Тематикалық парктер жайлы
КІРІСПЕ
1 ТЕМАТИКАЛЫҚ ПАРКТЕРГЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ
1.1Тематикалық парк анықтамасы мен типтері
1.2 Тематикалық парктердің даму үрдісінің тарихы
1.3 Парктердің тематикалық жіктемесі
2 ӘЛЕМНІҢ ТЕМАТИКАЛЫҚ ПАРКТЕРІНІҢ ИНДУСТРИЯСЫ
2.1 Әлемнің тематикалық парктерінің ұйымдастырылу қағидалары
2.2 Әлемнің тематикалық парктерінің дамуының аймақтық ерекшеліктері
2.2.1 Солтүстік Америка тематикалық парктерінің даму ерекшеліктері

2.2.3 Азия.Тынық мұхиты аймағының тематикалық парк даму ерекшеліктері
2.2.4 Тематикалық парктердің әлемнің басқа елдерінде және Ресейде дамуы
2.3 Тематикалық парктердің туризмдегі маңызы

3.1 Қазақстандағы көңіл көтеру парктерінің нарықтағы жағдайы

Қазіргі таңдағы жағдайда әр түрлі туризм түрлерінің және формаларының қарқынды дамуында оларды кешенді үйлестіру мүмкіндіктері үлкен маңызға ие. Туристер қызығушылығының объектісі ретінде үлкен танымалдылыққа ие болған тематикалық парк тұжырымдамасында уақыт өткізудің түрлі тәсілдерінің араласуы өте жақсы жүзеге асады. Тематикалық парктердің дербес туристік бағыт ретінде даму болашағы әлемнің барлық дерлік аймағында келушілердің тұрақты өсімімен сипатталады. Тематикалық парктердің ХХІ ғасырдағы рөлі туралы ДТҰ-ның болжамы айтарлықтай жоғары бағада. ДТҰ болжамы бойынша ХХІ ғасырда туристердің үлкен толқыны күтіледі: әлемде 2020 жылы саяхаттаушылардың саны 1,6 млрд жетеді деп күтуледе. Туризм дамуында мамандардың айтуынша жаңа «турист» пайда болады. Бұлай деудің себебі жыл сайынғы демалысын теңіз жағасында немесе тауда өткізетін дәстүрлі отбасылық туризм түрі туризмнің жаңа түрлеріне жол береді. ДТҰ жасаған және «Tourism: 2020 Vision» зерттеуінде ұсынған туристік бағыттардың дамуы болжамында ХХІ жүзжылдықтағы туризмнің перспективті бағыттары мен түрлерін анықтады. 2020 жылдары ең танымал туризм түрлері: шытырман оқиғалы, экологиялық, мәдени-танымдық, тематикалық (оның ішінде тематикалық парктерге бару) және круиздік саяхат түрлері болады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: зерттеу жұмысы ұлттық экономиканың және тұтас әлемдік шаруашылықтың дамуында көптеген түйінді мәселелерге әсер ететін туризм шаруашылығы шеңберінде өтеді. Миллиардтаған табысты үлкен тематикалық парктер туризмдегі инновацияның негізгі тартушысы болып табылады. Туристік ағымдардың қалыптасуында үлкен маңызға ие туристік кластерлер бірнеше үлкен тематикалық парктер айналасында қалыптасады.
Қазіргі замандағы жағдайлар жетекші парктік Трансұлттық компаниялардың (ТҰК) жұмыс істеу сипатына анализ жасауды талап етеді. Ерекше ғылыми қызығушылықты әлемдік нарықтағы парктік ТҰК стратегиясы мен тактикасы, олардың өндірісінің ұйымдастыру тәсілдері, орналастыру қағидалары және қызмет көрсету нарығын кеңейту жолдары танытады. Негізгі парктік ТҰК жұмыс істеу қағидаларын зерттеу кіру және ішкі туризмді дамытуға жағжай жасап жатқан Қазақстан үшін ерекше маңызға ие.
Тематикалық парктерде демалу көбінесе ойын-сауықты танымдық элементтермен қоса көптеген келушілер тобын жаулап алады және туристік іс-әрекеттің өте перспективті бағыты бола отырып, қазіргі заманғы адамдардың қажеттіліктеріне жауап береді.
Зерттеу жұмысының объектісі: тематикалық парктерді туризм объектісі ретінде зерттеу. Әлем елдеріндегі тематикалық парктердің әлеуетін зерттеу. Олардың туристік қызмет көрсету мүмкіншілігі және ерекшелігі мен танымалдылығы жайында баяндалады.

1 Александрова А.Ю., Сединкина О.Н. Тематические парки мира. – М.: Кнорус, 2013. – С. 15-78.
2 Александрова А.Ю. Легендарныепредприниматели в мировой индустрии туризма. Уолтер Элайс Дисней (5.12.1901-15.12.1966)// Современные прблемы сервиса и туризма, 2008. № 7-17.
3 Александрова А.Ю. Международный туризм. – М.:Аспект Пресс, 2004. -470 с.
4 Бгатов А.П., Бгатов Д.А. География тематичеких парков в Европе// Теория и практика международного туризма: сб.статей/ под ред. А.Ю. Александрововой. – М.: Кнорус, 2003. – С. 417-431.
5 Терлеева О.Н. Вляние процессов диснейзации на современный туристический бизнес// Вестник Национальной академии туризма, 2009. № 2(10). – С. 37-40.
6 Руденко Л.Л. Международный туризм: правовые акты М: Финансы и статистика, 2002.
7 Сединкина О.Н. Проблемы и перспективы развития тематических парков в России // Россия в современном мире. Т.7. М: И НОН РАН, 2009.
8 Сединкина О.Н. Экономико-географические аспекты развития тематических парков в мире // Вестник Национальной академии туризма, 2009. № 2 (10). С. 37-40.
9 Страны Мира. Справочник-путеводитель, Изд.: Ростов-на-Дону «Феникс», 2003г.
10 Сенин В.С. Организация международного туризма: Учебник 2-е изд перераб. и доп. М.: Финансы и статистика, 2003
11 Терлеева (Сединкина) О.Н. Экономико-географические преимущества транснационализации тематических парков // Материалы XIV Междунар. конф. студ., аспир. и молод, ученых. М: СП «Мысль», 2007. С. 249-250
12 Травкина М.Ю. Регулируемый туризм и отдых в национальных парках России. Монография. - М.: ЦОДП "Заповедники", 2002.
13 Терлеева (Сединкина) О.Н. Развитие тематических парков как одна из основных тенденций в развитии индустрии туризма в мире // Развитие предпринимательства в социально-культурной сфере и туризме на северо-западе России: Материалы межвуз. науч. конф. СПб: ЛГУ им. A.C. Пушкина, 2007. С. 280282.
14 Терлеева (Сединкина) О.Н. Перспективы создания тематического парка в Пушкинских горах Псковской области // Псковский регионологический журнал, 2008. №6. С. 110-116.
15 Терлеева (Сединкина) О.Н. Предпосылки и перспективы развития тематических парков в России // Туризм: актуальные проблемы и перспективы развития. Вестник РосНОУ. Сер. «Межд. туризм и культ, наследие». М.: РосНОУ, 2007. Вып.№ 3. С. 192-197.
16 Терлеева (Сединкина) О.Н. Транснационализация тематических парков как одна из экономико-географических закономерностей развития индустрии туризма на современном этапе // Туризм и рекреация на пути устойчивого развития (отечественные и зарубежные исследования). М.: Советский спорт, 2008. С. 92- 103.
17 Emmons N. China’s amusment industry eyes future// Amusement Business, 2002. Vol. 114(22). № 3. – P. 5-8.
18 Hendry J. Foreign country theme parks: a new theme or an old Japanese pattern? // Sosial science Japan journal, 2000. 3(2). – C.207-220.
19 Jones C.B., Robinett J., Zito.T. The future role of theme parks in international tourism. URL: http://www.erasf.com/erasf 12.12.2006
20 Paton S.M. Service quality, Disney style. Disney Institute and Disney University Professional Development Programs. URl: http:// www.qualitydigest.com/ jan97/ disney.html.
21 Powers S. Parks in India, China’s future. Disney CEO: lack of infrastructure, other issues in the way//Knight ridder tribute business news. 20. 2March. – P. 1.ow
22 Samuelson D., Yegoiants W. The American Amusement Park. Saint Paul, Minessotta: MBI Publishing, 2001. -156 p.
23 Американская ассоциация экономическх исследований – ERA ( Economic Research Associates) TEA/ERA Theme Park Attendance Reports 2005-2008. URL:http://www.econres.com. E
24 Сайт Американской национальной ассоциации исторических исследований парков развлечений (National Amusement Park Historical Association (NAPHA). http://www.napha.org.
25 Гайдукевич Л. М. Международный туризм в системе взаимодействия стран Центральной и Восточной Европы в конце ХХ - начале ХХI века. – Мн.: Четыре четверти, 2007. – 298 с.
26 Александрова А.Ю. Структура туристского рынка – М.: Пресс Соло, 2002.- 34c
27 Основные показатели развития туризма. Выпуск 2009 года. UNWTO — ОМТ — ЮНВТО. Раздел "Факты и цифры" [Электрон, ресурс]. — Режим доступа: www.unwto.http://www.tengrinews.kz
28 Туманов С. Инструмент современного бизнеса. // Управление компанией.- 2005.- №8. 142 c.
29 Правительство Республики Казахстан. Концепция развития туризма в Республике Казахстан: одобрено пост. от 6 марта 2009 ж. № 333 // Туристская деятельность. — Алматы, 2009.- С. 16-30.
30 Стратегия индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы, утвержденная Указом Президента РК от 17 мая 2003 года №1096 // САПП РК. – 2003. – № 23-24.

Қазіргі таңдағы жағдайда әр түрлі туризм түрлерінің және
формаларының қарқынды дамуында оларды кешенді үйлестіру мүмкіндіктері үлкен
маңызға ие. Туристер қызығушылығының объектісі ретінде үлкен танымалдылыққа
ие болған тематикалық парк тұжырымдамасында уақыт өткізудің түрлі
тәсілдерінің араласуы өте жақсы жүзеге асады. Тематикалық парктердің дербес
туристік бағыт ретінде даму болашағы әлемнің барлық дерлік аймағында
келушілердің тұрақты өсімімен сипатталады. Тематикалық парктердің ХХІ
ғасырдағы рөлі туралы ДТҰ-ның болжамы айтарлықтай жоғары бағада. ДТҰ
болжамы бойынша ХХІ ғасырда туристердің үлкен толқыны күтіледі: әлемде 2020
жылы саяхаттаушылардың саны 1,6 млрд жетеді деп күтуледе. Туризм дамуында
мамандардың айтуынша жаңа турист пайда болады. Бұлай деудің себебі жыл
сайынғы демалысын теңіз жағасында немесе тауда өткізетін дәстүрлі отбасылық
туризм түрі туризмнің жаңа түрлеріне жол береді. ДТҰ жасаған және Tourism:
2020 Vision зерттеуінде ұсынған туристік бағыттардың дамуы болжамында ХХІ
жүзжылдықтағы туризмнің перспективті бағыттары мен түрлерін анықтады. 2020
жылдары ең танымал туризм түрлері: шытырман оқиғалы, экологиялық, мәдени-
танымдық, тематикалық (оның ішінде тематикалық парктерге бару) және
круиздік саяхат түрлері болады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: зерттеу жұмысы ұлттық экономиканың
және тұтас әлемдік шаруашылықтың дамуында көптеген түйінді мәселелерге әсер
ететін туризм шаруашылығы шеңберінде өтеді. Миллиардтаған табысты үлкен
тематикалық парктер туризмдегі инновацияның негізгі тартушысы болып
табылады. Туристік ағымдардың қалыптасуында үлкен маңызға ие туристік
кластерлер бірнеше үлкен тематикалық парктер айналасында қалыптасады.
Қазіргі замандағы жағдайлар жетекші парктік Трансұлттық
компаниялардың (ТҰК) жұмыс істеу сипатына анализ жасауды талап етеді.
Ерекше ғылыми қызығушылықты әлемдік нарықтағы парктік ТҰК стратегиясы мен
тактикасы, олардың өндірісінің ұйымдастыру тәсілдері, орналастыру
қағидалары және қызмет көрсету нарығын кеңейту жолдары танытады. Негізгі
парктік ТҰК жұмыс істеу қағидаларын зерттеу кіру және ішкі туризмді
дамытуға жағжай жасап жатқан Қазақстан үшін ерекше маңызға ие.
Тематикалық парктерде демалу көбінесе ойын-сауықты танымдық
элементтермен қоса көптеген келушілер тобын жаулап алады және туристік іс-
әрекеттің өте перспективті бағыты бола отырып, қазіргі заманғы адамдардың
қажеттіліктеріне жауап береді.
Зерттеу жұмысының объектісі: тематикалық парктерді туризм объектісі
ретінде зерттеу. Әлем елдеріндегі тематикалық парктердің әлеуетін зерттеу.
Олардың туристік қызмет көрсету мүмкіншілігі және ерекшелігі мен
танымалдылығы жайында баяндалады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: тематикалық парк жайында толық түсінік
қалыптастырып, әлем елдеріндегі тематикалық парктердің жақсы дамыған
аймақтарына шолу жасап, тәжірибелерімен танысу арқылы Қазақстан тематикалық
парктерінің мүмкіншіліктерін анықтау.
Міндеттері:
- тематикалық парк түсінігін толықтай ашу;
- тематикалық парктердің даму үрдісінің тарихын зерттеу;
- әлемнің тематикалық парктерінің ұйымдастырылу қағидаларын анықтау;
- әлемнің тематикалық парктерінің дамуының аймақтық ерекшеліктерімен
танысу;
- олардың туристік обьект ретіндегі маңызын түсіну;
- Қазақстанда тематикалық парктердің даму мүмкіншіліктерін анықтау;
Практикалық маңызы: Жұмысты орындау барысында жаңа мәліметтер мен тек
соңғы рейтингтер қолданылды. Өзекті тақырыптар қарастырылып, жүйеленді.
Заманауи тенденциялар мен көшбасшы тематикалық парктерге сипаттама беріліп,
жетістікке жету себептері анықталды. Сонымен қатар ҚР-ның туристік саласы
толығымен сипатталып, проблемалары мен перспективалары қарастырылды. Елде
тематикалық парк жобалары бола алатын ұсыныстар мен түрлі пікірлер
көрсетіліп, оны іске асыру жағдайлары айтылды. Жұмыстағы материал елде
тематикалық парк құруға арналған негізгі құрал болып табылады. Әлемдік
дамыған тәжірибелі тематикалық парктер орталықтарының практикалық
қажеттілігі – осы туризм саласына деген қызығушылықты одан әрі қарай
арттырып, туризмнің жоғарғы табысты саласына айналдыру.
Тематикалық парктерді зерттеу бойынша басылымдарының ішінен келесі
авторлардың жұмыстарын атап өтуге болады: А. Ю. Александрова, А.П.Бгатов,
В.С. Сенин, О.Н. Терлеева және т.б.
Зерттеудің ақпарттық базасын мамандандырылған периодикалық баспалар;
Internet жаһандық ақпарат желісі құрады.
Зерттеу әдістемесі:
1. Оқулықтар мен кітаптардың материалдарымен танысу.
2. Интернет көзін қолдану.
3. Табылған материалдарды бір бірімен салыстыра отырып талдау, жүйелеу,
экономикалық-статистикалық, логикалық, экономикалық және маркетингтік
анализ жасау, салыстыру әдістері, болжам жасау.
4. Теориялық: Өзіндік ізденіс арқылы әдебиеттермен, деректермен танысып,
талдау жасау, жинақтау және жүйелеу.
5. Практикалық: Тақырыпты ашу мақсатында тематикалық парктердің жаңа
жобалары қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі 85
бет, 8 сурет, 8 кестеден тұрады.
1 ТЕМАТИКАЛЫҚ ПАРКТЕРГЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ
1.1Тематикалық парк анықтамасы мен типтері
Тематикалық парктер парк типологиясында ерекше орынды алады. Арнайы
әдебиеттерде оларға әртүрлі жолмен анықтама берген. Олардың бірі кеңейтілген
тәсіл, бұл тәсілде тематикалық парк ұғымынан аттракциондары, мейрамханалары,
дүкендері, қонақ үйлері бар ірі демалыс бағын түсінеміз. Оған,
аттракциондары бар парктерден бөлек басқа да заттай-бағдарланған парктер,
мұхитаралдар, дельфинарийлар, зообақтардың барлық түрлері, қалың бұқара мен
туристердің, балалар мен ересектердің көңіл көтеруіне арналған басқа да
саябақтар жатады.
Тематикалық парктерді анықтаудың тағы бір тәсілі парктерді айырықша тұстары
бойынша ғана емес, сонымен қатар бүкіл тынығу-көңіл көтеру объектілерінен
ерекшелігін бөліп қарастыруға негізделген. Сонымен тематикалық парктер
дегеніміз – құрылымдарының барлығы ортақ тақырыпта біріктірілген, жасанды
құрылған танымдық-ойын-сауық парктері. Бір қарағанда олардың басқа парк
түрлерімен ұқсас жақтары көп, алайда, құрамдық элементтері жағынан және
ұйымдасу мен қызмет етуі жағынан ерекшеліктері айқын.
Мысалы зообақтар кез-келген тематикалық парктер сияқты белгілі-бір тақырыпты
дамытады. Ол жануарларға арналған. Хайуанаттар бағы жануарлардың сан
алуандылығын көрсетеді, олардың өкілдерін зерттеумен, жаратылыстану ғылымдық
білімінің таралуымен айналысады, табиғат әлемін қорғауды насихаттайды.
Зоопарктердің негізгі міндеттерінің бірі – табиғаттағы сирек кездесетін,
жойылып бара жатқан немесе өліп кеткен жабайы жануарлар түрін сақтау және
дамыту. Зоопарктер адам мен оның қажеттіліктерін емес, жануарларды басты
назарға алып, Тематикалық парктердің белгісін қамтымайды, яғни тұтынушыға
толық бағдарланбаған. Бәлкім, туризмді дамыту мен туристік лектерді
қалыптастыруда заманауи тематикалық парктер секілді зообақтардың аса маңызды
орын алмайтындығы сондықтан да болар.
Аквапарктер әлемде кеңінен таралған. Ол суда демалуға арналған тиісті
инфрақұрылымдармен, су аттракциондарымен (су таулары, биіктігі бар
бассейндер, су бұрқақтары) жабдықталған. Алайда суды әрбір аквапаркке
арналған тақырып деп санауға болады ма? Олай емес болар сірә, өйткені олар
суда тынығудың классикалық бақтарын білдіреді, тек осының арқасында ғана
олар мысалы, кәдімгі луна парктермен салыстырғанда өздерінің тартымдылығын
жоғалтқан жоқ. Осы жағдай оларды тематикалық парктерден бөлек қарастыруға
мәжібүрлейді.
Әлемдегі тематикалық парктер мен еліміздегі дәстүрлі мәдениeт және демалыс
парктерінің арасында айырмашылық бар. Тематикалық парктер алдыңғы қатарлы
технологиялар мен жаңа ғылыми жетістіктердің негізінде құрылып жұмыс
жасайды. Ғылым мен техника саласындағы соңғы әзірлемелерге, сонымен қатар
жаңа технологиялық шешімдерге жоғары назар аудару тематикалық парктерді ірі
университтертердің жанынан ашылып жатқан инновациялық орталықтар –
технопарктермен соншылықты жақын етеді. Алайда аталған екеуінің де
түптің-түбінде атқаратын қызметтері бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар
[1].
Бәрінен бұрын тематикалық парктер мен классикалық көңіл көтеру парктерінің
ара-жігін ажырату қиын. Тематикалық парктер олардың қызметінің сан алуан
болуымен ерекшеленеді, соған сәйкес, көп профильділікке де бейім.
Тематикалық парктер бірмезгілде бірнеше бағыттар бойынша машықтанады, ең
алдымен көңіл-көтеру, мәдени-танымдық және білім беру бойынша. Машықтану
бағытының кеңеюіне парктік анимация ықпал етеді. Ол адамға қажетті бірқатар
қызметтерді орындайды:
Бейімдеу қызметі, күнделікті жағдайдан еркін, тынығуға жақын жағдайға өтуге
мүмкіндік береді;
Орын толтыру қызметі, адамды күнделәкті тіршіліктің физикалық және
психикалық ауыртпашылықтарынан босатады;
Тұрақтандырушы, оң эмоция қалыптастырып, психикалық тұрақтылыққа ықпал
етеді;
ақпараттық, ел, аймақтар, адамдар туралы жаңа ақпарат алуға мүмкіндік
береді.;
білім беру, айқын сезімдердің нәтижесінде қоршаған орта туралы жаңа білімдер
алуға мүмкіндік береді;
жетілдіруші зияткерлік және физикалық жетілуге ықпал етеді;
жарнамалық, туристі парктің анимациялық бағдарламаларының көмегімен сол
елдің, аймақтың, туристік кешеннің, қонақүйдің, туристік компанияның
жарнама тасымалдаушы етеді.
Тематикалық парктер пен ойын-сауық паркі ұғымдарын ажырату туралы мәселе
алғашқы Диснейлендтің пайда бола салысымен туындады (американдық көрнекті
мультипликатор У.Диснейдің тегімен аталған -Disneyland – Дисней елі). Онда
парк ісінің революциялық концепциясы толысты, соның нәтижесінде парктер
индустриалдық сипатқа ие болды. Батыстық зерттеушілердің бірі анық
байқағандай, тематикалық парктердің негізін қалаушы идеясы мереке өндірісі
болды. Кәдімгі көңіл-көтеру парктері – демалыс аймақтарынан,
аттракциондардың стандартты жиынтығынан тұратын (крусельдер, күлкі бөлмесі,
тир, шолу доңғалағы), клоундар мен акрабаттар өнер көрсететін, жәрмеңкелер
мен көрмелер болып тұратын ай бақтарымен салыстырғанда олардың айырмашылығы
болды.
Әуел бастан-ақ тематикалық парктер дәстүрлі көңіл көтеру саябақтарымен
салыстырғанда бәсекеге қабілеттіліктің жоғары дәрежесін көрсетті. Оған
ұсынылатын қызметтер технологияны ұдайы жаңарту, өндірісті қазіргі заманға
сай ұйымдастыру, ойластырылған нарықтық стратегия мен жақсы беделдің, парк
қызметін тұтынушыларымен тығыз байланыста болудың арқасында қол жеткізді.
Тематикалық парктердің бәсекелік артықшылықтарының арасынан туристік өнім
өндірісінің алдыңғы қатарлы техникалық деңгейін, патенттелген технологияны,
және кірістік төлем мен олардың формаларын ұдайы қарастырып отыруға
негізделген сауатты баға саясатын атап өтуге болады [2].
Тематикалық парктердің дамуы мен сан алуан қалыптасу деңгейіне байланысты
оларды типтеудің қажеттілігі туындады. Типтеудің негізіне олардың әртүрлі
белгілері қойылуы мүмкін. Негізінен келесі екі түрі жиі пайдаланылады:
біріншісі — парктердің өлшемі, ол келушілердің санымен, парктің
территориясының ауданымен немесе жұмысшылар санымен анықталады, ал екіншісі
—ол келушілер контингенті. Осы белгілері бойынша тематикалық парктердің
төрт түрі бөлініп алға шығады: курорттық типтегі парктер, аймақтық, қалалық
және тар мамандандырылған парктер (кесте 1).
Кесте 1
Тематикалық парктердің типтері [3]
Атауы
Инвестиция көлемі, млн еуро
Келушілер саны, жылына млн. адам
Аттракциондардыңтанымдық-көңіл көтеру іс-шараларының саны
Келушілер категориясы
Курорттық типтегі парктер
256-дан аса
3,5-тен жоғары
55 жоғары
Келушілердің негізгі бөлігі (50%-дан астамы) туристер
Аймақтық
парктер
100-250
1,5—3.5
33-50
Туристер барлық келу
25%-ке дейінгі бөлігін құрайды
Қалалық парктер
80-100
0,75-1,5
25—35
Барлық келушілердің 95% -ын жергілікті
тұрғындар ұрайды.
Тар маман-
дандырыл ған парк
10-80
0,75-тен аз
Әртүрлі
Әртүрлі
Курорттық типтегі тематикалық парктер ол жерге келіп бірнеше күнге дейін
уақыттарын өткізетін келушілерді қабылдауға есептелген. Мұндай парктердің
инфрақұрылымы дамыған және көңіл көтеруді ғана емес, жайғастыру мен
тамақтандыруды қамтитын қызметтер пакетін ұсынады. Курорттық типтегі
парктердің едәуір ірі құрылысына салынатын инвестициялар 1 млрд еуродан
жоғары. Бұл парктер басты аттракциондар орналасқан парк территориясында
бөлінген әртүрлі аймақтарды біртұтастыққа біріктіретін тартымды
тақырыптарды дамытып, сауда маркасының беделін нығайтуда. Олардың мақсаттық
аудиториясы аса ауқымды. Курорттық типтегі ірі парктер жылына 5 млн-нан аса
келушілерді қабылдайды. Олардың көпшілігі үшін парктерге келуді іссапарының
негізгі мақсаты болып табылады, олар осы жерге келу үшін айтарлықтай
қашықтықты артта қалдырады, сондықтан да, курорттық типтегі парктер
тұрғындардың саяхатқа бейімділігін анықтайтын экономикалық, әлеуметтік және
саяси факторлардың ықпалына өте сезімтал келеді. У.Диснейдің парктері мен
Юниверсал Студиос компаниясының кейбір парктерін (Universal Studio —
Студия Универсал) курорттық типтегі тематикалық парктерге жатқызуға
болады.
Аймақтық тематикалық парктердің көптеген келушілерді тартады және олардың
парктерде өткізетін уақыттары бірінші типтегі тематикалық парктердегі
уақыттан азырақ. Аймақтық парктерге келушілердің көпшілігі ол жерге жақын
тұрады - 200 км, және саябақта күні бойы бірнеше сағаттарын ғана өткізеді.
Испаниялық Порт Авентура ( Pori Aventura) сияқты, туристік аймақтарға
жақын орналасқан және келушілерге бағдарланған кейбір аймақтық парктер өзіне
туристерді көптеп тартады. Аймақтық тематикалық парктерге ең алдымен Сикс
Флэге (Six Flags – Алты жалау) американдық тобының парктері жатады.
АҚШ-тағы Си Уорлд (Sea Уорлд -теңіздер әлемі), германиядағы Еуропа
паркі (Europe Park) , Қытайдағы (Сангяндағы)Оушен Парк (Ocean Park —Мұхит
паркі) да осы категориядағы парктердің қатарына жатады [4].
Олар аттракциондарының сан алуандылғын және көңіл көтеретін іс-шаралардың
тартымдылығын арттыру арқылы өздерінің нарықтағы алар орнын нығайтуға
тырысады, алайда олардың тақырыбы курорт-парктерге қарағанда аса айшықты
емес.
Қалалық парктердің келушілері негізінен тек жергілікті тұрғындар. Мұндай
парктердің тақырыбы шектеулі және екінші типтегі парктерге жол береді, ал
барлық назар аттракциондарға аударылады. Бұл оларды луна-парктері сияқты
классикалық ойын сауық парктеріне жақындастырады. Көптеген қалалық
тематикалық парктер Сикс Флэгс американдық тобына жатады. Испаниядағы
Исла Махика (Isla Magica Сиқырлы арал), АҚШ-тағы Элич Гардене(Еliсh
Gardens Элич саябақтары) және Филиппинадағы Энчантед Кингдом
(Enchanted Kingdom – Сиқырланған королдік) осы сияқты парктердің қатарына
жатқызылады.
Келушілерді тартып, олардың тематикалық парктерде біршама ұзақ уақытта болуы
үшін ең алдымен курорттық және аймақтық типтегі парктер ұсыныстарын
жан-жақты кеңейтуге және санын ұлғайтуға талпынады, атап айтқанда, оларды
сан алуан түнгі ойын-сауықтармен толықтырады. Жаңа рекреациялық
объектілердің (аквапарктердің, басқа тематикалық парктердің), қонақүйлердің,
сауда орталықтарының шекараларын парктерге жақындастыру, жақын маңда
орналасқан басқа да тынығу мекемелерімен (кинотеатрлармен, бүкіл отбасына
арналған ойын сауық орталықтарымен, мейрамханалармен) бірлескен жобаларды
іске асыру жақсы нәтиже береді. Заманауи тақырыптық саябақтардың ХІХ
ғасырдың және ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы одардың арғы атасы
классикалық ойын-сауық парктерінен айырықша ерекшелігі де осыда. Қазіргі
таңда жабық парктердің сауда-ойын-сауық аймақтарына ұласуы сирек кездесетін
құбылыс емес. Олардың арасындағы танымалдары Эдмонтондағы (Канада) Вест
Эдмонтон Молл(Wesт Edmonton Mall), Сеулдегі (Корея Республикасы) Лотте
Уорлд (Lotte World – Лотте әлемі), бар. Қала маңы аймақтарындағы ойын-сауық
парктері бүкіл әлемде сауда кешендерінің құрамдас бөлігі ретінде жобаланады
(мысалы, Мадрид Канаду - Madrid Xanadu).
Тематикалық парктердің келесі түріне бірнеше жекежайлардан құралған тар
мамандандырылған парктер жатады. Олар белгілі-бір тақырыпты дамытатын
кішігірім рекреациялық аймақтарда орналасқан. Келушілердің, аттракциондардың
саны мен инвестицияның көлемі аса қарапайым. Мамандандырылған парктер
нарықтың тар сегменттеріне есептелген және келушілер контингентінің сан
алуандылығымен, орналасқан орнымен (қалада және қаладан сыртта)
ерекшеленеді. Мысалы, 2001 жылы Орландода (АҚШ) Иисус Христің өмірі пен
Әулиелі жерге арналған Холи Лэнд Эксгнриене(Holy Land Experience – Әулие
жер) саябағы ашылды. Осы категорияға жататын тағы бір саябақ –
Калифорниядағы Бонфанте Гарденс (Bontante Gardens — Бояфанте бақтары)
паркі бау-бақша тақырыбын дамытады және келушідерді біздің күнделікті
өміріміздегі ағаштардың алар орнымен таныстырады. Филадельфиялық Сезам
Плэйс (Сезате Place —Сезам орны) паркінде сүйікті кейіпкерлердің қатысуымен
2 ден 13 жасқа дейінгі балаларға арналған білім беру бағдарламалары жүзеге
асырылады. Мамандандырылған парктер Солтүстік Америкада ғана кең таралмаған.
Олардың көпшілігі Еуропада да орналасқан [5].
1.2 Тематикалық парктердің даму үрдісінің тарихы
Тематикалық парктердің индустриясы 1955 жылы Анахайм қаласында
(Калифорния, АҚШ) Диснейленд ашылған кезден басталды деп санау
қабылданған. Дегенмен, алғашқы тематикалық парктердің пайда болу тарихы
ұзақта жатыр. Олардың тамыры ортағасырлық жәрмеңкелер мен бояуы қанық
карнавалдардан, ләззат бағынан бастау алып тереңге кетеді. Англияда ХІІ
ғасырдың басынан бері белгілі бола бастаған Ворфоломеу жәрмеңкесіне көптеген
халықтар жиналды. Олар экономикалық қана емес, маңызды әлеуметтік мәдени
қызметті де атқарды. Адамдар жәрмеңкеге сауда үшін ғана емес, көңіл
көтеруге, әсерлерімен бөлісуге, керемет іс-шаралардың қатысушысы болуға
баратын. Жәрмеңке ойындармен, карнавалдық шерулермен, жалпы көңіл көтерумен
қатар жүретін.
Жалпы халықтық серуендер, театрландырылған қойылымдар ортағасырлық адамдар
өмірінің ажырамас бөлігі еді. Жәрмеңке адамдардың екінші өмірі болды. Рим
империясында карнавалдар алғаш рет IX – X ғасырларда пайда болып, содан
кейін Францияда, германдық Нюрнберг және Кельн қалаларына ұласты. Оның
гүлденуі XV—XVI ғасырларда болды. Сөйтіп еуропалықтардың көңіл көтеруінен
пайда болған карнавалдық дәстүрлер көптеген құрлықтарға да таралды. Сөйтіп
карнавалдар бразилиялық және венециялық ауқымды мерекелер деңгейіне дейін
жетті.
Қазіргі таңда да тамыры тереңге бойлаған карнавалдық дәстүр өз маңызын
жоғалтпай келеді. Карнавалдар бірнеше күндерге дейін ұласады. Карнавалдың
басты заңы – барлығы көңіл көтеруі тиіс.
Сонымен карнавалдар жай ойын сияқты емес, шындық өмірдің бір формасы ретінде
болған және солай болып қала береді. Адамдар сәл де болса еркіндіктің,
теңдіктің, молшылықтың, жалпылықтың уптопиялық патшалығында болып қайтады.
Тематикалық парктердің тағы бір арғы тегі ләззат бақшалар болды.
Бау-бақшалар баяғыдан-ақ жәй ғана ағаштар емес, одан да жоғары саналатын.
Олар барлық уақытта мән-мағаналық жүктемені арқалып, мінсіз әлемнің моделі
ретінде құрылған болатын. Бау-бақша өнерінің шеберлерінің арқасында табиғи
ландшафтар символдарға қанағып, магияға толы орындарға айналды. Бақшаларда
тынығып, адамдар рухани үйлесімге жетуге, ерекше күшті сезініп, өмірдің
өзгеше дәмін тарттыруға мүмкіндік беретін атмосфераға шомып кететін.
Жеміс-жидегі мол, сирек кездесетін ағаштары бар, сан алуан ән салатын құстар
сайрайтын, су бұрқағының әуенінің дыбысы естілетін бау-бақшалар құдды бір
жұмақпен теңестірілді.
Адамның бақыт пен қуанышқа ұдайы ұмтылысы ләззат бау-бақшасының көптеген
керемет мысалдарын туындатты. Мысалы ғашығыңмен оңаша қалуға немесе у-шудан
аулақ болуға арналған махаббат бақтары осыған жатады. Ол жерде адамдар
музыкамен айналысты, әртүрлі оқиғаларды айтатын, кітап оқып, би билеп шахмат
ойнайтын.
Ерте жаңа дәуірдің еуропалық бақтарының жасырын символикасы болды. Әйгілі
Версаль бағының композициясы үш санына құрылған болатын; үш сәуле саябақты
үш бөлікке бөледі. Бұл парктің ішкі түрін ашатын архитектуралық тәсіл ғана
емес. Версаль паркі Күн-королі XIV Людовикті ұлықтауға шақыратын, және
ондағы аллеялар күн сәулесін білдіреді. XIV Людовик Король өзінің паркін
жақсы көргені соншалықты, оны қонақтарға көрсету дәстүрін ендіріп,
серуенннің маршрутын өзі белгіледі.
XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап Еуропада демалуды ұйымдастыру мен
өткізудің жаңа формасы пайда болды. Теңіз маңы емдеу курорттары пайда
болып, көшенің театрландырылған қойылымдары арнайы ғимаратқа орналасып,
заманауи театрдың келбетіне енеді, ал алаңда жүретін диюлар мен қортықтар
қатысатын қызықты көріністер қаңғыбас цирктерге орын береді. XVIII ғасырдың
соңында, әсіресе XIX ғасырдың басында театрлар, цирктар кеңінен таралады.
XIX ғасырдың соңына қарай жәрмеңкелік мерекелердің орнын ойын-сауық
парктері басады [6].
Көңіл көтеру парктері өнеркәсіптік төңкерістер мен индустриялық қоғамның
қалыптасу дәуірінде туындады. Электрлендіру, әртүрі машиналар мен
механикаларды ендіру осы ойын-сауық орындарының бейнесін өзгертіп,
ойын-сауықтың өзі басқа бейнеге енді. Жаппай көрініс-ойын-сауық
қызметтерінің нарығы қалыптасып, ойын-сауық парктері адам саны үзілмейтін
демалыс орнына айналды. Олардың тартымдылығы XX ғаысырдың басында одан әрі
арта түсті, сол кезде адамдардың табыстары артып, бос уақыттары көбейді,
көліктің жаңа түрлері жетілдірілді, адамдардың мобильдідігі артып, жаңадан
пайда болған радио сияқты бұқаралық ақпарат құралдары парктердің
танымалдылығының артуына белсенді ықпал етті.
АҚШ-та ойын-сауық парктерінің гүлденуі ХХ ғасырдың бірінші онжылдығына
тұспа-тұс келді. Негізгі ойын-сауық орындары Кони-Айлендке шоғырландылды, ол
жерде төрт парк болатын: Си Лайон Парк (Sea Lion Park –теңіз арыстанының
паркі, 1895 ж,), Стинлчейз Парк (Steeplechase Park — кедергілермен жүгіру,
1897 ж.), Ай-бақ (Luna Park Ай саябағы, 1902 ж.), ол өзінің атауы әлемдік
барлық ай бақтары мен Дринленд (Dreamland – Ертегі елі.1901 ж) паркі оған
қарыздар. Кони-Айленд Нью-Йорктың жағалау маңында орналасуының арқасында
елдің ойын-сауық Меккесіне бірден айналып кетті.
Кони-Айлендті Диснейлендтің арғы атасы және көптеген заманауи ойын-сауық
парктерінің атасы деп батыл түрде айтуға болады. Ондаған ертегідегідей
мұнаралар, күмбездер және арнайы жарық түсірілген минареттер келушілердің
көңілінде ұмытылмас сезім қалдырды. Кони-Айлендті электрлік эдеммен жиі
салыстыратын. Алғашқы жылдары арттракциондарға керосин лампалар арқылы
жарықтар берілді, ал 1879 жылы Т.Эдисонның өзі осы жерде өзінің алғашқы
лампасын жақты, сөйтіп, жүздеген мың лампалар паркті жарықтандырып, әсемдік
сыйлады. Түнде қарасаң Кони – Айленд парк емес, құдды бір уайым мен күйбең
тіршіліктен ада қала сияқты болып көрінетін. Кони-Айленд ойын-сауық
парктерін жарықтандыруда төңкеріс жасады. Алғашында өнеркәсіптік өндірісте
пайдаланылған техникалық туындылар тынығу саласында да қолданыс таба
бастады.
Кони-Айленд паркінің аттракциондары сан алуандылығымен таң қалдырды. Ол
жерде ұмылымас экстремалдық сезім сыйлайтын аттракциондық қондырғылар көп
болды. Жаңа технологиялар, жарықтық әсерлер, экзотикалық тақырып – осының
барлығы демалу саласында жаңа өнімді жасауға мүмкіндік берді. Кони –
Айлендегі ойын-сауық паркінде келушілер толқытатын, таң қалдыратын, сонымен
бір мезгілде қуантатын ерекше ғажайыптар әлеміне шомып кететін. Бұл жерде
шындық арманмен туыстасып кететін. Кейбір дерек көздерге қарағанда 1909 жылы
жазда Кони-Айлендте 20 млн адам болып кеткен Австриялық дәрігер-психиатр,
психолог, психо анализдің негізін қалаушы З.Фрейд те осы паркке барған кезін
америкалық сапарының ең қызықты сәттеріне балаған.
Еуропада алғашқы ойын-сауық парктері Ұлыбританиядағы Блэкпулде 1896 жылы
ашылды. Бұл саябақ американдық тәжірибеге сәйкес құрылғанымен (оның негізін
қалаушы ағылшындық Дж.В.Бин ұзақ уақыттар бойы АҚШ-та өмір сүріп,
луна-парктердің танымалдылығының артуын бақылаған), түп-тамыры еуропалық
дәстүрге сай келеді. Алғашқыда инфрақүрылым объектілер ретінде құрылған
американдық луна- парктерімен салыстырғанда, еуропалық парктер өз бастауын
табиғи негізі бар ләззат бақтарынан алады. Мысалы, Даниядағы осы кезге
дейін әрекет етіп келе Баккен (Bakken) ойын-сауық паркі 1583 жылы жалпыға
ортақ бақша ретінде негізі қаланған болатын.
XVIII—XIX ғасырларға қарай еуропалық қалалардың көпшілігінде ләззат
бақшалары кеңінен таралды. 1896 жылы Лондондағы мұндай 65-ке жететін.
Олардың арасындағы едәуір танымалы Воксхолл (Vauxhall) және Рейнлэг
(Runelagh) бақуатты адамдардың демалуына арналған болатын. Лондондағы
Сэдлере Уэллс (Sadler's Wells – Сэдлер бұлақтары) паркі едәуір кең
бұқараға арналған еді. Лондондағы ләззат бақтарының танымалдылығы олардың
басқа да еуропалық астаналарда ашылуына түрткі болды.
Механикалық аттракциондардың дамуына байланысты ләззат бақтары ойын-сауық
парктеріне айналды. Вена қаласындағы еуропадағы ең әйгілі парктердің бірі
Пратер (Prater) саябағы жоғары айтылған сөзімізге мысал бола алады. Ол бір
кездері Габсбургтардың аңшылық жерлерінде орын тепкен Дунайдың жағалауындағы
ескі қаланың орнында орналасқан. 1766 жылы император ІІ Иосиф паркті әртүрлі
сословиенің адамдарына арнап ашты және оның аумағында кафелер мен
аттракциондар құруға, көңіл-көтеруге арналған іс-шараларды өткізуге рұқсат
берді. Сөйтіп Вурстельпратер (Wurstelmittr – Кіші немессе Халықшыл
Пратер) паркіне бастау берді. Сол кезден бастап парк веналықтардың сүйікті
демалыс орнына айналды. 1873 жылы парк территориясында Веналық бүкіләлемдік
көрме өтті. Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде Пратер саябағы шабуылдан
қатты зиян шегіп, соғыс аяқталған соң қоғам мен мәдениет дамуының
сабақтастығын қолдап, ұстап тұру үшін бастапқы түріне қайтатан қалпына
келтірілді. Американдық луна-парктермен салыстырғанда бұл жердегі жасыл
желектер үлкен ауданды алып жататын. XX ғасырдың басында бұл жерде аңшылыққа
да рұқсат берілді. Қазіргі таңда паркте табиғат пен ойын-сауық
элементтерінің арысындағы тепе-теңдікті бірқалыпта ұстап отырады. Ойын-сауық
саласының эволюциясы 2 кестеде берілген.
Кесте 2
XVI ғасырдан бастап қазіргі кезге дейін ойын-сауық саласының дамуы [7]
Сипаттамалары
Кезеңдер
1500 -1850 жж
1850-1960 жж.
1960 жылдан кейін
Әлеуметтік
Қоғам
аграрлық
индустриалдық
Посиндустриалдық
Нарық
локальды
ұлттық
Ғаламдық
Негізгі сөздер
Шіркеумонархия
Компаниямемлекет
КорпорацияБАҚ
Ойын-сауық салалары
2 –кестенің жалғасы
Ойын-сауықты ұйымдастыру формасы
Жәрмеңкелік, ойын-сауықтық
Ойын-сауық парктері
Тематикалық парк
Ойын-сауық объектісінің мысалы
Варфоломей жәрмеңкесі. Лондой
Кони-Айленд
Нью-Йорк
Уолт Дисней
Уорлд Ризорт,
Флорида шатаы
уақыты
Діни мерекелерге орай
науқандық
Жыл бойы
аудитория
Пилигримдер
шаруалар
Жұмысшы адамдар
Орта тап
Ниеттеме
Діни мерекелерге қатысу, тауарлар сату
Ойын-сауық
Ләззат алу
Көлік
жаяугуждық көлік
троллейбус
автомобильұшақ
Мазақ объектілері
Шіркеумонархия
Бұқаралық мәдениет
Күнделікті өміртехнология
жануарлар-
символ
шошқа
Піл
Тышқан
Тематикалық парктердің пайда болуы мен дамуына бүкіләлемдік көрмелер ықпал
етті. Кейбір парк аттракциондарын — Мистер Линкольнмен ұлы сәт, Осы бір
шағын әлем, Көне динозаврлар У.Дисней 1964 жылы Нью-Йоркте өткен
бүкіләлемдік көрме-жәрмеңкеде жасаған болатын.
Көрмелер тарихы өнеркәсіп екпінмен дамып, нарықтың кеңейюі талап етілген XIX
ғасырдың орталарында пайда болды. Көрмелер индустриаяландырудың символы,
ақпараттық-мәдени алмасудың тиімді формаларының бірі, сауда-өнеркәсіптік
байланыстарды нығайту тәсілдерінің бірі болды. Көрмелер тағы да ағартушылық
қызметті де атқарды. Жаңа қозғалыстың бастамашысы Англия болды, ол жерде
1851 жылы Бүкіл ұлттардың өнеркәсіптік бұйымдарының ұлы көрмесі өтті
(кесте 3). Бүкіләлемдік көрмелер қатысушы-елдердің және бүкіл қоғамның
материалдық және рухани өміріндегі айшықты оқиға болды. Оны құрушылар мен
экспоненттер келушілерді таң қалдыру үшін барлық мүмкін болатын тәсілдерді
пайдаланды. 1889 жылы көрме үшін тұрғызылған Эйфель мұнарасы Париждің
символына айналды. Ұйымдастырушылар көрмеде барлық техникалық жаңалақтар мен
жетістіктерді пайдалануға тырысып бақты. Мысалы 1993 жылы Чикагода өткен
Бүкіләлемдік көрмеде жер өңдеу бөлімінің қас беті жүгеріден жасалды:
жүгеріден жасалған мүсіндер қойылды, тіпті жалаулар мен тулар да жүгеріден
жасалды. Алып асқабақтар мен картофелиннен жасалған жиһаздар қойылды.
Кесте 3
Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі бүкіл әлемдік көрмелер [7].
Жыл
Өткізілген орны
Көрме ауданы, га
Келушілер саны, млн адам
Жыл
Өткізілген орны
Көрменің ауданы, га
Келушілер саны, млн адам
1851
Лондон
10,4
6
1900
Париж
69.2
6.1
1855
Париж
13,6
5,2
1904
Сент-Луис
508
19,6
1862
Лондон
10
6,2
1906
Милан
100
5,5
1967
Париж
50
11
1910
Брюссель
88
13
1873
Вена
250
7.2
1911
Турин
98,8
4
1976
Филадельфия
175
10,1
1913
Гент
123.6
11
1978
Париж
70
16
1915
Сан-Франциско
254
18
1879
Сидней
6
1,1
1929
Барселона
120
Мәлімет жоқ
1880
Медь*
Бури
19,2
1,3
1933
Чикаго
169,6
48.7
1888
Барселона
Мәлімет жоқ
Мәлімет жоқ
1935
Брюссель
125
20
1889
Париж
90
32,2
1937
Париж
100
34
1893
Чикаго
278
27,3
1939
Нью-Йорк
486,1
44,9
Экспозиция өнері көрмеден көрмеге жетіле түсті, біртіндеп көрме павильоны
мен бұйымдардың көрсетуге талаптар да рәсімделе бастады. Экспозиция өлшемі
үлкен болған сайын сән-салтанаты келіскен, абаттандырылған, су бұрқақтары,
қауыздары бар арнайы демалыс орындарының қажеттілігі туындады. Алғаш рет
мұндай жағдай 1878 жылы Париж қаласында жасалды. Бұл жерде театрлар мен
мейрамханалар орнатылды.
Бүкіләлемдік көрмелер ойын-сауық индустриясының дамуы мен тематикалық
парктердің пайда болуына маңызды рөл атқарды. Бұл тұрғыда 1893 жылы Чикаго
қаласында Колумбтың Американы ашқанына 400-жыл толуына орай өткен көрмені
атап өту керек. Ол Мичиган көлінің жағалауындағы өте тамаша жерде орналасты.
Көрмеге 27 млн адам келді. Көрме ауданы 278, 400-ден аса керемет ғимараттар
тұрғызылды. Келушілерді көрмеге жеткізу оңай болуы үшін жер асты темір жолы
төселді, ал көрме кешенінде қозғалыс жасау үшін тұрақты жылдамдықпен
қозғалатын және адамдар легін басқаруға көмектесетін механикалық тротуар
жасалды. Күн сайын көше көліктері 10 мыңға дейінгі жолаушыларды тасымалдады.
Чикаго көрмесінде көп нәрсе алғаш рет жасалды: эталаптар мен оларды сақтауға
бақылау белгіленді, кең және сан алуан жарнамалық кампаниялар өткізілді. Бұл
да Диснейлендтің пайда болуына ықпалын тигізді.
Чикаго көрмесі өзінің табысы үшін дүкендері, театрлары, аң көрмелері т.б,
бар ләззат көшелеріне қарыздар болатын. Бұл жерде кеңістікте орын
ауыстырып, Каир көшелерінің қойылымдарын тамашалауға, парсы сарайы мен түрік
ауылына баруға, жапон базарына тап болуға, гавайлық Килауэа жанартауы мен
Эйфель мұнарасының кішірейтілген көшірмесін көруге және вен кафелеріне
баруға болатын. Ләззат көшелерінде алғаш рет шолу сақинасы орнатылды,
кейін ол Кони-Айленд паркіне орналастырылды. Бұл алып құрылғы Чикаго
көрмесінің бетке ұстарына айналды. Ол көрмеде тұрғанда аттракционға шамамен
1,5 млн адам сырғанаған, сөйтіп 20 минуттың өткір сезім үшін әрқайсысы 50
цент төлеген. Шолу сақинасының пайда ойын-сауық объектілерін
механикаландырудың жаңа үрдісіне бастау берді.
Соғыстан алдыңғы соңғы көрме 1939 жылы Нью-Йоркте өтті. Ол көрмелік істің
дамуындағы ірі өзгеріс ғана емес, тематикалық парктер тарихының тағы бір
парағын жазды. Көрмеге бірінші күні 200 мың адам келді. Көрме Ертеңгі
күннің әлемі тақырыбына арналды. Бұл көрме ХХ ғасырдың 20 жылдары құлдырап
қалған өнеркәсіптік өндірісті ынталандыру үшін бұқаралық тұтынушы нарығын
қалпына келтіруді көздеді. Ол жақын уақытта тематикалық парктердің негізгі
элменттері болатын тұтынушылардың жаңа түрін қалыптастыру үшін маңызды рөл
атқарды. Игіліктерді сатып алу кезінде бұл тұтынушылар пайдалылық қағидасына
ғана емес, әлеуметтік жағдайын, мәртебесін нығайтуды, өзінің өмір сүру
үлгісіне байланысы бар өнімді сатып алуды басшылыққа алды. Тематикалық
парктер орын алған үрдістерді іліп алып кетіп, жер бетіндегі ең бақытты
орынның тартымды бейнесін келушілерді тарту үшін пайдаланды.
Тематикалық парктердің пайда болуында 1990 жылы Париж қаласында өткен
Дүниежүзілік көрмеде ғасырды қорытындылап, адам тарихындағы жаңа дәуірдің
шымылдағын ашқан кинематографияның алар орны ерекше болды. Бұл көрмеде
киноның негізін қалаушы ағайынды Люмьерлер көрменің Машиналар галереясында
алып киноаппарат орнатып өздерінің фильмдерін көрсетті. Люмьерлердің
сеанстары күн сайын 5 мыңнан астам адамды жинады. Пойыздың вокзалға келуі
атты ролик едәуір танымалдылыққа ие болды. Станцияға кадрдың диагоналымен
жақындап келе жатқан пойыз жылдам және айтарлықтай ұлғайғаны соншалық,
адамдар қорқыныш сезімін бастан кешіріп, орындарынан секіріп тұрып жатты.
Дәл осы фильм жаңа бейнеге үлкен танымалдылық алып келді. Аз уақыт өткен
соң, әлемдік мәдениеттің құбылысына айналды.
Фильмдерді қарау демалысты өткізудің сүйікті түріне айналуына байланысты,
олардың кино өндірісіне, түсіру алаңдарындағы жұмыстарға, киноаппаратураға
қызығушылықтары артты. Киностудияны көргісі келетіндердің саны арта түсті
және 1915 жылы Юниверсал Студиос Голливудта баршаға есігін айқара ашты
(студиядағы экскурсия 25 цент тұрды) және студияның аймағында пикник
өткізуге де рұқсат етті. Алайда дыбыстық кино пайда болған соң тыныштық
сақтау қаждеттілігі туындап бұл практикаға тоқтау салынды. Ол тек 1963 жылы
ғана қайтадан жаңартылды, сөйтіп келесі жылында кинокомпания Лос-Анджелесте
кинопарктің негізін қалады. Қазір Юниверсал Студиос келетін адамдардың
саны жөнінен тематикалық парктердің әлемдегі ең ірі операторларының бірі
болып саналады.
Тематикалық парктердің киноматиорафиямен байланысы одан да айшықты бола
түседі, егер де ойын-сауықтық тематикалық парктерінің шығуының артында
американдық режиссер, суретші, продюсер, медиаимперияның негңзңн қалаушы
У.Дисней екендігін еске алатын болсақ. Уолт Дисней Чикагода Ирландиядан
шыққан көпбалалы кедей отбасында дүниеге келді. Диснейдің өмірі мен
шығармашылығын зерттеушілердің кейбірі көрнекті мультипликатордың
түп-тамарын испаниямен байланысты деген деректерді келтіреді. Бұл адамның
аты-тегі, туған жері қандай болса да, маңыздысы сол – ол өміріндегі
жетістіктерге тек өзінің мызғымас күшінің, табиғи талантының, білімінің және
тегеурінді еңбегнің арқасында қол жеткізді. Шығырамашылық және тағдыр
жолында қанша сәтсіздіктер орын алса да Уолт Дисней барлығын жеңіп шықты.
Сөйтіп ол өнер мен мәдениет тарихында жаңа парақтарды жазу үшін ол қайтадан
жарқырап, батыл деген идеяларын жүзеге асырып, атақ пен даңқтың шыңына
көтерілді [8].
Өзінің еңбектері үшін Уолт Дисней 700-ден аса үздік белгісін, Гарвард және
Йель университеттерінің мадақ дірежесін алды және ол алған сыйлық саны
рекордқа жеткен: 29 Оскар сыйлығы, төрт Эмми сыйлығы, Құрмет Легион ордені
және т.б. Оның өмірінің және шығармашылығының барлық жемісін жариялаған
Нью-Йорк Таймс газеті былай деп жазады: Уолт Дисней жаңадан бастаған
кезде оның капиталы суретшінің аса қарапайым талантынан, жанды бейнелерден,
жетістікке жетуге ерекше батылдықтан тұрды және ол Голиивудтың ұлы
адамдарының біріне айналды. Ол дарынды жаңашыл адам еді, дарындығының
жемісін санасаң саннан жаңыласың, алайда ол өзінің кең дамып келе жатқан
кәсіпорыныны жеке бақылау жасай білді, оның қолдары ылғи да көрерменнің
жүрек соғысында болды. Қысқаша айтқана ол көзі тірісінде –ақ Аңызға айналған
болатын.
У.Дисней сурет салуды ерте бастады. Және осы қызығушылығынан өмір бойы қол
үзбеді. О бастан ақ ол түрлі кедергілерді еңсеруіне тура келді: әкесінң
баласының әуестігіне риза болмауы, кедей отбасындағы қағаз бен қарандаштың
болмауы. Төрт жасында Уолт шайыр тауып алып қолына таяқ ұстап үйінің
қабырғасына сурет салды. Бұл болашақ маэстроның алғашқы туындысы болсар,
бәлкім. Кейін көршісінің жылқысын суретке салғаны үшін әжептәуір қаламақы
алды, ал шаштаразға шашын қырықтырғаны үшін өз суреттерімен есеп айырысатын
болды. Мектептегі сүйікті пәні сурет сабағы еді. Мектептің газетін шығаруға
да атсалысты. Сосын ол газет карикатурашыларының курсын бітіріп, стандартты
емес ойлауға, қалыпты логиканы қызықты етіп өзгертуге үйренді. У.Дисней
негізгі білім алмады, оның университеті өмірдің өзі болды. Оқу орындарының
қабырғасында жүріп алған тәжірибесі оның табысқа жетудегі кілті болды.
Дисней мектепті бітіргенде соғыс басталып, ол Қызыл крестке ерікті ретінде
санитарлық машинаның жүргізушісі болды. Машинасын әртүрлі суреттермен
безендіріп, жанындағылардың көңілін көтерумен болды. Соғыс аяқталған соң ол
өзінің әлемдік атақ алып келген анимациялық фильмдерді шығарумен айналысты.
Көңілді тышқанның баласы Микки-Маустың дүниеге келуі оның мультипликаторлық
шығармашылығындағы ерекше төңкеріс болды. 1932 жылы ол үшін У. Дисней
Оскар сыйлығын алды.
У.Диснейдің соңғы елеулі жобасы Калифорниядағы Диснейлендтің саябағының
құрылысы болды. Саябақ тұрғындары Дисней мультфильмдерінің кейіпкерлері еді.
Диснейдің басқа да туындылары сияқты оны да арзан карнавал деп мазақ
еткендер болды. Көпшіліктің мұндай мақұлдамауы Диснейдің шығармашылығын
күшейтпесе төмендеткен жоқ. Егер басшылыққа менің жобаларым ұнайтын болса,
оны қолға алуға тұрады ма деп күрделі ойланамын, ал ол менің ойымды
босағадан аттамас бұрын теріске шығаратын болса, мен осы іске дереу
кірісемін, - деп айтатын Дисней.
Диснейленд жобасы келесі барлық тематикалық парктері сияқты капитал
көлемінің ауқымды болуымен ерекшеленді. Ойын-сауықтың бұл кәсіпорындары
туризмдегі ауыр индустрияға жатқызылуы кездейсоқ емес. Диснейлендтің
құрылысына 17 млн доллар жұмсалды. Диснейлендтік студияның директорлар
кеңесі мультипликатордың кезекті ақылға қонымсыз қызығын қаржыландырудан
бас тартты. Жұмысты бастау үшін Дисней қала сыртындағы үйін сатуға, жеке
сақтандыру полисі бойынша 1 млн доллар қарыз алуға, студия жұмысшыларынан
қарыз сұрауға мәжбүр болды. Алайда құрылысқа қаржы бәрібір жетпеді. Сосын ол
келе компнияға жүгініп, Эй-Би-Си –мен келісімшартқа тұрып, сол арқылы 500
мың, доллар мен банк кепілдігіне ие болды. Ол үшін Дисней компанияға өз
фильмотекасына жол ашты. Телевидениеде жасап шығарушыға жылына 5 млн доллар
алып келетін Уолт Дисней ұсынады ... деген бағдарлама ұдайы шығып тұратын
болды. Теледидардың арқасында Диснейдің сиқырлы әлемі әрбір американдық
шаңыраққа енді. Онымен қоймай, Эй-Би-Си тематикалық парктерден меншік үлесін
алды және Диснейлендті он жыл бойы өнімдермен қамтамасыз ету концессиясын
алды. Парк құрылыс шығынын рекордтық мерзім ішінде өтеді, ал таза табыс
құрылыс бюджетінен он есе асып түсті.
Келесі парктерге үлгі болған бірінші тематикалық парктердің жобасын жасаған
кезде У.Дисней кинематографиялық канондарды басшылыққа алды. Ол паркте
бірнеше тақырыптық аймақтарды бөлді (түсірілетін сахналарға ұқсастырып),
оларға өтудің ретін анықтады (кинолентаны монтаждаған сияқты) және адамдар
легін басқару арқылы қозғалыс ритмикасын белгіледі (уақыт бойынша
ұйымдастыру). Келушілер Диснейлендте әрбір тақырыптық аймақта орташа
алғанда бір сағат болды, телесериалдағы бір серияның уақыт сияқты [9].
Тематикалық парктердің кинотілмен өзара байланыста болып қана қойған жоқ —
кино ерекше бейне секілді (көбінесе танымдық компоненттерімен) олардың
ішінен жарып өтті, ал бейнені ұйымдастырудың кинематографиялық жүйе олардың
негізіне қойылды. Тематикалық парктерге шеңбер кинопанорамамен салыстыруға
болады. Тұйық экранда қозғалып тұрған бейнені көрсету идеясы кинематоргаф
пайда болған соң алғашқы жылдары–ақ туындағын болатын. Алғашқы шеңберлік
Синеорама кинопанорамасын француздық өнертапқыш Р.Гримузн-Сансон жарыққа
шығарды. 1990 жылғы Париж қаласында өткен Дүниежүзілік көрмеде ол Эйфел
мұнарасының астында шеңбері 100 м болатын павильонды монтаждады, оның
қабырғалары тұтастай экранның қызметін атқарды. Ол тастап кеткен мемуарларда
мынадай сөздер қатары жазылған. Мен формасы циркке ұқсайтын үлкен зал
тұрғызамын деп ойлағанмын, ортасына барлық керек-жарақ жабдықтары (жүретін
арқан-жібі, баспалдағы, баллас қаптары) бар әуе шарының үлкен гондоласын
орналастырғым келді. Жұлдыз тәріздес орналасқан он киноаппарат гондолоның
астында жайғасуы керек еді. Оларды іске қосудың, және қимылдарының көрініс
арасына үзіліс жасамайтындай синхрондылығын қаматамыз ететін орталық
механизм көзделген еді. Адамдар кішкентай қырынан орналасқан баспалдақпен
көтеріліп, гондолға жайғасқанда жарық өшіп, сол кезде керемет ұшу басталар
еді. Парижден ұшып шығып, әуе шары кезегімен Брюссельге, Лондонға,
Барселонаға, Туниске қонуы тиіс еді. Аппараттар қабырғада осы қалалардың
бейнесін көрермендерге құдды бір шынайылық сезімін сыйлап, тура сол
қалаларды айналып шыққандай әсер қалдыратындай етіп фильмдерді көрсетуі
керек еді. Табысты үш сеанстан кейін техникалық қауіпсіздік шараларын
сақтамағаны үшін және киномеханиктің бақытсыз жағдайға ұшырауына байланысты
полициялар Синеораманы жауып тастады.
Жарты ғасыр өткен соң У.Дисней сол заманның ең озық технологиясын пайдалана
отырып, алғашқы тұрақты әрекет ететін Циркорама шеңберлік кинопанорамасын
жасап шығарды. Шеңбер жақтаулы фильмді көрсету үшін калифорниялық
Диснейленде диаметрі 12 метр, биіктігі 2,4 м, ені 3,2 м болатын 38
метрлік цилиндрлі экраны бар арнайы ғимарат тұрғызылды. Көрермендер залдың
ортасына тұрып жайғасты және бейнені кедергісіз тамашалады. У.Диснейдің
алғашқы шеңберлік жақтаулы Батысқа саяхат фильмінің тұсаукесері
Диснейлендтің ашылу күні 1955 жылдың 17 шілдесінде болды. Циркораманың
жетістігінде шек болмады. 1960-шы жылдары оның біршама жетілдірілген жүйе
Сёкл-Вижн 360 басты. Ол жерде У.Диснейдің көзі тірісінде түсірілген соңғы
шеңбер жақтаулы фильмі Тамаша Америка көрсетілді.
Ортағасырлық жәрмеңкелік ойын-сауықтар мен карнавалдар, ләззат бақтары,
кейіннен пайда болған классикалық ойын-сауық парктері, бүкіләлемдік көрмелер
және кинематограф — осылардың әрқайсысы ХХ ғасырдың орта шенінде дәурені
басталған тематикалық парктердің қалыптасуына белгілі-бір із қалдырды. Содан
бері көп нәрсе өзгерді, алайда бір нәрсе өзгеріссіз қалды – ол адамның
қиял-ғажайыпқа ұмтылуы. Сондықтан да арман шындыққа айналып, қиялдар
күнделікті өмірге енетін тематикалық парктерге баратын адамдардың легі
толастар емес.
1.3 Парктердің тематикалық жіктемесі
Тематикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz