Интернет журналистиканың ақпараттық және коммуникациялық маңызы


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 110 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Журналистика факультеті

Телерадиожурналистика кафедрасы

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

«Интернет журналистиканың ақпараттық және коммуникациялық маңызы»

Орындаған: Н. Аманжолов

Ғылыми жетекші: А. Бейсенқұлов

Норма бақылаушы: М. Майлықұтова

Телерадиожурналистика

кафедрасы меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді А. Бейсенқұлов

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . ………. …… . . . 3

I тарау

Интернет журналистиканың даму сипаты және Қазақстанның

ақпараттық кеңістігі

1. 1. Интернет бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде . . . 12

1. 2. Интернеттің даму кезеңдері мен ғаламдық заманауи сипаты . . . 26

II тарау

Ақпарат таратудың жедел түрі ретіндегі Интернет-журналистиканың ерекшеліктері

2. 1. Ақпараттың Интернет арқылы тарауының ерекшеліктері . . . 38

2. 2. Қазақ Блогосферасының өзекті мәселелері . . . 46

IIІ тарау

Интернеттің коммуникациялық қырлары және оның ақпараттық ортадағы маңызы

3. 1. Жаңа қарым-қатынастардағы технологияның ықпалы . . . 64

3. 2. Ақпарат алмасудың жаңа заманғы тәсілдері: видео, аудио және басқалар . . . 67

3. 3. Ақпарат еркіндігі мен ақпараттық қауіпсіздіктің мәселелері . . . 68

Қорытынды . . . 98

Сілтемелер . . . 106

Пайдаланған әдебиеттер . . . 109

КІРІСПЕ

Журналистика - өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуға көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.

Журналистика - халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика - халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Қандай мәселені көтермесін, журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позиция ұстайды.

Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы - бұқараның санасын билеу, оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу тағы басқа толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру болуға тиіс. Осы сан-саладағы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде болжам бойынша жетекші орынға ие болатын - интернет.

Интернеттің бірқатар коммуникация мен ақпараттық ерекшеліктеріне байланысты жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі - интернет-БАҚ немесе интернет-журналистика дүниеге келді. Оның дәстүрлі БАҚ-тан айырмашылығы бірден байқалды. Ол - интернеттің ақпаратты тарату оперативтілігі мен интерактивтілігі еді. Сондықтан көптеген елдердің ғалымдары жаңа бұқаралық ақпарат құралын зерттеу нысаны ретінде таңдауда. Интернет-БАҚ-тың алғашқы нұсқасы 1987 жылы АҚШ-та пайда болған. «The San Jose Mercury News» газеті тұңғыш рет көпшілік қауымға электронды нұсқасын ұсынған болатын. Қазіргі таңда АҚШ-тағы күнделікті басылымдардың таралымы жарты жылда, 2009 жылғы қазан айынан бастап, 2010 жылғы наурыз айына дейінгі аралықта 2, 5%, ал апталық (жексенбілік) газеттердің таралымы 3, 1% азайған. Керісінше, онлайн БАҚ күннен-күнге қарқынды түрде даму үстінде. Сауалнаманы Американың газет қауымдастығы (Newspaper Association of America, NAA) 770 күнделікті, 610 апталық газеттер бойынша жүргізген болатын. Қауымдастық мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-та газет сайттарын пайдаланушылар аталмыш мерзім ішінде 56 миллионға жетіп, интернетке кіретін адамдардың 37 пайызын құраған.

Ал Қазақстанда әзірге 3 мыңға таяу интернет сайттары тіркеліп үлгерді. Оның 20-25 пайызы БАҚ құралдарының меншігі болса, қалғаны - әр түрлі бағытта. Оның ішінде банк те бар, сауда нүктелері де бар, ішінара жекелеген адамдардың сайттары да кездеседі. Ал қазақ тіліндегі сайттар кенжелеп дамып келе жатыр десек те, кей сәттері әжептәуір үміт күттіріп қояды [1] .

Диссертациялық жұмыстың мақсаты - бүкіләлемдік желідегі түрлі сайттар тарапынан аудитория назарына ұсынылып отырған ақпараттарды жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі интернет-БАҚ-қа қандай белгілері бойынша жатқызуға болатындығын теориялық тұрғыдан қарастыру болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі - 2006-2009 жылдарға есептелген Қазақстан Республикасының ақпарат нарығының бәсекеге қабілеттілігін дамыту жөніндегі тұжырымдамада отандық БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың бірден-бір тетігі желідегі БАҚ сапасын арттыру деп көрсетілген. Сондықтан, отандық интернет-БАҚ-тың санымен қатар сапасын арттыру кезек күттірмейтін мәселе.

Зерттеу барысында интернет-БАҚ-ты теориялық тұрғыдан зерттеген Ресей мен Қытай ғалымдарының еңбектеріне сүйендік. Сондай-ақ, отандық журналистердің мерзімді басылымдарда жарияланған мақалаларын пайдаландық.

Магистрлік диссертация жұмысының құрылымы - алдымен интернет тарихына тоқталамыз. Интернеттегі сайттарды БАҚ деп қандай белгілерге сәйкес есептеуге болатындығы қарастырылып, тиісінше интернет-журналистика ерекшеліктері талданады.

Қазақстанда интернеттің даму барысы мен болашағы туралы сөз қозғамас бұрын, әуелі өткен ғасыр соңының ғаламат жаңалығы туралы мағлұмат бере кеткен жөн. «Интернет дегеніміз, - дейді осы сала мамандары, - компьютерлік желілердің бүкіл әлемдік топтастырылымының кооперативтік басқару жүйесі». Әрине, мұндай терминдік сөйлем құрылымын ә дегеннен кез келгеннің түсіне қоюы қиын. Ойды қарапайымдау етіп таратсақ, өз компьютерімен біртұтас интернет желісіне қосылған адам әлемнің кез келген нүктесінде тұрған келесі компьютерде сақтаулы тұрған ақпаратқа оңай қол жеткізе алмақ. Бұл жүйеде ақпарат алмасу бірыңғай тәртіпке негізделген. Әрбір пайдаланушы интернетке қол жеткізу үшін бірлескен желілердің бірінің пайдаланушысы болса жеткілікті. Мемлекеттік, өңірлік, корпоративтік және басқа да компьютерлік желілердің мұндай жиынтығы бір-бірімен түрлі мәлімет тарату арналары арқылы байланыстырылған. Дәлірек айтсақ, интернетке кіруде телефон байланысы немесе технология тілінде «шлюз», «гейт» деп аталып жүрген трансмұхиттық талшықты-оптикалық желілер мен ғарыштық арналар пайдаланылады. Қызметтері дербес жүргізілетін мұндай жүйелер арқылы бүкіл Жер шарын қамтитын біртұтас жаһандық желі құрылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда интернет әлемнің барлық елдерін түгел қамтып, оның қызметін 500 миллионнан астам адам пайдалануда. Бұл көрсеткіш ай сайын 7-10 пайызға өсіп отыр.

Жаңа ақпараттық қоғамның негізін қалаушы сипаттамаларының бірі оның ғаламдық сипаты болып табылады. Жаңа ақпараттық қоғамды қалыптастыру үдерісінде біртіндеп ақпарат тарату және алмасу тәсілдері мен әдістері жаңартылады, уақыт үнемделеді, ұлттық шекаралар мен кедергілер бұзылады, әлемдік ақпараттық кеңістігінің, экономика, сауда, қаржы, адамзат өмірінің басқа салаларының құрылымы түбірімен өзгереді, адамдардың көзқарасы мен адамзат құндылықтарының интенсивті гомогенизациясы, мәдениет пен мәдени моделдердің әмбебаптығы (ықшамдау) байқалынады, динамизмі жылдамдатылады, бәсекелестік күшейе түседі [2] .

Қазіргі әлемдік даму кезеңінде ғаламдық ақпараттық интернет желісі бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістігінің ең көлемді және жаппай жайылған сегменті болып табылады. Сонымен бірге, уақыт өте, ғаламдық ақпараттық интернет желісі ақпарат алу және алмасудың, сондай-ақ жаппай пайдаланушылардың коммуникациясы үшін ең қол жетерлік құралы болғаны айдан анық.
Қазіргі уақытта Интернеттің ақпараттық кеңестігінің жұмыс істеуіне сай келетін халықаралық ұйымдарға мыналар жатады:

1) The Internet Corporation for Assigned Names and Numbers (бұдан әрі - ICANN) - IP-адрестерін, протоколдардың параметрлерін бөлу, домендік атаулардың жүйесін әкімшілеу (Domain Name System, DNS), түбірлік серверлер (Root Server System) деп аталатын жүйенің жұмыс істеуін әкімшілеу және қолдау үшін құрылған коммерциялық емес ұйым;

2) Интернет желісінде нөмірлеуді бөлу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - IANA, The Internet Assigned Numbers Authority) ;

3) Еуропалық желілік үйлестіру орталығы (бұдан әрі - RIPE NCC) - тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлуді және тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлу мен тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC қызмет көрсету аймағында Интернеттің ғаламдық ресурстарын әділетті бөлуге кепілдеме бере отырып, Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Азияның бөлігінің тіркеушілеріне қызмет көрсетеді;

4) The Internet Engineering Task Force (бұдан әрі - IETF) - Интернет сәулетін дамыту және қолданыстағы инфрақұрылымның үздіксіз қызмет етуінің біріктірілген міндеттерін дамытуға жұмыс жасайтын желілік хаттамаларын дайындаушылар, операторлар, өндірушілер және зерттеушілердің халықаралық ашық бірлестігі болып табылады;

5) Дүниежүзілік зияткерлік жеке меншік ұйымы (бұдан әрі - ДЗЖҰ) .
Жоғарғы деңгейдегі домендер (бұдан әрі - TLD, Top Level Domain) екі үлкен бөлікке бөлінеді: Біріншісі - жалпы пайдаланатын домендер (generic TLD немесе gTLD) және екіншісі - ұлттық екі әріпті домендер (country code TLD немесе ccTLD) . Жалпы пайдаланатын домендерге COM, NET, ORG, INFO, BIZ, MUSEUM, NAME, AERO, COOP, PRO, INT, GOV және басқа да домендер жатады.

Қазіргі сәтте ISO 3166-1 халықаралық стандартқа сәйкес елдер мен аумақтардың екі әріпті кодтар саны бойынша ұлттық домендер - 250 (RU - Ресей үшін, DE - Германия үшін, UK - Ұлыбритания үшін) Ұлттық домендерді басқару бойынша өкілеттік елдердің интернет-қауымдастықтарының келісімдері бойынша IANA ұйымымен беріледі.

Ұлттық домендерді дамытудың жалпы үрдістері мынадай: біріншіден, академиялық желілерден ұлттық домендердің операторлар (провайдерлер) бірлестігіне өтуі, сондай-ақ қатар тіркеу ережелерін дайындауға елдің интернет-қауымдастығының қатысуы: нарықтың кәсіби қатысушылары, тұтынушылар, қоғамдық (кейде үкіметтік) ұйымдар; екіншіден, домендік атауларды тіркеуде операторлар қатысуының коммерциялық кестелерін дайындау; үшіншіден, домендерді тіркеудің ашық ережелеріне біртіндеп өтуі, шектеулердің алынуы.

Кез-келген субъектінің Интернеттегі қызметі құқықтық проблемалардың тұтас сериясын қалыптастырады. Олар пайдаланушының қызметін, сайттың мәртебесін және оның мазмұнын реттеуге (рұқсат етілген, реттелмеген, заңсыз) ; авторлық және аралас құқықтардың орындалуына; «киберэкономиканы» қалыптастыру (электрондық ақшалар, төлемдік жүйелер, құнды қағаздар, электрондық банктер, жарнама, маркетинг, электрондық контрактілер, салықтар) ; жеке және мемлекеттік мүдделердің ақпараттық қауіпсіздігіне бөлінеді.

Интернет желісін құру және нормативтік негіздерінің ұтымдылығы бойынша үдеріс 80 жылдардың басынан бастап Еуропа және АҚШ-та (және бірқатар басқа да шет елдерде) басталған.

Қазіргі уақытта Интернет желісі қарым-қатынастарын құқықтық реттеудің бірнеше деңгейі қалыптасты:

1) халықаралық;

2) өңірлік (Еуропалық одақ және ТМД шеңберінде) ;

3) ұлттық.

Осы деңгейлердің әрқайсысында өкілетті заң шығарушы қарастырып отырған құқықтық қарым-қатынастар саласын реттеуге ұмтылады.

Интернет желісінің трансшекаралылығы Интернет желісіндегі құқықтық қарым-қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу, қолданыстағы ережелер мен әдеттегіліктерді біріздендіру қажеттілігін құрайды.

Біріздендірудің нормалары ЕО шеңберінде, сондай-ақ БҰҰ шеңберіндегі (УНИДРУА жеке құқықты біріздендіру институты) халықаралық деңгейде, Дүниежүзілік Зияткерлік Жеке меншік Ұйымы (ДЗЖҰ), Халықаралық сауда палатасы (ХСП), БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы, сауда және электрондық бизнеске ықпал ету БҰҰ Орталығымен жүргізіледі.

ТСР/ІР желі хаттамаларының ыңғайсыз цифрлық адрестерінің жеңіл есте қалатын әріптік сөз тіркестеріне ауыстыруға мүмкіндік берген домен атаулары жүйесінің пайда болуы, интернеттің белсенді түрде коммерциализациялануы мен әйгілі болуы соңғы жылдары домен өздерінің белгілері бойынша олардың қолданыстағы түрлеріне ұқсас - тауар белгілері, фирманың атаулары бойынша материалдық емес актив белгілерін иеленді. Мазмұнында домендік атауы ғана берілген жарнамалық тақталар жиі кездеседі. Қымбат тұратын интернет-жобалар жүзеге асырылып жатыр, олар үшін домен олардың коммерциялық табыстарының едәуір бөлігін құрайды, өйткені тұтынушылар доменді электрондық бизнес субъектісінің қандай да бір тауар, жұмыс немесе қызмет көрсетулерімен байланыстырады.

Қазнет ақпараттық ресурстар желісінің, ақпараттық-телекоммуникациялар жүйесі мен желісінің, ұйым мен азаматтардың ақпаратпен қарым-қатынасын қамтамасыз ететін бірыңғай қағидаттар мен жалпы ережелер негізінде жұмыс істейтін, оларды жүргізу және пайдалану технологияларының, сондай-ақ олардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру жиынтығынан тұрады. Осылайша, Қазнет бірыңғай ақпараттық кеңістігі мынадай басты құрамдас бөліктерден тұрады:

1) Қазнеттегі ақпаратты, деректерді, мәліметтерді және білім беруді құрайтын ақпараттық желілік ресурстар;

2) бірыңғай ақпараттық кеңістіктің (ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату, іздеу және беру бөлігінде) жұмыс істеуі мен дамытуды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымдардан тұратын және тиісті технологиялар мен бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдаланумен, олардың ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ететін азаматтар мен ұйымдардың өзара ақпараттық іс-қимылының құралдарынан тұратын ақпараттық инфрақұрылым;

3) Қазнетті қалыптастыруға және дамытуға қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынасы мен қызметін реттейтін құқықтық, ұйымдастырушылық, нормативтік және ақпарат құжаттары.

Қазнетті дамыту және реттеу объектілеріне мыналарды жатқызуға болады:

1) сақтау және меншік түріне тәуелсіз ақпараттық ресурстар, коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер, құпиялы ақпараттар сияқты және ашық қолжетімді ақпараттық ресурстар;

2) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік ақпараттарды алу, тарату және пайдалану құқығы, құпия ақпарат пен зияткерлік меншікті қорғау;

3) Интернет ғаламдық желіде таратылатын ақпаратқа негізделген қоғамдық сананы (көзқарастар, саяси көзқарастар, моральдық және этикалық құндылықтар және басқалар) қалыптастыру жүйесі;

4) көп жағдайда ақпаратпен қамтамасыз ету мен сапасына тәуелді болып келетін саяси шешімдерді қабылдау үдерісіне әсер ету жүйесі;

5) мемлекеттік органдардың халықты елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық аспектілерімен ақпараттау жүйесі;

6) Интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралдарына өзінің көзқарастарын насихаттайтын қоғамдық ұйымдардың қатысу жүйесі;

7) мәлімет беру желісінің жалпы ұлттық, өңірлік және жергілікті ақпараттық-телекоммуникациялық жүйе, оның ішінде арнайы мақсаттағы, сондай-ақ спутниктік байланыс жүйесі;

8) электрондық сауда жүйесі - Интернет арқылы тауарлармен және қызметтермен сауда-саттық.

Желілік ақпарат ресурстар - веб-сайттары Қазнеттің негізгі бөлігі болып табылады. Қазнеттің ресми тарихы 1994 жылғы 19 қыркүйектен басталады. Бұл күні IANA дерекқорында жоғарғы деңгейдегі KZ домені тіркелді. Ал 1995 жылы маусым айында бірінші қазақстандық веб-сайттардың - Kazakh Internet Yellow & White Pages (қазір жұмыс істемейтін) каталогы шықты. 1997 жылы желтоқсан айында қазіргі уақытта ең танымал қазақстандық веб-ресурстар рубрикаторы каталогының - "Весь WWW Казахстан" (Catalog. Site. KZ) жобасы шықты.

Қазнет кеңістігі ресурстардың мынадай түрлерін:

1) KZ домен аймағындағы дербес интернет-ресурстарды;

2) қазақстандық провайдерлердің алаңында орналасқан басқа домен аймақтарының желілік ресурстарын;

3) Қазақстан аудиториясына бағытталған шетелдік ресурстарды;

4) басқа домен аймағында орналасқан қазақстандық компаниялардың ресурстарын біріктіреді.

Қазіргі уақытта КZ аймағында домен атауларды әкімшілендіру, Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 88-б бұйрығымен бекітілген «Интернет желісі қазақстан сегментінің домен кеңістігін бөлу ережесіне» сәйкес жүргізіледі.

Қазақстанда үш деңгейдегі - Тіркеу орны, тіркеуші және тіркеленуші - домендер тіркелімін бөлу жүйесі (Shared Registry System - SRS) қолданылады. KZ доменін басқару және реттеумен екі ұйым айналысады: іс-жүзінде - доменнің техникалық жағынан жұмыс істеуіне жауапты Қазақ желілік ақпарат орталығы және де-юре - құрамында ұлттық доменді тіркеу және дамыту идеологиясы әзірлеумен айналысатын Қазақстандық ІТ-компаниясының қауымдастығы. Қазіргі уақытта домендерді тіркеу нарығында KZ аймағында "Жұмыс істеп тұрған тіркеуші" мәртебесі бар 9 компания тіркелді.

SPS-ті пайдалана отырып, домен атауларын тіркеу мүмкіндігі бар шексіз тіркеушілердің санын көрсететін моделіне қарамастан, тұтынушыларға тұрақты және үздіксіз қызметтерді ұсыну аккредитацияның жеткілікті қатаң талаптарымен қамтамасыз етіледі. Тіркеушілерді аккредитациялау рәсімі домен атауларын тұтынушыларға тіркеу және қолдау бойынша қызметтерді ұсыну ретінде қажетті сенімділікті алуға мүмкіндік береді.

Электрондық ақпараттық ресурстар туралы мәліметтерді жүйелеу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларды мәліметтермен хабардар ету және мемлекеттік органдарды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысымен Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесі бекітілді.

Қазнет желісі ресурстарын контентпен толықтыру бірінші кезектегі және басым роль атқарады. Кез келген ресурстың ақпараттылығы, оған қол жеткізу, ашықтығы негізінен оны құрушылар мен иелері қамтамасыз етеді. Интернеттегі желілік ресурс Интернет ғаламдық желісінің пайдаланушылары үшін құрылатынын, өмір сүретінін түсіну маңызды сәт. Қазнет те жүйелік құрылым құру үдерісі оған келіп-кетушілер, яғни еркін қолжетім ақпаратын ізденушілерге нақты бағытталуы керек. Қазақстандық контентті бүгінгі ресурстарын "дамымаған" және "әлсіз" деп сипаттауға болады. Контенттің "дамымағаны" ресурсты контентті құру және қалыптастыруға қажет білім мен ережелердің жоқтығымен, ал контенттің "әлсіздігі" ресурстағы ақпаратқа релеванттықты елемеу және контентті уақтылы жаңартпаумен негізделген. Ресурс контенті және оның маңыздылығы Google, Yahoo, MSN және кириллица әрпіндегі Yandex, Rambler және т. б. ғаламдық ізденіс жүйесіне қол жетімділік және көріну қабілеттілігімен анықталатынын түсіну қажет.

Қазақстандық ресурстардың мазмұнды бөлігі стихиялық түрде қалыптасады, ақпаратты таратушылардың мүдделері мен торабына сәйкес құқықтық, моральды-этикалық және басқа нормалар мен ұлттық мүддені ескермейді.

Қазақстандық контенттерді дамыту маңыздылығы оның көп тілділігі. 2006 ж. Miniwatts Marketing Group компаниясы жүйеде нүкте қолданатын тілдердің рейтингін жариялады, онда орыс тілі 10 орын алды. 2006 жылғы 30 маусымдағы мәліметтер бойынша орыс тілді пайдаланушылар әлемдік интернет-аудиториясының 2, 3 % құрайды. Жүйе ресурстарындағы орыс тілінің өсу динамикасы оның жетекшілік орындарын көрсетеді - тілдер арасында веб-аудиторияның өсуі бойынша (664, 5%) . Miniwatts Marketing орыс тілді веб-пайдаланушыларға 23, 7 млн., ал орыс тілді ортаға Интернеттің өту деңгейі 16, 5 % деп бағаланды. Пайдалану бойынша рейтингте ағылшын тілі (30 %, 1, 12 млрд. пайдаланушылар), екінші орында - қытай тілі (13, 8 %, 1, 34 млрд. пайдаланушылар) үшінші орында - жапон тілі (8, 3 %, 128 млн. пайдаланушылар) . Көптеген интернетті пайдаланушылар екі немесе одан да көп тілдерді меңгергенін атап өткен жөн. Қазнеттегі кириллица контентінің дамуы болашақта перспективті және дамуы үшін жоғарғы әлеуетке ие.

Қазнетте мемлекеттік тілін пайдалану өте төмен деңгейде қалып отыр. Олар бұрын қазақ тілін кодтау және тану проблемасы болса, қазір ондай проблема жоқ. Қазнетте кітапхана жоқ, білім мен ғылым жүйесінің ресурстары әлсіз дамыған, Қазнеттің мультимедиялық контенті оны тек мобильді пайдалану бөлігінде пайдаланады. Осы уақытқа дейін мемлекеттік тілдің билік органдарына, күнделікті тұрмыста пайдалануға арналған сөздік, және глосарий терминдердің ресми жүйелік ресурсы жоқ. 2002 жылы құрылған Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығы сайты (www. kazakhtili. kz) бүгінгі күні жоқ. Қазнет тарихын дамытудың және сақтаудың жалғыз ақпараттық ағартушы портал "Lyakhov. KZ - Қазнеттің үлкен энциклопедиясы - Александр Ляховтың жеке жобасы (www. lyakhov. kz) " болып отыр.

Халықтың көпшілік топтары арасында ақпараттық сұраныс қалыптаспаған немесе дәстүрлі сұраныстарды қанағаттандыруда ақпарат ролі білінбей отыр. Қазнеттің ақпараттық кеңістігі Қазақстан халқының көпшілігі үшін күнделікті өмірдің бөлігі болмай отыр. Қазнеттің контентті дамыту қолданушылар сұранысына ғана сәйкестенбей, потенциалды қолданушыларға арналуы керек, олардың өмірін жеңілдету және табысы үшін ақпараттық ресурстың қажеттілігін түсінуі керек. Контентті қалыптастырудағы мақсатты бағыт стратегиясы Қазнеттің ірі порталдар шеңберінде басталып отыр. Ол қолданушылар немесе потенциалды қолданушылар қалыптасқан сұранысқа сәйкес құрылмай, ақпаратқа маңызды ресурс ретінде қарау көзқарасын қалыптастырумен байланысты.

Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық нарығы қосалқы және бірінші провайдерлерді ұсынады. Бүгінгі күн қызметтің осы түріне 391 компанияның лицензиясы бар, оның ішінде 2007 жылы 34 лицензия берілді.

Интернеттің қазақстандық бөлігінің аудиториясы жылдан жылға өсуде, бұған елдегі компьютерлер паркінің қарқынды өсуі және күнделікті өмірде Интернетті қолдану қажеттілігін түсіну себепкер болып отыр.

2006 жылғы жүргізген зерттеулеріне сәйкес Қазақстан Республикасында Интернет жүйесіне қолжетімдік арасында ең танымалы 8 арқылы («Интернет зонасы») телефон желісіне (dial-up) қосылу, бұл туралы ҚР тұрғындарының 33, 2 % хабардар. Екінші орында тасымалдығы жөнінен аванстық Интернет-карталар арқылы телефон желісі бойынша қосылу тұр. Интернеттің осындай қолжетімдігі туралы ҚР тұрғындарының 25, 6 % хабардар. Ұялы телефон арқылы интернетке қосылу туралы хабардарлық ересек халықтың 18, 7% үлесін құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ АКПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақстандағы ғылым-білім жүйесі ақпараттық қоғам идеологиясы мен философиясы
Интернет журналистиканың дамуы және қалыптасуы
Қазақ тілді интернет-журналистика: бүгінгі жағдайы мен болашақ дамуы
Журналистика ұғымы, міндеттері
Журналисттің ақпарат таратудағы тапқырлығы
Қазақстандық іскерлік журналистиканың қалыптасуын зерттеу
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі
Журналистиканың функциялары
Тіл мәдениетінің сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz