiске жатады. Бұл әдiс ұттық Банкке берiлген есептемелер бойынша жүзеге
асады. Реттеу процесi банк қызметiне дейiн басталады яғни банктiң
ашылуына дейiн, банкке Қазақстандағы Республикасындағы банктер және банк
қызметi туралы Заңға сәйкес; Ұлттық Банк жағынан мiндеттi талаптар
қойылады. Бұл талаптарға: Жарғылық қор көлемi, операциялар түрлерi, банктiң
басшылар құрамы, белгiлi бiр материалдық-техникалық базаның бар болуы,
құрылтайшылар құрамы және т.б жатады. Егер осы талаптар заңға сәйкес болса,
онда ұлттық банк жаңа банктiң ашылуына, тiркелуiне рұқсат бередi және оның
Жарғысында белгiленген банк қызметiнiң орындалуына лицензия бередi.
Ақша-несие саясатының экспанциялық және рестрикциялық типтері жалпы
немесе селективті сипатқа ие болады. Жалпы сипаты – монетарлық саясатта
орталық банктің іс-шаралары банктік жүйенің барлық ұйымдарына әсер етсе, ал
селективті сипатта – жекелеген несиелік институттарға немесе оның белгілі-
бір топтарына, банктік қызметтердің жеке түрлеріне әсер етеді.
Ұлттық Банк ақша-несие саясатын жүзеге асыратын шеңбердегі қаржы
нарығында сыйақының нарықтық қойылымдарына әсер ету мақсатында ақша-несие
саясатының негізгі операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы қойылымдары
белгілейді:
- ресми қайта қаржыландыру қойылымы;
- ресми есептік қойылым;
- РЕПО жәнекері РЕПО операциялары бойынша сыйақы қойылымы;
- Овернайт заемдары бойынша сыйақы қойылымы;
- Овердрафт заемдары бойынша сыйақы қойылымы;
- Банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы қойылымы.
Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Ұлттық Банкі мынадай операция
түрлерін жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) валюталық интервенциялар;
3) Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығару;
4) мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату;
5) коммерциялық вексельдерді қайта есеке алу.
Ұлттық Банк ақша-несие саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес
банктердің қарыз алуының жалпы көлемін реттейді: банктерге берілетін
қарыздарды беру мен өтеу тәртібін, талаптарын, түрлерін, мерзімдерін және
лимиттерін айқындайды. Ұлттық Банк қарыздарды өтімділігі жоғары және
қауіпсіз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып
та, қамтамасыз етпей де бір жылдан аспайтын мерзімге береді, бұл мерзімді
тек Ұлттық Банктің Басқармасы ұзартуы мүмкін.
Валюталық интервенция деп – ұлттық валюта бағамына әсер ету мақсатында
Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық
нарықтағы операцияларға араласуын айтады.
Айналыстағы ақша массасына ықпал ету мақсатында Ұлттық Банк айналысқа
өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарады. Қысқа мерзімді ноталарды
орналастыру Ұлттық Банкпен қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау
туралы келісім-шарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің
шоттарын жүргізу құқығын беретін бағалы қағаздар нарығында кәсіби
қатысушылары арқылы жүргізіледі.
Ең төменгі резервтік талаптар Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын
жүргізудегі бір құралы болып табылады және коммерциялық банктердің Ұлттық
Банктің корреспонденттік шоттары мен кассадағы ұлттық және еркін
конвертацияланатын валюта түріндегі қолма-қол ақшалардың міндеттемелер
сомаларының міндетті үлесін көрсетеді.
Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін
несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың
міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым
иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық Банк ең
төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады Бұл – сыйақының қойылымын
ұстап тұру, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу мақсатында
несиенің нақты түрлерін реттеу болып табылады. Ұлттық Банк тікелей сандық
шектеуді ақша-несиелік реттеудің жанама әдістерімен инфляциялық процестерді
тоқтату мүмкін болмаған жағдайда қолдануға құқылы.
Соңғы бес жылда ең төменгі резервтер механизмі үш рет өзгерді:
- 2006 жылы шілде айында біріңғай қойылым 6%-ды құрап, 2 категорияға
дифференцияланды, ішкі талаптар бойынша – 6% және басқа міндеттемелер
бойынша – 8% болды;
- 2007 жылы қазан айында, бұл кезде өзгерістер тікелей резервтік
активтердің құрылымына, банктің ішкі және өзге міндеттемелерінің
тізіміне, сонымен қатар міндетті резервтік талаптар нормативтерінің
орындалуын бақылау нормаларына қатысты болды;
- 2008 жылы шілде айында, ішкі міндеттемелер бойынша ставка 5%-ға дейін,
ал басқалары бойынша 7%-ға дейін төмендетілді.
2007 жылы коммерциялық банктердің міндетті резервтік талаптар
нормативтерінің орындалу тәртіптерін жетілдірудің келесі қадамы –
Минималды резервтік талаптар туралы ережені бекіту туралы үкімге
өзгерістер енгізу болып табылады. Өзгерістер резервтік активтердің
құрылымына, банктің ішкі және басқадай міндеттемелер тізімдемесіне, сонымен
қатар міндетті резервтік талаптар нормативтерінің орындалуын бақылау
нормаларына қатысты болды. Банктің ішкі және басқадай резидент алдындағы
міндеттемелер тізімдемесінен ағымдағы өтімділікті ұстап тұруда қолданылатын
қысқа мерзімді міндеттемелері – РЕПО, овернайт, сонымен қатар оның
көрсеткіштер бойынша есептелген шығындары алынып тасталды. Басқа
міндеттемелер тізімдемесінен субординацияланған қарыздар мен мерзімсіз
қаржылық құралдар, көрсеткіштер бойынша есептелген шығындар алынып
тасталды. Сонымен қатар банктің резервтік активтерінің құрылымына еркін
конвертацияланатын валютадағы банктің кассасындағы қолма-қол ақшалардың
енуі – бұл құрылымды ұлғайтты.
Ал қазіргі кездегі заңға сәйкес міндетті резервтік талаптар туралы
ережеге өзгертулер мен толықтырулар екінші деңгейлі банктердің қысқа
мерзімді өтімділікті реттеу қажеттілігінен туындады.
Сонымен қатар басқа да міндеттемелер бойынша нормативтің төмендеуі
сыртқы ресурстарға қазақстандық банктердің енуін шектеу шарттарында банктің
резидент еместердің алдындағы міндеттемелерін төмендету есебінен, банктің
қосымша өтімділігін босатуға мүмкіндік береді. Ұлттық Банк банктердің
депозиттері мен заемдары бойынша сыйақы көлемдері мен ставкаларын реттеу
мақсатында ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін пайдаланады және
ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін банктер міндеттемелер
соммасының пайызы ретінде есептейді.
Банктердің есеп айырысуы үшін қабылданатын міндеттемелерінің
құрылымын, ең төменгі резервтік талаптарды орындау шарттарын және оларды
резервтеу тәртібін, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптардың
нормативтерін Ұлттық Банк белгілейді. Ең төменгі резервтік талаптардың
нормативтерін өзгерту осындай шешім қабылданған күннен бастап бір айдан
ерте қолданысқа енгізілмейді. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері
бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
жауаптылықта болады.
Қазіргі кезде ең төменгі резервтік талаптар – бұл барлық несие
мекемелерінде болуы қажет өте өтімді активтер болып табылады, әрине,
міндетті түрде олар банктердің кассаларында қолма-қол ақша түрінде немесе
орталық банкте депозит түрінде өтімді формада сақталынады.
Резервтік талаптардың нормативі өз алдына заңды түрде ең төменгі
резервтер сомасының пассивті және активті операциялардың абсолютті немесе
салыстырмалы көрсеткіштеріне пайыздық қатынасын көрсетеді.
Ең төменгі резевтік талаптар нормасының өзгеруі несиелік мекемелердің
рентабельділігіне де әсер етеді. Себебі резервтік талаптардың өсуі пайданы
толық ала алмауға әкеп соқтырыды, сондықтан, көптеген батыс экономистерінің
пікірі бойынша бұл әдіс өте тиімді антиинфляцияық құрал болып табылады.
Ақша резервтерінің нормасының төмендеуі ақша мультипликаторының
өсуіне әкеледі, демек, ақша массасы да ұлғаяды. Егер орталық банк
резервтік талаптар нормасын өсірсе, онда бұл банктердің артық резервтерінің
азаюына әкеледі. Монетарлық саясаттың бұл құралы өте күшті болып табылады,
себебі ол банктік жүйенің барлық мәселесін қозғайды. Бұл әдіс ашық
нарықтағы операциялар сияқты күнде бір рет емес, он жылда бір рет
пайдаланады.
Ұлттық Банктің ресми сыйақы қойлымы ақша нарығының жалпы жағдайына,
заемдар бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне, инфляция деңгейі мен
инфляциялық болжамға байланысты белгіленеді. Ұлттық Банктің заң актілері,
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері негізінде немесе Ұлттық Банк
Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша
қолданылады.
Кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы қойылымдары – жылдық пайыздық
қойылымдар, Ұлттық Банктің ресми қайта қаржыландыру қойылымы деңгейінде
белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде
қолданылады.
Овернайт заемдары бойынша сыйақы қойылымы Ұлттық Банктің екінші
деңгейлі банктерге, олардың Ұлттық Банктегі корреспондеттік шоттары бойынша
есеп айырысуы дебет сальдосымен аяқталған жағдайда, бір түнге беретін
заемдары бойынша қолданылады.
Ресми қайта қаржыландыру қойылымы орталық банктің нарықтық сыйақы
қойылымдарына жанама түрде ықпал ететін ақша-несиелік реттеу құралдарының
бірі болып табылады. Қайта қаржыландыру термині орталық банктен несие
мекемелерінің ақша қаражаттарын алуы деген мағынаны білдіреді. Орталық банк
коммерциялық банктерге несие бере отырып, сонымен қатар олардың
портфеліндегі бағалы қағаздарды (көбінесе вексельдерді) қайта есепке алады.
Ұлттық Банктің банктік заемдар беру ережесі Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және
Ұлттық Банкінің банктің заемдарының түрлерін және беру тәртібін, олар
бойынша қамтамасыз етуді қабылдау рәсімін айқындайды.
Ұлттық Банктің қайта есептеуге қатысты вексельдер сапасына қоятын
талаптары заңменен бекітіледі. Есептеуге өтімділік мерзімі алты айдан көп
емес вексельдер, алдыңғы қатарлы эмитенттерінің вексельдері, іс жүзіндегі
вексельдер, төлеу орны Қазақстан Республикасының территориясындағы банкілер
болып көрсетілген вексельдер қабылданды.
Бұл әдіс орталық банктің банктік жүйесінде бағалы қағаздарды сатып алу-
сату операцияларын жүргізуді білдіреді. Коммерциялық банктерден бағалы
қағаздарды сатып алу коммерциялық банктердің қаражаттарын ұлғайтып, оларға
несие беру қабілеттілігін жоғарылатады және орталық банк бұл операцияларды
өте жиі пайдаланады. Орталық банк коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды
нарықтық бағаларменен сатуға, содан соң 4-8 аптадан кейін қайта сатып алуға
ұсыныс жасайды, коммерциялық банктер бұл операциядан пайыздық төлемдер ала
алады.
Ақша-несиелік реттеудің өзге әдістерінен ретінде ашық нарықтағы
операциялардың алдыңғы ең басты айырмашылығы – өте жұмсақ реттеуді
қолдануы, өйткені бағалы қағаздарды сатып алу көлемі, сонымен қатар
қолданатын пайыздық мөлшері орталық банк саясатының бағытына қарай өзгеруі
мүмкін.
Ашық нарықта бағалы қағаздарменен операциялар Ұлттық Банктің ақша-несие
саясатының аз дамыған құралы ретінде танылады, бұл елімізде бағалы қағаздар
нарығының дамымауымен байланысты болып отыр. Ұлттық Банктің қазіргі кездегі
мақсаты – инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздарға деген сенімін
жоғарылату болып табылады.
Орталық банк экономикалық ақша-несие реттеуде әдістермен қатар
әкімшілік әдістерді де қолданады. Несие көлемін шектеу әдісі берілген несие
сомасын көлемді шектеу болып табылады, бұл банктердің ісіне тікелей әсер
етеді. Мұндай несиелік шектеулер қарыз алушы мекемелерді теңсіздік жағдайға
әкеп соқтырады, Банктер, ең алдымен, өзінің ірі фирмаларына несие беріп,
кіші және орта мекемелерді несиесіз қалдырса, елдегі бизнес іскерлігінің
төмендеуі байқалады.
Еліміздің экономикалық дамуындағы табыстары біршама дәрежеде Ұлттық
Банктің қаржы секторын дамыту, атап айтқанда, бағаны тұрақтандыруға
бағытталған ақша-несие саясаты қызметімен байланысты десек, жүргізіліп
отырған ақша-несие саясаты бір жола қатаң белгіленген тетік болып
табылмайды, ол тұрақты түрде әркез жетілдіріліп отыруы қажет.

1.3. Дамыған шет елдердегі ақша-несие саясатының ерекшеліктері

Елдің орталық банкі – мемлекеттің және коммерциялық банктер арқылы
заңмен бекітілген құралдардың көмегімен ақша-несие ағындарын реттейтін
делдал. Қазіргі уақытта әлемнің әрбір елдерінде өз орталық банкі бар,
алайда, елдің саяси және қаржылық-экономикалық дамуының ерекшеліктеріне
байланысты олар өзіндік ерекшеліктерге ие.
Орталық банк несие жүйесінде банктердің банкі рольін атқарады, яғни,
коммерциялық банктердің және басқа мекемелердің резервтері мен бос
қаражаттарын сақтайды, оларға несиелер береді, соңғы сатыдағы несие беруші
болып табылады, ақша міндеттемелерін өзара есепке алудың ұлттық жүйесін
ұйымдастырады.
Дегенмен, орталық банктер қазіргі түрінде аз ғана уақыттан бері ғана
XIX ғасырдан бастап өмір сүріп жатыр. Капитализм дамуының ертеректегі
сатыларында орталық (эмиссиялық) және коммерциялық банктердің арасында
нақты шекара болмады. Коммерциялық банктер капитал жинақтау үшін белсенді
түрде банкноталар шығаруға ұмтылды. Несие жүйесінің дамуына қарай, кейбір
ірі коммерциялық банктерде банктік эмиссияны орталықтандыру процесі жүрді.
Бұл процестің нәтижесі банкноталар шығаруға монополиялық құқықты бір банкке
бекіту болып табылды. Бастапқыда мұндай банк эмиссиялық немесе ұлттық, ал
одан кейін орталық банк деп аталды, мұның өзі оның несие жүйесіндегі
үстем жағдайына сай келетін еді.
Тарихи деректерге сүйенсек, тұңғыш орталық банк феодализмнен
капитализмге өту кезінде, 1668 жылы құрылған швециялық РиксБанк болған
екен, алайда оның құрылу жағдайы қазір көп белгілі емес. 1694 жылы Англия
Банкі құрылды, бірақ, ақша белгілерін эмиссиялауға олардың айрықша құқығы
болған жоқ және олардың қызметтерінің қазіргі заманғы орталық банктердің
функцияларынан айырмашылығы болды – мысалы, Англия Банкі бастапқыда сауданы
және өнеркәсіпті, Нидерланд Банкі ішкі және сыртқы сауданы қаржыландыруға
тиіс болды.
Орталық банктердің құқықтық мәртебесі құқықтық актілерде: Орталық
банктер және олардың жарғылары туралы заңдарда, банктік және несиелік
қызмет туралы заңдарда, валюталық заңнамада бекітілді.
Орталық банк несие жүйесін реттеу саласында кейбір билік
өкілеттіктеріне ие бола отырып, коммерциялық банктік мекеменің және
мемлекетттік ведомствоның жекелеген ерекшеліктерін бойына сіңірген. АҚШ,
Германия, Швейцария, Швеция және Нидерланд заңнамасында орталық банктердің
осы елдердің парламенттеріне тікелей бағынуы көзделген, мемлекеттердің
көпшілігінде орталық банктер қазынашылыққа (Англия Банкі) немесе Қаржы
министрлігіне бағынады. Бірқатар елдердің заңнамасында орталық банктердің
Парламентке есеп беруі көзделген (мысалы, АҚШ, Германия, Жапония).
Орталық банкке заң жүзінде жүктелген қызметінің басты мақсатын орындау
– баға тұрақтылығын қамтамасыз етуі оның атқарушы үкіметтен белгілі бір
дәрежеде тәуелсіз болуын көздейді және орталық банктің үкіметтен тәуелсіз
болуы оның саяси және экономикалық нысанын білдіреді.
Саяси тәуелсіздік – бұл орталық банктің ақша массасының мақсатты бағыт-
бағдарларын белгілеудегі дербестігін білдірсе, ал экономикалық тәуелсіздік
– орталық банктің ақша-несие саясатының құралдарын таңдаудағы дербестігі
болмақ.
Мемлекеттік билік органдарымен қалыптасқан өзара қарым-қатынастар
орталық банктің баға тұрақтылығын қолдау мүмкіндігін анықтайтын маңызды
фактор болып табылады. Орталық банк пен мемлекеттік билік органдары
өкілдерінің арасындағы тұрақты байланыс соңғыларының орталық банктің іс-
қымылына деген сенім деңгейін арттырады және олардың басты мақсатқа қол
жеткізуіне – баға тұрақтылығын қамтамасыз етуіне оң әсерін тигізеді.
Орталық банктің атқарушы биліктен тәуелсіз болу дәрежесі әр түрлі
елдерде бірдей емес. Ақша-несие саясатын жүргізуде Германияның Орталық
банкі Бундесбанк ең үлкен тәуелсіздікке ие деп саналады, оның тәуелсіздігі
Бундесбанк туралы Заңда (1957 ж.) көзделген. Өзінің алдында тұрған
міндеттерді іске асырған кезде Бундесбанк үкіметтің экономикалық саясатын
қолдауға міндетті, алайда, олардың нұсқауларына тәуелді емес. Бундесбанк
ақша-несие саясатының ең маңызды мәселелері бойынша үкіметтің кеңесшісі
ретінде әрекет жасауға және оған қажетті ақпарат ұсынуға міндетті. Үкімет
мүшелерінің Бундесбанк Орталық кеңесінің (оның ұжымдық басқарушы органының)
жұмысына қатысуға құқығы бар, алайда, дауыс беру құқығы жоқ, бірақ кеңесте
талдау үшін сұрақтар ұсынуына және ұсыныстар жасауына болады, олардың талап
етуі бойынша кеңестің шешімін 2 аптаға кейінге қалдыруға болады. Қажет
болған жағдайда, Бундесбанктің Президентін федералдық үкіметтің отырысына
шақыруға болады. Ақша-несие саясатының мәселелері бойынша шешімдер
қабылдаған кезде Бундесбанк үкіметтің ақша-несие саясатының бағыттарына
кайшы келгенше толық автономияға ие.
АҚШ Федералды Резервтер Жүйесі (бұдан әрі – ФРЖ) атқарушы өкіметтен
елеулі дәрежеде тәуелсіз – оның шешімдері президенттің немесе үкіметтік
құрылымдардың тарапынан ратификацияланбайды. Дегенмен, ФРЖ өзі жүргізетін
ақша-несие саясаты үшін АҚШ Конгресі алдында жауапкершілік атқарады. Кеңес
мүшелері қатарынан төраға мен вице-төрағаны тағайындауды қосқанда, ФРЖ
Басқарушылар кеңесіне барлық тағайындауларды сенаттың келісімімен президент
жүзеге асырады. Осыны ескере отырып, сондай-ақ ФРЖ және үкімет жүргізетін
саясаттың үйлестірілуін ескере отырып бұл жүйені үкімет ішіндегі тәуелсіз
жүйе деп сипаттауға болады.
Англия Банкі тәуелсіздігі мейлінше төмен орталық банктердің бірі болып
табылады. Англия Банкі мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастар
Англия Банкі туралы Заңмен (1946 ж.) реттеледі, соның негізінде банк
мемлекеттік банкке айналды. Бұл заңға сәйкес, Қазынашылықтың Англия Орталық
банкінің қызметіне айтарлықтай ықпал етуге құқығы бар. Ақша-несие саласында
банкке тек қана кеңес беру функциясы бөлінген. Англия Банкінің басқарушы
органының – Басқарманың міндетіне ақша-несие саясатының мәселелерін қаржы
министрлігімен (Қазынашылықпен) үйлестіру кіреді. Оның басқарушысы ресми
түрде осы салада шешімдер қабылдауға жауапты және Парламентке есеп береді.
Осылайша, Англия Банкі Қазынашылықтың бақылауында, Қазынашылық Орталық
банкпен алдын – ала жүргізілген кеңес алмасудан кейін оған ұсыныстар
жасауға уәкілетті.
Англия Банкі сияқты Италия Банкі де ақша-несие саясатын жүргізуде
үкіметтен елеулі түрде тәуелді. Әкімшілік тұрғыдан ол Қазынашылыққа
бағынады және соңғысында құрылған Несиелер және салықтар жөніндегі
министрлікаралық комитеттің жасаған ұсыныстарын орындауы тиіс. Италия Банкі
үкімет кеңесшісі болып табылады.
Сонымен, дәстүрлі түрде орталықтандырушылық және күшті саяси билік тән
елдерде орталық банк, әдетте, заң жүзінде үкіметке тәуелді болады. Ал
федералдық мемлекеттерде орталық банктердің дербестігі әлдеқайда жоғары.
Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Италия Орталық банктерінің үкіметтен
тәуелсіз болу деңгейінің әртүрлі болуы осы елдердегі инфляцияның қарқынымен
үндеседі. Орталық банктердің тәуелсіздік деңгейіне жүргізілген
зерттеулердің бірінің нәтижесі орталық банктің саяси тәуелсіздігі мен
инфляцияның төмен деңгейі арасындағы өзара байланыстың күшті екендігін
көрсетеді.
Соңғы инстанциядағы несие беруші бола отырып, орталық банктер қаржы
ресурстарының уақытша жетіспеушілігін бастан кешіп отырған несиелік-банктік
мекемелерге несиелер береді .
Орталық банктердің тағы бір маңызды функциясы – үкіметтің қаржы
агентінің рөлін атқару, яғни, үкімет шоттарын жүргізу және әртүрлі
үкіметтік ведомстволардың активтерін басқару болып табылады. Кейбір
елдерде, мысалы АҚШ-та, орталық банк бұл функцияны коммерциялық банктермен
бірлесіп атқарады. Басқа бір мемлекеттерде, мысалы Италияда, орталық банк
шын мәнісінде мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлері болып табылады.
Бұдан басқа, орталық банктер мемлекеттік борышты басқаруды жүзеге
асырады, талдамалық зерттеулер жүргізеді және статистикалық деректер
базасын жүргізеді, банкноталар дайындайды және т.б.
Талдамалық және статистикалық зерттеулер жүргізудің функциялары өзінің
сипаты бойынша әртүрлі елдердің орталық банктерінде мүлдем бірдей және тең
мағынада болмауы мүмкін. Ақша-несие және валюта саясаты саласындағы негізгі
зерттеулер төлем баланстарының деректерін негізге алады. Бұл кейбір елдерде
(Бельгия, Германия, Франция, Нидерланд, Жапония) орталық банкке осы тәрізді
деректерді жинау мен талдау функцияларының берілуіне себепші болды.
Чилидің Орталық Банкі ақша-несие саясатын инфляциялық таргеттеу
негізінде жүргізеді. Чилиде инфляциялық таргеттеу 1990 жылдан басталды,
Орталық банк сол уақытта 1991 жылға арналған инфляциялық мақсатын
жариялады. 1991-1999 жылдар аралығында инфляциялық таргеттеу айырбастау
бағамынан басым бола отырып жүзеге асырылды.
Барлық орталық банктердің міндеті – айналысқа банкноталар шығару және
олардың елдің аумағында айналыста болуын қамтамасыз ету. Бұл ретте тек
кейбір Орталық банктердің (Италия, Ұлыбритания, Бельгия, Испания, Ресей
және тағы басқалары) ғана банкноталар шығаратын арнайы құрылымдық
бөлімшелері бар.
Несиелік-банктік жүйенің жұмысын бақылау (орталық банктің бақылау
функцияларының бірі) осы жүйенің тұрақтылығын қолдаудың қажеттігіне
байланысты, себебі ұлттық ақша бірлігіне деген сенім тұрақты және тиімді
жұмыс істейтін несиелік-банктік институттардың болуын көздейді.
Әдетте, мұндай бақылауды орталық банктер жүзеге асырады, алайда,
Бельгияда, Германияда, Швейцарияда және Жапонияда қадағалау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк ресурстарын қалыптастыру операциялары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы банктердің іс-жүзіндегі көрсететін қызметтер көрінісін талдау
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Банк Центркредит АҚ-ы мысалының негізінде проблемалық несиелерді талдау және оларды ҚР-да шешу жолдары
Бизнес-жоспар жасау. Бизнесжоспарлаудың мәні мен мақсаты
Несие туралы ақпарат
Қазіргі тандағы ҚР-дағы ұлттық банктің ақша-несие саясатына талдау жасау
Қарыз алушыны оның ссудалық карыздарының жағдайымен ақпараттандыру
Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі
Пәндер