Мемлекеттің монополияға қарсы саясатының мақсаттары мен әдістері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 Бәсеке және монополия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Бәсекенің мәні, түрлері және формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Монополияның сипаттамасы: құрылу себептері, артықшылықтары
мен кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 Монополияға қарсы саясат негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Монополияға қарсы саясаттың даму тарихы, мазмұны ... ... ... ... ... ... .. .
2.2 Монополияға қарсы саясаттың мақсаттары мен әдістері ... ... ... ... ... ...

3 Қазақстан Республикасындағы антимонополиялық реттеу ... ... ...
3.1 Өндірісті демократизациялау процесін реттеу.экономикалық
өсудің негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Қазақстан Республикасының антимонополиялық заңнамасы ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе

Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз «Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты». Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатымыз қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының монополияға қарсы қандай шаралар қолданғанын ашып көрсету, және де антимонополиялық заңдылықтарды көрсету.
Нарықтық экономканың маңызды сипаттамасының бірі – бәсекелестік болып табылады. Рыноктің субъектілері арасында экономикалық жарысу нысаны ретінде ол қоғамдық өндірісті реттеудің маңызды механизмі болып табылады. Алайда өзінің дамуының белгілі бір сатысында бәсекелестік өзі монополияны тудырады, ол өз кезегінде бәсекелестікке, ресурстарды тиімді бөлу процесіне, экономиканың оптималды құрылымының қалыптасуына кедергі келтіреді. Монополияның пайда болуы бәсекелестік күрестің сипатын, әдістері мен нысандарын өзгертеді.
Өздерінің таза көріністерінде-таза монополия мен таза бәсеке антипод, өзара қарама-қайшы болып табылады, сонымен қатар олар бірлікте болады, үнемі бір-бірімен күресуде көрінеді. Осы тығыз байланыс пен өзара тәуелділік өркениетті рыноктік экономиканың шынайы өмірін құрайды. Олардың біреуінің басымдылығы экономиканың нақты жағдайын, оның құрылымын және ресурстарды бөлудің оптималдылығын анықтайды.
Монополия да, бәсеке де оң және теріс жақтарға ие. Экономика дамуында бұлардың оң жақтарын қолданып, теріс жақтарын шектеу, сыртқы және ішкі бәсеке арасындағы қатынасты таңдау, бәсекелестік күрестің жаңа нысандары мен әдістерін табу – күрделі мәселелер және өркениетті мемлекеттің маңызды функциялары болып табылады.
Монополия әрекеттерін реттеу және бәсекені қорғау шараларының жүйесі – антимонополиялық саясат деп аталады. Монополияға қарсы реттеу практикасының тарихы әрекеттенуші құралдар жүйесін жетілдірді. Бұл өз кезегінде, монополизация процесіне ықпал жасайды. Енді жоғарыда айтылғандардың бәрін толығырақ қарастырайық.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Алина С «Монополисты, трепещите» //Известия Каз. 2004 24авг с7//
2. Бибатырова И.А. «Монополизм и антимонопольная деятельность в Республике Казахстан» Алматы "Каз унив" 2001
3. Бибатырова И.А. «Государственное регулирование национальной экономики» Алматы “Қазақ университеті” 2004
4. Хэл Р. Вериан «Микроэкономика промежуточный уровень» М-1997
5. Воротной И. «Зокон ограничивает поблажки монополистам» //Известия-Каз. 2004 30июня стр7//
6. Э. Жилкибаева «Антимонопольное законодательство Республики Казахстан» Алматы-1999
7. Камаева В.Д. «Экономическая теория» Москва-1998г
8. Мамыров Н.Қ, Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. “Микроэкономика” Алматы “Экономика”-2000
9. Мухамедиев Б.М. “Микроэкономика” Алматы “Қазақ университеті”-2003
10. Эдвин Дж.Долан “Микроэкономика” Санк-Петербург Литера плюс 1997
11. Усенбаев К.А. “Регулирование процеса демонополизации производства – основа экономического роста” //Саясат август 1998//
12. Н.К. Мамыров, Ж.А.Кулекеев, Т.К. Султанбеков. Микроэкономика Алматы 2001

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттің монополияға қарсы саясатының мақсаттары мен әдістері

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Бәсеке және
монополия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
1.1 Бәсекенің мәні, түрлері және
формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . -
1.2 Монополияның сипаттамасы: құрылу себептері, артықшылықтары
мен
кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...
2 Монополияға қарсы саясат
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Монополияға қарсы саясаттың даму тарихы,
мазмұны ... ... ... ... ... ... .. -
2.2 Монополияға қарсы саясаттың мақсаттары мен
әдістері ... ... ... ... ... ...
3 Қазақстан Республикасындағы антимонополиялық реттеу ... ... ...
3.1 Өндірісті демократизациялау процесін реттеу-экономикалық
өсудің
негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
3.2 Қазақстан Республикасының антимонополиялық заңнамасы ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз Мемлекеттің монополияға қарсы
саясаты. Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатымыз қазіргі таңдағы Қазақстан
Республикасының монополияға қарсы қандай шаралар қолданғанын ашып көрсету,
және де антимонополиялық заңдылықтарды көрсету.
Нарықтық экономканың маңызды сипаттамасының бірі – бәсекелестік болып
табылады. Рыноктің субъектілері арасында экономикалық жарысу нысаны ретінде
ол қоғамдық өндірісті реттеудің маңызды механизмі болып табылады. Алайда
өзінің дамуының белгілі бір сатысында бәсекелестік өзі монополияны
тудырады, ол өз кезегінде бәсекелестікке, ресурстарды тиімді бөлу
процесіне, экономиканың оптималды құрылымының қалыптасуына кедергі
келтіреді. Монополияның пайда болуы бәсекелестік күрестің сипатын, әдістері
мен нысандарын өзгертеді.
Өздерінің таза көріністерінде-таза монополия мен таза бәсеке
антипод, өзара қарама-қайшы болып табылады, сонымен қатар олар бірлікте
болады, үнемі бір-бірімен күресуде көрінеді. Осы тығыз байланыс пен өзара
тәуелділік өркениетті рыноктік экономиканың шынайы өмірін құрайды. Олардың
біреуінің басымдылығы экономиканың нақты жағдайын, оның құрылымын және
ресурстарды бөлудің оптималдылығын анықтайды.
Монополия да, бәсеке де оң және теріс жақтарға ие. Экономика
дамуында бұлардың оң жақтарын қолданып, теріс жақтарын шектеу, сыртқы және
ішкі бәсеке арасындағы қатынасты таңдау, бәсекелестік күрестің жаңа
нысандары мен әдістерін табу – күрделі мәселелер және өркениетті
мемлекеттің маңызды функциялары болып табылады.
Монополия әрекеттерін реттеу және бәсекені қорғау шараларының жүйесі
– антимонополиялық саясат деп аталады. Монополияға қарсы реттеу
практикасының тарихы әрекеттенуші құралдар жүйесін жетілдірді. Бұл өз
кезегінде, монополизация процесіне ықпал жасайды. Енді жоғарыда
айтылғандардың бәрін толығырақ қарастырайық.

1 БӘСЕКЕ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯ
1.1 Бәсекенің мәні, түрлері және формалары
Рыноктық экономиканың негізгі ерекшелігі болып еркін таңдау:
өндіруші үшін өндірілетін өнімді таңдау еркі, тұтынушыға тауарды алуда,
жұмысшыға жұмыс орнын таңдау еркі айтылады. Бірақ еркін таңдау экономикалық
табысты өзінен-өзі қамтамасыз ете алмайды. Ал, оны бәсекелестік күресте
ғана жеңіп алады.
Бәсеке (лат. Concurred – қақтығысу) – бұл рыноктық экономиканың
қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында,
өндірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық.
Бәсеке – рыноктық қатынастардың негізгі категориясы, әр түрлі
формада болады және әр түрлі жолдармен іске асырылады. Ол сала ішіндегі
(біртектес тауарлар арасында) және сала аралық (әр түрлі салалар тауарлары
арасында) бола алады. Ол бағалық және бағалық емес бола алады.
Бағалық бәсеке тауарлар мен қызметтерді бәсекелестің бағасына
қарағанда төмен бағамен сатуға негізделген. Баға төмендету шығынды азайту
немесе пайданы азайту арқылы ғана мүмкін. Оны тек ірі фирмалар ғана істей
алады.
Бағалық емес бәсеке техникалық артықшылықтардың арқасында жететін
тауарлардың жоғарғы сапасымен және сенімділігімен сатуға негізделген.
Рыноктық қатынастардың қатысушыларының өзара қалай бәсекелесуіне
байланысты жетілген (еркін) және жетілмеген бәсеке рыногы деп бөлінеді.
Жеке фирмалардың өнім бағасына әсер етуі неғұрлым аз болса, соғұрлым
рынок бәсекелік деп саналады.
Жітілген бәсеке дегеніміз рынокта бір-біріне тәуелсіз көптеген
сатушылар мен сатып алушылар қызмет ететін және тең мүмкіндіктері мен
құқықтары бар бәсекенің идеалды бейнесін айтады.
Жетілген бәсекені негізгі белгісі: әр бір фирманың үлесі жалпы
өнімге шаққанда аз болғандықтан, ешқайсысының бөлшек бағаға әсері өте төмен
болады. Ұсыныс бағалары төменгі шекте теңеледі.
Жетілген бәсеке толық түрде болмайды. Оған тек жуық шамада
жақындауға болады. Еркін бәсеке деп XIX ғасырдың ортасында болған бәсекені
шартты түрде айтуға болады.
Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын
тілейді:
• Жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма
сататын тауардың бағасына әсер етпейді;
• әр өндірушілер саататын тауарлар біртекеті тауарлар болады;
• сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз
өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айрылады;
• сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-
бірімен келіспей жеке жүргізеді;
• өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.
Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен
тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке
баға белгілену механизмінің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық
жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалыптасу шарты болып табылады. Осының
нәтижесінде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін
өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады.
Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Артықшылықтары:
• қоғамға қажет тауарларды өндіруге ресурстарды тиімді пайдалануға
мүмкіндіктің болуы;
• тез өзгеріп отыратынөндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез
үйлесуге көмектесе алатындығы;
• тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология
енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін
қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға
жағдайлар тудыратындығы;
• өндірушілерді көптүрлі қажеттіліктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен
қызметтердің сапасын жоғарлатуға мақсаттандыруы.

Кемшіліктері:
• ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер,
теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;
• қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;
• ұжымдық пайдалануға бағытталған тауарлар мен қызметтер (жолдар,
қоғамдық көлік, дамбалар) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;
• фундаменталдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық
шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;
• еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;
• әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кежейлерге бөлінуіне
бөгет жасайтын механизмдері жоқ.
Жетілмеген бәсеке деп еркін бәсекенің шарттарының кем дегенде біреуі
орындалмайтын рынокты айтады.
Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді: монополиялық бәсеке,
олигополия, таза монаполия.
Монополиялық бәсеке кезінде рынокта сатушылар мен сатып алушылардың
саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің
дифференциясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас
тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер:өнімнің
жоғарғы сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды
орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады.
Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциялданған өнімнің
иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету
мүмкіндігіне ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан,
бірде монополист – фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі рыноктық бағаны
шектелген түрде бақылай алады – бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін
көрсетеді.
Олигополиялық бәсеке дегеніміз бірнеше фирма үстемдік ететін рынок
(грек.oligos-аздаған, polio-сату). Оған біртекті немесе әр түрлі өнімді
сипаттама тән, ал басты белгісі – баға лидердің принципі бойынша
бекітіледі. Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы рыноктағы мықты
фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді.
Олигаполияға қарама-қайшы құбылыс болып олигопсония табылады. Ол
рынокта бірнеше сатушы емес, сатып алушылардың қызмет етуін қарастырды,
яғни тұтынушылар рыногі монополиясы белең алады.
Таза монополия рынокта ешқандайсыз бәсекелестерсіз бір ғана сатушы
болған кезде пайда болады. Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең
шектікте ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек төлем қабілеттік
сұраныспен шектеледі. Кейбір жағдайда рынокта тек бір ғана сатып алушы
болады. Ол монопсония деп аталады.

1.2 Монополияның сипаттамасы: құрылу себептері, артықшылықтары мен
кемшіліктері
Монополия – бір сатушының бүкіл рынокқа белгілі бір ауыстырушысы жоқ
тауарды сататын рыноктік құрылым. Монополист берілген тауарды өндіретін
жалғыз фирма болғандықтан, оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың
сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауар шамасының бағасын
анықтайды.
Рынокта осындай монополияның пайда болу себептеріне келетін болсақ,
олар келесідей:
• Біріншіден, кейбір салалардағы өркениетті технологиялар мен жоғары
өндірістік техниканың дамуы соншалықты өндірушілер өте ірі болған
жағдайда ғана тиімді, аз шығынмен өндіріске жетуге болады. Мұнда
өндіріс көлімінің ұлғаюы-шығындарды үнемдеуге мүмкндік береді.
• Екінші себебі, кейбір салаларда бәсекелестіктің болуы мүмкін емес. Кез
келген көлемде бір фирманың өнім өндіруі, көп фирма өндіруден қоғам
үшін арзанырақ. Бұл монополия – табиғи монополия деп аталады. Мысал
ретінде жергілікті телефон байланысының, метро, электр желісімен,
газбен, сумен қамтамасыз ету қызметтерін келтіруге болады.
• Үшіншісі, бір фирма кейбір көп кездеспейтін, шикізат түрінде немесе
патентпен қорғалған білім түріндегі өте маңызды ресурстарға ие болуы
мүмкін. Бұл жағдайда жеке меншік институты – монополия болып табылады.
Мысалы, көп жылдар бойы Ксерокс фирмасы көбейткіш технологиялар
облысында жетік білімді болғандықтан, көшірмелер жасау процесін
бақылады.
• Төртіншіден, мемлекеттің патенттер мен лицензиялар бере отырып, салаға
енуге легальды тосқауылдар жасауы. Патентті бақылау өркениетті
индустриалды гиганттар Ксерокс, Поларойд т.б. өсуінде үлкен рөл
атқарды.
• Бесіншіден, ол бәсекелесуді әділетсіз жүргізу. Осы арқылы салаға жаң
бәсекелестердің енуіне тосқауыл қойылады.
Монополизациялауды жақтаушылар жоғарыда аталып кеткен, монополияның
өмір сүру шарттарына және оның келесідей экономикалық артықшылықтарына
көңіл бөледі:
• Масштаб эффектісі;
• Ғылыми техникалық процестің жеделдетілуі;
• Жақсы сапалы тауарларды ұсыну;
• Салааралық бәсекелестікті ынталандыру.
Монополия өмірі қарама-қайшылықты бейнелеуі мүмкін: кейбір
салаларда, белгілі бір жағдайда ол өзі үшін де, қоғам үшін де тиімді болуы
мүмкін, ал басқа салада уақыт өтуімен өз артықшылықтарын жоғалтады және
өзінің теріс тенденцияларын жоғары дәрежеде көрсетеді. Егер өнімнің қосымша
бірлігін өндіру монополия табысын, оның шығындарына қарағанда көбірек
арттырса, онда өнім шығару өседі. Егер өндірудің қысқаруы шығындарды өнімді
өндірудегі табыс азаюынан артық шамаға қысқартса, онда өндірісті тоқтату
қажет. Басқаша айтқанда, монополиялық фирма шекті шығындар МС мен шекті
табысты MR үнемі салыстыруы қажет.
Монополистің өндіріс мақсаты – пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу
болып табылады. Пайданы барынша көбейту шарты
MR=MC
(1)
Яғни монополистің пайдасы өндірістің шекті шығындары МС шекті
түсімге MR тең болғанда ғана ең көп болатынын көреміз. Өндірушінің жалпы
түсімі TR=P(Q)*Q (2)болса, шекті түсімі MR=P*(1E+1) (3) ,болады.
Бұданпайданы мейлінше көбейту шарты:
P*(1E+1)=MC
(4)
Жалпы жағдайда сұраныстың икемділік коэффиценті Ер0, демек
монополиялық нарықта тауардың бағасы өндірістің шекті шығынына қарағанда
жоғары болады, яғни рМС. Монополиялық нарықта р=МС теңдігі Ер=0 болғанда
ғана орын алады, ал басқа жағдайларда рМС. Бұл монополистің белгілейтін
бағасы шекті шығыннан сұраныс икемділігіне кері пропорционал шамаға артық
болатынын көрсетеді:
• Егер сұраныс икемсіз болса -1Ер0, онда MR0. Демек, өндіріс көлемін
Q кішірейтсе, монополист TR табысын көбейтеді.
• Ер-1 икемді сұраныс үшін бөлшектің бөлімі 1+1Ер оң және бірліктен
аз. Демек, pMC .
Егер монополист бағасы р оның АС орташа шығындарынан жоғары болса,
онда ол оң экономикалық табыс алады. (PE FE бұрыш алаңы) Ал егер сұраныс
төмендесе, D және R қисықтары төмен түседі де, табыс теріс болады. Фирма
шығынға ұшырайды.

Монополист пайдасы

Кез келген фирманың, монополист болмаса да, өзінің бағасына әсер ете
алса, монополистік билік нысаны бар. Оның өлшемі Лернер көрсеткішімен
анықталады L=(p-MC)p. Бәсекелік фирма үшін ол нөлге тең, себебі оның
өндірістік көлемінің оптималдылығы р=МС жағдайынан анықталады.
Ал монополия үшін, егер р бағасын рm бағаға ауыстырса, онда L=-
1Ep[1].
Монополиялық өндіруші әрдайым экономикалық пайда таба бермейді.
Экономикалық пайда табу мүмкіндігі сұраныс қисығы мен орташа жалпы шығын
қисығының бір-біріне қатысты қалай орналасқанына байланысты болады.
Фирмалар мынадай жағдайларда болуы мүмкін:

Экономикалық пайда алу. Зиян шегу.
Пайда нөлге тең

Монополист жалғыз өндіруші болғандықтан, нарықтық жағдайды толығымен
бақылап, өз шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілей алады.
Монополистердің баға тағайындау принципі: шекті шығындарға белгілі мөлшерде
үстеме баға қосу арқылы тауардың бағасын анықтау болып табылады және
төмендегідей тәсілмен есептеледі:
P=MC(1+1E) (5)
Монополиялық түсім, қарапайым экономикалық түсімге қарағанда, фирма
монополияның баған шекті шығындар дейгейінен жоғары көтеру қабілетін
білдіреді.
Монополиялық рынокта тепе-теңдікті орнату процесі мен монополиялық
түсімді алу процесі төмендегі графикте көрсетілген:

P1
– монополиялық баға

P2 - жетілген бәсеке бағасы

RN – тауарға сұраныс қисығы

RM – шекті пайда қисығы

P2n - өндіріс шығындарының
деңгейі

P1LMP2 – қосымша немесе

монополиялық түсім

Осылайша монополист фирма өзінің шекті шығындар деңгейіне
байланысты өндіріс көлемін реттейді, түсімді максмалдау үшін бағаны
бақылайды, және рынокқа басқа бір фирма енгенше, монополиялық түсімді алып
отырады[2].
Монополия – бәсекелестікті жоя отырып, қоғамға кері әсер ететін
нәтижелер береді:
• Біріншіден, монополияның ұсыныс көлемі мен баға билігі жоғары болғаны
ұстап тұру үшін өндірісті шектеуге алып келеді;
• Екіншіден, тұтынушылар монополист-фирмалардың өнімдерін жоғары бағамен
сатып алғанда, сол сияқты тауарларды бәсекелестік рынокта сатып
алғанға қарағанда көп шығынға ұшырайды;
• Үшіншіден, монополия көптеген жағдайларда өндірістің техникалық тұрып
қалуына, еңбек шарттарының нашарлауына, өндірілетін игіліктердің
сапасының төмендеуіне әкеледі.
Нобель силығының лауреаты Ф.фон Хайек былай жазған екен:
...монополия өзі жаман емес, бәсекелестің алдын алу және оны жою
жаман[3].
Жоғарыда көрсетілген экономикадағы монополизм нәтижелері өркениетті
мемлекеттерді белгілі бір шараларды дайындап, жүргізуге итермелейді. Бұл
шараларды жалпы-монополияға қарсы саясат десек болады, яғни монополистік іс-
әрекетті ескеру, шектеу және алдын алуға, шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында тең бәсеке шарттарын қамтамасыз етуге және абыройлы емес бәсекеге
жол бермеуге бағытталған мемлекеттік билік шараларының кешені.

2 МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ НЕГІЗДЕРІ
1. Монополияға қарсы саясаттың даму тарихы, мазмұны

Монополияға қарсы реттеу – елдегі құқықтық тәртәпті қамтамасыз ету
міндетінің құрамдас элементтерінің бірі болып табылады. Осы салада
мемлекеттің әрекеттенуі XIXғ. аяғында, яғни рыноктік экономиканың дамуы -
өте ірі, қуатты компаниялардың қалыптасуына әкелген кезеңде басталды.
Мемлекеттің ұйымдастырылған қарсы әрекеттерінің бастауы – 1890жылы
АҚШ-та қабылданған Шерманның антимонополиялық заңы болды. Оған сәйкес
трест немесе басқа түрдегі кез келген бірігу, кез келген контракт, сонымен
қатар, штаттар арасында немесе шетел мемлекеттерімен сауданың шектелуіне
бағытталған жасырын келісімдер заңынан тыс деп есептелінді. Бұл заңда
бірнеше штаттар арасында немесе басқа мемлекеттермен сауда операцияларының
саласын монополиялаған немесе монополиялауға тырысқан әр тұлғазаң, құқық
бұзушы деп көрсетілген.
Бұл документ белгісіздік сипатта болса да, әлемдік экономикада
антимонополиялық саясаты негіздерін дайындауда маңызды орын алды.
АҚШ-та бұл заң негізінде кейіннен 1914ж. Клейтон заңы қабылданды.
Оған сәйкес
• Баға саясатында дискриминацияның барлық түріне тиым салынды;
• Ассортименттегі тауарлар өндірісі мен сатылуына шектеулер қою;
• Бәсекелестік күресті азайтатын, бәсекелестерінің акцияларын алу
есебімен фирмалардың бірігуіне тиым салынды;
• Іскер кәсіпорындар мен түрлі фирмалардың директорлар кеңесінде
мамандық дәрежелерін бір біріне сәйкестендіруге тиым салынды.
Басқаша айтқанда, Клейтон заңы – Шерман заңының жалпы ережелерін
түсіндіру, қаттылау, нақтылау талпынысы.
Федералды сауда комиссиясы туралы заң бойынша Шерман және Клейтонның
антимонополиялық заңдарының жүзеге асуын бақылайтын, бес адамнан тұратын
комиссия құрылды. Кейіннен олардың міндетіне тұтынушыларды өнім сапасына
байланысты жалған жарнамалардан, дұрыс емес ақпараттан қорғау кірді.
Негізінен бұл заң шынайы емес бәсекеге қарсы бағытталған еді[4].
Клейтон заңының тек көлденең түрдегі бірігулерді тиым салынуына
байланысты Селлер-Кефовер заңы қабылданды. Бұл заң бойынша көлбеу
интеграцияға да тиым салынды, сонымен қатар басқа фирманың акциясын ғана
емес, активтерінің заттай элементтерін сатып алуға жол берілмеді.
Бұл заңдарда және басқа да кейінгі нормативті актілерде шектеу
практикасына ұшырайтын монополия әрекеттеріне мыналарды жатқызуға болады:
рынокты монополиялау, баға тағайындау, компаниялардың бірігуі,
директораттардың қиылысуы, бағалық дискриминация, арнайы контрактілер. Бұл
әрекеттер көптеген елдердің антимонополиялық заңдарында заңға қарсы ретінде
белгіленеді. Монополия әрекеттері заңға қарсы болған жағдайда түрлі шаралар
қолданылады: түрмеге қамау, айыппұл төлеу, және көбінесе азаматтық-құқықтық
санкциялар қолданылады. Олардың арасында:
• Бәсекелестермен, жеткізушілермен, сатып алушылармен жасалған
келісімдерді өзгерту немесе күшін жою;
• Компания фирмаларын немесе компанияның өзін тарату;
• Сотқа берген шаруашылық жүргізуші субъектілер немесе жеке тұлғалардың
шығынға ұшырауын үш еселік өлшемде қайтару.
Сонымен, антитрестік (антимонополиялық) заңнама ол – рыноктың
нәтижелі жұмыс істеуіне және іскер кәсіпорындар мен фирмалар арасында
бәсекелестікті реттеуге бағытталған заңдар пакеті. Антитрестік заңнама –
американ тарихының соңғы 100 жылы құрылған соттық шешімдер мен құқықтық
нормалардың, заңдардың күрделі желісі.
Мемлекеттік монополияға қарсы реттеу екі өзара байланысты бағыттан
тұрады:
a) Арнайы монополияға қарсы заңнаманы дайындау және қабылдау;
b) Монополияға қарсы реттеуді жүзеге асыратын және қабылданған
монополияға қарсы заңдардың іске асуын бақылайтын органдар жүйесінің
құрылуы.
Монополиямен күресте антимонополиялық саясаттың бағыты мен
қатаңдығында маңызды мемлекет айырмашылықтар бар. Қазіргі кезде,
монополияға қарсы заңнаманың екі түрінің қалыптасқаны туралы айтуға болады.
Олар: американдық және батыс европалық. Айырмашылық критерийі –
монополиялық бірігулердің өмір сүруіне заңдардың принципті қатынасы болып
табылады.
АҚШ-та монополияға қарсы саясатта бәсекелестік ортаның құрылуына және
монополиялық бірігулердің кез келегн түріне қаталдықпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесіне және оларды жүзеге асыру әдістерінің негізін қалыптастыру ерекшеліктеріне талдау жасау
Экономиканы мемлекеттік реттеу реферат
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ ЖАЙЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Қазақстан Республикасындағы монополиялардың іс әрекетін мемлекеттік реттеу
Монополия пайдасын жанама реттеу
Дәрістер жинағы. (Экономика.)
НАРЫҚТЫ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Туристік қызметті мемлекеттік реттеу қағидаттарықағидаттары
ЭМР - дің мақсаттары
Қазақстан Республикасының көлік саласында табиғи монополия құрылымдарын мемлекеттік реттеу
Пәндер