«Банк ЦентрКредит» АҚ


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Алматы Технологиялық университеті
Қабылдаған: Оразалиев Б. М
Орындаған: Смагулова. Г. О
Алматы 2012
Жоспар
КІРІСПЕ . . . 3
І бөлім. «БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.
1. 1 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң қысқаша даму тарихы, банк қызметінің мәні . . . 4
1. 2 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң менеджменті, құрылымы және қаржылық жағдайы . . . 10
1. 3 «БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ-ң даму стратегиясы . . . 47
ІІ бөлім. «БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ НЕСИЕ САЯСАТЫ.
2. 1 «Банк ЦентрКредит» АҚ несие саясатының құрылу тәртібі . . . 49
2. 2 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң
Несие нысандары, олардың жіктелуі . . . 52
2. 3 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң несие түрлері . . . 55
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
Қолданылған материялдар . . . 60
Кіріспе
Менің тәжірибе жинақтаған жерім «Банк ЦентрКредит» АҚ. «Банк ЦентрКредит» АҚ - өз клинттерінің игілігіне көп уақыт жұмыс істеп келе жатқан, Қазақстан Республикасының ірі әмбебап коммерциялық банкісі, сонымен қатар сенімді және диверсификацияланған қаржылық құрылымы.
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының негізгі мақсаты шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ Қазақстан және ТМД елдеріндегі орта топтың қалыптасуына жан-жақты ықпал ету.
Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді.
Активтері мен меншікті капиталының көлемі жағынан Халық банкі Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі ірі банктердің үштігіне кіреді. 2006 жылғы 1 cәуірдегі жағдай бойынша Банктің активтері 651, 7 млрд теңге, жарғылық капиталы 29, 9 млрд теңге, меншікті капитал мөлшері (есеп айырысу) 64, 5 млрд теңге, тапқан таза пайда көлемі - 3, 4 млрд теңге шамасында болды.
«Банк ЦентрКредит» АҚ әртүрлі қаржылық және қоғамдық ұйымдармен тұрақты іскерлік қатынастарға ие. Банктің серіктестеріне шетелдік және қазақстандық банктер, инвестициялық қорлар, заң компаниялары, рейтингтік агенттіктер, бизнес-құрылымдар және компаниялар жатады.
Бұл жұмыста келесідей маңызды сәттер қарастырылады: «Банк ЦентрКредит» туралы қысқаша мәліметтер; жаңадан өз қызметін ұсынып келе жатқан «Дербес қызмет көрсету орталығы», бөлімнің құрылымы, негізгі өнімдері, атап айтсақ - бөлімде ашылатын карточкалар, қабылданатын салымдар, ұсынылатын несиелер және ДҚКО-ның басқа да қызметтері; заңды тұлғаларға ұсынылатын несиелер; банктің рейтингісі; 2011-2012 жылдарға арналған даму стратегиясы.
І бөлім. «БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.
1. 1 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң қысқаша даму тарихы, банк қызметінің мәні
«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған, активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы төртінші банк және Қазақстанның алғашқы коммерциялық банктерінің бірі болып табылады. Біздің мақсатымыз - шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ Қазақстан және ТМД елдеріндегі орта топтың қалыптасуына жан-жақты ықпал ету. Бүгінгі таңда ЦентрКредит Банкі қаржылық қызметтің толық спектрін ұсынады, қаржылық инжинирингті белсенді зерттеп, оны кеңінен насихаттайды. Біздің банкте ірі коммерциялық компанияларға, сондай-ақ қарапайым азаматтарға тиісті дәрежеде қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Банктің Қазақстан бойынша кең тараған филиалдық желісі 20 филиалдан, 180 бөлімшеден, 541 банкоматтан және 1 350 pos-терминалдан құралып, клиенттердің барлық қажетті қызмет пен өнімдерге еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Үш жергілікті еншілес компаниясы: брокерлік-дилерлік қызмет және активтерді басқару саласында - «BCC Invest» АҚ, лизинг саласында - «Центр Лизинг» ЖШС және зейнетақы қызметі саласында - «Капитал» ЖЗҚ» АҚ, сонымен қатар Ресей Федерациясындағы еншілес банкі - «Банк БЦК-Мәскеу» ЖШҚ және Қырғызстан мен Украинадағы өкілдіктері бар. Банктің ұжымы көп ұлтты және 4500-ге жуық адамды қамтиды. Бүгін біз өз жұмысымызда адалдық, кәсібилік, шапшаңдық және қайырымдылық сияқты құндылықтарды жоғары бағалаймыз.
Кукмин Банкі ЦентрКредит Банкінің жарғылық капиталына қосылғаннан кейін 2008 жылдан бастап біздің банк қызмет көрсетудің ғаламдық, сондай-ақ сапалы әрі жаңа деңгейіне қадам басты: алдымыздан тың белестер мен жаңа мүмкіндіктер ашыла бастады. Біз өз клиенттеріміздің бізге артқан сенімін жоғары бағалаймыз және құрмет тұтамыз, өйткені ол экономикалық жандану кезеңінде де, қиыншылық пен ымыраға келу кездерінде де көздеген биік мақсаттарымызға қол жеткізуімізге ықпал етеді.
Банктің республикамыз бойынша кеңінен тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 100-ден астам филиалдары мен бөлімшелері арқылы заңды тұлғаларға және жеке адамдарға қызмет көрсетеді.
Банк ішінде бизнес-клиенттерге теңгемен және валютамен ақша аудару тегін. Банктің бірегей қызметі - «Жедел түсім» жүйесі компанияларға Қазақстанның әр алуан аймақтарындағы жеке тұлғалардан төлемдер мен түсімдерді жеңіл әрі тез жинауға мүмкіндік береді.
Банктің корреспонденттік желісіне 40 шақты шетелдік банк кіреді, бұл Сізге өз әріптестеріңізбен дүние жүзі бойынша есеп айырысуға жағдай жасайды.
Сондай-ақ сенбі күндері де жеке адамдарға қызмет көрсетіліп, заңды тұлғалардың түсімдері қабылданады.
Банктің жоғары технологияларды қолдануының арқасында біздің клиенттеріміз Интернет банкинг жүйесі бойынша әлемнің кез келген елінен нақты уақыт режимінде өз есепшоттарын басқаруға, яғни өз офисінен немесе Интернет желісіне қосылған басқа кез келген ыңғайлы жерден банктік операциялар жүргізуге мүмкіндік алады. Мұның нәтижесінде өз есепшоттарының жай-күйі туралы қажетті ақпаратты алудың шапшаңдығы артады, жоғары сапамен және тұрақтылықпен қаржы ағымдарын қашықтан басқаруға қол жетеді, ал бұл банкке баруға уақыт пен шығыс жұмсамай, бизнесті дамытуға бағытталған тиімді жұмыс болып табылады. Интернет банкинг жүйесінің тағы бір ерекшелігі бар: аймақтық шектеулерді жояды. Клиент өзіне жақын орналасқан банкті іздемейді, банкті таңдаған кезде ол іс жүзінде ұсынатын сервиске: тарифтеріне, көрсететін қызмет түрлеріне және өз клиентіне деген жалпы көзқарасына жүгінеді.
Банктің Call Center анықтама қызметі (тел. (727) 2 58 41 58) Сізге қызмет көрсетеді, мұнда банктің барлық қызмет түрлері мен өнімдері бойынша ақыл-кеңес беріп қана қоймай, клиенттерге телефон арқылы құпия сөз бойынша шұғыл түрде өздерінің есеп айырысу шоттарының жай-күйі туралы ақпарат алуға, ЦентрКредит Банкі ұсынатын қызметтер бойынша құжаттық ақпарат (fax, e-mail) алуға мүмкіндік береді.
Call Center қызметі ЦентрКредит Банкіндегі клиенттерге қызмет көрсету сапасы жөнінен клиенттердің хабарламаларын (арыз, ескерту, алғыс және тағы басқа) қабылдау пункті ретінде де қызмет етеді.
ЦентрКредит Банкі алғашқылардың бірі болып дербес қарым-қатынас енгізді.
2010 жыл, желтоқсан The Banker журналы (Financial Times баспасы) ЦентрКредит Банкін «Қазақстандағы 2010 жылы Жыл банкі» деп таныды.
2009 ЕҚДБ наградасы - 2009 жылы Қазақстанда сауда-саттыққа ықпал ету бағдарламасы аясындағы ең белсенді эмитент-банк.
2008 ЕҚДБ наградасы - 2009 жылы Қазақстанда сауда-саттыққа ықпал ету бағдарламасы аясындағы ең белсенді эмитент-банк.
2007 жыл, мамыр Халықаралық «Euromoney» журналы «Банк ЦентрКредит» АҚ-ты Орталық, Шығыс Еуропа және Орта Азия банктерінің ішінде «Менеджменті ең үздік банк» деп таныды.
2006 жыл, желтоқсан «Клуб-500» сайысының нәтижесі бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ Western Union төлемдеріне ең үздік қызмет көрсету сапасы үшін дипломмен марапатталды.
2006 жыл, желтоқсан Сомасы 500 млн. АҚШ долларын құрайтын еуробондтарды орналастыру аяқталды.
2006 жыл, қараша Raiffeisen Zentralbank AG (Вена) және Citibank N. A. (Лондон) банктерімен әр түрлі қаражат көзінен алынған несиенің сомасын 200 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайтып, мерзімін ұзарту туралы келісімге қол қойылды.
2006 жыл, қараша Шет ел банктерінің синдикаты 2005 жылғы қарашада ұсынылған әр түрлі қаражат көзінен алынған қарызды 66, 1 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайтты және оның мерзімін бір жылға ұзартты.
2006 жыл, қазан Банктің еншілес компаниясы - BCC Invest Қазақстанның қор биржасына шығарылған компаниялардың саны бойынша отандық бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылар арасында бірінші орынды иеленді және бағалы қағаздар саудасының жалпы деңгейі бойынша нарықтағы жетекшілердің бірі болып танылды.
2006 жыл, қыркүйек Банк 2, 5 млрд. теңге мөлшерінде еурооблигацияларды орналастырды.
2006 жыл, тамыз Қызметінің әділдігін арттыру мәселелері бойынша ҚР Қаржылық қадағалау жөніндегі агенттігімен ынтымақтасу және бірлесіп қызмет ету туралы меморандум жасалды.
2006 жыл, шілде ЦентрКредит Банкі жеке процессинг орталығын пайдалануға енгізді.
2006 жыл, маусым ING Bank, Standard Bank Pic және Mitsui Banking Corporation Europe Limited ұйымдастыруымен 300 млн. АҚШ долларын құрайтын сомада синдикатталған несиелік келісімге қол қойылды.
2006 жыл, мамыр Банк акционерлері ЦентрКредит Банкінің корпоративтік басқару кодексін қабылдады.
2006 жыл, мамыр Moody`s рейтинг агенттігі шет ел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттер бойынша Банктің рейтингін «оң» болжамнан «тұрақты» болжамға өзгертті.
Қаржылық тұрақтылығы бойынша "D-"рейтингінің «тұрақты» болжамы «оң» болып өзгертілді.
Қамсыздандырылмаған борыштық міндеттемелердің «Ва1» рейтингінің болжамы және реттелген борыштық міндеттемелердің "Ва3" рейтингі «тұрақты» деңгейден «оң» деңгейге өзгертілді.
2006 жыл, сәуір Әр түрлі қаражат көзінен алынған сомасы 100 млн. АҚШ долларын құрайтын Schuldscheindarlehen несиелік келісіміне қол қойылды.
2006 жыл, наурыз Банк мерзімі 1 жылға Мурабаха исламдық қаржыландыру ұйымы тарапынан 38 млн. АҚШ долларын алды.
2006 жыл, ақпан 10 жылдан кейін өтеу мүмкіндігі бар 100 млн. АҚШ долларын құрайтын сомадағы мерзімсіз гибридтік ноталардың бастапқы шығарылымы орналастырылды. Ноталарға сұраныс оған жазылушылардың санынан 6, 5 есе артық болды.
2006 жыл, қаңтар Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі CenterCredit International B. V. еурооблигацияларының болашақтағы шығарылымына "BВ-" ұзақ мерзімді рейтингін берді.
2006 жыл, қаңтар Moody′s халықаралық рейтинг агенттігі ЦентрКредит Банкінің жүз пайыздық еншілес құрылымы болып табылатын CenterCredit International B. V. компаниясының Нидерландыда тіркелген еуроноталардың болашақтағы шығарылымына "Ва1" ұзақ мерзімді рейтингін берді.
2005 жыл, желтоқсан ЦентрКредит Банкі АҚШ үкіметінің OPIC мемлекеттік агенттігінің кепілдігімен 9 млн. АҚШ долларын құрайтын сомада несие алу жөнінен Wachovia Bank National Association (АҚШ) банкімен келісім жасады. Қарыз шағын және орта бизнесті, сондай-ақ Банктің жеке клиенттерін қаржыландыруға бағытталған.
2005 жыл, желтоқсан Банк өзінің бес жылдық реттелген облигацияларының бірінші эмиссиясын өтеуді жүзеге асырды.
2005 жыл, қараша Астық қолхаттарын кепілге алу арқылы астық компанияларын қаржыландыру үшін 24 млн. АҚШ доллары сомасында Еуропалық қайта құру және даму банкімен несиелік келісімге қол қойылды. Осы келісім бойынша ЕҚДБ-мен қатар Rabobank International, Natexis Banques Populaires және Standard Bank London кредитор болды.
2005 жыл, қараша Банк 200 млн. АҚШ долларын құрайтын әр түрлі қаражат көзінен алынған қарыз тартылды. Синдикатқа 40-тан астам халықаралық коммерциялық банктер мен қаржы ұйымдары қатысты.
2005 жыл, қараша Экспорттық-импорттық келісімшарттарды қаржыландыру үшін сомасы 200 миллион АҚШ долларын құрайтын әр түрлі қаражат көзінен алынған қарызды тарту жөнінде Raiffeisen Zentralbank Цsterreich Aktiengesellschaft-пен (Вена) және Citibank N. A. -мен (Лондон) келісімге қол қойылды. Синдикаттың құрамына 40-тан астам халықаралық коммерциялық банктер мен қаржы ұйымдары кірді. Синдикатқа қатысушылардың үштен бірі - қазақстандық коммерциялық банктермен бұрын өзара қатынаста болмаған жаңа банктер.
2005 жыл, қазан Еуропалық қайта құру және даму банкімен ЦентрКредит Банкіне Шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламасын іске асыру бойынша өкілеттікті толық тапсыру туралы меморандумға қол қойылды.
2005 жыл, қазан Western Union компаниясы ЦентрКредит Банкін «Бизнесті дамыту үшін» номинациясында Еуропа және ТМД агенттері арасында жеңімпаз ретінде танып, «Алтын гүлдесте» сыйлығымен марапаттады.
2005 жыл, қыркүйек Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Банктің рейтингтерін: ұзақ мерзімді - «В+» деңгейінде, қысқа мерзімді - «В» деңгейінде, жеке - "D" деңгейінде, қолдау - «4» деңгейінде растады. Ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам - «Тұрақты».
2005 жыл, қыркүйек Microsoft корпорациясымен Корпоративтік лицензиялар туралы келісімге қол қойылды.
2005 жыл, қыркүйек Атырау қаласында Банктің құрылыстың және жабдықтаудың халықаралық стандарттарына сай жаңа офисі ашылды.
2005 жыл, қыркүйек Қарағанды қаласында Банктің халыққа бөлшекті қызмет көрсету орталығы ашылды.
2005 жыл, қыркүйек Visa Inetrnational халықаралық төлем жүйесі ЦентрКредит Банкінің мәртебесін эмиссия және эквайринг жүргізетін, сондай-ақ осы төлем жүйесімен барлық есеп айырысуларды тікелей іске асыратын тұрақты мүшесіне (Principal Member) дейін көтерді.
2005 жыл, шілде І-ші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Банк 2, 1 млрд. теңге сомасында таза табыс тапты, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 82, 8%-ға көп. Бұл кезде активтер бір жылда 86%-ға көбейіп, 224, 4 млрд. теңгені құрады, жеке капитал 16, 8 млрд. теңгені құрады, сәйкесінше өсімі 77% құрады. Несиелік портфельдің өсімі 97% немесе 150, 2 млрд. теңгені құрады.
2005 жыл, маусым Банк ішкі нарықтағы айналым мерзімі 10 жылды және сомасы 2 млрд. теңгені құрайтын облигациялардың жетінші шығарылымын орналастырды. Облигациялар KASE тізімінің «А» санатындағы ресми тізіміне енгізілді.
2005 жыл, маусым Алматы қаласында № 10 және № 12 есеп айырысу-кассалық бөлімдердің негізінде Бөлшекті несиелеу орталықтары ашылды.
2005 жыл, мамыр ЦентрКредит Банкі мен Қазақстандық инвестицияларға қолдау көрсету орталығы арасында инновациялық және инвестициялық жобаларға инвестицияларды дамыту және тарту аясында ынтымақтасу және бірлесіп іс-әрекет ету туралы келісімге қол қойды.
2005 жыл, мамыр Банктің есеп айырысу-кассалық бөлімдерінің желісі 100 бірлікті құрады.
2005 жыл, мамыр Халықаралық Қаржы Корпорациясымен (IFC) лизингтік жобаларды қаржыландыру үшін мерзімі 7 жылға сомасы 10 млн. АҚШ долларын құрайтын несиелік келісімге қол қойылды.
2005 жыл, наурыз Банктің бесінші эмиссиясының купондық облигациялары бойынша жеке ипотекалық облигацияларды ұстаушыларға алғаш рет купондық сыйақы төленді.
2005 жыл, ақпан Банк клиенттерінің келісімшарттарына экспорт алдындағы қаржыландыруды іске асыру мақсатында шетелдік банктердің синдикатымен сомасы 50 млн. АҚШ долларын құрайтын несиелік келісімге қол қойылды.
2005 жыл, ақпан Банктің құрылымында Халықаралық қатынастар департаменті құрылды.
2005 жыл, қаңтар "Эксклюзив" журналының кезекті тәуелсіз рейтингіне сәйкес ЦентрКредит Банкі Қазақстанның банктік нарығындағы көшбасшылардың бестігіне қайта кірді.
2005 жыл, қаңтар The Banker журналының мәліметтеріне сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ өтпелі экономикасы бар елдердің елу ең қарқынды дамушы банктері рейтингінде жетінші орынды иеленді.
2005 жыл, қаңтар Банктің еурооблигацияларына халықаралық рейтинг агенттіктері - Moody’s Investors Service "Ва1" және Fitch Ratings "В+" ұзақ мерзімді рейтингтерін берді.
2004 жыл, қараша 28 шетелдік банктерден құралған синдикатпен сомасы 70 млн. АҚШ долларын құрайтын әр түрлі қаражат көзінен алынған қарыздың мерзімін ұзарту туралы келісімге қол қойылды.
2004 жыл, қараша ЦентрКредит Банкі Қазақстан тарихында бірінші болып қазақстандық Валют-Транзит банкіне әр түрлі қаражат көзінен алынған қарызды ұйымдастырушы болды. Бұл қарыз қазақстандық нарықта ұйымдастырылды.
2004 жыл, қараша Еуропалық қайта құру және даму банкімен ауыл шаруашылық жабдықтарын сатып алуды қаржыландыруды қамсыздандыру үшін сомасы 6 млн. долларды құрайтын келісімге қол қойылды.
2004 жыл, қазан ЦентрКредит Банкі қазақстандық астықтың ірі мемлекеттік экспортері Азық-түлік Келісімшарт Корпорациясы үшін бірегей клубтық мәміленің ұйымдастырушыларының бірі болды, сондай-ақ бұл мәміле бойынша несие берушілер cooperatieve centrale raiffeisen-boerenleenbank b. a., rabobank international және natexis banques populaires болды.
2004 жыл, тамыз Голландиялық «Rabobank» қатысуымен 3 млн. доллардан 6 млн. долларға дейін несие желісін ұлғайту жөніндегі астық қолхаттарының бағдарламасы бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкімен келісімге қол қойылды.
2004 жыл, маусым Қатысушы халықаралық коммерциялық банктердің саны (21) бойынша Банк тарихындағы ең ірі - 45 млн. долларды құрайтын сомадағы синдикатталған қарыз тартылды.
2004 жыл, мамыр Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Банктің шетелдік валютадағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтингін «Ва1» дейін көтерді және қаржылық тұрақтылығы рейтингінің болжамын оң «D-» рейтингіне дейін жақсартты.
2004 жыл, сәуір Банктің атауы «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамы болып өзгертілді.
2004 жыл, наурыз ЦентрКредит Банкі Қаржы саласында мемлекеттік тілді енгізу және дамыту мәселелері бойынша конференция ұйымдастырып, өткізді. Конференцияны ұйымдастыруға Республикамыздың Ұлттық Банкі және ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы үлкен үлес қосты.
2004 жыл, қаңтар «Эксклюзив» сараптамалық шолушы журналы жүргізген зерттеулердің нәтижесі бойынша ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы ең үздік іскерлік беделі бар коммерциялық банктердің арасындағы рейтингте екінші орынды иеленді.
2003 жыл, желтоқсан FMO Голландиялық даму банкімен және DEG Неміс даму банкімен мерзімі 5 жылға жалпы сомасы 8 млн. долларды құрайтын несиелік келісімге қол қойылды.
2003 жыл, желтоқсан Нарықты зерттеу жөніндегі Еуропалық орталықтың құрметті кеңесі (EMRС) «Банк ЦентрКредит» ААҚ-на «Шағын және орта бизнес бойынша үздік банк» номинациясында «Еуромаркет-2003 жүлдесі» сыйлығымен марапаттады.
2003 жыл, қыркүйек Банктің құрылғанына 15 жыл толды. Мерейтойға арнап «Жылдар елегінен өткен сенімділік» атты естелік кітап шықты.
2003 жыл, тамыз Банк American Express төлем жүйесінің карточкаларын таратуға кірісті.
2003 жыл, тамыз ЦентрКредит Банкі өзінің Оқыту орталығын ашты.
2003 жыл, мамырЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІНІҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС КӘСІПОРЫНДАРЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ОРНАТУЫ. Кәсіпорындардың қаржылық тазалығын жоғарылату - нақты секторды несиелеу өсімінің басты талабы.
2003 жыл, мамыр «Банк ЦентрКредит» АҚ «Күміс серіппе» жүлдесімен және « Жаңа есім - Жаңа тұлға» номинациясында грамотамен марапатталды.
2003 жыл, сәуір Fitch рейтинг агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың ұзақ мерзімді рейтингін - «В-»-тан «В+»-ке дейін көтерді.
2002 жыл, желтоқсан «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың «Жедел аударымдар» жүйесі «Қазақстан Республикасындағы ең үздік ақша аударымдары» номинациясында жеңімпаз болып танылды.
2002 жыл, қараша Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа келесі рейтингтерді белгіледі:
Ва2 - шет ел валютасындағы банктік депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтинг;
NP - шет ел валютасындағы банктік депозиттер бойынша қысқа мерзімді рейтинг;
D- қаржылық тұрақтылық рейтингі.
Барлық рейтингтердің болжамы - «тұрақты».
2002 жыл, қыркүйек Сомасы US$ 15 млн. құрайтын синдикатталған екінші қарыз алынды.
2001 жыл, қыркүйек Сомасы US$ 11 млн. құрайтын синдикатталған бірінші қарыз алынды.
2000 жыл, мамыр Банк Visa International жүйесіне қатысушы мүше (Participant Member) ретінде қабылданды.
2000 жыл, ақпан Банк жеке тұлғалардың салымдарына міндетті түрде ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің қатысушысы болды. №2 сертификат. .
1999 жыл, тамыз Банктің акциялары Қазақстан Қор Биржасының «А» санатының ресми тізіміне енгізілді.
1999 жыл, шілде Thomson Bank Watch агенттігі: ұзақ мерзімді қарыздар бойынша Қазақстанның деңгейіне сәйкес келетін В деңгейдегі; қысқа мерзімді қарыздар бойынша - борышқа қызмет көрсету және сыйақы төлеу қабілеттігін көрсететін инвестициялық класстың үшінші санаты - LC-3 деңгейдегі халықаралық несиелік рейтингін берді.
1999 жыл, сәуір Twinning бағдарламасы аяқталды.
1998 жыл, шілде "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың "Жилстройбанк" ЖАҚ-пен қосылу арқылы қайта ұйымдасуы аяқталды.
1998 жыл, сәуір Банк «Қазақстандық инвесторлар» бірлестігінің құрамында ТұранӘлем Банкін жекешелендіру бойынша тендерді ұтып алды.
1997 жыл, желтоқсан Банк "Жилстройбанк" ЖАҚ жекешелендіру бойынша тендерді ұтып алды.
1997 жыл, қазан "Фронт-офис және Бэк-офис" қағидалары бойынша қызмет көрсетудің жаңа жүйесі енгізілді.
1997 жыл, мамыр Банк екінші деңгейлі банктердің бірінші тобына енгізілді.
1997 жыл, сәуір Австриялық «Raiffaisen Investment AG" және Ирландиялық "Bank of Ireland International Services Ltd" бірлесіп Twinning бағдарламасына қатысу басталды.
1996 жыл, қараша Банк "Банк ЦентрКредит" ААҚ ретінде қайта тіркелді.
1996 жыл, қазан Банк Ақтау қаласындағы теңіз портын қайта өңдеу үшін бөлінген 54 млн. USD мөлшеріндегі ЕҚДБ несие желісін басқару бойынша өкіл ретінде таңдалды.
1996 жыл, маусым Банк Western Union ақша аударымдары жүйесінің Орталық Азия және Қазақстан бойынша өкілі болды.
1995 жыл, мамыр Қазақстандық Интернационалдық банк Chase Manhattan Bank-тен және Қазақстан Республикасы Үкіметінен 100 % акция пакетін сатып алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz